Қазақ этнопедагогикасы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. КіріспеҚазақ этнопедагогикасы
  2. Негізгі бөлімҚазақ этнопедагогикасындағы қазақтың ұлттық философиясының рөлі
  3. Қорытынды
  4. Пайдаланылған әдебиеттер

Әр ұлттың өзіне тән тіршілік кәсібі, тарихы мен мәдениеті бар. Мәдениет сөйлеу тілінен, ойлау жүйесінен айқын көрініс табады. Сондай-ақ ұлттық мәдени ерекшелік сол халықтың өмір сүру тәсілінен, әдет-ғұрпынан, салт-санасы мен дәстүрінен өзекті орын алады. Қазақ халқының ұлттық философиясы ой толғаныс қазынасына ( ұлттық психология ), ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне (этнопедагогика), салт-дәстүр ерекшелігіне (этнография ) тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда қазақ халқының бойына туа біткен ұлттық психологиялық қасиеті философиялық ойлау жүйесінің негізі болып табылады.

Қазақтың ұлттық философиясының ерекшелігі:

Біріншіден, ол тұспалдап, мақалдап, мақамдап, тақпақтап сөйлеу, жыр, терме, толғау, айтыс өнері арқылы көзге көріну .

Екіншіден , танымдық, яғни ата мекен, ел-жұрт, т. б. мәселе жөніндегі көзқарасы.

Үшіншіден , ана тіліне, сөз өнеріне ерекше ден қойып, жоғары баға беруі.

Төртіншіден , ұлттық базисі болып есептелетін көшпелі өмірімен, мал шаруашылығымен тығыз байланыстылығы.

Қазақ философиясы қазақтың әлемді сезінуінің мәнін анықтайтын дүниетаным. Ол қазақ этнопедагогикасы мазмұнының дүниетанымдық бағытын қалыптастыруға әсер етеді. Қазақ фольклорындағы философиялық ойлар халық даналығының жетістігі деп саналады. Онда философиялық, диалектикалық әдістер толық жүзеге аспаса да, өмір сүрген қоғамда халықтық ой-сана қалыптасады. Қазақ философиясының ерекшеліктері көбінесе салт пен дәстүрде, рухани мұра мен адамдардың мінез-құлықтарында басым қолданылады. Табиғи ортаны өзгертудің пайда болуы философиялық көзқараста адамның айқын мақсатты қызметін, мақсат қою факторын өмірге келтірді, ұлттық дүниетанымы пайда болды. Қазақтың ата тегі мәдениетіне назар аудару ондағы этнос менталитеті ұғымын түсінуге мүмкіндік берді. Бұдан қоғам мүшелерінің барлығына қатысты және жекелік деңгейде көрінетін, қоғамда ұжымды түрде қалыптасатын ойлау мен психика құрылымын ұғынамыз. Менталитет ғылыми мінез-құлық пен әдет-ғұрыптар жиынтығы негізінде бағдар таңдауын талап етеді. Табиғи және әлеуметтік өмірді тікелей бейнелеу, дүниенің құрылымы, оның жасырын күштері туралы тұрпайы түсінік бұл қазақ философиясының бастапқы кездегі деңгейі еді. Қазіргі кезде тарихи-философиялық ғылымның көптеген халықтардың философиялық мұраларын зерттеген тәжірибесі ұлттық философияның қалыптасуы мен дамуы, бағыттары жинақталған жалпы ойларды тұжырымдауға кең мүмкіндіктер береді. Қазақтың ұлттық философиясында қоғамдық ой үш кезеңнен қоғам, қоғамдастық, қоғамдық пікірден өтті. Қоғамдастық- бұл өзінше бір тарихи институт, оның пайда болуы арқылы қоғам өз мәніне ие болуға қабілетті деп қарау керек. Табиғи және әлеуметтік өмірді тікелей бейнелеу, дүниенің құрылымы, оның жасырын күштері туралы тұрпайы түсінік бұл қазақ философиясының бастапқы деңгейі еді. Қазақ философиясы қазақ халқының мәдени жетістіктерінің негізгі бөлігі және заңды жалғасы. Қазақтың ұлттық философиялық ойының ерекшелігі - оның шынайы патриотизмін, халқына сүйіспеншілігін, оның бақыты, мүддесі және болашағы үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз қадерінше анық, жан-жақты көрсете білуі дер едік (М. Жұмабаев) . Аса маңызды философиялық категориялардың бірі - уақыт ұғымы болып табылады. Қоғамның біртіндеп дамуымен, тайпаның тарихи жадында қалған жекеленген құбылыстар мен белгілі бір оқиғаларға байланысты адамдардың уақытты сезінуі ояна бастады. Жұт, аштық, оба, мал індеті, соғыс, т. б. табиғи және стихиялы апаттар адамдар санасында өз ізін қалдырып, белгілі бір уақыт қарқынының анықтамасы ретінде қызмет атқарды. Уақытты түсінушілік жекеленген адамдар үшін ғана мәні болғанымен, әлемдік жаратылыстың өтпелі компоненттерімен берік байланыста болды. Ол туралы Л. Н. Гумилев «Халықтың әл-ауқат жағдайын анықтайтын, классификация үшін аса ыңғайлы индикатордың бірі этникалық сананың уақыт категориясына қатыстылығы болып табылады, »- деп жазды. Уақыттың ең бірінші бағдары ауа райы болды. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер кезі - қыстың соңғы күндерінен соң көктемгі алғашқы көкке ілігу мен қайта түлеу өзгеріс әкеледі. Көктемгі күн мен түннің теңелуімен Жаңа жыл - Наурыз келеді. Осыдан барып «шөптің көгі» уақыттың обьективті критерийі болып табылады. Бұл көктемгі-күзгі науқанға, қыстаудан жайлауға шығу, осы көш жолындағы көктемгі және күзгі маусымға байланысты әр түрлі мейрамдардың тууына негіз болды. Ежелгі түріктер мен қазақтың ата тегі осылайша өзінің табиғатпен етене жақындығы мен ұқсастығы арқасында табиғат құбылыстары күнтізбесін - фенологиялық календарды қолданды. Бұл қазақтың ата тегінің этнос ретінде табиғатты біртұтас және өзіне өте жақын деп танығандығын көрсетеді. Дәл осының өзі « халық - адам - табиғат » қатынасын мейлінше толық және адекватты көрсететін болмыс қисыны. Шаруашылық қызметтің өсуі циклдік күнтізбеге көшуге мәжбүр етті. Оның құрамына жеті күндік апта, төрт апталық ай, он екі айлық жыл және он екі жылдық мүшел циклдері кірді. Бір цикл айналымына сыймайтын оқиғаларға уақыттың «тірі хронология» стилі қолданылды. Түрік қағанатының құрылуымен ұзақ жыл санау әдісіне көшті, бұл атау түріктердің тіршілік кеңістігі ұлғаюына, батысқа және шығысқа бағытталған экспансиясы артуына байланысты болды. Кеңістік - сандық өлшем ретінде өз шамасын талап етеді. Өлшем саласына жататын мөлшер ұғымы ежелгі түріктерде екі мәнге ие болды. Бұл тұрғыда қазақтың ата тегінде мөлшер - сапа ұғымын алдын ала қолдану негізінде сан категориясының жалғасы болып табылады. Мөлшердің түп-төркінін түсіну жеке адамға мөлшердің ішінде сапалық шамаластық бар екенін, бір сапаның сандық өлшемдері өзара байланысты екендігін, яғни заттың, құбылыстың ішінде сандық өлшемдер арасында өзара қатынастық болатынын көрсетеді. Қазақтың ататегі үшін қарапайым жер өңдеуден көшпенділікке, одан кейін жартылай көшпенді мал өсіру кәсібіне ауысу материалдық мәдениеттің жаңа формасын іздеуден көрінді. Бұдан қазақтың ата тегі болмыс дүниесін - сапаның, кеңістіктің, уақыттың, мөлшер мен форманың тікелей нұсқаларын мейлінше жақсы игергенін көреміз. Қорыта келгенде, мәдени мұраның халықтық психология мен тәлім-тәрбие сипатын тануда өзіндік орны бар. Әрбір этностың, халықтың өзіне тән ұлттық психологиясы, мінез-құлқы, этикасы, эстетикалық талғамы, моралдық, т. б. ерекшеліктері болады. Қазақтың халық педагогикасының болашақ ұрпақтың дүниетанымдық көзқарасын дамытудағы маңызы ерекше.

Қазақ этнопедагогикасы тәрбиесінің мазмұны. Қоғам да және адам да мәдени ортада ғұмыр кешекді Әрине жоғары деңгейлі мәдени ортаның қалыптасуына әр елдің тарихи - мәдени дамуы тікелей әсер етеді. Бала тәрбиесіне оның өмір сүріп отырған әлеуметтік - мәдени жағдайлары тікелей әсер етеді. Тәрбие оның ішінде бала тәрбиесі міселесін шешуде ұлты болмысының мәні адамдардың ұлттық келбеті ұлттық қатынастар, ұлттық сана - сезім бейтарап қала алмайды. Ұлттық сана - сезім астарына хаықтың мінез - құлқын, менталитеті, рухани дүниесін айқындайтын құндылықтар барлығы белгілі. Ал жаңа заман талабы - бейімділік, іскерлік, адамгершілік негізінде ұлттық жан дүниесін жаңғырту болғандықтан, демократиялық өзгерістер мен нарықтық қатынастарды қабылдау халқының даму деңгейіне де байланысты. Ұлттың ұлт болып сақталып қалуы ұлттық болмыспен айқындалады. Ал ұлттық болмыстың түп қазығы - ол барлық құндылықтардың, наным - сенімдердің, ұлттық әдет - ғұрып, салт - дәстүрлердің, білім мен мәдениеттің, тілдің дамуымен шешіледі. Қазақ этнопедагогикасы ұлттық ерекшеліктермен ғасырлар бойы қалыптасып, салт - дәстүрге, әдет - ғұрыпқа айналып кеткен тәлім - тәрбие істерінің мән - жайын әлеуметтік өмір шындығымен байлансытыра іздестіреді. Қазақ халқының басқа халықтардан бір ерекшелігі - көркем сөзге, шешендік өнерге құрметпен қарау, мақал - мәтелдерді қолдана отырып, шебер сөйлеу, белгілі бір ойды тиянақты, қысқа да нұсқа жеткізу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыс арқылы студенттерді математиканы оқытуға даярлау
Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру
Болашақ мұғалімдерді 12-жылдық мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беруге дайындау тұжырымдамасы
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ, ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Болашақ мұғалімдерді даярлауда қазақ халық этнопедагогикалық білім берудің мазмұны
Көпбалалы отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық қасиеттерді қалыптастыру
Этнопедагогикалық білім беру жайлы
Қазіргі жаңа қоғам жағдайындағы этнопедагогика мәселесінің дамуы
Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәні
ЖАҢА ТҰРПАТТЫ ҰЛТЖАНДЫ МҰҒАЛІМ ДАЙЫНДАУ НОБАЙЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz