Қоршаған орта сапасын бағалау критерилері


Жоспар:

1. Қоршаған орта сапасын бағалау критерилері.

2. Тірі және өлі табиғаттағы экологиялық-химиялық процестерді зерттеудің әдістері

3. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері:

Халықтың денсаулығына, өміріне, еңбегі мен демалысына қолайлы түрде қоршағап табиғи ортаны сақтау мен қалпына келтіру;

қазіргі және болашақ ұрпақтардың салауатты өмір сүруіне қажетті ортаны сақтау үшін әлсуметтік-экономикалық проблемаларды шешіп отыру;

экологиялық аймақтарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларып кеңінен қолданумен қатар, бұзылған табиғи жүйелерді қалпына келтіру;

табиғи ресурстарды толық тиімді түрде пайдалану және молықтыру;

қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыру және табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін ақы төлеуді енгізу;

биологиялық алуан түрлілікті, ғылыми жоне мәдени маңызы бар сирек объектілерді, ерекше құнды табиғи аймақтарды сақтауды қамтамасыз ету;

қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды реттеп, олардың орындалуына мемлекеттік тұрғыдан бақылау орнату;

табиғатқа нұқсан келтіруге жол бермеу;

халықтың, қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктер мен жергілікті басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысуы;

халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асыру;

Ғылыми-техникалық прогрестің екпінді дамуы соңғы жүз жылдықтың ішінде қоғамның өміріне көптеген игіліктерді әкелді, олар өмір сүрудің деңгейі мен жайлығын көтеруге, адамдардың ауқаттылығын жақсартуына болысты. Бірақ бұл дамуының ар жағы да бар, ол табиғи байлықтарды өндірудің қарқындауымен және ластаушы заттар көлемінің артуымен қатар жүреді. Осы жағдайлар қоршаған орта күйінің нашарлауына әкеліп соқтырды.

Адам мен табиғат арасындағы өзара қарым-қатынасы өзінің критикалық шекарасына жетті. В. И. Вернадскийдің айтуы бойынша адам «мықты геологиялық күшке» айналды, ол өзінің еңбегі мен ойы арқылы табиғатты одан әрі басып, өз өмірінің болмысын позитивті қайта құру мүмкіншілігіне ие, бірақта табиғи процестердің заңды өтуін бұзып, өзіне лайықсыз өзгерістерді тудыруы мүмкін. Адам өзін табиғаттың заңдарына бағынатын, оның бір бөлігі екендігін, оның дамуы басқа тірі организмдерінің дамуымен параллельді жүретінің ұмытып барады.

Қоршаған орта, адамның, тірі организмнің биологиялық түрі ретінде өмір сүрудің және репродукциясының қажетті шарты болып табылады. Бұл жағдайда қоршаған орта өмір сүрудің физикалық негізін, адамның интеллектуальді, қоғамдық және рухани дамуын қамтамасыз ететін қажетті қасиеттері мен сапаларына ие болуы керек.

Орнықты дамудың принциптерін жүзеге асырудың басты мәселесі ретінде азаматтардың сапалы, саулы да жайлы қоршаған ортаға конститу-циялық құқықтарының қамтамасыз етуін ұйғарады. Қазіргі уақытта өндіріс дамуының деңгейін мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын қоршаған ортаның сапасымен тікелей өзара қарым-қатынаста қарастыруды керек етеді. Бірақта қоршаған орта сапасының жаппай нашарлауы қоршаған ортаны қорғау сферасындағы бар басқару механизмі жай халықтың ғана емес, бүкіл экожүйенің экологиялық талаптарын қанағаттандырмайтынын көрсетеді.

Сондықтан қоршаған ортаның сапасы мен негізгі құндылықтарын, табиғаттың байлықтарын сақтау үшін қоршаған ортаны түрлендіру мен қорғауды жетілдірудің шараларын зерттеп жасау керек. Бұл проблеманы шешу әр түрлі іс-әрекеттердің кешенін құрайды, олардың арқасында қоғам қоршаған ортаның сапасына саналы және оң әсер етеді, ал бұл тек қана ең кең аумақты мағынадағы тиімді басқару кезінде мүмкін болады.

Ол үшін, алдымен басқару объектісін зерттеуден бастау керек, яғни «қоршаған ортаның сапасы» деген не екендігін анықтау керек.

Тарихи қалыптасу бойынша, «сапа» деген анықтама материалдық өндіріспен ғана байланысты, «сапа» деген ұғым тек өнімге ғана тиісті болды, басқа ештенеге байланыспады.

Қазіргі уақытта қоршаған ортаның сапасымен байланысты зерттеулерде әртүрлі ұғымдарды пайдаланады, олардың көпшілігі қоршаған ортаның ластануы, қаупі мен дискомфорты, халықтың ауру-сырқауы және т. б. сезгіштік негізінде анықталады. Сонда да адамзаттың өмір сүруде жаңа проблемалары, алып әлеуметтік қозғалыстары пайдаланылатын ұғымда-рының ешқайсысын көпке танымал деуге негіз бермейді. Бұның бәрі теориялық жанжалдарға әкеліп соғады, осы жанжалдардың ар жағы - әлеуметтік-экологиялық саясатының стратегиясы мен тактикасы дамуының үлкен шешілмеген проблемалары, қоғамның өмір сүруінің шарттарын қамтамасыз етуге қажетті көлемі бойынша үлкен инвестицияларды негіздеу болып табылады.

«Қоршаған ортаның сапасы» деген анықтаманы баяндаудағы көз қарастарының көптігі «қоршаған орта» анықтамасының мағынасын баяндағанда тәсілдерінің көптігімен түсіндіріледі, сондықтан «қоршаған ортаның сапасы» дегенге анықтама беру алдыңда «қоршаған орта» деген анықтаманы дәлірек баяндау керек.

Қоршаған орта - бұл қазіргі уақыттың ғылымы мен тәжірибесінің негізгі категориялардың бірі. Интеграцияланған басқару мен бақылау объектісі ретінде табиғат емес, нағыз қоршаған орта болып табылады.

Адамның күнделiктi өмiрiнде, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметiнде табиғи ресурстарды пайдалануы және (немесе) қоршаған ортаға әсер етуi табиғат пайдалану болып табылады. Табиғат пайдалану жалпы және арнайы болып бөлiнедi. Жалпы табиғат пайдалану тұрақты болып табылады және халықтың өмiрлiк қажеттi сұраныстарын қанағаттандыру үшiн және табиғи ресурстар пайдалануға берiлмей, тегiн жүзеге асырылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, табиғатты жалпы пайдалануды шектеуге жол берiледi. Табиғат пайдалану түрлерiне: 1) жердi пайдалану; 2) суды пайдалану; 3) орманды пайдалану; 4) жер қойнауын пайдалану; 5) жануарлар дүниесiн пайдалану; 6) өсiмдiктер дүниесiн пайдалану; 7) қоршаған ортаға эмиссиялар; 8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн өзге де табиғат пайдалану түрлерi жатады. Табиғат пайдалану түрлерi бойынша арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады. Арнайы табиғат пайдалану табиғат пайдаланудың бiр түрiн не олардың бiрнеше түрiнiң жиынтығын қамтуы мүмкiн. 1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын жеке және заңды тұлғалар табиғат пайдаланушылар болуы мүмкiн.
2. Табиғат пайдаланушылар:
1) тұрақты (табиғат пайдалану құқығы мерзiмi шектелмейтiн сипатта болады) және уақытша (табиғат пайдалану құқығы белгiлi бiр мерзiммен шектелген) ;
2) бастапқы (табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы табиғат пайдаланушылардан сол құқықтан айыру немесе әмбебап құқық мирасқорлығы тәртiбiмен алынған) және кейiнгi (табиғатты уақытша пайдалану құқығы бұл мәртебенi өзiнде сақтап қалатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негiзiнде алынған) болуы мүмкiн.
3. Табиғат пайдаланушылар осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарды сақтауға мiндеттi.

1. Арнайы табиғат пайдалану құқығы:
1) табиғи ресурстарды пайдалану мен алуға және қоршаған ортаны қорғау саласында жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар және (немесе) рұқсаттар;
2) табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табиғат пайдалануға беру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерi;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жасалатын табиғат пайдалануға арналған шарттар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық сараптама және аудит пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен
Топырақ бонитетінің қысқаша тарихы
«Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидалары»
Озат тәжірибені тарату әдіс - тәсілдері, түрлері
Қоршаған ортаны қорғау экономикасы және табиғи ресурстарды тиімді қолдану
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін дамыту үдерісі
Оқушылардың білім сапасын арттырудаға оқу іскерліктерін қалыптастыру процесін зерделеу
Бағдарламалық қамтаманың сапасы
Экожүйелердің орта өзгертуші рөлі және бүлінген экожүйелерді қалпына келтіру проблемалары
Мониторинг – бағалау мен білім сапасын бақылау механизмі жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz