Ортомиксовирустар. Құс тұмауы ауруының сипаттамасы,диагностикасы,алдын алуы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім

1) Құс тұмауының қоздырушысы;

2) Қазақстанда таралу аймақтары;

3) Диагностикалау және емі;

III. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Ортомиксовирустар тұқымдастығына тұмау вирустары жатады. Бұрын ортомиксо- және парамиксовирустар - «миксовирустар» деп аталып бір тұқымдастыққа жататын. «Миксовирус» терминін 1955 жылы К. Эндрюс т. б ұсынған болатын.

Ортомиксовирустардың аталуы orthos - дұрыс және муха - клегейлі деген сөздерден шыққын. Бұл вирустар сүт қоректілерде және құста тұмау ауруын шақырады. Ортомиксовирустардың өкілдері А, В, С туыстықтарына жіктеледі. Осылардың ішінде А тобына кіретін вирустар дүниеде кең таралған. Бұл вирустарды 1933 жылы Смит, Эндрюс, Лейдлоу, 1931 жылы Шоуп және Левинсон шошқадан, ал Собинова 1956 жылы жылқы мен құстан анықтаған.

Ортомиксовирустар тұқымдастығы екі туыстыққа бөлінеді:

1. Influenzavirus A және B- бұған адамның, ірі қараның, жылқының, құстың, шошқаның, иттің тұмау қоздырушылары кіреді.

2. Influenzavirus C - адамның тұмау вирусы жатады.

Құс тұмауы індеті - қоздырғышы Н5N1 штамымен тарайтын жұқпалы аурушаңдық. Ол құстарға, соның ішінде кейбір үй құстарына жұғып, оларды күту, етін бөлшектеу кезінде адамға да жұғуы мүмкін. Жабайы құстар, әсіресе суда жүзетін үйрек, қаздар індеттің таралу көзі болып табылады. Үй құстарының ішінде бұл індетке тез шалдығып, індет көзі болатын -тауықтар мен күрке тауықтар. Олар тұмауды тез жұқтырып, жаппай қырылып қалады. Құс тұмауының жұқпасы адамдарды қауіпті ауруларға шалдықтырады және өлім-жітім пайызы өте жоғары.

C:\Users\User\Desktop\mikrofotografii-ptichego-grippa-h5n1.jpg C:\Users\User\Desktop\NuR\Болезни птиц и животных\Новая папка\Avian_influenza_virus_H5N1-02.jpg

Құс тұмауының вирусы алғаш ХХ ғасырдың басында Италияда анықталған және ұзақ бойы адамдар үшін қауіпсіз деп есептелінген. 2003 жылы құс тұмауы Вьетнамда, Камбоджада, Қытайда, Индонезияда, Лаоста, Пәкістанда, Кореяда, Таиландта, Тайвань мен Жапонияда тараған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, 2003 жылдан бері құс тұмауымен 100 адам сырқаттанған, олардың жартысының көбі өлген.

Құс тұмауының вирустары:

Құс тұмауының вирусын адамдардың алғаш жұқтыруы 1997 жылы Гонконгта тіркелген. Онда құс тұмауы вирусының Н5N1 түрімен 18 адам науқастанып, алтауы қайтыс болған.

Құс тұмауы - үй құстарының, синантропты және жабайы құстардың эпизоотия немесе энзоотия түрiнде өтетiн, респираторлық органдар мен асқазан-iшек жолдарының зақымдануымен, жалпы әлсiреумен, өнiмдiлiктiң төмендеуiмен сипатталатын жоғары зардапты ауруы және ол тұмаудың А қосалқы типiнiң әртүрлi антигендiк нұсқаларынан пайда болады.

C:\Users\User\Desktop\41133346.jpg C:\Users\User\Desktop\200px-ReverseGeneticsFlu.svg.png

Осы уақытқа дейін вирустың адамнан адамға жұғуы анықталмаған. Сырқаттанғандардың бәрі ауруды құстардан жұқтырған. Вирустың мутациялық өзгерістерге ұшырауына байланысты оның вирулентігі күшейген. Құс тұмауының вирусының таралуы жабайы құстардың көктемге және күзге ұшу бағытына байланысты.

Құс тұмауының таралу аймақтары

C:\Users\User\Desktop\%CF%F2%E8%F7%E8%E9%20%E3%F0%E8%EF%EF%20%E2%20%EC%E8%F0%E5.GIF

Үй құстарындағы құс тұмауының белгілері:

Құстар тәбеті жоғалып, жемнен бас тартады, бұлшық еттерінің жансыздануына (параличке ұшырауына) байланысты, қанаттары салбырап, жүргенде шатқаяқтап, сүріне береді. Мойыны салбырап, бастары 180 градусқа бұрылып кетуі де мүмкін, тамағы мен айдары ісініп, мұрындарынан су ағып, түшкіре береді.
Адамдардағы белгілері: Кәдімгі маусымдық тұмауға ұқсас болып келеді, бірақ әлдеқайда ауыр түрде өтеді. Дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріліп, жөтел пайда болып, тамағы ауырады, бұлшық еттері қақсайды, көздерінен, мұрыннан су ағып, тыныс алу қиындайды. Адам өміріне қауіпті асқынуларға мыналар жатады: жүрек, бүйрек, өкпенің қабынуы, өкпеге су толып, адамның өлімге ұшырауы.

Жұғу жолдары:

Құс тұмауы эпизоотиясының толқыны бiздiң республикада да болмай қалған жоқ. 2005 жылы Павлодар, Ақмола, Қарағанды және Солтүстiк Қазақстан облыстарында бұл аурудың өршуiнiң 7 ошақтары тiркелдi.
Көрсетiлген облыстардың барлық қолайсыз пункттерiнен 12 860 бас үй құстары алынып жойылды. Алынған және жойылған құс иелерiне республикалық бюджет қаражатының есебiнен 5 449 444, 2 теңге өтемақы төлендi.

Қазiргi уақытта әлемнiң көптеген елдерiнде құс тұмауы бойынша эпизоотиялық жағдайдың күрделенуi байқалып отыр. Республика аумағының географиялық орналасуын ескере отырып, Қазақстанның су тоғандары Азиядағы аса маңызды резерваттар, құстардың суда және су жағалауында мекендейтiн түрлерiн шығарушы болып табылады. Республикада ұялау, түлеу, маусымды миграция және қыстау кезеңiнде құстардың 130 түрi тiркелген. Жыл сайын құстардың ұялайтын түрлерiнiң саны 10 миллионға дейiн жетедi, түлеуге 2-3 миллион құс ұшып келедi, ал 50 миллионға жуық жыл құстары күзгi және көктемгi миграция кезеңiнде бiздiң су тоғандарында аялдайды.

Қазақстан Республикасының аумағында құс тұмауының шығу мүмкiндiгi көктемде күшейе түседi, себебi осы ауру бойынша қолайсыз елдерден жыл құстары ұялауға ұшып келедi. Бұл ретте құстардың ұшып өтетiн жолдары мен шоғырланатын орындары айрықша қауiптi болып табылады. Қазiргi уақытта аурудың таралу аймағы кеңейдi және оңтүстiк Азия елдерiнен де, оңтүстiк Еуропа елдерiнен де инфекцияның әкелiну қаупi күшейдi.

C:\Users\User\Desktop\n62n-s21.jpg C:\Users\User\Desktop\6c9cbf2427740321b772d81d1b32420d.jpg

Сақтану шаралары:

  • Құстардың арасында ауру белгілері байқалған жағдайда, жедел түрде жергілікті ветеринар қызметкерлеріне, медицина, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына хабарлап, ауырған құсты дереу оқшаулау;
  • Құс фабрикалары мен жеке шаруашылықтарда құстарды ұстауда тазалық ережелерін қатаң сақтау;
  • Ауырған құстарды, өлекселерді жедел түрде өртеп немесе терең көміп, тұрған орындарын тазалап, залалсыздандыру шараларын жүргізу;
  • Тірі құстарды, олардың өнімдерін тасымалдауда, сақтауда, сатуда ветеринариялық-санитариялық ережелерді қатаң сақтау;
  • Құс етінен, жұмыртқадан тағам даярлағанда толық пісіріп жеу; (еттің ішкі температурасы +70 градустан кем болмауы керек)
  • Құс тұмауының белгілері біліне бастаса, дереу дәрігерге қаралу.
  • Құс еті мен құс өнімдерін, шыққан жері белгісіз көше саудагерлері мен ветеринариялық құжаты жоқ жерлерден алуға мүлде болмайды.

Балау. Алдын ала балау әдістері:

1. Эпизоотологиялық -індет көптеген елдерде тіркелген, көбінесе ауру энзоотикалық түрде өтеді. Вирусты таратушылар-ауру құс пен балапандары, олар жазылғаннан кейін вирусты 30 күн бойы қоршаған ортаға бөледі. Қоздырушы жабайы құстар, жәндіктер, адамдар арқылы тарайды. Ауру құс вирусты нәжіс арқылы бөледі, сондықтан індет зарарланған сумен, азықпен де жұғады.

2. Клиникалық -ауру симптомдары әртүрлі:тыныс алудың қиындығы, шөлдеу, азық қабылдамауы, мұрын мен ауыздан сұйық ағуы, қимыл координациясының бұзылуы, парез, диарея, айдардың көгеруі және шешек ауруындағыдай бөртпелер пайда болуы, кейде қатты токсикозды симптомдарды байқауға болады. Ауру құста жұмыртқалағыштық төмендейді.

3. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер -айдар мен сырғалар қара көк, кейде қара түсті, бұлшық еттер көгерген, кейде нүктелі жіне жолақты қанталаулар болуы мүмкін. Ішектегі кілегей қабықтарында қабыну белгілері және нүктелі, жолақты қанталаулар, талақ және бауыр үлкейген.

Зертханалық зерттеулер

Вирустың индикациясы:

Вирустың серологиялық идентификациясы ГАТР, КБР, ИФР, ДПР және т. б реакцияларда орындалады.

Ретроспективтік балау. Ауру құстың қан сарысуында , вирусты бейтараптаушы, комплемент байланыстырушы антиденелерді ГАТР-да, КБР-да, ДПР-да, ELISA-әдісінде анықтауға болады.

Ажыратып балау. Құстың тұмауын ( классикалық обасы ) Ньюкасл ауруынан, инфекциялық бронхитпен, респираторлы микоплазмоздан, гемофилезден ажырату керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екі жіпті үзілмелі РНҚ
Тауықтың марек ауруының классикалық түрінің клиникалық белгілері мен диагностикасы
Құс тұмауына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Тыныс жолдары арқылы тарайтын ауру қоздырғыштарының биологиясын (грипп, қызылша)
Оба тектес қоздырғышы
Вирустар. Вирустардың морфологиясы және биохимиясы
Пастереллез
Тұмау және құс тұмауы, шошқа тұмауы кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері
Ауру қоздырушысының бастауы пастереллаларды алып жүретін аурудан жазылған жануарлар
Ауру мен ауырғаннан кейінгі анамнезі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz