Қазақстанның ежелгі тарихы



1. Қазақстанның ежелгі тарихы
2. Епті адам
3. Тас дәуірі, Андронов мәдениеті
Пайдаланған әдебиеттер
Алғашқы қауымдық құрылыс адамзат тарихының ең алғашқы кезеңі. Бұл кезеңнің басталу мерзімін ғалымдар 1 млн. жыл бұрын , яғни ежелгі тас дәуірі -деп есептейтін. 1959 жылы Шығыс Африкадағы Олдувое мекенінен табылған адамның жақ сүйектері адамның пайда болуы түралы мәселеге үлкен жаңалық енгізді. Ғалымдар бұл адамды шартты түрде “зинджантроп” деп атады . Ол 1.750 000 жыл бұрын өмір сүрген деп саналады. 1960 жылы дәл сол жерден археологтар 11-12 жастағы баланың бас сүйегін қазып алды. Ол зинджантроп табылған қабықтан төменгі қабықта орналасқан екен. Зерттеушілер бұл ежелгі адамды оның дене бітіміне және онымен бірге табылған тас қарулар негізінде “епті адам” деп атаған.
Аталмыш жәдігер адамзаттың ежелгі әулеттері 2 млн. жыл бұрын пайда болғандығынан дерек береді. Оның бас миының көлемі 652 см³-ді құраған, яғни қазіргі маймылдардың миынан әлде қайда үлкен болған. Ол маймыл сияқты төрт аяқпен емес, екі аяқпен жүрген. Олардың негізгі еңбек қарулары тастан жасалған.
1. Қазақстан тарихы. 5 томдық, 4том. Алматы «Атамұра»
баспасы, 2010 ж.
2. Қазақстан тарихы. Очерктер. –Алматы, 1994 ж.
3. Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории
Казахстана. ХХ век. –Алматы, 1997 ж.
4. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы.- Алматы, 2007 ж.
5. Мусин Ч. Қазақстан тарихы.-Алматы, 2005 ж.
6. Төлентаева К.Ә. Қазақстан тарихы. –Алматы, 2006 ж.
7. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазақстан тарихы.
– Алматы, 2010 ж.
8. Қаленова Т.С., Серубаева А.Т., Абдраманов Ж.С.
Қазақстан тарихы. Хрестоматия. – Алматы, 2010 ж.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Қазақстанның ежелгі тарихы
2. Епті адам
3. Тас дәуірі, Андронов мәдениеті

Алғашқы қауымдық құрылыс адамзат тарихының ең алғашқы кезеңі. Бұл кезеңнің басталу мерзімін ғалымдар 1 млн. жыл бұрын , яғни ежелгі тас дәуірі -деп есептейтін. 1959 жылы Шығыс Африкадағы Олдувое мекенінен табылған адамның жақ сүйектері адамның пайда болуы түралы мәселеге үлкен жаңалық енгізді. Ғалымдар бұл адамды шартты түрде "зинджантроп" деп атады . Ол 1.750 000 жыл бұрын өмір сүрген деп саналады. 1960 жылы дәл сол жерден археологтар 11-12 жастағы баланың бас сүйегін қазып алды. Ол зинджантроп табылған қабықтан төменгі қабықта орналасқан екен. Зерттеушілер бұл ежелгі адамды оның дене бітіміне және онымен бірге табылған тас қарулар негізінде "епті адам" деп атаған.
Аталмыш жәдігер адамзаттың ежелгі әулеттері 2 млн. жыл бұрын пайда болғандығынан дерек береді. Оның бас миының көлемі 652 см³-ді құраған, яғни қазіргі маймылдардың миынан әлде қайда үлкен болған. Ол маймыл сияқты төрт аяқпен емес, екі аяқпен жүрген. Олардың негізгі еңбек қарулары тастан жасалған.
Адамзат дамуының кезекті сатысы "тік жүретін адамдар" кезеңі. Бұл адамдардың өкілдері питекантроп пен синантроп.Питекантроп адамы бірінші рет 1891 жылы Ява аралынан табылған. Ол осыдан 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Қазіргі уақытта Европа және Азиядан, Шығыс және Оңтүстік Африкадан 10 питекантроп адамының сүйектері табылған. "Епті адаммен" салыстырғанда питекантроптың бас миының көлемі үлкен, яғни 950 см³ болған. Бас және жақ сүйектері кішірейген, аяғы ұзарып , қолы қысқарған.
Синантроп адамы 1927 жылы Пекин маңындағы Чжоу Коу Дянь үңгірінен табылған. Қазіргі ғылымда 50 синантроп мекендері зертелген. Синантроп адамдарының сүйектері мен олардың тас қарулары, отқа күйдірілген тастар табылған. Мүның өзі синантроптың отты пайдалана білгендігін дәлелдейді.
Адамзат дамуының кезекті сатысы неондерталь адамының дәуірі, ол алғаш Германияның Неондерталь қаласы маңынан табылған. Оны өзінің бұрынғы әулеттерімен салыстырғанда дене құрылымында едәуір өзгерістер болған: қас үстіндегі томпақ жоғалып, маңдайы тегістелген, иегі пайда бола бастаған. Бас миы қабығының көлемі 1300-1400 см³ болған.
Қазіргі тарих ғылымында Евразия және Африка аймақтарынан 120-дан астам неондертал адамының қалдықтары зерттелген. Сондай-ақ неондерталь адамы 1938 жылы Өзбекстан Республикасының Тесікташ үңгірінен де табылған.
Алғашқы адамдар бірге жүріп, өздеріне баспана, мекен-жай үшін үңгірлерді, апандарды жануарлардан тартып ала бастайды. Жыртқыш жануарлардан бірге жүріп қорғанады. Тапқан табыс ортақ болған. Бұлардың өмірі маркстік турғыдан қарағанда, алғашқы қауымдық "коммунизм" деп аталған.
Алғашқы қауымның өндіргіш күштері түралы мәліметті археология ғылымы береді. Олар:
бірінші - алғашқы адам; екіншісі - оның тас құралы;
Археология ғылымы зерттеуді осы тас құралдардан бастайды.
Дүние жүзіндегі тас дәуірінің классификациясы бойынша көне тас дәуірі мен жаңа тас дәуірінің арасында өтпелі дәуір мезолит - (мезо-орта, лит-тас, яғни "орта тас") дәуірі бар. Бұл дәуір б.з.д. 10 мың жылдықтан - б.з.д. 5 мың жылдыққа дейіндегі тарихи дәуірді қамтиды.
Мезолит дәуірінің өзіне тән бір ерекшелігі - адам баласының өмірінде ірі- ірі екі оқиға болды:
Біріншісі, - жаңа қарудың пайда болуы: Садақ пен жебе ойлап шығарылды және микролиттер - үшбұрыш, ромб, трапеция, сигмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды.
Екіншісі, - дәуірдің аса маңызды белгісі мал өсіру мен егіншілік, яғни өндіруші шаруашылық деп аталатын шаруашылық туды; бұл өндіруші шаруашылық табиғаттың дайын өнімдерін иемдену орнына: жиып - теру, аң аулаудың орнына келеді.Шаруашылықтың жаңа түрлерінің шығуының адамзат қоғамының дамуы үшін орасан зор маңызы болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапа жағынан өзгертті. Адамның экономикалық қызметінен одан кейін талай мың жылдарға созылған бүкіл тарихы шаруашылықтың осы екі формасының даму, жетілу тарихы болып табылады.
Жаңа тас-"неолит" дәуірі б.з.б. бес мың жылдық пен б.з.б. үш мың жылдық арасын қамтиды.
Еліміздегі жаңа тас дәуірінің ескерткіштерін зерттеуде академик Ә.К.Марғұлан бастаған қазақ археологтарының еңбектері де айтарлықтай. Олардың ішінде, әсіресе тас дәуірдің маманы Х.Алпысбаевтың еңбегі зор. Ғалым Оңтүстік Қазақстанда жүргізген ғылыми барлау жүмыстарының барысында (1970-1977жж.) Жаңашелек 1,2,3, Маятас, Дермене 1,2,3, Арыс 1, Тасқотан жерлерінен және Жезқазған жерінен Щалқия 1 қаласын орта және жаңа тас дәуірлерінің ескерткіштерін зерттеген. Ғалым табылған тас құралдарға анализ жасай келіп, Оңтүстік Қазақстаннан табылған тас құралдар орта және жаңа тас дәуріне жататындығын айтса, ал Жезқазған өңірінен табылған тас құралдар жаңа тас дәуірінің соңғы кезіне жататын дығын дәлелдейді. Бұдан шығатын қорытынды, егер, Оңтүстік Қазақстан көне тас дәуірінің кезіндегі адамдардың Отаны болса, одан біртіндеп, орта және жаңа тас дәуірінің кезіндегі адамдар Қазақстанның басқа аудандарына тарай бастаған деген ой туғазды.
Қола дәуірінің соңғы кезінде аталық-рулық құрылыс әлеуметтік жағынан өзгеріске түседі. Біріншіден, металдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан тарихы жөніндегі мәліметтер
Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік
Мәдени мұра саласындағы проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Тас дәуірінің кезеңдері
Жаңа тас дәуірі
Қазақстанның территориясында құқықтық басқару жүйелерінің тарихи даму кезеңдері
Қазақстанның археологиялық зерттеу тарихы
Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша антропологиялық зерттеулер
Ежелгі Қазақстан
Пәндер