Қанның ұюына қарсы дәрілік заттар


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1 Кіріспе

2 Негізгі бөлім

2. 1 Қанның ұюына қарсы дәрілік заттар

2. 2 Қаназдыққа қарсы дәрілік заттар

2. 3 Мегалобластикалық қаназдықты емдеуге қолданылатын препараттар
3 Қорытынды

4 Пайдаланылған әдебиеттер

1 Кіріспе

Ішкі жұқпайтын ауру басқа ауруға қарағанда өте көп кең тараған аурулардың бірі, ішкі жұқпайтын аурулардың ерекшеліктері мынада: дәрігерлік көмек көрсетіп жүрген айқын ауру малдан басқа, ақуыз, көмірсу, витамин, минералды заттар алмасу процестері бұзылған көптеген малда да кездеседі. Бұлмалға анық ауру белгілері болмаса да дәрігерлік көмек көрсетілуін талап етеді.

Қан тамырлар жүйесі - мал организміндегі ең басты жүйенің бірі. Оның негізгі қызметі - ағзалар мен ұлпаларды оттегімен, сумен және түрлі нәрлі заттармен қамтамасыз еткізіп, зат алмасуынан қалған керексіз заттарды денеден шығару.

Малда қан тамырлар аурулары көбінесе індетті немесе түрлі жұқпалы емес аурулардың асқынуынан болады. Кейде, негізгі ауруды жойғаннан кейін малдың шығынға ұшырауына қан тамырларының қайтадан орнына келмейтіндей болып өзгеруі себепкер болады. Бұл аурулар арнайы бағыттандырылған шаруашылықтар мен өнеркәсіптік кешендерде жиі кездесіп тұрады. Осы бағыттағы өндіріс барысында кездесіп тұратын көп себептер (малдың тығыз орналасуы, үздіксіз жұмыс істеп тұрған тетіктердің шуылдары т. б. ) малды ылғи үрейлендіріп, жүйкелерін қажытып, қан тамырлар жүйесінің қызметтерін бұзуларына әсер етілуі.

Қан тамырлар қызметінің бәсеңдеуі көбінесе жүрек етінің жиырылу қабілетінің әлсіреуінен болады. Тыныс алу және басқа да жүйелер мен ағзалардың аурулары әр түрлі дәрежеде жүрек пен қан тамырлары қызметтерінің бәсеңдеуіне себепші болады.

Қан - организм тіршілігіне қажетті маңызды функция атқарады. Қанның негізгі функциялары мыналар: қоректендіру, тыныс алдыру, қорғану, жылу реттеу және мүше функцияларының өзара байланыстылығы.

2 Негізгі бөлім

2. 1 Қанның ұюына қарсы дәрілік заттар

Аяқтарының ірі веналарында қан ұйыса малдар орындарынан тұра алмай қалады. Аяқтары суып, сезімталдығы жоғалып кетеді. Ауру малдар қалты-райды, тырысады, терлейді, ентігеді, жүрек соғуы жиіленеді. Алдыңғы қуыс көк тамыр бітелсе мойындағы, бас пен алдыңғы аяқтарындағы веналар қанға толып кетеді. Кеуде шемені дамуы мүмкін. Артқы қуыс көк тамыр бітелсе дененің артқы жақ веналарында қан іркіліп, іш шемені дамуы мүмкін. Қақпа көк тамырының бітелуі асқазан мен ішек-қарында қанды іркілтіп жалпы қоректенуді бұзады. Туғаннан кейін кездесіп тұратын жатырдың қабынуынан қоздырғыштық қабілеті артқан микробтар денеге жайылып веналарды қабындырып, қуыстарын бекітіп тастауы мүмкін. Сол себептен, ауру, жамбас веаларынан артқы аяқ веналарына жайылады. Ондай малдарда қызба қайталамалы түрде өтеді. Кей кездерде, тамырлардың бекітілуінің, әсіресе майда тамырлардың бекітілуінің сырт белгілері онша білінбей өтеді.
Барысы. Тамырдағы қанның ұюы көбінесе созылмалы түрде өтеді. Егер де ұйыған қан таралып кетсе қанның ағымы қайтадан қалпына келеді, ал ұйыған қан қатайып, тамырмен бітісіп өсіп кетсе, қан айналымы қосымша майда тамырлар арқылы жүреді. Ауру қайталануы мүмкін. Жүрек, ми, бүйрек, өкпе тамырлары бекітілсе, мал тез арада өліп қалады.

Анықтау. Сырқат жайындағы мәліметтерді еске ала отырып тән белгілерін дәл табуға негізделінеді.

Болжамы - шүбәлі не тиімсіз.

Емі. Малдарға толық тыныштық жағдайлар жасайды. Жаңадан болған бекітілуде қанға фибринолизин, гепарин құюға болады және жүрек-қан тамыо қызметтерін жақсартатын тиісті дәрі-дәрмектер қолданады. Түрлі індетті аурулардың салдарынан пайда болатын венаның қабынуы мен бекітілуінде әдейі арналған дәрі-дәрмектер - антибиотиктер, сульфанила-мидтер қолданылады. Аталынған және басқа да дәрі-дәрмектерді дер кезінде қолданбаса ем дұрыс нәтиже бермейді.

Коагуляцияға әсер ететін дәрілік заттар

Антикоагулянттарды тромбаның тромбоциттер мен эритроциттерден тұратын фибрин торшасынан құралған кездегі, тромба түзілуінің немесе венозды бөлімдегі қан айналымдағы қан айналым баяулағанда, тромбоздың таралуының алдын алу шаралары үшін қолданады. Сол себепті, олар аяқтың терең көк тамырларының тромбозын емдеу және алдын алу шаралары үшін, жүректің ревматикалық зақымдалуындағы эмболияны және жүрекше фибрилляциясының (жыбырлауық аритмия) және жүректің жасанды қалпақшаларында тромбаның түзілуінің алдын алу шаралары үшін кеңінен қолданады.

Гепарин парентеральді тікелей әсер ететін антикоагулянт, қанның тез ұюына кедергі жасайды, бірақ әсер кезеңі қысқа. Төменгі молекулярлы гепариндер ұзақ кезең әсер етеді.

Терең көк тамырлардың тромбозын және өкпе артериясы жүйесіндегі эмболияны емдеу үшін гепариннің күш түсетін мөлшерін көк тамырға енгізеді кейіннен көк тамырға тамшылатып енгізеді (инфузияға арналған мөлшерлеуді қолданып) немесе тері астына кезеңмен енгізу. Пероральды антикоагулянттарды гепаринмен бірге тағайындайды. Гепарин ең аз дегенде 5 күндей қолданылуы тиіс, пероральды антикоагулянттардың әсері басталғанша, ал ХҚҚ (халықаралық қалыпты қатынас) терапиялық маңызбен шектелгендіктен екі күн кезекпен. Күнделікті зертханалық мониторинг өте қажет.

Хирургиялық мамандарға жататын науқастарда гепариннің төменгі мөлшері тері астына енгізу ретінде операциядан кейінгі жоғары тәуекел топтарындағы терең көк тамырлардың тромбозы мен өкпе артериясы жүйесіндегі эмболияның алдын алу шараларына қолданылады

Қан кетулер дамыған кезде гепариннің қолданылуын доғарған жеткілікті, бірақ тез әсерін доғару үшін арнайы антидотқа протамин сульфаты жатады.

Пероральды тікелей емес әсер ететін антикоагулянттардың толық антикоагулянттық әсерінінің дамуы үшін, ең аз дегенде 48-72 сағат қажет; егер әсері тез қажет болса гепаринмен бірге қолдану керек. Варфарин терең көк тамырлардың, өкпе артериясы жүйесінің тромбозы кезінде, жүрекше фибрилляциясы кезінде эмболия даму тәуекелі бар науқастарға және жүрек қалпақшалары протезделген науқастарға (қақпақшаларда тромбоның дамуын шеттету үшін) қолдану көрсетілген; пероральды антикоагулянттар бас ми тамырларының тромбозы мен шеткі артериялардың окклюзиясы кезінде бірінші қатардағы дәрілер ретінде қолданбауы тиіс. Пероральды антикоагулянттардың негізгі жанама әсерлеріне қан кетулер жатады. Протромбин уақытының мониторингі қажет (ХҚҚ түрінде ұсынылатын - халықаралық қалыпты қатынас) алғашқыда күніне, кейіннен жауабына қарай үлкен ара қашықтықпен.

Ауыр қан кетулер пайда болғанда варфаринді қолдануды доғару және фитоменадион (витамин К) көк тамырға баяу енгізуді тағайындау.

Жүктілік кездегі антикоагулянттар

Пероральды антикоагулянттар тератогенді әсерге ие және буаздықтың басында қолданбауы тиіс. Мал буаз болған кезде осы қауіп туралы ескерту керек, себебі буаздықтың ортасна дейін варфаринді қолдануды доғарса, көп жағдайларда ұрықтың кемістіктерінің даму тәуекелі шеттеледі. Пероральды антикоагулянттар плаценттен өтіп, плаценттен қан кету немесе ұрықта қан кету тәуекелін дамытады, әсіресе буаздықтың соңғы бірнеше аптасында және туу кезінде. Сол себепті мүмкіндігінше пероральды антикоагулянттарды буаздық кезінде, әсіресе буаздықтың бастапқы айында қолданбауға тырысу керек. Анамнезінде жасанды жүрек қақпақшалары, қайталаушы венозды тромбоз немесе өкпе артериясы жүйесіндегі эмболиясы бар жүкті малдарға препараттарды тағайындау қиынға соғады.

ГЕПАРИН (HEPARIN)

Шығарылу түрі.

Егуге арналған ерітінді, гепариннің натрий тұзы 5000 ЕД, 25000 ЕД, сауытта [ӘДҰ ұсынылған] .

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Терең тамырлардың тромбозын, өкпе артериясының эмболиясын, тұрақсыз стенокардия, миокардтың инфаркты, шеткі артериялардың жедел эмболиясын емдеу А-В : көк тамырға енгізу, ересектерге қаныққан мөлшер 5000 ЕД (75 ЕД/кг) немесе ауыр өкпе эмболиясында 10 000 ЕД, кейіннен үздіксіз көк тамырға инфузия жасау, тамшылатып 15-25 ЕД/(кг·сағ), орта есеппен 18 ЕД/кг/сағ, немесе тері астына егу 15 000 ЕД әр 12 сағат (көк тамырға егуге болмайды) ; зертханалық мониторинг өте маңызды, күнделікті мөлшерге қажетті түзетулер енгізу керек; Дене салмағы төмен ересектерге немесе балаларға қанығу мөлшерді төмендетіп береді, кейін үзіліссіз көк тамырға тамшылатып 15-25 ЕД/(кг·сағат) енгізу немесе тері астына егу 250 ЕД/кг әр 12 сағатта.

Тромбоэмболияның алдын алу шаралары А жалпы хирургияда (стационарлық тәжірибеде), тері астына егу, ересектерге 5 000 ЕД 2 сағат алдын операцияға дейін, кейіннен әр 8-12 сағат сайын 7-10 күндей немесе науқастың ауруханадан шыққанына дейін (мониторинг қажет емес) ; жүктілік кезінде (мониторинг қажет емес) 5 000-10 000 ЕД әр 12 сағат сайын (маңызды: жүктілік кезде жасанды жүрек қақпақшаларын гепаринмен қорғаудың қажеті жоқ - бұл мамандардың қатысуын талап етеді) .

Экстракорпаральды қан айналым әдістерін операция кезінде қолдануда қан ұюдың алдын алу шараларында (140-400 ЕД/кг немесе 1500-2000 ЕД-ден 500 мл қанға) (поддержание АЧТВ на уровне более 480с), қан құю кезде, гемодиализ жүргізгенде (бас кезде 1 ЕД, тағыда 3-5 ЕД емшараның ортасында 2000-5000 ЕД болюсты, кейін 10 ЕД/кг/сағ под контролем АЧТВ - 70-80 с), зерттеуге қан алған кезде.

Микротромб түзілгенде және микроциркуляция бұзылыстарында алдын алу шаралары, жыбырлауық аритмия кезіндегі тромбоздың, жүректің митральды ақауларының, ДВС-синдромының (бірінші фазасы) гемолитико-уремиялық синдромның, қызыл жегі нефритінің, ревматизмнің алдын алу шаралары - қолдану деңгейінің дәлелі С және D байланысты.

Кері көрсеткіштері

Гепаринге жоғары сезімталдық; гемофилия және басқа да геморрагиялық аурулар, тромбоцитопения, пептиттік жара, жуыр арада болған миға қан құюылу, ауыр гипертензия, бауырдың және бүйректің ауыр аурулары (өңештің көк тамырларының кеңеюімен жүретін, бауыр циррозы), үлкен жарақаттардан кейін немесе жуырда болған операция (әсіресе көзге немесе жүйке жүйесіне), жедел бактериальды эндокардит, белсенді өкпе құрты, антифосфолипидті синдром, АІЖ эрозивті-жаралармен зақымдалуы; етеккір кезеңі, қауіпті түсік, жұлын миының пункциясынан кейінгі жағдай.

Сақтандыру

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Бауыр жетіспеушілігі немесе бүйрек жетіспеушілігі; төменгі молекулярлы гепаринге ижоғары сезімталдық; жұлын ми немесе эпидуральды жансыздандыру - гематома түзілу тәуекелі; Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде, қант диабетінің ІІ типі, қышқылдану кезінде калий сақтаушы несеп айдағыштармен бірге қолдану - гиперкалиемия тәуекелі жоғарлайды. Гепаринмен емдеудің ұзаруы кезінде тәуекел жоғарлайды. Егер гепаринмен емдеу 7 күнге дейін созылса және одан көп болса, гепаринді енгізер алдында калий деңгейін анықтау керек және гепаринді енгізу курс барысында бақылап отыру керек.

Жанама әсерлері

Иммунологиялық тромбоцитопения емнің басталуынан кейін 6-10 күндері дамиды (гепаринді тез доғаруды қажет етеді) ; қан кетулер, терінің некрозы, жоғары сезімталдық реакциясы, уртикария, ангиоэдем және анафилаксия, ұзақ қолданғаннан кейінгі остеопароз және сирек алопеция.

Мөлшерден тыс қолданғанда. Ерте белгілері: иектің қансылауы, терідегі көгерулер немесе пурпуралар, мұрыннан қан кетулер, етеккір кезіндегі қан кетудің жоғарлауы. Ішкі қан кетулердің белгілері: бастың айналуы, іштің арқаның немесе белдің ауруы, гематурия, нәжісте қанның болуы, мелена, құсу «кофе қоюы», өкпеден қан кетулер, буындардың қанауы. Емдеу: кез келген жағдайларда гепаринді қолдануды доғару, ауыр жағдайларда - 100 ЕД гепаринге 1 мг протамин сульфат енгізу.

Саудаға тіркелген атауы: Гепарин.

ВАРФАРИН (WARFARIN)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар 2, 5 мг [ӘДҰ ұсынылған таблеткалар 1, 2, 5 мг] .

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Қан тамырларының тромбозы мен эмболиясының алдын алу шаралары : жүректің ревматизммен зақымдалуы және жүрекшенің фибрилляциясы, ревматизмді емес жүрекшенің жыбырлауы (аспириннен А артық) - МНО 2, 8-3; кардиоверсия А жолымен ырғақты қалпына келтіргеннен кейін; жүрек қақпақшаларын А және тамырларын А протездеу (аспиринмен және дипиридамолмен біріктіру) - МНО 2, 8-3, 5; тромболизистен кейінгі реоклюзияның алдын алу шаралары, (аспиринге орын береді) коронарлы В , ми тамырларының тромбозы В (өтпелі бұзылыстарда немесе кіші инсульттарда қолданбайды) немесе шеткі артериялар; хирургиялық араласудың алдында (тромбоэмболиялық асқынулардың жоғары тәуекелі) операцияның алдында 2-3 күн алдын, ортопедиялық операция кезінде - 1 күн бұрын (төменгі молекулярлы гепаринге В орын береді), тізеге операция жасар кезінде - 14 күн алдын, гинекологиялық операциялар кезінде - 20 күн бұрын;

Қан тамырларының тромбозы мен эмболиясын емдеу кезінде. Өкпе артериясының жедел венозды тромбозы мен эмболиясы (гепаринмен бірге антикоагулянттармен пероральды терапия кезінде тиімділікке қол жеткізгенше, 3-5 тәуліктен артық) . ХҚҚ 2, 8-4, 5. ХҚҚ 2, 8-3 ұстап тұрушы терапия жүргізген кезде. Қайталаушы венозды тромбоз немесе қайта болған өкпе артериясының эмболиясы В (гепариннен асып түсуі немесе тепе-тең, тек төменгі молекулырлы гепаринге орын береді) . Тізенің терең көк тамырларының тромбозы МНО 2, 0-3, 5 (төменгі молекулярлы гепаринге орын береді немесе онымен салыспалы А .

Ересектерге, кәдімгі жағдайда алғашқы 2 күнде науқастың жеке ерекшелігіне байланысты 10 мг мөлшерді құрайды [ӘДҰ ұсынылған] ; келесі мөлшер протромбин уақытының көрсеткішіне немесе халықаралық қалыпты қатынасқа байланысты. Протромбин уақыты басиапқы қалпынан 2-4 рет жоғарлауы тиіс, ал ХҚҚ 2, 2-4, 4- жетуі керек, тромбоз, қан кету тәуекелінің және науқастың жеке ерекшелігінің қауіпне байланысты. Кәдімгі күнделікті ұстап тұрушы мөлшер - бір рет қабылдауға 3-9 мг әр күні және күніне бір уақыт мезгілінде. Варфарин мен ацетилсалицил қышқылымен бірге қолданғанда ХҚҚ көрсеткіштері шамамен 2-2, 5 болуы керек. Емдеу ұзақтығы науқастың жағдайына байланысты. Емдеуді бірден алып тастау мүмкін.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, жедел қан кетулер, пептиттік жаралар, ауыр артериальды гипертензия, бактериалды эндокардит.

Сақтандыру

Барлық жағдайларда протромбин уақытының деңгейін емді бастар алдында анықтау керек.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Бауыр жетіспеушілігі немесе бүйрек жетіспеушілігі;

жуырда болған операциялық араласулар; маскүнемдік; коагулопатия; тромбоцимтопения; бас миына қан құйылу.

Мүкжидек шырынын қолданудан бас тарту керектігін науқасқа айту керек.

Емшекпен емізу: белсенді емес түрінде төс сүтіне өтеді, балаға әсері болмайды

Жанама әсерлері

Қан кетулер (24, 7-41, 4%), ХҚҚ 3 артық болғанда тәуекелдік жоғарлайды. Жоғары сезімталдық, қышыма; алопеция; диарея; гематокриттің белгісіз себептермен төмендеуі; «қан-қызыл шұлық», аяқ саусақтарының қызыл көгілдір синдромы және и нефротикалық синдром холестеринмен тамырлардың микроэмболизация көріністері кезінде; терінің некрозы; сары ауру, бауырдың дисфункциясы; жүректің айнуы, құсу және панкреатит; шаштың түсуі.

Шамадан тыс қолданғанда : қан кету. Мөлшерін төмендету керек немесе қысқа мерзімге емді доғару, витамин К, қанның ұю факторларын біріктіріп енгізу (II, VII, IX, X) немесе жаңа тоңазытылған плазманы қолдану.

Саудаға тіркелген атауы: Варфарекс, Варфарин.

Фитоменадион (HPYTOMENADIONE)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар, фитоменадион (витамин К 1 ) 10 мг [ӘДҰ ұсынылған] .

Капсулалар, фитоменадион майдағы ерітінді 10%, 0, 1 г.

Егу (егуге арналған ерітінді), фитоменадион 10 мг/мл, ампула 5 мл-ден Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Тікелей емес әсерлі антикоагулянттардың мөлшерін көп қолданғанда В (кумарин және индандион қатарын) . Антикоагулянтармен болған гипопротромбинемия; қан кетусіз немесе шамалы қан кетумен: тамыр ішіне баяу, ересектерге 500 мкг немесе ішке ересектерге 5 мг; айтарлықтай ауыр қан кетулерде ішке немесе тамыр ішіне, ересектерге 10-20 мг; ауыр қан кетулерде, ересектерге, тамыр ішіне баяу, 2, 5-5 мг, өте сирек 50 мг-ға дейін (бірақ жоғары мөлшерлер кезінде улы әсерл тәуекелі бар) .

Нәрестелердің геморрагиялық аурулары, емдеу , тамыр ішіне немесе бұлшық етке, нәрестелерге 1 мг, қажет жағдайларда келесі мөлшерді 8 сағаттық ара қашықтықпен қолданады.

Нәрестелердегі геморрагиялық ауруларда, алдын алу шаралары, тамыр ішіне, нәрестелерге 0, 5-1 мг бірегей мөлшер немесе ішке 2 мг келесі мөлшері 4-7 күннен кейін және емшектегі балаға үшінші мөлшер 1 айдан кейін.
Ішке қолданғанда тиімділігі 6-10 сағаттан кейін байқалады (бұлшық етке еккенде - 1 сағат ішінде) және 3-6 сағат сақталады. Фитоменадион гемофилия және Верльгофа ауруы кезіндегі, сонымен қатар гепарин мен ақуыз алмасу жетіспеушілігі кезіндегі протромбин жетіспеушілігіндегі қан кетулерді шектетпейді.

Гипопротромбинемиямен жүретін геморрагиялық синдром , бауыр қызметінің бұзылуы туғызған 10 мг тәулігіне к/т, кейін 2, 5-25 мг (кейде 50 мг) .

Ауыр операция алдындағы жоғары қан кетулердің алдын алу шаралары - 30 мг/тәу 3-4 күндей.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, қанның жоғары ұюы, тромбоз бен тромбоэм-болияға бейім болу, холестатикалық сары ауру.

Сақтандыру

Есте сақтайтын жәй гепариннің антидоты болып келмейді.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Жүктілік, төспен емізу, жас балаларға. Егде жастағыларға мөлшерін төмендету.

Жанама әсерлері

Парентеральды енгізгенде анафилактикалық реакциялар туу тәуекелі жоғары, жүректің және тыныстың тоқтауына дейін. Жоғары сезімталдық реакциялары, тасқынуды қоса, диспноэ, бронхтың тарылуы, бастың айналуы, гипотензия және тыныс немесе айналымды коллапс, кейбір егуге арналған фитоменадион препараттарындағы үпілмәлік майының сурфактантты полиэтоксилирлеуімен байланысты болуы мүмкін. Гемолитикалық қаныаздық.

Саудаға тіркелген атауы: Фитоменадион.

ЭНОКСАПАРИН НАТРИЯ (ENOXAPARIN)

Шығарылу түрі.

Егуге арналған ерітінді 2000 анти-Ха МЕ/0, 2 мл, 4000 анти-Ха Ме/0, 2 мл, 6000 анти-Ха Ме/0, 6 мл, 8000 анти-Ха МЕ/мл-0, 8 мл, 1 анти-ха МЕ/мл-1мл.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Тромбоз бен тромбоэмболияның алдын алу шаралары (әсіресе ортопедиялық және жалпы хирургияда, сонымен қатар ұзақ төсекте жататын науқастарда) . Шамалы тромбоэмболия даму тәуекелінде - 20 мг/тәулігіне, жоғары тәуекелде - 40 мг/тәу, төсекте жататын науқастарға 40 мг/тәу 6-14 күндей.

Хирургиялық араласуларда - 20 мг-нан 2 сағат алдын операцияға дейін, кейін 1 реттен тәулігіне 7-20 күндей; ортопедиялық операциялар кезінде - 40 мг-нан 12 сағат алдын операция алдында, кейін 1 реттен тәулігіне 40 мг-нан 7-20 күндей.

Экстракорпоральды айналым жүйесіндегі гемодиализ жүргізу кезіндегі гиперкоагуляцияның алдын алу шаралары С - 0, 5 мг/кг.

Терең көк тамырлардың тромбозы - емдеу т/а 1 мг/кг әр 12 сағат сайын немесе 1, 5 мг/кг 1 реттен тәулігіне 10 күндей пероральды коагулянтарды қолдану барысында.

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы - т/а 1 мг/кг әр 12 сағат сайын, немесе 1, 5 мг/кг 1 реттен тәулігіне 10 күндейей пероральды коагулянтарды қолдану барысында.

Тұрақсыз стенокардия және миокардтың инфаркты Q тісшесіз - 1 мг/кг 2 реттен тәулігіне жағдайдың тұрақтануына дейін аспиринмен бірге қолдану керек. Көбінесе 2-8 тәулік бойы.

Флебографиядан кейін 10 күндей 20 мг-нан.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, қанның ұю жүйесінің бұзылуы (гемофилия, тромбоцитопения, Вилленбранда ауруы және т. б. ), пептиттік жара, бас ішінің қан құйылуы, аневризм, бақылай алмайтын артериальды гипертензия, қайталанушы неврологиялық немесе офтальмологиялық операциялар, жұлын-ми анестезиясы, диабеттік ретинопатия, жүктілік, қатерлі түсік, емшекпен емізу кезінде.

Сақтандыру

Көңіл қоятын жағдай: протромбин, тромбин уақытына айтарлықтай әсер етпейді, АЧТВ (АЧТВ-индикаторының жоғарлауы мөлшердің көптігін көрсетеді) . Мониторинг: Ха фактор белсенділігінің тежеу деңгейі. Емнің басталуына дейін тромбоциттер санын сараптау жүргізу, кейін аптасына 2 реттен.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Тромбоцитопения, тромбоцитопатия; бауыр жетіспеушілігі, жүктілік; емшекпен емізу кезеңінде.

Емшекпен емізу: төс сүтіне енуі туралы мәліметтер жоқ

Жанама әсерлері

Қан кетулер (2-6, 7%), қызба, аяқтың ісінулері, асимптоматикалық тромбоцитопения (емнің бірінші күндері), сирек - иммуноаллергиялық тромбоцитопения (емнің 5-21 күндері, трансаминаза деңгейінің жоғарлауы, остеопороз, өздігінен болатын сынықтар, аллергиялық реакциялар.

Мөлшерден тыс қолдану

Қан кетулер, қан кетуге бейім болу. Емдеу: кезекті мөлшерді алып тастау; кейбір жағдайларда - к/т протамин сульфат (0, 6 мл протамин 0, 1 мл препаратты бейтараптандырады) .

Саудаға тіркелген атауы: Клексан.

2. 2 Қаназдыққа қарсы дәрілік заттар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қанның ұюы
Қанның қызметі
Қан плазмасы
Тривиалды атаулар
Дәрі-дәрмектер тривиальдық атауларының жасалыну әдістері және атауларды берудегі тәжірбие
Морфологиялық, экологиялық және биоэкологиялық классификация
Балалардың бас ми инсульті кезіндегі гемостаздың бұзылысы және оның үстемелі емі
Фармацевтикалық терминология
Органдар биохимиясы жайында
Маннитол - маннитол гексагидирлі алкогольдің ерітіндісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz