Технология сабақтарында оқушылардың білімі мен ептіліектерін есепке алу мен тексерудің теориялық негіздері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Жасампаздық стратегиясы атағына ие болған «Қазақстан - 2030» жас ұрпаққа талаптарға сай тәрбие мен білім беруді мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар, типтік бағдарламалар, ұлттық бірыңғай тестілеу қоғам талаптарына сай деңгейде болуын міндеттейді, ұстаздарға айырықша жауапкершілікті нақтылайды. Сондықтан, кәсіпке баулуды ұйымдастыру формалары педагогика тарихында ең даулы проблема болып отыр. Осыған сәйкес, оқыту - тәрбие жұмыстарын тұтас жүйе деп есептеп, ұстаздардың алдына саналы тәрбие, сапалы білім беру технологияларын жетілдіруді міндеттейді. Сонымен қатар, қазіргі заман талабына сай әрбір оқытушы өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек.
Курстық жұмыстың мақсаты - білім, ептілік, дағдыны тексерудің яғни бағалаудың тəрбиелік маңызын ескере отырып, дұрыс есепке алу, бағалау мəселелерін теориялық тұрғыдан қалыптастыру.
Курстық жүмыстың міндеттері:
- Технология сабақтарында оқушылардың білімдерін, ептіліктерін бақылау және тексерудің критерийлерін және еңбек тәсілдерін дұрыс ұйымдастырудың теориялық негіздерін қарастыру;
- Технология сабағын өткізудегі арнайы білімдері мен ептіліктерін қалыптастырудың әдістемесін карастыру;
- Технология пәні оқытушысының арнайы білімі мен ептілігін қалыптастырудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелерді сабакта ұсыну және оның тиімділігін тестілеу барысында тексеру.
Жас ұрпаққа қоғам талабына сай білім беретін технология пәнінің мамнандарының сабақ барысында әрбір оқушының білімі мен ептіліктерін бағалау негізінде сабақ өткізу маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. Технология сабағын өткізудегі көптеген білім мен ептілікті тексеру, бағалау әдістерін білу және зерттеу оны сабақ барысында дұрыс қолдана білу, әрбір болашақ технология пәнінің мұғалімдерінің міндеті.
1 ТЕХНОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІ МЕН ЕПТІЛІКТЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ТЕКСЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білім мен ептілікті бақылау және тексерудің маңызы
Білімдену процесінің ажырамас бір бөлігі диагностика болып табылады. Диагностика жәрдемімен белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы анықталып барады. Ол болмаған жерде дидактикалық процесті тиімді басқару мүмкін емес. Диагностика - бұл дидактикалық процестің нәтижесін анықтау.
«Диагностика» түсінігінің мәні «білім мен ептілікті тексеру» түсінігімен салыстырғанда едәуір тереңдеу, әрі кең. «Тексеру» - нәтиженің тек көрсеткіштерін ғана анықтайды. Ал диагностикалауда нәтиже өзіне қол жеткізген әдіс - тәсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар - бағытын, ілгерілі не кері қозғалысы анықталады. Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын және жобалауын қамтиды. Диагностикалаудың маңызды бөлігі-бұл қадағалау. Қадағалау-білім, ептілік және дағдыларын игерілу процесіне бақылау қоюды аңғартады. Қадағалау тексерулерден тікелей құралады. Тексеру - бұл білім, ептілік және дағдыларды игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін әрекет - қимылдар жүйесі. Білім, іскерлік, дағдыны тексеру, яғни бағалаудың үлкен тəрбиелік маңызы бар. Дұрыс есепке алу, бағалау,
оқушыларды оқыту жəне тəрбие берудің бірталай мəселелерін шешуде үлкен роль атқарады. Тексеру нəтижесі арқылы оқушылардың теориялық материалдарды қалай игеретіндігін жəне кейбір жұмыс түрлерін орындағанда іскерлік пен ептіліктерге ие болатындығын, сұрақтарды түсіндірудегі қателіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Тек, осы сұрақтардың бəрін анықтағаннан кейін ғана оқытушының оқу процесіне түзетулер кіргізіп, оқушыларға көмек көрсетуіне болады.
Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және есепке алу - оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әртүрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдақ іс - әрекетін басқару болып табылады.
Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы кемшіліктер мен жетістіктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілу деңгейін анықтайды.
Оқушы тақырыпты қаншалықта деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан - жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, сапаларын дамытуға білім, іскерлік, ептіліктегі кемшіліктерін жоюға мүмкіндік алады.
Білім мен ептілікті тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушының өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой - пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.
Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Мектептің, мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді басқару органдары оқушылардың үлгеріміне қарап бағалайды. Мектеп әкімшілігі, қалалық, аудандық, облыстық білім беру ісін басқару органдары, Білім және ғылым министрлігі оқушылардың білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының жетістіктері мен кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын жүргізеді.
Білім алушылардың білімі мен ептіліктерін бақылаудың екі негізгі амалы қалыптасқан. Оның біріншісі, білім алушылардың оқу іс - әрекеттерін ағымдық бақылау, екіншісі, білімі мен ептіліктерін тексеру. Кәсіптік оқыту педагогы сабақты жоспарламас бұрын, ең алдымен білім алушының белгілі бір тақырыптарды меңгеру барысында, немесе еста сақтау, білу, оқу дағдыларын және алған білімдерін түрлі жолдармен қолдану сияқты нәтижелерге қол жеткізуі керектігін анықтап алғаны жөн.
Білім алушылардың білімі мен ептілік деңгейлерін тексеру оқыту үдерісінің құрамдас бөлігі бола отырып, білім алушылардың оқу жұмысын тек қана тексеру емес, тәрбиелік, дамытушылық қызметтерін де атқарады. Ол үшін мына төмендегі элементтер есепке алынуы тиіс:
- білімді қабылдау, ой қорыту, есте сақтау, яғни білім алушыға сабақта берген білімі мен оқулықтардағы теориялық материалдарды өз бетімен меңгеруі деңгейіндегі тексеріс;
- алған білімді ұқсас жағдаяттарда, немесе үлгі бойынша қолдана білу деңгейіндегі тексеріс.
Тексеру мен баға берудің кейінгі кездерде көптеп қолданылып жүргені дидактикалық тесттер арқылы оқыту нәтижелерін анықтау. Оларды жалпылама 3 типке бөліп қарастырамыз:
- есте сақтауға және еске түсіруге тиісті мағұлматтар, фактілер, ұғымдар, заңдар, теория туралы білімдерін тексеру;
- зерделенген материалдарға өз бетімен сыни тұрғыдан баға беру іскерліктерін тексеру;
- алынған мағұлматтар негізінде білімдерін жаңа нақты жағдаяттарды пайдалана білу іскерлігін тексеру.
Білімді тексеруге қойылатын негізгі талаптар:
- тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген ынтасын нашарлатап, білімнің сапасына кері әсер етеді;
- әрбір оқушы өзінің білімін, іскерлік және ептіліктерінің бағаланатынын түсінуі керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрамына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.
- оқушылардың білім, іскерлік және ептіліктері мемлекеттің оқу бағдарламасына сәйкес тексеріледі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау беріп, баға қоймайды.
- оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл - ой дамуына, жеке тұлғаның сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;
- білімі мен ептіліктерін әртүрлі тәсілдер арқылы тексеру;
- байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;
- мұғалімдердің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістері мен тәсілдерін білуге үйретуі;
- бағаның әділ қойылуы;
- оқушының өзін - өзі және басқаны бағалауы;
- бақылау - бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл - күйінің жақсы болуына көмектесуі. Оқушылардың білімін, ептілігін есепке алу мен тексерудің түрлері
Бақылау және тексеру әдістері әртүрлі. Бақылау әдістері, кәсіптік оқыту педагогы мен білім алушының оқу жетістіктері мен үдерісінің тиімділігі жөнінде кері байлынысты қамтамасыз ететін бірізділіктегі өзара байланысқан әрекеттерінің жүйесі деп біліміз.
Бақылау - кең көлемде бір нəрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу əрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың шығармашылық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді. Педагогика ғылымы саласында білім, ептілік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең тараған. Мысалы, ғалым-педагогтар Ю. К. Бабанский, Н. А. Сорокин бақылауды күнделікті, оқтын-оқтын, қорытынды деген пікірлер айтады. Ал Г. И. Щукина - күнделікті, тақырыптық,
оқтын - оқтын, қорытынды жəне емтихан деген көзқарастарын білдіреді.
Күнделікті бақылау - оқыту процесінде күнделікті қолданылады жəне сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық əрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі жəне сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың елесі оқу əрекетіне ықпал етеді. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы жəне жауапкершілік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады.
Тақырыптық бақылау - оқу бағдарламаларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы жəне əрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге, мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мəселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдармен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларыды, ғылыми ережелерді оқушылардың есіне салады.
Қорытынды бақылау - барлы пəндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық жəне тарау бойынша бақылау нəтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық жəне тəжірибелік білімдері анықталады. Сондықтан қортынды бақылаудың негізі емтихан жəне оқушылардың жылдық үлгерімі бағалары болды. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады.
Сондықтан, мүмкіндік бағасының əр қашан объективті болуы маңызды, əйтпесе бағаның тəрбиелік ролі төмендейді. Оқушылардың білімі мен іскерлігін тексеру оқытушыға өз жұмысын бағалауға кемшіліктерді талдауға, жіберілген қателерді уақытында жоюға мүмкіндік береді.
Оқушылардың білімі мен іскерлігін тексеру үшін есепке алудың мынадай түрлері қолданылады:
- күнделікті;
- мерзімді;
- қорытынды.
Күнделікті есепке алу əр сабақта жүргізіледі. Оқытушы оқушылардың материалды түсінуін жəне оны практикада қолдана білуін, өндірістік жəне лабораториялық жұмыстардың дұрыс орындалуын, саймандар мен тетіктерді білуін тексереді. Оқытушы оқушылардың еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтауын, олардың жұмыс орның дайындауын жəне тəртіпте ұстауын, материалдар мен уақытты ұқыпты падалануын бақылайды.
Мерзімді есепке алу тақырыпты немесе бөлімді оқытудың соңында жүргізіледі. Мерзімді есепке алудың элементтерінің бірі - оқушылардың орындаған жұмысын (бұйымын) тексеру жəне бағалау.
Баға бұйымынң сапасын тексеру нəтижесенде оны жасаудағы кейбір операцияларды дəлдікпен жасауын ескере отырып қойылады. Бұйымның қажетті жұмысқа сай келуі де ескеріледі.
Қорытынды есепке алу тоқсаннын немесе жылдың аяғында жүргізіледі. Қорытынды бағалар күнделікті жəне мерзімді есепке алудағы бағалары бойынша қойылады.
1. 3 Оқыту жүйесіндегі білімді бақылау және бағалаудағы немқұрайлықты (формализмді) жою жолдары
Оқушылардың білімін бағалау процесінде күні бүгінге дейін субъективизм (формализм) әлі де бар. Арнайы жүргізілген психологиялық зерттеулердің көрсетуінше, жауап берген оқушылардың 50% ға жуығы «мұғалімдер біздің білімімізді дұрыс бағаламайды, көбіне шын дәрежесінен төмен бағалайды», - деген, ал 10% «артық бағалайды». - деген. Оқушылардың көпшілігі «біздің шамасыз бен біліміміздің сапасына және ондағы таыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы дұрыстау, дәлірек баға беретін мұғалім де, тіпті бірге оқитын сыныптастарымыз емес өзіміз», -деп жауап берген.
Бірақ оқушылардың мұғалім мен басқалардың берген бағасын мән - мағына жағынан өздерінікінен гөрі жоғары санайтыны байқалған. Оқушылардың өзін - өзі бағалауы, бақылауы, түзетуі бір - бірімен тығыз байланысты процестер.
Сондықтан оқушылардың дербестігін, белсенділігін арттыруда мұндай өзіндік әрекеттерге үйрету маңызды мәселе болмақ. Оларды өз жұмыстарының нәтижесін бағалай білуге үйретудің тәрбиелік маңызы зор.
Мектеп пен жоғары оқу орындарындағы баға қоюдың субъектив қателіктері төмендегідей:
- кең пейілділік, орынсыз жомарттық. Баға ретсіз көтеріңкі қойылады;
- оқушыларды бағалаудағы “жомарттықтың” шектен асқан, бүгінгі күнде мектеп тəжірибесінен арылуы қиындық тудырып отырған формасы - “проценттікке” жүгіну (процентомания) ;
- оқушыға болған ұнамды не кері қарым-қатынас күйін бағалауға, бағаға өткізу;
- көңіл-күйге орай баға қоя салу;
- тұрақты да қатаң өлшем-шектердің болмауы (деңгейі төмен жауап үшін мұғалім жоғары не ұнамсыз баға қоя салуы) ;
- орташа бағалау ұстанымында болу (“екілік” не “бестік” бағаларды қоймау) ;
- жүйе тұрақсыздығы (оқытушы көп уақытқа дейін сұрақ жүргізбей, баға қоймай не бір сабақты түгелдей сұрақ қоюмен оқушылар бағасын тізіп салу) ;
- өткендегі бағаға жақындау бағаны қоя салу (мысалы, оқушының өткендегі “екілігінен” кейін оған бірден “бестік” баға беру мұғалім үшін қиын сияқты) ;
- əсіре (ореол) қателігі (оқытушы өзі ұнатқан оқушысына жаман, жек көрген шəкіртіне ұнамды баға қоюда тартыншақтыққа түседі) ;
- баланың тəртібіне қойылатын баға пəн үлгеріміне ауыстырылады;
- бағаны əсіре көтеру не себепсіз төмендету жəне т. б.
Дегенмен, əрқандай бағаны көтере түсу немесе төмендей бағалау негізінде неше түрлі мəн болуы мүмкін. Мысалы, үлгерімі төмен оқушыға көтеріңкі баға қою оған психологиялық қолдау көрсетіп, алдағы оқуда ілгерілеуіне көмектесу ниетінен болуы мүмкін. Сондықтан бағалаудағы субъектив ойдың бəрін бірдей қателікті деп қарастыру дұрыстыққа келмейді.
Үлгермеушілікті болдырмау үшін оқу материалын түсінбеу себептерін анықтау керек.
Үлгермеудің негізгі себептерінің бірі - жұмыс істеу қабілетінің, ынтасының, зейінінің жоқтығы. Егер бұл саналар отбасында қалыптаспаса, онда балаға мектепте оқу қиынға түседі.
Екінші себеп - білімнің жүйесіздігі, жауапкершіліктің төмендігі. Оқушы бұрынғы оқу материалдарын түсінбегенін мұғалім уақытында байқамаса, онда оқушының оқуға қабілеті жеткіліксіз болады. Әдетте мұндай оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіліп, оларға кеңес беріледі.
Үшінші себеп - материалдан мәнді белгілерді бөле алмау, негізгі және негізгі емес мәселелерді ажырата алмау, оқушылардың жаттап оқып, бәрін есте сақтауға тырысуы. Мұндай оқушыларға абстарктілі ойлауларын дамыту үшін талдауға, қорытындылауға жаттығулар беріледі.
Төртінші себеп - пәнге деген қызығушылықтың жоқтығы. Нәтижесінде оқушының зейіні, білімі мен ықыласы төмендейді. Бұл тәжірибесіз мұғалімнің ашу - ызасын тұғызып, түрлі дау - жанжалдарға себепші болады. Оқушыларға талап қою, құрметтеу, оқушының жеке тұлғалық сапаларын ескеру, баланы қызықтыру оның оқу жұмысын белсенді етіп, кемшіліктерін түзетуге ықпал етеді.
Бесінші себеп - оқушының отбасындағы қолайсыз жағдай, құрбыларымен тіл табыса алмау, оқушының оқу жұмысын атқара алмауы, «қиын» балаларға еліктеуі.
2 ТЕХНОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАР БІЛІМІ МЕН ЕПТІЛІКТЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУ МЕН ТЕКСЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1 Оқушылардың білімі мен ептіліктерін есепке алу мен тексеру әдістері
Оқыту процесінде оқушылардың білімі мен ептіліктерін есепке алу мен тексеру оның аса қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген дағдайда оқу - тәбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін мұғалім оқушының оқу материалын игеру дәрежесін, спссы мен көлемін үнемі анықтан отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың сабақтар жүйесінде білім, білік, ептіліктерін есепке алу және тексерудің маңызы ерекше. Тексерудің көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен ептіліктің қалыптасу дәрежесі анықталады.
Білімді бақылау және тексеру ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі: әділдік, жан - жақтылық, жүйелік, жеке - даралық, дифференциалдық және тәрбиелік.
Әділдік, шындық (білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ереже нормасына қатысты) - бұл субъективті факторларды болдырмауды көздейді.
Жүйелік, бірізділік - әрбір сабақ тақырып бойынша оқушылар оқу әрекетінің басқа буындармен байланыстыра қаралып, оқыту процесінің барлық кезеңдерінде бақылау жүргізуді көздейді: түйінді сұрақтар бойынша оқыту нәтижесін қорытындылау, тақырыптық бақылау, сабақтар бойынша балл қою т. с. с.
Жеке-дара қатынас - әрбір оқушының ерекшелігін бағалау (оның қабілеті, бейімділігіғ денсаулығы, оқу әрекеті т. б. ) қарастырылады.
Жан-жақтылықта - бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлігін қамтиды, оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практиқалық білік пен ептілігін бақылауды қамтамасыз етеді.
Дифференциалдық қатынас - әрбір пәннің ерекшелігін, жекелеген бөлімдерін, сонымен бірге оқушылардың жеке - дара қасиетін ескеріп, соған сәйкес бақылаудың әртүрлі әдістері мен мұғалімнің педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді.
Осы айтылған талаптарды орындау, ең алдымен бақылаудың сенімділігін және оқыту процесінде өздерінің алдында тұрған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді, бақылауда әртүрлі қателіктер мен сәтсіздіктердің болмауына кепілдік жасайды.
Оқушылардың білімі мен ептіліктерін тексеру және есепке алу педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады.
Олар мыналар:
- ауызша баяндау (әңгіме, жеке - дара топтық, фронтальдық сұрақ) .
- жазбаша тексеру (диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру) .
- практикалық тексеру (лабароториялық жұмыстар, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу) .
- машиналы бағдарламалап тексеру (профокарталар, бақылау карталарын, дұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану) .
- өзін - өзі тексеру (қателерді болдырмау, оларды түзету, оқудағы өз жетістіктерін бағалау) .
Оқыту процесінде бақылаудың фронталдық. Топтық және дербес формалары қалыптасқан. Олардың тиімділігі - мұғалімнің оны дұрыс ұйымдастыруына байланысты.
Фронталдық бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысында оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық, сезім пайда болады, бір - біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс - әрекетінде әлеуметтік құнды мотивтер қалыптасады.
Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнен тапсырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылартүрлі себептерге байланысты қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан олардың жұмысын ерекше есепке алған жөн.
Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін, іскерлігін, ептілігін жан - жақты, терең анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялы оқыту барысында жақсы нәтиже береді. Дербес бақылауды оқушылар жауабының логикалық бірізділігіне аса көңіл аудару керек.
Оқу процесінде оқушылардың өзін - өзі тексеруі өте қажет. Өзін - өзі тексеру, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін - өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz