Липидтер туралы


Жоспар:
- Липидтер. Түрлері, құрамы
- Липидтердің алмасуы
- Липидтердің жасаушада ыдырауы.
ЛИПИДТЕРДІҢ АЛМАСУЫ
Өсімдіктердің құрамында және жануарлардың ағзасында кездесетін майлар мен май тәрізді заттарды липидтер - деп атаймыз.
Химиялық табиғаты әртүрлі май және май тәрізді заттар болып келеді. Липидтер табиғатта өте кең таралған. Мысалы, майлы өсімдіктердің дәндерінде (күнбағыстың, мақтаның, жаңғақтың т. б. ) майдын мөлшері 40-50%.
Жануарлар мен адам денесінде липидтер екі түрде кездеседі:
1) протоплазмалық липидтер белоктармен қосылып жасуша және жасуша ішіндегі құрылымдар қабығының (мембрана) негізін қалайды. Олардың мөлшері көп өзгермей әрқашан бірқалыпта болады (барлық липидтердің 25%-тейі) .
2) шел мен шарбыда, ішкі мүшелердің айналасында майлар қор ретінде жинақталады. Мысалы, орташа салмағы 70 кг жуық ересск адамның денесінің 10-15% май, демек 7-8 кг. Бірақ та адамның тамақтану ерекшелігіне, жасаған жұмысының қарқынына, әдетіне, жасына байланысты май қорының мөлшері өзгеріп тұрады. Семіргенде оның мөлшері 25-35%-ке дейін, ал қатты семіргенде адам денесінің 50% май болып кетуі мүмкін.
Майлар мен май тәрізді заттар ағза үшін қуат көзі болып табылады. Тәулігіне жұмсалған қуат көзінің 25%-30%-тейі липидтер арқылы өтеледі: 1г май тотыққанда 9, 3 ккал (38, 9 кДж) қуат бөлінеді. Липидтер жасуша цитоплазмасы мен қабығының құрамына кіреді. Олар көмірсулармен қосылып жүйке ұлпаларының құрамын құрайды. Ішкі мүшелердің айналасында, шарбыда, шелде қор ретінде жинақталған липидтер сол мүшелерді соғылудан, үйкелуден сақтайды. Майлар майда еритін витаминдерді (А, Д, Е және К) ерітіп, оларды ағзаға таратады. Сонымен қатар липидтер ағзадағы жылудың реттелуіне (сақталуына) қатысады, теріні майлап, құрғап кетуден сақтайды. Барлық липидтер құрамының ерекшелігіне байланысты қарапайым және күрделі болып екі топқа бөлінеді:
Липидтер
Қарапайым Күрделі
Майлар Балауыз Стсриндер Фосфолипидтер Гликолипидтер Сфинголипидтер
МАЙЛАР. Химиялық құрамы бойынша үш атомды спирт-глицерин мен майлы карбон қышқылдарының күрделі эфирлері.
СН 2 ОН
СНОН R-COOH
СН 2 ОН карбон қышқылы
глицерин
Табиғатта кездесетін майлардың құрамына 4-тен 24-ке дейін көміртегі атомы бар карбон қышқылдары кіреді. Адам денесіндегі майлардың құрамында жұп көміртегі атомы бар майлы қышқылдар, әсіресе қаныққан: пальмитин - Сі 5 Н 31 СООН, стеарин - С 17 Н 35 СООН, және қанықпаған: олеин - С 17 Н 35 СООН; линол - С 47 Н 31 COOH; линолен - С 17 Н 29 СООН; арахидон - С 19 Н 31 СООН қышқылдары жиі кездеседі. Қанықпаған майлы карбон қышқылдары ағзаның тіршілігі үшін маңызы зор, бірақ олар адам денесінде түзілмейді, сондықтан оларды тамақпен (өсімдік майымен) енгізу қажет.
Стеридтер көп атомды циклды спитрттер (стериндер) мен майлы қышқылдан қүралған күрделі эфирлер. Стериндердің өкілі -холестерин.
Тәулігіне ересек адам ағзасына орта есеппсн 80-100 г май қажет болса, спортшыларға 145-161 г май қажет. Оның 25-30 %-ті өсімдік майы болуы керек, себебі ағзадағы майдың құрамына кіретін қанықпаған май қышқьшдары тек өсімдік майы арқылы еңгізіледі.
Майлардың қорытылуы. Ауыз қуысында майлар қорытылмайды, себебі сілекей сөлінің құрамында майды қорытатын ферменттер жоқ. Ac қазан сөлінің құрамындағы липазаның әсерінен тек ұсақталып түскен майлар ғана (сүттің құрамындағы және жұмыртқаның сарыуызындағы) аздап қорытылады, себебі: бұл ортаның реакциясы липазаның белсенділігіне сәйкес емес, оте қышқыл, рН=1, 5-2, 0. Сонымен қатар эмульгатор өсерінен ұсақталмаған майлар қорытылмайды.
Сондықтан он екі ішекке құйылатын өттің құрамындағы өт қышқылдарының әсерінен майлар эмульсияланады және липаза белсендіріледі. Ұйқы безі сөлінің реакциясы рН=7, 8-9, 0 липаза әсерінің жоғары болуына сәйкес келеді. Осындай жағдайда майлардың 90-97% ыдырап, оның 40% - тейі толығымен глицерин және май қышқылдарына ыдыраса, ал 50% - тейі моноглицеринге дейін ыдырайды. Майлар липазаның әсерінен сатылап ыдырайды .
O O
CH 2 -O-C-C 17 H 35 CH 2 -O-C-C 17 H 35
O O
Липаза
CH-O-C-C 15 H 31 +H 2 O CH-O-C-C 15 H 31 +C 17 H 33 COOH +
O олеин қышқылы
CH 2 -O-C-C 17 H 33 CH 2 OH
Олеопальмитостеарин пальмитостеарин
CH 2 OH
Н 2 О C 17 H 35 COOH + CH-O-C-C 15 H 31 + H 2 O Липаза
Стеарин қышқылы
CH 2 OH
Монопальмитин
CH 2 OH
CHOH + C 15 H 31 СООН
CH 2 OH пальмитин қышқылы
глицерин
Тамақтың құрамындағы стеридтер холиэстеразаның әсерінен холестерин және жоғары молекулалы май қышқылдарына ыдырайды.
Қорытылудың әсерінен түзілген липидтердің суда жақсы еритін өнімдері: глицерин, фосфор қышқылы, азотты негіздер, моноглицеридттер ішек арқылы оңай сіңеді. Ал суда ерімейтін өнімдердің (май қышқылы, холестерин т. б. ) сіңуі үшін парлы ет қышқылдарының маңызы зор. Сіңгеннен соң глицерин мен май қышқылдары қосылып ағзаға тән үшглицеридтер мен фосфолипидтер пайда болады. Пайда болған май мен май тәрізді заттар белокпен қосылып хиломикрондар (мөлшері 100-ден 5000 нм дейін) түзеді. Олар лимфаға сіңіп, одан соң қанға өтеді. Қан арқылы ағзаның барлық мүшелеріне тарап оның бірталай мөлшері тері астындағы шелде, шарбыда т. б. қор ретінде жинақталады.
Липидтердің жасаушада ыдырауы. Дене еңбегімен ұзақ уақыт айналысқанда, немесе ашыққанда, қатты жаурағанда т. б. жағдайда бауырдағы гликоген қоры азайып, ағзадағы май қоры қуат көзі ретінде жұмсалады. Үлпалардағы қор ретіндегі майлар ондағы липазаның әсерінен ыдырап, оның өнімдері қан арқылы қуат қажет болған мүшелерге тасымалданады. Сондықтан май өнімдерінің тотығуы оттегімен жақсы қамтамасыз етілген мүшелерде, мысалы өкпеде, бауырда өтеді, ал бұлшық етте майдың тотығуынан пайда болған аралық өнімдер ғана жұмсалады.
Глицериннің тотығуы оның АҮФ-ның қуат әсерінен фосфорлануынан басталып, ол фосфоглицератқа айналады. Соңғысынан 3-(фосфоглицератты альдегит түзіліп ары қарайғы жолы көмірсулардың тотығуымен бірдей жүреді . Сонымен бір молекула глицерин толық тотыққанда жаңадан 22 молекула АҮФ пайда болады.
Май қышқылдарының тотығуы негізінен бауыр жасуша митохондридінде өтеді. Негізінен құрамында жұп көміртегі атомы бар жоғары молекулалы майлы қышқылдар тотығады. Майлы қышқылдар АҮФ-ның қуатының әсерінен белсенді майлы қышқылға айналады. Соңғысы цитоплазмадағы карнитиннің қатысуымен митохондрийге өтіп, онда β - тотығуға ұшырайды. Майлы қышқылдардың β - тотығуын 1904 жылы бірінші рет Ф. Кнооп долелдеген. β - тотығуы деп аталатын себебі, майлы қышқылдар тотыға келіп, әрқашан 2 көміртегі атомына қысқарады (карбоксил тобынан кейінгі (3 жағдайында тұрған екінші көміртегі атомы.
Майлы қышқылдардың β - тотығуының бір циклында 5 молекула АҮФ түзіліп, пайда болған белсенді сірке қышқылы Кребс циклінде тотығып 12 молекула АҮФ береді. Сондықтан бір молекула үшстеарин толық тотыққанда 463 молекула түзіліп, қуатының тиімділігі 63%-тей болады.
Қалыпты жағдайда май қышқылының β - тотығуы арқылы кетоденелер: ацетон, ацетонсірке қышқылы, β - гидромайқышқылы түзіледі. Қандағы кетоденелердің мөлшері 10-50 мг/л, несеппен тәулігіне 40мг шамасындай кетоденелер сыртқа бөлінеді. Бүл мөлшерден артық кетоденелердің пайда болуы:
Глицериннің тотығуы.
Глицерин- АҮФ глицерокиназа
АҮФ
3-Фосфоглицерат
-2Н+НАД 1/2 О 2 Н 2 О
3 АҮФ
3-фосфоглицеринді
альдегид
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz