Радиоактивті заттар



1.Радиоактивті заттар
2.Ауыр металдардың қоршаған ортаға түсу көздері
3. Ауыр металдардың улы әсері.
Қолданылған әдебиеттер
Біздің заманымыздың осы кездегі уақытында өндіріс көздерінің транспорттың, ауыл шаруашылығын химиялау, сонымен қатар урбанизациялау процесінің қарқындылығына байланысты планетамыздың тіршілік ортасы биосфераның ластануы өте күрделі мәселеге айналып отыр. Адамзат өзіне қажетті материалдарды өңдеуге байланысты алуан түрлі өндіріс күштері өте қуатты геохимиялық күшке айналды. Осы жағдайдың салдарынан биосфераға элементтердің қайта бөлініп таралуына әсерін тигізуде, бұл мәселе жиі түрде тірі организмдердің қатты улануына әкеліп соғып отыр. Сыртқы ортаның антропагендік ластануынан кейде болатын ауыр металдар шамасы оның табиғи мөлшерінен айтарлықтай асып жатыр. Ауыр металдарға өте сезімтал және биоиндикатор бола алатын табиғи ортаның компоненттері - топырақ және су. Әртүрлі жолдармен ортаға түсетін ауыр металдар ең соңында топырақты ластайды. Және әрі қарай таралуы топырақтың физикалық және химиялық қасиетіне байланысты болады. Ауыр металдардың суда таралуы оның минералдық және химиялық құрамына тікелей байланысты.
Көптеген созылмалы аурулар жағымсыз экологиялық факторлардың адам ағзасына әсер етуінің нәтижесі деп есептеледі. Аурудың басталуы ағзаның иммундық қызметінің төмендеуімен байланысты.
1.Мукатаева Ж.С. Химиялық экология практикумы.-Алматы,2010.-85 б.
2.Исидоров В.А. Экологическая химия: Учебное пособие для вузов. – СПб: Химиздат, 2001.-304с
3. Скурлатов Ю.И., Дука Г.Г., мизити А. Введение в экологическую химию:
Учебное пособие для хим. и хим.-технолог.спец.вузов-М.: Высшая школа, 1994.-309с
4. Панин М.С. Химическая экология: учебник для вузов.- Семипалтинск, 2002.- 825с.
5. Богдановский Г.А. Химическая экология: Учебное пособие. – М., 1994. -225с.
6. Беспамятнов Г.П. предельно-допустимые концентрации химических веществ в окружающей среде. – Л.: Химия, 1985. -528 с.
7. Скурлатов Ю.И., Дука Г.Г., Мизити А. Введение в экологическу химию. – М.: высшая школа, 1994.-399с
8. Орлов Д.С. Экология и охрана биосферы при химическом загрязнении.- М.: Высшая школа, 2002.-334с
9. Корте Ф. Экологическая химия.-М.: Мир, 1997.-396с

Жоспар:
1. Радиоактивті заттар
2. Ауыр металдардың қоршаған ортаға түсу көздері
3. Ауыр металдардың улы әсері.

Біздің заманымыздың осы кездегі уақытында өндіріс көздерінің транспорттың, ауыл шаруашылығын химиялау, сонымен қатар урбанизациялау процесінің қарқындылығына байланысты планетамыздың тіршілік ортасы биосфераның ластануы өте күрделі мәселеге айналып отыр. Адамзат өзіне қажетті материалдарды өңдеуге байланысты алуан түрлі өндіріс күштері өте қуатты геохимиялық күшке айналды. Осы жағдайдың салдарынан биосфераға элементтердің қайта бөлініп таралуына әсерін тигізуде, бұл мәселе жиі түрде тірі организмдердің қатты улануына әкеліп соғып отыр. Сыртқы ортаның антропагендік ластануынан кейде болатын ауыр металдар шамасы оның табиғи мөлшерінен айтарлықтай асып жатыр. Ауыр металдарға өте сезімтал және биоиндикатор бола алатын табиғи ортаның компоненттері - топырақ және су. Әртүрлі жолдармен ортаға түсетін ауыр металдар ең соңында топырақты ластайды. Және әрі қарай таралуы топырақтың физикалық және химиялық қасиетіне байланысты болады. Ауыр металдардың суда таралуы оның минералдық және химиялық құрамына тікелей байланысты.
Көптеген созылмалы аурулар жағымсыз экологиялық факторлардың адам ағзасына әсер етуінің нәтижесі деп есептеледі. Аурудың басталуы ағзаның иммундық қызметінің төмендеуімен байланысты. Спецификалық иммундық тапшылық негізінде туындайтын ауру себептері, жүре пайда болатын иммунитет негіздері лимфоциттер қызметтерінің бұзылуы болып табылады. Алғашқы иммунотапшылық жағдайы иммундық жүйе жасушаларының ішкі ақауларынан және көбіне генетикалық өзгерістерден болады. Ал екінші иммунотапшылық жағдайы ағзаға экологиялық факторлардың (ауыр металлдар және т.б.), дәрілік препараттардың әсерінен, тамақтанудың жетіспеушілігінен туындайды.
Су, құм және топырақ мәдиниеттерінің жағдайында жүргізілген тәжірибелер негізгі қоректік заттарға аз көлемді уран, радий немесе торий қосқанда бұршақ, қияр, сәбіз т.б. дақылдардың түсімі артатыны анықталған. Әдетте, радиоактивті заттардың жағымды әсері пісу мерзімінің жеделденуі мен өсімдіктер түсімінің арттыруынан көрініс береді. Радоиактивті заттардың өсімдік өнімділігіне әсері бойынша үлкен көлемді жұмысты А.А Дробков жүргізді. Оның тәжірибелері де табиғи радиоактивті заттар өсімдіктердің өнімділігіне қатты әсер ететіні анықтады. Ионданушы сәулеленудің өсімдіктерге әсері екі жақты: бірде радиация үдеткіш әсер танытса, басқа жағдайда өсімдік өсуін тежейді. Әртүрлі ауыр металдардың әсері әртүрлі болады. Кадмий, әдетте, аз мөлшерлердің өзінде сүректі өсімдіктер сабағының жуандауын нашарлатады. Ал мырыш жалпақ жапырақты ағаштар, қылқанжапырақтылардың жуандап өсуін тежейді. Ауыр металдардың тікелей әсерінен тамырдың өсуі нашарлап, нәтижесінде су мен қоректік заттардың сіңірілуі төмендейді.
Ауыр металдар иондарының басым бөлігі қоршаған ортадан ағзаға негізінен су арқылы түсетінін атап өткен жөн. Ағзаға су арқылы тікелей барлығы түседі. Оның құрамында адам мен жануарлар ағзасының функциональды жүйесіне әсер ететін: ауыр металдардың ионы, нитраттар және т.б болады. Соның ішінде ең тұрақты қосылыстар бұл - ауыр металдардың қосылыстары. Республикамызда мұнай-газ және металлургиялық өндірістің дамуы нәтижесінде өзендердің мырыш және мыспен жаппай ластануы байқалуда. Ластаушы заттардың ішінде өндірістік зоналардың жер асты суларын ластайтын көбінесе қорғасын, мырыш, марганец, фтор, кадмий, селен, нитраттар мен нитриттер болып табылады. 20-дан астам созылмалы аурулар адам ағзасына сыртқы ортаның қолайсыз әсер етуінен, соның ішінде ағзаға ауыр металдар тұзының жиналуы әсерінен деп есептелінеді.
Ауыр металдар тобына тығыздығы 8 мың кгм3 жоғары сирек кездесетін (сынап, қорғасын, мыс, мырыш, никель, кадмий, кобальт, сурьма, висмут, қалайы, ванадий, жартылай металл мышьяк және т.б.) металдар жатады. Олардың көпшілігі қоршаған ортада кеңінен таралған және олар адамдарда ауру туғызуға қабілетті.
Ауыр металдардың негізгі көзі - түсті металлургия өндірісі. Қорғасын және басқа металдармен күшті ластану көлік жолдары маңында байқалады. Ауыр металдардың техногенді тасталынған бөлігі ұсақ аэрозоль түрінде атмосфераға түсіп, белгілі бір қашықтықтарға таралып, ғаламдық ластануға әкеледі.
Ауыр металдардың улы әсері әртүрлі. Белгілі бір концентрацияда көптеген металдар ферменттер әсерін тежейді (мыс, сынап). Кейбір металдар кәдімгі метаболиттермен зат айналымды бұза отырып, хелатты кешен түзеді (темір). Басқа металдар клетка мембранасын зақымдап, олардың өткізгіштігі мен басқа қасиеттерін өзгертеді. Кейбір металдар организмге керекті элементтерді алмастырады (Стронций - 90 организмде кальцийдің, Цезий-137 - калий, кадмий, мырыштың орнын басуы мүмкін)
Сынап. Сынап электротехникалық өндірісте және приборлар құрастыруда, хлор өндірісінде, пластмасса синтезінде катализатор ретінде, лабораториялық және медициналық практикада, ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады. Қоршаған ортаның сынаппен ластануының негізгі көздері: металл алудың пирометаллургиялық процестері, отынның органикалық түрлерін жағу, ақаба сулар, түсті металдар ӛндірісі, бояулар, фунгицид және т.б. болып табылады. Сынаптың қауіпті қосылыстарына метилсынап жатады.
Адамның іс - әрекеті нәтижесінде қоршаған ортаға сынаптың тасталу өте маңызды. Сынаптың атмосферадағы жалпы эмиссиясы жылына 6000 тоннадан астам, осының жартысын - 2500 тоннасын табиғи көздерден түсушілер құрайды.
Сынаптың адамдарға улы әсері кеңінен таралған: ол белок биосинтезін бұзады және бауыр мен бүйрек митохондриясында тотығушылық фосфорлану, нейротоксинді, гонадотоксинді, генотоксинді, эмбриотоксинді және тератогенді әсер етеді. Сынаптың органикалық қосылыстарының улы концентрациясы әсерімен бос радикалды тотығу процестерінің қарқындылығының өсуі байқалады. Сынаптың осындай әсеріне ерекше сезімтал эмбрион болып табылады.
Жеткілікті көлемде зерттелгеніне қарамастан, сынаптың экологиялық қауіптілігі және оның әсер етуі қазіргі таңда экотоксикологияда өзекті мәселе болып саналады.
Қорғасын. Тағы да бір маңызды ауыр металл қорғасын болып табылады. Қорғасын әртүрлі құймалар ретінде желі өндірісінде, гамма - сәулеленуден қорғаныш экран үшін, электрлі аккумулятор өндіріс кезінде, бояу және пигменттер, химиялық машина жасау өндірісінде, пиротехникада, полиграфияда, ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады. Адам организміне қорғасын түсуінің бір көзі - қорғасыннан жасалған ыдыс.
Қорғасын қоршаған ортаға адамдардың іс әрекеттері нәтижесінде шығарылады. Биосфераға қорғасынның түсуінің негізгі көздері: жану газдары, жоғары температуралы технологиялық процестер, металл өндіру мен оларды қайта өңдеу болып табылады. Қорғасынның қоршаған ортаға тасымалдануы және оның объектілерге таралуы атмосфера арқылы өтеді. Сонымен қатар қылқан жапырақты ағаштар мен мүктер қорғасынды қарқынды жинақтайды.
Адамдар тыныс алумен қатар, ластанған су мен тағамды қолданудан қорғасынның әсеріне ұшырайды. Қазіргі заманғы адам сүйектеріндегі қорғасын концентрациясы бұдан 1600 жыл бұрынғы өмір сүрген адам қаңқасындағы қорғасын мөлшерінен 700 - 1200 есе жоғары.
Қорғасын да кең көлемдегі улы әсерімен сипатталады.
Қорғасынмен созылмалы уландырғанда келесідей клиникалық синдромдар байқалады:
1. жүйке жүйесінің өзгерістері (астеникалық синдром, энцефалопатия, көру анализаторы).
2. қан жүйесінің өзгерісі (ретикулоцитоз, анизоцитоз, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Радиоактивті заттармен зақымдалған сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау
Қоршаған ортаның радиоактивті ластануы көздері
Зақымдану ошақтарының болу уақытын анықтау
Химиялық қауіпті заттар бар объектілерде өрттерді сөндіру
Мал терісін залалсыздандыру
Иондаушы сәулелер
Радиация көздері және одан қорғану
Радиоактивтілік түрлері және радиоактивті ластану туралы қазіргі жағдай
Радиациялық ластану
Иондаушы сәулелердің жасушаға және көп жасушалы ағзаға әсері
Пәндер