Мониторингтің түрлері


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Мониторингтің түрлері;
  2. Мониторинг түзу туралы түсінік;
  3. Мониторинг жүргізу тәсілдері;

Алғашқы адам қауымдастығындағы жинақтаушылар мен аң аулаушылар өздері қоршаған ортадағы болып жатқан оқиғаларды күн тұтылуынан бастап, өсімдіктер мен аңдардың кейбір түрлерінің санының өзгеру салдарына бақылау жүргізіп және олардың алдын ала болжап отырған. Алайда, сонау ерте замандарда адам баласы қоршаған ортаға араласуы нәтижелерін бағалауға ұмтылуы мен оның шаруашылықтағы тәжирибесінің артуының негізісі бақылау болды. Бұл әрине ауылшаруашылығына өте маңызды, себебі жұмыс нәтижесі ауа райына тікелей тәуелді еді. Осылайша, Масопотамия және Мысыр ежелгі өркениеттері өздерінің шаруашылық дамуы барысында ирригациялық қоршаған ортадағы өзгерістерді бақылауды жиі жүргізіп отырған. Көне заманнан бергі осындай бақылаулар бертін келе рационалды ғылыми негізге айналды. Ресейде табиғи өзгерістерге бақылау жүргізуінің дамуы Ломоносов М. В, Войеков А. И еңбектерінде тұжырымдамалары табылған.

Қазіргі таңдағы адам шаруашылығы - бұл глобальды түсінік және оны тиімді ұйымдастыру үшін, адамзат қоғамының табиғатпен арасындағы өзара қарым-қатынасын жақсарту үшін, тек қана өндіріс орындары және ауыл шаруашылық тығыз шоғырланған аудандарының табиғи ортасы туралы объективті ақпараттармен ғана шектелмей, сонымен қатар жалпы биосфера туралы ақпараттарды білу қажет.

Алдымен биосфераның жалпы жағдайы туралы және онда мүмкін болатын ауытқушылықтар туралы деректер керек, мәселен, глобальды биоөнімділік, немесе климаттық өзгерістер. Адамның іс-әрекеттері салдарынан биосфераның өзгеруін біз бәріміз бұрыннан бақылап келеміз. Енді осы өзгерістер тез жылдамдықпен және де кең көлемде болып жатыр.

Осыған байланысты биосфераның жағдайына және оның экожүйенің әртүрлі деңгейінде (глобальды, региональды, локальды), экологиялық аймақтарда, жалпы континентте антропогендік әсерлерге реакциясына тұрақты бақылау орнату қажеттілігі туды. Осындай бақылау жүйесі мониторинг деп аталады (лат. т. monitor - тексеру, бақылау) . Жалпы мағынада мониторинг- бұл бақылау, бағалау және адамның шаруашылық әрекетімен байланысты қоршаған орта жағдайына болжам жасау. Ғылыми тілде бұл термин әдетте «тексеру, бақылау, аңду» деп түсіндіріледі.

Мониторинг жүйесінің блок-сызбасы

Ақпараттық жүйе (мониторинг) Басқару

Бақылау

Нақты жағдайдың бағасы

Ортаның сапасын реттеу

Болжанған жағдайдың бағасы

Жағдайдың болжамы

Мониторингтің негізгі мақсаты- антропогендік әсердің зиянды жақтарын алдын-ала ескерту болып табылады. Мониторингтің міндеті кең ауқымды. Биосферадағы өзгерісті тек бақылап қана қою қажет емес, мониторинг табиғаттағы тепе-теңдікті сақтау үшін адам әрекетінің салдарынан зиянды нәтижелерді алдын-ала болжай білуі керек. Мониторингтің мақсатына бақылаумен қатар, орта жағдайын бағалау және оның өзгерістерін болжау да кіреді.

Мониторингтік зерттеулерді жүргізілу деңгейіне байланысты 3 сатыға бөледі: глобальды биосфералық, аймақтық геожүйелік (табиғи-шаруашылық), локальды биоэкологиялық (санитарлы-гигиеналық) .

Кесте: Қоршаған ортаның мониторинг жүйесі (Герасимов, 1975)

Мониторинг сатылары
Мониторинг обьектілері
Сипатталған мониторингтің көрсеткіштері
Мониторинг сатылары: Биоэкологиялық
Мониторинг обьектілері: Мониторингтің жерүсті қабаты
Сипатталған мониторингтің көрсеткіштері: Токсикалық заттардың белгілі шектегі консентрациясы
Мониторинг сатылары: Жерүсті және жерасты сулары, өндірістік және тұрмыстық қалдықтар
Мониторинг обьектілері: Физикалық және биоло- гиялық тітіркендіргіштер (шулар, аллергендер, т. б. )
Мониторинг сатылары: Геожүйелік
Мониторинг обьектілері: Жануарлар мен өсімдік- тердің жойылып бара жатқан түрлері
Сипатталған мониторингтің көрсеткіштері: Түрлердің популяциялық жағдайы
Мониторинг сатылары: Табиғат экожүйесі
Мониторинг обьектілері: Олардың құрылымы мен бұзылысы
Мониторинг сатылары: Агроэкожүйе
Мониторинг обьектілері: Ауылшаруашылық культуралардың егілімі
Мониторинг сатылары: Орман экожүйесі
Мониторинг обьектілері: Отырғызылымдардың өнімділігі
Мониторинг сатылары: Биосфералық
Мониторинг обьектілері: Атмосфера
Сипатталған мониторингтің көрсеткіштері: Радиациялық тепе-теңдік,
Мониторинг сатылары: Гидросфера
Мониторинг обьектілері: Өзендер мен тоған сулардың ластануы, су қауыздары, континенттегі су айналымы
Мониторинг сатылары: Өсімдік және топырақ қабаты, жануарлар
Мониторинг обьектілері: Өсімдік жамылғысы, жануарлар, жер қабаты жағдайының глобальды сипаттары. СО 2 , О 2 және басқа заттардың глобальды айналымдары мен тепе-теңдігі.

Бақылау обьектісі мен көлеміне байланысты мониторингтің әртүрлі типтері бар:

  • биосфералық(глобальды) - жалпы жүниежүзілік процестерді және биосферадағы пайда болуларды (экологиялық компоненттерді қосқанда) бақылау;
  • базалық(фондық) - жалпы биосфералық, негізінен табиғаттағы өзгерістерді бақылау;
  • экологиялық- табиғат ресурстары мен ортатүзуші компоненттердің қозғалысын, әртүрлі белдеулердегі экожүйенің құрамы мен қызметінің өзгерістерінбақылайды;
  • биологиялық-биологиялық обьектілерді бақылау;
  • комплексті- экологиялық спецификалық жүйе туралы ұзақмерзімді ақпараттар жиынтығының үздіксіз бағдарламасы;
  • санитарлы-токсикологиялық- қоршаған орта жағдайының гигиеналық мониторингі;
  • халықаралық- антропогендік өзгерістердің нәтижесін қоса есептегенде жалпы планеталық пайда болулар мен процестерді бақылаудың халықаралық жүйесі;
  • аймақтық-базалық түрден табиғи және антропогендік сипаты жағынан айырмашылықта болатын белгілі бір аймақтағы пайда болулар мен процестерді бақылау;
  • ұлттық-мемлекеттің белгіленген территориясының қоршаған орта жағдайы мен өзгерістерін бақылайтын мемлекеттік (ұлттық) жүйелер;
  • локальды(жергілікті) - территорияларға таралмаған қоршаған орта ластануының мониторингі.

Мониторингтің нақты түрлерін жүзеге асыру әдістері әртүрлі болуы мүмкін:

  • авиациялық- ұшақ, тікұшақ және басқа да ұшу аппараттары арқылы жүргізу;
  • ғарыштық- ғарыштық байқау тәсілдері көмегімен Жер биосферасының жағдайын бақылау;
  • қашықтық- авиациялық және ғарыштық мониторингтің жиынтығы.

Қоршаған орта жағдайын бағалауда биологиялық мониторинг аса маңызды болып саналады. Биологиялық мониторинг- бұл тірі организмдерді және табиғи экологиялық процестердегі табиғат экожүйесі динамикасын, жиірек антропогендік әсерлерден олардың бұзылуын бақылау. Мұндай ақпарат ұзақмерзімді стационарлы обьектілерден алынуы мүмкін. Өзгерісті бақылау үшін обьектінің бастапқы сипатын білу керек. өзінің құрамындағы компоненттерімен бірге биогеоценоз (фитоценоз, зооценоз, микробоценоз, экотоп) мониторинг үшін ең қолайлы обьект болып саналады. Биогеоценозда өсімдіктер қауымдастығы, яғни фитоценоз аса сезімтал құрылым.

Табиғи-қоғамдық жағдайдың өзгерістері комплексті мониторингтің комегімен бағаланады, яғни ол атмосфера, гидросфера, өсімдіктер, жануарлар әлемі және бүкіл ландшафтың жағдайын бақылау жүйесі. Комплексті мониторинг мониторингтің әртүрлі бағдарламалар қатарын біріктіру мақсатында әртүрлі деңгейдегі экожүйеде қоршаған ортаның ластануын барлық жағынан бағалау үшін жүргізіледі:

  • локальды- салыстырмалы түрде шағын территорияларды бақылау (қала жағдайында ауаның ластануы, ауыз судың ластануы, қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы және т. б. ) ;
  • аймақтық- белгілі бір аймақты бақылау (Жердің үлкен территориялық бөлімшесі) ;
  • глобальды- жалпы дүниежүзілік процестерді және биосферадағы пайда болуларды бақылау (барлық экологиялық компоненттерді қосқанда) .

Комплексті мониторинг - бұл спецификалық экологиялық жүйе туралы ақпараттардың үздіксіз бағдарламасы. Бұндай жүйе саны сол аймақтың нақты биологиялық әртүрлілігіне, сонымен қатар экожүйе типінің ерекшелігі бойынша қазіргі білім деңгейімен сәйкес қойылуы тиіс. Мониторингқа қатысушылардың техникалық мүмкіндіктеріне қарай ақпараттар жиынтығы мүмкіндігінше салыстырмалы түрде қарапайым технологияның көмегімен жүргізілуі керек.

Қоршаған ортаның мониторингі бірнеше кезеңде өтеді: бірінші кезең- табиғи обьектілерді түгендеу; екінші кезең- мониторингтің обьектісін таңдау; үшінші кезең- тұрақты бақылауды ұйымдастыру; төртінші кезең- алынған ақпаратты сараптау және жүйелеу. Мониторинг обьектілері әртүрлі табиғат комплекстері, биогеоценоздар және оның құрамдастары болу керек. Оларға келесі компоненттер кіреді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мониторинг анықтамасы
Білім беру сапасының мониторинг жүйесі
Қоршаған ортаның мониторингі. Қоршаған ортаның жағдайын бақылау үшін экологиялық мониторингті ұйымдастырудың негізгі жолдары
Мониторингдың түрлері
Мектеп жағдайын проблемалық талдау
Мониторинг – бағалау мен білім сапасын бақылау механизмі жайлы
Мониторинг – бағалау мен білім сапасын бақылау механизмі
Мониторинг аныктамасы жайлы ақпарат
Қарыз алушы туралы ақпарат
Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг жайлы жалпы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz