Қорқыныш туралы жалпы ұғым


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. КіріспеҚорқыныш туралы жалпы ұғым
  2. Негізгі бөлімҚорқыныш түрлеріҚорқыныштан арылу жолдарыСтресс
  3. Қорытынды
  4. Пайдаланылған әдебиеттер

Қорқыныш адамдарда ғана болатын сезім емес ол жер бетіндегі әрбір тіршілік иелерінде болатын сезім. Қорқынышты ғылыми түрде фобия деп атаймыз. Қорқу өзінен күштіден немесе жалғыздықтан және де тағы басқада нәрселерден туындайд.

Жалпы қорқынышты сезу - бұл әр адамзат үшін қалыпты нәрсе. Бірақ қорқыныш сезімі тым шектен шығып, қорқу объектісі адам психикасына қатты қысым көрсете бастаса онда ол қарапайым қорқыныш емес, күрделі ауру - фобия. Фобия адамда ғана емес басқа да тіршілік иелерінде болады. Сол тфобиясы бар тіршілік иелеріне қарай отырып бұл аурудан тез арада емделу қажет.

Себебі фобия күшейіп кетсе айықпас дертке әкеп соқтыруы мүмкін

Фобияны 2-түрі бар. Олар: иррационалдық және бақыланбайтын қорқыныш. Фобия бір нәрсеге жағымсыз қатынасты білдіреді, ал қорқыныштың өзі бұл жағдайда әсер сияқты бүркемелі түрде қатысып, тек осы жарамсыздықты білдіру құралы болып келеді.

Белгілі бір тітіркендіргішке қорқыныш реакциясының жоғары патологиялық көрінісі психиатрияда фобия деп аталады. Фобия даму нәтижесінде адам белгілі бір объектілерден, қызмет немесе жағдай түрлерінен қорқып, олардан қаша бастайды.

Фобия жеке түрлері ерекше аталады: агорафобия - кең көшелер мен алақдардан қорқу; клаустрофобия - жабық бөлмеде қалу үрейі; монофобия - жалғыз қалу үрейі, керісінше, антропофобия - көп кісілерден қорқу; нозофобия- ауырудан қорқу, эрейтофобия - қоғам алдында ұялу, қызару т. б.

Фобия жалпы мазасыздану, тамырдың соғуы мен демнің ұлғаюы, бозғылттану немесе тез қызару. Уақытша тұрақсыз фобия көп шаршағаннан немесе ауыр психикалық қатерден кейін дені сау адамдарда да болады . . .

Үлкендерге қарағанда балаларда фобия жиі кездеседі, олар кішкентай жануарлардан немесе өткір заттардан, судан, өлімнен т. б. қорқады. Кейде жасөспірімде белгілі бір әрекеттің түрінен қорқыныш пайда болады, мысалы, тақта алдында жауап беру, көпшіліктің алдына шығу т. б.

Өсе келе фобия ауыр түрі де кездеседі, мысалы, жұтыну қорқынышы (фагофобия) немесе ес ауысудан үрей. Фобия жақын балалар өте сезімтал болады. Фобия шалдығуға баларды түрлі қорқыту, мектептегі қақтығыс, отбасындағы жағдайлар себепкер болады. Фобия емдеу неврозды емдеумен бірдей. Негізгі орын психотерапияға келеді, аяу тәртібі, жалпы шынықтыратын және жұбататын шаралар. Кейбір кездерде пайдалы: ортаны езгерту, санаториялық жағдайда болу және арнайы депрессантық дәрілерді ішу (андаксин, аминазин т. б. )

Стресс (ағыл. stress) қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі. Ғылымға ең алғаш ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады.

Мазасыз күй (Стресс; ағылш. stress - кысым) - ширығу жағдайында организмде жайсыз фактордың әсеріне жауап ретінде қалыптасатын қорғаныш сипатындағы физиологиялық реакцияның жиынтығы. Мазасыз күй - жүйкені тұрақты немесе тұрақсыздық шекарасына, қалыңсыз күйге алып келетін ширығу. Өсімдіктер үшін мазасыз күй: құрғақшылық, көлеңке, шамадан тыс жою, жаппай кесу, отау және т. б. ; жануарлар үшін: аштық, азықтың жоқтығы, жарақат, қоршаған ортаның ластануы және т. б. жағдайлар мазасыз күй тудырады. Мазасыз күйдің көптеген түрлері бар:

антропогендік мазасыз күй (адам әрекетінің әсерінен жануарларда пайда болады) ; жүйке-психикалық мазасыз күй (жеке тұлғаның топтық психологиямен сәйкес келмеуі немесе ұқсас түрлердің топтасуынан туған мазасыз күй) ; жылулық мазасыз күй, жарықтық мазасыз күй және т. б.

мазасыз күй кезінде бейімделушілік, ауру белгісі деп аталатын организмнің қорғаныш реакциясы пайда болады. Сонымен бірге дабыл қағу (қорғаныш күштерінің жұмылуы), төзімділік (қиын жағдайға ыңғайлану), жұқару (күшті және ұзақ мерзімді мазасыз күй ауруға шалдықтырады немесе өлімге апарып соғады) сатылары ажыратылады. Сондай-ақ жағымды мазасыз күй организмді қарсыласуға бейімдейтін және жағымсыз (есеңгіреу) мазасыз күй де бар. Мазасыз күйдің ең ауыр түрі - есеңгіреу. Адам өмірі ырғағының жылдамдауы (өндірістік I әрекеттер, көліктік жүктеме және т. б. ) мазасыз күй ауруын күшейтеді (жаралар, аллергия, бронх демікпесі, жүректің ишемия ауруы және т. б. ) . 1930 жылдары туылғандардың 50 жастан кейінгі өмірінде бұл аурулар жаппай етек алды. Ал 1940-50 жылдарында туылғандарда бұл аурулар 30 жаста-ақ белгі бере бастады. Мазасыз күйдің және оның бейімделушілік, ауру белгісі тұжырымдамасын 1936 жылы Канада оқымыстысы Г. Селье ұсынды.

Стресс үш кезеңнен тұрады:

1) үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;

2) төзімділік - жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;

3) әлсіреу - бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады. Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады.

Бұл тұрғыдан алғанда, заманында Әбу Әли Ибн Синаның қойларға қойған тәжірибесі өте қызық. Ол бір қойды қораға, басқа қойларды көретіндей етіп, жалғыз өзін қамаған. Ал екінші қойды басқа қораға қасқырдың үйшігінің жанына орналастырған. Бірінші табынға қосылғысы келіп, маңырай берген, бірақ алдындағы жем-шөпті жеп тұрған. Ал екінші қой қасқырды көрген сайын үркіп, қашпақ болған. Ол алдындағы жемді аузына да алмай, жүдеп-жадап әлсіреген. Адам да сол сияқты жақсыны көрсе жақындағысы келіп, жағымды стресс туады. Ал жаманды кездестіргенде одан жанын аулақ салып, құты қашады, жағымсыз стресс туады. Міне, осы екі мысал стрестің жағымды және жағымсыз түрлерін біршама сипаттайды. Стресті тудыратын әсерлерге қарай физиологиялық және психологиялық стресс деп екіге бөледі. Психологиялық стресті мәліметтік және эмоциялық стресс деп атайды. Тосыннан жағымсыз хабар естігенде мәліметтік стресс пайда болады. Адам дұрыс жауап таба алмай, қатты қиналады, не істерін білмей, абыржып қалады. Ал эмоциялық стресс қауып туғанда немесе оқыс қорыққанда, не біреуден қатты көңілі қалғанда байқалады. Мұндайда жоғарғы жүйке әрекетінде тежеулі серпілісі қанат жаяды. Соның нәтижесінде іс-қимыл әрекеті немесе сөйлеген сөзі бұзылады. Стрестің физиологиялық тетігі гипоталамус-гипофиз бүйрек үсті безі жүйесінің рефлекторлық қызметіне негізделген. Стресс кезінде қанда глюкокортикоидтар мен катехоламиндердің, серотониннің мөлшері оқыс көбейеді. Ғылымның жаңа деректері бойынша оған қосымша самототропин және самотомединдер де стрестің, әсіресе оның үрейлену кезеңінің өрлеуіне себеп болады. Самототропин иммундық жүйенің қызметін белсендіріп, организмнің стреске қарсы тұру төзімділігін арттырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Готикалық стиль
Мектепке дейінгі жастағы балалардың қорқынышы мен үрейін, эмоциясын психологиялық түзету жұмысында ертегітерапиясының ролі
Мектепке дейінгі балалардың эмоциялары мен сезімдерін дамыту
ХХ ғ Батыс философиясы
Мартин Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары
Адамның болмысын құрайтын оның экзистенциясы
Сезім мен эмоция жайлы
Православ діни философы
Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі
М. Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz