Сүттің түзілу механизмі



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім.
. Лактация
. Сүттің түзілу механизмі
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиет тізімі
Лактация (лат. lactare — сүт болу, емізу), сүттену — ''сүт'' безінде сүттің түзілу, жиналу және оның мезгіл-мезгіл бөліну процесі. Сүттену кезеңі деп желінде сүт түзіліп және осы процесс тоқтағанға дейінгі аралықты атайды. Лактация кезеңі лактогенез (уыздану) процесінен басталып, лактопоэз (сүт түзу) процесіне ұласады. Лактогенез — буаздықтың соңғы күндері мен мал төлдегеннен кейінгі алғашқы күндерде сүт бездерінде секрециялық процестің басталуы. Осы процестің әрі қарай дамуын әрі жалғасуын лактопоэз дейді. Жабайы аңдарда Лактация кезеңі төлді емізу мерзімімен шектеледі. өсақ кемірушілерде ол 10 — 20 күнді құраса, кашалоттарда 25 айға созылады. Сиырда Лактация кезеңінің ұзақтығы жылына 305, ешкіде 240 — 300, түйеде 300, қойда 120 — 150, биеде 180 — 210, мегежінде 60 күн. Адамда сүттену процесін жүктілік кезіндегі даму сатыларынан өткен сүт безі қамтамасыз етеді. Жаңа босанған ананың сүт безінен алғашқы күні бірнеше тамшы уыз бөлінеді. Одан әрі сүт бірте-бірте көбейеді. Лактация организмнің көптеген функционалдық жүйелерінің (ас қорыту, қан айналым, тыныс алу, тағы басқа) дұрыс қызметінің нәтижесінде жүреді. Дұрыс тамақтанған, күтімі жақсы ананың сүт безінен тәулігіне 2 — 3 л сүт бөлінеді.
1. Несіпбаев Т. Жануарлар физиологиясы. Оқулық, 1-том.Алматы, «Қайнар», 1995 ж.,2-том, Алматы, «Қайнар», 1996 ж.
2. Несіпбаев Т. Жануарлар физиологиясы. Оқулық, Алматы, «Ғылым», 2005

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім.
Лактация
Сүттің түзілу механизмі
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиет тізімі

Лактация (лат. lactare -- сүт болу, емізу), сүттену -- ''сүт'' безінде сүттің түзілу, жиналу және оның мезгіл-мезгіл бөліну процесі. Сүттену кезеңі деп желінде сүт түзіліп және осы процесс тоқтағанға дейінгі аралықты атайды. Лактация кезеңі лактогенез (уыздану) процесінен басталып, лактопоэз (сүт түзу) процесіне ұласады. Лактогенез -- буаздықтың соңғы күндері мен мал төлдегеннен кейінгі алғашқы күндерде сүт бездерінде секрециялық процестің басталуы. Осы процестің әрі қарай дамуын әрі жалғасуын лактопоэз дейді. Жабайы аңдарда Лактация кезеңі төлді емізу мерзімімен шектеледі. өсақ кемірушілерде ол 10 -- 20 күнді құраса, кашалоттарда 25 айға созылады. Сиырда Лактация кезеңінің ұзақтығы жылына 305, ешкіде 240 -- 300, түйеде 300, қойда 120 -- 150, биеде 180 -- 210, мегежінде 60 күн. Адамда сүттену процесін жүктілік кезіндегі даму сатыларынан өткен сүт безі қамтамасыз етеді. Жаңа босанған ананың сүт безінен алғашқы күні бірнеше тамшы уыз бөлінеді. Одан әрі сүт бірте-бірте көбейеді. Лактация организмнің көптеген функционалдық жүйелерінің (ас қорыту, қан айналым, тыныс алу, тағы басқа) дұрыс қызметінің нәтижесінде жүреді. Дұрыс тамақтанған, күтімі жақсы ананың сүт безінен тәулігіне 2 -- 3 л сүт бөлінеді. Малда (сиырда) буаздықтың алғашқы жартысында өзектер жүйесі ментүтікше бездердің дамып, жетілуі аяқталады. Буаздықтың 5 -- 7 айында желіннің безді құрылымы қалыптасып, 6 -- 8 айлар арасында миоэпителийлік клеткалар пайда болады. Мал төлдеуден 2 -- 3 ай бұрын желін паренхимасының клеткалары май түйіршіктері бар секрет түзе бастайды. Бірақ бұл уыз да, сүт те емес. Желін тек мал төлдер алдында ғана уызданады. Сүт түзілу процесі бірнеше сатыдан өтеді: 1) сүт құрамына енетін заттарды қаннан сүзу; 2) сүттің өзіне тән құрамаларын түзу; 3) түзілген заттардың біраз мөлшерін кері сору. Орта есеппен желін безінің әр грамы тәулігіне 1 мл сүт түзеді. Сиыр желіні әр минутта 0,6 г белок, 0,82 г қант және 0,7 г майтүзе алады. Сүтте қанда кездеспейтін казеин, бета-лактоглобулин, альфа-лактоальбумин, лактоза, т.б. заттар пайда болады, ал сүт майы қышқылдық құрамы жағынанплазма мен ұлпа липидтеріне ұқсамайды. Қанмен салыстырғанда сүтте қант 90 -- 95, май -- 26, кальций -- 14, калий -- 9 есе көп, белоктар -- 2, натрий -- 7 есе аз. Сүттің түзілу қарқынына малдың тұқымы, күтіп-бағылу жағдайы, ас қорыту және зат алмасу деңгейі, сүттену кезеңінің сатысы, тәулік мерзімі (күндіз сүт көбірек түзіледі), сауу жиілігі, т.б. әсер етеді. Толассыз түзілген сүт альвеолдар, майда, орташа және үлкен сүт өзектері мен қуыстардан алдымен альвеолдар қуысы мен сүт жолдарына, содан кейін орташа және ірі сүт өзектері мен желін қуысына толады. Желін альвеолдары қуысының 60 -- 70%-ы сүтке толған соң, сүт желін қуысына өтеді. Сүт жинау мал сауылғаннан соң 5 -- 6 сағ-тан кейін басталады. Егер мал уақтылы сауылмаса желіндегі қысым жоғарылап, сүт түзу процесі баяулайды. Желіннің сыйымд. жүйесіндегі қысым капилляр қысымы деңгейіне (35 -- 50 мм сын. бағ.) көтерілген соң, сүт түзу баяулайды. Бұл мал сауылғаннан 10 -- 12 сағ өткен соң (желін сүтпен 85 -- 90%-ға толғанда) байқалады. Желіндегі қысым 50 мм сын. бағ-нан асқанда сүт түзу процесі тоқтайды. Оған альвеолдарға келетін капиллярлардың қысылуы, желін арқылы өтетін қан мөлшерінің азаюы, безден өнімдерді шығару процесінің қиындауы әсерін тигізеді. Бұл кезде белоктар мен суда еритін қосындылар клеткалар мембранасындағыжасушалар арқылы шығарылады да, май глобулалары клетка ішінде қалып қояды. Сондықтан, мал сирек сауылса, сүттің майлылығы төмендейді. Малдың сүттілігі желіннің сыйымдылығына байланысты. Биелер желінінің сыйымд. 1 -- 1,5 л (кейде 2,5 л), сиырларда 18 -- 25 л, ал өте сүтті сиырларда 40 -- 50 л-ге дейін жетеді.

Сүттену (лактация) деп сүттің түзілуін, жиналуын және желіннен мезгіл-мезгіл бөлінуін айтады. Лактация деген латын сөзі, қазақ тіліне ударғанда сүт бөлу, емізу деген мағына береді. Бұл процесс желіннің күрделі қызметінің арқасында атқарылады, сондықтан желін сүт қоректі жануарлардың негізгі белгілерінің бірі.Онда жаңа туған төлдің жалғыз ғана қорегі болып табылатын сұйық зат - сүт түзіледі. Сүттің құрамында организмнің өсіп-дамуына қажетті қоректік заттардың барлығы болады, сондықтан ол адам үшін де таптырмайтын азық болып саналады.

Сүттену - күрделі физиологиялық процесс. Ол бүкіл организмнің көптеген функциональдық жүйелерінің (ас қорыту, қан айналым, тынысалу т.б.) үйлесімді әрекетінің арқасында атқарылады. Осымен байланысты малдың сүттілігітек желінмен ғана емес, басқа да функциональдық жүйелердің даму деңгейімен байланысты. Мәселен, 1 л сүт түзілу үшін желін тамырларынан 500 л қан өту керек.
Малдың сүттеніп, сүт бөлу мерзімін сүттену кезеңі деп атайды. Жабайы аңдарда сүттнеу кезеңі ұзаққа созылмай, төлді емізу мерзімімен шектеледі. Әртүрлі жануарларда оның ауытқулары әртүрлі.Мысалы, майда кемірушілерде бұл кезең 10-20 күнге созылса, кашолоттарда 25 айға жетеді. Малда сүттену кезеңінің ұзақтығы тек қана төлді өсірумен байланысты емес, ол шаруашылық талаптарына сәйкес өзгереді. Мәселен, сиырда сүттену кезеңінің оптимальды ұзақтығы жылына 3058, ешкіде - 2401-300, түйеде -300, қойда -120-150, биеде -180-210, мегежінде - 60 күн. Қолдан сұрыптау, мақсаттық селекциялық жұмыстар арқылы малдың сүттілігін арттырып, мол өнімді мал тұқымдарын өсіруге мүмкіндік бар.
Желін - денеде симметриялы орналасқан орган. Ол тері туындысы болып саналады.Мегежінде, итте, мысық пен қоянда сүт бездері үйектің екі жағында, құрсақтың астыңғы бетінде орналасады. Сиырда, биеде, қой-ешкіде, қодаста желін құрсақтың астыңғы жағында, шаптың арасында орналасады.
Сүт безінің алғашқы белгілері эмбриональдық даму кезеңінде байқалады. Без екі жыныс өкілдерінде де эктодермадан (ұрпықтың сыртқы қатпаршағынан) дамиды.
ПОСТНАТАЛЬДЫҚ МАММОГЕНЕЗ. Туар алдында ұрғашы бұзаулардың сүт бездерінде өзектер мен цистерналар анық байқалады. Болашақ паренхима орынында май ұлпасы пайда болады. Бұл кезде байлам аппараттары мен бөлім аралық перделер анық біліне бастайды. Жыныстық жетілуге дейін без айтарлықтай дамымайды, тек қана оның мөлшері май мен борпылдақ дәнекер ұлпалардың жинақталуы нәтижесінде аз ғана үлкейеді. Бұл кезде өзектері көп тармақталмаған .
Сүт бездерінің дамуыа аналық без гормондары - эстрогендер зор ықпал етеді. Олар без өзектерінің өсуін, альвеолалар мен без бөліктерінің дамуын шапшаңдатады. Сары дене гормоны - прогестерон - без өзектерінің өсуін күшейтіп, пролактин гормонының түзілуін бөгейді (бұл гормонсыз сүт түзу процесі жүрмейді). Желіннің өзектік жүйелері жыныстық жетілумен байланысты дамиды, ал безді ұлпалары - буаздықпен байланысты, сары дененің қызметіне сәйкес дамиды. Мал төлдеп, шу түскен соң қан құрамында жолдастан (плацентадан) бөлінетін эстроген және прогестерон мөлшері күрт төмендейді де, олардың гипофизге гипофизге тежеуші әсері тиылып, гипофиз пролактин гормонын бөле бастайды. Осы гормонның әсерімен желінде уыздану процесі жүреді. Пролактинмен қатар желіннің дамуын қамтамасыз етуде самототропин гормоны да қатынасады. Бұл гормон пролактинсіз-ақ сүттену процесін тудыра алады және де эстрогендер мен пролактиннің желінге әсерін күшейтеді. Жыныс гормондары сүт безіне екі түрлі жолмен - аденогипофиз гормондарының (СТГ, АКТГ, ПРЛ) бөлінуін күшкйту арқылы, немесе бұл гормондар жеткілікті болған жағдайда, без ұлпаларына тікелей әсер етеді.
Желіннің безді ұлпасы альвеолалар жиынтығынан құралған. Пішіні бетінде орналасқан безді эпителийдің бір қабат торшаларынан құрылған. Олардың іші қуыс, сыртынан дәнекер ұлпалы қабықпен қапталған. Альвеолалар топтаса келіп бөлімдер, ал оларөз ретінде бірге отырып, бөліктер құрайды. Аталған құрылымдар нәзік дәнекер ұлпамен қапталады. Альвеолалардан жалпақ эпителиймен астарланған жіңішке бірінші реттік өзекшелер басталады. Бұл өзекшелер тоғыса келе желін бөліктерінің өзектерін, олар - желін бөліктерінің арнасын (сүт арнасын) құрайды. Бұл түтікшелердің диаметрі бірте-бірте кеңейе береді. Сүт арналарының бірігуі нәтижесінде сүт жолдары пайда болады. 5-20 сүт жолдары желіннің төменгі жағында орналасқанқуысқа - желін цистернасына ашылады. Желіннің әр бөлігінің қуысы екі бөлімнен тұрады - желін қуысы және ем қуысы. Сиыр желіні қуысының сиымдылығы 2 литрге дейін жетеді, ал ем қуысының сиымдылығы емнің мөлшерімен байланысты, сиырда 50мл жетеді. Ем қуысы желін қуысынан ем табанында көлденең қатпармен бөлінеді. Сүт жолдары мен қуыстар екі қабат цилиндрлік эпителийден құралған кілегей қабықпен астарланған. Қуыстың кілегей қабығында көптеген қатпарлар болады.
Ем қуысы көп қабат жалпақ эпитеиймен старланған ем арнасымен жалғасады. Оның ұзындығы сиырда 0,5 - 1,4 см шамасында. Бұл арнаның ем ұшында ашылған жерін үрпі деп аталады. Ем арнасы кілегей қабық қаптарымен жабылып жатады.
Ем бойында көлденең, сәулелене және аралас бағытта орналасқан бірыңғай салалы ет қабаттары болады. Көлденең бағытта орналасқан ет талшықтары ем арнасфы тұсында жақсы дамиды да, сфинктер құрады.
Вена қаны желіннен екі жолмен сыртқы жыныстық және құрсақтың тері астылық венасы арқылы ағады. Желін ұлпасынан сөл ішкі лимфа тамырлары, ал желін терісі мен емдерден беткейлік лимфа тамырлары арқылы ағады. Сүтті сиырларда вена жүйесі өте жақсы дамиды.
Сүттің құрамы өте күрделі. Онда 100-ден астам әр түрлі заттар болады. Сүт құрамында белоктар мен 20 амин қышқылдарынан, липидтер мен30-лан астам май қышқылдарынан, әртүрлі углеводтардан басқа 17 дәрмендері, ондаған ферменттер 40-қа жуық әртүрлі минеральды т.б. заттар болады. Бұл заттардың бір бөлігі қаннан сүтке еш өзгеріссіз, сүзілу процесі нәтижесінде өтеді. Негізінен сүтке сүзілу нәтижесінде ферменттер (лактопероксизада, каталаза, липаза, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пребиотиктермен байытылған жаңа сүт тағамын алу
Лактация және оны қамтамасыз етудегі ас қоырту жүйесінің рөлі
Табиғи полимерлердің құрылым түзу ерекшеліктері
Жануарлар физиологиясы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
АГАЛАКТИЯ және ГИПОГАЛАКТИЯ
«Физиология» пәнінің оқу - әдістемелік кешені
Лактация
Агалактия туралы қысқаша мәлімет
Сүт безі лобуласының құрылымының схемасы
Сүтті ветеринарилық санитариялық сараптау. Ауру мал сүтін ветеринариялық санитариялық сараптау
Пәндер