Бақылау комитетінің басшылығы, қызметін ұйымдастыру, миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫ, ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ, МИССИЯСЫ, НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ, ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1.1.Бақылау комитетінің басшылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2Бақылау комитетінің қызметін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3.Бақылау комитеттіңмиссиясы, негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

2.БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ НЕГІЗГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1.Бақылау комитетінің негізгі мемлекттік қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2.Мемлекеттік ғылыми.техникалық сараптама өткізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.3.Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау және қатысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

3.БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТАРДЫ НОСТРИФИКАЦИЯЛАУ
3.1.Білім беру саласындағы Лицензиялау мен құжаттарды апостильдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3.2.Білім беру туралы құжаттарды нострификациялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесі- ҚР Президентінің 2004ж. 29 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес комитет ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитетінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды, оған министрліктің бақылау-қадағалау және реттеу функциялары берілді. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет ҚР білім және ғылым министрлігінің құзіреті шегінде білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функцияларды, сондай-ақ оның құзіретіне жатқызылған саладағы бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Комитеттің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар және ол мынадай басқармалардан тұрады:
1) персоналды басқару қызметі (кадр қызметі);
2) әкімшілік және құқықтық жұмыс;
3) білім беру қызметін лицензиялау;
4) ғылыми кадрларды даярлау сапасын бағалау;
5) сырттай бағалау;
6) талдамалық жұмыс және мониторинг;
7) білім беру саласындағы бақылау;
8) аумақтық органдардың қызметін үйлестіру.
1. http://control.edu.gov.kz
2. http://www.edu.gov.kz
3. www.naukakaz.kz
4. www.educontrol.kz

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫ, ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ, МИССИЯСЫ, НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ, ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1.1.Бақылау комитетінің басшылығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2Бақылау комитетінің қызметін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3.Бақылау комитеттіңмиссиясы, негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

2.БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ НЕГІЗГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1.Бақылау комитетінің негізгі мемлекттік қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..15
2.2.Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..18
2.3.Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау және қатысу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

3.БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТАРДЫ НОСТРИФИКАЦИЯЛАУ
3.1.Білім беру саласындағы Лицензиялау мен құжаттарды апостильдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
3.2.Білім беру туралы құжаттарды нострификациялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті мемлекеттік мекемесі- ҚР Президентінің 2004ж. 29 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес комитет ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитетінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды, оған министрліктің бақылау-қадағалау және реттеу функциялары берілді. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет ҚР білім және ғылым министрлігінің құзіреті шегінде білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функцияларды, сондай-ақ оның құзіретіне жатқызылған саладағы бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Комитеттің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар және ол мынадай басқармалардан тұрады:
1) персоналды басқару қызметі (кадр қызметі);
2) әкімшілік және құқықтық жұмыс;
3) білім беру қызметін лицензиялау;
4) ғылыми кадрларды даярлау сапасын бағалау;
5) сырттай бағалау;
6) талдамалық жұмыс және мониторинг;
7) білім беру саласындағы бақылау;
8) аумақтық органдардың қызметін үйлестіру.
Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, Министрдің және министрліктің Жауапты хатшысының бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрықтар мен қаулылар түрінде құқықтық актілер шығарады (мемлекеттік аттестаттаудың және білім беру ұйымдарын тексеру нәтижелері бойынша заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік шаралар қолдану туралы).
Комитеттің және оның аумақтық органдарының құрылымы мен штаттық сандарын Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес Министрліктің Жауапты хатшысы бекітеді.Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

1.БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫ, ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ, МИССИЯСЫ, НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ, ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

1.1.Бақылау комитетінің басшылығы

Нүсіпов Саят Нұрмұхамедұлы - Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы
1967 жылы 3 шілдеде туылған. Білімі жоғары, 1989 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті заңгер - біліктілігін, құқықтану - мамандығын аяқтаған.
Жұмыс тәжірибесі:
2014 жылғы 25 тамыздан бастап ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
2014 жылғы қаңтар тамызға дейін ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі. 2011-2014 жылдары - Астана Innovations АҚ басқару төрағасы.
2010 жылдың ақпанынан 2011 жылғы мамырға дейін - Басқару төрағасы, Инжиниринг және трансферттеу технологиясы орталығы АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
2009 жылдың наурызынан 2010 жылдың ақпанына дейін - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің кеңесшісі.
2008 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың наурызына дейін - Парасат Ұлттық ғылыми-техникалық холдингі АҚ басқару төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы.
2007- 2008 жылдың қыркүйегіне дейін - Самғау Ұлттық ғылыми-техникалық холдингі АҚ-ның басқару төрағасының орынбасары, Жер туралы, металлургия және байыту ғылым орталығы, Ұлттық ғылыми-техникалық ақпараттар орталығы АҚ-ның директорлары Кеңесінің төрағасы, Ғылым қоры АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі.
2003-2007 жж. - Зияткерлік меншік ұлттық институт РМҚК Қазақстан Республикасы Заң министрлігі зияткерлік мен-ік құқығы жөніндегі комитеті, институт директоры. 2001-2003жж. - Републикалық инновациялық қор ЖАҚ Алматы қ., департамент директоры.
1999-2001жж. - Зияткерлік меншікті басқару орталығы ЖАҚ Алматы қ., президент.
1998-1999 жж. - Патенттік операциялық қор ҚҚ, Алматы қ., президент.
1996-1998жж. - Қаржы-инвестициялық компания GML International Ltd (Ұлыбритания) Алматы қ., Қазақстан Республикасының өкілеттік жетекшісі.
1993-1996 жж. - Сыртқы экономикалық компания Германиядағы Қазақ Сауда үйі Майнадағы Франкфурт қ. - Алматылық филиалының директоры.
1991-1993жж. - С.М.Киров атындағы Қазақ еңбек қызыл ту орденының иегері мемлекеттік университет, халықаралық құқық кафедрасы, Алматы қ., ассистент.
1989-1991жж. - ҚазССР ҒА-ның Философия және құқық институты, мемлекеттік құқықтық мәселелер және халықаралық байланыс мәдениеті бөлімі - аға лаборант.
Өңдеуге қатысқан: ҚР инновациялық даму бағдарламасы; өнеркәсіптік меншік сақтау жөнінде ҚР заңнамасына өзгерістер енгізуге;
2007-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Бағдарламаның даму патенттік жүйесін әзірлейтін жұмыс тобына жетекшілік еткен; ғылыми-техникалық жобаларды қамтамасыз етудің петенттік-құқықтық қағидаларын әзірлейтін жұмыс тобының жетекшісі; ҚР зияткерлік меншік саласындағы нормативтік-құқықтық базасын жинау және талдау тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысының жетекшісі; АҚШ қор нарығында оқытушы-өнертанушылардың ұлы зияткерлік меншіктерінің шығарылуын ұйымдастырған.
2004 жылы зияткерлік меншік саласындағы Көшбасшылығына диплом берілген (Мальта). Евразиялық патенттік ұйымының (Мәскеу,2004), Европалық Патенттік Академиясының (Мюнхен,2005), Дүниежүзілік зияткерлік меншік Академиясының (Вашингтон, 2006) сертификаттарының иегері. Австрияның Вена қаласындағы Халықаралық университетінің құрметті профессоры. Еуропалық ғылыми зерттеулердің менеджерлері ассоциациясы және әкімшіліктердің сертификатталған менеджері (Будапешт). Дүниежүзілік Бас Ассамблеяда зияткерлік меншік ұйымында Локарн Одағының Төрағасы болып тағайындалды (Женева). Бағалы заттармен марапатталған - атаулы қол сағат (ҚР Әділет министрінің 08.12.04 ж. № 404 бұйрығымен), Еуропалық Бизнес Ассамблеясының Біріккен Европа белгісімен , Ұлыбритания, Оксфорд қ. (2007), Қазақстанның қоғамдық бірлестіктерінің алғыс және құрмет дипломдарымен, Астананың 10-жылдығы мерейтой медалімен (2008), Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл медалімен марапатталған.
Ахметов Әлтаир Амангелдіұлы -Төраға орынбасары
1979 жылда туылған.
Білімі:
2014 жылы - Бирмингем университеті (Ұлыбритания), мемлекеттікбасқару магистрі.
2000 жылы - Қазақ гуманитарлық-заң университеті, Құқықтану мамандығы.
ғылыми дәрежесі - заң ғылымдарының кандидаты.
Еңбек тәжірибесі:
2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасы орынбасары;
2011 жылы (наурыз-қараша) - Қазақстан Республикасы Президенті ішкі саясат бөлімінің кеңесшісі;
2008-2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Канцеляриясының кеңесшісі;
2006-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі әлеуметтік-саясаттық бөлімінің сектор меңгерушісі;
2005-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі әлеуметтік-саясаттық бөлімінің бас сарапшысы;
2004-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі жұртшылығымен байланыс бойынша және баспасөз бөлімінің бас сарапшысы;
2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі конфессия аранды қатынастар бойынша бөлімінің референті;
2000-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлгі заң бөлімінің референті, атташесі.
Бөлебаева Ләззат Қайдирбекқызы - төрағаның орынбасары
Бөлебаева Ләззат Қайдирбекқызы 1975 жылы 23 мамыр айында Қызыл-Орда қаласында туған. 1996 жылы Мемлекеттік бюджет мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Алматы қ. Халық шаруашылық институты) бітірді. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқру академиясының Мемлекеттік саясат ұлттық мектебін бітірді, Саясаттану мамандығы бойынша Әлеуметтік білімдер магистрі атағы тағайындалды. 1996-1998 жылдар аралығында Триллис компаниясында бухгалтер болып жұмыс атқарды. 1998-2011 жылдар аралығында ҚР Статистика жөніндегі агенттігінде: Статистикалық ақпараттарды талдау және жариялау департаментінің Экономикалық талдау және конъюнктурлық тексерулер бөлімінде бас маман, Координациялау департаментінің Құрылымдық статистика бөлімінде, Тіркелімдер және жіктелімдер департаментінің Жіктелімдер және метадеректерді жүргізу басқармасының бастығы, Ұлттық шоттар және зерттеулер департаменті директорының орынбасары, Тіркелімдер және жарияланымдар департаментінің директоры болып жұмыс атқарды. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Төраға орынбасары қызметін атқаруда. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалімен марапатталды (2011ж.).
Даиров Талғат Нұрланұлы - төраға орынбасарының міндетін атқарушы
Білімі жоғары:2006 жылы Вандербилт университеті (АҚШ), экономика магистрі. 2004 жылы Уэйнсбург университеті (АҚШ), басқару ісі магистрі. 1999 жылы Клингендейл Нидерландия Халықаралық Қатынастар Институты. 1997 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті.
Еңбек тәжірибесі: 2014 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы. 2013 жылдан 2014 жылдың тамыз айына дейін - Холдинг Кәсіпқор АҚ-ның басқару төрағасының орынбасары. 2013 жылдар - Назарбаев зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымы филиалының директоры, сонымен қатар қазіргі уақытта Қазақ гуманитарлық-заң университетінің мұғалімі (халықаралық қатынастар магистратурасында Стратегилық менеджмент курсы бойынша). 2009 - 2011 жылдар - Консультациялық-тест орталығының жетекшісі. 2009 - 2010 жылдар - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, халықаралық журналистика кафедрасының оқытушысы (аға оқытушысы), (Дипломатия тарихы, Бұқаралық ақпараттар тәсілі - сыртқы саясат құралы курстары). 2008- 2009 жылдар - Қазақстан Республикасы Халық Банкі және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ұлттық талдау орталығы АҚ-ның жобалар жетекшісі. 2006 - 2008 жылдар - Казкоммерцбанк АҚ-ның кредиттік талдау бөлімінің бастығы. 2000 - 2003 жылдар - Литва Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігінің екінші хатшысы. 1997 - 2000 жылдар - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлгі Америка бөлімінің атташесі.

1.2.БақылауКомитетінің қызметін ұйымдастыру

Комитетте басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады. Комитеттің төрағасын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің келісімі бойынша Министр лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. Комитет төрағасының ұсынымы бойынша Министрліктің Жауапты хатшысының келісімінен кейін Министр лауазымға тағайындайтын және босататын орынбасарлары болады.
Комитет төрағасының ұсынымы бойынша:
1) Министрдің келісімінен кейін Жауапты хатшы Комитеттің аумақтық органдарының басшыларын қызметке тағайындайды және босатады;
2) Жауапты хатшы аумақтық орган басшысының орынбасарын қызметке тағайындайды және босатады.
Комитет төрағасының өкілеттігі:
1) өз орынбасарларының, сондай-ақ аумақтық органдардың басшылары мен басшының орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
3) Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
4) Комитеттің тәртіптік, аттестациялық және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің, еңбек және орындаушылық тәртіптің сақталуына бақылау жасайды және персоналды басқару қызметіне (кадр қызметі) жетекшілік етеді;
5) Комитеттің қызметкерлерін және аумақтық органдарының басшылары мен басшының орынбасарын бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда Комитет қызметкерлерін, аумақтық органдардың басшылары мен басшының орынбасарын көтермелейді, сондай-ақ оларға тәртіптік жазалар қолданады;
7) Комитет қызметкерлерін, аумақтық органдардың басшылары мен басшының орынбасарын іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру мәселелерін шешеді;
8) Комитет қызметкерлеріне, аумақтық органдардың басшылары мен басшының орынбасарына материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйақы беру мәселелерін шешеді;
9) Комитет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және оны барлық қызметкерлер орындауы үшін міндетті тапсырмалар береді;
10) Комитеттің бұйрықтары мен қаулыларын шығарады;
11) Комитеттің Регламентін бекітеді;
12) Комитеттің және оның аумақтық органдарының құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
13) ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды беру бойынша сараптама жүргізуге еңбек жұмсалымдарының нормативін бекітеді;
14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;
15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдау жұмысына басшылық жасайды, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарының жай-күйіне дербес жауапты болады;
16) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы әкімшілік жаза қолданады, оларды қозғайды және сот органына береді, сот процестеріне қатысады;
17) Қазақстан Республикасы заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.

1.3.Бақылау комитетінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары мен міндеттері

Комитеттің миссиясы: ұлттың зияткерлік әлеуетін дамыту, бәсекеге қабілеттілікті және орнықты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.
Міндеттері:
1) білім саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
2) сырттай бағалау әдісімен мемлекеттік бақылау және білім беру қызметін беру сапасын арттыру;
3) мемлекеттік бақылау және ғылыми кадрларды даярлау сапасын арттыру;
4) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге мониторинг жүргізу және бағалау.
Функциялары:
1) бiлiм беру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияларды және (немесе) қосымшаларды:
- бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға;
- техникалық және кәсіптік білім берудің, оның ішінде кәсіптер мен мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламаларды іске асыратын заңды тұлғаларға;
- орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары білімнен кейінгі білім берудің, оның ішінде мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламаларды іске асыратын заңды тұлғаларға;
- рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға беру;
2) меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мыналарды:
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің;
- арнайы және мамандандырылған білім берудің;
- балаларға арналған қосымша білім берудің;
- балалар мен жасөспiрiмдерге арналған спорт бойынша қосымша білім берудің;
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің (медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудi қоспағанда) білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзу;
3) меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
4) бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазалар қолдану, істерді қозғау және оларды сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен білім беру және ғылым ұйымдарына тексерулер жүргізу жоспарын әзірлеу және бекіту;
6) тексерілетін субъектілерді тексерулер санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты және үздіксіз негізде жүргізу;
7) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын ұйғарымда белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша ұйғарымдар беру;
8) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеуден өткізу;
9) білім және ғылым саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
10) Комитет әзірлеген Министрліктің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберу;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келетін және ескірген құқық нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау және өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды дер кезінде қабылдау үшін Комитет әзірлеген және (немесе) іске асыратын заңға тәуелді актілерге қатысты тұрақты негізде мониторинг жүргізу;
12) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен нормативтік құқықтық актілерді мерзiмдi баспасөз басылымдарында ресми жариялауды қамтамасыз ету;
13) аумақтық органдардың қызметін үйлестіру және бақылау;
14) Комитет қызметінің бағыттары бойынша аумақтық органдарға әдістемелік көмек көрсету;
15) Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шыққан ресми құжаттарға апостиль қою;
16) тиісті құжаттарды бере отырып, шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау рәсіміне мемлекеттік бақылау жүргізуді жүзеге асыру;
17) шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы шешім қабылдау;
18) ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу;
19) оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру және өткізу;
20) білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізу;
21) құжаттарды қабылдау және қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ) бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету стандартын және регламентін әзірлеу
22) диссертациялық кеңес туралы үлгілік ережені әзірлеу;
23) ғылыми дәрежелерді беру және ғылыми атақтар беру тәртібін әзірлеу;
24) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беру;
25) жоғары оқу орнының және ғылыми ұйымдардың қолдаухаты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын беру;
26) мемлекеттің атынан белгіленген мемлекеттік үлгідегі ғылым кандидаты және докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдарын, доцент, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор аттестаттарын беру;
27) PhD докторлық диссертацияларын қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер құру және олардың қызметін ұйымдастыру, диссертациялық кеңестер төрағаларын бекіту;
28) ғылыми дәрежелер мен атақтарды беруге арналған аттестаттау істерін қарау жөніндегі сарапшылық кеңестерін құру және олардың қызметін ұйымдастыру;
29) ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға ұсынылған ғылыми басылымдар тізбесіне енетін журналдарға қойылатын талаптарды бекіту;
30) ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға ұсынылған ғылыми басылымдар тізбесін бекіту;
31) мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
32) заңнаманы мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметті анықтау жәненемесе алып тастау, мемлекеттік қызметтің атауын өзгерту мәніне мониторинг;
33) құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер жәненемесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
34) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету;
35) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыруды қамтамасыз ету;
36) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Құқықтары мен міндеттері:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды, оған қоса мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қажетті құжаттар мен ақпаратты сұрату және алу;
2) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану жөнінде түсіндірмелер мен түсініктемелер беру;
3) Комитет қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру;
4) Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайда және тәртіпте қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жазалар қолдану, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту;
5) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
6) аумақтық бөлімшелеріне орындалуы міндетті нұсқаулар беру;
7) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, олар бойынша хаттамалар жасау және әкімшілік жазалар қолдану;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитеттің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап-арыз беру;
9) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарау;
11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, сондай-ақ мемлекеттік органдармен келісу бойынша олармен бірлескен актілер негізінде басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау;
12) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
13) аумақтық органдар қызметтерінің нәтижелерін талдау және мониторинг жүргізу негізінде білім беру стандарттары мен мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
14) нормативтік құқықтық актілердің жобасын дайындау, сондай-ақ Комитеттің өзіне жүктелген функцияларына сәйкес өткізетін іс-шараларын әзірлеу мен жүзеге асыру үшін Министрлік басшылығының келісімімен өзге бөлімшелер мен водомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін тарту;
15) ізденушілердің аттестациялық істерін бекіту бойынша Комитеттің Алқа және Төралқа жиналыстарын өткізу;
16) апатты және үш ауысымды мектептерге мониторинг жүргізу;
17) мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
18) мемлекеттік қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
19) мемлекеттік қызметті алушылардың мемлекеттік қызметті алу тәртібі бойынша ақпараттануын қамтамасыз ету;
20) мемлекеттік қызметті көрсету саласындағы уәкілетті органдарға тиісті ақпарат ұсыну;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге міндеттерді жүзеге асыру.

2.БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ НЕГІЗГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1.Комитеттің негізгі мемлекеттік қызмет бағыттары

oo Ғылым және білім беру ұйымдарын мемлекеттік бақылау
Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау мемлекеттің білім алуға деген құқықты қамтамасыз етуге және білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың өздері жүзеге асыратын білім беру қызметінің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы және лицензиялау туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін сақтауға бағытталған.
Мемлекеттік аттестаттау мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:
1) уәкілетті органның білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау кестелерін күнтізбелік жылға бекітуі;
2) тиісті уәкілетті органның білім беру ұйымының өзін-өзі бағалау материалдарын (білім беру сапасын ішкі бағалау) талдауды жүзеге асыруы, аттестаттау комиссиясын қалыптастыру, мемлекеттік аттестаттауды өткізу, мемлекеттік аттестаттаудың қорытындылары туралы тұжырым жасау;
3) уәкілетті органның білім беру ұйымын аттестаттау немесе аттестаттамау туралы шешім қабылдауы.
Білім беру ұйымын, сондай-ақ мамандықтар бөлінісінде мемлекеттік аттестаттауды жүргізу кезіндегі негізгі бағыттар мен зерделеу объектілері:
1) жалпы сипаттама;
2) кадрлар құрамы, оның ішінде білім беру ұйымының басшыларына, педагог қызметкерлеріне және оларға теңестірілген адамдарға қойылатын біліктілік талаптарының сақталуы;
3) білім алушылардың контингенті;
4) оқу-әдістемелік жұмыс және педагогикалық жүктеме;
5) оқу-тәрбие жұмысы;
6) оқу-материалдық активтер;
7) оқу және ғылыми зертханалар;
8) ақпараттық ресурстар мен кітапхана қоры;
9) білім алушылардың білім сапасын бағалау;
10) ғылыми-зерттеу жұмысы не ғылыми қызмет;
11) кәсіптік практика болып табылады.
Мемлекеттік аттестация:
Комитет және білім саласын бақылау аумақтық департаменттерімен 1083 білім беру ұйымында жоспарлы мемлекеттік аттестаттау жүргізілді (257 балабақша, 734- мектеп, 79 - ТжКБ (2 республикалық маңыздағы), 13 жоо). Бақылау іс-шаралар нәтижесінде 429 (36,6%) білім беру ұйымдары аттестатталмады, оның ішінде білім беру қызметінің МЖБС - ның талаптарына сәйкессіздігінен және білім алушылар мен топтардың білімін тексеру барысында жоғары сатыдағы деңгейден өтпегендіктен келесі білім беру ұйымдары аттестатталмады:
20,2% - мектепке дейінгі ұйымдар (257 - ден 52);
45,9% - мектептер (734 - тен 337);
51,9% - кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары (77- ден 40).
Мемлекеттік аттестаттаудан өткізілген 13 жоо-дан 4 жоо аттестатталды және республикалық маңызы бар 2 колледж. 4 аттестатталған ЖОО-ға қатысты Комитетпен Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар шығарылды. 7 ЖОО аттестатталмады.
Қайта аттестаттау - 14 ЖОО-да өткізілді. Қайта аттестаттау нәтижесінде 3 ЖОО-да лицензия қолданысы қайта күшіне енді.
Қайта аттестаттау нәтижесі бойынша 13 ЖОО-ның лицензияларының қолданысы қайта күшіне енді. М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетіне қатысты Комитетпен 2015 жылдың 10 қазанына дейін Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы заң талаптарын бұзушылықтарды жою, лицензияның қызметін одан әрі қолданылуын тоқтату туралы нұсқама шығарылды.
oo Ұлттық Бірыңғай Тестілеу
Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) - орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарындағы түсу емтихандарын біріктіретін, жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау түрлерінің бірі.
ҰБТ-ға міндетті түрде қатысушылар:
oo жоғары оқу орындарына түсуге тілек білдірген мектеп бітірушілер;
oo жалпы орта білім туралы Алтын белгі аттестатын, жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер;
oo үстіміздегі жылғы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобалар жарысының жүлдегерлері.
oo ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 10 наурыздан 25 сәуірге дейін. Өтініш бланкілерін толтыру мектеп бітіруші өзі білім алатын жалпы орта білім беру ұйымында жүргізіледі.
Ұлттық тестілеу орталығында ҰБТ-ны өткізу технологиясы, нұсқамалықтар және бағдарламалар өңделеді. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу үшін әрбір ҰБТ өткізу пункттерінде мемлекеттік комиссия құрылады. ҰБТ өткізу технологиясының сақталуын Министрлік өкілдері бақылайды.
ҰБТ бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі және таңдаған мамандыққа байланысты таңдау бойынша пәндердің біреуі Қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес өткізіледі. ҰБТ-ға 3,5 (үш жарым) астрономиялық сағат (210 минут) бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
ҰБТ жалпы білім беретін пәндердің бағдарламасы негізінде әзірлеген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шықпауы керек.
ҰБТ-ны өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады.
Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны - 25. Әр тест тапсырмасына берген дұрыс жауап 1 балмен бағаланады.
oo Оқу жетістіктерін сырттай бағалау
ОЖСБ - 2011-2012 оқу жылында білім беру ұйымдарына тәуелсіз оқыту сапасына мониторинг жүргізу үшін оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) рәсімі енгізілді.
Білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ның міндеттері:
1) білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуді жүзеге асыру;
2) оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;
3) білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау жасау болып табылады.
ОЖСБ-ны өткізу мерзімін білім саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы мемлекеттің салық қызметтiң түсiнiгi
Облыс әкімі
Қазактан поштасынын тарихы
Банктің басқару қызметін ұйымдастыру
Мақсаттардың танымдық функциялары
Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы мемлекеттік мекемесі қызметінің жалпы сипаттамасы
Луговой ауылының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті
Салық басқармаларының функционалдық міндеттері
Ойтоған ауылдық округінің ветеринариялық дәрігері
Пәндер