Ауыз судың радиоактивті элементтермен ластануы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
Жоспар:
- Ауыз судың радиоактивті элементтермен ластануы.
- Родон және аэрозолдар.
- Ауыз судың радиоактивті элементтермен ластануы
Қазақ жеріндегі радиоэкология. Радиоэкология - латын тілінен аударғанда «сәулелену» деген мағынаны білдіреді. Өміріне, экономикалық жағдайына, географиялық орналасуына, тарихи дамуына қарасаңыз, біздің қазақ елі табиғат қойнында бірге өсіп, қайнасып келе жатқан жұрт екенін байқайсыз. Мұндай жақындық оларды табиғатқа етене бауыр, жанашыр етіп жіберген сияқты.
Қазақ елінің табиғатқа деген көркем сезімін, ілтифатын, қадірмен-қасиетін көрсететін деректерді тарихтан ғана емес, бүгінгі өмірден, тұрмыстың сан-сала, сан тарауларынан кездестіруге болады.
Радиоактивті элементтердің апатына ұшыраған аймақтардың саны қаншама. Осы кездегі ғылым мен техниканың қуаты қай саласы болса да, аз жылдың ішінде өзгертіп жіберуге шамасы келеді. Ол өзгерістердің көптеген жағдайда, адамзат баласының қоғамының экономикасы мен мәдениетіне пайдасыз болып келетіні келешек ұрпаққа да зияны тиетіне қазіргі кезде айқын көріне бастады. Дүние жүзіне әйгілі болып отырған Арал теңізінің экологиялық апаты. Ол өз жағлауынан 70-80километр қашықтап кетті. Бүгінгі күні жалаңаштанған теңіз түбі 23мың шаршы километрдей жерді алып жатыр. Тұзды құм 2миллион гектарқұнарлы топырақты жұтып қойды. Жергілікті халық күйзеліске ұшырап кетті. Семей облысы абралы ауданының халқын өз мекенінен уақытша көшіріп жіберген болатын. Себебі, ол жерде атом бомбасын сынау қажеттілігі туған болатын. Халықтың қоныс аударған жерлерді онша алыс жер емес еді. Атом бомбасын жару орнына небәрі 50-60километрдей жер болатын.
Атом бомбасы жарылғаннан кейін біраз уақыт өткен соң, халық өз мекендерінде қайтадан көшіріліп әкелді. Ауылда бір жағдайлармен қалып қойған иттер мен мысықтардң көріністері ғажап еді. Жүндері біраз уақыттың ішінде қисапсыз өсіп шұбалақтанып кеткен. Даладағы малдардың көріністері адам шошырлықтай болатын. Тістері ырсиып шығып кеткен. Не шөп, не су іше алмай қалған. Осы күнге дейін темір тормен қоршалған аймақтардың ішіне шөп шалғын болып өсетіні байқалады. Оны сол жердің тұрғын халықтары күзетші әскерлерге бірдеңе (арақ-шараптар) және басқадай заттар беріп жалынып-жалбарынып малдарына шауып алып келген. Мұндай жағдай күні бүгінге дейін кездеседі. Тірі организмдердің ерекше түрде өсетінін қараңғы халық қайдан білсін. Мұны ғалымдар мутациялық құбылыс деп атайды. Бұл өте қауіпті көрініс. Қазақ жеріндегі радиоактивтік апаттың ең алғашқы бастамасы болатын. Кейінгі кездерде бұл қауіпті құбылыс халыққа қаншама қайғы қасірет әкелгенін қазақ елі жақсы біледі.
Радиоактивті сәулеленудің ең үлкен радиоэкологиялық апаты Чернобыль атом электр станциясының қайғылы оқиғасы болатын. Оның негізгі радиоактивтік элемент торий еді. Бұл радиоактивті элементтің атом ядросы ыдыраған кезде одан адам айтқысыз энергия бөлініп шығады. Сонымен бірге раиоактивті сәулелену бөліп шығарады. Радиация мұқым еуропа елдерінің көпшілігіне тарап кеткен. Тірі организмдерге мутациялық құбылыстар тудыруда. Мәселен, сол маңйдағы бір құлын ды бие сегіз аяғы бар құлын тапқан. Бұл оқиға «Известия» газетінің 1989 жылғы 23 қарашадағы санында хабар жариялнаған болатын. Бұл оқиға сол кездегі халық депутаттарын қатты толғандырған. Бірақ олардың қолынан келетін еш нәрсе келмеген. Кейінге кезде адамның жаны ашитын құбылыстар, мутациялар қисапсыз көп кездеседі.
Мутация дегеніміз - латын сөзі - өзгеріс, орын ауыстыру деген мағына береді. Жан-жануарлар, өсімдіктер әлемі жер бетіндегі тірі организмдердің барлық формаларының арғы шыққан тегі химиялық қосылыстармен және радиациялық сәулеленумен кенеттен өзгеріп кетеді. Мутация процесін тудыратын заттарды мутагендер деп атайды табиғаттағы мутагендерді үш үлкен топқа бөледі.
- Физикалық мутагендер (рентген сәулесі, гамма сәулесі, нейтрондар, протондар, температура, центрифугалар және т. б. )
- Химиялық мутагендер (этиламин, диэтилсульфат, 8-этоксикофеин, колхицин, аценафтен, чай, кофе, арақ, спирт және т. б. )
- Биологиялық мутагендер - адамзат баласының қартаю процесі биологиялық мутагендердің ең бастысы болып есептелінеді. Бұл құбылысты тежеуге немесе тездетуге әбден болады. Белгілі үйреншікті әдеттен басқа заттарды жасамау керек. Қартаю процесінің өзі ауру ғой, оны да емдеу керек екенін ғалымдар дәлелдеп келеді. Ауыз судың радиоактивті элементтермен ластануы. Ауыз судың радиоактивті элементтердің қалдықтарымен ластануы - адамзат баласының алдында тұрған үлкен мәселенің бірі болып есептелінеді. Кейінгі жылдары ауыз сулардың радиоактивті элементтердің қалдықтармен ластануы адамзат баласына айтарлықтай қаіп төндіруде. Ауыз сулардың әртүрлі радиоактивті элементтердің қалдықтары - стронций-90, цезий-полоний-уран және т. б. улы қосылыстар жыл өткен сайын көбейе түсуде. Сондай-ақ суда улы қосылыстар жыл өткен сайын көбе түсуде. Сондай-ақ суда неше түрлі нитраттар, фосфатидтер, гербицидтер, дефолианттар, десиканттар және басқадай неше түрлі улы қосылыстардың мөлшерден тыс көбейгені соншалық кейбір өзен мен көл суларын ауыз су ретінде пайдалануға болмайтын анықталып отыр. Олардың зиянды әрекеттері жаңадан дүниеге келген сәбилердің 20-30 пайызы кемтар болып туатыны анықталды.
Радиоактивті элементтердің қалдықтары термоядролық сынақ процестерін өткізген жерлерде өте көп мөлшерде болатынын ғалымдар толығымен анықтап шықты. Әсіресе, бұл проблема халық өте көп және жиі орналасқан аймақтарда үлкен қалалардың маңайында жинақталған елді мекендерде тым үлкен орын алып отыр.
Радиоактивті элементтер өзен сулары мен көл, теңіз, мұхит суларын мөлшерден тыс ластайтыны кейінгі кезде толығымен анықталды. Тұщы сулардың ластануы кейінгі кезде толығымен анықталды. Тұщы сулардың ластануы - қоғам алдында тұрған өзекті мәселе. Кейінгі жылдары ауыз судың ластануы адамзат баласының басына айтарлықтай қауіп төндіруде, ауыз судың ластануы туралы шексіз жаза беруге болады. Бұл нағыз апат. Бірақ дүниежүзілік мұхиттың ластануы бұдан да қатерлі болып табылады.
Раң 17 майда Мароккан порты сафиден шығып, 40 күндей мұхит үстімен 4350километрдей жүзіп өткенде көргендер үнемі ластанған мұхит болды, оның үстіне ластылық «шығын аумақтан бастап көлемді аймаққа дейін кездеседі». Мұнай ластарының іздері басым болды. Мұнай обасы кездейсоқ проблема емес. Жыл сайын мұнай таситын кемелер аварияларға ұшырап жатады. Олардан төгілген мұнай қаншама. Мәселен, «Тори-Каньон» такері аварияға ұшырағанда бірден 119мың тонна мұнай ағып кеткен. 1969 жылы апрельдің аяғындағы «Гамильтон-трейдер» такері Ливерпуль бұғазында саботаж кемесінен соғысуы мыңдаған тонна мұнайды теңіз суына төгуді әкелді. Мұнай бұғаз бетіне тез жайылып тарала бастады. Уэльстің солтүстік жағалауларына Ланкалигер мен Камберленд графтықтарының жағаларына жетті. Мұнай барлық теңіз құстарына жайлап қинаған ажал әкелді. Миллиондаған қанатты құстар ғайып болды. Мұнайдың әр тоннасы 12 шаршы километр теңіз бетін ластайды. Мұнайдың қаншалықты ағып, қандай аумаққа тарайтындығын біле отырып, енді Тур Хейердал сипаттаған фактілерді жақсы түсінуге болады. Әлемдік мұхиттың сыртқы бетінде мұнай қабыршағының пайда болуы жер бетіндегі және теңіз, мұхит суларындағы тірі организмдердің барлық биохимиялық және физиологиялық процестерін бірдей тоқтатады. Міне, «мұнай обасының» зардабы осындай. Планета халқының үштен бірі қазірдің өзіне-ақ су тапшылығына ұшырап отыр. Су таза товарға айналып отыр. Германия суды щвециядан сатып алады. Гонконг ауыз суды қытайдан түтік құбыры арқылы алады. Тасымал сумен тұтас бір мемлекет - Алжир тіршілік етіп отыр. Судың ластануы дәрежесі ел өнеркәсібіінң даму деңгейіне тікелей байланысты. Америка құрама штаттарында, мәселен, жер бетіндегі судың ластануы 1900 жылмен салыстырғанда 1960 жылға қарай 6 есеге жуық өскен, 60 жылдың ішінде тұрмысқа ағын сулармен - 10 еседей артқан.
Тұрмыстық сулар Америка Құрама штаттарында жылына 20 триллион, өнеркәсіптік -49 триллион литр құраған. Америка қалаларының канализация жүйелеріне жыл сайын түсетін тастандылар көлемі 245 миллиард литрге жеткен. 60-ші жылдардың орта шеніне дейін 25пайыз тұрмысқа ағын су ешбір тазалаусыз, 31 пайызы алғашқы өңдеуден өткен соң өзенге құйылатын, тек 41 пайызы ғана азды -көпті қанағаттанарлық тазаланатын. Осының бәрі Америка Құрама Штаттарында 25 өзен, соның ішінде Миссисипи мен Миннесота (макейго қаласынан төменгі өзен тіпті суару үшін деп жарамсыз деп танылған) сияқты ірі өзендер күшті ластанған. Ұлы Америка көлі күйзеліс жағдайында болып шықты.
Ядролық жарылу кезінде көптеген радиоактивті сәулелену бөлініп шығады. Ол радиоактивті элементтердің ыдырауынан пайда болады. Олардың жартылай ыдырау процесі өте ұзаққа созылатын құбылыс.
Мәселен, цирконийдің -93 ыдырау мөлшері миллион жылға созылса, ал цезий -135-тікі үш миллион жылдан асады.
3. Родон және аэрозолдар. Родон газ. Оның не исі, не дәмі, не түсі болмайды. Оны адам өлтіргіш газ деп атайды. Неге десеңіз, ол жердің астынан шығып, адам ағзасына айрықша әсер етіп, неше түрлі қатерлі ісіктер мен өкспенділер тудырады. Ол 7-8 есе атмосфералық ауадан ауыр келеді де, жердің үстіңгі қабатында жиналады. Адамның тұратын тұрғын үйлерінде де Родон көп мөлшерде кездесіп, өте қауіпті әсер етеді.
Адамзат баласының 70пайыз сәулеленудің негізгі дозасын табиғатта алса, оның ішінде Родон газынан 30-60пайыз алады. Осыған байланысты адамдарды радиациялық сәулеленуден қорғау қазіргі кездегі аса маңызды проблемалардың біріне айналып отыр.
Родон радиоактивті уран және торий элементтерінен бөлініп шығады, уран мен торий таудың жартастарында жерде, суда көп кездеседі. Родонның ауада мол болуы немесе аз болуы мен торий элементтеріне байланысты. Жердің астында Родон қабаты болады. Өйткені онда уран және торий элементі жеткілікті түрде кездеседі. Егер жер бір себептермен опырылып түссе, онда ол жерден Родон жердің үстіңгі қабатына бөлініп шығып, жер бетіне де жинала бастайды.
Полоний -218 және 214-тен бөлініп шыққан Родон өте қауіпті. өйткені олар а-альфа сәулесін (бөлшектерін) бөліп шығарады. Бұл бөлшектер адамдарға өте қауіпті. өкпе рак дертін бірден тудырады. Полоний -218 және 214 радиоактивті элементінен бөлініп шыққан радон аспектпен, пестицидтерден бөлініп шыққан Родоннан әлде қайда улы келеді.
Өз үйінде отырып Родонның әсерінен қайтыс болған адамдардың саны өрттен, су тасқыны және апаттан әлде қайда көп болатыны анықталды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz