Қазақ тілінің практикалық курсы — фонетика, лексика, грамматика, орфография, стилистика



МАЗМҰНЫ

Алғы сөз
Кіріспе
§ 1. Тіл — адамдар арасындағы қатынас құралы
§ 2. Қазақ тілі — казак халқының ана тілі
§ 3. Қазақ тілінің туыстас тілдер ішінде алатын орны
Пысықтау үшін сұрақтар
Фонетика
§ 4. Фонетика туралы жалпы түсінік
§ 5. Дыбыс пен әріп
§ 6. Дауысты дыбыстар
§ 7. Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі
§ 8. Дауыссыз дыбыстар
§ 9. Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі
§ 10. Буын
§ 11. Тасымал
§ 12. Екпін
§ 13. Үндестік заңы (сингармонизм)
§ 14. Буын үндестігі
§ 15. Дыбыс үндестігі
Ілгерінді ықпал
Кейінді ықпал
Тоғыспалы ықпал
§ 16. Орфография
§ 17. Орфоэпия
§ 18. Сөздерді фонетикалық талдаудың тәртібі
Пысықтау үшін сұрақтар
Лексика
§ 19. Лексика туралы жалпы түсінік
§ 20. Қазақ тілінің сөз байлығы туралы түсінік
§ 21. Сөз және оның мағынасы
§ 22. Создердің тура және ауыспалы мағыналары
§ 23. Көп мағыналы сөз
§ 24. Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер
§ 25. Жалпылама колданылатын сөздер мен терминдер
§ 26. Басқа тілдерден енген сөздер
§ 27. Диалект және кәсіби (профессионалдық) сөздер
§ 28. Көнерген сөздер мен неологизмдер
§ 29. Тұрақты тіркестер
§ 30. Мақал мен мәтелдер
Пысықтау үшін сұрақтар
Сөздердің жасалуы
§ 31. Сөзжасам туралы түсінік
§ 32. Сөздердің жасалу жолдары
§ 33. Сөздің кұрамы
§ 34. Түбір мен қосымша
Пысықтау үшін сұрақтар
§ 35. Дара сөздер мен күрделі сөздер
§ 36. Біріккен сөздер
§ 37. Біріккен сөздердің емлесі
§ 38. Қос сөздер
Қайталама қос сөздер
Қосарлама қос сөздер
§ 39. Қыскарған сөздер
§ 40. Тіркесті сөздер
Пысықтау үшін сұрақтар
Морфология
§ 41. Негізгі және көмекші сөздер
Сөз таптары
§ 42. Зат есім
§ 43. Зат есімнің жасалуы
§ 44. Зат есімнің жалғаулары
§ 45. Көптік жалғау
§ 46. Тәуелдік жалғау
§ 47. Септік жалғау
§ 48. Септік жалғауларының мағыналары мен қызметтері
§ 49. Зат есімнің жіктелуі
§ 50. Көмекші есімдер
§ 51. Зат есімнің сөйлемдер қызметі
Пысықтау үшін сұрақтар
Сын есім
§ 52. Сын есім туралы түсінік
§ 53. Сын есімнің жасалуы
§ 54. Сын есімнің мағыналық түрлері
§ 55. Сын есімнін шырайлары
§ 56. Сын есімнің емлесі
§ 57. Сын есімнің сөйлемдері қызметі
Пысықтау үшін сұрақтар
Сан есім
§ 58. Сан есім туралы түсінік
§ 59. Сан есімнің түрлері
§ 60. Сан есімнің емлесі
§ 61. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі
Пысықтау үшін сұрақтар
Есімдік
§ 62. Есімдік туралы түсінік
§ 63. Жіктеу есімдігі
§ 64. Сілтеу есімдігі
§ 65. Сұрау есімдігі
§ 66. Өздік есімдігі
§ 67. Жалпылау есімдігі
§ 68. Болымсыздық есімдігі
§ 70. Есімдіктердің емлесі
§ 71. Есімдіктердің сөйлемдердегі қызметі
Пысықтау үшін сұрақтар
Етістік
§ 72. Етістік туралы түсінік
§ 73. Негізгі етістік пен көмекші етістік
§ 74. Дара етістік пен күрделі етістік
§ 75. Болымды және болымсыз етістіктер
§ 76. Сабақты етістік пен салт етістік
§ 77. Етістер
§ 78. Есімше
§ 79. Есімшенің жасалуы мен түрлері
§ 80. Есімшенің есімдерше түрленуі
§ 81. Есімшенің сөйлемдегі қызметі
§ 82. Көсемше
§ 83. Көсемшенің жасалуы мен түрлері
§ 84. Көсемшенің сөйлемдегі қызметі
§ 85. Тұйык етістік
§ 86. Тұйық етістіктің емлесі
Пысықтау үшін сұрақтар
Етістіктің шақтары
§ 87. Етістіктің шақтары туралы түсінік
§ 88. Осы шақ
§ 89. Осы шақтың түрлері
§ 90. Келер шақ
§ 91. Келер шақтың түрлері
§ 92. Өткен шақ
§ 93. Өткен шақтың түрлері
Етістіктіқ шақтарын пысықтау үшін сұрақтар
Етістіктің райлары
§ 94. Етістіктің райлары туралы түсінік
§ 95. Ашық рай
§ 96. Бұйрык рай
§ 97. Шартты рай
§ 98. Қалау рай
Етістіктіқ райларын пысықтау үшін сұрақтар
§ 99. Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Үстеу
§ 100. Үстеу туралы түсінік
§ 101. Үстеудің құрамдық түрлері
§ 102. Үстеудің мағыналық түрлері
§ 103. Үстеудің емлесі
§ 104. Үстеудің сөйлемдегі қызметі
Пысықтау үшін сүрақтар
Еліктеу сөз
§ 105. Еліктеу сөздер туралы түсінік
§ 106. Еліктеу сөздердің түрлері
§ 107. Негізгі және туынды еліктеу сөздер
§ 108. Еліктеу сөздердің сөйлемдердегі қызметі
Шылау
§ 109. Шылау сөздер туралы түсінік
§ 110. Септеулік шылаулар
§ 111. Жалғаулық шылаулар
§ 112. Демеулік шылаулар
§ 113. Шылаулардың емлесі
Пысықтау үшін сұрақтар
Одағай
§ 114. Одағай сөздер туралы түсінік
§ 115. Одағайдың түрлері
Пысықтау үшін сұрақтар
Синтаксис
§ 116. Синтаксис туралы түсінік
§ 117. Сөздердің байланысу тәсілдері
§ 118. Сөздердің байланысу түрлері
§ 119. Сөз тіркесі
Пысықтау үшін сұрақтар
Жай сөйлем синтаксисі
§ 120. Сөйлем
§ 121. Сөйлемнің түрлері
§ 122. Сөйлем мүшесі
§ 123. Бастауыш
§ 124. Баяндауыш
§ 125. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын
сызықша
§ 126. Толықтауыш
§ 127. Анықтауыш
§ 128. Пысықтауыш
§ 129. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
§ 130. Айқындауыш
§ 131. Үйірлі..муше
§ 132. Оқшау сөздер
§ 133. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі
§ 134. Жай сөйлемнің түрлері
Пысықтау үшін сұрақтар
Құрмалас сөйлем
§ 135. Құрмалас сөйлем туралы жалпы түсінік
§ 136. Салалас құрмалас сөйлем
§ 137. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері
§ 138. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
§ 139. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
§ 140. Себеп.салдар салалас кұрмалас сөйлем
§ 141. Іліктес салалас кұрмалас сөйлем
§ 142. Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
§ 143. Кезектес салалас кұрмалас сөйлем
§ 144. Көп құрамды салалас құрмалас сөйлем
Пысықтау үшін сұрақтар
§ 145. Сабақтас құрмалас сөйлем
§ 146. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері
§ 147. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас
§ 148. Қимыл сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас
§ 149. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас
§ 150. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас
§ 151. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас
§ 152. Мақсат бағыныңқылы сабақтас кұрмалас
§ 153. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
§ 154. Аралас құрмалас сөйлем
Пысықтау үшін сұрақтар
Төл сөз бен төлеу сөз
§ 155. Төл сөз бен төлеу сөз туралы түсінік
§ 156. Төл сөз бен автор сөзі
§ 157. Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі
§ 158. Диалог
§ 159. Төлеу сөз
Пысықтау үшін сұрақтар
Стилистика және сөйлеу мәдениеті
§ 160. Әдеби тіл туралы түсінік
§ 161. Әдеби тілдің қызметі
§ 162. Әдеби тілдің стильдік тармақтары
§ 163. Көркем сөз және көркем әдебиет
§ 164. Текст
§ 165. Тілдің көркемдегіш құралдары
Пысықтау үшін сұрақтар
Адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынас жасайды, түсініседі, пікір алысады, ойын жеткізеді. Тіл болмаса адам өз ойын екінші біреуге жеткізе алмас еді, айта алмас еді, біреудің ойын түсініп, біле алмас та еді. Тіл арқылы оқып, білім аламыз, мамандықты игереміз. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет-ғұрыптары, дәстүрлері т. б. тіл арқылы жетеді, тіл арқылы кейінгі ұрпаққа жалғасады. Мысалы, ұлы Абайдың әсем де әсерлі, мәнді де мағыналы шығармаларын тек тіл арқылыі оқып білеміз, үйренеміз, ғибрат аламыз. Сондықтан да халқымыз "Өнер алды — қызыл тіл" деп тегін айтпаған.
Тіл — коғамдық құбылыс. Тек қоғам бар жерде, ұжым бар жерде ғана тіл болады. Қоғамнан тыс жерде тіл болмайды. Тіл халықпен байланысты, сол халықтың өкілдері арасындағы қатынас құралы болып табылады. Тіл өзі қызмет етіп отырған халықпен коғаммен бірге туады, бірге дамиды, өседі, өркендейді, тіпті бірге құриды, өледі.
Тіл оймен, ойлаумен тікелей байланысты. Адам ойын тіл арқылы жеткізеді, жүзеге асырады. Адам өзінің білген, ойлаған түсінген, таныған ұғымдарын, ойларын екінші біреуге тіл арқылы баяндайды, хабарлайды. Сондықтан да тіл ойдың тікелей шындығы, көрінісі деп атайды.
Тіл — күрделі құбылыс. Ол бірнеше бөліктен тұрады. Тіл білімінде ол бөліктер тілдік деңгей немесе тілдік қабат деп аталады. Олар — тілдің фонетикалық жүйесі, лексикалық немесе сөздік құрамы және граммати-калық құрылысы. Осыған байланысты тілді зерттейтін ғылым — тіл білімі де бірнеше салаға бөлінеді. Тілдің фонетикалық немесе дыбыстық жүйесін фонетика, лексикалық (сөздік) құрамын лексикология, грамматикалық құрылысы грамматика зерттейді. Сондай-ақ тілде жаңа ұғымдардың келуімен байланысты оның атаулары — жаңа сөздер де жасалып отырады. Оны қарастыратын сала сөзжасам деп аталады. Грамматиканың өзі үлкен екі бөлімнен тұрады: бірі — морфология, екіншісі - синтаксис.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 158 бет
Таңдаулыға:   
С. М. ИСАЕВ

ҚАЗАҚ ТІЛІ

АЛМАТЫ, УНИВЕРСИТЕТ "КАЙНАР", 1993

Жауапты редакторы профессор Әбілаков Ә. Ә.
Пікір жазғандар: профессор Бектұров Ш. К.,
доцент Шойбеков Р. Н.

ИСАЕВ С. М.
Қазақ тілі. Оқу құралы.— Алматы, 1993—170 б.
ІSBN 5-630-00286-4.

Оқулықта қазақ тілінің практикалық курсы — фонетика, лексика,
грамматика, орфография, стилистика тұжырымдалып толық орта білім
деңгейінде беріліп отыр.
Мектеп оқушыларына, жоғары оқу орнына түскісі келетін талапкерлерге,
студенттерге, мүғалімдерге арналады.

Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогтік институттың ғылыми —
методикалық кеңесі мақұлдаған.

ISBN №5-630-00286-4

МАЗМҰНЫ

Алғы сөз
Кіріспе
§ 1. Тіл — адамдар арасындағы қатынас құралы
§ 2. Қазақ тілі — казак халқының ана тілі
§ 3. Қазақ тілінің туыстас тілдер ішінде алатын орны
Пысықтау үшін сұрақтар
Фонетика
§ 4. Фонетика туралы жалпы түсінік
§ 5. Дыбыс пен әріп
§ 6. Дауысты дыбыстар
§ 7. Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі
§ 8. Дауыссыз дыбыстар
§ 9. Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі
§ 10. Буын
§ 11. Тасымал
§ 12. Екпін
§ 13. Үндестік заңы (сингармонизм)
§ 14. Буын үндестігі
§ 15. Дыбыс үндестігі
Ілгерінді ықпал
Кейінді ықпал
Тоғыспалы ықпал
§ 16. Орфография
§ 17. Орфоэпия
§ 18. Сөздерді фонетикалық талдаудың тәртібі
Пысықтау үшін сұрақтар
Лексика
§ 19. Лексика туралы жалпы түсінік
§ 20. Қазақ тілінің сөз байлығы туралы түсінік
§ 21. Сөз және оның мағынасы
§ 22. Создердің тура және ауыспалы мағыналары
§ 23. Көп мағыналы сөз
§ 24. Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер
§ 25. Жалпылама колданылатын сөздер мен терминдер
§ 26. Басқа тілдерден енген сөздер
§ 27. Диалект және кәсіби (профессионалдық) сөздер
§ 28. Көнерген сөздер мен неологизмдер
§ 29. Тұрақты тіркестер
§ 30. Мақал мен мәтелдер
Пысықтау үшін сұрақтар
Сөздердің жасалуы
§ 31. Сөзжасам туралы түсінік
§ 32. Сөздердің жасалу жолдары
§ 33. Сөздің кұрамы
§ 34. Түбір мен қосымша
Пысықтау үшін сұрақтар
§ 35. Дара сөздер мен күрделі сөздер
§ 36. Біріккен сөздер
§ 37. Біріккен сөздердің емлесі
§ 38. Қос сөздер
Қайталама қос сөздер
Қосарлама қос сөздер
§ 39. Қыскарған сөздер
§ 40. Тіркесті сөздер
Пысықтау үшін сұрақтар
Морфология
§ 41. Негізгі және көмекші сөздер
Сөз таптары
§ 42. Зат есім
§ 43. Зат есімнің жасалуы
§ 44. Зат есімнің жалғаулары
§ 45. Көптік жалғау
§ 46. Тәуелдік жалғау
§ 47. Септік жалғау
§ 48. Септік жалғауларының мағыналары мен қызметтері
§ 49. Зат есімнің жіктелуі
§ 50. Көмекші есімдер
§ 51. Зат есімнің сөйлемдер қызметі
Пысықтау үшін сұрақтар
Сын есім
§ 52. Сын есім туралы түсінік
§ 53. Сын есімнің жасалуы
§ 54. Сын есімнің мағыналық түрлері
§ 55. Сын есімнін шырайлары
§ 56. Сын есімнің емлесі
§ 57. Сын есімнің сөйлемдері қызметі
Пысықтау үшін сұрақтар
Сан есім
§ 58. Сан есім туралы түсінік
§ 59. Сан есімнің түрлері
§ 60. Сан есімнің емлесі
§ 61. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі
Пысықтау үшін сұрақтар
Есімдік
§ 62. Есімдік туралы түсінік
§ 63. Жіктеу есімдігі
§ 64. Сілтеу есімдігі
§ 65. Сұрау есімдігі
§ 66. Өздік есімдігі
§ 67. Жалпылау есімдігі
§ 68. Болымсыздық есімдігі
§ 70. Есімдіктердің емлесі
§ 71. Есімдіктердің сөйлемдердегі қызметі
Пысықтау үшін сұрақтар
Етістік
§ 72. Етістік туралы түсінік
§ 73. Негізгі етістік пен көмекші етістік
§ 74. Дара етістік пен күрделі етістік
§ 75. Болымды және болымсыз етістіктер
§ 76. Сабақты етістік пен салт етістік
§ 77. Етістер
§ 78. Есімше
§ 79. Есімшенің жасалуы мен түрлері
§ 80. Есімшенің есімдерше түрленуі
§ 81. Есімшенің сөйлемдегі қызметі
§ 82. Көсемше
§ 83. Көсемшенің жасалуы мен түрлері
§ 84. Көсемшенің сөйлемдегі қызметі
§ 85. Тұйык етістік
§ 86. Тұйық етістіктің емлесі
Пысықтау үшін сұрақтар
Етістіктің шақтары
§ 87. Етістіктің шақтары туралы түсінік
§ 88. Осы шақ
§ 89. Осы шақтың түрлері
§ 90. Келер шақ
§ 91. Келер шақтың түрлері
§ 92. Өткен шақ
§ 93. Өткен шақтың түрлері
Етістіктіқ шақтарын пысықтау үшін сұрақтар
Етістіктің райлары
§ 94. Етістіктің райлары туралы түсінік
§ 95. Ашық рай
§ 96. Бұйрык рай
§ 97. Шартты рай
§ 98. Қалау рай
Етістіктіқ райларын пысықтау үшін сұрақтар
§ 99. Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Үстеу
§ 100. Үстеу туралы түсінік
§ 101. Үстеудің құрамдық түрлері
§ 102. Үстеудің мағыналық түрлері
§ 103. Үстеудің емлесі
§ 104. Үстеудің сөйлемдегі қызметі
Пысықтау үшін сүрақтар
Еліктеу сөз
§ 105. Еліктеу сөздер туралы түсінік
§ 106. Еліктеу сөздердің түрлері
§ 107. Негізгі және туынды еліктеу сөздер
§ 108. Еліктеу сөздердің сөйлемдердегі қызметі
Шылау
§ 109. Шылау сөздер туралы түсінік
§ 110. Септеулік шылаулар
§ 111. Жалғаулық шылаулар
§ 112. Демеулік шылаулар
§ 113. Шылаулардың емлесі
Пысықтау үшін сұрақтар
Одағай
§ 114. Одағай сөздер туралы түсінік
§ 115. Одағайдың түрлері
Пысықтау үшін сұрақтар
Синтаксис
§ 116. Синтаксис туралы түсінік
§ 117. Сөздердің байланысу тәсілдері
§ 118. Сөздердің байланысу түрлері
§ 119. Сөз тіркесі
Пысықтау үшін сұрақтар
Жай сөйлем синтаксисі
§ 120. Сөйлем
§ 121. Сөйлемнің түрлері
§ 122. Сөйлем мүшесі
§ 123. Бастауыш
§ 124. Баяндауыш
§ 125. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын
сызықша
§ 126. Толықтауыш
§ 127. Анықтауыш
§ 128. Пысықтауыш
§ 129. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
§ 130. Айқындауыш
§ 131. Үйірлі__муше
§ 132. Оқшау сөздер
§ 133. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі
§ 134. Жай сөйлемнің түрлері
Пысықтау үшін сұрақтар
Құрмалас сөйлем
§ 135. Құрмалас сөйлем туралы жалпы түсінік
§ 136. Салалас құрмалас сөйлем
§ 137. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері
§ 138. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
§ 139. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
§ 140. Себеп-салдар салалас кұрмалас сөйлем
§ 141. Іліктес салалас кұрмалас сөйлем
§ 142. Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
§ 143. Кезектес салалас кұрмалас сөйлем
§ 144. Көп құрамды салалас құрмалас сөйлем
Пысықтау үшін сұрақтар
§ 145. Сабақтас құрмалас сөйлем
§ 146. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері
§ 147. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас
§ 148. Қимыл сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас
§ 149. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас
§ 150. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас
§ 151. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас
§ 152. Мақсат бағыныңқылы сабақтас кұрмалас
§ 153. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
§ 154. Аралас құрмалас сөйлем
Пысықтау үшін сұрақтар
Төл сөз бен төлеу сөз
§ 155. Төл сөз бен төлеу сөз туралы түсінік
§ 156. Төл сөз бен автор сөзі
§ 157. Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі
§ 158. Диалог
§ 159. Төлеу сөз
Пысықтау үшін сұрақтар
Стилистика және сөйлеу мәдениеті
§ 160. Әдеби тіл туралы түсінік
§ 161. Әдеби тілдің қызметі
§ 162. Әдеби тілдің стильдік тармақтары
§ 163. Көркем сөз және көркем әдебиет
§ 164. Текст
§ 165. Тілдің көркемдегіш құралдары
Пысықтау үшін сұрақтар

АЛҒЫ СӨЗ.

Республикамыз егемендік алып, қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие
болғалы, қазақ тілін үйреніп, білуге жаппай бет алған шақта заман талабына
сай оқулықтардың болуы қажет-ақ. Әсіресе қазақ тілінің фонетикалық
жүйесін, лексикалық құрамын, грамматикалық құрылысын практикалық жақтан
әрі тұжырымды, әрі нақты түсінікті етіп баяндап, талдап беретін оқулық
пен оқу құралдарының қажеттігі күмән тудырмаса керек. Өйткені қазақ орта
мектебін бітірушілер де, қазақ тілі мен әдебиетінен маман боламын деген
талапкерлер де, сол мамандықтың студенттері де қазак тілінен емтихан
тапсырады. Емтиханға сапалы дайындалу үшін соған сай оқулық керек екені
өзінен өзі белгілі. Ал қазіргі мектеп оқулықтары ол міндетті толық етей
алмай жүр. Себебі, біріншіден, қазақ тілінен мектеп оқулықтарының сапасы
әлі де жаксарта түсуді қажет етеді. Ол жайында мерзімді баспасөз беттерінде
де тілге байланысты, маман кадр жайында
өтіліп келген жиын-топтарда, семинар-конференцияларда да талай айтылып
келді. Екіншіден, мектеп оқулықтарының өзі емтиханға дайындалуға өте
колайсыз. Қазіргі кезде қазақ тілінен 5—9 кластарға арналған 5 түрлі оқулық
бар. Олар еркін сатылуда жоқ. Олардың басын жинап алудың өзі оңай шаруа
емес. Сондықтан да мектепте алған білімін жинақтап қайталауға, практикалық
дағдысын ұштай түсуге мүмкіндік бола бермейді.
Міне осындай қажеттіліктерді өтеу мақсатында бұл кітапта үйге
тапсырмаларсыз, жаттығуларсыз казақ тілінің практикалық курсы — фонетика,
лексика, грамматика, орфография, стилистика тұжырымдалып беріліп отыр.
Кітапта тіл білімінің осы салаларына байланысты ұғымдар, грамматикалық
құбылыстар жалаң баяңдалмайды, оларды талдаудың, мысалы, фонетикалык
талдау, морфологиялық талдау, сөйлем мүшелеріне, сөз тіркестеріне
талдаудың, үлгілері беріліп, оқушының теориялық білімін, практикалық
дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беріп ұштастырады. Сөйтіп, казақ тілінің
фонетикалық жүйесінен, лексикалық құрамы мен негізгі стилистикалық
сипатынан, грамматикалық (морфологиялық және синтаксистік) құрылысынан, сөз
жасам жүйесінен толық орта білім береді деген үміттеміз.

КІРІСПЕ

§ 1. ТІЛ — АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАС ҚҰРАЛЫ.

Адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынас
жасайды, түсініседі, пікір алысады, ойын жеткізеді. Тіл болмаса адам өз
ойын екінші біреуге жеткізе алмас еді, айта алмас еді, біреудің ойын
түсініп, біле алмас та еді. Тіл арқылы оқып, білім аламыз,
мамандықты игереміз. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет-
ғұрыптары, дәстүрлері т. б. тіл арқылы жетеді, тіл арқылы кейінгі
ұрпаққа жалғасады. Мысалы, ұлы Абайдың әсем де әсерлі, мәнді де
мағыналы шығармаларын тек тіл арқылыі оқып білеміз, үйренеміз, ғибрат
аламыз. Сондықтан да халқымыз "Өнер алды — қызыл тіл" деп тегін айтпаған.
Тіл — коғамдық құбылыс. Тек қоғам бар жерде, ұжым бар жерде ғана тіл
болады. Қоғамнан тыс жерде тіл болмайды. Тіл халықпен байланысты, сол
халықтың өкілдері арасындағы қатынас құралы болып табылады. Тіл өзі қызмет
етіп отырған халықпен коғаммен бірге туады, бірге дамиды, өседі,
өркендейді, тіпті бірге құриды, өледі.
Тіл оймен, ойлаумен тікелей байланысты. Адам ойын тіл
арқылы жеткізеді, жүзеге асырады. Адам өзінің білген, ойлаған түсінген,
таныған ұғымдарын, ойларын екінші біреуге тіл арқылы баяндайды,
хабарлайды. Сондықтан да тіл ойдың тікелей шындығы, көрінісі деп
атайды.
Тіл — күрделі құбылыс. Ол бірнеше бөліктен тұрады. Тіл
білімінде ол бөліктер тілдік деңгей немесе тілдік қабат деп аталады. Олар
— тілдің фонетикалық жүйесі, лексикалық немесе сөздік құрамы және
граммати-калық құрылысы. Осыған байланысты тілді зерттейтін ғылым — тіл
білімі де бірнеше салаға бөлінеді. Тілдің фонетикалық немесе дыбыстық
жүйесін фонетика, лексикалық (сөздік) құрамын лексикология, грамматикалық
құрылысы грамматика зерттейді. Сондай-ақ тілде жаңа ұғымдардың келуімен
байланысты оның атаулары — жаңа сөздер де жасалып отырады. Оны
қарастыратын сала сөзжасам деп аталады. Грамматиканың өзі үлкен екі
бөлімнен тұрады: бірі — морфология, екіншісі - синтаксис.

§ 2. КАЗАҚ ТІЛІ — ҚАЗАК ХАЛКЫНЫҢ АНА ТІЛІ.

Сүйемін туған тілім — ана тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр
етіп жерге түскен минутімнен

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Адам баласы дүниеге келген сәттен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды,
табиғат құбылыстарын ана тілінде ұғына бастайды. Бесік жырларынан бастап
сан ғасырлар бойы халкымыз дәріптеп, дамытып келген қоғамдық, саяси-
әлеуметтік, мәдени, рухани байлықтарды адам ана сүтімен бойына енген туған
тіл арқылы игеріп, ігілігіне айналдырады. Өткеніне көз жіберіп, ой елегінен
өткізіп таразылайды, болашағына қол созып болжайды, ғылым көкжиегіне
шығарып самғатады, келешегіне жол сілтейді.
Ана тілі арқылы адамдар бір-бірімен сойлесіп, ойын жеткізеді, пікір
алысады. Ана тілі арқылы оқып, білім алады, өз ортасында тәрбиеленеді.
Ана тілі арқылы халкымыздың өресін көрсететін ұлы-ұлы әдеби,
мәдени туындылар жасалады. Ана тілі — халкымыздың өмір
сүріп, қоғамдық өмірде дамып отыруының әрі көрінісі, әрі кепілі.
Өйткені, біріншіден, ана тілі халқымыздың, казақ халкының, дүниеге
келіп, өмір сүруімен тікелей байланысты, екіншіден, ана тілін ұмытып, ана
тілінде сөйлемеген, ана тілінде тәлім-тәрбие бере алмаған халықтың
келешегі жоқ, тағдыры мүшкіл болып, тарих сахнасынан өшеді.
Өз ана тілін білмеген, қадірлемеген адам өзін дүниеге әкелген, мәпелеп
осірген анасын да, ел-жұртын да, Отанын да сүйе алмайды, қадірлей
алмайды.
Жастайыңнан қиялыңды қияға орлеткен қиял-ғажайып ертегілер, сүйіп
тыңдайтын шыншыл да сыршыл аңыз-әңгімелер, ерлікті, елдікті ту еткен
батырлар жырлары, шынайы махаббатты мұрат еткен әсем де әсерлі ғашықтық,
лиро-эпикалык жырлар, бірлікті, берекетті мақсұт еткен өткір де өміршең
шешендік сөздер, халық даналығы мақал-мәтелдер ана тілінде дүниеге келіп,
әрбір адамға сол ана тілінде жетіп отыр. Осындай ана тілінде жырланған
халық мұрасынан ғибрат аласың, өміріңе өнеге тұтасың, білім бұлағынан
сусындайсың, сезіміңе әсер етіп, білім-ғылым әлеміне кұлаш ұрасың. Абайдың
даналығын, Махамбеттің батылдығын, Бұқардың ақылмандығы мен жанашырлығын,
Абылайдың данышпандығын, Бөгенбай мен Қабанбайдың батырлығын түйсініп,
рухани оміріңе азык етесің. Сондықтан да ана тіліңнің тағдыры үшін күйесің
де, күйінесің де, шаттанасың да, шалдығасың да. Ана тілінің келешегі,
тағдыры үшін неге болса да дайын бол!
Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап,
әрқайсысымыздың жетемізге жеткізіп, түйсігімізге түиіндіріп, түсіндіріп
келді. Сондықтан да халқымыз туған тілді, ана тілін, сөз өнерін бар өнердің
басы деп санады. "Өнер алды — Қызыл тіл", "Тіл тас жарады, тас жармаса бас
жарады"; "Түгел сөздің түбі бір, түп атасы — Майқы би"; "Тоқсан ауыз
сөздің тобықтай түйіні болады"; "Аңдамай сөйлеген ауырмай
өледі"; Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітірген" т. б. халқымыздың орынды
сөзге қандай мән бергенін көрсетеді. Біз де ана тілімізді, ділімізді
қадірлей, қастерлей білейік, таза болуына, дауына, өрлей, өркендей түсуіне
ат салысайық! Ол үшін бір-бірімізбен үйде де, далада да таза ана тілінде
сөйлесейік, ана тілінде жазылған, айтылған ата-бабаларымыздың асыл
мұраларын аялап, ардақтайық, жаттап ап айтып жүрейік, өмірімізге үлгі
тұтайық. Өзіміз де ана тілімізде өлең, жыр, әңгіме жазайық. Ерінбейік,
сәтсіздіктен мойымайық.
Елінің, халқының адал ұл-қызы болам деген адам имандылыққа толы игі
касиеттерді қалыптастыратын әдептілікті, ізгілік пен ізеттілікке толы
халықтың нұрлы, асыл сөздерін, тілдің жан тербетер құдіретін ана тілінде
ұғып үйренеді. Яғни ғасырлар бойы жинақталған саф күмістей тіл қазынасын,
оның сөз байлығын адам жаны мен жадына мысқалдап енгізу анадан басталады.
Ал ананың ақ сүтімен бойымызға қоса даритын тіл мұрасын бар байлығымен,
көркемдік қуатымен ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, сөз жасап, дамытушы, тілді
мейлінше қастерлеуші халық — тіл анасы, тіл бұлагы. Сондықтан да халқымыз
тілін басқаша емес, ана тілі деп атаған.
Ана тілінің маңызы мен қоғамдық қызметі аса зор. Біріншіден ол —
қатынас құралы. Әр халық өкілдері бір-бірінің ойын ең алдымен ана
тілі арқылы түсінеді, бір-бірімен ана тілінде сөйлеседі. Сондықтан В. И.
Ленин: "Тіл — адам қатынасының аса маңызды құралы",— деген. Екіншіден,
әр адам ана тілінде оқып, білім алады, тәрбиеленеді, өнер
үйренеді, халықтың тарихымен, әдет-ғұрпымен танысып, тұрмыс-тіршілігін
танып біледі. Үшіншіден, тілі — халықтың рухани, мәдени
байлығының, экономикалық және тарихи дамуының құралы.
Қазақ тілі — казақ халқы үшін әдебиет, мәдениет, ғылым мен білім тілі,
оқу-ағарту тілі, түрлі іс қағаздарының тілі.
Республиканың Жоғарғы Кеңесі қабылдаган Қазак ССР-інің Тіл туралы
заңына сәйкес казақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді (1989 жылдың қазан
айы).
Қазақ тілі — өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Қазіргі қазак тілі — кез
келген әдебиетті басқа тілден аударуға, түрлі стильдерде сөйлеп, жазуға
мүмкіндігі мол, кемелденген тіл. Оған дүние жүзі ойшылдарының, озық
мәдениетінің үлгілері, мысалы, Пушкин, Лермонтов, Толстой, Некрасов,
Крылов, Гоголь, Шекспир, Гюго, Шиллер, Бальзак, т. б. шығармаларын өз
тілімізде оқы алуымыз куә. Мұның барлығы қазақ тілінің жұмсалу аясының
кеңдігін, қоғамдык қызметінің шарықтап өскенін көрсетеді.

§ 3. ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТУЫСТАС ТІЛДЕР ІШІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ.

Қазақ тілі түркі тілдері тобына енеді. Қазіргі кезде отызға
жуық түркі тілі бар. Түркі тілінде сөйлейтін халықтардың
көпшілігі бұрынғы ССРО-да, жеке-жеке республикаларда, Ресейдін
құрамындағы республика-ларда, автономиялы облыстарда тұрады. Олар:
қазақ, әзірбайжан, қырғыз, өзбек, түркімен, чуваш, карақалпақ,
татар, башқұрт, якут, тува, хакас, алтай, құмық, карашай-балқар, гагауз,
түрік, үйғыр, т. б. Түркі тілінде сөйлейтін халыктардың біразы Түркия,
Иран, Ауғанстан, Қытай, Монғол Халық Республикасында, т. б. жерлерде де
тұрады.
Қазак тілі — Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар басқа туысқан
республикаларда, сондай-ақ шетелдерде (Қытай, Ауғанстан, Монғолия,
т. б.) де тұратын қазақтардың ана тілі.
Түркі тілдері өзара туыстас болғандықтан, олардың бір-бірімен жақындық-
тары, ортақ қасиеттері мол. Қазақ тіліне ең жакындары — ноғай, қарақалпақ,
қарашай-балқар, қырғыз, татар, башкұрт, құмық тілдері. Түркі
тілдерінің туыстастығы олардың лексикалық құрамынан, фонетикалық
(дыбыстық) жүйесінен, грамматикалық құрылысынан байқалады. Көптеген сөздер
түркі тілдеріне ортақ болып келеді. Оны кестеден көруге болады.
Сондай-ақ сөздердің септелуіңде, тәуелденуінде, көптелуінде,
жіктелуінде де ұқсастықтар бар.
Түркі тілдерінің бір-бірінен айырмашылықтарын да білген жөн.
Қазақ тіліне тән мына сияқты ерекшеліктерді байқауға болады:
1) басқа түркі тілдерінде сөз басында "й" келетін жерде қазақ тілінде
ж дыбысы айтылады: йаш-жас, йол — жол, йаз — жаз, йыл — жыл, йоқ — жоқ, т.
б.
2) басқа түркі тілдеріндегі ш дыбысы қазақ тілінде с, ал ч дыбысы ш
дыбысына ауысады: аш — ас, таш — тас, ич — іш, куч — күш т. б.;
3) дыбыс үндестігінің ілгеріңді ықпал заңдылығы бойынша
қазақ тіліндегі қосымшалардын қатаң, ұяң, үнді дыбыстардан басталатын
бірнеше түрлері басқа түркі тілдерінде бола бермейді. Мысалы: қазақ тілінде
сөзге ат-тар, қыз-дар, жас-тың, қыз-дың, бала-лар, бала-ның, көш-тер, кеш-
тің болып қосымша жалғанса, өзге түркі тілдерінде, негізінен, олар былай
қолданы-лады: ат-лар, йаш-ниң, қыз-ниң, бала-лар, бала-ниң, көч-лер т. б.
Осы тәрізді ерекшеліктерді аңғару үшін 1, 2, 3-кестеге назар аударыңыз.
1-кесте.

Тілдер
қазақ тістер қолдар отыз отыр
ногай тислер қоллар отыз олтыр
қарақалпақ тислер қоллар отыз отыр
қүмық тишлер кьоллар отуз олтур
татар тешләр куллар утыз олтур
башқурт тештәр қулдар утыз утыр
взбек тишлар кұллар ұттыз ултыр
Уйгыр тишләр қоллар оттуз утир
хакас тістер холлар отыс одыр
түрік дишлер коллар отуз отур
әзірбайжан дишләр голлар отуз отур
қырғыз тыштер қолдар отуз отур

2-кесте

Тілдер
қазақ жиен аға жүрек шаш көз
қарақалпақ жиен аға жүрек шаш көз
қырғыз жеен аға жүрек чач көз
башқұрт ейен аға йөрөк сәс куз
хакас чеен ага, чүрек сас харах
ака
өзбек жиян аға, юрак соч, куз
оға чеч
тува чээн акы чүрек баш қарақ
дүгү
турік йеген аға йурек сач гөз

3-кесте

қазақ ноғай әзірбайжан қарақалпақ қырғыз татар
көз көз гөз көз көз көз
бас бас баш бас баш баш
жал йал йал жал жал йал
қанат қанат ганад қанат қанат қанат
жапырақ яқрак, ярпаг жапырақ жалбырақ яфрақ
мұз буз буз муз муз боз
жұлдыз юлдыз улдуз жұлдыз жылдыз йолдыз
көл көл көл көл көл күл
тас тас даш тас таш таш
ай ай ай ай ай ай
бір бир(бер) бир бир бир бер
екі эки ики еки эки ике
төрт дөрт дөрд төрт төрт дурт
сегіз сегиз сэккиз сегиз сегиз сегиз
көк көк көй кок көк күк
жолсыз йолсыз йолсуз жолсыз жолсуз юлсыз
қып-қызыл кып- гып-гыр- кып- кып- кып-
кызыл мызы кызыл кызыл кызыл

мен мен мән мен мен мин
сен сен сән сен сен син
кел кел кәл кел кел кил
керек керек кәрәк керек керек күрәк
іш иш ич иш ич эч
башқұрт өзбек ұйғыр
күз күз көз
баш баш баш
йал ел (йол) йал
қанат қонот қанат
ярпак епроқ йопурмак,
боз муз муз
йондоз юлдуз юлдуз
кул көл көл
таш тош таш
ай ой ай
бер бир бир
ике икки икки
дүрт турт төрт
һигез саккиз сәккиз
күк кук көк
юлһыз йулсиз йолсиз
кып- кип- қип-
кызыл кизил қизил
мин мен мән
һин сен сән
кил кел кәл
керәк керак керәк
эс ич ич


П ы с ы қ т а у ү ш і н с ұ р а қ т а р

1. "Тіл — адамдар арасындағы қатынас құралы" дегенді қалай түсінесің?
2. Тілдің ойлауға қатынасы қандай? 3. Тіл қандай бөліктерден
(деңгейлерден) тұрады. 4. Тіл білімінің салаларын ата. 5.Ана тілі деген
ұғымды қалай түсінесің? 6. Мәдени және рухани байлық дегенді қалай
түсінесің? 7. Ана тілі жөніңде қандай мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді
білесің? 8. "Қазақ тілі — мемлекеттік тіл" деген ұғымды қалай түсінесің? 9.
Қазақ тілінің басқа түркі тілдерімен туыстығын мысалдар арқылы көрсет,
фонетикалық жүйесіндегі, сөздік құрамындағы, грамматикалық құрылы-сындағы
ұқсастық, сәйкестіктер мен айырмашылықтарды айқындап бер.

ФОНЕТИКА

§ 4. ФОНЕТИКА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.

Фонетика (гректің фоне — дыбыс деген мағынаны білдіретін сөзінен
алынған)— тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен
9

ерекшеліктерін, әр түрлі сипаты мен бір-бірімен тіркесу
зандылықтарын зерттейтін тіл білімінің бір саласы.
Дыбыстың сипаты әр қилы. Айналадағы заттардың әр түрлі
қозғалысынан, қақтығысынан шығып, құлаққа естілетін үннің бәрі де дыбыс
деп аталады. Мысалы, желдің уілі, күннің күркіреуі ағаштың шарт
сынуы, бір заттың екінші бір затқа тарс етіп тиюі т. б. әр түрлі үннің
барлығы дыбыс болып саналады. Бірақ бүі сияқты дыбыстардан тіл
дыбыстарының өзіндік ерекшеліктері бар. Тіл дыбыстары, біріншіден, адамның
дыбыстау мүшелері арқылы пайда болып шығатын дыбыстар; екіншіден, белгілі
жүйелік сипаты бар, саны шектеулі ғана дыбыстар, үшіншіден,
белгілі үғымды білдіретін сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек болып
табылады. Сөйтіп, тіл дыбыстары жеке тұрғанда ешбір мағына
білдірмей, мәні болмаса да, белгілі бір жүйемен, тәртіппен тіркесуі арқылы
бір ұғымның атауы болып табылатын, мағынасы бар сөзді құрайды.
Әр түрлі тілдердің дыбыстық жүйесі, дыбыстарының сипаты мен саны
бірдей, біркелкі емес, ол әр басқа. Тілдің өзіндік ерекшеліктеріне,
дыбыстау мүшелерінің қызметінің әр түрлілігіне байланысты болып отырады.
Тіл дыбыстарын жасауда (шығаруда) дыбыстау (сөйлеу) мүшелерінін
қызметін артикуляция деп атайды. Ал белгілі халықтың дыбыстау
мүшелерінің қызметі арқылы қалыптаскан дыбыс шығару дағдысын сол
тілдің артикуляциялық базасы дейді.
Дыбыстау мүшелеріне тыныс жолы (мүшелері), ауыз және мұрын қуысы мен
иек, жақ жатады. Тыныс жолына өкпе мен көмей, желбезек (дауыс шымылдығы),
ауыз қуысына тіл, ерін езу, тіс, таңдай, кішкене тіл жатады. Тіл дыбыстары
осы мүшелердің қатысуы арқылы жасалады да, сол мүшелердің ерекшеліктеріне
карай дыбыстардың сипаты анықталады.

§ 5. ДЫБЫС ПЕН ӘРІП.

Тілдің дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, құлақпен естілеті үн дыбыс деп
аталады да, оны жазу тілінде белгілейтін шартты белгі әріп деп аталады.
Демек, дыбысты айтамыз және естиміз ал әріпті жазамыз және көреміз. Әріп —
жазуда дыбысты белгілейтін шартты таңба.
Қазіргі казақ тілінде 38 дыбыс көрсетіліп жүр. Олар: а, ә, в, г, ғ, д,
е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, қ, о, ө, п, р, с, т, (дауысты), у (дауыссыз),
ү, ұ, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ы, і, э. бұл жерде мына бір нәрселерді ескерту
керек. 1. Жазуымызда қолданылып жүрген е, ю, я таңбалары білдіретін
дыбыстар қоса (дифтонг) болып келеді, олар жеке-жеке саналатын й+о(е),
й+у(ю), й+а(я) дыбыстарының қосындысы, сондықтан олар жеке дыбыс деп
каралмайды. 2. Бірақ орыс тілінен енген сөздерде ғана кездесетін ц(т+с),
ч(т+ш), щ(ш+ш) дыбыстары жеке дыбыс деп беріліп жүр, соңғы дыбыс (щ) ащы,
тұщы, кеще тәрізді казақ тілінің өз сөздеріңде қос ш (ш+ш) дыбысының
орнына да қолданылады. 3. Әдетте у дыбысы бір-ақ дыбыс деп саналып жүр.
10

Шындығында дауыссыз у бір дыбыс та (мысалы, тауда, қарауында дегендегі)
дауысты у одан бөлек, соңғысы ұу, үу болып, құраңды (дифонгтік) сипатта
айтылады. Осындай и дыбысы — ый және ій болып (мысалы, сиыр, оқиды дегенде)
құранды сипатта айтылады. Сондықтан и дыбысы жеке дыбыс десек, дауысты у
да жеке дыбыс бола алады.
Тілде әріптің саны дыбыстан көбірек, өйткені жеке дыбыс емес, қосар
дыбыстан құралған немесе басқа да шартты белгілердің жазудағы
таңбасы да әріпке жатады.
Әріптердің белгілі бір ретпен тізілген жинағын алфавит дейді. Қазак
тіліндегі алфавит тәртіппен тізілген әріптер: а, ә, б, в, г, ғ, е, е, ж, з,
и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц; ч, ш, щ, ь,
ы, і, ъ, э, ю, я. Барлығы 42.
Қазақ тілінде дыбыстар дауыс қатысына қарай үлкен екі топқа бөлінеді:
дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар.

§ 6. ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР.

Айтылғанда, өкпеден ауа ешбір кедергісіз, еркін шығатын дыбыстар дауысты
дыбыстар деп аталады. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбысы бар. Олар: а, ә, е,
э, о, ө, ү, ү, ы, і, и, у. Бұлардың ішінде э тек орыс тілінен енген
сөздерде ғана қолданылады (электр, элеватор т. б.) және и мен у екеуі
қосыңды (дифтонгойд) деп аталады: и—ы+й немесе і+й және у—ү+у немесе ү+у.
Дауысты дыбыстар буын құрайды, дауыссыздар буын құрай алмайды.
Қазақ тілінде дауысты дыбыстар үш жақты жіктеледі. 1. Тіл катысына
(жасалу жолына) қарай жуан және жіңішке болып бөлінеді. Жуан дауыс-тылар:
а, о, ү, ы және бірде жуан, бірде жіңішке и, у. Жіңішке дауыстылар ә, е,
(э), ө, ү, і және бірде жуан, бірде жіңішке и, у.
2. Иек (жақ) қатысына немесе жасалу орнына қарай ашық және қысан,
болып бөлінеді.
Ашық дауыстылар: а, ә, е, (э), о, ө.
Қысаң дауыстылар: ы, і, и, ұ, ү, у.
3. Ерін қатысына қарай езулік және еріндік болып бөлінеді.
Езулік дауыстылар: а, ә, е, (э), ы, і, и.
Еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у.
Сөйтіп, дауысты дыбыстардың жіктелуін мына кестеден көруге болады.

Ерін қатысына қарай Езулік Еріндік
Иек (жақ) қатысына ашық қысаң ашық қысаң
жасалу орнына) қарай
Тіл қатысына (жасалу
жолына) қарай
Жуан а ы(и) о ұ(у)
Жіңішке ә, е і(и) е ү(у)

11

§ 7. ДАУЫСТЫ ДЫБЫС ӘРІПТЕРІНІҢ ЕМЛЕСІ

Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың сөз құрамында
қолданылу тәртібі бірдей емес.
1. А, е, ы, і әріптері сөздің барлык орындарында қолданыла береді:
алғандары, ыстық, елдес, еріншек т. б.
2. Сөздің соңғы буынында ы, і дыбыстары болып, оған
жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса, кей сөздерде ы, і дыбыстары
түсіп қалады: көңіл — көңлі (көңілі емес), ауыл - аулы (ауылы емес), халық
— халқы (халықы емес).
3. Тек түу одағайынан басқа сөздерде у әріпінің алдынан ұ,ү. ы, і
әріптері жазылмайды: тоқы — тоқу (токыу емес), шоқы шоқу (шоқыу емес), біл
— білу (біліу емес), күл — күлу (күлүу емес).
4. ә, ө, о, ұ, ү әріптері жалаң сөздердін бірінші буындарында қос сөз бен
біріккен сөздердің екінші сыңарларының бірінші буынында жазылады: Жәнібек,
орман, өңір, көңіл, жұмыртқа, жүгіру Үмбетәлі, көл-көсір, Тереңөзек,
Әсемкүл, тоғызқұмалақ т. б.
5. ә, ұ, ү әріптері мына сөздердің екінші буынында жазылады: сірә, күнә,
іңкәр, мәрмәр, мазмұн, бұлбұл, мақұл, мәжбүр, дәстүр дүлдүл, т. б.
6. Етістіктің -йы, -йі дыбыстар тіркесіне аяқталатын туынды түбіріне
көсемшенің -й жұрнағы жалғанғанда -ый, -ій әріптерінің орнына бір гана и
жазылады: колхоз байыды — колхоз байиди (байыйды емес, баиды емес), ол
кейіді — ол кейиді (кейійді емес, кеиді емес).
7. Сый, тый түбір сөздерінен ербіген сөздерде ғана -й, -я, -ю
әріптерінің алдынан ы жазылады: сый, сыйлық, сыяды, сыю, тый, тыяды, тыюлы.
8. Э, е әріптері орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады электр,
экскаватор, вертолет.

§ 8. ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР.

Айтқанда ауа кедергіге ұшырап шығатын дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп
аталады. Сөйтіп, дауыссыз дыбыстарда дауыс болмайды, олар үн мен салдырдан
немесе тек салдырдан тұрады. Қазақ тілінде 36 дауыссыз дыбыс бар. Олар: б,
в, г, ғ, д, ж, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.
Дауысты дыбыстан кейін айтылғанда, у дыбысы дауыссыз болып келеді: бауыр,
ауыр, жауын, әуре т. б. Дауысты дыбыстар буын кұрайды да, дауыссыз
дыбыстар өз беттерімен буын құрай алмайды. Сондықтан сөзде қанша дауысты
болса, сонша буын болады. Берілген сөздер буынға былай бөлінеді: ба-уыр, а-
уыр, жа-уын, әу-ре. Бұл сөздердегі у буын кұрай алмай тұр.
Дауыссыз дыбыстар үш жақты жіктеледі.
1. Дауыс (үн) қатысына карай дауыссыздар қатан, ұяң және үнді
(сонор) болып үшке бөлінеді. Кейде қатаң және ұяң дауысыздар үнсіз
12
дыбыстар деп те аталады. Үнді дауыссыздар ауыз жолды (р, л, й, у) және
мұрын жолды (м, н, ң) болып та бөлінеді.
Қатаң дауыссыздар: п, ф, с, ш, к, қ, т, ч, щ, ц, х. Қатаң дауыссыздарда
ешбір үн болмайды тек салдырдан тұрады.
Ұяң дауыссыз: б, в, г, ғ, д, ж, з. Ұяң дауыссыздарда үн аз болады да,
салдыр басым болады.
Үнді (сонор) дауыссыздар: р, л, й, у (ауыз жолды, және м, н, ң (мұрын
жолды). Үнді дауыстыларда үн басым болса да, салдыр аз болып келеді.
Дауыссыз дыбыстардың дауыс (үн) қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып
жіктелуі дыбыс жүйесіндегі дыбыс үндестігі (ассимиляция) деп аталатын,
көрші дыбыстардың бір-біріне әсер ететін ықпал заңына негіз болады.
2. Айтылуына (жасалу тәсіліне) карай дауыссыздар шұғыл және
ызың болып екіге бөлінеді.
Шүғыл дауыссыздар: б, п, д, т, ц, г, к, қ, ч.
Ызық дауыссыздар: в,ф, з, с, ж, ш, щ, ғ, х, һ.
3. Жасалу орнына (дыбыстау мүшелерінің қатысына) қарай дауыссыздар
төмендегіше жіктеледі:
Ерін дауыссыздары: б, п, м, у.
Тіс пен ерін дауыссыздары: в, ф.
Тіс дауыссыздары: з, с, д, ж, л, ц.
Тіл алды дауыссыздары: ж, ш, щ, ч, н, р, л, й.
Тіл ортасы дауыссыздары: к, г.
Тіл арты дауыссыздары: қ, ғ, ң, х.
Көмей дауыссызы: һ.
Сөйтіп, дауыссыз дыбыстардын жіктелуін мына кестеден көруге болады.

Жасалу орнына

карай Тіс Тіл Тіл Тіл
Ерін пен Тіс алды ортасы арты Көмей
ерін
Үн қатысына
карай
Ызың қатаң п
түс сал тұз сал
жасса жазса
божжігіт бозжігіт

ТОҒЫСПАЛЫ ЫҚПАЛ.

Сөз тіркестерінің, біріккен сөз сыңарларының аралығындагы көршілес
дыбыстардың бір-біріне қатар ілгерінді де, кейінді де әсер етіп, екеуінің
де басқа дыбысқа ауысуын тоғыспалы ықпал дейміз. Бірақ жазуда бұл
дыбыстық өзгеріс ескерілмейді.
Мысалы: айтылуы: жазылуы:
Дошшан Досжан
Жаңгожа Жанқожа

§ 16. орфография.

Тілдегі сөздердің дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы орфография (гректің
орфос — дұрыс, түзу және графия — жазу деген сөздерден алынған) деп
аталады. Тіл жүйелі, қоғамдық құбылыс болғандықтан, жұрттың бәріне ортақ
оның жазу ережелері болады. Әркім өзінше әр түрлі жаза беретін болса, ол
жүйелі тіл болмақ емес. Кейде дұрыс жазу ережелерін емле деп те атайды.
Тілде жазу үш принципке сүйенеді.
1. Морфологиялық принцип. Бұл принцип бойынша сөздер айтылуынша емес,
бастапқы түбір тұлғасы сақталып жазылады. Мысалы: бас-шы (айтылуындай
башшы емес), түн-гі (түңгі емес), Жан-пейіс (Жәмпейіс емес) болып сөздің
түбірі де, қосымша да өз тұлғаларын сақтап жазылады.
2. Дәстүрлі (тарихи) принцип бойынша сөздер әуелгі
тұлғасында емес, тілде қалыптасқан тұлғасы бойынша жазылады. Мысалы: хал,
хат, хабар т. б. сөздер қал, к,ат, қабар болып жазылмайды, дәстүр
бойынша қалыптасқан тұлғасында жазылады.
3. Фонетикалық принцип бойынша сөздер дыбыстық заңдарга сүйеніліп,
айтылуы және естілуі бойынша жазылады. Мысалы, жаздыгүні,
сексен, бүгін, жауып қойды, белбеу сияқты сөздер осылай
айтылуынша, естілуінше жазылады, ал бұл сөздердің тарихи тұлғалары — жаздың
күні, сегіз он, бұл күн, жап+ып қойды, белбау.
Қазақ тіліндегі сөздер бір ғана принцип бойынша жазылмайды. Сөздердің
көпшілігі морфологиялық принцип бойынша жазылса да, фонетикалык және
дәстүрлі принциптер бойынша да жазылатын сөздер аз емес. Оны қазақ тілінің
ресми бекітілген "Орфографиялық (емле) ережелері" мен -
20

орфографиялық сөздіктері белгілеп отырады. Орфографиялық ережелерді
Қазақстан республикасының Жоғаргы Кеңесі бекітеді.

§ 17. ОРФОЭПИЯ.

Тілдегі сөздердің, сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелері орфоэпия
(орфос — гректің дұрыс, түзу және эпос — сөйлеу, сөз дегендерінен алынған)
деп аталады. Сөздер мен сөз тіркесінін айтылуы мен жазылуы әрдайым бірдей
бола бермейді. Мысалы, барған, балалар, алтын сағат, жастар бригадасы
сияқты сөздер мен сөз тіркестері бірдей айтылады және жазылады. Ал, ішсе,
сенбе, ақ ешкі, сақ бол, құлын, өрік, көз салды сияқты сөздер мен тіркестер
осылай жазылса да, іш-ше, сем-бе, ағ ешкі, сақ пол, құлұн, өрүк, көс
салды болып айтылады. Сөздердің орфоэпиялық нормалары орфоэпиялық
сөздіктерде көрсетіліп отырады.

§ 18. СӨЗДЕРДІ ФОНЕТИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ТӘРТІБІ.

Сөздерді фонетикалық жағынан талдау деген — оның (сөздің) құрамындағы
дыбыстарды ажыратып, ерекшеліктерін көрсету, дыбыстардың дауыс (үн)
қатысына карай, жасалу жолы мен орнына қарай түрлерін айқындау, сондай-ақ
кейде сөз құрамында болып отыратын бір дыбыстың әсерінен екінші дыбыстың
өзгеруін көрсету. Оны дауысты дыбыстар мен дауссыз дыбыстардың жіктелу
кестесін және үндестік заңындағы ережелерді негізге ала отырып талдау
қажет. Мысалы, кітабым, әсемпаз сияқты сөздерді талдап көрейік:
к — дауыссыз, үн қатысына қарай қатаң, жасалу орнына қарай тіл ортасы,
айтылуына қарай шұғыл дыбыс.
і — дауысты, жіңішке, қысаң, езулік дыбыс.
т — дауыссыз, қатаң, тіс, шұгыл дыбыс.
а — дауысты, жуан, ашық, езулік дыбыс.
б — дауыссыз, ұяң, ерін, шұғыл дыбыс.
ы — дауысты, жуан, қысаң, езулік дыбыс.
м — дауыссыз, үнді (сонор), мұрын жолды дыбыс.
Кітап сөзінің соңғы п дыбысы қосымшаның (жіктік жалғауының 3-жағы) алғашқы
ы дауысты дыбысының әсерінен ұяңданып, б дыбысына өзгерген. Әсемпаз: ә —
дауысты, жіңішке, ашық, езулік дыбыс.
С — дауыссыз, катаң, тіс, ызың дыбыс.
е — дауысты, жіңішке, ашық, езулік дыбыс.
м — дауыссыз, үнді (сонор) ,мұрын жолды дыбыс.
п — дауыссыз, қатаң, ерін, шұғыл дыбыс.
а — дауысты, жуан, ашық, езулік дыбыс.
з — дауыссыз, ұяң, тіс, ызың дыбыс.
21

Пысықтау үшін сұрақтар.

1. Фонетика нені зерттейді? 2. Артикуляция, артикуляциялык база дегенді
қалай түсінесің? 3. Дыбыс пен әріптің айырмашылығын айт. 4. Дыбыстарды
дауысты және дауыссыз деп бөлуге негіз болатын не? 5. Дауысты дыбыстар
қалай жіктеледі? 6. Дауыссыз дыбыстар қалай жіктеледі? 7. Дауысты және
дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесін айт. 8. Буын деген не және қандай
түрлері бар? 9. Екпіннің және тасымалдың мәнін түсіндір. 10.Үндестік заңы
деген не? Буын үндестігінін мәні мен қолданылу орнын көрсет. 12. Дыбыс
үндестігінің мәні мен түрлерін мысалдар арқылы талдап көрсет. 13. Орфо-
графия мен орфоэпияның байланысы мен ерекшеліктерін түсіндір. 14.
Орфографиялық принциптердің түрлерін айт.

ЛЕКСИКА.

§ 19. ЛЕКСИКА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.

Лексика (грекше лексикос — сөз дегенді білдіреді) тілдегі сөздердің
жиьштығы деген ұғымды білдіреді. Кейде лексика жеке ақын-жазушылардың
шығармаларында қолданылған сөздер жиынтыгы деген ұғыммен де жұмсалады.
Мысалы, Абай шыгармаларының лексикасы дегенде, Абайдың өлеңдері мен қара
сөздерінде қолданылған сөздер жиынтығы дегенді, қазақ тілінің лексикасы
дегенде, қазақ тілінде қолданылатын барлық сөздің жиынтығы деген ұғымды
түсінеміз.
Лексика лексикология, семасиология, этимология және лексикография деген
салалардан тұрады.
1. Лексикология — сөз туралы ілім (лексикос — сөз және логос — ілім),
тілдің сөздік құрамын, байлығын зерттейді.
2. Семасиология (гректің семантикос — білдіру, мән және логос —
ілім деген сөздерінен алынған) сөз мағынасын, сөздің ішкі мәнін, сөздің
мағыналық ерекшеліктерін қарастырады.
3. Этимология — сөздер мен жекеленген тұлғаларының тарихын, шығуын,
дамуын зерттейтін тіл білімінің саласы. Мысалы, қазіргі тілімізде
қолданылып жүрген кітап, дос, бөкебай, биыл, сексен сияқты сөздерінің
мән-мағынасы бізге түсінікті, бірақ ол сөздердің қалай шыкқандығына көз
жүгіртіп, мән бере бермейміз. Кітап — китабун деген араб сөзі, дос — дост
деген парсы сөзі, бөкебай — пуховый деген орыс сөзі, ал биыл — бұл+йыл
(жыл), сексен — сегіз+он деген түбірден құралған біріккен сөздер.
4. Лексикография (гректін лексикос — сөз және графос — жазу деген
сөздерінен алынған) тілдегі сөздерді жинастырып, сөздік жасау деген үғымды
білдіреді. Сөздік максаты мен мәні жағынан түрлі-түрлі болып келеді.
Сөздіктегі сөздер алфавит тәртібімен беріледі.
Сөздіктердің негізгі түрлері мынадай:
22

Түсіндірме сөздік тілдегі барлық сөздерді қамтып, білдіретін мағыналарды
мысалдар арқылы талдап, саралап береді. Қазақ тілінде 1956—1961 жылдары екі
томдық, кейін 1974—86 жылдары он томдық "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі"
жарық көрді.
Аударма сөздік бір тілдің сөздерін екінші тілге аударып береді. Қазақ
тіліне қатысты аударма сөздіктер; "Орысша-қазақша сөздік", "Қазақша-орысша
сөздік". "Парсыша-қазақша сөздік", "Ағылшынша-қазақша сөздік" т. б. Сондай-
ақ кене түркі ғалымы Махмүд Қашғаридың "Дивану лұғат-ит түрік" (Түркі
тілдері сөздігі, яғни түрікше-арабша, 1072 ж.), "Кодекс Куманикус (қыпшақша-
немісше, 1303 ж.), академик В. В. Радловтың төрт томдық "Опыт словаря
тюркских наречий" (түркі тілдерінің сөздері орыс және неміс тілдеріне
аударылып беріледі, демек көп тілді сөздік, 1897—1911 ж.) осы сөздіктер
қатарына жатады.
Терминологиялық сөздік тілдегі әр түрлі ғылым мен техника саласы бойынша
қолданылып жүрген арнайы термин сөздердің мәнін ашып беретін немесе екінші
тілге аударып көрсететін сөздіктің түрі болып табылады. Қазақ тілінде әр
түрлі терминологиялық сөздіктер бар.
Этимологиялық сөздік — тілдегі сөздердің шығу төркіні мен тарихын, қалай
пайда болғанын көрсететін сөздік. Қазақ тілінде алғаш рет 1965 жылы "Қазақ
тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі" жарық көрді.
Орфографиялық сөздік — тілдегі сөздердің дұрыс жазылу қалпын, емлесін
көрсетіп береді. Қазақ тілінде бірнеше рет басылып шыққан үлкен
орфографиялық сөздіктерден басқа мектепке арналған да орфографиялық сөздік
бар.
Орфоэпиялық сөздік — тілдегі сөздердің дұрыс айтылуын көрсетеді: өйткені
тілдегі сөздер бірдей жазылып, бірдей айтыла бермейді.
Сөздіктің баска да түрлері бар. Олар: энциклопедиялық сөздік, жиілік
сөздік, синонимдер сөздігі, фразеологиялық сөздік, белгілі бір ақын-
жазушының сөздігі, мысалы, Абай тілі сөздігі т. б.

§ 20. ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СӨЗ БАЙЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.

Ғасырлар бойы дамып жетілген, қолдану аясы кең, бай тілдердің бірі —
қазақ тілі. Өйткені қазақ тілінің құрамындағы сөздердің саны ұлан ғайыр
көп. Әсіресе халықтың байырғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл мәдениетінің сипаты
Қазақ тілі бағдарламасы, оның оқулықпен байланысы
Лексиканы оқытудың міндеттері
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ, ӘДІСТЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Қазақ тілін оқытудын мақсаты мен маңызы
Фонетиканың зерттеу нысандары
Тіл білімі туралы жалпы түсінік
Қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың қолданыстағы мағынасы мен қызметі
Қазақ тілі әдістемесінің методологиялық,лингвистикалық және психологиялық негіздері
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы жайлы
Пәндер