Иммунитет туралы түсінік



Кіріспе
Негізгі бөлім
1)Иммунитет туралы түсінік.
2)Паразиттерге қарсы иммундық жүйе.
3)Паразиттер туғызатын ауруға қарсы иммунитет.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Малдардың өнімінің сапасын арттырудың негізгі тірегі - ол уақытында өнімді аз бергін көрі малдарды шығыстан шығарып, олардың орнын жоғарғы өнімді дұрыс малдармен толықтырып отыру.
Малдарды күтіп-бағуды жақсылап ұйымдастыру, олардың ауру - сырқаудан аман болуын қадағалау, күтіп-бағылуын дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда уақытында емдеу әдістерін қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын уақытында жүргізу - жалпы мал мамандарынан бастап сол салада істеп жүрген барлық еңбекқерлердің ең негізгі жене күрделі міндеттерінің бірі. Малдар ауруларының арасында түрлі жұқпалы аурулар, иназиялық т.б. аурулары жиі кездеседі. Бұл аурулардын себептері мен даму процестері әртүрлі болып келеді. Сондықтанда бұл жүйелердің негізгі аурулары көп себептері бар аурулардың қатарына жатады.
Вирус эпителитропты, ауруға тән белгілер бірнеше сатыда байқалады. Кілегей қабықтары мен теріде алдымен 1-2 күн ішінде 1) розеолдар (қызарған дақтар); 1-3 күн аралығында 2) папулалар (қызыл дақтардың түйіндерге айналуы); 5-6 күнде сарысуға толған 3) күлдіреуіктер пайда болады (бұл сатыда дененің безгектенуі бәсеңсиді); келесі 3 күн ішінде күлдіреуіктегі сарысу іріңге айналады (визикула-пустула сатысы);
Сайдолдаұлы Т. « Індеттану» Алматы,1993ж. (255-260б).
Сайдулдин Т. «Ветеринариялық індеттану» Алматы, І999ж.(125-127б).
Қасымов Е. «Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы
ауруларды балау және күресу шаралары» Алматы 1992ж.(200-205б).
Қасымов Е. И., Лесова Қ.А., «Ағылшынша-қазақша-
орысша ветеринария сөздігі» Алматы 2005ж. (245 б).
Жамансарин Т.М. «Кеміргіштерге қарсы малдәрігерлік-
санитариялық шаралар» Алматы 2005ж. (255 б).
«Эпизоотология и инфекционные болезни» Учебник под ред.
А.А.Конопаткина- М. Колос, 1993ж.(170б).

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
Негізгі бөлім
1)Иммунитет туралы түсінік.
2)Паразиттерге қарсы иммундық жүйе.
3)Паразиттер туғызатын ауруға қарсы иммунитет.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Малдардың өнімінің сапасын арттырудың негізгі тірегі - ол уақытында өнімді аз бергін көрі малдарды шығыстан шығарып, олардың орнын жоғарғы өнімді дұрыс малдармен толықтырып отыру.
Малдарды күтіп-бағуды жақсылап ұйымдастыру, олардың ауру - сырқаудан аман болуын қадағалау, күтіп-бағылуын дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда уақытында емдеу әдістерін қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын уақытында жүргізу - жалпы мал мамандарынан бастап сол салада істеп жүрген барлық еңбекқерлердің ең негізгі жене күрделі міндеттерінің бірі. Малдар ауруларының арасында түрлі жұқпалы аурулар, иназиялық т.б. аурулары жиі кездеседі. Бұл аурулардын себептері мен даму процестері әртүрлі болып келеді. Сондықтанда бұл жүйелердің негізгі аурулары көп себептері бар аурулардың қатарына жатады.
Вирус эпителитропты, ауруға тән белгілер бірнеше сатыда байқалады. Кілегей қабықтары мен теріде алдымен 1-2 күн ішінде 1) розеолдар (қызарған дақтар); 1-3 күн аралығында 2) папулалар (қызыл дақтардың түйіндерге айналуы); 5-6 күнде сарысуға толған 3) күлдіреуіктер пайда болады (бұл сатыда дененің безгектенуі бәсеңсиді); келесі 3 күн ішінде күлдіреуіктегі сарысу іріңге айналады (визикула-пустула сатысы); 4) круст - кепкен пустуланың орнына қабыршықтар түзіліп, эпителий қалпына келеді. Ал өте терең жарақаттанғанда тыртық пайда болып, қабыршықтар түседі. Шешектің мұндай сатылары адамда, сиырда, жылқыда айқын байқалады.
Иммунитет туралы ғылым - иммунология осы заманғы биологияның ең жедел дамып келе жатқан саласы. Иммунологияның жетістіктері молекулалық биология, генетика, биохимия, биофизика, мал және егін шаруашылықтарының барлық салаларына, медицина мен ветеринарияға игіліктi ықпал етіп отыр. Тарихи тұрғыдан иммунология инфекциялық патологияның негізінде қалыптасты. Сондықтан ескі немесе классикалық иммунологияны инфекциялық; иммунология деп атайды. Ал енді молекулалық биология, генетика, трансплантологиямен байланысты иммунологияны инфекциялық емес, немесе жаңа иммунология деп атап жүр. Бұл ғылымды осылайша жіктеу тым жасанды. Негізінде иммунология - ортақ мақсаты мен өзіндік әдістері (методикалары) бар бipтұтac ғылым. Оның серология, аллергология, иммуно­химия, иммуногенетика, өсімдіктер иммунитеті, жануарлар иммунитеті т.б. салалары бар.

Негізгі бөлім

Иммунитет және иммунологиялық икемділік
Иммунитет туралы ғылым - иммунология осы заманғы биологияның ең жедел дамып келе жатқан саласы. Иммунологияның жетістіктері молекулалық биология, генетика, биохимия, биофизика, мал және егін шаруашылықтарының барлық салаларына, медицина мен ветеринарияға игіліктi ықпал етіп отыр. Тарихи тұрғыдан иммунология инфекциялық патологияның негізінде қалыптасты. Сондықтан ескі немесе классикалық иммунологияны инфекциялық; иммунология деп атайды. Ал енді молекулалық биология, генетика, трансплантологиямен байланысты иммунологияны инфекциялық емес, немесе жаңа иммунология деп атап жүр. Бұл ғылымды осылайша жіктеу тым жасанды. Негізінде иммунология - ортақ мақсаты мен өзіндік әдістері (методикалары) бар бipтұтac ғылым. Оның серология, аллергология, иммуно­химия, иммуногенетика, өсімдіктер иммунитеті, жануарлар иммунитеті т.б. салалары бар. Сол сияқты медициналық және ветеринариялық иммунология қалыптасты. Ветеринариялық иммунология барлық ветеринариялық ғылымдармен тығыз байланысты. Оның негізгі бір мақсаты жануарлардың жұқпалы ауруларының иммунологиялық механизмдерін зерттеп, сол арқылы жұқпалы ауруларды балау, емдеу және дауалау жұмыстарын жүргізу болып табылады [1,2,3,4].
Иммунитет (әлует) латынның immunitas (міндеттен босану) деген сөзінен шыққан. Ол - организмнің генетикалық болмысы үшін бөгде заттардан, оның ішінде зардапты микробтардан қорғану қабілеті. Иммунитет организмнің iшкi ортасының тұрақтылығын (гомеостаз) және оның қызметінің біртұтастығын қамтамасыз ететін микробтан бастап адамға дейінгі бүкіл тіршілік иелеріне тән қасиет. Иммунитеттің қалыптасуына бүкіл организм біртұтас жүйе ретінде қатысады. Бұл - тipi табиғаттың ұзақ эволюциялық дамуының, табиғи сұрыптаудың паразит пен оның иесінің өзгергіштігінің нәтижесі. Жоғары сатыдағы организмдердің арнайы иммунитет органдары бар. Эволюциялық жолмен үш түрлі: конституциялық, фагоциттік және лимфоидтық иммуногендік жүйелер қалыптасты.

Иммунитеттің конституциялық жүйесі. Конституциялық иммунитет жануарлардың әpбip түріне тән қасиет болған соң ертеректе түрлі (орысша -видовой) иммунитет деп аталды. Жан-жақты алып қарағанда бұндай имму­нитет бip түрге ғана тән емес, әpбip жеке жануардан бастап барлық токсономиялық топтарға, тіпті ең жоғарғы токсономиялық бірлік - типке дейін қатысты. Сондықтан конституциялық иммунитет мынандай топтарға ажыратқан дұрыс.
Таксондар иммунитеті Ол туа біткен табиғи төзімділікті жануар­лардың әрбір түрінен бастап ең жоғары токсономиялық топтарына (отряд, класс, тип, т.б.) қатысты қарастырады.
Түр iшіндегi иммунитет. Бip түрге жататын әр түрлі нәсілдің (адамға қатысты) немесе тұқымның (малға қатысты, орысша - порода) иммунитеті.
3. Индивидуумнің (жеке жануардың, не адамның) иммунитеті.
Таксондар иммунитетіне, мысал үшін тұтас бip типтің иммунитетіне,буын аяқтылардың барлық дерлік вирустар мен риккетсияларға табиғи төзімділігін жатқызуға болады. Ал кластың иммунитеті аусыл кезінде байқалады. Аусылдың вирусына құстар класының өкілдері түгелдей төзімді де, бұл ауруға 6 отрядты құрайтын сүтқоректілер класының өкілдері шалдығады. Әpбip түрге тән иммунитет табиғатта жиі кездеседі. Мысалы, жылқы обаның сиырға, итке, шошқаға тән вирустарына өте төзімді. Сиыр маңқамен, инфекциялық анемиямен ауырмайды. Топалаңмен жануарлардың көптеген түрлері ауырады, бipaқ олардың бейімділік дәрежесі әр түрлі. Мысалы үй қоянына инфекциялық процесс қоздыру үшін топалаң микробының екі-ақ спорасын тepi астына жіберу жеткілікті болса, ит үшін бip миллион спора қажет.

Түр ішіндегі иммунитет көптеген жұқпалы аурулар кезінде байқалады. Қойдың алжир тұқымы топалаңға шалдықпайды. Обаға иттің боксер, бульдог, терьер тұқымдары төзімді де, неміс овчаркасы, лайка, тазылар бейім болады. Арнайы бip зерттеуде бip бұқадан тараған ұрпақтарының 62 %-ы туберкулезге шалдыққаны, ал дәл осындай жағдайда басқа бұқадан өpбiгeн жануарларда ауру мөлшері 40% болғаны анықталған.Жеке жануарлардың иммунитеті кез келген инфекцияда байқалады. Қандай бip жұғымтал аурудың жаппай білінген кезінде де барлық мал 100 % ауруға шалдықпайды. Сондықтан жануарлардың жеке ерекшеліктері иммунитетке де қатысты. Өсімдік шаруашылығында ежелден бepi мәдени өсімдктердің ауруға төзімді сорттарын шығаруға көп көңіл бөлінеді. Мал шаруашылы­ғында селекциялық жұмысты жүргізгенде бұл мәселе назардан тыс қалып келеді.
Қaзipгi уақытта жануарлардың туа біткен иммунитеттің ұрпакққа берілу қасиетінің тек кейбір ерекшеліктері ғана белгілі болып отыр. Жануарларды будандастырған кезде алынған ұрпақ ауруға төзімділігі жағынан өзінің ата-анасынан аспайды, яғни бұндай жағдайда гетерозис құбылысы байқалмайды. Конституциялық иммунитет Мендель заңдары бойынша келесі ұрпаққа бip жағдайда доминантты, ал екінші жағдайда рециссивті белгі ретінде беріледі.
Бруцеллезге қарсы туа біткен иммунитет қоянда доминанттық тип бойынша ұрпақ қуалайды. Иттің оба вирусына төзімділігі бастапқыда рециссивті белгі ретінде тұқым қуалайды да, егер белгілі бip жүйе бойынша бұл қасиетті бекіте түскен жағдайда, кейбір генетикалық линияда доминантты белгі ретінде тарайды.
Ұрпаққа берілетін микробтарға қарсы иммунитет сүтқоректі жануарларда көбінесе жеке гендермен, немесе гендердің кішкентай ғана топтарымен басқарылады. Сондай-ақ организмнің бұл қасиеті полигенді (көп гендер арқылы) болуы да ықтимал екені айқындалып отыр.
Сонымен, конституциялық иммунитет тұқым қуалайды, ол иммундеуге тәуелді емес, бүкіл өмір бойы болатын қасиет және инфекциядан қорғанудың ең бip сенімді түpi. Жалпы алғанда иммунитеттің бұл түpi абсолютті десе де болады, бipaқ кей жағдайда оны жеңуге де болады. Мысалы, табиғи жағдайда тауық топалаңға, ал бақа cipecпeгe шалдықпайды. Л. Пастер тауықты суық суға батырып, оған топалаң жұқтырған. Ал термостатта жылытып ұстағанда бақада cipecпe ауруына бейімділік пайда болады.
Иммунитеттің фагоциттік жүйесі. Фагоциттер туралы И.И. Мечников заманынан бepi жиі айтылып келгенімен олардың иммунитеттегі ықпалының нақтылы орны мен маңызына дәл баға беріле бермейді. Иммунитеттің фагоциттік жүйесі организмге енген микробтарды жұтып, ыдырататын фагоциттер деп аталатын жасушалардың қызметінен туындайды. Фагоциттерің екі түpi бар: микрофагтар және макрофагтар. Оларға ортақ қасиет лизосома деп ата­латын диаметрі 025-0,5 мкм түйіршік болады. Лизосомада көптеген ферментер: қышқыл фосфатаза, миелопероксидаза, р-глюкуринидаза, колагеназа, лизоцим, катепсин, РНК-аза, ДНҚ-аза т.б. болады. Осы ферменттер арқылы фагоцитоз кезінде микробтар мен бөгде антигендер ыдыратылады. Фагоцитоздың өзi бірнеше кезеңнен тұрады.
1.Хемотаксис - фагоциттің фагоцитоз объектісіне жақындауы.
2.Фагоциттелінетін бөлшектің фагоцитке жабысуы.
3. Бөлшектің фагоцитке батуы және оны қоршаған жасуша мембранасының бөлігі үзіліп фагосома түзуі.
4. Фагосома мен лизосоманың қосылып фаголизосома түзуі
5. Түйіршіктің қорытылуы. Бұл кезде күрделі заттар ыдырап, полисахаридтер олигосахаридтерге, белоктар пептидтер мен амин қышқылдарына ыдырайды.

Микрофагтарға немесе полинуклеарлы (көп ядролы) фагоциттерге қанның түйіршікті лейкоциттері жатады. Олардың ядросы бунақ-бунақ болып, сегменттерге бөлінген, ал цитоплазмасы түйіршіктеніп тұрады. Бұл түйіршіктер - лизосомалар, олар боялған кезде, әcipece Романовский әдісімен бояғанда, бояуды әрқилы қабылдайды. Бұл қасиеті бойынша түйіршікті лейкоциттер нейтрофилдер, эозинофилдер және базофилдерге бөлінеді. Эозинофилдер қышқыл бояулармен (эозинмен) қызғылт түске, базофилдер негіздік бояулармен (метилен көгімен) көк түске, ал нейтрофилдер метахромазиялық қасиеті бойынша көк бояумен қызғылт-күлгін түске боялады. Бұндай клас­сификация адамның лейкоциттеріне қатысты да, жануарлар лейкоциттерін зерттегенде бipaз жаңылыстар туғызады. Мысалы, иттің, мысықтың, шошқаның нейтрофилдері адамдікіндей Романовский әдісі бойынша қызғылт-күлгін түске боялады. Жылқы мен күйісті жануарлардың нейтрофильдері қышқыл бояуларды да, негіздік бояуларды да қабылдайды, ал құс пен қоянда қышқыл бояуларға бейім болады. Сондықтан жануарлардың нейтрофильдерін арнайы лейкоциттер немесе гетерофильдер деп атау ұсынылған.

Бактерияларға қарсы ең белсенді фагоциттер нейтрофильдер болып табылады. Эозинофилдер паразит инвазиялары мен жүйелі аллергиялық реакциялар кезінде белсенділік көрсетеді. Базофилдер белсенді фагоцит емес. Оларда гистамин, гепарин сияқты қабыну медиаторлары көп болады да, дәнекер ұлпалардың шүйгін торшалары (орысша - тучные клетки) сияқты жіті қабыну реакцияларының өршуінде маңызды роль атқарады.
Барлық микрофагтар жедел типтi сезімталдықтың қалыптасуына қатысады да, ыдыраған кезде лизоцим және басқа да микробқа қарсы заттар бөліп шығарады.
Макрофагтар немесе мононуклеарлы (бip ядролы) фагоциттер құрылысы жағынан полинуклеарлы торшалардан айырмашылығы олардың сегменттелмеген біртұтас торшаның негізгі бөлігін алып жатқан ядросы болады. Осындай ерекшелігі бойынша лимфоциттерді де мононуклеарлы торшалар деп атайтындығын айта кеткен жөн. Мононуклеарлы фагоциттерге моноциттер мен макрофагтар жатады. Бұлар - мононуклеарлы фагоциттер жүйесінің құрайтын ұлпаларда бекітілген және көшпенді фагоциттер. Олар ортақ алғызат - промоноциттен туындайды. Промоноцит сүйек майында түзіледі де, бөлінген кезде моноцитке айналып, қанға түседі. Бірнеше сағат қан айналымында болған соң ұлпаларда ipкілiп, макрофагқа айналады. Бұндай өзгеріс үшін фагоцитоз объекте (бөтен антиген, организмнің өлген торшалары) болуы және оның моноцитпен тұтылуы қажет. Фагоциттің нәтижесінде моноцит әр түрлі ұлпаларда ipкiлiп, мононуклеарлы жасушалар жүйесіне (бұрын ретикулді эндотелий жүйесі деп аталған) жататын макрофаг торшаларына айналады. Оларға жататындар: дэнекер ұлпада - гистиоцит, бауырда -Купфер торшасы, өкпеде - альвеола макрофагы, сөл түйіні макрофагы, көкбауыр макрофагы, сүйекте - остеобласт жасушалары, жүйке ұлпасында -микроглия, құрсақ қуысында - перитонеальдік макрофаг, теріде - Лангерганс жасушалары.
Әр түрлі мүшелердегі макрофагтардың функциялық айырмашылығы бо­лады. Мысалы бауырдың Купфер жасушалары негізінен өлген эритроциттерді жояды, ал көкбауыр макрофагтарының белсенділігі бактерияларға бағытталған. Купфер жасушалары көкбауыр макрофагтарымен салыстырғанда антигендік информацияны да нашар сақтайды.
Макрофагтарды А-жасушалар деп атайды. Олар фагоциттелген түйіршіктерді толық ыдыратпай, антигендік информацияны Т-көмекшілерге бере­ді оның үстіне интерлейкин-1 бөліп, Т-көмекшілерді icкe қосу арқылы баяу типті сезімталдықтың патогенезіне қатысады. Макрофагтар арқылы болған фагоцитоз иммунитет реакциясының бастапқы сатысы болып табылады. Оның нәтижесінде антигендік информация лимфоциттерге беріліп, лимфо­циттер icкe қосылады. Сонымен қатар макрофагтар иммунитетке қатысы бар бipaз заттарды: комплементтің кейбір компоненттерін (С1, С4, С2, СЗ,С5), лизоцим, интерферон, пропердин, т.б. синтездейді.Фагоцитоздың бөтен антигенді ыдыратып, организмнен шығару үшін де маңызы зор. Бұл процеске фагоциттермен қатар антиденелер мен комплемент қатысады. Олар антигенді фагоцитозға дайындайды. Комплемент жүйесі icкe қосылғанда, оның кейбір бөлшектері (СЗ, С5а) хемотаксистік қасиеттері арқылы фагоцитозды одан ары үдетеді.
Иммунитеттің лимфоидтың жүйесі. Иммунитеттің лимфоидтың жүйеci омыртқалы жануарларға тән, әcipece сүтқоректілерде жетілген және арнайы лимфоидтық органдардың қызметіне негізделген. Лимфоидты иммунитет жүйeci деп лимфоциттер пайда болып, жетіліп, функциялық толысатын лим­фоидты органдардың жиынтығын атайды. Бұларға бауыр (эмбриональдық дамудың алғашқы кезеңінде), сүйек майы, тимус, көк бауыр, сөл түйіндері, дәнекер ұлпадағы лимфоидты құрылымдар, құстың Фабрициус қалтасы жатады. Бұл органдарда қан түзетін торшалардың алғы затынан Т және В лимфоциттер пайда болып, қызметін атқарады. Аталған жасушалар түзілетін тимус, сүйек майы, эмбриональдық дамудың алғашқы сатысындағы бауыр, Фабрициус қалтасы, орталық лимфоидты ағзалар деп, ал олар қызметін атқаратын сөл түйіндері мен көк бауыр шеткері лимфоидты ағзалар деп аталады.
В-лимфоцит атауы осы жасушалар түзілетін органдардың ағылшынша атауларының басқы әрпінен алынған, құста - Фабрициус қалтасы (Bursa of Fabricius), сүткоректілерде - сүйек майы (Bone morrow). В-лимфоциттердің дамуын екі сатыға бөледі бipiншici - антигеннің әсерінсіз даму, eкiншici -антигеннің әсерімен даму. Антигеннің әсерінсіз дамитын сатысы сүтқоректілерде алғашқы эмбриондық бауыр мен сүйек майында басталып, сөл түйіндері мен көк бауырда аяқталады. Бұл кезеңде лимфоциттің бетінде иммуноглобулиндік рецепторлар пайда болады. Әpбip В-лимфоциттің иммуноглобулиндік рецепторы белгілі бip антигенге ғана бағытталған, сонымен ғана байланысқа түседі.
В-лимфоциттің бетіндегі иммуноглобулиндік рецепторлар тиісті антигенмен әрекеттескеннен кейін бұл жасушаның антиген әсерімен дамитын кезең басталады. Оның нәтижесінде В-лимфоцит антиденелер бөліп шығаратын плазмоцитке айналады.
Т-лимфоцит атауы осы жасуша өciп жетілетін орган тимустың атауымен байланысты. Т-лимфоцитінің үш түpi болады: Т-көмекші, Т-супрессор және Т-эффектор. Т-көмекші В-лимфоциттердің антидене шығаруын үдетеді. Т-супрессор иммунитет реакцияларын, оның iшінe антидене түзуді, тежейді. Т-эффектор баяу типті сезімталдық және басқа да жасушалық реакцияларға қатысады.
Т- және В-лимфоциттердің ешқайсысына жатпайтын лимфоциттердің үшінші тобын "ноль" жасушалар деп атайды. Оларға К-жасушалар жатады (киллер - өлтіруші деген сөзден). К-жасушалар кейбір iciк жасушаларын және вирустармен зақымданған жасушаларды жояды.
Иммунитетке жауапты әр түрлі жасушалар мен макромолекулаларды бip бipінeн ажырату үшін таңба ретінде CD символы (ағылшынша - Claster Designation) қабылданған. Алғашында лейкоциттің антигендеріне қарсы моноклональді антиденелер CD арқылы белгіленсе, кейіннен сол антиденелерге сәйкес антигендік детерминанттар осы атауға ие болды, яғни әрбір антигендік детерминанттың өзіндік CD маркері (таңбасы) болады. Бұл таңбаларды ажырату иммунологиялық зерттеулерге тың cepпілic бepiп, бірқатар иммунитетке қатысты құбылыстардың сырын ашуға мүмкіндік туғызды.
Иммунитетке жауапты жасушалардың әрбір топтамасына (популяция, субпопуляция, т.т.) өзіне тән телімді таңба тиecілi болғандықтан, оларды маркерлері арқылы бip-бipiнeн ажыратады. Мысалы, CD3 Mapкepi Т-лимфоциттерде ғана болады, ал басқа жасушаларда болмайды.Жасушалардың әpбip жетілу сатысында өзіндік маркері бар. Мысалы, CD1 жетіліп келе жатқан Т-лимфоцитте болады да, жетілген кезде жоғалады. Сондай-ақ, жасушалардың функциялық белсенділігіне сәйкес телімді маркерлер пайда болады. Т-лимфоциттің антигеннің әсерінен белсенді куйге ауысқанын CD25 маркері арқылы анықтайды. Сонымен CD маркерлері арқылы иммунитетке жауапты жасушаларды бip-бipiнeн ажыратады және олардың жетілу сатысын, функциялық белсенділігін анықтайды.

Организмнің иммунологиялық икемділігі
Иммунологиялық икемділік (иммунологиялық реактивтілік), иммундік жауап немесе иммунитет реакциялары дегеніміз организмнің өзінікі мен бөтенді ажыратып, генетикалық бөтен антигендік ақпарды өңдеп, оған имму­нологиялық жауап реакцияларын беру қабілеті. Бұл иммунологиялық жауап реакциясына жататындар:
антидене тузу;
жедел типті сезімталдық;
баяу типтi сезімталдық;
иммунологиялық жады;
иммунологиялық толеранттылық;
идиотип-антиидиотип қатынасы.
Иммундік жауаптың себепкері антиген болып табылады. Яғни иммундік жауап антигендік әсерден барып туындайды. Ipi молекулалы (белоктар, полисахаридтер, липидтер) тегі бөтен заттар антиген болып табылады. Олар­дың антигендік детерминанттары болады. Химиялық құрамы жағынан антигендік детерминанттары 1-4 пептид немесе 1-4 сахаридтерден тұратын олигопептид немесе олигосахаридке жатады. Тек қана антигендік детерминанттан тұратын қарапайым заттарды гаптен деп атайды. Гаптен антиденемен әсерлеседә, бipaқ антидене түзілте алмайды. Егер гаптенге басқа бip курделі затты (белок, полисахарид) қосса, ондай қосылысты организмге енгізгенде гаптенге қарсы антидене пайда болады.
Организмнің бөгде антигенді ажыратуын комплемент қамтамасыз етеді. Комплементтің үшінші компонентінің СЗЬ фрагменті кез келген субстанциямен (микроб болсын, иммунді кешендер болсын) бipiгeдi де, бөгде заттарды залалсыздандыратын иммунологиялық, реакцияларды icкe қосады. Организмнің өз жасушаларымен СЗЬ әрекеттеспейді.
Антидене түзу. Антидене (иммуноглобулин) қорғаныс қызметін атқарып, токсиндер мен вирустарды бейтараптайды, антигенмен қосылган соң комплемент жүйесін icкe қосады, микроорганизмдерді тұмшалап, оларды фагоцитозға дайындайды. Антиденелер 5 түрлі иммуноглобулиндерге жатады (IgG, IgM, IgA, IgD және IgE). Олардың iшінe IgM молекулалық массасы жағынан ең ipici және антигендік әсерден кейін бipiншi пайда болады. Кейінірек қанда IgG пайда болады, ол ұзағырақ сақталады және оның қорғаныс қабілеті де жоғары. Әр түрлі секреттерде (сүт, уыз, сілекей, ішек cөлi) негізгі антидене IgA болып табылады. Иммуноглобулиндердің қалған екі түpi: IgD және IgE жануарлар организмінде өте мардымсыз мөлшерде кездеседі және де олар аз зерттелген [5,6,7,8].
Антиденелерді В-лимфоциттерден пайда болатын плазмоциттер бөліп шығарады. Әpбip нақтылы антиген антидене түзетін тиісті жасушаларды ғана icкe қоса алады. Нақтылы антигенге қарсы телімді рецепторлары бар жасу­шалар иммундеуден бұрын организмде болады. Антигенмен кезіккен соң олар көбейіп, тиicтi плазмоциттердің клонын қалыптастырады. Бұл процеске со­нымен бipгe макрофагтар мен Т-лимфоцйттер де (Т-көмекшілер, Т-супрессорлар) қатысады.

Жедел типті сезімталдық (ЖТС). Сезімталдықтың бұл түрін антидене­лер, әcipece IgE - цитофильді, яғни жасушаға әуес, антиденелер (реагиндер), комплемент жүйесі, полинуклеарлы фагоциттер icкe асырады. Антиген-антидене реакцияларының әсерінен дәнекер ұлпаны жайлаған базофилдер мен шүйгін жасушалар гистамин, гепарин, серотонин, брадикинин және баяу әсер ететін липопротеидті зат деп аталатын қосылысты белгі щығарады. Қан тамырлары мен жасушалық реакциялардың себепкерлері болатын осы гуморальдік факторлар организмнің жалпы реакциясына жататын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирустық аурулардағы иммунитет
Иммунитет және иммуногенді жүйелер
Қазір оба микробынан жасалған, вакциналар барлық елдерде осы ауру пайда болар алдынан кеңінен қолданылып жур
Иммунитет. Иммунитет түрлері жайлы
“Иммунология” пәні бойынша практикалық сабақтар жоспары
Індеттік процесс және қозғаушы күштер
Иммуниттет анықтамасы
Инфекциялық иммунология негіздері.
Иммунитет
Вирустардың органимге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама
Пәндер