Жетілген бәсекелес нарығына сипаттама


Жоспар:
- Жетілген бәсекелес нарығына сипаттама
- Қысқа мерзімді кезеңде пайданы мейлінше арттыру
- Жетілген бәсекелес фирманың шығынын мейлінше азайту.
- Қысқа мерзімді кезеңде фирманың қызметін тоқтатуы
Пайданы мейлінше арттыру және зиянды мейлінше азайту.
Жетілген бәсекелес нарығы дегеніміз - нарықта тәуелсіз сатушылар көп болған жағдайда, әр фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесі елеусіз болғанда, баға, технология және ықтимал пайда жөніндегі ақпараттар белгілі болғанда, жаңа фирмалардың салаға кіруіне немесе одан шығуына тосқауылдар қойылмаған жағдайда орындалатын нарық.
Бәсекелес фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайтын болғандықтан, ол бағаны сырттан белгіленген баға ретінде қабылдайды. Бұл - өндірілетін өнімнің кез-келген мөлшерін фирма бір ғана бағамен сатады деген сөз. Жеке өндірушінің сұраныс қисығы горизонталь сызық болып табылады.
Бұл жерде баға қызмет етуіне байланысты нарықтық заңға сәйкес сұраныс пен ұсыныстың еркін ойыны арқылы анықталады. Нарықтың осы түрін «еркін бәсекелестік нарығы» деп атайды. Сатып алушылар мен сатушылар санының көп болуы олардың шеқайсысына нарық туралы көп мәлімет алуына мүмкіндік бермейді. Сатушы нарыққа келгенде қалыптасқан баға деңгейімен кездеседі, оны өзгерту қолынан келмейді, өйткені нарық бағаны әрбір уақыт кезеңінде өзі анықтап отырады. Мұндай жағдайларда жаңа сатушыларға бұрынғы сатушылармен тең жағдайда өнім өндіруге мүмкіндік беріледі. Екінші жағынан, сатушылар еркін түрде нарыққа ене алады. «Нарықтық» орналасу еркіндігі нарықтағы өндірушілердің санының үнемі өзгеріне жағдай жасайды, қалған өндірушілердің нарықты бақылауға мүмкіндігі болмайды, өйткені олар өте көп ұсақ өндірісті көрсетеді.
Нақты экономикада жетілген бәсекелестік тәжірибеде кездеспейді, тек теориялық мәнде ғана болады. Ол «ерекше» құрылымды көрсетеді, еркін бәсекелестік абстрактылы ой ретінде ғана қалыптасады.
Бәсекелестік өндірушілерді нарықты игеру мақсатында ұсынылатын тауар мен қызмет түрлерін үнемі жетілдіруге ынталандырады. Ол сатуға ұсынылған өнімнің түр-түрін көбейту, кеңейту, тауар мен қызметтің жаңа түрлерін жасау және жеке өнімді жетілдіру есебінен жасалады.
Өндірушілер нарықтағы сатып алушылар үшін үнемі күреседі. Мұндай күрестің нәтижесі тұтынушылар сұранысын жан-жақты зерттейтін және тауарды өткізудің жаңа формалары мен әдістерін құрайтын өткізуді ынталандыру саясаты болып табылады. Мұның бәрі бір жағынан формалардың пайдасын көбейтсе, екінші жағынан сатып алушының барлық қалауы мен қажеттіліктерін қанағаттандырады. Нәтижесінде тұтынушы да, жалпы қоғам да жеңіске жетеді.
Пайда - жалпы түсім мен жалпы шығындар арасындағы айырма. Бұл жерде және әрі қарай экономикалық пайда туралы сөз болады. Фирманың мақсаты - белгіленген баға арқылы мейлінше көп пайда алуға немесе мейлінше аз зиян шегуге мүмкіндік беретін өндіріс көлемін таңдап алу болып табылады. Қысқа мерзімді кезеңде бәсекелес фирманың құрал-жабдығы тұрақты болады да, ал өнім шығару көлемі өзгерген кезде тек айнымалы ресурстар ғана өзгереді, осыған сәйкес айнымалы шығындар өзгереді. Енді қысқа мерзімді кезеңде нарықтық баға мен өз шығындары туралы ақпараттарды ескере отырып, фирма өнім шығару көлемі туралы шешімді қалай қабылдайтындығын көрсетейік.
Бәсекелес фирма алдында өзара байланысты үш сұрақ туындайды, яғни 1) өндіру қажет пе, 2) егер өндіру қажет болса, қандай мөлшерде, 3) алынатын пайда мөлшері немесе зиян қандай болады, деген сұрақтар.
Егер өнім өндіру пайда әкелетін болса, онда бірінші сұраққа жауап дайын. Егер өндіріс зиян шегетін болса, онда фирманы жапқан жағдайдағы шығындарды және фирма қысқа мерзімдегі өз қызметін жалғастырғандағы шығындарын анықтау қажет. Өндіріс жабылғанда зиян тұрақты шығындарға тең болады.
Егер фирма өндіріс көленмінің белгілі бір мөлшерінде тұрақты шығындардан кем зиян шегетін болса, онда ол өз өнімін қысқа мерзімді кезеңде өндіруге тиіс болады. Сонымен, бірінші сұраққа былай деп жауап беруге болады: егер бәсекелес өндіруші экономикалық пайда алатын болса немесе тұрақты шығындардан кем зиян шегетін болса, онда өндіріс жүргізуге болады.
Екінші сұрақтың жауабы өндірушінің мақсатынан туындайды: фирма мейлінше көп пайда алып немесе мейлінше аз зиян шегіп жұмыс істеуге сәйкес келетін өнім көлемін өндіреді. Үшінші сұраққа жауап берерде Пайда формуласын пайдалану жеткілікті.
Қойылған сұрақтарға толық және нақты жауап беру үшін белгілі бір өндіріс стратегиясын таңдап алуғ болатын үш ықтимал жағдайды қарастыру қажет. Барлығы да өнімнің нарықтық бағасына байланысты болады. Бұл тәуелділікті түсіндіру үшін формуланы мына түрде жазады:
Бірінші жағдайды қарастырайық - пайданы мейлінше арттыру. Баға орташа жалпы шығындардың ең төменгі деңгейінен жоғары делік, яғни:
Онда,
бойынша есептесек, фирма экономикалық пайда алады. Оны мейлінше арттыру үшін өндіруші өндірісті әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігінің жалпы түсімге қосатын өсімі оның жалпы шығындарға қосатын өсімінен артық немесе тең болғанша ұлғайтуы қажет:
немесе жетілген бәсеке жағдайында
, өйткені
. Сондықтан фирма менеджерлері әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігіне шаққандағы шекті шығындарды өнім бағасымен салыстырулары тиіс. Бұл жағдайда осы өнім бірлігін сату
сәйкес, жалпы пайданы өсіреді.
Мейлінше көп пайда мынадай теңдік орындалған жағдайда шығарылатын өнім көлеміне Q* сәйкес келеді.
Бұл шарт жетілген бәсекелес фирма үшін пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізетін шарт болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz