Цестодтардың жіктелуі



1Кіріспе
2Негізгі бөлім
2.1 Цестодтардың жіктелуі
2.2 Препараттары
Пирантела памоат (комбантрин)
Празиквантел (билтрицид)
Мебендазол (вермокс)
Албендазол (зентал)
Ивермектин
Никлозамид (фенасал)
Нафтамон
3 Қорытынды
4 Пайдаланылған әдебиеттер
Гельминттерге қарсы заттар – гельминттерді өлтіретін(vermicide) немесе шығаратын(vermifuge) дәрілер.
Гельминтоз – бұл паразитті құрттармен (глисттермен) туындайтын ауру болып табылады.
Гельминтоздар әр жерде, (дүниежүзінің 1/3 халлқы зақымдалған) , бірақ ең жиі санитарлы деңгейі төмен және кедей халқы көп дамушы елдерде басым кездеседі.
Адам ағзасында олар асқазан ішек орналасқан, бірақ кейбіреулері тіннен тінгеауысып тіршілік етеді. Олар иесінің ағзасында оның тағамын қолданады, қан кетуге әкеледі, ағзаларын зақымдайды, токсиндерін бөліп, лимфостазға әкеледі де білінерлік зиян келтіреді. Гельминтоздар өлімге сирек әкеледі, бірақ көбісі адам ауруларына әкеледі.
1. Жауғашева С.К, Пивень Л.И, Асмағамбетова М.Т, Дилдабекова Н.Т. «ФАРМАКОЛОГИЯ БОЙЫНША ТАҢДАМАЛЫ ДӘРІСТЕР КУРСЫ» Оқу құрал , ҚАРАҒАНДЫ – 2008
1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы, 2004.- 608 бет.
2. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2008. -1206 с.
3. Б.Д.Айтжанов, Ә.М.Өтенов, М.А.Молдағұлов « Фармакология» Агроуниверситет баспасы, Алматы 2006

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1 Кіріспе
2 Негізгі бөлім
2.1 Цестодтардың жіктелуі
2.2 Препараттары
Пирантела памоат (комбантрин)
Празиквантел (билтрицид)
Мебендазол (вермокс)
Албендазол (зентал)
Ивермектин
Никлозамид (фенасал)
Нафтамон
3 Қорытынды
4 Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Гельминттерге қарсы заттар - гельминттерді өлтіретін(vermicide) немесе шығаратын(vermifuge) дәрілер.
Гельминтоз - бұл паразитті құрттармен (глисттермен) туындайтын ауру болып табылады.

ГЕЛЬМИНТОЗДАР ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫ

Дөңгелек құрттар Жалпақ құрттар
(нематодтар) Цестодтар

сорғыштар таспа құрттар
(трематодтар) (цестодтар)
Гельминтоздар әр жерде, (дүниежүзінің 13 халлқы зақымдалған) , бірақ ең жиі санитарлы деңгейі төмен және кедей халқы көп дамушы елдерде басым кездеседі.
Адам ағзасында олар асқазан ішек орналасқан, бірақ кейбіреулері тіннен тінгеауысып тіршілік етеді. Олар иесінің ағзасында оның тағамын қолданады, қан кетуге әкеледі, ағзаларын зақымдайды, токсиндерін бөліп, лимфостазға әкеледі де білінерлік зиян келтіреді. Гельминтоздар өлімге сирек әкеледі, бірақ көбісі адам ауруларына әкеледі.
Гельминттердің жүйке жүйесі омыртқалылардың жүйке жүйесінен айтарлықтай өзгеше. Осының нәтижесінде гельминттерге қарсы заттардың әсері жүреді. Дөңгелек құрттардың тежеуші және қоздырушы ацетилхолин, ГАМК медиаторлары бар жүйке-бұлшықетті синапстары бар.

ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ БОЙЫНША
1. Клеткалық улар - төртхлорлы этилен
2. Жұмыр құрттардағы жүйке - бұлшықет жүйе функциясын бұзатын -
Пирантела памоат (комбантрин),Пиперазина адипинат, Диэтилкарбамазид (дитразин), Левамизол (декарис),Нафтамон
3. Жалпақ құрттардың жүйке-бұлшықет жүйесін салдандырып, олардың жабынды ұлпаларын зақымдайтын.
Празиквантел (билтрицид), Никлозамид (фенасал), Битионол (битин)
4. Гельминттердің энергетикалық процесстеріне әсерететін
Аминоакрихин, Пирвиния памоат, Декарис (левамизол), Мебендазол (вермокс), Албендазол (зентал)
ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША
5. Бензимидазол туындылары -
Левамизол (декарис), Мебендазол (вермокс), Албендазол (зентал)
6. Басқа химиялық топтардың туындылары
Пирантела памоат (комбантрин), Празиквантел (билтрицид),Никлозамид (фенасал),Битионол (битин), Пиперазин адипинат

Негізгі бөлім
Цестодтар:
1)Цистицеркоз ( Cysticercus cellulosae - цистицеркоидты кезең Tenia solium - бұлшықет, ми, көз тіндері, т.б.) - мебендазол, албендазол
2) Эхинококкоз ( Echinococcus granulosus, E. multilocularis - бауыр, өкпе, ми, т.б. тіндер) - мебендазол, албендазол

1. кесте ХИМИОПРЕПАРАТТАРДЫ ТАҢДАУ

Гельминтоз
түрі
Қоздырғыш
Гельминттерге қарсы
дәрілерді таңдау
Қосымшалар

І қатар препараттар
Альтернативті препараттар

Цестодоздар (Cestoidea)

ТЕНИАРИНХОЗ - бұқа цепенімен қоздырылатын гельминтоз (Taeniarhynchus saginatus) АІТ қызметінің бұзылуымен және ішектенгельминттің бунақтарының өздігінен түсуімен сипатталады.
Празиквантел - 25мгкг бір рет
Никлозамид - кешке ұйқы алдында 2,0г және таңертең аш қарынға 1,0г. 5 сағаттан кейін іш өткізгіштерді қабылдайды.

ТЕНИОЗ, ЦИСТЕЦЕРКОЗ - адам ішегінде шошқа цепенінің болуымен шақырылатын гельминтоз(Taenia solium ). Цистицеркоз дегеніміз адамда осы гельминттің жұмыртқалық сатысының болуынан туындайтын инвазия; ең ауыр түрі - нейроцистицеркоз.
Никлозамид - түнде 2,0г. Қабылдаудын 15 мин бұрын 1,0-2,0г натрий гидрокарбонатын ішу керек. Препараттың әсері жоғарылап, сколекстің және дамымаған бунақтарының жойылуына әкеледі.
Празиквантел - 25мгкг 1 рет

ДИФИЛЛОБОТРИОЗ - қоздырғыштары Diphylothrium туыстастығына жататын лентецтер болып табылатын гельминтоз. Негізгі қоздырғышы - жалпақ лентец - Diphylothrium latum . АІТ қызметінің бұзылысының созылмалы ағымымен және мегалобластты анемия дамуының мүмкіндігімен сипатталады.
Празиквантел - 25мгкг 1 рет

Айқын анемия кезінде дегельминтизацияға дейін В12 витаминін тағайындайды.

ГИМЕНОЛЕПИДОЗ - Hymenolepis туыстығына жататын цепеньмен шақырылатын адам және ұсақ кеміргіштер гельминтозы. Асқорыту мүшелерінің қызметінің бұзылысымен сипатталады.
Празиквантел - күніне 2 рет 2мгкг (10күн интервал)

ЭХИНОКОККОЗДАР - адам Taeniidae тұқымдастығына жататын - Echinococcus granulosus және E.multicularis - тің жұмыртқаларының болуымен шақырылатын созылмалы ағымды гельминтоздар.
Альбендазол - 10-20 мгкгтәул. Үздіксіз цикл ұзақтығы 3 аптадан бірнеше айға дейін; цикл саны 1-ден20-ға дейін және одан да көп. Цикл арасындағы үзіліс 21-28 күн немесе емді бірнеше жыл көлемінде үздіксіз жүргізеді.
Мебендазол - алғашқы 3 күнде әрбір 12сағат сайын 0,5г, келесі 3 күн әрбір 8 сағат сайын 0,5г, кейін 15-24 ай көлемінде 25-30 мгкгтәул 3-4 рет қабылдайды.
Эхинококкозбен ауыратын науқастарды емдеудің негізгі әдісі - хирургиялық. Консервативті терапия бауыр, өкпе және т.б. мүшенің зақымдануында қолданылады, мұнда операциялық кірісу өмір үшін қауіпті болып табылады.
Терапия кезінде паразиттің өміршеңдігінің төмендеуімен және өлімімен байланысты асқынулар пайда болуы мүмкін: кистаның іріңдеуі, кенет жарылуы, альвеолярлы эхинококктың ыдырауынан абцеске әкелетін қуыстардың пайда болуы. Асқынудың үлкен жиілігі өкпе эхинококкозының емі кезінде байқалады. әсіресе кистаның диаметрі 6см-ден жоғары болса. Осындай жағдайларда өкпенің іріңдігі (абцесс) мен плевра эмпиемасының дамуы байқалады. Бұл асқынулар хирургиялық емді жиі қажет етеді.

Пирантела памоат

Пирантела памоат - пиримидин туындысы. Тек жұмыр құрттарға ғана белсенді.
Синонимдері: Комбантрин, Немоцид, Aguipiran, Bifantrel, Cobantril, Combantrin, Helmex, Medintel, Nemocid, Pamex, Pamintel, Pamotrin, Pelmintrel, Pyrantel embonate, Strohgid P, Trilombrin.
Белсенділік спектрі. Аскаридалар, острица, анкилостомалар және кейбір басқа нематодтар.
Әсер ету механизмі. Пирантела памоат гельминттерге қатысты нерв- бұлшықет бөгетін тудыратын деполяриздеуші миорелаксант түрінде әсер етеді.
Фармакокинетика. АІЖ-да нашар сіңіріледі. Нәжіспен басым шығарылады (зәрмен 15% төмен).
Жағымсыз әсерлері. Іштің ауыруы, анорекся, жүрек айнуы, құсу, диарея, бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық.
Көрсеткіштері: Аскаридоз. Энтеробиоз. Анкилостомидоз.
Қарсы көрсеткіштері: Пирантелге аса сезімталдық. Жүктілік. Төс арқылы тамақтандыу.
Шығару түрлері: таблетка 0,25г-нан қорапта 3 данадан, суспензия, құрамында 1 мл- де 50мг преператы бар, 15 мл-к флакондарда. Сақтау. Б тізімі.

Мебендазол
Синонимдері: Вермокс, Antiox, Mebensole, Mebutar, Medosil, Multielmin, Necamin, Nemasole, Ovitelmin, Pantelmin, Pluriverm, Sirben, Telmin, Vermirax, Vermox, Vertex, Vormin.
Левомизолмен құрылымдық ұқсастығы бар, бірақ белсенділік спектрі кеңірек.
Белсенділік спектрі: Аскаридалар, острицалар, анкилостомалар, власоглав, трихинеллалар және басқа нематодтар қатары. Кейбір цестодалардың личинка сатысы (эхинококк, альвеококк).
Әсер ету механизмі. Гельминтке қарсы әсері клеткалық тубулиннің синтезінің глюкозаның қолданылуының бұзылуына және АТФ түзілуінің тежелуіне негізлелген. Нәтижесінде паразиттер қозғалғыштығын жоғалтады және өледі. Бірақ бұл процесс бірнеше күнге ғана созылады және ішекте жойылмаған паразиттер қалуы мүкін.
Фармакокинетика. АІЖ-да баяу және толық сіңірілмейді. Қолданылу дәрежесі тағаммен бірге қабылдағанда жоғарылайды, әсіресе майлы тағаммен. Қандағы максимальді концентрациясы 2-5 сағаттан кейін дамиды. Қан плазмасының белоктрымен байланысуы - 90-95%. Бауырда, май ұлпаларында, дернәсіл кисталарында шоғырланады. Плацента арқылы өте алады. Бауырда аздап метаболизденеді. 90% нәжіспен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі - 2,5-5,5 сағ.
Жағымсыз реакциялар: Іште ауыспалы ауырсыну, диарея, сирек - жүрек айну және құсу, бөртпе, есекжем, алопеция (сирек), бас ауыру, бас айналу.
Көрсеткіштері: Энтеробиоз. Аскаридоз. Анкилостомидоз. Трихоцефалез. Трихинеллез. Эхинококкоз. Полиинвазия.
Қарсы көрсеткіштер. Мебендазолға аса сезімталдық. Жүктілік. Емшекпен қоректендіру. 2 жасқа дейінгі балалар. Спецификалық емес жаралы колит. Крон ауыруы.
Шығару формасы: Қорапта 6 дана 0,1г таблетка түрінде, суспензия 20гмл. Сақтау: Б тізімі.

Албендазол
Мебендазолмен құрылымдық ұқсастық бар. Нематодқа қарсы кең спектрлі белсенділігі бар. Сонымен қатар кейбір цестодтарға әсер етеді. Эхинококкоз кезінде мебендазолға қарағанда әсері жоғары.
Синонимдер: Зентал
Әсер ету механизмі: Бета-тубулиннің полимеризациясын таңдамалы тежейді, гельминттердің ішек каналы клеткаларының цитоплазмалық микротубулярлы жүйенің белсенділігін бұзады, глюкозаның қолданылуын төмендетеді, немотод бұлшық еттерінде органеллелардың қозғалысын бөгейді.

Белсенділік спектрі: Аскарида, острица, анкилостома, стронгилоида, власоглав, трихинелла және т.б. нематодтар. Эхинококк, шошқа цепенінің дернәсілдік формасында жақсы әсер етеді.

Ивермектин
Топырақтың (жерлік) streptomyces avermictilis актиномицетадан алынатын жартылай синтетикалық макроциклдық лактон. Кейбір филяриатоз, стронглоидоз аурулары кезінде гельминттерге қарсы препарат ретінде қолданылады. Сонымен қатар қышыманы емдеуге қолданылады. Қазіргі уақытқа Ресейде тіркелмеген, коммерциялық сатылмайды.
Синонимдер: мектизин.
Әсер ету механизмі гельминттердің жүйке жүйесіндегі ГАМҚң тежеуіш процесін күшейтеді, нәтижесінде олардың қозғалысы тежеліп, өледі.
Белсенділік спектры. Onchocevca volvulus, wuchevivoa bancrafti микрофилярийі жәнеде ішекте орналасқан строн гилоидты (strongiloides stercovalis) емдеуде әсері жоғары. Сонымен қатар қышыма кенесі (sarcopres scabrei) ивермиктенге сезімтал келеді.
Фармококинетика. Ауыз арқылы қабылдағанда пайдалы дәрежесі (биодоступность) әр адамда әркелкі қанда максимальды концентрациясы 4сағаттан кейін дамиды. Қан сарысуының белоктарымен байланысу дәрежесінің жоғарылығымен сипатталады. Көптеген ұлпаларға таралады, аз мөлшерде емшек сүтіне өтеді. ГЭБден өтпейді. Бауырда метаболизмге ұшырайды, нәжіспен сыртқа шығады. Жартылай ағзадан шығу периоды 12-16 cағат.
Кері реакциялар: көбінесе онхоцеркозбен (микрофилярий ыдырағаннан кейін) ауыратын науқастарды емдегенде байқалады. Аллергиялық реакциялар, гипотензия, конъюнктивит, қабақтың ісінуі, алдыңғы увеит, кератит, хориоретиит (алдын алу және көмек шаралары: глюкокортикоидты енгізу) байқалады. Стронгилоидоз НРды емдегенде сирек және жеңіл ағыммен көрінеді. Жалпы әлсіздік, бас айналу, тремер, іштегі жайсыздық, жүрегінің айнуы көрінеді.
Көрсеткіштер: Онхоцеркоз. Лимфатикалық филяристоз: бругиоз, вухерериоз, стронгилоидоз, қышыма.
Қарсы көрсеткіштер. Ивермектинге гиперсезімталдық 5 жасқа дейінгі балалар, эпилепсия, менингитпен ауыратын науқастарға беру керек.

Антимонил натрия тартрат
Синонимдер: винносурьменнонатрий тұзы, винномурьмоқышқыл Na, Natrium tartaricos tibeum, sodim antimony tartrate, stibil et Natrii tartars, stibnal, stibyal, tartarus natronatus
Әсер ету спектры: шистосомоз
Әсер ету механизмі: анаэробты циклдың ферментерінің тиол тобын тежеу арқылы шистозомазаның өмір сүруін аайтады. Глюкоза -6-фосфаттан фруктоза дисфосфаттың түзілуін тежейді, альдолазаның белсенділігін төмендетеді.
Қолдануға көрсеткіштер. Шистосоматозды емдеуге қолданады. Пайдаланудың қиындығы мен кері әсердің нәтижесінде кең көлемде қолданылмайды. 1% ерітінді түрінде натий хлоридтің изотондық ерітіндісі 5% глюкоза қосылысып тамыр ішіне енгіземіз. Ерітінді жаңа дайындалған автоклавта немесе сулы баняда стерилизацияланған болу керек. Баяу енгізеді (2мл-ді 1минутта). Енді тек жүргіземіз. Әртүрлі сзыбанұсқаулар ұсынылған.
1. препаратты күн сайын енгіземіз. Барлығы 20 инъекция. 1 реттен доза 1,0-1,2мгкгкурстық емнің бар дозасы 1,3г-нан аспау керек (130мл 1% ерітіндіде ). Кері әсері болмау үшін 10-11инъекциядан кейін дозаны сәл төмендетеміз, ал 15-ші инъекцияда қайтадан жоғарылатамыз. Мысалы, 60кг науқасқа 1 5мл 1% ерітіндіні, 2-11инъекцияда -7мл, 12-25инъекцияда 5мл-ден, ал 16-20 инъекцияда 7мл енгіземіз.
2. белсенді курс: емді 1-2күнде жүргіземіз. 3Сағат сайын 1 күнде 3инъекция саламыз. Ересектер үшін бір реттік доза 0,06-0,12 (6-12мл 1%ерт) басқа да сызба нұсқалар бар.
Жағымсыз реакциялар: жүрек айну, құсу, бас ауруы, артралгия, тері бөртпесі, дене температурасы көтерілу және т.б. болуы мүмін. Жағымсыз әсерді азайту үшін антигистаминді препараттарды, унитиальды тағайындаймыз. Тамыр ішілік енгізген жерде флебит дамуы пайда болуы мүмкін, яғни ерітіндінің тері астына өтуі ауырсынуды тудырады, ұлпа ісінеді.
Қарсы көрсеткіштер: жүректің, бүйректің органикалық аурулары, жүктілік, қалтырау, қарт жас, менструация.
Шығарылу формасы: ұнтақ, сақтау Б тізімі.

Хлоксил
Дәмсіз, иіссіз, ақ түсті кристалды ұнтақ. Суда ерімейді, спиртте аз (қиын) ериді.
Әсер ету спектры: опистархоз, фасциолез, хлонорхоз.
Әсер ету механизмі: гельминттердің протеолиттік ферменттерінің әсерінен бауырда, өт шығару жолдарында, ұйқы безінде тез әлсіреп, өлуіне әкеледі.
Қолдануға көрсеткіштер: бауырдағы гелминтоз; описторхоз, фасциолез, клонорхозды емдеуге қолданылады. Хлоксилмен емдеу циклы 2 күнге созылады. Жеңіл таңертеңгі астан 1 сағаттан өткеннен кейін (1Ст тәтті шай, 100ақ нан) науқас препаратты ұнтақ түрінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таспа құрттардың барлығы биогельминттер
Гельминттерді жіктеу негіздері, олардың иелерін классификациялау. Гельминттердің морфологиясы және биологиясы
Таспа құрттар класы – cestoda
Оны тудыратын дикроцелия құрты
Жануарлардың альвеококкозы
Санитарлық паразитология - ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Гельминтоздардың диагностикасы және дегельминтизация
Қоян шаруашылығы жайлы
Ценуроздың ауруының өрбуі
Паразитарлық аурулардың сипаттамасы
Пәндер