Еңбектің теориялық аспектілері
Кіріспе 3
1 Еңбектің теориялық аспектілері 5
1.1 Еңбекке сұраныс теориялары 5
1.2 Еңбек ұсынысы теориясы 6
1.3 Еңбек нарығын реттеудің шетелдік тәжірибесі 8
2 Еңбек және табыстарды бөлу теориясы 13
2.1 Жалақы. Жалақының орташа және төмен деңігейі 13
2.2 Еңбек бөлінісі және демалыс ара салмағы 15
2.3 Еңбек нарығындағы кәсіподақтар рөлі 18
3 Қазақстандағы еңбектің басты проблемалары,
оларды шешу жолдары 22
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27

Қазіргі заманғы еңбек нарығында көптеген әр түрлі мәселелер бар. 70 жылдары еңбек – міндет ретінде қаралды, бірақ егер адам бұл жұмысты атқармаса, ол үшін оны айыпталған жоқ. Бірақ осыған орай балаларды тәрбиелеу және үй шаруашлғмен айналасуы, ол мәртебесіз шаруашылық ретінде қарастырылады. Ал оған керісінше өнеркәсіптегі өңдірістік еңбегі және ауыр қол еңбегі бағалы болды. Ауыр және әскери өнеркәсіп салаларға қарағанда жеңіл өнеркәсіп, ауылшаруашылығы және қызмет көрсету саладағы жұмыс істейтін адамдардың жалақысы төмен болған.
Қазіргі кезде еңбек нарығында ұсыныс пен сұраныс арасында теңдестік жоқ. Еңбек орында керек емес жерлер де құрылады. Экономиканың шикізатқа бағытталуы, жалғыз салалары және ерлер еңбегіне бағытталған өңдірістік те еңбек нарығына өз әсерін тигізеді.
Еңбек нарығы теориясы мен еңбек нарығының тетігі талдауда концептуалдық көзқарастар белгілі қызығушылық тудырады (еңбек нарығының классикалық моделі, монетаристік моделі)

1 Үсенова Г. Жұмыспен қамту және экономикалық өсу// Ақиқат-№2, 2003
2 Мауленова С.С. Экономикалық теория, Алматы-2004.-430 б
3 Шеденов Ө.Қ. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе-2004.-580 с
4 Камаева В.Д.. Экономическая теория. Москва-1999.-500 с
5 Фишер С. Макроэкономика, М.-1997;ИНФРА.-532 с
6 Голодец О. Критическая ситуация на региональных рынках труда // Вопросы экономики - 1997 г. - № 2.
7 Дадашев А. Региональный рынок труда в России: формирование и эффективность управления. // Вопросы экономики- 1995 г. - № 5 - стр. 63-70.
8 Общая теория денег и кредита: Учебник / Под ред. Б.Ф Жукова. - М: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1995.-510с
9 Мамыров Н.Қ.,Тілеужанова М. –Макроэкономика ,А -2003-Экономика баспасы.-267б
10 Жұмамбаев С.К., Еңбек нарығының экономикасы.A-2003.-690 б
11 Бейсенов С. Инфраструктура рынка труда // Человек и труд - 1993 г. - № 1.
12 Жақашев Б., Ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсарту мәселелері// АльПари, №2.-2007
13 Қазақстан әйелдері мен ерлері (статистикалық жинақ), Астана-2007.-110 б
14 Үсербаева А.Б., ҚР Еңбек нарығының даму тенденциясы, III дәстүрлі жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми- теориялық конференция материалдары - 11-12 желтоқсан 2002
15 Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтар N 149-ІІ Заңы
16 Ермекбаев А.К. Еңбек нарығы және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау//ҚазҰУ хабаршысы.Экономика сериясы №4(56), 2006
17 Жақашев Б. Ауыл шаруашылығындағы маңызды күш – еңбек потенциалы//АльПари, №2, 2007
18 Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері, -Алматы.2001.-600 б
19 Жүнісов Б., Мәмбетов Ұ., Байжомартов Ү., «Нарықтық экономика негіздері» Алматы 1994 жыл.

Мазмұны
Кіріспе
3
1 Еңбектің теориялық аспектілері
5
1.1 Еңбекке сұраныс теориялары 5
1.2 Еңбек ұсынысы теориясы 6
1.3 Еңбек нарығын реттеудің шетелдік тәжірибесі 8
2 Еңбек және табыстарды бөлу теориясы 13
2.1 Жалақы. Жалақының орташа және төмен деңігейі 13
2.2 Еңбек бөлінісі және демалыс ара салмағы 15
2.3 Еңбек нарығындағы кәсіподақтар рөлі 18
3 Қазақстандағы еңбектің басты проблемалары,
оларды шешу жолдары 22
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі
27
Кіріспе
Қазіргі заманғы еңбек нарығында көптеген әр түрлі мәселелер бар. 70
жылдары еңбек – міндет ретінде қаралды, бірақ егер адам бұл жұмысты
атқармаса, ол үшін оны айыпталған жоқ. Бірақ осыған орай балаларды
тәрбиелеу және үй шаруашлғмен айналасуы, ол мәртебесіз шаруашылық ретінде
қарастырылады. Ал оған керісінше өнеркәсіптегі өңдірістік еңбегі және ауыр
қол еңбегі бағалы болды. Ауыр және әскери өнеркәсіп салаларға қарағанда
жеңіл өнеркәсіп, ауылшаруашылығы және қызмет көрсету саладағы жұмыс
істейтін адамдардың жалақысы төмен болған.
Қазіргі кезде еңбек нарығында ұсыныс пен сұраныс арасында теңдестік
жоқ. Еңбек орында керек емес жерлер де құрылады. Экономиканың шикізатқа
бағытталуы, жалғыз салалары және ерлер еңбегіне бағытталған өңдірістік те
еңбек нарығына өз әсерін тигізеді.
Еңбек нарығы теориясы мен еңбек нарығының тетігі талдауда
концептуалдық көзқарастар белгілі қызығушылық тудырады (еңбек нарығының
классикалық моделі, монетаристік моделі)
Курстық жұмыстың мақсаты, ол еңбек нарығын жаңа экономикалық жағдайда
мойындау мен еңбек нарығының түсінігін, оның сипаттамаларын, факторларын
және мәнін ашып көрсетуі болып табылады.
Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады.
Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.
Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге
бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық
проблемасы адамдармен тығыз байланысты және соларға тікелей әсер етеді.
Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің
төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті
көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын
жасауға көп көңіл бөледі.
Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін анықтайды,
мемлекеттің тарапынан қолданылатын шараларды анықтайды. Бірақ сонымен қатар
көптеген экономистердің ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны зұлымдық
ретінде қарастыруға болмайды.
Жұмыссыздық нарықты экономикаға тән құбылыс болып табылады. Дегенмен
оның әр елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір мөлшері болады. Алайда
жұмыссыздар сол мөлшерден асып немесе кеміп кетсе нарықты экономикаға
залалын келтіреді. Ал қажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді
дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету шамасы қандай? Соңғы
жылдары экономикадағы жүйелi шаралар жұмыспен қамтудың ұлғаюымен және
жұмыссыздық деңгейiнiң төмендеуiмен қатар жүрдi. Жұмыспен қамтуға
жәрдемдесу шаралары жаңа жұмыс орындарын құру, жұмысқа орналастыру, шағын
кредит беру, жұмыссыздарды қайта оқыту, қоғамдық жұмыстарды дамыту жолымен
бiрте-бiрте белсендi сипат алуда.
Еңбек рыногының мониторингi жүзеге асырылуда. Еңбек заңнамасы
жетiлдiрiлуде. Еңбекақы төлеу саласындағы ахуал тұрақтандырылуда. Ең
төменгi және орташа жалақының өсуi байқалуда. Бюджеттiк сала
қызметкерлерінің еңбекақысын реттеу үшiн бiрыңғай тұжырымдамалық негiз
жасалды.
Қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінде болып жатқан экономикалық жағдайдың
дағдарстық сипаты елімізде әрине орын алған жұмыссыздықты шиеленістірді.
Сондықтан халықарасында әлеуметтік шиеленіс пен кедейшілікті, қақтығыстарды
болдырмау мақсатында мемлекет жұмыссыздықты реттеудің зор көлемде
мемлекеттік механизмді іске аыруда. Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның
еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде
еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы
дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым
ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-әміршілдік әдіске
қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек – бұл тиімді экономиканың
негізі
Зерттеу мақсаты: еңбек нарығы мәселесін зерттеу
Міндеттері
- Еңбектің теориялық аспектілерін зерттеу;
- Еңбекке сұраныс теорияларын талдау;
- Еңбек ұсынысы теориясын зерттеу;
- Еңбек нарығын реттеудің шетелдік тәжірибесін көрсету;
- Еңбек және табыстарды бөлу теориясын зерттеу;
- Жалақының орташа және төмен деңігейін талдау;
- Еңбек бөлінісі және демалыс ара салмағын талдау;
- Еңбек нарығындағы кәсіподақтар рөлін анықтау;
- Қазақстандағы еңбектің басты проблемалары, оларды шешу жолдарын
көрсету.
1 Еңбектің теориялық аспектілері
1.1 Еңбекке сұраныс теориялары
Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін (адамның еңбек ету қабілеті) тауар
түрінде сатып-сатуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі.
Еңбек нарығы жоғары квалификациялы еңбектің беделінің сөзсіз көтерілуіне
әсер етеді, осының арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады,
жұмыскерлерге және олардың еңбегінің сапасына деген талап күшейеді.
Еңбек нарығына барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді қатал,
аяусыз түрде іріктеу тән. Ол жалқауларды, әлсіздерді және еңбек етуге
қабілетсіздерді аямайды. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды
қамтамасыз етеді, оның жоғары жылжымалылығына, қозғалысына, ширақтығына
себепші болады, іскерлік пен белсенділікке ынталандырады. Нарықта жұмыс
күшіне сұраным мен ұсыным заңы әрекет етеді, ол еңбекке төленетін ақының
шамасын белгілейді. Бұл жерде жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар
кездеседі. Өзінің жұмыс күшін, яғни еңбек ету қабілетін ұсынушы жұмыскерлер
сатушылар болып табылады. Еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлер жұмыс күшінің
сатып алушылары болады. Бір сөзбен айтқанда, еңбек нарығын мойындау жұмыс
күшінің әлеуметтік-экономикалық табиғатын және оның өндіріс құрал-
жабдықтарымен қосылу тәсілін түбегейлі өзгертеді. Қазірде біздің
қоғамымызда жұмыс күшінің тауар табиғаты жөніндегі ғылыми дау негізінен
аяқталды деуге болады. Еңбек нарығының әрекет ету жағдайында жұмыс күші
тауарға айналады, ол оны өндіріс құрал-жабдықтарымен қосу нарықтық тәсілмен
сату, сатып алу арқылы жүзеге асады.
Егер де жұмыс күші тауар болса, онда оның құны туралы сұрақ туады.
Ол қалай анықталады және қазіргі оның шамасы қандай ? Жұмыс күшінің құны,
оны қайта өндіруге қажетті өмір сүру құралдарының құнымен анықталады.
Әзірше, дүние жүзінің көптеген елдеріне қарағанда біздің елімізде адамның
еңбегі, оның жұмыс күші төмен бағаланады. Мысалы, Швейцарияда бір сағаттық
еңбек – 30, Францияда – 15, Германияда- 28, Австрияда -22 доллар тұрады.
Біздің есебіміз бойынша бұл көрсеткіш қазіргі таңда Қазақстанда орта
шамамен 0,10 доллар (әрине бұл арада инфляцияның деңгейін ескеру қажет)
құрайды.
Еңбек нарығы барынша күрделі және жетілмеген нарық түрі болып
табылады. Өзінің жұмыс күшін ұсынатындар әдетте олар еңбегіне деген
сұранымнан хабарлар бола бермейді, олар тіпті өздерінің тұратын қала
шеңберіндегі бос жұмыс орны туралы да білмейуі мүмкін. Ал басқа
аймақтардағы жұмыс орны туралы одан да аз біледі.
Бәсекелік еңбек нарығында еңбекке сұраныстық қисық сызығының еңкеюі
теріс бұрышты болады: жалақының жалпы дәрежесі өскен сайын еңбекке сұраныс
төмендей түседі. Көлденең білік — еңбектің саны, тік білік — жалақының
ставкасы Еңбек ұсынысы қисық сызығының оң еңкею бұрышы болады, жалақының
жалпы дәрежесінің өсуімен бірге еңбек ұсынысы өсіп отырады. Жұмысшы күшіне
сұраныс, жиынтық сұраныспен есептесе отырып, тауарлар мен қызметтер өндіру
үшін, тиісті квалификациясы бар жұмыскерлердің белгілі санымен, жұмыс
берушілердің жалдауға қажеттіктерімен белгіленеді. Жұмысшы күшінің ұсынысы
еңбекке қабілетті жастағы адамдардың өздерінін қабілеттерін әдеттегіндей
ұдайы өндіру керек қажеттіктермен және жиынтык экономикалық ұсыныспен
есептесе отырып, жақсы хал-жағдайды қолдап тұруға жеткілікті қажеттіктермен
белгіленеді. Сұраныс та, ұсыныс та әр түрлі факторлардың әсерімен
қалыптасқан баға дәрежесімен, шығындармен, жалақымен, еңбек өнімділігімен,
адамдардың санымен, жұмыскерлердің квалификациялық — мамандық құрылымымен,
несие-қаржы, салық, заң жүйесімен, кәсіподақтардың, мәдени, діни және басқа
ұйымдардың қызметгерімен қалыптасады. Сұраныс пен ұсыныстың қисық
сызықтарының қиылысуы жалақының тепе-тендік дәрежесін көрсетеді де
жалақының осы дәрежесінде экономикада толық жұмыспен қамту байқалады:
еңбекке сұраныс еңбек ұсынысына тең.
Жетілген бәсеке жағдайында жалақының тепе-теңджік дәрежеден ұзақ
мерзім бойы ауытқуы мүмкін емес. Жалақының шамамен тепе-теңдік дәрежеден
артық өсуі фирма жағынан еңбекке сұранысты төмендетеді. Сонымен бірге
жұмыскерлер жағынан еңбек ұсынысын өсіреді. Мұның салдарынан еңбек
ұсынысының артықшылығы пайда болады. Осы арқылы пайда болатын жұмыссыздық
жалақы мен оның тепе-теңдік дәрежесінің жылжуына ықпал етеді. Жалақы осы
дәрежеден төмендеп кеткен болса, керісінше процесс жүреді. Түбінде еңбектің
бәсекелік нарығы еңбекке сұра-ныс пен еңбек ұсынысының жалпы тепе-
тендігімен және жалақының тепе-тендік дәрежесімен сипатталады.
Еңбек нарығы монопсониямен (олигопсониямен) сипатталуы мүмкін. Бұл
жағдайда ұсыныс жағында тек жалғыз (немесе бірнеше) фирма жұмыс беруші
болады. Бұнда жалақы ставкалары осы фирма - монопсонистің шешіміне өте
елеулі дәрежеде тәуелді болады. Кәсіподақтардың маңызды рөліне байланысты,
еңбек нарығының юнионизациялану дәрежесі жоғары болуы мүмкін. Осы жағдайда
кәсіподақтар болып ұйымдасқан жұмыскерлердің жекелеген топтары жалақының
нақты көлемін оның тепе-тендік дәрежесінен арттыра алады. Бұл көп емес
жағдайда еңбек нарығында негативтік өзгерістер тудырады. Бұған жатпайтын —
моноп-сониялық нарық. Бұл нарықта кәсіподақтар жалақы көлемінің өсуімен
бірге жұмыспен қамту дәрежесін де өсіре алады.
Дамыған елдердің көбінде заң жүзіңде жалақының минимумы белгіленген.
Бұның мақсаты — кедейліктің дәрежесін төмендету және төмен квалификациялы
жұмыскерлердің хал-жағдайын қолдау.
1.2 Еңбек ұсынысы теориясы
Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осында құратын
элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға
психофизиялогиялық, әлуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық
қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне,
мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және
еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың барлық
түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің
формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы.
Еңбектің бағасы-ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тірішілік
дәрежесінің, әлуметтік мәртебенің, жұмыскердің, және оның отбасының аман-
есендігінің бағасы, құны болып табылады. Сондықтан еңбек нарығы
категориясын зерттеп талдағанда адамгершілік элементтер барын, олардың
көлеңкесінде жанды жаны бар адамдар бар екенін естен шығармау қажет.
Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы
бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-
біріне етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар
нарықтың агенттері,-еңбек нарығында өзара қатнаста болады. Сондықтан еңбек
нарығы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономикалық агенттердің
арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі
және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып
табылады. Еңбек нарығының қызметтері қоғам өміріндегі еңбектің рөлімен
белгіленеді, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың өте маңызды өндірістік
ресурс болып табылады. Осыған сәйкес еңбек нарығы басты екі қызмет
атқарады. Әлуметтік функцияға адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс
халының әдеттегідей дәрежесінің қамтамасыз етілуі және жұмыскерлердің
өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеде ұдайы өндіруінің қамтамасыз
етілуіжатады. Еңбек нарығының экономикалық функциясына еңбекке рационалды
тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады. Еңбек нарығы
бірсыпыраынталандыру функцияларын атқарады, олар бәсекелестік қабілеттің
күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуінге, квалификацияның
жоғарлауына, еңбеккке ынтаның өсуіне квалифик ацияның жоғарлауына,
мамандықты ауыстыруға т.б. мүмкіндік тудырады.
Бәсекелік еңбек нарығының классикалық үлгісінің негізін мынадай
принцептер құрайды: фирмалардың ынталарын бейнелейтін және еңбекке сұраныс
жасайтын жұмыс берушілердің көп болуы жұмысшы күшіне иелік ететін және
оның ұсынысын жасайтын жұмыскерлердің көп болуы. Еңбек нарығында
субъектердің тәртібі рационалды болады, олардың мүдделеріне жетуді және
пайда табуды көздегенімен білгіленеді. Олар үшін еңбек нарығында еркін
әрекет жасауына елеулі кедергілер болмайды.Жұмыс берушілер ұсынатын жұмыс
орындары және жұмыскерлер ұсынатын жұмысшы күші біркелкі болады. Жұмыспен
қамтудың саны мен көлемі жұмыскерлер санымен өлшенеді.
Икемді нарықтық механизмі баға арқылы жүзеге асырылатын еңбек нарығы,
жетілген бәсекелік нарығы болып сипатталады. Осындай нарықта жекелеген
жұмыс берушілер, жекелеген жұмыскерлер жалпы нарықтық ситуацияға әсер ете
алмайды: жалақының тепе-теңдік ставкалары жекелеген фирмалардың немесе
жұмыскерлер топтарының әрекеттеріне тәуелді болмайды, олар жалпы
конъюнктурамен, яғни нарықтық процестің барлық мүшелерінің жалпы озара
әсерлерімен белгіленеді.
1.3 Еңбек нарығын реттеудің шетелдік тәжірибесі
Әлем елдері экономикаларының бәсекеге қабілетті болуының басты
алғышарты болып ғылыми-технологиялық прогрестің кең етек жаюы табылады. Осы
бағытта жүргізілетін экономикалық саясат дүниежүзі елдерінің кез-келгені
үшін маңызды. Әсіресе, экономика саласында бәсекеге қабілеттілікті арттыру
бұрынғы кеңес одағы құрамында болған елдер үшін, сондай-ақ дамушы елдер
үшін өзекті болып отыр. Атап айтсақ, біздің еліміз үшін отандық тауарларды
әлемдік нарыққа шығару және тауар өндіру мен қызмет көрсету салаларында
еліміздің барлық аумақтары мен қалаларының бәсекеге қабілеттілік
артықшылықтарын сақтап қалу басты мақсат болып табылады. Баршаға мәлім
болғандай, бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда еңбек өнімділігінің
тұрақты өсуі аса маңызды рөл атқарады, ол өз кезегінде капиталдың алғашқы
қорын жинап алу мен келешекте ұлттық экономиканы капитализациялаудың қайнар
көзі болып табылады. Еңбек өнімділігінің артуы нәтижесінде капиталдың
қайтарылымы өседі, материалдық жабдықтардың қолданылуы төмендейді және
қосымша құн артады.
Қазіргі таңда әлемнің көптеген дамыған елдерінде, атап айтсақ,
Ұлыбританияда еңбек өнімділігін арттырудың басты факторы болып тәжірибе,
білім және шығармашылық потенциал есептеледі. Ал Қазақстан үшін адами
капиталды интеллектуализациялау және еңбек өнімділігін арттырудағы тәжірибе
жинау әлі де кенже қалып отыр. Сол себепті де еліміздің барлық аумақтары
үшін бұл мәселе аса өзекті болып табылады. Американдық ғалым, М.Портердің
сөзімен айтатын болсақ, шикізат ресурстары мен басқа да материалдар
қолданылатын өндіріс орындарында басты назар тауар сапасын жақсарту мен
еңбек өнімділігін немесе капиталды арттыруға аударылады.
Кесте 1 - Әлем елдері бойынша ақша күйіндегі еңбек өнімділігінің 2007-
2009 жж. аралығындағы өсу динамикасының есеп айырысу көрсеткіштері
Елдер 2007 жыл 2008 жыл 2009 жыл
Австрия 2,40292 2,43742 2,34534
Ұлыбритания 1,58191 1,54802 1,38231
Германия 1,26823 1,27384 1,27080
Ирландия 2,24689 2,32459 1,86162
Испания 1,83925 1,88690 1,75646
Қазақстан 2,40431 2,67866 3,12232
Қытай 1,18198 1,16617 1,32151
Корея 1,21335 1,16478 1,05965
Ресей 2,85397 3,15451 3,05652
АҚШ 1,76277 1,76774 1,76198
Франция 1,93125 1,90867 1,25063
Швеция 2,43082 2,45671 1,98054
Швейцария 1,47978 1,49383 1,29860
Жапония 2,11323 2,11781 1,97478
Осылайша, еліміздің аумақтарындағы бизнестің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру еңбек өнімділігін арттыру мен тауар сапасын жақсартуға келіп
сағады. Яғни, олар - ел экономикасын бәсекеге қабілетті етуге әсер ететін
негізгі факторлар. Нарықтық қатынас жағдайында тауар мен қызмет бағасы
осыларға тәуелді болады. Бұл дегеніміз, макроэкономикалық деңгейде ішкі
және сыртқы бағалар бойынша еңбек өнімділігін есептеу бойынша тауар мен
қызметтің бәсекеге қабілеттілік деңгейін өлшеуге болады. Яғни, бір ғана
фактор – еңбек өнімділігін қолдану арқылы ғана. Жалпы айтқанда, нарық тауар
құнын анықтайды және сол арқылы еңбек өнімділігінің деңгейі мен сапа құны
бағаланады.
Еңбектің капиталмен қарулану деңгейі – екінші маңызды көрсеткіш. Ол
бір жұмысшының ақша күйіндегі негізгі капиталмен қамтамасыз етілу деңгейін
анықтайды. Еңбектің капиталмен қарулану деңгейі негізгі капитал мен
экономикадағы жұмысбастылар саны қатынасымен анықталады. Жұмысшының жоғары
технологиялық жабдықтармен, берік те әсем ғимараттармен және осы күнгі
техникамен қамтамасыз етілуі – еңбек өнімділігінің өсуіне басты алғышарт
және жұмысшылардың кәсіби деңгейін көтеруіне ынталандырушы күш. Бұл
индикатор жеке кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне экономикалық баға
беруде сондай-ақ елдің, оның аймақтарының даму деңгейін анықтауда аса
маңызды.
Әлем елдері үшін ғаламдық бәсекеге қабілеттілікті арттыруда маңызды
мәселеле болып капиталды тауар мен қызмет өндірісіне салу емес, оны
еңбектің капиталмен қарулану деңгейін арттыру мақсатында салу және сол
арқылы өндіріс үдерісінде өндірілген тауар бірлігіне кететін еңбек үлесін
азайту табылады. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш әлем елдерінің ұлттық
байлығының басты индикаторына айналып отыр.
Жаңа техника мен жоғары технологиялар негізгі капиталдың негізгі
құраушылары бола отырып, бір жағынан адам қара күшін алмастырып, еңбекті
жеңілдетіп, еңбек өнімділігін қамтамасыз етсе, екінші жағынан бір жұмыс
адамына есептегендегі өндірілген өнім құнындағы негізгі капитал үлесі
(еңбектің капиталмен қарулануы) артады. Көптеген жағдайларда еңбектің
капиталмен қарулану деңгейінің артуы жұмысшылардың кәсіпқойлық деңгейінің
артуына әкеледі. Өйткені жоғары технологиялар өндірісте жұмыс істейтін
адамдардың ой-жүйелік мүмкіндіктерінің дамуына көмектеседі. Сол себепті де
еңбек пен негізгі капитал біріге отырып, тауар мен қызмет көлемінің артуына
көмектеседі. Бұл жерде, сондай-ақ өндірілетін өнім сапасы да сөзсіз артады.
Нәтижесінде еңбек адамының бос уақыты артады.
Қазірдің өзінде дамыған елдерде жұмыс аптасы 25-30 сағатқа дейін
қысқарған, мысалы үшін Жапонияда жұмыс уақытының, экономикадағы жұмысбасты
халық үлесінің қысқару үрдісі байқалуда. Ал жұмысбасты халықтың бос
уақыттарының өсуі еңбек бағасы мен оның өнімділігі есебінен толтырылады.
Еңбек өнімділігі – жалпы ішкі өнім көрсеткіштерін экономикадағы
жұмысбастылыр санына бөлгенге тең. Жалпыға ортақ тұжырым – ол бизнестің
бәсекеге қабілеттілігін дамытуда капитал мен еңбек өнімділігінің өсуі үлкен
маңызға ие. Еңбек өнімділігі - капиталдың алғашқы жиналымының және алдағы
ұлттық экономика капитализациясының қайнар көзі. Еңбек өнімділігінің артуы
өнімнің бір данасына есептегенде капитал қайтарылымының өсуіне, материалдық
қолданыстың азаюына және қосымша құнның ұлғаюына ықпал етеді, ЖІӨ, ЖҚҚ және
т.б.
Экономиканың дамуындағы басты алғышарты – еңбек өнімділігінің артуы
болса, еңбек өнімділігінің арттыруда еңбектің капиталмен қарулану
деңгейінің жоғары болуы аса маңызды. Бірақ бұл әлі күнге дейін барлық
зерттеушілермен ескеріле бермейді. Еңбек өлшемі бойынша да ақша өлшемі
бойынша да еңбектің капиталмен қарулануы тек қана ресми статистикамен жоққа
шығарылмайды, сондай-ақ экономикалық категория экономика оқулықтарында да
сирек кездеседі. Олардың көпшілігінде тіпті еңбектің каиталмен қарулануы
деген ұғым бола бермейді.
Әлем елдері ішінде экономика қарқыны бойынша алдыңғы қатарды иеленетін
АҚШ пен Жапониядағы еңбек өнімділігі көрсеткішіне байланысты, американдық
экономист М.Р.Байе 90-жж. басында Жапонияның еңбек министрі американдық
жұмысшыларға кері баға беріп, оларды еңбек құмар емес деп атағаны туралы
жазады. Fortune журналында жарық көрген мәліметтерге сүйенсек, Honda
компаниясы Civic маркалы көліктер жасап шығаруға небәрі 10,9 сағат жұмыс
уақытын жұмсаса, ал Escort маркалы көлікті жасап шығару үшін американдық
Ford корпорациясы 16 сағат уақыт кетіреді екен. Әрине, жапон министрі
тарапынан тағылған мұндай айып General Motors, Ford және Chrysler
акционерлерінің алаңдатушылықтарын туғызды. Алайда, американдық автомобиль
өнеркәсібінің тиімділігіне күдік тууынан қорыққан менеджерлер Automotive
News журналында жарық көрген мақалаға сілтеме жасап, акционерлерлді
тыныштандырды. Бұл мақалада құжаттармен расталған деректер көрсетілді. Ол
бойынша, автомобиль жасау саласында қызмет ететін американдық жұмысшыларға
барлық қосымша жеңілдіктерді қоса есептегенде сағатына бар-жоғы 16 долл.
еңбекақы төленетіні көрсетілген. Ал бұл көрсеткіш Жапонияда - 18 долл. тең.
Бұл жерде келтірілген сандық көрсеткіштер автомобиль жасап шығару үшін
Honda компаниясы 10,9 жұмыс уақытын, ал Ford корпорациясы 16 сағат уақыт
жұмсайды дегенді білдіреді. Бұл көрсеткіштер автомобиль зауытындағы жұмыс
уақыты ұзақтығын (бір жұмыс күшінің) шығарылған автомобильдердің жалпы
санына (өнім көлемі) бөлуден шығып отыр. Яғни, келтірілген сандық
көрсеткіштер көлік саласындағы американдық және жапондық жұмысшылардың (екі
компания бойынша) орташа өнімділіктерінің кері шамасы болып табылады.
Орташа еңбекақы автомобиль жасау саласындағы американдық жұмысшылар үшін
сағатына 16 долларды құраса, Жапонияда ол - 18 доллар. Егер де екі елде
ұқсас өндірістік технологиялар қолданылып, капиталды пайдаланудағы шығындар
мөлшері бірдей деп пайымдайтын болсақ, онда Жапониядағы еңбекақының
жоғарылығын ескере отырып, бұл елдің компаниялары еңбекті капиталмен
ауыстыруға мәжбүр деген тұжырым жасауға болады. Басқаша айтқанда, жапондық
автомобиль шығарушылар жұмысшылардың аз санын қолданып, олардың еңбек күшін
қосымша капиталмен алмастырады. Бұл еңбекақыдағы айырмашылықтармен
түсіндіріледі. Осылайша, жапондық компаниялар американдық әріптестерімен
салыстырғанда аз жұмыс күшін пайдаланып, қосымша капиталды көбірек
пайдаланады. Яғни, капиталмен қаруланудың жоғары деңгейі еңбек ақының
өсуіне ықпал етсе, ал бұл фактор өз кезегінде еңбек өнімділігінің артуына
әкеледі. Американдық М.Р.Байе еңбегінде жапондықтар мен американдық
жұмысшылардың еңбек өнімділігін салыстыру барысында жапондықтар бар-жоғы
10,9 сағат жұмсаса, американдық әріптестері 16 сағат жұмсайтыны айтылады.
Бұл көрсеткіштер автомобиль зауытындағы жұмыс уақытының жалпы ұзақтығын
(еңбек бірлігі) шығарылған машиналардың жалпы санына (өнім көлемі)
бөлгеннен шығып отыр.
Сондай-ақ,екі ел жұмысшыларының еңбек өнімділігіне талдау жасай келіп,
Жапонияның еңбек министріне қарама-қарсы шынымен де жапондықтар өз
жұмысшыларының еңбекқор болмау кемшілігін капитал үлесі мол технологияны
қолдану арқылы толтырады ма ? деген сұрақ қоюды жөн санайды.
Кесте 2 - Еңбек төлемі өнімділігінің өсімін факторларға жіктеу: еңбек
төлемінің капиталмен қарулануы және капитал тиімділігінің нормасы
Еңбек Еңбек төлемінің Капитал Екі фактордыңБақылау,
төлемі капиталмен тиімділігі бірлескен барлық өсімq,
өнімділігқарулануының нормасының ықпалының %
інің үлесі - q-дағы hүлесі - q үлесі, %
өсімі - , % –дағы E,%
q, %
Дамыған елдер тобы, 17000 АҚШ долл. (50)
2009 100,0 54,1 48,8 -2,9 100,0
2008 100,0 60,5 41,9 -2,5 100,0
2007 100,0 80,3 20,8 -1,1 100,0
Жапония
2009 100,0 48,9 55,2 -4,1 100,0
2008 100,0 45,4 58,8 -4,2 100,0
2007 100,0 43,9 60,7 -4,6 100,0
Қазақстан
2009 100,0 81,4 15,3 3,3 100,0
2008 100,0 69,5 22,5 8,0 100,0
2007 100,0 46,4 42,9 10,7 100,0
Ресми ақпарат көздеріне сай, жапондық фирмалар елдегі демографиялық
жағдайды жақсарту үшін жұмысшылардың жұмыс уақыттарын арнайы кемітіп
отырғаны мәлім. Әрине, Жапонияға қоғамның қартаю үдерісі тән. Әрине,
жоғарыда қарастырылған экономикалық индикаторлардың өзара тәуелділіктерін
Жапония мысалынан көрдік, яғни, жұмысшылардың капиталмен қарулану деңгейі
жоғары болуы есебінен, олардың еңбекақылары да жоғары, сондай-ақ олардың
еңбек өнімділігі де үлкен.
Ал еңбек өнімділігінің үлкен болуы адам басына шаққандағы ЖІӨ
мөлшерінің өсуіне әкеледі. ЖІӨ көрсеткіші елдің бәсекеге қабілеттілік
деңгейінің бірден-бір айнасы деп айтуға болады.
2 Еңбек және табыстарды бөлу теориясы
2.1 Жалақы. Жалақының орташа және төмен деңігейі
Еңбекақы– еңбек құнының (бағасының) ақшалай өлшемі Қазақстан
Республикасының аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономикаға көшу
кезінде минималды деңгейдегі еңбек ақыны мемлекет кепілдендіреді және
жоғрғы деңгейдегі еңбек ақыға шек қойылмайды. Бұл еңбекті материалды
ынталандырудың және еңбек өнімділігін арттырудың басты құралы болып,
қоғамдық өндірісті тиімді дамытуға мүмкіндік етеді.
Жалақыны дифференциялау және оның принциптері:
Еңбек ақы деңгейі халық шаруашылығы саласына көбірек өзіндік
ерекшелігімен айқындалады, ол бес принципке негізделеді.
Бірінші принцип, еңбектің күрделігі. Күрделі білітілікті
(квалиффикацияланған) еңбек жай еңбекке қарағанда молдау құрайды және оған
еңбек ақы жоғары болуы тиіс.
Екінші принцип, еңбек жағдайына қарай жіктеу. Еңбек жағдайы жеңіл және
ауыр: қалыпты және зиянды болуы мүмкін. Сондықтан қалыпты жағдайда еңбек
еткендерге қарағанда, ауыр әрі зиянды жұмыс істейтіндер жалақыны көп алуы
керек.
Үшінші принцип, еліміздің дамуын байқататын экономиканың ең қажетті
салаларында басқаларына қарағанда өсім мен ақы төлеу жоғары болады.
Төрінші принцип, экономикалық аудан мен аймақтың табиғи – климаттық
жағдайының өзгешелігімен байланысты. Еңбек ақыға әртүрлі экономикалық
аймақтарда аудандық коэффициент белгіленіп, жалақыға қосымша түрінде
қосылады.
Қазақстан Республикасының бұл коэффициент 1.15-ті құрайды. Демек,
елімізде барлық салаларда жұмыс істейтіндер жалақысына 15 % қосымша қосып
алады. Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 9-шы қаңтардағы Қазақстан
Республикасы экономика саласындағы жұмысшыларға еңбек ақы төлеу туралы
қаулысына сай, жалақыны есептегенде қолданып жүрген салалық аудандық
коэффициенттер размері сақталады.Таулы, құмды және сусыз жерлердегі жұмыс
үшін, экономикалық келенсіз аймақта тұратындарға коэффициенттер сақталады.
Бесінші принцип, жұмыскер өзі еңбек ететін жердегі және жалпы ұжымның
еңбек нәтижесімен байланысты.
Еңбекақы ұйымдастырудың негізгі принциптері тарифтік жүйеде
белгіленген. Еңбек сыйпатының сандық және сапалығын есепке ала отырып,
тарифтік жүйеге тарифтік-квалификациялық анықтама. Тарифтік сетка және
тарифтік өсім енеді.Тарифтік– квалификациялық анықтамаға шаруашылық
саласының көптеген жұмыс түрлерінің сипаттамасы мен тізімі кіреді. Жұмыстың
барлық түрі күрделілігіне қарай разрядқа бөлінеді және жұмыс атқарушының
білімі мен орындау іскерлігіне талапатар көрсетеді.
Тарифтік сетка кез келген салада маман еңбегінің біліктілігінің арасын
айқындауға қызмет етеді. Сетка белгілі сандық разрядтан тұрады және оған
сай келетін коэффициенттер болуы керек [7, 216б].
Тарифтік ставка жұмыскердің разрядқа байланысты уақыт өлшемінде
(сағат, күн) еңбек ақы размерін айқындауға қызмет жасайды.
Тарифтік коэффициент әртүрлі разрядтың ставкасы қанша ретке өскендігін
1-ші разряд ставкасымен салыстыра көрсетеді.
Ескерту:
- жұмысшыларға разряд дипазоны 1-ден 8-ші разряд арасында;
- мұғалімденрге 6-дан 13-ші разряд арасында;
- жоғары оқу орындарындағы оқытушыларға 11-ден 21-ші разряд
арасында.
Үкіметтің 1996 жылғы 9-шы қаңтардағы Қазақстан Республикасы экономика
саласындағы жұмысшыларға еңбек ақы төлеу туралы Қаулысында 1996 жылы
қаңтардан бастап біркелкі тарифтік сетка (БТС) ендірілген.
Халық шаруашылығындағы жұмысшы және қызметкерлерге кәсіптік –
біліктілік топтар (разрядтар) бойынша біркелкі тарифтік сетка (БТС)
қолданылады.
Қаулыда еңбек ақының минималды мөлшері көрсетілген. Жұмыс беруші
жімыскерге одан төмен төлемеуі керек. Біркелкі тарифтік жүйенің (БТЖ)
бірінші разрядының ставкасы осы минимумды көрсетеді.
Мемлекеттік емес кәсіпорында тарифтік ставканы, тарифтік коэффициентті
және лауазымды қызметкердің айлығын кәсіпорын өз шешімімен белгілейді.
Мемлекеттік тарифтік жүйе жұмысты тарификациялау процесінде жай бағыт
сілтеу үшін керек, және әртүрлі біліктіліктегі (квалификациядағы)
жұмыскердің минималды жалақысын белгілеуге қажет:
Қазіргі кезде барлық әлемдік қауымдастық елдерінде жалақының негізінен
екі түрі қолдаылады: мерзімді және кесімді. Біздің елдің жағдайында олардың
әрқайсысы жүйелерге жіктеледі [10, 108б].
Мерзімді жалақы нақты істелген жұмыс уақытының шамасынас байланысты
төленеді.
Кесімді жалақы қажетті сапада шығарылған өнімнің мөлшеріне қарай
төленеді. Жұмыскерлердің еңбегін нормалау мен есептеу қиынға түскенде
мерзімді жалақыны қолданылады. Шығарылған жеке өнім (табыс) жұмыскердің
өзіне ғана емес бүкіл технологиялық процеспен (мысалы, химиялық тұтқаның
операторы, ашытқаны шығаратын оператор т.б.) байланысты болғанда мерзімді
жалақы қолданылады. Мерзімді жалақы инженер-техник жұмыскерлерге,
қызметкер, краншы, электрик, наладчиктер т.б. төленеді.
Өнімнің сандық мөлшерін өндірістік бөлімше мен операцияларда ұлғайту
қажет болғанда кесімді жалақы ендіріледі.
Номиналды жалақы – жұмыскердің өзінің еңбегіне алатын ақшалай сомасы.
Жұмыскер өзінің номиналды жалақысына бүгін және ертең қандай тауарды,
қызмет көрсетуді қандай мөлшерде жасай алуын нақты жалақыға жатқызамыз.Осы
құбылыс нарыққа өту кезінде және қарқынды инфляцияда қатты сезіледі. Егер
ақшалай (номиналды) жалақы өспесе, баға өссе, онда ол жалақыны төмендетумен
пара-пар. Осындай құбылыс тарспорт қызметіне, байланысқа, тұрғын үй-тұрмыс
қызметіне баға өскенде және салық өскенде болады.
Кесте 3- Еңбек ақының түрі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz