Қиын бала


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. КіріспеҚиын бала
  2. Негізгі бөлімҚиын бала тәртібін этнопедагогика арқылы тәрбиелеу
  3. Қорытынды
  4. Пайдаланылған әдебиеттер

Президенттің халыққа Жолдауын ұлттық білім берудің және ұрпақ тәрбиені жүзеге асырудың перспективасы десек, онда «Білім туралы»заңда білім беру жүйесінің міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру үшін қажетті жағдайлар жасаудың ең бастысы жалпы білім беретін қазақ ұлттық мектебін жасау. Ұлттық мектептің қажеттігі - қазір елімізде орын алып отырған иммунопсихологиялық проблеммаларды: Ана тілін, Ата тарихын, Төл мәдениетін, Ұлттық салт-дәстүрлерін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, мектептің оқу-тәрбие жұмысының нашарлауы, мұғалімдер беделінің төмендеуі, оларға қамқорлықтың жасалынбауы, тәртіпсіз ұл мен қыз балалар тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы екендігі, ал сол мектептерде ұлттық тәрбие алған дені сау, білімді, ақылды, иман жүзді, еңбекқор, сұлу да сымбатты, ұлтжанды болып өсетіндігінде. Сондықтан да ұлттық тәрбие - ел болашағы.

Қиын балалар өмір тәжірибесінің аздығынан, көп ретте ерік-күшінің жетіспеуінен, берік қалыптаспауынан кездескен қиындықты жеңе алмай, тағдырдың тәлкегіне түсіп кете барады. Ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын көкейкесті мәселелері болып келгендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Қоғамның алаңдатып отырған маңызды мәселелерінің бірі - тәрбиесі қиын балалардың санының көбеюі. Ғылыми деректерге қарағанда, тәрбиесі қиын балаларда байқалатын белгілер: біріншіден, анамальды қажеттілік, екіншіден, тұрақты жаман қасиеттердің жиынтығы, үшіншіден, ата-аналармен немесе мектеп мұғалімдерімен тұрақты ерегесу жағдайлары, төртіншіден, басқа адамның көмегінсіз өзін-өзі түзетуге қабілетсіздігі.

Қиын балаларды педагогикалық тұрғыдан айқындауда А. С. Белкин мен А. Н. Кочетов баланың денсаулық жағдайына, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне баса көңіл бөлді. Ал психолог әрі педагог ғалымдар А. Жұмабаев, Л. М. Зообин, И. А. Невский, Г. А. Уманов, В. В. Трифонов, т. б. қиын балалардың мінез-құлық өзгешеліктері туралы, дүние-танымдары мен өмірге деген құлшыныстары, ұстанған бағыттары жайлы статистикалық мағлұматтар жинап, сол арқылы олардың жүріс-тұрысындағы қоғамға жат құндылықтарын осы тұрғыдан жіктеп көрсетіп, осы бағытта танып-білуді дұрыс деп есептеді. Г. А. Уманов «қиын» балалар мәселесін зерттегенде, оның себептерінің бірі - әке-шешесінің маскүнемдігі, әкесіз, бақылаусыздық, орынсыз қаталдық, ұрып-соғу екендігін анықтаған. В. В. Трифонов зерттеулерінде қиын оқушы анықтамасы - бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы.

Қиын балалар және мінез-құлықтағы қиындық ұғымы 1920-30 жылдары

П. П. Блонскийдің еңбектерінде пайда бола бастады. Оның зерттеулерінде қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы қиын оқушы терминін нақтылауды жөн көреді. Бұл балаларға былайша мінездеме береді: обьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы -мынадай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы - мынадай, онымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы. Істі бүлдіруші оқушыларға толыққанды мінездеме бере отырып,

Балаларды тәрбиелеу - өте күрделі, нәзік те жауапты іс. Бұл жолда мұғалімнің балаларды оқуға қалай үйрену керек, олардың әрқайсысының бойында Отанға деген сүйспеншілікті, интернационалдықты, қайырымдылық пен әділеттілік сезімін, сергектік пен жамандықа ымырасыздықты қалай тәрбиелеуге болады деген аса маңызды сұрақтарға жауап беруіне тура келеді. Тәрбиенің негізгі бағыттары халқымыздың ғасырлар бойына жинақталған құнды қасиеттерін өскелең ұрпақ бойына сіңіруді және мәдениетіне, мәдени іс-әрекетіне баулуды жүзеге асырып келген. Тәрбие жұмыстары мектептегі сабақ барысында ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда көп мәнге ие. Педагог оқушыларды оқыта және тәрбиелей жүріп, баланың қалай дамып келе жатқанын, оның түрлі қылықтарына түрткі болған себептерді ұдайы талдап отырады, балалардың жеке-даралық ерекшеліктері жайлы ойластырумен байланысты.

Тәрбиелеу жұмыстары бойынша ресейлік Ф. Т. Бондарьдың педагогикалық шығармаларындағы негізгі тұжырымында: « . . . мұғалім оқушыларға тәртіпті және үлгілі болуды үйрету керек; оқушылардың іс-әрекеттеріне дұрыс мінез-құлықтың дағдылары мен ережелері игерілуі тиіс; оқушылардың тәртіптілігін бақылауғы алуды қалыптастыру; мұғалім оқушылардың тәртібіне объективті баға беруі шарт » деп көрсетілген. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселесі бойынша Н. И. Болдырев өз еңбегінде мектеп оқушысының тыныс-тіршілігін, оның мүдделері мен бейімділігінің, ерік-жігері мен мінез-құлқының ерекшеліктерін зерттеу - бұл оның жүрегіне төте жол табуды, педагогикалық ықпалдың неғұрылым пайдалы әдістерін қолдануды білдіреді деп көрсетеді. Осылайша, жоғарыда көрсетілген философиялық, психологиялық-педагогикалық теориялар мен ғылыми зерттеулерге талдаулар мінез-құлықты тәрбиелеу туралы мынадай анықтама беруге болатынына көз жеткіздік. Яғни, тәрбиелеу дегеніміз- бұл адамгершілік, құндылықтар, сұлулық пен көріксіздік туралы түсініктер, дұрыс ойлау және дұрыс талаптар, халық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары көрініс табатын, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды ретке келтіретін, өзара қарым-қатынастың негізгі құралы ретінде адамдардың сөйлеуіне және сыртқы көрінісіне деген талаптарды анықтайтын, көпшілік мақұлдаған тіршілік әрекетінің мөлшері мен ережелерінің жиынтығы.

Жас ұрпақты тәрбиелеуде мектеп жетекші рөл атқарады. Мектеп оқушыларға жүйелі білім береді, олардың өмірге көзқарасын қалыптасытырып, еңбек пен қоғамдық өмірге баулиды. Мектеп оқушыларға жаңа қоғамның болашақ азаматтарына қажет моральдық қасиеттер береді. Тәртібі қиын мектеп оқушыларының пайда болуына табиғи ерекшеліктер мен оқудың қиындығының байланысы да себеп болады . Балаларда оқу үлгерімінің төмен болуының бір себебі өзінің жүйке жүйесінің ерекшеліктерін дұрыс қолданбауы және мектеп мұғалімдері мен ата-аналардың да бұл ерекшеліктерді ескермеуі болып табылады. Осы аталған мәселе бойынша даралық-типологиялық ерекшеліктерді ескеру және оларды педагогикалық процесте міндетті түрде есепке алу қажет. Мысалы, кейбір психологиялық зерттеулер өзінің нейродинамикалық ерекшеліктері бойынша әлсіз және жігерсіз оқушылар көбінесе оқуға үлгермейді немесе оқу үлгерімі төмен болатынын дәлелдейді. Ал М. К. Акимова зерттеуі бойынша нерв жүйесі әлсіз және жігерсіз оқушылардың арасында үздік оқитындар да жиі кездесетінін атап көрсетеді

Алайда, мектеп пен отбасы тығыз байланыста болмайынша мектеп оқушыларды тәрбиелеудің барлық міндеттерін шеше алмайды. Баланың алғашқы тәрбиешісі - ата-аналары. Олардың бала тәрбиесіне ықпалы өте зор. Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени - әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi - үлкен тәрбие мектебi. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың ықпалында болып, өмiрге бағыт берушi тәрбие мектебiнен нәр алады.

Ата-аналардың қуанышты өмірі, өз бастарының бақыты, қартайғандағы тыныштығын балаларының қаншалықты жақсы тәрбиелегеніне көп байланысты. Тамаша педагог А. С. Макаренко ата-аналарға: «Балаларды дұрыс тәрбиелеу - қартайғанда бақыт, нашар тәрбие - біздің келешектегі күйінішіміз, ол біздің көз жасымыз, ол біздің басқа адамдар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы кінәміз», - деген болатын.

«Қиын» баланың өзіне ғана тән қайшылықтары болатындықтан, оны тәрбиелейтін мұғалімнен, ата-анадан қол өнершінің шеберлігіндей ептілік емес, әлдеқайда сан салалы тапқырлық табатын жан-жақты білімдер ұстаз болу талап етіледі. Ол педагогикалық ықпалды тікелей де, жанамалай да жасай біліп, өз ісіне шығармашылық жаңалық енгізіп отырсан шиеленістерді шешерде қашанғы бір қағидалардан жаңылмаймын демей, сәтті құбылыстарды еркін қолдана білсе ғана мұратқа жетпек.

Мектептегі басты тұлға - мұғалім, сол ғана ұлтжанды ұл мен қызды тәрбиелейді. Ал ұлтжандылықты тәрбиелеудің негізі - халықтық педагогика. Қазақ елі егемендік алысымен мектептерде оқу-тәрбие жұмысы ұлттық тәрбие беру негізінде жүргізілуі тиіс болды. Ол үшін мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлықтан өткізу қажеттігі туды. Бұл қиыншылықты шешуге республиканың ғалым-этнопедагогтары Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, С. Ұзақбаев М. Балтабаев, Қ. Бөлеев, Ж. Наурызбай, Қ. Қожахметова т. б. көмек етті. Олар халықтық педагоика, этнопедагогика және этнопедагогика тарихы бойынша зерттерулер жүргізіп, мерзімді баспасөздердер бетінде көптеген мақалар, әдістемелік нұсқаулар, оқу құралдарын шығарды, бағдарламаоар жасады, өздері дәріс берді.

Қиын балаларды тәрбиелеу мәселесімен айналысқан қазақстандық белгілі ғалым Л. Керімов әлеуметтанумен заң ғылымдарында, психологиялық және педагогикалық әдебиеттерге талдау жасай отырып, кәмелетке жасы толмаған құқық тәртібін бұзушылар, педагогикалық тәртібі нашар оқушылар, «қиын» балалар сиқты терминдік ұғымдарды анықтайды. Біріншісіне кәмелетке жасы толмаған құқық тәртібін бұзатындар небір жағымсыз жағдайларға байланысты дау-жанжал шығаратын, арақ-шарап ішіп, жеке меншік пен қоғамдық мүліктерге қол сұғатындарды жатқызады. Олардың мінез-құлықтарында, жүріс-тұрыстарында жалқаулық, қатыгездік, бастаған ісін аяғына дейін атқармау, әртүрлі ұрлықтар жасау, т. б. қылықтар кездесіп отырады.

Белгілі психолог ғалым К. К. Платонов жеке адамның психологиялық болмысын төрт салаға бөледі:

  1. Баланың темпераменті және жыныстық ерекшеліктері мен жас

ерекшелігі (физиологиялық ерекшеліктері)

  1. Жеке адамның дамып қалыптасуына негіз болатын

психологиялық құбылыстар(түйсік, елес, ой, сезім, тірек, қабілет,

қызығушылық, мінез, әдет-биологиялық ерекшеліктер)

  1. Баланың күнделікті өмір тіршілігі, білімі, әдет-дағдысы,

икемділігі;

  1. Ұстанған бағыттары мен адамгершілігі.

Соңғы екі саланы мектеп қабырғасында тығыз ұштастыра оытырып,

қиын баланы айқындаудың төрт тармағын қарастыру қажет.

  1. Оқушының қоршаған ортамен қарым-қатынасы: оқуға, еңбекке,

қоғамдық пайдалы істерге, сыныптас достармен, отбасы, туыстарымен қарым-қатынасы.

  1. Оқушының: ішкі дүниесі, сезім талғамы, ақыл-ой парасаты, мұң

мұқтажы, өзіндік ерекшелігі.

  1. Оқушы өзінің жағымсыз қылықтарына есеп бере ме, өзін-өзі

тәрбиелеуге күші жете ме?

  1. Оқушының денсаулығын зерттеу.

Осы аталған белгілерді сипаттай келе, «қиын бала» дегеніміз - сабақ

үлгерімі нашар, мектептің тәртібіне бағынбайтын, тәртіпті жиі бұзатын, еліміздегі жалпыға ортақ қалыптасқан мінез-құлық деңгейінен ауытқыған бала. Г. М. Минковский, Л. М. Зюбин, Д. В. Колесов, В. Н. Кудрявцев зерттеулерінде қиын балалардың басым көпшілігі - мектептегі оқуда қиындықтарға кезігіп, оқу бағдарламасын дұрыс меңгере алмай, ұжымнан тысқары қалып қалған балалар, -деп атап көрсетті.

Сонымен осы айтылғандар негізінде біз мынадай анықтама шығардық: т әртібі қиын оқушылар деп ата-ана баланы тәрбиелеуде аса назар аудармау салдырынан, бала көп уақытын ата-ананың қарауынсыз өткізуінен, күнделікті өмір сүру режимі бұзылып, көп уақыты бос қалып, зерігіп, түрлі теріс қылықтар жасап, адамгершіліктен атап кетіп, ақырында психикалық және тұлғалық дамуда қиындықтар тудырған балаларды айтамыз.

Бала тәрбиесі - тәрбиенің бір саласы десек, жалпы адамзат қоғамның басты міндеті- перзент тәрбиелеп өсіру және оны ізгіліккке баулу, өнер үйретіп, тиянақты білім беру, абзал азамат етіп тәрбиелеу. Тәрбие өнері дегеніміз- ең алдымен адам жүрегіне жол таба білу өнері. Бала жүрегіне жолды сөзбен де, айла, әдіс-тәсілмен де, балаға деген жүрек сезімі - махаббатпен де табуға болады. Жылы-жылы сөйлессе жібімейтін жүрек жоқ, тек соған апарар жолды таңдай білуіміз керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қиын балаларға психологиялық көмек
Бастауыш сыныптағы қиын балалар психологиясы
Қиын балалардың отбасындағы беріктігі
Бастауыш сыныптағы қиын балалар тәрбиесі
Қиын оқушылармен жүргізілетін психодиагностикалық жұмыс ерекшеліктері
Қиын жасөспірімді тәрбиелеу
Қиын балалар, оларды тәрбиелеудің мектептегі жағдайы
Жеткіншектердің девиантты мінез-құлық ерекшіліктерінің көрініс беру мәселелері
Қазақстандағы балалар психологиясы және оған үлес қосқан ғалымдар
Баланың психологиялық диагнозы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz