Интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне жалпы сипаттама



Кіріспе 3 бет

1. Интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне жалпы сипаттама
1.1. Интеллектуалдық қызмет нәтижелерінің түсінігі,
мәні және түрлері 8 бет
1.2. Интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне байланысты
қатынастардың субъектілері 26 бет

2. Интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне байланысты құқықтық қатынастар
2.1. Интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне байланысты
мәмілелер 39 бет
2.2. Интеллектуалдық қызмет нәтижелерін азаматтық
құқықтық қорғау 56 бет

Қорытынды 67 бет

Қолданылған қайнар көздер тізімі 69 бет
Қазақстан Республикасының заң салаларының дамуының деңгейі бұрынғы уақытқа қарағанда көп жоғарлаған. Оған себеп болып, заң саласындағы мамандармен зерттелу объектілердің қоғамға қажеттілігі болып табылады. Қазіргі уақытта, азаматтық құқық саласында көптеген өзгерістер енгізіліп, олардың іс жүзінде іске асу әдістері де өзгертілген. Сонымен қатар, азаматтық құқық саласының институты болып табылатын, интеллектуалдық меншік тарауына көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ол бұл саланың қателіктерінің көптігін білдірмейді, керісінше бұл саладағы қатынастардың бұрынғымен салыстырғанда алға дамығандығын білдіреді.
Алайда, интеллектуалдық қызмет нәтижелері азаматтық құқық объектісі ретінде өте күрделі механизм болып келеді. Өйткені интеллектуалдық меншікпен байланысты қатынастар құқықтық норма мен тараптардың еркіндіктеріне негізделеді. Ал, азаматтық құқық нормаларымен реттелгенімен, бұл қатынастарды толық реттеу мүмкін емес. Өйткені, интеллектуалдық меншік институттарының өзгешелігі мен ерекшеліктері табиғаты бойынша күрделі процесс болып келеді.
1. Под ред. Сергеева А.П, Толстого Ю.К. Гражданское право. Учебник. Т. 3 Москва, 2001г.
2. Под ред. Суханова Е.А. Граждаское право. Учебник. Москва, 2000г.
3. Тулеугалиев Г. И. Гражданское право. Учебник. Алматы, 2000 г.
4. Сергеев А.П. Патентное право.. Москва, 1994 г.
5. Гаврилов Э.П. Издательство и автор. Вопросы и ответы по авторскому праву. Москва, 1991 г.
6. Селивановский С.А. Промышленная интеллектуальная собственность.. М., 1996г.
7. Отв. ред. Сулейманов М.К., Басин Ю.Г. Гражданский Кодекс РК /особенная часть/ Комментарий. А., 2003г.
8. Сб. норм. актов. Интеллектуальная собственность в Республике Казахстан. А., 2002 г.
9. Богуславский М.М. Международное частное право. Учебник. М., Юрист 2002г.
10. Иоффе О.С. Основы авторского права. Авторское, изобретательное право. Право на открытие. Учеб. Пособие. М., «Знание» 1969г.
11. Сбор. нор. актов. Патентное право. /Сост. Т. Каудыров, Э. Файзова. А./ 1996г.
12. Оуан Л. Приобретание и продажа авторских прав на литературные произведения. Прак. руководство для изд. Казахстана/ Пер. с англ. М.И. Патлитова. А./ 1998г.

Нормативтік – құқықтық актілер:

1. ҚР Конституциясы
2. ҚР Азаматтық Кодексі
3. «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңы. 10.05.1996ж.
4. «Интеллектуалдық меншік объектілеріне авторлық құқықтарды тіркеу туралы» ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасарының бұйрығы. 30.04.1998ж. №160
5. «Бұқаралық ақпараттық құралдары туралы» ҚР Заңы. 28.07.1999ж.
6. «Қазақстан Республикасының Патент заңы» ҚР Заңы 16.07.1999ж.
7. «Патенттік баж туралы» ҚР Министрлер Кабинетінің Қаулысы. 05.12.1994ж.
8. «Қазақстан Республикасында рационализаторлық қызмет туралы Типтік ережені бекіту туралы» ҚР Министрлер Кабинетінің Қаулысы. 27.11.1992ж.
9. Қазақстан Республикасында жасалатын қызметтік өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер туралы Ережені бекіту туралы ҚР Министрлер Кабинетінің Қаулысы. 11.18.1994 жыл.
10. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» ҚР Заңы 13.07.1999 ж. №422
11. «Интегралды микротәсім топологияларын құқықтық қорғау туралы» ҚР Заңы. 29.06.2001 жыл.
12. «Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және тауар шыққан жердің атауы туралы» ҚР Заңы. 26.07.1999ж.
13. Бүкіләлемдік интеллектуалдық меншік ұйымын құру туралы конвенция. 14.07.1967 ж. /2.10.1979ж. өзгерістермен/
14. Авторлық құқық туралы халықаралық конвенциялар. Материалдар жинағы. 1985 жыл.
15. ҚР Министрлер Кабинеті бекіткен өнеркәсіптік үлгіге патент алу туралы өтініш дайындау, беру және патент беру ережелері.

Мазмұны

Кіріспе
3 бет

1. Интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне жалпы сипаттама
1.1. Интеллектуалдық қызмет нәтижелерінің түсінігі,
мәні және түрлері
8 бет
1.2. Интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне байланысты
қатынастардың субъектілері
26 бет

2. Интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне байланысты құқықтық қатынастар
2.1. Интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне байланысты
мәмілелер
39 бет
2.2. Интеллектуалдық қызмет нәтижелерін азаматтық
құқықтық қорғау
56 бет

Қорытынды
67 бет

Қолданылған қайнар көздер тізімі
69 бет

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының заң салаларының дамуының деңгейі бұрынғы
уақытқа қарағанда көп жоғарлаған. Оған себеп болып, заң саласындағы
мамандармен зерттелу объектілердің қоғамға қажеттілігі болып табылады.
Қазіргі уақытта, азаматтық құқық саласында көптеген өзгерістер енгізіліп,
олардың іс жүзінде іске асу әдістері де өзгертілген. Сонымен қатар,
азаматтық құқық саласының институты болып табылатын, интеллектуалдық меншік
тарауына көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ол бұл саланың
қателіктерінің көптігін білдірмейді, керісінше бұл саладағы қатынастардың
бұрынғымен салыстырғанда алға дамығандығын білдіреді.
Алайда, интеллектуалдық қызмет нәтижелері азаматтық құқық объектісі
ретінде өте күрделі механизм болып келеді. Өйткені интеллектуалдық
меншікпен байланысты қатынастар құқықтық норма мен тараптардың
еркіндіктеріне негізделеді. Ал, азаматтық құқық нормаларымен
реттелгенімен, бұл қатынастарды толық реттеу мүмкін емес. Өйткені,
интеллектуалдық меншік институттарының өзгешелігі мен ерекшеліктері
табиғаты бойынша күрделі процесс болып келеді.
Мен диплом жұмысының тақырыбын Интеллектуалдық меншік құқығының
жүйесі, және интеллектуалды меншік объектілерін азаматтық құқықтық
қорғау атты тақырыбын таңдаған себебім, бұл мәселе көптеген авторлармен
қаралғанымен, әлі күнге дейін толық ашылмаған. Сондықтан, әлі де болса,
тереңірек зеттеуді талап етеді. Ал, ол үшін біз бұл саладағы теориялық
көзқарастар мен негізгі сүйенетін принциптермен жақсы таныс болуымыз қажет.

Диплом жұмысының бірінші тарауында: интеллектуалдық меншік теориясының
пайда болуы, интеллектуалдық қызмет нәтижелері деген түсініктік жан-
жақтылығына және де осы саланың қандай нормативтік – құқықтық актілермен
реттелетіні, соның ішінде осы заңдардың басқа заң актілерінен ерекшелігі
деген мәселелерге тоқталып өттім. Сонымен қатар, интеллектуалық қызмет
нәтижелеріне байланысты қатынастардың субъектілері мен оларға деген
құқықтық қатынас, объектілерінің құқықтық реттелуі мен қорғалуы
жағдайларына тоқталып кеттім.
Жұмыстың екінші тарауында: интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне
байланысты мәмілелер және олардың ерекшеліктері, реттейтін қатынастар мен
шарттардың түрлері, нысандары, жауапкершіліктері мен азаматтық құқықтық
қорғау әдістерінің мазмұнын ашуға тырыстым. Интеллектуалдық қызмет
нәтижелерінің құқықтық қорғауы әр түрлі әдістермен орындалатын
болғандықтан, жеке-жеке тоқталуды талап етті.
Қазіргі таңда бұл мәселелер көптеген қоғам мүшелерін алаңдатуда.
Өйткені, күннен күнге дамып жатқан қатынастарды белгілі бір деңгейде ұстау
мүмкін емес. Сондықтан оларды реттеу мен қорғау әдістерінің тез ескіруі,
бұл мехнизмнің жұмыс жасауын қиындата түседі. Сонымен қатар, азаматтық
заңдардың қабылдануы мен олардың жүзеге асырылу жағдайлары интеллектуалдық
қызметке байланысты объектілердің қатарына сәйкес келмейді.
Бұл тақырыпты зерттеу барысында ең алдымен, кездескен мәселелердің бірі
болып әр түрлі авторлардың пікірлерінің әр түрлілігі мен кейбір нормалар
бойынша ұқсастықтары байқалды. Дипломдық жұмысты жазу барысында қолданылған
көптеген әдебиеттердің интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне байланысты
қатынастарды реттейтін қайнар көздерінің әр түрлі болуы, бұл мәселені терең
қарастыруға себеп болды. Өйткені, авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың
құқықтық жағдайы бірегей бағытпен реттеліп, даму жолдарының сипаты ашық
көрсетіле бастаған. Мысалы алатын болсақ, Сергеев А.П, Толстой Ю.К.
авторларының әдебиеттерінде сабақтас құқықтарды қорғау жалпы ереже бойынша
жүргізіледі. Ал, Оуан Л. Приобретание и продажа авторских прав на
литературные произведения деген әдебиетінде сабақтас құқықтардың шетел
мемлекеттерінің құқықтық қорғау әдістерімен салыстыра отырып, біздің
мемлекетімізде осы саланы реттеудің ерекшеліктері мен кемшіліктері туралы
тоқталып өткен.
Сергеев А.П. авторының Патенттік құқық әдебиетінде патентік құқықтық
реттеуден патенттік қабілеттіктердің ерекшеліктеріне толық тоқталып,
мазмұнын ашуға тырысқан. Атап кететіндей маңыздылығы, патенттік құқықтың
зерттеу әдістері мен объектілеріне байланысты жинақтаушы пікірлер айтылған.
Ал, Селивановский С.А. Промышленная интеллектуальная собственность
еңбегінде негізінен патент иеленушілердің құқықтық жағдайы мен оларды
құқықтық қорғау мәселеріне тоқталған.
Осы ғылыми жұмысты жазған кезде алдымен келесі мақсаттарды қойдым:
- интеллектуалдық қызмет нәтижелерінің субъектілеріне жалпы шолу;
- интеллектуалдық қызмет нәтижелерінің ерекшеліктерін көрсету;
- жалпы шығармашылық қызметке байланысты объектілердің құқықтық
жағдайы мен реттелуін қарастыру;
- интеллектуалдық меншікті қорғау мәселелерін тоқталу;
- интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықтық қатынастарды
қазақстандық тәжірибесіне жалпы шолу;
- интеллектуалдық меншік институттарының айырмашылықтарына тоқталу.
Аталған мақсаттарға жету үшін белгілеп алған бағыттар жұмыстың мазмұнын
ашуға тікелей көмектеседі. Яғни, бұл мәселелер бойынша азаматтық құқық
саласының көптеген тараулары мен бөлімдеріне шолу жасадым. Соның
нәтижесінде, мақсаттарды жүзеге асыру барысында мынадай міндеттерді
қарастырдым:
- азаматтық құқықтық механизмдерге сараптама жасау;
- патент және авторлық құқыққа жалпы сипаттама беру;
- интеллектуалдық меншік объектілерінің сабақтас құқықтарды қорғау
механизмдеріне түсінік беру;
- интеллектуалдық меншік объектілеріне ерекшеліктеріне жалпы сипаттама
беру және олардың тәжірибеде көрінісі;
- интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне қатысты мәмілелердің
ерекшеліктерін көрсету;
- интеллектуалдық қызмет нәтижелерінің субъектілерінің құқықтарын
қорғауға байланысты қозғалатын мәселелердің ерекшеліктерін сипаттау.
Азаматтық құқықтардың арасындағы объектілерге, яғни материалдық және
рухани игіліктер негізінде азаматтық құқық субъектілері өзара азаматтық
құқықтық қатынастарға түсетін, АК-те көрсетілгендей, азаматтық құқық
объектісі интеллектуалдық қызмет нәтижелерімен тығыз байланыста болады.
Алайда, қазіргі таңда қандай да болмасын нысанға қарамастан, отандық
юриспруденцияда, шетелдік юриспруденция сияқты интеллектуалдық қызмет
нәтижесі даму сатысында келе жатыр.
Сондықтан, интеллектуалдық меншік құқығын қарастырған уақытта бұл
институтты зерттеудің әдістері мен тәсілдерін іздедім. Негізінен жалпы
ғылымдардың барлығына ортақ әдістерді қолдандым.
Жұмысты жазу барысында, кездескен кейбір мәселелер бойынша қазақстандық
авторлар мен шетелдік авторлардың пікірлерін салыстарып, көптеген
ерекшеліктерді байқадым. Мысалға алатын болсақ, авторлық және сабақтас
құқықта объектілердің пайда болу процесі қазақстандық заңнамамен қиынға
түспейді. Ал, шетелдік мемлекеттерд көптеген авторлық және сабақтас
құқықтарды халықаралық шарттармен реттейді. Сондықтан, бізде кездесетін
сәйкессіздіктер ол елдерде аз кездеседі. Бірақ, бұл реттеу әдісін қолайлы
деп айту қиын. Өйткені халықаралық шарттарда жекеленген бір объектінің
немесе объектілердің жиынтығына байланысты мәселелер бойынша нормалар
қабылдайды. Сондықтан, кейбір қатынастарды реттеуге мүмкіншілігі болмайды.
Сонымен қатар, жұмыстың кейбір нақты мәселелері бойынша сараптама
жасап, оларды тәжірибе мен теориялық сәйкестігі мен қолайлылығына назар
аудардым. Авторлық құқық, патенттік құқық, дараландыру құралдары
заңнамасының қорғалу шегіне жатпайтын, алайда құқықтық қорғалатын көптеген
шығармашылық нәтижелер бар. Мысалы: интегралды микротәсілдер топологиясы,
тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған
жерлердің аттаулары туралы, селекциялық жетістіктер және басқа да
құқықтық қорғалатын объектілер жатады. Олардың әрқайсысы өзіне тән
ерекшеліктер мен қасиеттерге ие болып келеді.
Мәселен, кейбір объектілерді құқықтық реттегенімен тәжірибе жүзінде
қолданылмайды. Туындылар жалпы ережеде автормен келісілген белгілі бір шарт
бойынша қолданылуы мүмкін. Бұл шартта қандай жағдайларда беріліп жатыр,
авторлық құқық шартының әрекет ету мерзімі және т.б. анықталуы тиіс.
Сонымен қатар, қоғам мүддесімен белгіленген жағдайлар бойынша туынды
заңда көрсетілген мүдделі тұлғаларға еркін қолдануға берілуі мүмкін.

1. Интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне жалпы сипаттама
1.1. Интеллектуалдық қызмет нәтижелерінің түсінігі, мәні және түрлері.

Азаматтық құқықтардың арасындағы объектілерге, яғни материалдық және
рухани игіліктер негізінде азаматтық құқық субъектілері өзара азаматтық
құқықтық қатынастарға түсетін, АК-те көрсетілгендей, азаматтық құқық
объектісі интеллектуалдық қызмет нәтижелері деп атайды. Соның ішінде
соларға деген айрықша құқықтарда жатады. Сондықтан заң шығарушы осындай
жинақтаушы ұғым үшін интеллектуалдық меншік деген терминді қолданады. АК-те
немесе басқа да заңдармен белгіленген жағдайда және тәртіпте азамат пен
заңды тұлғаның интеллектуалдық қызмет нәтижелері және оған теңестірілген
заңды тұлғаның дараландыру құралдары, өнімді дараландыру және орындалатын
жұмыс пен көрсетілетін қызметке (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет
көрсету және т.б.) деген айрықша құқық танылады. Интеллектуалдық қызмет
нәтижесі түсінігі әлі күнге дейін толық ашылмаған. Сондықтан қазіргі кезде
АК-те берілген негіздер бойынша ғана талдау жасалады.
Алайда, қазіргі таңда қандай да болмасын нысанға қарамастан, отандық
юриспруденцияда, шетелдік юриспруденция сияқты интеллектуалдық қызмет
нәтижесі түсінігін екі түрлі тұрғыдан қарастырады. Кейбір ғалымдар заңдарда
интеллектуалдық қызмет нәтижелері деген түсініктің қалыптасуын қолдайды
және де “интеллектуалдық меншік” деген терминнің заң шығармашылықта
қолдануын қалайды. Өйткені, бұл термин заң ғылымында негізделген деп
танылады және ғылыми тұрғыда танымал деп есептейді.1[1] Ал, басқа
ғалымдардың айтуы бойынша бұл термин бастапқы уақыттан бері дәл және
ғылыми емес болып табылады. Сондықтан ол тек саяси актілерде қолдануы
мүмкін. Ал, нормативтік – құқықтық актілер қоғамдық қатынастарды тікелей
реттейтіндіктен “интеллектуалдық меншік” деген терминді қолдану тиімсіз.
Бұл дау бүгін туған жоқ. Оның қайнар көзі XIX ғасырдың аяғында көрініс
тапқан. Сол кезде – ақ интеллектуалдық меншік және оның құрамаларының
түсінігі - әдеби (көркемдік) және өндірістік меншік деген атпен дүние
жүзіндегі көптеген елдердің заңнамаларында қолданыста болды және бұл мәселе
бойынша халықаралық конвенциялар да жасалған. Жалпы интеллектуалдық қызмет
нәтижелерін бұлай саралау және жасалған актілер мен заңдар көптеген танымал
заң ғалымдардың сынына түсті. Бұл түсінікке қарсы авторлар келесі
мәселелерге тоқталады. Олардың айтуы бойынша материалдық заттар мен
материалдық емес объектілерді реттеудің құқықтық режимін бөлуге болмайды.
Бұл жерде өзінің мәні болып авторлық туындылар мен техникалық жаңалықтар
табылады. Меншік құқығына жалпы мерзімсіз және белгілі бір территориялық
шектеулер қойылмайды, ал авторлар, ойлап табушылар мен құқықмирасқорлары
туындының немесе дараландыру құралдары және т.б. байланысты пайда болу
жолынан бастап- ақ уақыт пен кеңістікте әрекет ету мүмкіндіктері шектеледі.
Авторлар және патент иеленушілердің құқықтары жалпы меншік құқығын
қорғайтын құралдар арқылы қорғалмайды. Сондықтан ол белгілі бір дәрежеде
шектерге ие және оны басқа құқық құралдарымен қорғайды. Шығармашылық
қызмет нәтижесі оны жасаған тұлғамен ажырамас тығыз байланыста болады.
Сондықтан оларды әр түрлі заңдармен немесе нормативтік – құқықтық
актілермен реттеу дұрыс емес. Осындай негіздерге сүйенген авторларға қарсы,
интеллектуалдық меншік түсінігін қолдайтын авторлар келесі негіздерді
ұсынады. Интеллектуалдық меншік деген түсінікті ашу мақсатында біз ең
алдымен, интеллектуалдық меншік меншіктің ерекше түрі туралы айтылады.
Өйткені ол материалдық емес сипатта болады және оларды арнайы реттеу
қажеттілігін талап етеді.
Интеллектуалдық құқықтар туралы теориялар өзінің қисынды аяқталуын,
яғни авторлар, ойлап табушылар, патент иеленушілердің құқықтары құқықтары
деп танылуы қажет. Яғни, ерекше саладағы құқықтары болып табылады. Авторлық
құқықтарды классикалық бөлуге: заттық, міндеттемелік және жеке құқықтардың
бөлу әдістеріне жатпайды. Бельгиялық заңгер Пикард бұл теория туралы
мынадай тұжырым жасаған: жаңалықтар, өндірістік үлгі мен пайдалы модель,
тауар белгісі, фирма атауы және т.б. ерекше интеллектуалдық меншікті
құрайды және де затқа деген меншік құқығынан мәні жағынан ерекшеленеді.
Интеллектуалдық құқықтар туралы теорияны көптеген қолдаушылар
“интеллектуалдық меншік” деген терминді пайдалануға қарсы және бұл мәселе
әлі күнге дейін даулы болып табылады.
Қазіргі таңда ешкім авторлар және жаңалықтар ашушы құқықтардың екі
түрлі табиғатының бар екенде күмән туғызбайды. Бір жағынан, шығармашылық
қызмет жасаған тұлғаға өзінің нәтижесін қолдануға құқығы болады. Жалпы,
бұл құқық басқа біреулерге берілуі мүмкін (нәтижені қолдануға рұқсат беруді
ұсыну). Бұл құқық заттық құқықтар санына жатқызылады және өзіне тән
белгілермен меншікке деген құқыққа ұқсас келеді. Ал екінші жағынан, автор
жеке мүліктік емес құқықтар (моральды) жиынтығына ие болады. Мысалы,
авторлық құқық, авторлық есімге құқық және т.б. Яғни, бұл құқықтар өзінің
табиғаты бойынша өз иесінен бөлініп шыға алмайды. Сонда да заттық пен жеке
құқықтар арасында келісімге келе алмайтындай шек жоқ, керісінше, олар өзара
тығыз байланысты және бір-бірімен аралас келеді. Сондықтан, олар
бөлінбейтін бір бүтінді құрайды.2[2]
Аталған құқықтар жинағын “интеллектуалдық меншік” деген терминімен атау
тек жалпылама және тарихи дәстүр бойынша қолданылады. Қазіргі кезде
шығармашылық және басқа да интеллектуалдық жетістіктердің жасаушылары және
олардың мирасқорлары қарастырылған түсініктерді қолданған кезде бұл айрықша
құқықтардың жиынтығы туралы теорияны ойламайды. Бұл құқықтарға заттық
құқықтарға қолданылатын құқықтық режим таралуы мүмкін. Сондықтан
интеллектуалдық меншік түсінігі туралы айтылатын сындарға қарамай, қазіргі
заманғы заңнама мен заң әдебиеттерінде қолданылып отыр. Айтылған қарсы
пікірлер ешқандай нәтижеге мақсаты бойынша жетіп жатқан жоқ.
“Интеллектуалдық меншік” термині өзінің өмір сүру уақытына қарай
шығармашылық қызмет нәтижесіне ойлап табушылар мен құқық иеленушілердің
айрықша құқығының жиынтығы деген түсінікті қалыптастырған.
XIX ғасырдың аяғында пайда болған “интеллектуалдық меншік” термині
еліміздік заңнамасы мен ғылыми айналымында 90- шы жылдары орын алған.
Мұндай түсінік Қазақстан Республикасының Конституциясында да қалыптасып,
әдеби, көркемдік, ғылыми, техникалық және басқа да шығармашылық еркіндікті
білдіреді. Сонымен қатар аталған түсініктің мазмұны мен мағынасын толық
түсіндірмейді, тек “интеллектуалдық меншік” заңмен қорғалады деп
көрсетілген. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде
интеллектуалдық меншік деген түсінікке анықтама берілмеген. Тек
интеллектуалдық қызмет нәтижесіне байланысты құқықтарға ие болу
негізлдеріне тоқталып кетеді.
Алайда, интеллектуалдық қызмет және басқа да оған теңестірілген
объектілерге құқықтық қорғауды тек Кодекспен немесе басқа да заңмен
көрсетілген тәртіп сақталған жағдайда жүзеге асырылады. Яғни, бұл белгілі
бір интеллектуалдық қызмет нәтижесі және басқа да объектілер
интеллектуалдық меншік деп танылуы үшін тікелей заңда көрсетілген болуы
тиіс, сонымен қатар көрсетілген талаптарға сай келуі қажет.
Мұндай әдіс қазіргі таңда өтелмелі. Өйткені, біріншіден, кез келген
интеллектуалдық жетістіктерді құқықтық қорғауды қамтамасыз ету реалды түрде
мүмкін емес; екіншіден, кейбір интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне құқықтық
қорғау беру тәжірибе жүзінде жүзеге асырылуы мүмкін емес. Осылайша реттеу
арқылы ғылыми идея, гипотеза, теория және басқа да ғылыми нәтижелерді
құқықтық қорғау деген сұраққа тез жауап табуға болады. Қазіргі таңда
заманға сай құқықтық механизм құру мәселесі көтерілуде. Алайда, бұл
механизм қалыптасқан құқықтық институттарға қайшы келмейтін және ғылыми-
техникалық прогрессті дамытуды тежемейтін болуы тиіс.1[3] Әлі кейбір
ғалымдар мен заң шығарушылардың бұл проблеманы шешу үшін қолданылатын
шаралары жетістікке жетіп жатқан жоқ. Мысалға алатын болсақ, бейнежазба
объект ретінде дәстүрлі заңнама шегінде қамтамасыз етілуі мүмкін, бірақ
қазіргі кездегі құқықтық қорғау саласының даму сатысында қолдану тиімді
бола қоймас.
Жалпы жоспарлы бойынша дыбыс жазбадан ешқандай айырмашылығы жоқ. Ол да
сабақтас құқықтардың объектілерінің бірі ретінде қорғалады. Сонымен қатар,
теориялық тұрғыдан интеллектуалдық меншік объектісі қатарында саналуы тиіс.

Көптеген елдер сабақтас құқықтарды қорғауды қарастырғанда сабақтас
құқық объектісі ретінде бейнежазбаны танымайды. 1901 жылғы артист-
орындаушылар, фонограмма мен эфирде таратушы өндірушілер мүдделерін
қорғайтын Халықаралық (Рим) Конвенциясымен де құқықтық қорғау қамтамасыз
етілмейді. Сондықтан осы шарттарға сәйкес қазақстандық заңнамада
бейнежазбаны арнайы қорғауды енгізу тиімді емес, сонымен қатар барлығына
жалпы авторлық құқық нормалары таратылатыны есепке алынуы тиіс.
Соңғы екі-үш онжылдықтың ішінде көрсетілген тәжірибе бойынша
интеллектуалдық қызмет нәтижелері қорғаудың түрі мен сандары да үнемі өсіп
отырады. Осылайша, соңғы он жыл ішінде интеллектуалдық меншік қатарына:
пайдалы модель, тауардың орналасқан жері, интегралды микротаңба
топологиясы, ЭЕМ бағдарламалары, құжаттар жинағы, қызметтік және
коммерциялық құпия, сабақтас құқық объектілері сияқты көптеген толықтырулар
енгізілді. Керісінше, жаңалықтар мен рационализаторлық ұсыныстар сияқты
интеллектуалдық қызмет нәтижелері іс жүзінде қорғалудан айырылды. Алайда,
бұл сұрақ заңнамалық жоспарда аяғына дейін шешілмеген. Сонда да
интеллектуалдық меншік объектілерінің құрамы бір қалыпты тұрған жоқ, үнемі
нақтыланып және жекеленіп тұрады.
Интеллектуалдық меншіктің түсінігін сипаттау кезінде халықаралық
келісім – шарттардың маңыздылығына тоқталуы керек. Өйткені Қазақстан
Республикасында көрсетілгендей, қазақстандық құқықтық жүйесінің бөлігінің
бірі болып табылады. Конституцияда көрсетілген интеллектуалық меншік
түсінігін Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымы толық ашады. Онда
интеллектуалық меншік мына объектілерге байланысты құқықтарды белгілейді:
- әдеби, көркемдік және ғылыми туындылар;
- әншілердің орындауға байланысты қызметтері, дыбысжазба, радио және
теледидарлық бағдарламалар;
- өнертабыс ортасындағы адамдардың барлық қызметтері;
- ғылыми жаңалықтар;
- өнеркәсіптік үлгілер;
- тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, фирмалық атау мен коммерциялық
белгілері;
- заңсыз бәсекелестікке қарсы қорғау әдістері.
Сонымен қатар өнеркәсіптік, ғылым, әдеби және көркемдік салалардағы
интеллектуалдық меншікке қатысты құқықтар.
Бұл Конвенцияда Азаматтық Кодекстегі сияқты “интеллектуалдық меншік”
термині шығармашылық нәтижелері мен оған теңестірілген кейбір объектілерге
деген барлық құқықтарды білдіре отырып, жинақталған мағынада
қолданылады.4[4] Конвенцияда көрсетілген айрықша құқықтар мазмұны мен
түрлері үлгілі сипатта болады және басқа да интеллектуалдық қызмет
нәтижелерімен толықтырылуы мүмкін. Дүниежүзілік Интеллектуалдық Меншік Ұйым
мүшелері Конвенцияда көрсетілген құқықтардың барлығын өз елдерінде
қорғалуын қамтамасыз етуді міндеттей алмайды. Олар интеллектуалдық меншік
объектілерінің қорғалу аясын өздері белгілейді. Бірақ, сонда да жоғарыда
келтірілген анықтамаларға қарайтын болсақ, қандай да байланысты табу қиын.
Интеллектуалдық меншік пен меншік құқығы деген түсініктер өздерінің
құқықтық сипатына қарай әр түрлі болып келеді.
Қазақстан заңнамасы мен халықаралық шарттар интеллектуалдық меншік деп
интеллектуалдық яғни, ең алдымен шығармашылық қызмет нәтижелеріне деген
айрықша жеке құқықтар мен мүліктік құқықтар жиынтығын атайды. Соынмен
қатар, интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне теңестірілген кейбір объектілер
жатады. Әрбір мемлекет халықаралық міндеттері бойынша бұл объектілердің
тізімін белгілейді.
Қазіргі таңда “интеллектуалдық меншік” терміні XVIIIXIX ғасырларда
интеллектуалдық меншік теориямен ғана байланысты және қарапайым
қолданыстағы құқықтарды белгілеуінде ешқандай заңи табиғатына қайшы
келтірмейді және реалды түрде қауіп төндірмейді.
Интеллектуалдық меншік құқығының негізгі институттары. Заңнама мен заң
әдебиеттерінде қолданылатын “интеллектуалдық меншік” түсінігі “әдеби және
көркемдік меншік” және “өндірістік меншік” деген терминдерге жалпылама
түрде қолданылады. Соңғылары әрине, авторлық құқық белгіленеді. Оның әрекет
ету аясы ғылыми шығармашылық нәтижелеріне (ғылыми меншік) таратылады және
оған патент құқығы мен азаматтық айналымға, тауарларға және қызмет
көрсетулерге қатысушыларды дараландыру құралдарын қорғау да қосылады. Бірақ
бұл құрама “интеллектуалдық меншік” деген түсініктің толық мазмұнын
ашпайды.
Авторлық құқық, патенттік құқық, дараландыру құралдары заңнамасының
қорғалу шегіне жатпайтын, алайда құқықтық қорғалатын көптеген шығармашылық
нәтижелер бар. Мысалы: интегралды микротәсілдер топологиясы, қызметтік және
коммерциялық құпия, селекциялық жетістіктер және басқа да құқықтық
қорғалатын объектілер жатады. Сондықтан интеллектуалдық меншік түсінігі
әдеби меншік пен өндірістік меншікті қоса алған кезде де көлемі жағынан кең
әрі жан-жақты болып келеді.
Интеллектуалдық меншік объектілерін қолдану мен қорғауға байланысты
қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық құқығымен реттелуге жатады.
Азаматтық Кодекс нормалары ең алдымен, арнайы заңдармен реттеліп,
жекеленген интеллектуалдық қызмет нәтижелері мен оған теңестірілген
объектілерге деген айрықша құқықтардың жиынтығы, азаматтық құқықта ерекше
саланың пайда болуына әкеліп соқтырды.
Бұл сала интеллектуалдық меншік құқығы деп атады. Сонда бұл
шығармашылық қызмет нәтижелері мен оған теңестірілген объектілерге
байланысты жеке және мүліктік құқықтарды таниды және құқықтық қорғауға
алады. Қазіргі кезге дейін қалыптасқан интеллектуалдық меншік пен оған
теңестірілген объектілерін өздеріне тән ерекшеліктері мен қасиеттері,
белгілеріне қарай төрт институтқа бөлуге болады және олар нормалармен
бекітіледі.
Ең алдымен, авторлық құқық және сабақтас құқықтар институтын атап өтуге
болады. Бұл институт ғылым, әдебиет және өнер туындыларын, фонограмма,
орындау, қойылым, эфирлік бағдарламалар мен кабельдік таратуды жасаушымен
қолдануға байланысты қатынастарды реттейді. Бұл екі топты бір институтқа
біріктіргеннің себебі, екеуі бір-бірімен тығыз байланысты және де
сабақтас құқықтар негізінен авторлық құқық нормалар негізінде реттелініп
отырады. Сонымен бірге, бұл топтар бір заңмен қорғалады.
Авторлық құқықтың көбінесе, заң әдебиеттерінде мына екі міндеттерді
белгілейді: біріншіден, авторлық құқық ғылым, әдебиет және өнер
туындыларының жасалуы барысындағы қызметке баптау, шақыру болып табылады.
Осы үшін авторлық құқық шығармашылық еңбекпен айналысуға, шығармашылық
қызмет нәтижесіне жеткен объектіге құқықтық тану мен қорғауды қамтамасыз
етеді.
Автордың өзінің туындысын қолдана алады және басқа тұлғалардың
қолданғаны үшін сыйақы алуға құқығы және т.б. бекітілген. Екіншіден,
авторлық құқықтың міндеті болып қоғам мүддесі үшін туындыны кең көлемде
қолдану жағдайларын жасау табылады. Сондықтан, авторлық құқық қорғауда
ешқандай жағдайларда туындыны білім беру мен ғылым үшін қолдануға,
оқырмандар, көрермендер мен тыңдаушылардың олармен танысып, қолданылуына
кедергі келтірмеуі қажет.
Аталған міндеттер авторлық құқық қағидаларымен тығыз байланысты болып
келеді. Авторлық құқық қағидалары - әмбебап, ең жоғарғы дәрежедегі
императивті және жалпы маңызы бар бастапқы идея, бастаудың басы. Олар
барлық авторлық құқық жүйесінің мазмұнын құрайды. Барлық юрисдикциялық
қызметін белгілейді және авторлық құқықтық қатынастың қатысушыларының
субъективтік құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырады. Заңдарда
көрсетілмегеннен, авторлық құқық құқықтық нормалардың барлық жиынтығын
саралау кезінде шығады. Қағидаларды білу, кең ауқымды, көлемді авторлық
құқық заңнамасында белгілі бір мәселелерді шешуге көп көмегін тигізеді.
Заңнамада көрсетілген кейбір нормаларды іс жүзінде дұрыс түсіндіру мен
қолдану, тікелей жауапты талап ететін сұрақтарды шешу үшін сүйенетін тірек
болып табылады.
Қазіргі таңда авторлық құқық қағидалары ретінде қалыптасқан мыналар:
Біріншіден, Конституцияда тікелей көрсетілген шығармашылық еркіндігі
қағидасы болып табылады.5[5] Бұл қағида өзінің жеке нормаларымен
нақтыланып, реалды түрде мазмұнға ие болды. Осылайша шығармашылық еркіндігі
ғылым, әдебиет және өнер туындыларының сөз цензурасына қатысы болмайды.
Шығармашылық еркіндікті авторлық құқықпен қорғалатын барлық ғылым,
әдебиет және өнер туындыларының маңыздылығы, ерекшелігі және жеткізілген
нысанына қарамастан қамтамасыз етіледі. Сондықтан заңмен қорғалатын
туындылар тізімінің шеңберін шектемейді және кез келген объективті
нысандағы интеллектуалдық қызмет нәтижелерін қорғайды. Туынды жасаушылар
көркемдік образдар немесе өздерінің түсінігі бойынша жасаған туындының
тақырыбын, сюжетін, жанрын және нысанын таңдауда өзі ерікті болады. Сонымен
қатар, туындының жарыққа шығу туралы мәселесін немесе туындыға аяқтау
нысанын қолдануды өз қалауы бойынша жүзеге асырады.
Екіншіден, авторлық құқық қағидасы болып автордың жеке мүдделерінің
қоғам мүддесімен сәйкестігі табылады. Бұл қағида интеллектуалдық меншік
институтының басқа институттарда да қолданылып отырады. Сонымен қатар,
азаматтық құқық саласына да тиесілі болып табылады. Алайда, бұл қағида
авторлық құқық институтында ерекше орын алады. Азаматтық құқық негізінде
авторға өзімен жасалған туындының қолдануға байланысты монопольдік құқыққа
ие болу мүмкіндігі жатыр.
Бұл бәсекелестіктің әрекет ету аясы туралы мәселе көптеген жылдар бойы
дау туғызып келеді. Қазіргі уақытта ешкім автор өзі жасаған туындыны
пайдалануға байланысты шексіз құқықтар жиынтығына ие деп айта алмайды. Егер
туынды автордың келісімімен бұхаралық мәлімделген немесе танылған болса,
оның туындыға деген құқығы онша көлемді болмайды. Өйткені, ол басқа
азаматтар мен қоғамның мүддесіне қарсы ешқандай әрекеттер жасай алмайды.
Демократиялық қоғамның зандары интеллектуалдық меншікті қорғауды кепіл етіп
қоймай, қоғам мүшесінің мәдениет өмірге және мәдени жетістіктерін қолдануға
құқықтарын бекітеді.
Қоғам өзінің мүшелерінің шығармашылық туындымен танысуға мүмкіндік беру
еркіндігімен жасалған туындының авторлық құқық нормалармен тиімді
қорғалуына мүдделі. Осыған орай Қазақстан Республикасының авторлық
заңнамасында немесе басқа да елдердің заңнамаларына айрықша жеке және
мүліктік құқықтар шеңбері бар.
Туындылар жалпы ережеде автормен келісілген белгілі бір шарт бойынша
қолданылуы мүмкін. Бұл шартта қандай жағдайларда беріліп жатыр, авторлық
құқық шартының әрекет ету мерзімі және т.б. анықталуы тиіс. Сонымен қатар,
қоғам мүддесімен белгіленген жағдайлар бойынша туынды заңда көрсетілген
мүдделі тұлғаларға еркін қолдануға берілуі мүмкін.
Үшіншіден, авторлық құқық қағидасы ретінде автордан жеке мүліктік емес
құқықтардың бөлінбейтіндігі қарастырылады. Осы белгі қазақстандық авторлық
құқықты шетелдік авторлық құқықтан ерекшелендіреді. Қазақстандық авторлық
заңнама бойынша жеке мүліктік емес құқықтар (авторлыққа құқық, есімге құқық
және т.б.) автордың келісімі болса да, басқа тұлғаларға берілмейді. Мұндай
келісімнің заңдық күші болмайды және жарамсыз болып табылады. Қызметтік
бабы бойынша жасалған туынды болса да, жеке мүліктік емес құқықтар
автордың атынан сақталады және барлық жағдайда қамтамасыз етілуі тиіс.
Осыған орай заңнама нормалары авторлыққа құқық, авторлық есімге құқық,
автордың ар-ожданын қорғауға құқық мұрагерлікпен де берілмейді және
туындыны еркін қолданатын жағдайда да туындыда автордың есімі міндетті
түрде көрсетіледі. Ал автордың мүліктік құқығына тоқталатын болсақ, ол
заң бойынша (қызметтік туынды) арқылы мұрагерлікке қалдыру немесе авторлық
шарт бойынша басқа тұлғаларға берілуі мүмкін.6[6]
Авторлық құқықтың келесі қағидасы авторлық шарттың еркіндігі болып
табылады. Бұл қағида бұрын авторлық шартта көрсетілуі тиіс тараптардың
құқықтары мен міндеттерінің нормативті регламентация деген қағиданы
алмастырды. Бұл жерде көбінесе типтік авторлық шарттар болатын. Мысалы,
баспалық, сцинарийлік, қойылымдық және т.б. Автор мен қолданушының
қатынастары қатаң белгіленген тәртіппен реттеледі. Әрине, бұл авторлық
шарттарда тараптардың еріктерін немесе оларға тиесілі құқықтарын шектеу
деп айтуға болмайды. Типтік шарттардың негізгі қызметі болып
қолданушылардың туындыға байланысты оқшаулау мен авторлардың ең аз мөлшерде
құқықтарға ие болу мүмкіндігіне кепілдік беру болатын.
Бірақ шарттарда не көрсетілуі тиіс, қандай жағдайлар мен мәселер
қаралуы тиіс сұрақтардың бәріне заңнама детальды реттеуге болмайды. Өйткені
жалпы алғанда бұл қатынастар тараптардың еріктері мен келісімдеріне
байланысты болуы керек. Қазіргі заңдарда авторлық шарттардың типтік үлгісі
мен шарттарда міндетті түрде келісімге келуі тиіс жағдайлар мен мәселелер
көрсетіледі. Ал автордың заңды мүдделеріне келетін болсақ, олар
біріншіден, шартқа авторға тікелей тиімді әрі нұқсан келтіретін жағдайлар
енгізілмейді. Мысалы, автордың болашақта жасайтын туындыларына белгілі бір
құқықтарды ұсыну; екіншіден, авторға белгілі бір құқықтар тиесілі болады.
Мысалы, авторлық шартты оны бекіткен күннен бастап 5 жылдан кейін бұзуға
құқылы. Егер авторлық шартта әрекет ету мерзімі көрсетілмеген болса немесе
туындыны қолдану шарттарға байланысты белгілі бір міндеттердің болуы
мүмкін. Мысалы, тапсырылған туынды бойынша авторға аванс төлеу. Осыдан
басқа және заңда көрсетілген шектеулерден басқа тараптар авторлық шарттың
мазмұнын еркін түрде белгілейді.
Интеллектуалдық меншік құқығының екінші институты ретінде патенттік
құқық қарастырылады. Өнертабыс, пайдалы модель және өнеркәсіптік үлгіні
жасау мен қолдануға байланысты туындайтын мүліктік және жеке мүліктік емес
қатынастарды патент құқығы институты реттейді. Осы аталған үш объектіні
интеллектуалдық меншік шегінде бір институтқа мынадай тұжырыммен
жинақтаған.
Біріншіден, өнертабыс, пайдалы модель және өнеркәсіптік үлгі бір-
біріне қатысты маңызды ұқсастықтары бар.7[7] Ал басқа жағынан, бсақа
интеллектуалдық меншік объектілерінен мәні бойынша ерекшеленеді. Бұлардың
бәрі шығармашылық нәтижелері болып табылады, белгілі бір нақты жасаушы
тұлғасы және оған деген құқықтар танылып, қорғалады. Бірқатар белгілер
бойынша бір-бірімен ұқсас және т.б.
Екіншіден, олардың бәрі құқықтық қорғауды жүзеге асыру үшін бірыңғай
нысанда яғни, патент беру арқылы жүзеге асырылады. Үшіншіден, қоғамдық
қатынастарды бұл үш объектілер байланысты құқықтық реттеу кезінде
айырмашылықтарыменан, ұқсастықтары көп. Сонымен қатар, олар бір заңмен
яғни, Қазақстан Республикасының “Патент туралы” заңы бойынша реттелінеді.
“Патент құқығы” деген термин ҚР – да қолданыста жүргеніне аз ғана
уақыт болды. Көптеген уақыт бойы өнертабыс және басқа да техникалық
жаңалықтар патентпен емес, авторлық куәлікпен қорғалатын. Авторлық куәлік
оларды иеленушілерге жасалған жобаны қолдануға айрықша құқықтар
берілмейтін, тек жеке құқықтар мен қолданушыдан сыйақы алуға құқыты кепіл
ететін еді. Сондықтан қарастырып отырған институттағы қатынастарды
реттейтін құқықтық норма жиынтығын патенттік емес, өнертабыстық деп атаған.

Авторлық құқық сияқты патент құқығы интеллектуалдық шығармашылық
нәтижесі болып табылатын және оны қолдануға байланысты материалдық емес
игіліктерді қорғаумен айналысады. Өнертабыс, пайдалы модель және
өнеркәсіптік үлгі авторлық құқықпен қорғалатын ғылым, әдебиет және өнер
туындылары сияқты ойлау қызметінің нәтижесі, техникалық және көркем-
конструкторлық мәселелерді шешудің әдістері мен тәсілдері болып
табылады.[8]
Тек кейін азаматтық айналымда түрлендірілгеннен соң ол механизм,
құрылым, зат немесе процеске т.б. айналады. Көптеген ұқсастықтарына
қарамастан объектілер белгілі бір айырмашылықтарға да ие. Егер ғылым,
әдебиет жән өнер туындыларында – көркемдік нысан мен тіл байлығы құнды және
құқықтық қорғау пәні болып табылса, патенттік құқық объектілерінің
құндылығы ойлап табушының белгілі бір мәселеге байланысты сұрақты шешудің
қорытындысының мазмұны болып табылады.
Авторлық құқық туындылары қайталанбас немесе тек жаңғырту нысанында
жасалуы мүмкін. Ал патенттік құқықта құрылым, тәсіл, зат, штамма мен
бұйымның сыртқы бейнесіне байланысты шешімдерді ойлап тапқан адамнан басқа
адамдарда жасауы мүмкін. Сондықтан, техникалық және көркемдік-
конструкциялық шешімдерді қорғау патенттік негізгі функцияларының бірі
болып табылады. Авторлық құқыққа қарағанда, басқа құқық қайнар көздері мен
қағидаларды негізге алады.
Патент құқығы қағидалары заңда тікелей көрсетілмегенімен, патенттік –
құқықтық нормалар жүйесінің барлық саласында жұмыс істейді. Ең алдымен,
бастау болып патент иеленушілердің патенттелген объектіні қолдануға айрықша
құқықты тану табылады. Бұл ереже бойынша тек патент иеленуші ғана
патенттелген жобаны дайындауға, қолдануға, басқа елдерге алып кетуге,
сатуға және басқа да шаруашылық айналымға кіргізе алады. Ал қалған
тұлғалардың патенттелген объектіні қолданудан тартынып, заңсыз патент
иеленуші болудан бас тартуы қажет.
Осыған орай патент иеленушіге жобаға байланысты абсалютті құқық тиесілі
болса, басқа тұлғалардың барлығына патент иеленушінің құқықтарын бұзудан
бас тарту пассивті міндет тиесілі болады. Патент иеленушінің айрықша
құқық аясына шарт немесе заң негізінде заңсыз араласудың алдын ала тоқтату
шаралары жүзеге асырылуы тиіс. Ал заң бұзушыға заңмен көзделген санкция
қолданылады.
Монополия патентті тану мен барлық мүмкін тәсілдермен қорғауды
мойындайды, алайда, қоғамдық мүддені қорғау мен патент құқығының
қызметтерімен атқарылатын көмекті ұмытпау керек. Сондықтан, патент
құқығының екінші қағидасы ретінде – патент иеленушілердің құқықтарын ақылға
қонымды мөлшерде қорғау, екінші жағынан, қоғамдық мүддені қамтамасыз ету
болып табылады. Осыған куә ретінде патенттің әрекет ету мерзімін белгілі
бір шектеулер болуы табылады. Патенттің әрекет ету мерзімі аяқталған
уақытта жасалған жоба бұқаралық жалпы қолданысқа түседі, яғни қолдану
жалпыға бірдей жүргізіледі.
Сонымен қатар белгілі бір мақсатпен жасалған жобаға патенттік-құқықтық
қорғау алу үшін ол техникалық деңгейі мен біліктілікті енгізуі тиіс. Яғни,
жасалған жоба жасаған тұлғаның енгізген еңбегінің техникалық деңгейінің
ерекше болуына байланысты сипатталады. Осы мақсатта белгілі бір мәселеге
байланысты келіп түскен шешу жолы бар өтініштерді тексереді.[9] Сонымен
бірге, жаңа жобалармен кез келген қызығушылық білдірген тұлғаларға
таныстыру жағдайлары жасалынады. Атап кеткендей, қоғамның мүдде үшін заң
патенттелген жобаларды еркін қолдану жағдайларын белгілейді.[10]
Дәрігердің рецепті бойынша бір реттік дәріханаларда дәрі дайындау, ғылыми
– эксперимент жүргізу және т.б. – патент монополиясы аясынан әлеуметтің
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін алынып тасталған. Бұл патент
иеленушілер мен қоғамның мүдделерін теңестіру болып табылады.[11]
Патент құқының келесі қағидасы болып патенттік-құқықтық қорғау тек
ресми түрде, тәртіпте өнертабыс, пайдалы модель және өнеркәсіптік үлгі
патенттік қабілеттілікке ие деп танылған жобаларға ғана берілуі табылады.
Патенттік қорғауды алу үшін мүдделі адам Қазақстан Республикасының
Қазпатентке ерекше өтінішті рәсімдеп, өткізуі қажет. Қазпатент белгіленген
тәртіп пен жағдай бойынша өтінішті қарастырып, егер ол талаптарға сай
келсе оны қанағаттандырады.
Объект патент қабілеттігінің барлық критерийлеріне сай келіп тұрса,
бірақ жасалған жобаға патент беруге Қазпатентке өтініш берілмесе, патент
құқығы жағынан қорғауға жатпайды. Осы белгі бойынша да патент құқығы
авторлық құқықтан ерекшеленеді. Авторлық құқық объективті нысандағы кез
келген шығармашылық туындыны қорғауға алады.
ҚР заңнамасы бойынша құқықтық қорғау алу үшін ешқандай рәсімдеуді
жасаудың қажеті жоқ. Ал, патенттік құқықта патенттік-құқықтық қорғауды алу
үшін негізді және міндетті талап болып заңда көрсетілгендей жасалған жоба
патент қабілеттігі ресми танылуы тиіс. Бұл көптеген себептермен байланысты
болып келеді. Патенттік құқықпен қорғалатын объектілердің көптеген түрлері
техниканың қайталануы мүмкін. Сондықтан, жасалған жобаның жаңа болуы
қорғау үшін қабілетке ие болу қойылатын талаптардың мәнін ашады. Осы
себептен патент құқығы авторлық құқық сияқты рәсімдеусіз құқықтық
қорғауды жүзеге асыра алмайды. Патент беруге өтінішті дұрыс рәсімдеп
өткізген алғашқы тұлға ғана өздерінің құқықтарын мемлекеттік тану мен
қорғауды талап ете алады.
Ең соңғы қағида ретінде патент құқығы тек қана патент иеленушілердің
ғана емес, өнертабыс, пайдалы модель және өнеркәсіптік үлгіні жасаған
тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін заңмен танып, қорғауды қарастырады.
Бұл қағида патент құқығының көптеген нормаларында кездеседі. Ең алдымен,
шынайы жобаны жасаған тұлға ғана патент алып, патент иеленуші болып
танылуға мүмкіндік берілген.
Егер заң бойынша патент алу құқығы басқа тұлғаға тиесілі болса, мысалы
жұмыс берушіге, жобаны жасаған тұлға жұмыс берушімен объектіні қолданатын
кезде алынатын мөлшерге сай сыйақы төленіп тұрады. Патент алу үшін өтініш
берген тұлға жобаның авторы болмаса, өтініш беруге құқығы бар екенін
дәлелдейтін құжаттарды ұсынуы қажет. Жоба жасаған тұлғаға кез келген
жағдайда жеке мүліктік емес құқықтар танылады және олар мерзімсіз әрі
берілуге жатпайтын болып есептеледі.[12]
Аталған қағидалар негізгі патент құқығы нормаларының мазмұнын
анықтайды. Олардың қайнар көздері мен дамуына алғышарттар болып табылады.
Бұл қағидаларды білу нақты патенттік-құқықтық нормаларды мазмұнының
түсінуге көмектеседі. Көрсетілген заңнамамен қамтылатын өмірлік
жағдайларда туатын шешімді талап ететін сұрақтарға жауапты дұрыс табуға
бағыт береді.
Қазақстанда тауар-ақша қатынастарының дамуы нарықтық экономиканың
талап етуі бойынша фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі
және тауардың орналасқан жері деген өндірістік меншік объектілер маңызды
элементтерге айналды. Шаруашылықтың дамуына теңдей жағдай жасау, тауар
өндірушілердің қызметінің бәсекелестіктерінің өсуі мен олардың нәтижелері
үшін жауапкершілік белгілеу, қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
шығарылған тауар мен қызмет көрсетулер құқықтық реттеу механизмін қажет
етті. Осындай құқықтық механизмі азаматтық құқық саласының бір бөлігі болып
табылатын, азаматтық айналымға қатысушылардың, тауар шығарушылардың (жұмыс,
қызмет көрсету) қатысушыларының дараландыру құралдары интитутын айтамыз.
Берілген интеллектуалдық меншік институты патент құқығы сияқты
өндірістік меншікпен жұмыс істейді, яғни, өндіру облысындағы жүзеге асыру,
тауарлық айналым, қызмет көрсету және т.б. байланыста айрықша құқықтар.
Бірақ бұларға құқықтық қорғау беру басқа қайнар көздер мен қағидалардан
құралады, ал патент иеленушілер мен авторлар басқа әдістермен қорғалады.
Мысалы, заң кәсіпкердің дараландыру құралдарын және олардың өнімдерін
шығармашылық қызмет нәтижесі деп қарастырмайды және олардың жасаушыларының
ерекше құқықтарын танымайды.
Осы уақытқа дейін Қазақсатан Республикасының заңнамасы мен заң
ғылымдарында аса көңіл берілген жоқ. Тауар өндірушілердің дараландырумен
байланысты қатынастары нақты реттеуші заңы болған жоқ және де ескі заң
актілерімен регламенттеліп отырды. Монополияның қатаңдығы мен мемлекеттік
меншіктің басымдығы бір жағынан, тауар нарығында тауар мен бәсекелестіктің
кедейлігі екінші жағынан құқықтық реттеуші механизмді талап етпеді.[13]
Нарықтық экономикаға көшкен уақыттан бастап көптеген қатынастар өзгере
бастады. Нарықтық механизм шығарылған тауарға деген тұтынушылардың іс-
әрекеттеріне жалдам әсер етеді. Көптеген тауар шығарушылар мен
кәсіпкерлердің тауарларын тұтыну кезінде тауарда көрсетілген белгі немесе
сурет, оның даралануы мен заң бұзылған жағдайда жауапкершілікке тарту
мүмкіндігі қарастырылады.
Осылайша бұл институн негізгі қызметі болып өндірушілердің немесе
дараландыру құралдары мен тауар, қызмет көрсету белгісі және т.б.
дараландыру құралдарын дұрыс дараландыруды қамтамасыз ету табылады. Бұл
институт екі жекелеген субинституттардан тұрады. Біріншісі, азаматтық
айналымға қатысушыларының дараландыру құралдары және өнімдер, жұмыс және
қызмет көрсету дараландыру құралдары субинституты. Алайда, екеуінің де
мақсаты бір және шаруашылық айналымда өздерінің ерекше рөл атқарады.

1.2. Интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне байланысты
қатынастардың субъектілері.

Интеллектуалдық меншікке байланысты қатынастарды реттейтін азаматтық
құқықтық нормалар бар. Яғни, қазіргі заманғы нарықтық экономиканың
талаптарына сай интеллектуалдық меншікке байланысты қатынастардың түрлері
көбейді. Сондықтан оларды элементтері бойынша реттеуге тура келді. Соның
ішінде интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне тікелей қатысты болып
шығармашылық қызмет нәтижелерінің субъектілері болып табылады. Біз
білетіндей, интеллектуалдық меншік бірнеше институтқа бөлінеді. Сол
себепті, әр институттың ерекшеліктеріне байланысты субъектілердің атқаратын
қызметі әр түрлі болып келеді.
Авторлық құқықтың субъектілері. Туындының авторы. Авторлық құқық
субъектілері болып туындыға қатысты субъективтік авторлық құқық тиесілі
тұлға табылады. Субъективті авторлық құқық Қазақстан Республикасының
азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, мұрагерлер және басқа
да құқықмирасқорлары болуы мүмкін.[14] Субъектілерге байланысты туындыға
деген құқық әр түрлі заңды фактілермен байланысты – туындыны жасау,
мұрагерлермен авторлық құқыққа ие болу, авторлық шарт және т.б.
Авторлық құқық маңызды субъектілерінің бірі туынды авторлары болып
табылады. Автор деп шығармашылық еңбекпен туынды жасаған тұлға танылады.
Туынды жасаушы ретінде жасына, азаматтығына және әрекет қабілеттілігіне
қарамастан кез келген жеке тұлға бола алады. Авторлық құқық туынды жасалған
кезден бастап дереу пайда болады. Яғни, шығармашылық қызмет нәтижесі
объективті нысанға ие болып, басқа адамдармен қабылдануға мүмкін болуы
тиіс.
Азаматтардың авторлық құқыққа ие болу мүмкіндігі азаматтық құқық
қабілеттілігі мазмұнына кіреді, ал соңғысы адамның денсаулығы жағдайы мен
жасынан тәуелсіз болады. Осы абстрактілі мүмкіндік нақты субъективтік
құқыққа айналуы үшін заңдық факт қажет. Мұндай фактінің рөлін туындының
пайда болуы атқарады, яғни заңдық әрекет жасалынады, бірақ ол мәміле емес.
Заңдық әрекет құқық қабілеттілігі жоқ адамдармен жасалуы мүмкін
болғандықтан, нақты субъективтік авторлық құқық тұлғаның жасына және әрекет
қабілеттілігі жағдайынан тәуелсіз болып келеді.
Ал, кәмелетке толмағандар мен әрекет қабілеттілігі жоқ тұлғалардың
авторлық құқықты жүзеге асыру ерекше мәселелердің бірі болып табылады.
Жасөспірімдер мен толық әрекет қабілеттілігі жоқ азаматтардың авторлық
құқықтарын олардың ата-аналары мен қорғаншылары жүзеге асырады. 14-18 жас
аралығындағы кәмелетке толмағандар өздерінің авторлық құқықтарын өз
еріктері бойынша жүзеге асырады.[15]
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша туынды авторы ретінде тек
жеке тұлғалар ғана танылады. Заңды тұлға белгілі бір авторлық құқыққа тек
құқық мирасқорлық тәртібімен ғана, заң бойынша немесе шарт негізінде ие
бола алады. Ал, авторлық құқық иесі ретінде заңды тұлға ешқандай басқа
жағдайлар бойынша ие бола алмайды.
Заңшығарушылардың заңды тұлғаға туындылардың жекелеген түрлеріне
(жинақтар, кинофильмдер, периодикалық баспалар және т.б.) ие болу
мүмкіндігінің жоқтығы – Қазақстандың заңнамада маңызды өзгерістердің бірі
болып табылады, Мысалы, 1995 жылы қабылданған Конституция бойынша заңды
тұлғаларда пайда болған құқықтар қазіргі заңдарға сай автоматты түрде
сабақтас құқықтарға (эфирлік таратуды ұйымдастыру және т.б.) айналады
немесе пайда болған уақыттан бастап 50 жыл аяқталғанға дейін қолданылады.
Авторлық құқықтың субъектілері ретінде тек қана Қазақстан
Республикасының азаматтары ғана емес, шетелдік және азаматтығы жоқ адамдар
да бола алады. Алайда, Қазақстан Республикасының азаматының туындысы оның
жарияланғанға немесе объективті нысанда орналасқан жеріне байланыссыз
қорғалатын болса, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың
туындылары:
а) Қазақстан Республикасы территориясында жарияланған немесе Қазақстан
Республикасында белгілі бір объективті нысанға ие болса;
б) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қорғалатын
болса ғана Қазақстан Республикасы территориясында қорғалуға жатады.
Қосавторлық. Авторлық құқық екі немесе одан да көп тұлғалардың
шығармашылық еңбегімен жасалған туынды қосавторларға тиесілі болады. Бұл
туынды толық бөлінбейтін бір туынды ма немесе жеке өз алдына маңыздылығы
бар бөліктерден тұрудан тәуелсіз, қосавторларға тиісі болып табылады.
Қосавторлық пайда болуын доктрина мен сот тәжірибесінің қазіргі кездегі
заңнама мен жағдайларға сүйене отырып түсінуге болады. Ең алдымен,
қосавторлық туралы айтатын болсақ, бірнеше тұлғалардың шығармашылық
еңбектерінің бірігуі нәтижесінде бір ұжымдық туынды пайда болуы қажет.
Ұжымдық туынды біртұтас, бөлінбейтін (мысалы, бірнеше адамдармен
жазылған роман) болуы тиіс. Туындының бір бөлігі өз алдына маңызды мәнге
ие болып туындының басқа бөліктерінен тәуелсіз қолдану мүмкін болса
(мысалы, ұжымдық авторлармен жазылған өлең, әуендегі ән, оқулықтағы
тараулар және т.б.) , онда бұл әлдеқайда күрделі болып табылады. Ұжымдық
туынды жекелеген авторлардың туындыларының механизмін қосу нәтижесінде
пайда болмайды. Ол үшін ішкі нысан мен мазмұнында өзара байланыс болуы
қажет. Туындыны халық бір туынды ретінде қабылдауы қажет. Басқаша
айтқанда, ұжымдық туындының бір бөлігін өзгерткенде немесе алып
тастағанда, туындының басқа бөліктерінде де өзгерістер енгізіп, туындыны
біртұтас ретінде қолдану мүмкін болмауы тиіс. Мысалы, суретшінің кітабынан
иллюстрацияны алу ешқандай кедергісіз жүзеге асыруға болады. Ал, Азаматтық
құқық оқулығын заңды тұлғалар мен мәмілелер туралы тарауынсыз басып
шығаруға болмайды. Яғни, бұл оқулықтың толық еместігін білдіреді.
Қосавторлықтың пайда болуының екінші жағдайы бірнеше адамдардың
шығармашылық еңбегінің қосылуынан туындының жасалуы табылады. Бірігіп еңбек
жасау деп, барлық автордың бір жерде немесе бірге жасаған еңбегі емес,
олардың барлығының еңбегінің жеткен нәтижесі болып табылады. Қосавторлар
бір-бірімен туынды жасау барысында басынан аяғынан бастап хабарланып тұруы
мүмкін, сонымен қатар әрбір автор өзіне тиісті жекеленген туындының бір
бөлігін жасауы да мүмкін немесе керісінше, бір автордың еңбегін екінші
автор толықтыруы да мүмкін. Туынды жасаушылардың қандай нысанда еңбек
еткені маңызды емес, маңызды болып туындының барлығының еңбегінің
нәтижесі табылады.[16]
Туындының қосавторлығы болу үшін автор шығармашылық сипатта үлес қосуы
керек. Авторға техникалық көмек көрсету (материалдар талдау, схемаларды
сызу, графиканы дайындау және т.б.) ұйымдастырушылықты жүзеге асыру сияқты
қызметтер қосавторлық құқыққа ие болуға негіз болмайды.
Қандай да болсын тұлғалардың туындының қосавторы деп тану қосавторлық
туралы келісімның пайда болуынан басталады. Туындыны жасауға шығармашылық
жұмыстың бір бағытта істелуіне авторлардың өзара еріктері келісімге деп
түсіну керек.
Бұл туынды жасаудың кез келген кезеңі мен нысанында болуы мүмкін.
Келісім пәні болып, бұрын аяқталып қойылған туындыны қажет болған жағдайда
шығармашылық сипаттағы өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады. Ең
маңыздысы болып, қосавтордың ерікті туындысын ешқандай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сабақтас құқық туралы жалпы түсінік
Халықаралық құқықтық қатынастардағы интелектуалдық меншік
Автордың мүліктік құқықтары
Сабақтас құқықтың пайда болуы
Азаматтық құқықтар объектілері
Кәмелетке толмағандардың азаматтық айналымдағы әрекет қабілеттілігі
Педагогикалық құзырлық түсінігі
Интеллектуалдық меншік құқығының түсінігі
2 – сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктері туралы
Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі
Пәндер