Эозонофилдер және оның түрлері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Эозонофилдер және оның түрлері

2. 3. Эозонофилдердің патологиялық өзгерісі

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қанның ақ түйіршіктері немесе лейкоциттер (гр. λευκως - ақ және гр. κύτος - жасуша) - ядросы бар және белменді амеба тәрізді қозғалатын түссіз қан жасушалар. Қанның 1 мм3 көлемінде 6-8 мың лейкоциттердің алуан түрлі (лимфоциттер, моноциттер, базофилдер, эозикофилдер және нейтрофилдер) болады. Олар қызыл сүйек майында, лимфа түйіндерінде және көк бауырда пайда болады. Лейкоциттер - ақ (түссіз), ядролы қан торшалары. Сүйек майында қүрылады. Қан мен тканьдарда әртүрлі қызметтер атқарады, тәнді және тәнсіз иммунді реакцияларға, қабынуларға қатынасады. Көп ядролы лейкоциттер нейтрофилді, эозинофилді және базофилді гранулоциттер жатады.

SEM blood cells.jpg

Олардың тіршілік ету мерзімі - бірнеше күн. Лейкоциттердің қорғаныш және қалпына келтіру қызметі олардың қанда антиденелерді құрып, бактериялардың өзіне сіңіріп, жою қабілетіне байланысты. Қан тамырладың қабырғалары арқылы өтіп лейкоциттер қан ағымы арқылы организмнің ұлпа, жасушалар аралығына өте алады да дененің зақымданған жерлерінде жинала алады. Бұл жерде олар жиналған аяқтарымен организмдегі әр түрлі микроорганизмдерді, көне жасушаларды өзіне сіңіріп, жойып тұрады. Оларды жою барысында лейкоциттер өздеріде өліп кетеді.

Түйіршіксіз лейкоциттер : 1. Лимфоциттер - диаметрі 8-10 мкм-ге жететін лейкоциттердің ішіндегі ең ұсағы болғанымен ядросы ірі. Цитоплазмасында түйіршіктері болмайды, баяу қозғалады. 2. Моноциттер - қанның түссіз жасушаларының ішіндегі ең ірісі - диаметрі 12-20 мкм, ядросының пішіні таға тәрізді, цитоплазмасы түйіршіксіз. Моноциттер өте қозғалғыш, бактерияларды тез қармап асады. Дені сау адамның қанында лимфоциттер 25-30%, моноциттер 5-10% болады. Лейкоциттер сүйек кемігінде, лимфа түйіндерінде, айырша безде және көкбауырда түзіледі. Қанда таңертеңгі ашқарында (тамақ ішпегенде) аздау болып, тамақтанғаннан кейін көбейеді. Тіршілік ету ұзақтығы 5-9 тәулік. Эритроциттер сияқты лейкоциттер де көкбауыр мен бауырда жойылады.

Эозонофилдер және оның түрлері

Эозинофилдер (эозинофилы) ; (eosinophile, грек, eosin - эозин - бояу, рһіііа - сүйіспеншілік) - цитоплазмасында қышқылдық бояулармен қызыл ашық түске боялатын ірі дәншелері (гранулалары) болатын қанның ақ жасушасы. Гранулаларының құрамында гидролазалық ферменттер, пероксидаза, қышқылды фосфатаза, эстераза, гистаминаза ферменттері болады. Даму сатысына байланысты балғын, таяқша ядролы және сегментті ядролы эозинофилдер болып ажыратылады. Қалыпты жағдайда қанда негізінен жетілген сегментті ядролы эозинофилдер болады. Олардың ядролары екі, кейде үш бөлімнен тұрады. Ал таяқша ядролы және балғын жас эозинофилдер өте сирек кездеседі.

Эозинофилдер организмге түскен бөгде протеиндерге қарсы қорғанысты, аллергиялық, анафилактикалық реакцияларды іш жүзіне асыруға және гистаминнің метаболизміне қатысады. Организмге бөгде протеинді заттардың енуіне байланысты эозинофилдердің саны күрт көбейеді. Бүкіл лейкоциттердің арасында эозинофилдер 1-5% болады. Эозинофилдердің цитоплазмасында дөңгелек не сопақша оксифильді боялатын көлемі 0. 5-1. 5 мкм түйіршіктер орналасады. Қышқыл бояуды қабылдайтын себебі бұл түйіршіктер аргининге бай негізгі белоктан тұрады. Түйіршіктерінде арилсульфатаза мен гистаминаза ферменттері болады. Эозинофилдер амеба тәрізді қозғалуға (қан тамырлары қабырғаларынан өту қабілеті) және хемотаксиске (қабыну ошағына және зақымдалған тканьге қоғалу қабілеті) бейім. Эозинофилдер нейтрофилдер секілді фагоцитозға бейім, яғни микрофагтарға жатады, макрофагтарға қарағанда өте майда бөтен денелерді жұтуға қабілетті. Дегенмен олар «классикалық микрофагтарға» жатпайды, өйткені олардың басты қызметі фагоцитоз емес. Эозинофилдердің басты қызметі - Ig E тән спецификалық Fc-рецепторлар экспрессиясы. Бұл паразитттерге қарсы иммунитетте эозинофилдердің цитотоксикалық активті қызметі. Бірақ Е класындағы антиденелердің мөлшерден тыс бөлінуі лездік типтегі аллегияның пайда болуына себеп болады, мысалы анафилактикалық шок.

Сонымен қатар эозинофилдер аллергия және қабыну кезінде гистамин секілді медиаторларды жұту және байланыстыру қабілетіне ие. Базофилдер секілді қажет кезінде осы заттарды қайта бөліп шығара алады. Яғни эозинофилдер аллергияны тудыратын және аллергияға қарсы реакцияларда қорғаныштық рөл атқарады. Аллергиялық реакцияларда олардың пайыздық қатынасы артады. Эозинофилдер қанда ұзақ уақыт болмайды, ұлпаға түскен

соң, осында біраз уақыт болады.

  1. Сурет Эритроцит
  2. Сурет Тромбоцит
  3. Сурет Нейтрофил
  4. Сурет Эозинофил
  5. Сурет Базофил
  6. Сурет Лимфоцит

http://lib2.skachate.com/pars_docs/refs/822/821572/821572_html_8ba02c5.gif

Эозинофилдердің патологиялық өзгерістері. Эозинофильді лейкоцитоз- инфекциялық ауруларда, улану, қабыну кезінде, ішкі секреция бездерінің, қан құраудың нервтік регуляциясы бұзылғанда эозинофилдер санының нормадан асып кетуі. Скарлатина, ревматизм, хрониосепсис, аллергия кезінде. Эозинофилия - эозинофилдердің абсолютті немесе салыстырмалы түрде көбеюі. Көптеген патологиялық өзгерістерде қанды лабораториялық зерттеу кезінде анықталады. Себептері:

1. Атопиялық аурулар: атопиялық дерматит; поллиноз; аллергиялық ринит; бронхиальды; астма; қансарысулық ауру.

2. Паразиттік аурулар:аскаридоз; трихинеллез; лямблиоз; стронгилоидоз; филяриатозы; описторхоз; фасциолёз; токсокароз; парагонимоз; шистосомозы; малярия.

3. Гематологиялық аурулар: эозинофилді лейкоз; пернициозды анемия; лимфогрануломатоз; өткір лейкоз; Сезари синдромы

4. Өкпе аурулары : эозинофильды пневмония; саркоидоз; аллергиялық бронхиальды аспергиллез; Леффлер синдромы; өкпелік эозинофилді инфильтрат.

5. Қатерлі ісік: карциноматоз; Вильямс ісігі. Эозинопения - бұл қанда эозинофил мөлшерінің аз болуы немесе мүлде болмауы. Организмде індеттік және қабыну-іріңді процестер кезінде эозинопения байқалады. Ал операциядан кейінгі эозинопения, пациенттің халінің нашар екендігін көрсетеді. Эозинопения мен лейкоцитоздың, нейтрофилез бен лейкоциторлық формуланың өзгеруі организмдегі қабыну процесінің көрінісі. Көп жағдайда эозинопения адренокортикоидтық белсенділіктің артуымен сипатталады, соның салдарынан эозинофилдер жілік майында тұрып қалады.

Лейкоцитарлық формула. Гемограмма . Лейкоцитарлық формула дегеніміз- қанның құрамындағы барлық лейкоциттердің пайыздық мөлшері. Лейкоцитарлық формуланың диагностикада маңызы зор. Мысалы, клиникада келесі ұғымдар қолданылады: лейкоцитарлық формуланың солға және оңға ойысуы. Солға ойысу - жас және ядросы таяқша тәрізді нейтрофилдердің мөлшерінің артуы. Ол қабыну үрдісі кезінде байқалады. Оңға ойысу - нейтрофилдердің жас түрлерінің жоқ болуы. Ол нейтрофилопоэз зақымданған жағдайда байқалады. Лейкоцитоз кезінде "лейкемиялық ойық" (hiatus leukemicus) байқалады, яғни лейкоциттердің жас және толық дамыған түрлерінің мөлшері бірдей күрт артып, аралық түрлері байқалмайды. Эозинофилдердің мөлшерінің артуы (эозинофилия) аллергиялық реакциялар, глисттік инвазиялар және басқадай паразитарлық сырқаттар кезінде байқалады. Олардың санының төмендеуі жедел инфекциялар, глюкокортикоидтармен және емдеу жағдайында байқалады. Базофилдердің санының артуы (базофилия) терілік базофилдік сезімталдықтың (гиперчувствительность) артуы бронхиалдық астмада, ал төмендеуі қабыну үрдістері кезінде, тиреотоксикоз және қанның басқадай бірқатар сырқаттары кезінде байқалады.
Гемограмма дегеніміз- қанның пішіндік элементтерінің абсолюттік мөлшері, сонымен қатар, гемограммаға келесі көрсеткіштер кіреді: ретикулоциттердің мөлшері; эритроциттердің шөгу жылдамдығы (СОЭ) ; гемоглобин мөлшері; гематокрит және лейкоцитарлық формула. Төменде гемограмманың көрсеткіштері лейкоцитарлық формуласыз берілген.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Герпетиформды Дюринг дерматозы
Ісіктерге қысқаша шолу, ісіктердің пайда болуы
Тыныс алу жолдарынының аурулары жайлы ақпарат
Бұзаулардың ұлтабары мен ішектерінің қабаттаса қабынуы
Малдың тыныс алу жүйесінің ауруларының алдын- алу шаралары
Бұзау бронхопневмониясын емдеу
Бауыр ауруларының түрлері
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Қос жарнақтылар класы
Қазіргі заманғы ұлттық спорт түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz