Пестицидтердің жіктелуі


Жоспар:
1. Пестицидтердің жіктелуі.
2. Антропогендік деградация және топырақтың эрозиясы.
3. Топырақтың ластану деңгейін қадағалау және бағалау әдістері.
Пестицидтер. Өсімдіктерді арам шөптерден аурулар мен зиянкестерден қорғайтын, былайша айтқанда жалпылай пестицидтердің деп аталатын, өсімдіктерді қорғайтын құрал ретінде пайдаланатын әртүрлі химиялық қосындылар - тыңайтқыштармен қатар агроэкожүйеге түседі. Топырақтың, судың, өсімдіктердің ластану мүмкіндігі соның ішінде өнімдерімен, оны қайтадан өңдегенде, пестицидтер қалдықтарының мөлшерінің болуы ерекше ажыратылады.
Пестицидтер адамдарда аса қатерлі ісіктердің пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін. Шамамен қолданылатын қоспалардың 70%-ы етпен, сүтпен және жұмыртқамен, ал 30% жәндік тектес азықтармен адам ағзасына түседі.
Қоршаған ортаға пестицидтердің қалдық мөлшерінің жинақталу мүмкіндіктерінен құтылу үшін, зиянды организмдер түрлері төзімділіктерінің пайда болу қауіп-қатерін төмендету, ол әралуан тетіктермен әсер ететін препараттарды үзіліссіз ауыстырып отыру қажет.
Агроэкожүйенің тұрақты қызмет атқаруында өзін-өзі ластандыру заттарынан, соның ішінде пестицидтердің қалдық мөлшерінен өзін-өзі тазалауға мүмкіндігі бар және олардың бірегей қасиеттерімен топырақ негізгі рольді атқарады. Ластанушы заттарды тасымалдау процестерінде - топырақтағы қарашіріндінің мөлшері мен оның құрамы және түйіршіктік құрамы маңызды факторы бола алады. Мұны мен қос қарашірінді қоспаларымен сіңірілген бөгде заттар экожүйенің жекелеген құраушыларын уландыруға қауіп туғыза отырып, ұзақ уақыт бойы сақталуы мүмкін.
Әлемнiң көптеген мемлекеттерiнде бұрын мәдени дақылдар өсiрiлiп келген құнарлы жерлер орман, мал жайылымы, т. б. үшiн пайдаланылып келген. Ал қазiргi кезде адамның шаруашылық әрекетiнiң нәтижесiнде бұл жерлер түрлi басқа мақсаттағы жұмыстар (жолдар мен трубопроводтар салу, т. б. ) жүргiзу нәтижесiнде өте үлкен өзгерiстерге ұшырады.
Адамның шаруашылық iс-әрекеттерiнiң нәтижесiнде өсiмдiктерi жойылған, гидрологиялық режимi мен рельефi өзгерген, топырақ жабыны бұзылып, ластанған жерлер бұзылған жерлер деп аталады. Пайдалы қазбаларды ашық әдiспен өндiру ауылшаруашылығында пайдалануға жарамды жерлерге бiршама зиян келтiредi. Бұл жұмыстар кезiнде тереңдiгi 400-500м болатын шұңқырлар түзiледi.
Осындай жерлердi қайтадан шаруашылық мақсаттарға пайдалану үшiн оларды қалпына келтiру қажет. Бұзылған жерлердi қайта қалпына келтiру процестерi рекультивация деп аталады.
Қазiргi кезде ғалымдар мен мамандар бұзылған жерлердi қайта қалпына келтiрiп, оларды ауыл және орман шаруашылықтарына қайтарудың жолдарын iздестiруде.
Бұзылған жерлердi қайта қалпына келтiру жұмыстары таукен, инженерлiк-құрылыс, мелиоративтiк, орман шаруашылықтық, ауылшаруашылықтық iс-шаралар комплексiн құрайды.Жердi рекультивациялаудың екi негiзгi этапы бар: таутехникалық және биологиялық. Тау-техникалық рекультива циялаудың мақсаты - территорияны жөндеуге дайындау. Ал биологиялық рекультивациялауда топырақ құнарлылығын қалпына келтiруге бағытталған жұмыстар жүзеге асырылады.
Жердi рекультивациялау жұмыстары бойынша Чехословакия мен ГДР мемлекеттерiнде бұзылған жерлерге жүгерi егiледi.
Жердi рекультивациялау - өте күрделi мәселе. Ол көп жағдайда бұзылған территориялардың нақты экологиялық жағдайларына байланысты. Рекультивациялық жұмыстарды жоспарлау үшiн грунт топырағының физико-химиялық құрамын, гидрологиялық режимiнiң ерекшелiктерiн, рельефтiң ерекшелiктерiн жақсы бiлу керек.
Пайдалы қазбаларды ашық әдiспен өндiру, мал шаруашылығы комплекстерiн, суғару орындарын салу, т. б. топырақ жабынының бұзылуына себеп болатын жұмыстар кезiнде рекультивацияланатын жерге жоғарғы қарашiрiктi топырақ қабатын ауыстыру, орналастыруда барлық тиiстi ережелердi қатаң сақтау қажет.
Геологиялық мұнай iздестiру және өңдеу жұмыстары кезiнде бұзылған және мұнаймен, түрлi жуғыш улы заттармен ластанған жерлердi рекультивациялаудың маңызы өте зор. Әдетте, норматив бойынша, Әрбiр бұрғылау скважинасына 2, 2 га жер бөлiнедi. Бiрақ практика жүзiнде бұдан әлдеқайда көп жер ауылшаруашылық айналымнан шығып қалады. әсiресе, iрi гусеницалы тракторлар колоннасында орнатылған бұрғылау қондырғыларын бiр орыннан екiншi орынға ауыстыру кезiнде жердiң үлкен аймағы бiршама зардап шегедi. Сондықтан, мұнай-газ кен орындарын iздестiру мен эксплуатациялау жұмыстарын бастар алдында ол жерлердiң топырағының беткi құнарлы қабатын алып, соңынан қайтадан құнарлы қабат топырағын орнына салуды тиiстi орындар талап етулерi қажет.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Мукатаева Ж. С. Химиялық экология практикумы. -Алматы, 2010. -85 б.
2. Исидоров В. А. Экологическая химия: Учебное пособие для вузов. - СПб: Химиздат, 2001. -304с
3. Скурлатов Ю. И., Дука Г. Г., мизити А. Введение в экологическую химию:
Учебное пособие для хим. и хим. -технолог. спец. вузов-М. : Высшая школа, 1994. -309с
4. панин М. С. Химическая экология: учебник для вузов. - Семипалтинск, 2002. - 825с.
5. Богдановский Г. А. Химическая экология: Учебное пособие. - М., 1994. -225с.
6. Беспамятнов Г. П. предельно-допустимые концентрации химических веществ в окружающей среде. - Л. : Химия, 1985. -528 с.
7. Скурлатов Ю. И., Дука Г. Г., Мизити А. Введение в экологическу химию. - М. : высшая школа, 1994. -399с
8. Орлов Д. С. Экология и охрана биосферы при химическом загрязнении. - М. : Высшая школа, 2002. -334с
9. Корте Ф. Экологическая химия. -М. : Мир, 1997. -396с
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz