Абай дәуірі


Абай дәуірі - Абай өмір сүріп, шығармашылық қызметпен айналысқан кезең - XIX ғасырдың екінші жартысы қазақ қауымының әлеуметтік, экономикалық саяси және мәдениет өміріндегі түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Бұл өзгерістер соншама белгілі деңгейде бір жарым ғасырға созылып, 19 ғасырдың 60 жылдарында аяқталған қазақ жерінің Россияға қосылуына байланысты туындады. Патша әкімшілігіне өлкені отаршылдық тұрғыда игеру үшін қазақ даласына басқарудың барлық біріңғай жүйесін енгізу және басқа да шараларды жүзеге асыру арқылы Қазақстанды түгел дерлік бағындыру қажет болды. Сібір қырғыздары аймағына Орта жүз жайлаулары, Ұлы жүздің Батыс Сібір губернаторлығының қарамағындағы бөлігі қарайтын. «Жарғыға» сәйкес бұл жерлер, болыстар мен ауылдарға бөлінеді. Округтар қауымының рулық бөліністерін ескере отырып, қысқа қоныстар негізінде ұйымдастырылды. 19 ғасырдың бас кезінде патшалық құрылыстың ең басты тірегі болған сұлтандардың экономикалық және саяси жағдайы үлкен өзгерістерге ұшырады. Олардың феодалдық билеуші ретіндегі праволары мен ықпалы барған сайын шектеле түсті. Бірте - бірте батырлар да қоғамдағы өз мәнінен айырыла бастады. Сұлтандар өкіметінің құлдырауына байланысты алым - салық жинайтын төлеңгіттердің де қажеті болмай қалды. Жаңа әкімшілік құрылыс бойынша басқаратын округтарға бөлінді. Орта жүз жері сұлтандар басқаратын округтарға бөлінді, аға сұлтандар бұрынғыдай емес, сайланып қойылатын болды. Сайлау барысында жергілікті патша әкімшілігі бақылау жасады. Бұдан былай билеуші сұлтандыққа бұрынғыдай « Ақсүйек» атанған Шыңғыс әулетінің өкілдері ғана емес, ру феодалдарынан көтерілген дәулетті адамдар да сайланатын болды.
Ру феодалдарының ішінде руларды басқарған билердің шарты күшті болды. Экономикалық билікті қолдарына жинақтап, сот ісін жүргізген билер өздері басқарған рулар ішінде көптеген артықшылықтар болды. Жерді бөлу билігі солардың қолына көшті, ру аралық соғыстар мен қақтығыстарда саяси белсенділігі артты. «Жарғыда» билер сотына шектеу қойылып оны бірте - бірте жалпы мемлекеттік сотпен алмастыру көзделді. Ірі байлардың, сондай - ақ, болыстардың, сайланып қойылатын соттардың, ауы ақсақалдарының ықпалы күшейді. Халықтың басым көпшілігін әр түрлі патриархалдық - феодалдық қанауға ұшыраған қазақ шаруалары құрды.
19 ғасырдың екінші жартысында өзара кереғар келетін түрлі право нормалары: әдет (Қазақтардың әдет - ғұрыптық правосы), шариғат (мұсылмандық право нормалары) және жалпы орыстық право нормалары қатар қолданылды. Тарихи деректерге қарағанда Абай Павлодар, Қарқаралы, Семей, Өскемен уездері мен Семей облысы Зайсан приставтығы билерінің 1885 жылы ру аралық Шар съезіне қабылданған ережені дайындауға қатысқан. Ол ұсынған жоба 93 баптан тұрды. Онда қазақтың дәстүрлік праволық заң жүйелері көрініс тапқан, сонымен қатар азаматтық және отбасылық - некелік қатынастарға байланысты жаңа дәуір талабы да ескерілген. Отарлық саясаттың күшеюіне қазақтың әдет -ғұрып заңдарының бірқатар негізгі ережелері бірте -бірте патша өкіметінің қылмысты істер заңдары нормаларымен алмастырыла бастады. 19- ғасырдың ортасында Қазақстанның саяси өмірі ру аралық күреске толы болды. Бұл күресте феодалды билеуші топ әдеттегісінше тек қана өздеріне пайдалы экономикалық және саяси мақсаттарды көздеп, ол алауыздық қақтығыстарды бұқара халыққа ру мүддесін қорғау жолындағы күрес етіп көрсетуге тырысты. Құнанбайдың заңға қарсы әрекеттегі істерді қозғау ұзаққа созылды, ол 1862 жылға дейін созылып нәтижесіз қалды. Бұл тергеудің мұнша ұзаққа созылуы - ру аралық күресті бәсеңдету үшін ерекше жағдайларда ғана болмаса батыл шаралар қолдана қоймайтын патша өкіметінің отаршылдық саясатын айқын дәлелдейді. Патша өкіметі оларды әдетте отаршылдыққа қарсы күрестен бұрып әкету үшін жергілікті жерлерде қазақ руларын іштей өзара қақтығыстар жағдайында ұстауға тырысты.
Туған жеріне оралып, Көкше - Тобықты болысының ел билігін қолына алып, болыстық қызметке қайта отырумен аяқталған Құнанбай ісінің ақыры - патша өкіметінің осы саясатының айқын көрінісі. Бұл жер тұтастығы - қандас туыстық (Бір атаның) ұрпақтары туралы түсінікпен қатар идеологиялық мәселеде көбіне патриархалы - рулық сарқыншақтарды мүдде тұтып, руды экономикалық және саяси жағынан біріктіруге негіз болды. Халықтың санасындағы патриархалы - рулық сарқыншақтар еңбекшілердің таптық сана - сезімінің қалыптасуын кешеулетеді. Таптық күрестің дамуына тежеу болып, феодалдардың оны өз мүдделерін қорғау үшін пайдалануларына көмектесті. Қазақ қоғамының экономикалық - әлеуметтік қатынастарындағы бұл ерекшеліктер оның негізгі өндіріс саласы. Жайылымдық - көшпелі мал шаруашылығымен тығыз байланысты болады. Қазақтардың бүкіл экономикалық - өмірі - жайылымдықтарды маусым сайын үнемі ауыстырып тұруды қажет ететін көшпелі мал шаруашылығының талаптарына сай қыста тебіндеп жайылатын малдың жаңа жайылымдықтары үшін көшіп - қонуға негізделе құрылды. Көшпелі мал шаруашылығы кездейсоқ құрудан, табиғи апаттардан шығынға ұшырап отырады. Әсіресе, ауық - ауық қайталанып тұрған жұрттардың зияны елеулі болды. Жасақ пен басқа да қазыналық алымдар көлемін ауылдар үшін отарлық басқару апаратының жергілікті өкілдерімен бір елубасылар белгіленді. Қазақ халқы қазынаға төленетін ресми салықтардан басқа болыстардың қарамағына түсетін «қара шығын» деп аталатын алым төлеп отырды қазақтың феодалдық билеуші тобы патша өкіметі өкілдерімен бірге жергілікті жерлер де орталық саясатты жүргізуге асырудың негізгі тірегіне айналды. 1868 жылы қабылданған «Орынбор және Батыс Сібір Губернаторлықтарының дала аймақтарының басқарудағы уақытша еңбегі». Қазақстандағы орталық игеруді жеңілдетіп орыс помещиктерді және өнеркәсіп буржуазиясының экономикалық мүддесін көздеді. Реформадан кейін бұрынғы ұлан - ғайыр басқару аудандары (округтар мен ірі облыстар) неғұрлым ұсақ әкімшілік бірліктерге бөлшектеніп, жергілікті жерлерде патша әкімшілігінің билігі күшейе түсті. Патша өкіметі ірі руларды әр түрлі болыстарға ыдырату арқылы бұрын кең байтақ аудандарда бірегей қожалық еткен ру ақсақалдары билеген қазақ қоғамының рулық негізінде қатты соққы берді . Реформа орталық қанауды бұрынғыдан да күшейте түсті, алым - салықтың көлемі едәуір ұлғайды: әр үйден жиналатын түтін салығы жер төлемімен жылына 1, 15 мың, сомға дейін өсті. Бұл салықтардың негізгі ауыртпашылықтары - олардың мөлшері салық төлеушілердің материялық әл ауқатына байланыста болғандықтан. Қазақ шаруаларының иығына түсті. Реформа орталық езгімен қатар феодалдық қанауды да күшейтті, өйткені ауылдар арасында салықтарды бөлу болыс басшыларының қолдарында болды да олар бар ауыртпашылықты қарамағындағы кедей де, тәуелді ауылдарға артты. Әсіресе, негізінен ұстауға жұмсалатын, «қарашығын» деп аталатын салықты жинау барысында жөнсіз қиянатқа жол берілді, ресми салықтарға ешқандай бақылау жасамайды олардың көлемі жиі - жиі өсіп кетіп отырады. Патша өкіметі қазақ еңбекшілерін талау мен қанауға барынша мүмкіндік тудырып, Қазақстан өндіргіш күштерінің дамуына тұсау салып отырған патриархалы - феодалдық қатынастарды сақтауға мүдделі болды. Мал мен жайылымдықтар байлардың қолдарында болды. Малмен күнелткен қазақ кедейлерін жерден айырып, қайыршылыққа ұшырату, орта ғасыр кезіндегіден де жедел жүргізілді. Олардың көпшілігі мал шаруашылығын тастап кәсіпшіліктерге шұбырды, батырақтыққа көшті.
Осындай отырықшылдық қанау кедей шаруалардың еңсесін басып, тұрмыстарының одан ары ауырлап, кедейлене түсуіне әкеліп соқтырды.
19 ғасырдың соңғы ширегінде Қазақстанда жалдамалы кәсіпшілік етек алды, бұл капиталистік қатынастардың енуі мен, қарапайым көшпелі шаруашылықтың ыдырауымен, мыңдаған отбасыларын үйреншікті мал шаруашылығын тастап, тіршілік қамымен басқа кәсіп іздеуге мәжбүр еткен қазақ қауымында таптық жіктелудің шиеленісіп, тереңдей түсуі мен тікелей байланысты болды. Жері мен басқа да өндіргіш құралдарынан айрылған қазақ кедейлерінің басым көпшілігі байларға, орыс кулактары мен казактарға батырақтыққа жалданып, ауыл шаруашылығындағы жалдамалы жұмыста кәсіп етті. Ерікті жұмыс күші тауарға айналды. Мүліктік жіктеу әсіресе, айтулы жұттардан кейін барынша айқындалып, өндіргіш құралдарынан жұрдай болған мыңдаған шаруалар бұқарасынан жалдамалы еңбекке ауысуға мәжбүр етті.
19 ғасырдың соңғы ширегінде Россия мен Қазақстанның өнеркәсіпті аудандарының арасында товар айырбасы кең қанат жайып, товар өндірісінің өсуіне жағдай туғызды, және қарапайым шаруашылықтың томаға - тұйықтығын жоюға жол ашты. Қазақтар жәрмеңкелерге мал және мал өнімдерін апарып, олардан Россиядан әкелінген мата, киім - кешек, қант, ұсақ - түйек заттар т. б. алатын болды. Орта Азия мен кең көлемде сауда қатынасын қалыптастыруға мүмкіндік берген өте қолайлы географиялық жағдай көп көмегін тигізді. Қарызға (үлестіріліп) берілген өнеркәсіп товарлары құнын өтейтін алым - салықтар мен басқа да мал шаруашылық өнімдерін жинау үшін жалдамалы адамдар мен товар сатып алушы - алыпсатарлар бүкіл қазақ даласын аралап қаптап жүрді. Патриархалы - феодалдық қатынастардың ыдырап, Қазақстан экономикасына капиталистік қатынастардың енуіне мүмкіндік берген Қазақстан мен Россияның шаруашылық жағынан жақындасуы 19 ғасырдың екінші жартысында шаруашылықтың түрлі салаларында елеулі өзгерістермен алға басушылыққа апарып соқты.
Қазақ халқының отырықшылыққа көшуі және егіншілікпен айналысуы 19 ғасырдың соңғы ширегінде одан әрі өрістеді. Байлар ең шұрайлы шабындықтармен жайылымдықтарды өздері иеленіп, кедейлерді кіріптар тәуелділікке түсірді, қатардағы көшпенділердің жағдайларын әлсіретіп, олардың қолдарындағы малдарын айтарлықтай шығынға ұшыратты. Шаруалардың едәуір бөлігі бірте - бірте отырықшылыққа көшіп, оны егіншілікпен, кәсіпшілікпен және отырықшы егін шаруашылығымен ұштастыра түсті. Малынан айырылып, жұтап қалған көшпенділер, егіншілікпен шұғылдануды күнкөріс етудің бірден - бір көзі деп біліп, жатақ ауылдарына барып қоныстана бастады. 19 ғасырдың 80 жылдарында қазақ шаруаларының жаңа әлеуметтік тобы - қала жатақтары пайда болды, олар рулық байланыстардан қол үзіп, кулактармен егін шаруашылықтарымен айналысатын қала халқына өздерінің жұмыс күштерін сату үшін қала мен қала төңіректеріндегі селоларға кіре бастаған қазақ қоғамының мейілінше кедейленген қайыршы бөлігі еді.
Қазақтардың отырықшылыққа ауысып, егіншілікпен айналысуы тап күресін бұрын болмаған деңгейде шиеленістіріп жіберді. Орталық Россияда жер тапшылығының зардабын шеккен орыс және украин шаруаларын Қазақстанға әкеліп қоныстандырудың патша үкіметі үшін маңызы зор болды. Егер 19 ғасырдың ортасында Қазақстанда не бары жүздеген қоныс аударушы орыс шаруалары ғана болса, 1897 жылғы санақ мәліметтері бойынша қазақ жеріне көшіріп әкелінген, негізінен ауыл шаруашылығымен айналысатын орыстар мен украиндар саны жарты миллионнан асып кетті. Қазақ шаруаларымен қоныстанушылар аралығындағы шаруашылық байланыстар орыс шаруалары үшін де маңызды болды, олар қазақтардан мал бағуды, суармалы егістікке тән байырғы еңбек машықтарын үйренді. Қазақтардың егіншілікпен айналысуға бет бұруы жекелеген аймақтарда тікелей орыс шаруаларының ықпалымен жүзеге асырыла бастағанына қарамастан, егін шаруашылығын Қазақстанға сырттан, орыс шаруалары әкелді, деуге әсте болмайды, олар бұл саланың дамуын жеделдетіп, бірқатар сапалық өзгерістер ғана енгізді. 19 ғасырдың ақырында Қазақстанда экономиканың ықпалы күшейе түсті. Россия капитализмінің Қазақстанда шикізат базасы және империяның өнеркәсіп товарларын өткізу кезінде айналдыруға ұмтылуының нәтижесінде өлкеде ауыл шаруашылық шикізатын өңдейтін ұсақ өнеркәсіп орындарының маңызы артты. Қазақстан қалаларының одан әрі өркендеуі маңызды қызмет атқарды. Егер бұрын қалалар сауда әкімшілік пунктері ғана болып есептелсе, 19 ғасырдың соңғы ширегінде ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп орындарының дамуына байланысты олардың көпшілігі өлкенің аса маңызды сауда және мәдени орталықтарына айналды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz