Патернализм басқару стилі ретінде



Әлемдегі әлеуметтік саясат сараптамасы екі негізгі бағытты көрсетеді: патерналистік және либералды. Патерналистік модель әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік құрылымдардың толықтай жауапкершілігін қарастырады, ал азаматтардың әлеуметтік салада болып жатқан өзгерістер бағыттарын таңдау мүмкіндіктерін және әлеуметтік саясат принциптерін жүзеге асыруға қатысуы мен жауапкершілігін толықтай аластатады. Осы модель негізіндегі әлеуметтік саясат билікті орасан мықты субъект ретінде, ал қоғамды оның объектісі ретінде қарастырылады.
Патернализм – өзара байланыс және нормативтік- құқықтық әрекеттеріне негізделген ресми қатынастарды бейресми, жеке және байланыстық қатынастарға өзара тиімділікке ауыстыру. Қажетті құжаттар жинағын (мысалы, санитарлық кітапшасын) ұсынуға мүмкіндігі жоқ адамды жұмысқа алу, онымен қоса ол адаммен еңбек келісіміне отырмау және еңбек кітапшасына жазбау, еңбекке қолайсыз жағдайдағы жұмыс, қызметкерге «қара кассаға» өткізуге қажетті «сыйақы» төлеу мысал бола алады. Мұнда жұмысшының жоғары, алайда бейресми (жұмыс беруші салық төлемейтін) еңбекақыға келісетін жағдайын жатқызуға болады.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Патернализм басқару стилі ретінде

Әлемдегі әлеуметтік саясат сараптамасы екі негізгі бағытты көрсетеді: патерналистік және либералды. Патерналистік модель әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік құрылымдардың толықтай жауапкершілігін қарастырады, ал азаматтардың әлеуметтік салада болып жатқан өзгерістер бағыттарын таңдау мүмкіндіктерін және әлеуметтік саясат принциптерін жүзеге асыруға қатысуы мен жауапкершілігін толықтай аластатады. Осы модель негізіндегі әлеуметтік саясат билікті орасан мықты субъект ретінде, ал қоғамды оның объектісі ретінде қарастырылады.
Патернализм - өзара байланыс және нормативтік- құқықтық әрекеттеріне негізделген ресми қатынастарды бейресми, жеке және байланыстық қатынастарға өзара тиімділікке ауыстыру. Қажетті құжаттар жинағын (мысалы, санитарлық кітапшасын) ұсынуға мүмкіндігі жоқ адамды жұмысқа алу, онымен қоса ол адаммен еңбек келісіміне отырмау және еңбек кітапшасына жазбау, еңбекке қолайсыз жағдайдағы жұмыс, қызметкерге қара кассаға өткізуге қажетті сыйақы төлеу мысал бола алады. Мұнда жұмысшының жоғары, алайда бейресми (жұмыс беруші салық төлемейтін) еңбекақыға келісетін жағдайын жатқызуға болады.
Президент Н.Ә.Назарбаев Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам атты мақаласында қоғамды патернализмнен (латынша patemus - әке-лік,әкешілдік) арылуға шақырды. Жалпы, патернализм бізге КСРО кезінен таныс. Ол уақытта жатыпішерлік зиянды құбылыс саналып, жұмыс істемейтін адамдар арамтамақ деген баппен сотталды. Мұның Еуразия идеясына қандай қатысы бар деп отырған боларсыздар? Түсіндірейін. Ол кезде халық билік бәрін шешеді деген сенімде болды. Еліміз тәуелсіздік алған кезде нарықтық қатынас адамдарды патернализмнен арылтады деген үміт болды. Алайда, жиырма жылда біз одан ажырай алмадық. Жоғарыдағы мақала соның дәлелі. Сырт қараған кісіге қазіргі кез ешкімнің ешкіммен шаруасы жоқ заман секілді. Бірақ, біреу патернализмнен арыла бастаса болғаны, шенеуніктер армиясы оны қайтадан қораға қуып келеді. Нәтижесінде жұрт әлі де бәрін билік шешеді деп отыр. Жауапкершілік пен үмітін билікке жүктеуге әзір. Жағдайдың осылай болуы билікке аса қажет. Себебі, халықтың осындай тәуелді күйі билік үшін өзім білем деуге жол ашады. Тіптен, билік осы жауапкершілік үдесінен шыға алмай жатса да!.. Мінеки, патернализм осы мәселеде Еуразия идеясымен тоғысады. Мысалы, тәуелсіз мемлекетіміз стратегиялық байлық көздерін - мұнайды, көмір-темірді, түрлі-түсті металды, т.б. халықтың келісімінсіз шетелдіктерге берді, өзім білемге салып, ел-жұртпен ақыл-дасуды артық санады. Жарайды, қазақ айтпақшы: ойнасақ та біраз жер шауыппыз. Енді, осыдан қайтар жол бар ма? Бар. Ол - мәселені халықтың қалауына салу. Билік енді бұл мәселені тек қана халыққа арқа сүйесе ғана шеше алады. Сондықтан, Еуразиялық парламент мәселесін қозғай отырып, Мұхтар Тайжан айтқандай Кедендік Одақ мәселесін де халық таңдауына ұсыну қажет. Себебі, осы отырған сарапшылар бірауыздан оның тиімсіздігін дәлелдеп берді емес пе? Ендеше, ондай Одақтың қажеті бар ма, жоқ па? деген мәселені халық өзі шешуі тиіс. Сонда, егер халық қарсы болып жатса − Ұлттық мемлекет үстінен қарайтын парламенттің де еш қажеті болмай қалады. Әрі, бұл шешім халықаралық қауымдастық алдында заңды күшке ие болады. Ал, біз тәуелсіз елдің азаматы екенімізді айқын сезіне аламыз.
Аға буынның өкімет өлтірмейді, үкімет үздірмейді дегендей әлеуметтік масылдығына ендігі жерде жол жабылуға тиіс. Баяғыдай кеңбалақ жүрісті мына заман көтермейді. Нарық заңдылығының өзі қабылдамайды ондай жүрісті. Сондықтан мектептерде тәрбие үдерісін ерте бастан егуді қатты тапсырып отырмыз. Мемлекет шетсіз-шексіз донор емес. Мемлекет азаматтардың әл-ауқатының артуына жағдай жасайтын әріптес. Әйтпесе патернализм инерциясы әлі де сақталуда екенін көріп келеміз. Қазіргі жастардың біразы оларды оқытуға да, үйлендіруге де, үйге ендіруге де, көлік алып беруге де ата-аналар міндетті сияқты көретіндей. Бұрынғымен салыстырғанда қазір нағыз бәсеке заманы. Кеңестік кезеңде көп нәрсеге оңай қол жететіні рас еді. Институтқа, университетке түссең оқу тегін, оны бітірсең жолдамамен әйтеуір бір жерге баратының анық, ол жерде пәтердің кезегіне тұратының анық, әйтеуір бір кезде кезегің келеді, балаңның саны көбейсе, әйтеуір бір кезде үйіңді кеңейтуден үміттенумен жүресің. Ал қазір осының бәріне бәсекелестік жағдайында жағаласпен, жан­таласпен жетесің. Есесіне қадірін білесің. Қолың өз еңбегіңмен жететін нәрсенің бәсі де жоғары. Бәрі де салыстырмалы нәрсе ғой. Бүгінгі байлықтың, барлықтың бағасын білмейтіндей адамдар да аз емес арамызда. Мысалы, бір кездері Жигули мінгендер жолы болғандар саналса, қазір Жигули мінгендер шамасы жеткенге қанағат етіп жүргендер саналады. Бұл өсудің дәлелі емей немене?
Мемлекеттік патернализм мемлекеттің қаржылық-бөлу қызметі мен қоғамдық өзін-өзі ұйымдастыруы процесінің арасындағы орталықтанған оптималды тепе-теңдігінің сақталуы жағдайында ғана тиімді болады. " Осындай баланстың табылуы - нарық жағдайындағы әлеуметтік саясатты оптимизациялау, әлеуметтік мемлекет идеясын шынайы нарықтық тиімділікпен байланыстыру мәселесі ретінде шешуге тырысушы қазіргі қоғамдағы аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Осы жағдайлардағы мемлекеттік патернализм тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастырумен байланысты - қоғамның өзін-өзі ұйымдастыру механизміне (нарық) кірігуі қиын немесе мүлде мүмкін емес іс-әрекет салаларды (фундаменталды ғылымдар, қорғаныс және т.б), әлеуметтік қабаттар (зейнеткерлер) және жеке тұлғаларға (мүгедектер, уақытша еңбекке жарамсыздар) адрестік әлеуметтік қолдау көрсетуде. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бас медбике
БАСҚАРУ СОЦИОЛОГИЯСЫ
Арнаулы білім берудегі тәрбие
Қазақстанның қазіргі саяси жүйесі
Жапондық және американдық персоналдарды басқару жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы мен сараптамасы үрдісіндегі ерекшеліктер мен айырмашылықтар
Басқару ғылымы
Жұмысбастылық мәселесі қалалар мен жұмысшылар елді мекендерінде өте өзекті, көкейтесті мәселелер
ҚР ақша несие саясаты
Мейірбике iсi факультетiнiң студенттерiне менеджмент негiздерiн оқыту
Тренингтер, іскерлік ойындарды оқыту-тәрбие процесінде қолданудың әдістемелері
Пәндер