Микроциркуляцияның патофизиологиясы


Жоспары
- Кіріспе
- Негізгі бұзылыстары. Ишемиядағы микроциркуляция
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Микроциркуляция-кіші қан айналу шеңбері, эластик-созылғыш interna-ішкі externa-сыртқы, эндотели-тамыр қабаты.
Тамыр жүйесін сұйық өткізетін жолдар, түтіктер құрайды, ол түтіктердегі ағып жататын сұйықтар қан мен лимфа арқылы, бір жағынан организм клеткаларымен тканьдерінде қажетті қоректік заттар жеткізіліп, екінші жағынан клетка элементтерінің тіршілік әрекетінен пайда болған заттар экскреттік мүшелерге жеткізіледі.
Ағатын сұйықтың сипатына қарай адам мен омыртқалардың тамыр жүйесін екі бөлімге бөлуге болады:
1) Қантамыр жүйесі-қан ағатын түтікшелер жүйесі (артериялар, веналар, микроағын бөлімдері мен жүрек)
2) Лимфа жүйесі-түссіз сұйық, лимфа ағатын түтікшелер жүйесі.
Артерияларда қан жүректен шет жаққа, мүшелер мен тканьдерге қарай ал веналарда жүрекке қарай ағады. Лимфа тамыранда сұйық веналардағы сияқты тканьдерден орталыққа қарай ағады. Еріген заттарды негізінен қан тамырлары сіңіріп алады да, ал қатты түйіршіктерді лимфа тамырларына сіңіреді. Қан арқылы сіңіріу едәуір жылдамдау жүреді. Клиникада бүкіл тамырлар жүйесін жүрек-тамыр жүйесі деп атап, оның ішінде жүрек пен тамырларды бөледі. Қан тамыр жүйесі. Орталық мүше-жүректен және онымен байланысқан көлемі әр түрлі, қан тамырлары (лат. vas, грекше angeion-тамыр; осыдан ангиология) деп аталатын түтікшелерден тұрады. Жүректің ырғақты жиырылуы арқылы тамырлардағы бүкіл қанды қозғалысқа келтіреді. Тамырлар туралы ілімді ангиология деп атайды.
Қанайналым бұзылыстары. Қабыну жергілікті қан және лимфа айналымдарының, әсіресе микроциркуляциялардың бұзылыстарымен сипатталады. Оларды 1887 жылы Конгейм ажыратып жазды.
Микроциркуляция деп қанның майда тамырлар (артериолалар, метаартериолалар, қылтамырлар және венулалар) арқылы қозғалуын, сонымен қатар осы тамырлар мен тіндер арасында әртүрлі заттармен (О 2 , СО 2 , қоректік зат алмасу өнімдері) алмасуды айтады. Микроциркуляцияны Конгейм тәжірибесі көмегімен зерттеу ыңғайлы. Бүл кезде бақаны ішектерін сыртқа шығарып, тақтайдың тесігі үстіне кереді де, шажырқайды микроскоппен қарайды. Сол кезде қоздырғышты әсерінен (ішектерін шығарғандағы зақымдану) бірден пайда болатын артериолалардың тарылуын (спазмын) микроскоппен көруге болады. Ол рефлекстік түрде (аксон рефлексі бойынш тамыр жиырылтқыш нервтің тонусы артуынан) болады және тез өтеді. Бұнын артынан артериялық гиперемия пайда болады Ол қабыну ошағында артериолалар мен капиллярлар қабырғаларының тегіс еттерінің босаңсып кетуінен болады. Бұл артериялық қанның қабынған тінге ағып келуін ұлғайтады; бұрын қызмет атқармаған капиллярларды ашып, оларда қан қысымының көбеюіне әкеледі. Осының нәтижесінде қабыну ошағында қызару болады және зат алмасу үрдістері көтерілуіне байланысты температурасы жоғарылауы байқалады. Тәжірибе басталғаннан кейін 30-60 минөт өткен соң қабынудың барысы ақырындап өзгереді: артериялық гиперемия веналық гиперемиямен ауысады. Бұл кезде қан ағу жылдамдығы баяулайды, қан ағу түрі өзгереді. Қанның реологиялық (гр. rheos - ағым) қасиеті өзгереді. Қан қоюланып, тұтқырланады, эритроциттер ісініп, өзара ретсіз байланысып, шоғырланып, агрегаттар құрайды. Бұл эритроциттердің агрегаттары баяу жылжиды немесе ұсақ тамырларда мүлдем тоқтап калады /стаз/.
Веналық гиперемия көптеген жайттардың әсерлерімен түсіндіріледі. Оларды үш топқа бөлуге болады. Біріншісін қан, екіншісін тамыр кемерлері, үшіншісін - сыртқы тіндер жайттары құрайды. Қанмен байланысты жайттарға: лейкоциттердің тамыр қабырғаларына шет жағалап орналасуы, эритроциттердің ісінуі және агрегациясы, қанның сұйық бөлшегінің қабынған тінге шығуы және қан қоюлануы, тромб құрылуы жатады. Тамыр кемерлері факторларының веналық гиперемияға әкелуі эндотелий жасушалары ісінуінің нәтижесінде ұсақ тамырлардың саңылаулары тарылуынан болады. Тіндік жайттар: ісінген тіндердің, жасушааралық сұйықтар веналар мен лимфалық тамырларды қысып қалуынан веналық гиперемия дамиды. Ары қарай стазалды жағдай және стаз дамиды.
Стазалды жағдай дамуымен қан қозғалысы тербелмелі түр қабылдайды - жүрек систоласы кезінде ол артериялардан венаға қарай қозғалса, диастоласы кезінде - кері бағытта қозғалады. Соңында қан қозғалысы толық тоқтайды, стаз дамиды. Стаз (грек, stasis - тоқтау) - микроциркуляциялық арнада, қылтамырларда жергілікті қан жүрудің жиі тоқтауы.
Веналық гиперемия мен стаз қабыну медиаторларын қабыну ошағында жинап, жалпы қан айналымға түсірмейді. Егер олар қан айналымға тарап кетсе, онда организмде көптеген патологиялық бұзылыстарға әкелуі мүмкін.
Веналық гиперемия мен стаз экссудацияға және лейкоциттердің эмиграциясына қолайлы жағдай жасайды.
Экссудация (лат. exsudare - терлеу) деп қанның сұйық бөлшектерінің, онда еріген электролиттердің, қан нәруыздары мен жасушаларының тамыр сыртындағы тінге шығуын айтады.
Экссудацияның негізгі себебі тамырлар қабырғаларының өткізгіштігінің көтерілуі.
Қан нәруыздарының сыртқа шығуына байланысты тамыр сыртында олардың мөлшері өседі. Бұл онкотикалық қысымның көтерілуіне әкеледі. Экссудациямен лейкоциттердің эмиграциясы (лат. emigrare - орын ауыстыру) тығыз байланысты және ол үш сатыдан тұрады:
1. Лейкоциттердің тамыр жиектеріне кемерленіп тұруы (маргинация) ;
2. Лейкоциттердің тамыр қабырғалары арқылы тамырдың сыртына шығуы;
3. Лейкоциттердің қабыну ошағында қозғалуы;
Экссудаттың жасушалық құрамы қабынудың пайда болу себебімен үлкен дәрежеде байланысты. Егер қабыну ірің туындататын микробтардың (стафилококктар, стрептококктар) әсерінен дамыса, онда экссудатта нейтрофилдік лейкоциттер басым болады, егер қабыну иммундық негізде (аллергия) болса немесе қарапайым жануарлармен, құрттармен шақырылған болса, онда эозинофилдер көп болады. Баяу дамитын қабыну кезінде (туберкулез, сифилис) экссудатта бір ядролы жасушалар (лимфоциттер, моноциттер) көп болады.
Қабыну ошағында лейкоциттердің негізгі қызметі болып, бөтен бөлшектерді сіңіру және қорыту (фагоцитоз) есептеледі.
Фагоцитоз төрт сатыда өтеді: 1. Жақындасу, 2. Жабысу, 3. Жұту, 4.
Перифериялық қан айналымының бұзылыстарының белгілері
(Воронин В. В., Г. И. Мчеднишвили)
Ишемия - әкелуші артериялардың бітелуінің әсерінен перифериялық және микроциркуляторлық қан тамырларында қан ағысының баяулауы, бұл жағдай коллатеральды тамырлар жетіспеушілігінде болады.
Артериялардағы қан кедергісінің жоғарылауының себептері - артериялардың ангиоспазмы, артериялардың толық немесе жартылай бітелуі, артерия қабырғаларының қабынуы, склерозы, сырттан қысылуы.
Артерия спазмының негізгі себебі тамырдың тегіс еттерінің қызметтік жағдайының бұзылуы, соның нәтижесінде қалыпты гуморальдық және жүйкелік әсер қан тамырларының ұзақ уақтылы жиырылуына әкеледі - ангиоспазмға.
Ишемиядағы микроциркуляция.
Әкелуші артерияларда кедергілердің жоғарылауы ағзалардың микротамырларындағы қысымның төмендеуіне және екіншілік тарылуына әкеледі. Ұсақ артериялар және артериолаларда қысымның төмендеуі артериа венозды қысымның айырмашылығының төмендеуіне, капиллярлардағы көлемдік, сызықтық жылдамдықтың баяулауына әкеледі, микрососудтардың тесіктері бітеліп, жұмыс істейтін капиллярлар саны азаяды. Ағзаға әкелінетін О 2 , қоректік заттар азаяды, зат алмасу заттары жиналады. Тамыр қысымы төмен болғандықтан жасуша сұйықтығы ұлпаға өтуі азаяды, жасуша аралық сұйықтық азайып, лимфа ағысы тоқтайды.
Ишемиялық белгілері - ұлпаның қанмен қамтамасыз етілу дәрежесіне және микроциркуляция өзгерісіне байланысты. Ишемия аймағы бозғылт болады (қан тамырларының тарылуына, эритроциттердің аздығына байланысты) . Ағза көлемі кішірейеді (қан толуы азаяды, ұлпа сұйықтығы азаяды), температурасы түседі.
Ишемиядағы компенсаторлы жағдайлар қанның коллатеральды жолмен әкелінуіне байланысты. Бұл ағзалардың анатомиялық, физиологиялық факторларына байланысты.
1. Артериалды анастомоздары жақсы дамыған ағзалар (ми) . Анастомоздардың көлемінің қосындысы бітелген артерия көлеміне сай, бұл жағдайда ағзаның қан айналымы бұзылмайды.
2. Артерияның анастомоз сандары аз болғанда, ағзаның қанмен қамтамасыз етілу дәрежесі азайып, ауыр ишемия инфарктқа әкеледі.
Ишемияда бүкіл ағза артериялары дилятациясы (кеңеюі) дамып, ағзаның қанмен қамтамасыз етілуі жоғарылайды.
Ишемиядағы ұлпалар өзгерісі. Әр-түрлі ағзалардың ишемияға мезімталдығы әр-түрлі. ЖЖЖ өте сезімтал, мидың ишемияға ұшыраған аймағының қызметі бірден бұзылады. Келесі орындарда жүрек, бүйрек т. б. ішкі ағзалар. Қаңқа бұлшық еттерінің ишемиясы ауырсынумен, жасызданумен, қызметінің бұзылуымен сипатталады. Ишемия тез арада тарқамаса инфаркт дамиды.
Ми ишемиясы және компенсациясы. Ми ишемиясы әкелуші артериялардың бітелуінде - тромбоз және эмболияда, артериялардың патологиялық спазмында дамиды. Анастомоздардың көптігіне байланысты қанмен қамтамасыз етілу тез орнына келеді.
Қанның веноздық тоқтауы.
Венозды гиперемия - веналық жүйемен қанның ағысының бұзылысынан ағзаның немесе ұлпаның тамырларына қан толуының жоғарылауы. Вена жүйесіндегі кедергілер себептері:
1. Вена тромбозы.
2. Ірі веналардағы жоғарғы қан қысымы.
3. Вена қабырғаларының жұқалығынан және венадағы қан қысымының төмендігінен веналық сыртқы әсерлерден оңай қысылуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz