1970—1985 жылдары Қазақстанда өнеркәсіптің жоспарларын орындаудың барысы және оның дағдарысқа ұшырауы



1970-1985 жылдары Қазақстанда өнеркәсіп кәсіпорындары мен цехтар салынды. Павлодар - Екібастүз, Қаратау — Жамбыл, Маңғышлақ, Теміртау — Қарағанды, Рудный — Алтай, Қостанай — Лисаковск және басқа да бірегей территориялық-өндірістік комштекстер (ТӨК) іске қосылды және даму үстінде болды. Халық шаруашылығына жаңа
магаий, глинозем, шойын, кокс, Жасаңды каучук, полиметалл аммофос, көтергіш крандар, электро-двигательдер, осы заманғы сым созатын станоктар, 9ста-пресс машиналарын және басқаларды шығара бастады. Шевченко (Ақтау) каласында тұңғыш рет шапшандатылған нейтронды (Б— 350) өндірістік атом реакторы жұмыс істей бастады. Екібастүз еліміздің төртінші көмір ошағы деп аталды. 80 жылдары мұнда Советтік Қазақстанда совет екіметі орнаған жылы бүкіл елімізде өндірілгендегіден көп көмір шығарылады. Ермак ферросплав, Павлодар алюминийді кайта өңдеу заводтары салынды. 1975 ж. мартта 100 мыңыншы трактор жасап шығарғанды. Ұзындығы 1500 км Өзен — Гурьев — Куйбышев "ыстық" мұнай құбыры салынды. Қаратаудағы фосфорит кені негізінде химия өнеркәсібінің ірі территориялық-өндірістік комплексі (ТӨК) пайда болды. Қаратау - Жамбыл ТӨК-і СССР-дегі сары фосфор мен құрама тыңайтқыш өндіру жөніндегі ірі базаға, Соколов-Сарыбай және Лисаковск кен байыту комбинаттары Урал мен Қазақстандағы қара металлургияның ірі шикізат базасына айнадды. Көмір өндірудің негізгі процесі толық механика-ландырылды. Жер асты рудниктерінде кен қазудың прогрессивті әдістері өндіріске енгізідді. Түсті металл балкыту оттегін үрлеуді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Өнеркәсіпте механикаландырылған тасқынды және автоматты желілерді автоматты басқару жүйесінің, есептеу және информациялық орталықтардың саны артты.
1965-80 жылдары республика бойынша өндірілген жалпы қоғамдық өнім 3 еседен астам өсті. 1940 ж. шығарылған өнеркәсіп өнімдерінің

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
1970—1985 жылдары Қазақстанда өнеркәсіптің жоспарларын орындаудың барысы
және оның дағдарысқа ұшырауы
1970-1985 жылдары Қазақстанда өнеркәсіп кәсіпорындары мен цехтар
салынды. Павлодар - Екібастүз, Қаратау — Жамбыл, Маңғышлақ, Теміртау —
Қарағанды, Рудный — Алтай, Қостанай — Лисаковск және басқа да бірегей
территориялық-өндірістік комштекстер (ТӨК) іске қосылды және даму үстінде
болды. Халық шаруашылығына жаңа

магаий, глинозем, шойын, кокс, Жасаңды каучук, полиметалл аммофос,
көтергіш крандар, электро-двигательдер, осы заманғы сым созатын станоктар,
9ста-пресс машиналарын және басқаларды шығара бастады. Шевченко (Ақтау)
каласында тұңғыш рет шапшандатылған нейтронды (Б— 350) өндірістік атом
реакторы жұмыс істей бастады. Екібастүз еліміздің төртінші көмір ошағы деп
аталды. 80 жылдары мұнда Советтік Қазақстанда совет екіметі орнаған жылы
бүкіл елімізде өндірілгендегіден көп көмір шығарылады. Ермак ферросплав,
Павлодар алюминийді кайта өңдеу заводтары салынды. 1975 ж. мартта 100
мыңыншы трактор жасап шығарғанды. Ұзындығы 1500 км Өзен — Гурьев — Куйбышев
"ыстық" мұнай құбыры салынды. Қаратаудағы фосфорит кені негізінде химия
өнеркәсібінің ірі территориялық-өндірістік комплексі (ТӨК) пайда болды.
Қаратау - Жамбыл ТӨК-і СССР-дегі сары фосфор мен құрама тыңайтқыш өндіру
жөніндегі ірі базаға, Соколов-Сарыбай және Лисаковск кен байыту
комбинаттары Урал мен Қазақстандағы қара металлургияның ірі шикізат
базасына айнадды. Көмір өндірудің негізгі процесі толық механика-
ландырылды. Жер асты рудниктерінде кен қазудың прогрессивті әдістері
өндіріске енгізідді. Түсті металл балкыту оттегін үрлеуді қолдану арқылы
жүзеге асырылады. Өнеркәсіпте механикаландырылған тасқынды және автоматты
желілерді автоматты басқару жүйесінің, есептеу және информациялық
орталықтардың саны артты.
1965-80 жылдары республика бойынша өндірілген жалпы қоғамдық өнім 3
еседен астам өсті. 1940 ж. шығарылған өнеркәсіп өнімдерінің көлеміндегі
өнімді республика 1965 ж. 30 күнде, 1970 ж. 19, ал 1978 ж. 12 күнде
өндірді.
Өндірілген өнеркәсіп өнімдері мен электр энергиясының жан басына
шаққанда Қазақстан еліміз бойынша алдыңғы орындардың біріне ие болды.
Жарыстың коллективтік жөне жеке түрлері бір-бірімен табиғи үйлестірілген.
Жұмысшы табының қалың тобы "Қатарымызда бірде-бір артта қалушы болмасын",
"Бескүндік тапсырмасын терткүнде", "Сапа бесжылдығына — жоғары кепілдік"
деп аталатын патриоттық қозғалыс азаматтық үлкен мәнге ие болды.
"Қазақстандық сағат үшін", "Тиімділік пен сапа бесжылжығына — жастардың
энтузиазмы мен творчествосы", "Қол еңбегін — механизм-дерге жүктейік",
"Тиімділік пен сапа бесжылдығынатыңның толық дәнді масағы" деп аталатын
және басқа да бастамалар республика жастарының творчестволық еңбек облысы
Шұбартау ауданы мектеп бітірушілерінің "Мал шаруашылығы — жастар ісі" деп
аталатын бастамалары қолдау тапты. Жеке творчестволық жоспар бойынша
жарысқа түсу, аралас мамаңдық кәсіпорындарының жарысы, достық бал-қымасы,
бригадалық шаруашылық есепті енгізу қозғалысы т.б. кең өрістетідці. Ғылым
мен өңдіріс қызметкерлері арасын-дағы езара достық нығайды. Осы жылдарда
ҚазССР ҒА республика халық шаруашылығын, экономикасы мен мәде-ниетін
өркендетудің маңызды проблемаларын шешетін еліміздегі ірі ғылыми орталыққа
айналды. Республика ғылымдарының геология, сейсмология, металлургия, химия,
зоология, астрофиз және жаратьиыстану техника білімдер салаларындағы
зерттеулерінің нәтижелері дүние жүзіне белгілі болды.
Қазақ ССР-і, РСФСР және УССР өңдірістік және ғылыми коллективтері
арасындағы төжірибе алмасу барған сайын жаңа салаларды қамтыды. Донбас пен
Қарағанды шахтерлерінің, металлургтерінің, "Казметаллургстрой" және
Череповец трестері құрылысшыларының, Кривой Рог пен Соколов — Сарыбай
кеншілерінің, Запорожье және Өскемен металлургтерінің, Ембі мен Түмен
мұнайшыларының, Қазақстанның және Алтай өлкесі мен Орынбор тың
игерушілерінің, Қазақстанның, Ростов обл., Ставрополье, Кубань қой
өсірушілерінің арасындағы жарыс дәстүрге айналды. Е.Проскурин мен
А.Дәрібаевтың, Ембі мен Түменнің мұнайшылары А.Назарымбетов пен
М.Фарраховтың арасындағы творчестволық достыққа ұласты. Республика өкілдері
Қарақұм каналын, Белоруссияның Солигорск комбинатын, Бұхара — Орал газ
құбырын, камазды салуға қатысып, БАМ-ды, қара топырақты емес аудандарды
игеруде қажырлы еңбек етті. Қазақ-станда ірі афоөндірістік жүйелерді
қалыптастыруда, бірсыпыра территориялық-өндірістік комплекстер құру
жөніндегі кең көлемді жұмыстарды өрістетуде, өндіргіш күштерді орналастыру
проблемаларын үйлесімді шешуде, ҚазССР-інің бүкілодақтық экономикадағы
үлесінің артуында рөлі зор болды.
Россияның қара металл прокаты мен автомобильдерді ауыл-шаруашылық
машиналары мен тау-кен шахталарына арналған құрал-жабдықтарды, Украинаның
құрылыс-монтаж жабдығы мен металл кесетін станоктары, Белоруссияның
радиоаішаратуралары мен подшипншстері ҚазССР-інің өңціріс потенциалының
бұрын болып көрмеген динамикалық қарқынмен өсуіне жағдай жасады. Қарағанды
металлургия, Соколов-Сарыбай, Жаркент кен-байыту, Қаратау химия, Жез
Павлодар алюминий, Гурьев мұнай-химия, Кентау тарнсформатор заводтары,
Ермак ферроқорыта заводы, Алматы төменгі вольтгі айшаратуралар заводы,
"Семипалатинск-ковальт" заюды сияқты иңдустриялық алыптар — барлық
коллективтік еңбегінің және ынтымақтаса күш жұмсауының игі нәтижесі еді.
Бірақта өнеркәсіп өнімдерінің табысы КСРО-ның қарулы күштерін
нығайтуға жұмсалды. Соның салдарынан қалыпты жанжақты шаруашылығының дамуы
жоғалды. Орта жыддық ондірістік өнім 9-шы (1970-1975) бесжылдықта 10% (1975-
1980) 8,4%-ке, 11-ші (1980-1985) бесжылдықта 3,8%-ке, ұлттық кіріс 4,4 %-ке
азайды. 9-шы бесжылдықта 12,6%, 10-шы бесжыддықта 25%, 11-ші бесжылдықта
3,6% жоспар орыңдалмаған.Сонда мұның себебі не? Республиканың экономикалық
өнімінінің жартысынан астамы одақтық Министрлер одағының басшылық тарабында
бодды. Соның салдарынан шикізат өнімін жонелтуге кедергі жасалды.
Кәсіпорынның жалпы табысы 15 миллиард сомның Қазақстан бюджетіне тек
қана 30 миллион сомы түсті немесе 1% қана құрады, Республикадан кең көлемде
мұнай, көмір, түрлі-түсті қара және сирек кездесетін металдар, тыңайтқыштар
шығарылды. Жалпы көрсеткіш пен пайда табудың санына түскен қаржыдан
министрлер орталығы қоршаған ортаны қорғауға, адамдардың денсаулығын
сақтауға, әлеуметгік күрыпымының дамуьша ешқавдай қаражат бөлмеді жөн көңіл
қоймады.
1970-1985 жылдары Қазақстанда ауыл шаруашылық жоспарларын орындаудың
барысы және оның дағдарысқа ұшырауы

жыл) дейін қысқарды.
Дегенмен республиканың ауыл шаруашылығы бүкіл КСРО-ның ауыл
шаруашылығы сиякты азық-түліктегі, өнеркәсіптегі, шикізаттағы халық
сұранысын қанағаттандыра алмады. Бұған колхоздарды, жалпы ауыл шаруашылығын
баскарудың әміршіл-әкімшіл жүйесі себеп болды. Жоғарыдан жоспарлау,
бюрократиялық аппараттың күш көрсетуі өндірушіні өндіріс құралдарынан ,
еңбек нәтижелерінен де шеттетті. Колхозшылардың еңбегіне ақы өніммен
төленді (азық-түлік, киім-кешек). Колхозшыларда төлқұжат болмады, олардың
есебі селолык кеңестер жасаған тізімдер арқылы ғана жүргізілді. Бұл олардың
мекенжайын еркін өзгертуіне мүмкіндік бермеді, олар заңды түрде колхозға
байланды, басыбайлы шаруалар сипатында болды.
Ауыл еңбекшілерінің жағдайына тура немесе жанама түрде әсер еткен
барлық қиыншылықтарға, бұра тарту мен жаңсак есептерге қарамастан олар елді
қолдарынан келгенше азық-түлікпен қамтамасыз ете берді. Еңбек ерлігі мен
батырлығының үлгілері аз емес еді.
Соғыстан кейінгі жылдары өнеркәсіп және ауыл шаруашылығында дамудың
біржақтылығын жоюдың қажеттілігі анық сезілді.
Аграрлық секторды дамытуды ынталандыру үшін мемлекет шаруашылықтардың
бұрынғы қарыздарын жойып, салық көлемі еулі түрде азайды. Ет, сүт, жүн,
картоп, көкеністің сатып алу бағасы көтерілді. Дегенмен ауыл шаруашылық
өндірісі жүйесін жақсартуға бағытталған реформалар қалыптаскан шаруашылық
жүргізу құрылымының негіздеріне әсер етпеді, әміршіл-әкімшіл жүйе әлі де
үстемдік етуін жалғастыра берді. Мәскеу басшылығы Қазақстанда астықтың және
басқа ауыл шаруашылық өнімі өндірісін шұғыл арттыра алатын мүмкіндіктер бар
деп есептеді. Сондықтан да өкімет билігінің жоғарғы деңгейінде дәнді
дақылдар егетін алқаптардың аумағын кеңейту үшін тың және тыңайған жерлерді
игеру идеясы пайда болды. Міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін Н. С.
Хрущев республикалық басшылықты нығайту керек деп шешті. 1954 жылы
ақпанда Қазақстан Компартиясының ОК-нің бірінші хатшылығына Қазақстанда
ешкімге белгісіз П. К. Понамаренко сайланды. Ж. Шаяхметовті қызметінен алу
мәселесін Кремльде шағын топ кана шешті. Оны қызметінен алуға жай сылтау
болған әлдебір кемшіліктер еді. Шын мәнінде Н. Хрущев бұл кезеңде өзінің
кадрларын түрлі орындарға қөя бастаған болатын, ал Ж. Шаяхметов болса тың
жерлерді тез арада меңгеру идеясын қолдамады.
Одақ ведомстволары қабылдаған Елімізде астық өндіруді одан әрі
арттыру туралы, тың жөне тыңайған жерлерді игеру туралы қаулы бойынша
Қазақстанның солтүстік аудандарында,Сібірде,Оралда және Солтүстік Кавказда
дәнді дақылдар егуді шұғыл арада арттыру туралы шешім шығарылды.
КСРО-да тың көтеруге байланысты белгіленген тапсырма 1954 жылғы
тамыздың басына қарай орындалды: 13,4 млн гектар жер немесе жоспар бойынша
103,2%, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн гектардан аса тың жер жыртылды.
Тамызда Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі
қарай игеру туралы жаңа қаулы қабылданды. Онда 1956 жылы тың жерлердегі
дәнді дақылдар егуге арналған аудан көлемін 28-30 млн гектарға дейін
жеткізу міндеті қойылды. Ғалымдардың тың жерлерді осыншама кең көлемде
игеру өзін-өзі ақтамайтындығы туралы пікірлерін ешкім есепке алмады. 1955
жылы тың жерлерде жоспарланған 7,5 млн гектардың орнына 9,4 млн гектар жер
жыртылды.
Республика еңбекшілерінің алдында 6,3 млн гектар тың және тыңайған
жерді игеру арқылы дәнді дакылдар өнімін арттыру міндеті түрды.
Партия комитеттерінің кысымымен жалпы жиындарда жоғарылатылған
міндеттемелер қабылданды, олар әрдайым орындала бермеді және жүзеге аспады.
Нәтижесінде тек 1954 жылдың өзінде қосымша 636 мың гектар тың және тыңайған
жерлер жыртылды. Тек сол жылы ғана колхоздар және МТС-тар 4 847 мың, ал сов-
хоздар 3 684 мың гектар жаңа жерлер игерді. Осылайша, тың және тыңайған
жерлерді көтеру туралы екі жылға есептелген мемлекеттік жоспар елеулі
есіммен бір жыл ішінде жүзеге асты. Республикада жаппай жолдар салынып,
жаңа елді мекендер тұрғызылды.
Тың жерлерді игеру үшін мыңдаған ауыл шаруашылык өндірісінің
мамандары, ұйымдастырушылары аттандырылды. 1954 жылдың бірінші жартысында
тек Акмола облысына ғана 20 мыңнан астам адам тың көтеруге келді. Бұған
қоса, өнеркәсіп орындарының ұжымдары ауыл шаруашылығында, тың және тыңайған
жерлерді игеруге 1 386 маман мен механизаторлар жіберді. Осылайша, мысалы
Ақмола облысының ауыл шаруашылық және дайындау кәсіподағының облыстык
комитетінен 300, Қазақсельмаш зауытынан 121 адам, оның ішінде дипломы бар
5 инженер келді. 1954-1955 жылдары совхоздарға 4,5 мың маман жіберілсе,
1959 жылы оларда 15 мыңнан астам жоғары және орта білімді мамандар еңбек
етті. Тек 1953-1958 жылдары ауыл шаруашылығына 266,6 мың механизатор
мамандар жіберілді. Ең танымал тың игерушілердің бірі Михаил Довжик болды.
Ол Қазакстанға 1954 жылы наурызда алғашқы тың игерушілердің қатарында
келді. Сол кезде Едем мы друзья, в дальние края ... деген ән кең тарады.
Ынтымакты бригада құрған М. Довжик Акмола облысындағы ауыл шаруашылық
техникасын пайдалануда жаңашыл болды. Ерен еңбегі үшін М. Довжик
Социалистік Еңбек Ері атағына ие болып, жоғарғы заң шығарушы орган
Қазақстанның Жоғарғы Кеңесіне депутат етіп сайланды.
Өндірістің орасан зор көлемі Қазақстан аумағына жұмыс күшін, көлік
құралдарын, құрал-саймандар жұмылдырылды. Осының бәрін үйлестіру, адамдарды
орналастырып, оларды азық-түлікпен және тұрғын үймен қамтамасыз ету, мәдени-
көпшілік мекемелерінің жүйесін жолға кою кажет болды.
Тың жерлерді игеруге байланысты кеңес кезіндегі еңбектер мен
басылымдарда көптеген қателесушілік, бұрмалаушылық және бұра тартушылық
айтылмады. Тың игеру тек мамандар мен шынайы энтузиастарды ғана емес, көп
ақша табуды ойлаған кездей-соқ адамдарды да өзіне тартты. Мысалы,
зерттеушілердің пікірі бойынша, алғашқы 2 жылда Солтүстік Қазакстанға
келген 650 мың адамның тек 130 мыңы ғана тың игеру үшін қажет болды. Тың
игерілген облыстардың бірқатарында осының салдарынан құқық тәртібі бұзылып,
мемлекет қаржысын талан-таражға салу, ұрлау орын алды.
Жаппай тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде дамудың интенсивті
жолына түсу туралы жиі айтылды, тыңдағы колхоздар мен совхоздардың
материалдық-техникалық базасын күшейтуге байланысты қыруар жұмыстар
атқарылғанымен, ауыл шаруашылығы өзінің әкстенсивті мәнін жоя алған жоқ.
Тыңда ұйымдасқан совхоздарға белінген тракторлар мен басқа да машиналар
ауыл шаруашылығын интенсификациялау жолындағы ірі қадам ретінде кең
дәріптелгенмен, сол кезде ірілендірілген колхоздарға тозығы жеткен
комбайндар, тракторлар мен автомашиналар берілгендігі туралы еш нәрсе
айтылмады. Көрсеткішті жоғарылатып көрсету үшін орасан зор аумақ
жыртылды. Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы ауыр салдарларға әкеп соқты:
топырақ эрозиясы күшейді, топырактың құнарлы қабатын жел үшырып кетті.
Жалпы жаппай тың игеру үшін егіншілікті жүргізудің тиімді әдістері екі
онжылдың өткеннен кейін ғана ұйымдастырыла бастады. Егін үшін жыртылған
миллиондаған гектар жер шабындық пен жайылымдық алкаптардың келемін
тарылтты. Мыңдаған гектар жерлер елді мекендер салуға тартып алынып,
олардың инф-ақүрылымын жүргізу үшін кұнарлы жерлердің елеулі көлемі
бөлінді.

50-ші жылдардың басында букіл ел бойынша ауыл щаруашылық өнімдерін
дайындаудың дәрежесі біршама томендеді. Ауыл шаруашылқк өнімдерін дайындау
бағасының арзам болуы өнімді көп өндіруге ынталандырмады, қолхоздардың
шығынын әрдайым өтей бермеді. Ауыл шаруашылық өнідірісінің артта қалуының
бір себебі партия оргнпдарының басшылығындағы елеулі кемшіліктердің салдары
еді. Ауыл шаруашылығын дамытудың мүмкіндіктері жете пайдаланылмады. Дәнді
дақылдардың шығымдылығы төмендеп кетті. Тіпті ауа райы қолайлы болған
жылдардың өзінде республика небәрі 100-150 млн. пұт (шамамен 1,6-2,4 мли
тонна) ғана тауарлы астық өндірді. Ал республикада, әсіресе, оның солтүстік
және солтустік-батыс облыстарында пайдаланылмай келген, егіске жарамды ұлан-
ғайыр құнарлы жерлер бос жатты
Қазақстан ауыл шаруашылығының мұндай жағдайы осы аса маңызды сала
бойынша букіл елдегі істің жағдайын бейнеледі. Бұл жөнінде КОКП Орталық
Комитетінің 1953 жылғы қыркүйекте откен пленумында барынша айқын айтылды.
Ірі-ірі әлеуметтік-эономикалық шаралар белгіленді.Бұлардыңм ішіндегі ең
маңыздылары - ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің егіншілік пен мал
шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыруға материалдық ынталылығы қағидасын
қалпына келтіру, колхоздарды, МТС-тер мен совхоздарды ауыл шаруашылығының
білікті маман, механизатор кадрлармен нығайту, барлық ауыл шаруашылық
процестерін механикаландыру дәрежесін көтеру, ауыл шаруашылығына жұмсалатын
күрделі қаржыны кобейту, ауыл шаруашы-лық өндірісін жоспарлауда қолхоздар
мен совхоздардың құқықтары мен ынта-ықыласын арттыру. Ауыл шаруашылық
енімдерін дайындау және оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1970-1990 жылдардағы Қазақстан
1970—1990 жылдары Қазақстанның әл ауқаты
1960 ж. екінші жартысымен 1980 ж. бірінші жартысындағы Қазақстанның дамуы
Ұлттық экономикаға инвестиция тартуды ынталандыру
КСРО-ның дағдарыс және құлдырау кезеніндегі Қазақстан (1985-1991ж.ж)
Ұлттық экономиканы жоспарлаудағы қазіргі көзқарастар мен басым бағыттары
Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту
Қазақстан Республикасының қалыптасу және даму стратегиясы
Брежнев, Горбачев, Қонаев биліктері. Желтоқсан көтерілісі
КСРО-дағы реформалар және басшылар
Пәндер