Құрысып-тырысуға жалпы сипаттама


Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Құрысып-тырысуға жалпы сипаттама
- Құрысып-тырысуға байланысты ауру түрлері
- Аурудың алдын алу жолдары
- Құрысып-тырысуға қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектер
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
Добавить свое объявление
Загрузка . . .
Кіріспе
Құрысып-тырысулар - дене және аяқ-қолдарының түр сипаттарының өзгерісін тудыратын еріктен тыс болатын бұлшықеттердің жиырылуы.
Құрысып-тырысудың түрлері:
Фебрильді құрысып-тырысулар - жоғарғы температура кезінде.
Афебрильді құрысып-тырысулар - туылу кезінде жарақаттарда, бас миының зақымдануында болады.
Ырғақты құрысып- тырысулар- көбінесе эпилепсия кезінде болады.
Құрысып-тырысудың жергілікті және жайылған түрлері де бар.
Құрысып-тырысу синдромының кезеңдері:
- Тоникалық кезең:
- Сыртқы ортамен байланыстың кенет жоғалуы
- Көзқарашығы бір орында тұрмайды
- Басын артқа шалқайтады
- Қолдары бүгілген, аяқтары тік жазылған
- Клоникалық кезең:
- Басында бет, одан әрі дене, аяқ-қолдарының бұлшықеттері жиырылады және жылдам жайылады.
- Тері қабаттары бозарады.
Жедел көмек беру ережелері:
- Баланы түзу, жұмсақ жерге жатқызу
- Қысатын киімдерден босату
- Таза ауамен қамтамасыз ету
- Тілін тістеп алудың алдын алу үшін тіс арасына оралған шпатель немесе салфетка салу
- Құрысуға қарсы препараттар енгізу
- Реланиум, седуксен 0, 1мл/жас
- дроперидол 0, 1-0, 2мл/жас
- 25% магнезия сульфат 0, 1-0, 2мл/жас
- ГОМК 5-100мл/кг/1мл-200мг
- Оттегі беру
- Құрысып-тырысудың себебін анықтау және жою.
Негізгі бөлім
Қояншық (эпилепсия) - (грек. epіlambano - шап беріп ұстаймын, шабуыл жасаймын), қояншық - жиі кездесетін ұстамалы аурулардың бір түрі. Эпилепсияны белгілеріне қарай ұзақ уақыт идиопат. (генуинді) және симптомат. деп бөлген. Эпилепсия туралы алғашқы деректер Гиппократ еңбектерінде “қасиетті ауру” деген атпен, әр түрлі себептермен туындайтын бас миының ауруы ретінде айтылған. Әбу Әли ибн Сина ұстамалы аурудың клиник. көріністері мен емін толық сипаттап жазған. Эпилепсия белгілі бір мерзімде қайталанып, науқас есінен танады, кейде тұнжырап, мінезі өзгеріп, ой-қабілеті төмендейді. Эпилепсия ауруының себебі әлі толық анықталмаған. Көбінесе, сәби құрсақта жатқанда не туылғаннан кейін миында ісік болуынан, ми шайқалғаннан немесе қабынуынан, мидың әр түрлі ауруларынан (менингит, арахноидит, арахноэнцефалит), т. б. жағдайлардан болады. Сондай-ақ әке-шешесі маскүнем болса, олардың балаларының да Эпилепсияға шалдығуы мүмкін. Кейде бұл ауру тұқым қуалайды. Эпилепсия 10 - 15 жастағы балаларда байқалады. Ауру ұстар алдында адамның басы ауырып, мең-зең болады, қолы дірілдеп, көзі қарауытады, бір жерді шыр айналып, айқайлап, есінен танып құлайды. Аузынан көбігі ағады, басын соғып, тілін шайнайды. Денесі сіресіп, көгеріп қатып қалады да, бірнеше секундтан кейін басын соққылап, селкілдей бастайды. Бұдан кейін науқас адам біразға дейін есін жия алмай, ұйықтап кетеді. Оянғанда не істеп, не қойғанын білмейді. Кейде ауру жеңіл ұстап, селкілдемей-ақ есінен танып құлайды, ұстама тез басылады. Эпилепсияның қайталап ұстауы көбіне ешбір себепсіз болады. Кейде қорыққанда, бір нәрсеге ашуланғанда, шаршағанда жиілеуі мүмкін. Эпилепсияның ұзақ уақыт ұстайтын түрі де болады. Мұндай кезде науқас адам селкілдеп құламайды. Бірақ псих. әрекеті өзгеріп, мінез-құлқы бұзылады. Науқас тұнжырап, айналасында болып жатқан жағдайға көңіл бөлмей, өзіне қойылған сұраққа жауап бермейді. Оның көз алдына әр түрлі зат елестейді, дыбыс естіледі, әр жерден бірдеңе іздеп әуреге түседі. Қасындағы адамға ретсіз тиісіп, ұрысады, үйден шығып кетуі де мүмкін. Кейде өзін-өзі жұлып, бетін тырнайды, қолына түскен затты сындырады, айқайлап, жылап, қатты күйзеледі. Ұстама біткеннен кейін осы істегендерінің біреуін де есіне ала алмайды. Эпилепсия асқынған сайын жиі ұстап, науқас адамның мінезі, жүріс-тұрысы, ой-өрісі өзгеріп, ойын дұрыстап жеткізе алмайтын болады. Ұмытшақ болып, сәл нәрсеге ренжіп қалады. Өзін ренжіткен адамға өшігіп, ол адамды ешқашан ұмытпайды. Емі аурудың түрі, себебі және ағымына қарай тағайындалады. Аурудың белгісі білінісімен емдеуді ерте бастаған тиімді болады. Ең алдымен Эпилепсияға не себеп болғанын анықтап алады. Ауру ұстаған кезде оны тарқататын препараттармен қатар, науқасқа организмін әлдендіріп, иммунитетін көтеретін дәрі-дәрмек беріледі. Ауру адамға дұрыс тамақтану, мезгілімен ұйықтау, диета сақтау, отбасындағы және еңбек ұжымдағы жағымды жайлардың маңызы зор.
Спазмофилия - гипокальциемиялық синдром-бала организмінде фосфор және кальций азайып денесінің құрысып-тырысуға бейімділікпен сипатталатын ауру. Көбіне 2 жасқа дейінгі балаларда, әсіресе көктем кезінде және бала рахитке байланысты Д витаминін алып жүргенде кездеседі.
Клиникалық айқындалуының 2 формасы бар:
- Ларингоспазм-дауыс желбезектерінің тырысып дыбыс саңлауының тарылуы. Бала қиналып, шумен дем алады, реңінде қорқыныш, терлеп кетеді, есінен танып бірнеше секундтан соң шумен дем алады.
- Эклампсия-баланың барлық бұлшықеттерінің құрысып-тырысуы, аузынан көбік шығып, бала есінен айрылады.
- Емі
- Таза ауа жеткізу.
- Салқын су шашу, құйрығынан ұру.
- Ылғалды оттегі беру.
Жағдайы жақсарғаннан соң кальций препаратын беру.
- ІІ. Эклампсия кезінде:
Сабырлы жағдай жасау. Баланы жұмсақ жерге жатқызып басын, қол-аяғын жарақаттанудан сақтау, басын бұру. Ылғалды оттегі беру. Құрысып-тырысуға қарсы дәрілерді егу: реланиум, валиум, седуксен, ГОМК, дроперидол. Спазмофилияның алдын-алуы рахиттың алдын-алуымен қатар өткізіледі.
Карбамазепин - қояншық ауруына (эпилепсия) қарсы дәрі, карбоксамид туындыcы.
Фармакокинетикасы
Карбамазепин ішке қабылдағаннан кейін толық дерлік сіңеді, бірақ таблеткадан салыстырмалы түрде баяу босап шығады. Тамақ ішу препараттың сіңуінің жылдамдығы мен дәрежесіне елеулі әсер етпейді. Әсер етуші зат өзгермеген түрде қан плазмасындағы шыңдық концентрациясына бір рет қабылдаудан соң 4-12 сағаттан кейін жетеді (ретардты түрлері үшін - 24 сағатқа дейін) . Карбамазепиннің плазмадағы емдік концентрациясы 5-12 мкг/мл құрайды.
Карбамазепин плазмадағы тұрақты концентрациясына шамамен 1-2 апта аралығында жетеді. Бұл жеке сипатқа ие және микросомальді ферменттер белсенділігіне, емге дейінгі статусына, дозалануына және емнің ұзақтығына байланысты.
Қан плазмасындағы ақуыздармен карбамазепиннің 70-80% байланысады. Абсолютті биожетімділігі 85-100% құрайды. Плацентарлық және гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді, емшек сүтіне бөлінеді (қан плазмасындағы тиісті концентрациясының 25-60% сәйкес) . Жұлын-ми сұйықтығындағы және сілекейдегі өзгермеген субстанциялар концентрациясы плазмадағы байланыссыз үлестерінің шамасын көрсетеді (20-30%) . Карбамазепин бауырда метаболизденеді. Негізгі метаболиті - 10, 11-эпоксид, ол эпилепсияға қарсы әсерге ие. 10, 11-эпоксид-карбамазепиннің плазмадағы концентрациясы плазмадағы карбамазепин деңгейінің 30% жуығын құрайды.
Карбамазепиннің 10, 11-эпоксид-карбамазепинге айналуына цитохром Р450 3А4 негізгі изоформасы жауапты. Сондай-ақ фармакологиялық белсенді емес метаболиттер түзіледі (9-гидрокси-метил-10-карбамоил акридан, моногидроксилденген компоненттер, N-глюкуронид карбамазепин) .
Өзгермеген карбамазепиннің жартылай шығарылу кезеңі орташа 36 сағатты құрайды, ал 10, 11-эпоксид метаболиті - препаратты бір рет қабылдаған соң 6 сағат шамасында. Карбамазепиннің тұрақты қабылдауда бауыр микросомальді ферменттері белсенділігін индукциялау қабілетіне байланысты жартылай шығарылу кезеңі төмендейді және орташа 16-24 сағатты құрайды. Басқа энзим-индукциялайтын препараттармен қатарлас ем (мысалы, фенитоинмен, фенобарбиталмен) қабылдайтын емделушілерде тұрақты жартылай шығарылу кезеңі орташа 9-10 сағатты құрайды.
Несеппен (72%) және нәжіспен (28%) шығарылады. Бүйректе 2% жуығы өзгермеген карбамазепин түрінде және 1% жуығы фармакологиялық белсенді 10, 11-эпоксид метаболиті түрінде қайта сіңеді.
Егде жастағы емделушілерде және балаларда карбамазепин метаболизмі төмендеген.
Фармакодинамикасы
Карбамазепиннің әсер ету механизмі - тек ішінара түсіндірілген. Карбамазепин шектен тыс қозған жүйке талшықтары жарғақшаларын стабилизациялайды, нейроналдық разрядтардың қайта туындауын тежейді және қоздырушы импульстардың синаптикалық өтуін төмендетеді. Карбамазепиннің басты әсер ету механизмі натрий өзекшелерін бөгеу арқылы деполяризацияланған нейрондарда натрийге тәуелді әсер ету потенциалы қайта түзілуін тойтару болып табылады. Препараттың құрысуға қарсы әсері антиманиакалдық әсері допамин және норадреналин метаболизмі бәсеңсуімен шартталуы мүмкін болғанда, негізінен глутамат босап шығуының төмендеуіне және нейрондар жарғақшаларының тұрақтануына негізделген.
Антиманиакалдық әсері науқастарда карбамазепин қабылдаудан соң көңіл күйі көтерілумен білінеді, олар көпшіл және әрекетшіл болып кетеді.
Қолданылуы
- қояншық ауруы: күрделі және қарапайым парциалдық талмалар (естен танумен және естен танусыз) салдарлы жайылуы бар немесе онсыз, сондай-ақ жайылған тонико-клоникалық талмаларда (монотерапия немесе кешенді ем құрамында)
- ересектердегі биполярлық аффективті бұзылыстарда
- үшкіл жүйке невралгиясында
- құрысу ұстамаларының алдын алуда
Қолдану тәсілдері және дозасы
Препаратты тамақ ішу кезінде аздаған мөлшердегі сұйықтықпен іше отырып, ішке қабылдайды. Препаратты қабылдау ұзақтығын дәрігер анықтайды.
Эпилепсия
Ересектер
Эпилепсияны емдеу үшін курс басында тәулігіне 1-2 рет 100-200 мг тағайындайды. Одан әрі қарай дозаны біртіндеп тәулігіне 2-3 рет 400 мг дейін біртіндеп 800-1200 мг шегіндегі оңтайлы тәуліктік дозаға жеткенше ұлғайтады. Ең жоғары тәуліктік доза - 800-1200 мг.
Егде жастағы емделушілер
Егде жастағы науқастарға 100 мг -ден тәулігіне 1-2 рет, дозасын одан әрі қарай біртіндеп және абайлап ұлғайтумен тағайындайды.
6 жастан асқан балалар
Балалардағы бастапқы тәуліктік доза дене салмағының әр келісіне 20-30 мг/кг дейін біртіндеп ұлғаятын 10-20 мг/кг құрайды.
Тәуліктік дозаны бірнеше қабылдауға бөледі.
Орташа тәуліктік доза: 6 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға - күніне 200- 400 мг (200 мг күніне бір-екі рет), 10-нан 15 жасқа дейін - 400-600 мг (200 мг күніне екі-үш рет) құрайды.
Ересектердегі биполярлық аффективтік бұзылыстарды емдеу
Биполярлық аффективтік бұзылыстарда ұсынылатын тәуліктік доза 2-3 қабылдауға бөлінген 400-800 мг.
Емнің ұзақтығы жеке анықталады. .
Жүктілік және лактация кезеңі
Ана үшін дәрілік затты қабылдаудың пайдасы ұрыққа төнетін қауіптен жоғары болғандықтан жүктілік уақытында препарат тек эпилепсияны емдеу үшін көрсетілген.
Эпилепсияның үдеуі анасының, сондай-ақ ұрықтың да жай-күйі нашарлауына алып келетіндіктен карбамазепинмен емді үзуге болмайды.
Карбамазепинды қан плазмасындағы препарат деңгейін ұдайы бақылаумен және басқа құрысуға қарсы дәрілермен үйлестіруден сақ бола отырып, әсері ең төмен тиімді емдік дозаларда тағайындау ұсынылады.
Карбамазепинды қолданғанда ұрықтың даму ақаулары қаупі болуы мүмкін, осыған байланысты препаратпен ем кезінде ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерге контрацепциялық дәрілер қолдану ұсынылады. Карбамазепинның фермент индукциялайтын қасиетіне байланысты фолий қышқылын жүктілік туындағанға дейін және жүктілік кезінде тағайындаған дұрыс болуы мүмкін.
Жаңа туған нәрестелерде геморрагиялық асқынуларды болдырмау үшін анасына жүктіліктің соңғы апталарында немесе жаңа туған нәрестеге туа салысымен бірден К 1 дәруменнін алдын алу үшін енгізу ұсынылады. Препаратты лактация кезеңінде қабылдағанда бала емізуді тоқтату керек.
Сактау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалар қол жеткізе алмайтын жерде сақтау керек.
Оксапин- сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, капсула пішінді, екі жақ бетінде де бөлетін сызығы бар таблеткалар.
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі. Ішке қабылдағаннан кейін окскарбазепин толық сіңеді және едәуір дәрежеде метаболизденіп, фармакологиялық тұрғыдан белсенді метаболит 10-моногидрокситуынды (МГТ) түзеді.
Оксапин ® препаратының қабықпен қапталған таблетка түрінде 600 мг дозасын ашқарынға бір рет қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы МГТ ең жоғары концентрациясы 34 мкмоль/л құрайды, Т max - шамамен 4, 5 сағат. Фармакокинетикалық зерттеулерде қан плазмасында 2% окскарбазепин және 70% МГТ анықталғаны көрсетілген; басқа бөлігі қан плазмасынан тез шығарылатын екіншілік метаболиттердің үлесіне тиеді.
Ас қабылдау сіңу жылдамдығына және дәрежесіне ықпал етпейді.
Таралуы. МГТ (V d ) таралу көлемі 49 л құрайды.
МГТ-нің шамамен 40%-ы қан плазмасы ақуыздарымен, негізінен, альбуминдермен байланысады. Емдік диапазонда байланысу дәрежесі препараттың қан сарысуындағы концентрациясына байланысты емес. Окскарбазепин және МГТ α 1 -қышқыл гликопротеинмен байланыспайды. Қан плазмасында С ss МГТ-ге Оксапинді ® тәулігіне 2 рет қабылдаған кезде 2-3 тәулікте жетеді. Тепе-тең жағдайда МГТ фармакокинетикалық параметрлері тізбекті және 300-2400 мг тәуліктік доза аралығында дозаға байланысты болады.
Метаболизмі. Окскарбазепин бауырдың цитозольді ферменттерімен фармакологиялық тұрғыдан белсенді метаболит МГТ-ге тез метаболизденеді, ол әрі қарай глюкуронизацияға ұшырайды. Өте аз мөлшері (дозаның шамамен 4%-ы) гидроксилденіп, белсенді емес метаболит - 10, 11-гидрокситуынды (ДГТ) түзеді.
Шығарылуы. Окскарбазепин метаболиттер түрінде көбіне бүйректер арқылы (95%) шығарылады, 1%-дан азы өзгермеген күйінде шығарылады. Шығарылатын метаболиттердің шамамен 80%-ын МГТ құрайды, олардың 49%-ын глюкуронидтер және 27%-ын өзгермеген МГТ құрайды. ДГТ өзгермеген күйінде шығарылады (шамамен 3%-ы), окскарбазепин конъюгаттары 13% құрайды. Дозаның шамамен 4%-ы нәжіспен бірге шығарылады. Окскарбазепин қан плазмасынан тез шығарылады, Т 1/2 1, 3-2, 3 сағатты құрайды. МГТ жартылай шығарылу кезеңі, орта есеппен, 9, 3±1, 8 сағатты құрайды. Препаратты тәулігіне екі рет қабылдаған емделушілерде МГТ тұрақты плазмалық концентрацияларға 2-3 тәуліктің ішінде жетті. МГТ фармакокинетикасы препараттың тәулігіне 300-2400 мг аралығындағы пропорционалды дозасына байланысты.
Фармакодинамикасы
Оксапиннің ® фармакологиялық белсенділігі, ең алдымен, оның метаболиті - моногидрокситуындының (МГТ) әсер етуімен жүзеге асады. Окскарбазепиннің және оның МГТ әсер ету механизмі, негізінен, потенциалға тәуелді натрий өзекшелерінің бөгелуімен байланысты, ол нейрон жарғақшаларының қайта қозуының тұрақтануына, сериялы нейрональді разрядтардың пайда болуының тежелуіне және импульстардың синаптикалық өтуінің тежелуіне әкеледі.
Препараттың құрысуға қарсы әсерінің жүзеге асуы калий иондары өткізгіштігінің жоғарылауына және потенциалға тәуелді кальций өзекшелерінің модуляциясына ықпал етеді. Ми нейромедиаторларымен елеулі өзара әрекеттесуі немесе рецепторлармен байланысуы байқалған жоқ. Окскарбазепин және МГТ құрысуға қарсы әсер етеді. Парциальді (фокальді) эпилепсиялық ұстамаларда (қарапайым, күрделі; екінші қайтара жайылған немесе онсыз парциальді ұстамаларында) және жайылған тонико-клоникалық ұстамаларда Оксапин ® препаратының тиімділігі монотерапияда да, сондай-ақ Оксапин ® препаратын біріктірілген ем құрамында қолданғанда да көрінді.
Қолданылуы
- ересектерде және 6 жастан асқан балаларда монотерапия ретінде немесе қосымша ем ретінде жайылған тонико-клоникалық эпилепсиялық құрысуларды, екінші қайтара жайылған немесе онсыз парциальді эпилепсиялық ұстамаларды емдеуге.
Қолдану тәсілі және дозалары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz