Эмпирикалық әлеуметтану


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Эмпирикалық әлеуметтану

1. Сұрау. Интервью.

2. Контент-талдау. Эксперттік сұрау.

3. Эксперимент. Бақылау.

Негізгі ұңғымдар : сұрау, анкета, интервью, әдіснама, эксперттік сұрау, респондент, статистика, типология, пилотажды зерттеу, барлау, сынау, фокус-топ, тренинг, сұхбат, іріктеу, жоспар және т. б

Методология (гректің metodoV = methodos - таным тәсілі немесе әрекет тәсілі; және гректің logoV = logos - ұғым; ой, зерде) - 1) танымның ғылыми әдісі туралы ілім; 2) нақты ғылым саласында қолданылатын әдістер жиынтығы. Осы анықтамалардан жалпы ғылым методологиясының, жеке алғанда социология ғылымының басты екі аспектісін қарастыруға болады.

Бірінші аспект - методологияны ілім ретінде түсіну - ғылыми, ғылыми социологиялық зерттеуді қалай жүргізу керек екендігі жөніндегі түсініктің қалыптасу тарихын зерттеумен байланысты. Ғылым методологиясы зерттеу объектісі - ғылыми танудың "механизмін”, "алгоритмін” білдіреді. Осы жерде мына сұраққа жауап берген жөн: ғылым - абстрактылы теориялық білімдерді, шындық туралы түсініктерді қолда бар білімдер арқылы өндіру процесі. Ал алынған білімдердегі нақтылы шындық екі нұсқасында: сипаттамалық және түсіндірмелік түрінде көрсетілуі мүмкін. Сипаттамалық таным, ең алдымен бір нәрсе шындығында қалай болады деген сұраққа жауап беру мақсатында құрылады. Ал, түсіндірмелік таным неге бір нәрсе солай болады деген сұраққа жауап береді.

Кезінде социология ғылымының негізін қалаушы О. Конт социологтар "неге емес, қалай?” деген сұраққа ғана жауап беруі тиіс деген өсиет қалдырған болатын. Сонда ғана социологиялық зерттеулер Конт кезінде шынайылықты ғылыми танудың үлгілері деп санаған жаратылыстану ғылымдарында істелініп жатқанға ұқсас болады деп есептеді ол. Конттың бұл талабы кейін тек социология ғана емес, сондай-ақ көптеген қоғамдық ғылымдар үшін ең басты талапқа айналды және осындай ұстаныммен шынайылықты қабылдау позитивизм принципі (талабы) деп аталды.

Жалпы, социологиялық зерттеудің логикасы оның өткізілу кезеңдерімен анықталады. Социологиялық зерттеу кезеңдерінің көпшілік мақұлдаған жіктелімін келтірейік:

1 кезең. Социологиялық сұрауға дайындалу:

Бағдарлама жасау (мақсаттар мен міндеттер қою, негізгі және жұмыс болжамдарын ұсыну, ұғымдардың операциялануы, репрезентативтілікті есептеу) ;

Эмпирикалық ақпарат жинау үшін құралдар жиынтығын (сауалнама) жасау.

2 кезең. Эмпирикалық ақпарат жинау:

Сұрауды ұйымдастыру (сұхбат алушыларды іріктеп алу, сұрау учаскелерін бөлу, қаржы-техникалық мәселелерін шешу және т. б. ) ;

Сұрау жүргізу (респонденттерді іздеу, байланысқа шығу,, сұхбат алу және т. б. ) .

3 кезең. Социологиялық мәліметтерді өңдеу және түсініктеме беру:

Алынған ақпаратты компьютерлік мәліметтер базасына енгізу (макет дайындау, сауалнамаларды енгізу) ;

Сызықтық есептер мен әлеуметтік-демографиялық салалар бойынша есептерді өңдеу және шығару;

4 кезең. Алынған мәліметтерді талдау

Алғашқы талдау жүргізу (сұрау нәтижесінде анықталған тәуелділіктерді тіркеу, кестелер, диаграммалар жасау және т. б. ) ;

Мәліметтерді қайта талдау (салыстырмалы талдау, қосымша ақпарат тарту, жаңа болжамдар ұсыну) ;

Зерттеудің соңғы есебін дайындау;

Талдамалық қысқа хаттар, әр түрлі материалдар, мақалалар және т. б. жазу;

Оқулықтың осы бөлімінде социологиялық зерттеу кезеңдерінің әрқайсысында жасалынатын социологтар қызметінің сипаттамасы берілген. Бұл тарауда кез келген социологиялық зерттеуді дайындаудың екі принциптік кезеңдері - оның бағдарламасын және зерттеудің іріктеу есебін жасау жөнінде айтылады.

Социологиялық зерттеудің бағдарламасы

Бағдарлама - эмпирикалық социологиялық зерттеудің негізгі құжаты. Социологияның теориясы мен методологиясы жөніндегі әдебиетте оның мынадай құрылымы көпшілік мақұлданған болып табылады:

1) Зерттеу тақырыбын, проблемасын, пәні мен объектісін тұжырымдау;

2) Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою.

3) Негізгі ұғымдарды операциялық анықтау және эмпирикалық түсініктемелеу. Өлшем шамасын құру.

4) Зерттеу болжамдарын ұсыну.

5) Зерттеу жоспарлары.

6) Бақылау бірлігін таңдау әдісін анықтау.

7) Алғашқы эмпирикалық мәліметтерді жинау және талдау әдістерін сипаттау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану ғылымы жайлы
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметі
Теориялық және қолданбалы әлеуметтану.
Теориялық әлеуметтану түсінігі
Әлеуметтану ғылымының дамуы
Әлеуметтану тарихының негізгі кезеңдеріне сипаттама
Әлеуметтану ғылым ретінде, әлеуметтік мектептер мен өкілдері
Әлеуметтанудың пайда болуы мен дамуы
Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңі
Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz