Тыңайтқыштардың құрамы және агрохимиялық жіктелуі


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1. Тыңайтқыштар туралы жалпы түсінік

2. Тыңайтқыштардың жіктелуі

1. Тыңайтқыштар туралы жалпы түсінік

Тыңайтқыш дегеніміз - өсімдіктердің қоректенуіне қажетті және мол өнім алу үшін қолданылатын зат. Өсімдік құрамына 80-нен астам химиялық элементтер кіреді. Өсімдіктің негізін оттек, көміртек, сутек құрайды. Өсімдіктің өміріне қажетті элементтерге мыналар: N, P, K, Ca, Mg, S, Fe, B, Mn, Cu, Zn жатады. Өсімдік оттегін және көмірқышқыл газын ауадан сіңіреді. Сутегін өсімдік атмосферасының ылғалынан, ылғалданған топырақтан сіңіреді. Азотты өсімдік тамырынан бос күйінде топырақтағы азотқышқылы тұздарынан, карбамидтерден, аммиактардан сіңіреді. Ал, фосфорды өсімдік топырақ құрамынан фосфор қышқылының тұздарының ерітіндісі ретінде сіңіріледі. Фосфорды өсімдіктер топырақтың құрамынан жай суперфосфат және күрделі суперфосфат түрінде сіңіреді.

Калий сол сияқты топыраққа тыңайтқыш ретінде енгізіледі. Бор, күкірт, мыс, кобальт және т. б. да элементтер өсімдіктердің өнуі үшін аз мөлшерде қажет етеді. Бұл элементтер - ауылшаруашылық практикасында микроэлементтер немесе микротыңайтқыштар деп аталады.

1 гектар егіс алаңына шамамен азот 30 - 300 кг, фосфор 45 - 200 кг, калий 40 - 250 кг-ға дейін қажет.

2. Тыңайтқыштардың жіктелуі

Тыңайтқыштар жаратылысына байланысты агрохимиялық сипатына байланысты болып бөлінеді. Жаратылысына байланысты тыңайтқыштар табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді.

Табиғи тыңайтқыштар - бұл табиғи затты қайта жасауға болмайтын өсімдіктер мен жануар қалдықтарынан тұрады. Табиғи тыңайтқыштар көбінесе кең көлемде ауылшаруашылығында қолданылады. Яғни өсімдіктердің өнмідерін арттыруда қоректік заттар ретінде беріледі.

Қоректік заттар топырақ арқылы ерітінді күйінде өсімдік тамырына беріледі.

Агрохимиялық тыңайтқыштар - рудадан аппатит пен фосфориттен фосфордың біраз мөлшері сақталады. Аппатит пен фосфорит Қаратауда шығарылады.

Фосфорлы рудалар суда нашар еритін болғандықтан, өсімдікке аз мөлшерде сіңіріледі. Табиғи тыңайтқыштар жіктелуіне байланысты жасанды тыңайтқыштарды көбейту - химия өндірісіндегі негізгі мақсат болып табылады. Жасанды тыңайтқыштар табиғи материалдарды өңдеу арқылы алынады. Сонан соң қоректік элементтердің көп мөлшерін сақтайды.

Жаратылысына байланысты тыңайтқыштар: минералды, органикалық, органоминералды, бактериялық болып бөлінеді.

Минералды тыңайтқыштарға: бейорганикалық тұздар, органикалық қосылыстардан тұратын карбамидтерден тұрады.

Органикалық тыңайтқыштарға: құрамына органикалық қосылыстар кіретін қоректік элементтерді сақтайтын, беттік белсенді заттар жатады.

Органоминералды тыңайтқыштар - бұл органикалық және минералдық тыңайтқыштардың қоспасы.

Бактериялық тыңайтқыштарға: топырақтың өзіндік формасын сақтайтын қоректік элементтерді және бактерия мәдениетін сақтайтын жәндіктер (мысалы, маса, шыбын, құрт) жатады.

Агрохимиялық белгісіне байланысты тыңайтқыш тура және жанама болып екіге бөлінеді.

Тура тыңайтқыштарға: азот, калий, фосфор жатады. Олар қоректік элементтерді сақтайды. Тура тыңайтқыштар өсімдіктерге тамақ болып табылады.

Жанама тыңайтқыштар топырақтың физикалық, химиялық, биологиялық құрамын жоғарылату үшін қолданылады. Жанама тыңайтқыштар ретінде әктас, галламит, гипс қолданылады.

Құрамына қарай, қоректік элементтердің түріне байланысты тура тыңайтқыш азотты, калийлі, магнийлі болып бөлінеді. Жеке топтағы тыңайтқыштарға микротыңайтқыштар кіреді. Қоректік элементтердің мөлшеріне қарай жай немесе біржақты және кешенді немесе көпжақты деп бөлеміз.

Жай немесе біржақты тыңайтқыштар - тек бір ғана қоректік элементтерді сақтайды. Мысалы, азот, фосфор, калий. Суперфосфат монокальций фосфатын ұстайды. Ол тек қана фосфорды ұстайды. Аммоний нитраты қоректік элементі тек қана азотты сақтайды. Азот - жай тыңайтқыш. Калий хлоридінде қоректік тыңайтқыш рөлін калий атқарады.

Кешенді немесе көпжақты тыңайтқыштар құрамына бірнеше қоректік элементтер кіреді. Аммофоста азот пен фосфор бар.

[NH 4 H 2 PO 4 + (NH 4 ) 2 HPO 4 ] - аммофос

Аммофосты тыңайтқыш ретінде жерді жұмсарту үшін қолданады. Аммофостың құрамында қоректік элемент фосфор, азот бар және де жердің физика-химиялық қасиеттерін реттестіру үшін қолданылады. Калий селитрасында қоректік элемент калий мен азот болады.

[NH 4 NO 3 + NH 4 H 2 PO 4 +CaHPO 4 ·2H 2 O + KCI + CaSO 4 · 2H 2 O] - нитрофоска

Нитрофоскадағы қоректік элементтер мыналар: фосфор, азот, кальций, калий. Қоспалы тыңайтқыштар біржақты тыңайтқыштарды механикалық араластыру арқылы алынады.

Тыңайтқыштардағы қоректік элементтердің мөлшеріне байланысты концентрленген, концентрленбеген немесе жекеленген деп бөлінеді. Әдетте тыңайтқыштардағы азоттың мөлшері азоттың (N) пайызымен өрнектеледі, фосфордың мөлшері - фосфор ангидридінің (Р 2 О 5 ) пайызымен есептеледі, ал калийдікі - калий тотығының (К 2 О) пайызымен сипатталады. Қоректік элементтердің концентрациясы көбінесе тыңайтқыштардағы қоректік элементтердің мөлшерімен анықталады. Концентрленген тыңайтқыштар зауыттан колхозға, совхозға тасығанда шығынды азайтады және ыдыста сақтауға қолайлы және топырақты тыңайтуға жағдай жасайды. Тыңайтқыш құрғақ болып, механикалық сеялкамен себуге ыңғайлы болуы шарт.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Фурмер И. Э., Зайцев Н. В. Общая химическая технология. - М., Высшая школа, 1974. с. 264.

2. Тойбаев И. Қ., Жұбанов Қ. А. Химиялық технологияның негіздері. - Алматы, ҚазМУ, 1994, б. 184.

3. Омаралиев Т. Мұнай мен газ өңдеу химиясы және технологиясы. Алматы., Білім, 2001.

4. Белоцветов А. В., Бесков С. Д., Ключников Н. Г. Химическая технология, М., Просвещение, 1976, с. 31.

5. Мухленов И. П., Авербух А. Я., Тумаркина Е. С., Фурмер И. Э. Общая химическая технология, - М., Высшая школа, 1984, 1 часть - с. 255, 2 часть - с. 263.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тыңайтқыштардың жіктелуі, түрлері және Қазақстандағы қолданылуы мен экологиялық аспектілері
Алматы облысының қара-қоныр топырағында қырыққабат дақылына минералдық тыңайтқыштардың агрохимиялық әсері, өнім сапасы және экономикалық тиімділігі
Тыңайтқыштардың жіктелуі, агрономиялық рөлі және Қазақстандағы қолдану динамикасы
Қырыққабат дақылының биологиялық ерекшелігі, өсіру технологиясы, минералды тыңайтқыштардың агрохимиялық әсері және аурулар мен зиянкестерге қарсы шаралары
Тыңайтқыштардың жіктелуі, қасиеттері және ауыл шаруашылықта қолданылуы
Жайылма (аллювиальді-шалғынды) топырақтардың жіктелуі және морфологиялық-агрохимиялық диагностикасы
Ауыл шаруашылығындағы химияның маңызы және агрохимиялық қызметтің негіздері
Ауыл шаруашылығындағы химия: агрохимия, агрохимиялық анализ және қызмет
Әдеби шолу: Химияның ауыл шаруашылығындағы маңызы және агрохимиялық қызмет
Өсімдіктер мен топырақтарды агрохимиялық зерттеу әдістері: теория және зертханалық практикум
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz