Қанның құрамы мен қасиеттері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Қанның құрамы мен қасиеттері.
  2. Тромбоциттердің қасиеттері.
  3. Тромбоциттер қызметі
  4. Тромбоциттердің патофизиологиясы

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланған әдебиеттер

Добавить свое объявление
Загрузка . . .

Кіріспе

Тромбоциттер - немесе қан пластинкалары.

Олардың мөлшері 180 - 320 109/л. Оның көбеюі - тромбоцитоз, азаюы - тромбоцитопения.

Тромбоциттердің қасиеттері. Лейкоциттер сияқты фагоцитозға жалған аяқ шығарып қозғалуға қабілеттігі бар. Тромбоциттер бөгде беткейге жабысатын және бір - бірімен желімделетін физиологиялық қасиеті де бар. Олар қан тоқтатуға қатысады.

Тромбоциттер қызметі:

  1. Фибринолиз (ұйыған қанды еріту) және қан ұю үрдістеріне белсене қатысады;
  2. Олардың құрамында қанды тоқтататын биологиялық белсенді заттар бар;
  3. Қорғаныс - тромбоциттер бактерияларды желімдеу және фагоцитоз арқылы қорғаныс қызметін атқарады;
  4. Қан ағуы тоқтатын ферменттерді өндіреді;
  5. Капилляр қабырғасы өткізгіштігін өзгерте отырып гистогематикалық бөгеттер жағдайына әсер етеді.

Тромбоцит (тромбоцит) ( грек, thrombos -тромбы, kytos - жасуша) - қанның ұюын қамтамасыз ететін қанжасушасы. Тромбоцит - құстан бастап төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар қанында болады. Сүтқоректі жануарлар қанында тромбоцит орнында пішіні әртүрлі (дөңгелек, сопақ, ұршық тәрізді т. б. ) ұсақ денешіктер - қан табақшалары болады. Тромбоцит - сүйектің қызыл кемігіндегі ірі жасушалар - мегакариоциттерден жетіледі. Қан табақшалары мегакариоциттер цитоплазмасының мөлшері екі-үш мкм ядросыз бөлікшелері. Олар қанда топтасып орналасады. Қан табақшалары жақсы боялатын дәнді орталық бөлігі Қанның ұю кезеңдері: Белсендірілу фазасы Коагуляция фазасы Ретракция фазасы

Тромбоцит (тромбоцит) (thrombocytos, грек, thrombos - тромбы, kytos - жасуша) - қанның үшін қамтамасыз ететін қан жасушасы.

Тромбоцит - құстан бастап төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар қанында болады. Сұтқоректі жануарлар қанында тромбоцит орнында пішіні әр түрлі (дөңгелек, сопақ, ұршық тәрізді т. б. )

  • ұсақ денешіктер - қан табақшалары болады.

Тромбоцит - сүйектің қызыл кемігіндегі ірі жасушалар - мегакариоциттерден жетіледі

Қанның құрамы мен қасиеттері. Қан қан клеткаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қан клеткаларына эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Қанның бұл клеткалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын құрайды. Қан плазмасының құрамы да күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Оның құрамында белок 0, 3-0, 6%, май және липидтер 0, 1%, 120 мг/% глюкоза қанты, 0, 9% көмірсутегі, минерал заттар - натрий, калий, кальций, хлор түздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4-10 мг%, мочевина 10-25 мг%, түрлі ферменттер, гормондар, холестерин т. б. заттар болады. Плазманың белоктарының негізгілеріне альбуминдер 4, 5%, ά, β, γ-глобулиндер 2-3 %, фибриногендер 0, 2-0, 3 % жатады.

Плазманың осмостық қысымы мен белсенді реакциясы қанның маңызды физикалық және химиялық қасиеттеріне жатады. Плазманың осмостық қысымы деп оның құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттардың ерітінділерін тудыратын қысымын айтады. Плазманың осмостық қысымы ондағы минерал заттарының мөлшеріне байланысты: неғұрлым олардың плазмадағы концентрациясы көп болса, соғұрлым осмостық қысым да көп болады. Қан клеткалары мен денедегі ұлпалардың тірлігі үшін, плазманың осмостық қысымының гүрақтылығының маңызы зор.

Қанның белсенді реакциясы оның құрамындағы сутегінің иондарының концентрациясына байланысты және оны рН реакциясы (сутегінің корсеткіші) деп белгілейді. Қанның белсенді реакциясының тұрақтылығы денедегі бүкіл ферменттердің қатысуымен болатын реакциялар үшін маңызды. Қалыпты жағдайда қанның рН = 7, 36 тең, Бұл әлсіз сілтінің реакциясы.

Қанның белсенді реакциясының тұрақтылығына қанның б у ф е р л і к жүйесінің үлкен маңызы бар. Кейбір бейорганикалық қосындылар, белок заттары қанға келетін зат алмасуының нәтижесінде қышқыл немесе сілтілік қасиеттері бар заттармен қосылыстар жасайды. Мысалы, дене еңбегімен шұғылданғанда қанға зат алмасуынан пайда болған қышқыл заттар келеді. Қанның буферлік қасиеті гемоглобин, карбонаттар, плазманың белоктарының буферлік жүйелеріне байланысты. Бұлардың ішіндегі аса маңыздылары гемоглобиндік және карбонаттық буферлік жүйелер.

Қанның меншікті салмағы ересек адамда 1, 055-1, 063 кг/м 3 . Жаңа туған нәрестенің қанының меншікті салмағы аздап жоғарырақ 1, 060-1, 080 кг/м 3 . Сәбидің өмірінің алғашқы айында ол 1, 050 кг/м 3 шамасына дейін төмендейді де кейіннен қайта көтеріліп ересек адамдікіндей болып, өмір бойы сол мөлшерде сақталады.

Қанның тағы да бір физикалық қасиеті - оның тұтқырлығы. Қанның тұтқырлығын судың тұтқырлығымен салыстырады. Судың тұтқырлығы 1-ге тең деп алынса, жаңа туған сәбидің қанының тұтқырлығы алғашқы күндері 10, 0-14, 8 болады. 1-ші айдың соңында ол 4, 8 дейін төмендеп шамамен тұрақты болып, осы күйінде сақталады. Оның ауытқуы онша көп емес, алғашқы 1 жаста орта есеппен 4, 6, 1-3 жасқа дейін 4, 57, 3-15 жас арасында 4, 61 шамасында болады. Дегенмен 8-11 жас арасында ғана қанның тұтқырлығы айтарлықтай 2, 9-дан 5, 5-ке дейін (орта шамамен 3, 9) ауытқиды деген мәліметтер кездеседі. Қанның тұтқырлық шамасы жынысқа байланысты емес, орта есеппен алғанда ер балаларда 4, 6, ал қыз балаларда 4, 58-ге тең болады.

Қан плазмасының тұтқырлығы оның жалпы тұтқырлығына қарағанда аз, не бары 1, 88.

Сонымен, қанның құрамы, оның мөлшері, физикалық және химиялық қасиеттері шамамен алғанда тұрақты болуы тиіс. Бұл тұрақтылықты жүйке жүйесі мен гуморальдық жүйелер реттейді.

Адамның қанының температурасы тұрақты болады. Бір тәуліктің ішінде баланың денесінің температурасы 36, 6-37°С шамасында ғана өзгереді. Температураның аз мөлшерде көбейгені - денедегі аурудың белгісі. Ал температура төмендесе адамның «әлі құриды», яғни әлсіздік байқалады. Қан бауырда және бұлшық еттерде жылытылып, теріде салқындатылады.

Қанның мөлшері мен құрамының жасқа байланысты өзігерістері. Жаңа туған сәбидің қанынның мөлшері дене салмағымен үйлестіре алғанда, жасы үлкен балалар мен ересек адамдардан анағұрлым көп.

Қанның жалпы тұтқырлығы алғашқы күндері жоғары болып, 1-ші айдың соңында томендейді де, осы мөлшерде шамамен тұрақталады, бірақ қан құрамындағы клеткалардың санына байланысты өзгермелі келеді. Ал қанның плазмасының тұтқырлығы 4 жасқа дейін төмендеп, содан кейін ғана түрақтанады. Қанның құрамында кейбір заттардың мөлшерінің бала денесіне жеткіліксіз екенін баланың тамақ талғауынан білінеді. Мысалы, кальций жетіспеген жағдайда балалар бор, көмір, үйдің қабырғасындағы әкті, балшықты жейді, ал глюкоза жетіспесе, тәтті тағамдарға зауқы тартады.

Сыртқы ауада оттегі жетіспегенде көптеген балаларда «биіктік ауруы» пайда болады: әлсіздік байқалады, басы жиі ауырады, ұйқы «басады» (ұйқышыл болады) . Ал егер оттегенің жетіспеушілігі ұзаққа созылса, балада селқостық күшейіп, өмірге қызығудан айырылады, есінен танған адам сияқты жүреді, тіпті өліп кетуі де мүмкін.

Қанның құрамындағы белоктың түрлерінің бір-біріне қатынасының да жас айырмашылықтары бар. Айталық, жаңа туған сәбидің қанындағы альбумин 57, 71 - 56, 78% Қанның құрамындағы белоктың түрлерінің мөлшерінің де жас айырмашылықтары бар: глобулиндері 42, 29 - 43, 22%. Альбуминдері 6 айға дейін біртіндеп көбейеді (59, 25%), 3 жаста 58, 97 %. Ал глобулиндері төмендейді де, 3 жастап аса тұрақталады. 7-15 жаста ересек адамның альбумині мси глобулииінің қатынасындай болады. Қандағы глобулиндер бала туған сәтте жоғары болады да 1 жастан әрі төмендейді. Глобулиндердің түрлерінің мөлшері де осы зандылықта байқалады. Глобулиндер жарты жасқа дейін жоғары (4, 23-5, 43%) болып, 3 жаста 3, 09% болады; ά-глобулиндердің мөлшері алғашқы жарты жылда жоғарырақ (10, 73-11, 45%), ал 7 жастан аса ересектердегідей (9, 20-9, 98%) болады. Β-глобулиндер де туған кезде жоғары болып, 7 жастан аса ересек адамдардағы мөлшерге жуықталады. γ-глобулиндер туған кезде көп болады да, алғашқы 3 айда ұрықтық глобулиндер ыдырап 3 жаста ересектердей 17, 39 % болады.

Минерал тұздарының жалпы мөлшері ересек адамда 0, 90-0, 95%. Мұның ішінде калий, натрий, кальций, фосфор, мыс, кремний, титан, марганец, темір т. б. көптеген ілементтер бар. 3 жасқа дейін калий, кальций, натрий тұздарының мөлшері аздап жоғары болып, 6 жастан кейін тұрақталады.

Тромбоцит (тромбоцит) ( грек, thrombos -тромбы, kytos - жасуша) - қанның ұюын қамтамасыз ететін қанжасушасы. Тромбоцит - құстан бастап төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар қанында болады. Сүтқоректі жануарлар қанында тромбоцит орнында пішіні әртүрлі (дөңгелек, сопақ, ұршық тәрізді т. б. ) ұсақ денешіктер - қан табақшалары болады. Тромбоцит - сүйектің қызыл кемігіндегі ірі жасушалар - мегакариоциттерден жетіледі. Қан табақшалары мегакариоциттер цитоплазмасының мөлшері екі-үш мкм ядросыз бөлікшелері. Олар қанда топтасып орналасады. Қан табақшалары жақсы боялатын дәнді орталық бөлігі Қанның ұю кезеңдері: Белсендірілу фазасы Коагуляция фазасы Ретракция фазасы

Тромбоцит (тромбоцит) (thrombocytos, грек, thrombos - тромбы, kytos - жасуша) - қанның үшін қамтамасыз ететін қан жасушасы.

Тромбоцит - құстан бастап төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар қанында болады. Сұтқоректі жануарлар қанында тромбоцит орнында пішіні әр түрлі (дөңгелек, сопақ, ұршық тәрізді т. б. )

  • ұсақ денешіктер - қан табақшалары болады.

Тромбоцит - сүйектің қызыл кемігіндегі ірі жасушалар - мегакариоциттерден жетіледі. Қан табақшалары мегакариоциттер цитоплазмасының мөлшері екі-үш мкм ядросыз бөлікшелері. Олар қанда топтасып орналасады. Қан табақшалары жақсы боялатын дәнді орталық бөлігі

  • грануломерден (хромомерден) және біркелкі (гомогенді), шеткі бөлігі - гиаломерден тұрады.
  • протеин, май, көмірсулар жатады.

Құстардың жұмыртқа жасушаларында ұрықтың дамуына қажет трофикалық қосындылар сарыуыз түрінде коп мөлшерде жинақталған. Май қосымдылары - май жасушалары - липоциттерде (адипозиттер) қорланады. Өте ұсақ май тамшылары организмнің көптеген жасушаларында кездеседі. Көмірсулар жануарлар организмі жасушаларында негізінен гликоген (полисахарид) түрінде қорланады. Гликоген, әсіресе, бауыр жасушаларында, ет жасушалары мен талшықтарында көптеп кездеседі. Гликоген цитоплазма матриксінің құрамына да кіреді. Трофикалық қосындылар - қоректік заттар қоры және энергия көзі. Тромбоциттер сүтқоректілерден басқа жануарлардың көпшілігінде қан клеткаларынан түзілетін, ұсақ, дөңгелек не ұзынша келген, тығыз ядролы және әлсіз базофильді, цитоплазмалы клеткалар түрінде кездеседі. Сүтқоректі жануарлардың қанында Тромбоциттердің орнында пішіні әр түрлі (дөңгелек, сопақ, ұршық тәрізді, т. б. ) ядросыз, ұсақ денешіктер (диаметрі 2 - 5 мкм) - қан табақшалары болады. Қалыпты жағдайда ересек адамның 1 мм қанында 180 - 320 мың тромбоцит кездеседі. Қан табақшаларының құрамында арнайы 4 түйіршік: (дельта түйіршіктерінде азенозин екі фосфор және аденозин үш фосфор қышқылы, серотонин, кальций иондары; альфалықта - қан ұюына қатысатын, қабыну, иммунитет және бүлінген тіндердің қалпына келтіретін өсу факторы; лизосомалықта - гидролиздік ферменттер; пероксисомалықта -каталаза ферменттері) болады, сондай-ақ митохондрия табақшалардың жылжуын қамтамасыз ететін микротүтікшелер, гликоген түйіршіктері, кейде рибосома айқындалады. Тромбоциттер сүйектің қызыл кемігіндегі ірі клеткалар - мегакариоциттерден жетіледі. Қан табақшалары 8 - 11 тәулікке дейін тіршілік етеді.

Олардың мөлшері 180 - 320 109/л. Оның көбеюі - тромбоцитоз, азаюы - тромбоцитопения. Тромбоциттердің қасиеттері. Лейкоциттер сияқты фагоцитозға жалған аяқ шығарып қозғалуға қабілеттігі бар. Тромбоциттер бөгде беткейге жабысатын және бір - бірімен желімделетін физиологиялық қасиеті де бар. Олар қан тоқтатуға қатысады. Тромбоциттер қызметі:
Фибринолиз (ұйыған қанды еріту) және қан ұю үрдістеріне белсене қатысады;
Олардың құрамында қанды тоқтататын биологиялық белсенді заттар бар;
Қорғаныс - тромбоциттер бактерияларды желімдеу және фагоцитоз арқылы қорғаныс қызметін атқарады;
Қан ағуы тоқтатын ферменттерді өндіреді;
Капилляр қабырғасы өткізгіштігін өзгерте отырып гистогематикалық бөгеттер жағдайына әсер етеді.

Менің түсінгенім бойынша Тромбоциттер қанның ұюына қатысатын секілді! Мысалы қатты жарақат алып қан тоқтамай жатқан кезде тромбоцит қанды ұйытады ал егер ағзада тромбоцит аз болса қан тоқтамай қансырап қалу мүмкін!

Адам организмінің тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы сақталады. Тамақ құрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі. Қоректік заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде адамның денесінде зат алмасудан пайда болған организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады. Мұның бәрін тасымалдау қызметін денедегі қ а н атқарады. Қан бүкіл денені аралап, оның ұлпаларындағы клеткалардағы заттың алмасуына қажетті химиялық заттарды әкеліп, қажетсіз заттарын әкетеді. Мұны мен қоса, қан дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады, организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді және мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады.

Адамның денесіндегі қан - организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4, 5-6 л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %. Жаңа туған нәрестеде ол 10-20 %, 1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 7-8 % болады. Организмдегі барлық қанның 50% қан деполарында қор болып сақталады. Ондай мүшелерге бауыр, көк бауыр, өкпе және тері жатады.

Қан бауырда, көк бауырда, сүйек кемігінде түзіледі

Қанның пішінді элементтеріне эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады.

Тромбоциттер. Қанның құрамындағы үшінші пішінді элементтер - тромбоциттер немесе қан пластинкалары. Олар сопақша немесе диаметрі 2-5 мкм дөңгелектеу пішінді келеді. Тромбоциттердің жалпы саны 1 мкл 300 мыңнан 100 мыңға дейін. Тромбоциттер сүйек кемігінде пайда болады. Олардың өсіп жетілу мерзімі 7-8 күн, ал қан айналымында 5-11 күндей болады. Тромбоциттердің саны тамақ ішкеннен кейін, ауыр дене жұмысымен шұғылданғанда, әйел екіқабат болғанда көбейеді. Оның мөлшерінің тәуліктік өзгерісі де бар: күндіз көбірек, түнде азырақ болады.

Тромбоциттердің қызметі көп. Оларда ферменттер де өндіріледі, фагоцитарлық қабілеті де бар, ұсақ қан тамырларының өткізгіштік қасиетіне де әсер етеді.

Тромбоциттердің саны баланың жасына қарай өте көп ауытқиды: 1 мкл қанда 150 мыңнан 600 мыңға дейін. Жаңа туған сәбидің қанында орта есеппен 150-350 мыңға жуық тромбоциттер болса, 1 жасқа дейінгі балаларда 15 мыңнан 424 мыңға дейін (орта есеппен 25) жетеді. Дегенмен жеке бір баланың өзіндегі тромбоциттердің саны салыстырмалы түрде алғанда тұрақты келеді. 1 жастан 16 жасқа дейін 1 мкл қандағы орта саны 3, 20-40 жаста 311000, одан әрі қарай шамамен 114 мыңнан 335 мыңға дейін (орта саны 224000), ал 70 жастан аса тромбоциттердің саны азаяды: орта есеппен 208000. Тромбоциттердің ең күшті өзгеретін тұрақсыз мезгілі 1 жасқа дейін. Бұл кезде оның жас, әлі толық жетілмеген түрі қанда көп болады. Баланың жасы ұлғая келе тромбоциттердің өндірілуі төмендейді, ал қартая келе қан пластинкаларында кері даму күшейеді.

Қанның ұюы . Тромбоциттердің басты қызметі - қанның ұюына қатысуы. Қан тамырлары жарақаттанғанда әдетте жараның бетін т р о м б деп аталатын қойылған қап түйіршігі тез жабады. Біраздан соң ол тығыздалып, жараны бекітеді. Егер қанның мұндай қасиеті болмаса, кішкентай жарадан тоқтаусыз қан ағып, адам әлсіреп, тіпті өліп гс кетер еді. Қанның ұюы күрделі ферментативті құбылыс оны шамамен 3 кезеңге бөлуге болады: 1 - қанда және ұлпада тромбопластиннің пайда болуы; 2 тромбопластиннің тромбинге айналуы; 3 - тромбиннің әсерінен плазмадағы фибриноген белогының ерімейтін ф и б р и н жіпшелеріне айналып, жараның бетінде тор құруы. Осы торға эритроциттер мен лейкоциттер тұрып қалады да, т р о м б пайда болады. Тромб сығылып, сарысудан арылады. Жараның беті қабыршақтанып қатым, жараланған тамыр бүтінделеді. Кейіннен қатқан қан қабыршағы түсіп қалады. Қанның ұюына эритроциттердің құрамындағы және қан плазмасындағы бірнеше ферменттер мен кальций иондары, бауырда түзілетін К витамині қатысады

Жаңа туған сәбидің қанының ұюы өмірінің алғашқы күндері, әсіресе 2-ші күні, баяу болады, ал 3-ші күннен бастап 7-ші күнге дейін жылдамданып, ересек адамдардың қанының ұю уақытына жақындайды. Дегенмен қанның ұю уақытында баланың жеке басының қасиеттеріне байланысты аздаған айырмашылық болады. 5, 5-6 жаста қанның ұюы 1-2 минөттен кейін басталып, 3-4 минөтте анқталады. Сонымен қатар, алғашқы күндері мөлшері аз громбопластин 3 аптада ересектердегідей болады, ал қанының плазмасындағы фибриногені анасының қанындағы мөлшерден біршама аз болады. 1 жастан 12-14 жасқа дейін қанның ұюы на қатысатын факторлар шамамен дұрыс қалыпта болады, бірақ өзгермелі келеді. Қанның ұю қасиетіне ықпалы бар эндокриндік жүйе мен жас оспірімдердің организміндегі функциялық басқа өзгерістер аяқталған соң, қанның ұюы 50-60 жасқа дейін тұрақталады.

Организмдегі қан қорлары. Көкбауыр денедегі қанның қоры. Тыныштық кезінде көкбауыр қанға толып, аумағы үлкейеді. Бұлшық еттер жұмыс істей бастағанда қан кокбауырдан жұмыс істеп жатқан бұлшық еттерге тасымалданады.

Эритроциттердің ыдырауы бірнеше мүшелерде болады, соның ішінде көкбауыр да бар. Мұны мен бірге, көкбауырда лейкоциттердің бұзылуын тежейтін факторлар да бар, дегенмен, мұнда да біраз лейкоциттер ыдырайды. Көкбауыр тимус безімен және лимфа түйіндерімен бірге лимфоциттердің өніп, өсіп, дамуына қатысады.

Бұған қоса, көкбауырда белгілі шамада антиденелер өндіріледі және токсиндер (улы заттар) усыздандырылады.

Көкбауырдан басқа қанның көп мөлшері теріде, бұлшық еттерде және басқа мүшелерде жиналады. Организмге қан көп қажет болған жағдайда қордағы қан дереу қанайналым жолына құйылып, жұмыс істеген мүше толық қамтамасыз етіледі.

Қан тамырлары жарақаттанғанда тромбоциттер жарғақшасының бұзылуы нәтижесінде протромбин бөлініп, талшықты фибринге айналдырады. Фибрин талшықтары қан тамырының жарақатталған жерлерін торлайды. Торланған фибрин талшықтарына қанның қызыл түсті жасушалары - эритроциттер шырмалады да, іркілдек зат - қанұйық түзеді. Тромбоциттер тағы серотонин деген зат бөліп шығарады. Серотонин қан тамырларының жарақаттанған жерін тарылтып, қанның ағуын тоқтатады. Қан тамырларының жарақаттануына байланысты қанның ұюы - ағзаның қанды көп кетуден сақтайтын қорғаныш реакциясы. Егер қан ұюы қан тамырларының ішінде пайда болса, онда ол ағза тіршілігіне қауіп туғызады. Кейбір адамдардың қаны ұйымайды. Бұл плазмасында протромбиннің түзілуіне қажетті нәруыздардың бірі - глобулиннің жоқтығына байланысты. Бұл ауруды гемофилия ауруы деп атайды. Ол іштен туа пайда болады. Гемофилия ауруынан, кейбір адамдарда өте кішкентай жарақаттанудан көп қан кетіп, тез өліп қалуы мүмкін.

Медицинада гемофилия - ауруын «корольдер ауруы» деп атайды. Ағылшын королевасы Викторияның әулетіне құрылған шежірелік картаға қарағанда оның өзі де, күйеуі де гемофилиямен ауырмаған. Бірақ Викторияның өзі тасымалдаушы ретінде гемофилия генін ұлы Леопольдке және қыздары Алиса мен Беатриссаға бергендіктен, ұлы гемофилиямен ауырған, ал қыздарының дені сау, бірақ олар да тасымалдаушы болған. Осы балалардың үйленіп, тұрмыс құруы нәтижесінде гемофилия гені Еуропаның басқа мемлекеттеріне: Германияға, Ресейге және Испанияға таралған. Қан арқылы тұқым қуалайтын аурулар ғана емес, дарындылық, білімге қабілеттілік, өнерге икемділік немесе басқа да жағымды қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Мысалы, Құнанбай әулетінен тарағандардың ішінде ақын-композиторлар көп болған. Олар: Құнанбайдың баласы қазақ әдебиетінің классигі - Абай (Ибрагим), бала-немерелері - Шәкәрім, Әбдірахман, Мағауия, Ақан және басқалар.

Қанды ұйытпау үшін оған Са тұздарын ерімейтін күйге көшіретін және оларды тұтындыратын заттар қосады. Мәселен, құюға арналған қанға лимон қышқылының тұздарын қосады.

Тромбоциттер патологиясы. Қан пластинкаларында қан құрамының өзгеруі қанның біркелкі орналаспауынан, олардың көптеп бүлінуінен, сондай-ақ қан құрайтын аппарат функциясының бұзылуынан болуы мүмкін.
Тромбоциттер санының азаюы (тромбопения) зілді лейкемиядан, қатерлі анемиядан және кейбір инфекциялық аурулардан (инан, қан теңбілді ауру) пайда болады. Тромбопения бензолмен уланғанда, сәуле ауруларында да өршиді. Тромбопенияда, әсіресе оның қатерлі түрінде қанның ұйығыштығы кемиді, тері және асқазан-ішек жолдарының кілегей қабықтары қанталайды.
Тромбоциттер мөлшерінің көбеюі - тромбоцитоз қан қоюланғанда, полицитемияда, кейбір гипохромды регенеративтік анемияда, инфекциялық аурулардан айыға бастаған кезде байқалады.
Қан айналысының патологиялық физиологиясы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қан алу, оның физикалық қасиеттерін анықтау
Қанның сілтілік қорын, қышқылдық сиымдылығын және қан сарысуындағы катинды анықтау жайлы
Қан жасушалары
Қан жүйесінің маңызы мен мөлшері қандай
Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау жүйесі
Қан
Гемоглобин күрделі зат
«Физиология» пәнінің оқу - әдістемелік кешені
Қанның құрамы мен мөлшері
Жануарлардың қан және қан айналымы физиологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz