Әлеумет өмірі



I. Кіріспе
1.1. Әлеумет өмірі
II. Негізгі бөлім
2.1. Болжамдау немесе болжау
2.2. Саяси футурология
2.3. Қазақ футурологтары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Қандайда бір ел болмасын ол елде саяси жағынан алға деген келешеккке деген сеніммен болжау жасайды. Ол саяси болжамдар елдің өзге елдермен байланысына, дамуына, елдің қазіргі жағдайына қарап болжанады. Ал қазіргі саяси жағынан қарқынды өсіп, құлдырапта келе жатқан мына заманды саяси болжам жасау қиынның қиыны.
Әлеумет өмірінде, қоғам тіршілігінде алдағы болатын оқиғаны дөп басып тану, айнытпай болжау-қиынның қиыны. Мұның бір ұшығы осынау құбылыста өзге де қоғамдық қарекеттермен, тіпті, физикалық немесе биологиялық үдерістермен белгілі бір байланыстың орын алатындығында жатса керек. Соған қарамастан әлеуметтік тірлікті бағамдау мен болжауға әсер ететін проблемаларды пайымдай білгеніміз жөн. Төменде «халықаралық сценарий» деп аталатын болжау тәсілдерінің бірін сөз етіп, Қазақстанда қоғамдық-әлеуметтік өмірді болжаумен, яғни, саяси футурологиямен (болашақты зерттеу ғылымы) айналысып жүрген ғалымдар мен практиктер ұшырасуы ықтимал түбірлі түйіндерге тоқталып өтеміз.
1.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007
2.Мұхамеджанов М.Ә. Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың кейбір мәселелері. // Ақиқат.- 2002.- №4.- 39-40 б.
3. Әлеуметтік саясаттың мәні мен анықтамасы // Хабаршы. «Әлеуметтану және саяси ғылымдар» сериясы.- №4(15).-Алматы: Абай ат. ҚазҰПУ.-2007.-34-39б.
4. Әлеуметтік саясат мұраты-әлеуметтік әділдікте // Ақиқат.-2007.- №11.- 20-23б.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе
1.1. Әлеумет өмірі
II. Негізгі бөлім
2.1. Болжамдау немесе болжау
2.2. Саяси футурология
2.3. Қазақ футурологтары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Қандайда бір ел болмасын ол елде саяси жағынан алға деген келешеккке деген сеніммен болжау жасайды. Ол саяси болжамдар елдің өзге елдермен байланысына, дамуына, елдің қазіргі жағдайына қарап болжанады. Ал қазіргі саяси жағынан қарқынды өсіп, құлдырапта келе жатқан мына заманды саяси болжам жасау қиынның қиыны.
Әлеумет өмірінде, қоғам тіршілігінде алдағы болатын оқиғаны дөп басып тану, айнытпай болжау-қиынның қиыны. Мұның бір ұшығы осынау құбылыста өзге де қоғамдық қарекеттермен, тіпті, физикалық немесе биологиялық үдерістермен белгілі бір байланыстың орын алатындығында жатса керек. Соған қарамастан әлеуметтік тірлікті бағамдау мен болжауға әсер ететін проблемаларды пайымдай білгеніміз жөн. Төменде халықаралық сценарий деп аталатын болжау тәсілдерінің бірін сөз етіп, Қазақстанда қоғамдық-әлеуметтік өмірді болжаумен, яғни, саяси футурологиямен (болашақты зерттеу ғылымы) айналысып жүрген ғалымдар мен практиктер ұшырасуы ықтимал түбірлі түйіндерге тоқталып өтеміз.
Бүгінгі таңда қоғамдық білім салаларын зерделеушілер кезігіп отырған маңызды мәселелердің бірі ғылыми ақпараттың өлшеусіз өсуі болып табылады, молайған мағлұматтар мен ұшы-қиыры жоқ фактілерді игеру барған сайын қиындай түсуде. Сонымен қатар, егіз қозыдай ұқсас құбылыстар мен үдерістердің, оқиғалардың тереңіне үңіліп, тамырын басу да, талдап-таразылау да күрделеніп келеді. Мұның өзі зымыран заман көшіне ілесу үшін ғылыми зерттеулердің бағыт-бағдарын айқындап отырумен қатар, олардың дәлдігі мен нақтылығына, ақиқат ауылынан алыстамауына көңіл бөлудің қажеттігін көрсетсе керек.
Болжамдау немесе болжау (прогноз) жасау көңілге сенім ұялататын, нақтыланған, белгілі бір деректер негізінде келешекті көре білу дегенді білдіреді. Ал, болжамтану немесе прогностика болашақты болжау туралы ғылым болып табылады. Ғылыми болжамдау мақсаты болашақтың ақиқатқа жақын нүктесін (моделін) белгілеуге, оның даму бағыттары мен серпінін сын тезінен өткізуге саяды. Болжамдау барысында талданып отырған құбылыс өріс алып, дамитын жағдайлар айқындалады. Осы орайда жасалынған болжамдарда сыртқы әсерлердің түрлері мен типтерін, тәуелділікті, сондай-ақ, аталған құбылыстың өрбуі кезінде туындайтын ішкі өзгерістерді ескеріп отыру қажет болады, мұның өзі бір жағынан зерттеу пәні де болып табылады.
Ғылыми талдама ретінде болжам орын алып отырған ахуал ауанын айқындай отырып, уақыт пен кеңістікті де бедерлегені жөн. Мұндай ахуал диагнозы неғұрлым кең де ауқымды түрде жасалынады, сөйтіп орын алып отырған кезеңнің ауысу ықтималдығы айқындалып, болашақ кезеңдері (фазалар) ой елегінен өткізіледі. Нақты, тәжірибелік (практикалық) атқарымдар орындайтын ғылыми болжамдау үшін келешек дамуды болжау қажет болады, ол прогностикалық диагноз деп аталады. Ол белгілі бір үдерістің немесе дамудың болашақта өрістеуі немесе зерттеліп отырған кезеңнің жекелеген диагноздарына қатысты талдама (типологиялық, генетикалық, мазмұндық және фазалық) және оның деректері негізінде әзірленеді.
Зерттеуші К. Стрийский әділ атап өткеніндей, қоғамдық құбылыстарды болжамдау көптеген көзқарас тұрғысынан алып қарағанда күрделі болып табылады. Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл құбылыстардың табиғаты өте күрделі болып табылады әрі физикалық немесе биологиялық құбылыстармен өте тығыз байланыста болады. Міне, осыдан келіп қоғамдық құбылыс үдеріс - терінің тереңдігі мен көпжақтылығы жөніндегі пайымдаулар туындайды, өйткені, нақты себеп-салдарларға сүйенетін физикалық құбылыстардай емес, олар тұрақтылығы әртүрлі деңгейдегі көптеген факторларға тәуелді. Сондай-ақ, кез келген қоғамдық құбылыста тәжірибе-эксперимент жасау мүмкіндігі жоққа тән десек болады. Міне, осының бәрі қоғамдық құбылыстар үдерістерінің болашақтағы бейнесін болжауға кедергі жасайды. Себебі, бұл кезде қоғамдық құбылыстың өзі болжам түрінде көрініп, өзге құбылыстармен түйісе келе болжамдау үдерісіне өз әсерін тигізеді.
Қоғамдық құбылыстарды ғаламдық ау - қымда болжамдау:
1. Қоғамдық ғылымдарда зерттеудің сапалық тұрғыда жүргізілетіндігіне;
2. Келешекті көре білу өз кезегінде жауап әрекет туғызатынын бейнелейтін Эдип эффек - тісіне;
3. Қоғамдық құбылыстардың синдромдық сипатына, яғни біз зерделеп отырған құбылыстардың әрқилы бейнеде көрініс табатындығына байланысты тежеліп отыр. Адам және оның мінез-құлқы зерттеу обьектісі бола отырып, өз кезегінде био-психо-және социомәдени жаратылыс болып табылады. Яғни, оның мінез-құлқына ата тегі (ген), ойлау қабілеті (ми) және тәрбиесі (мәдениет) әсер етеді. Сондықтан да болжам жасауда түрлі ғылымдардың, атап айтқанда, антропологияның, психологияның, социологияның, философияның жетістіктері пайдаланылуға тиіс;
4. Қоғамдық болмыс бітімі күрделене түсуде әрі күн санап өзгеріске ұшырап, өзгеше мән-мағы - наға ие болуда. Осыған орай, туындап отырған әрбір жаңа мағлұмат, дерек пен ақпарат ой еле - гінен өткізіліп, әлеумет кәдесіне жаратылғаны абзал. Сонымен қатар, олар зерттеу нысаны ретінде таңдап алынған қоғамдық құбылысқа болжам жасау үдерісінде қолданылуы керек.
Соңғы проблема сонау антикалық заманның белгілі ойшылы Гераклит айтты делінетін бә - рі де ағады (Panta rhei) деген әфсанамен ұш - та - сып жатыр. Расында да, ағып жатқан өзенге екі қайтара түсе алмайсыз ғой. Себебі, сіз шомылған су ағып кеткен. Бұл дүниедегі бірден-бір тұрақты нәрсе - сол өзгерістің өзі. Адамды қоршаған орта, яғни, табиғат, әлеумет те өзгереді, үкімет саясаты да заман талабына орай икемделіп, жұртшылық талабына сай әрекет етуді көздейді. Міне, осылардың барлығы қандай да бір мәселе бойынша шешімдер, әсіресе стратегиялық шешімдер қабылдау үдерісін күрделендіріп жібереді. Өзгерістер динамикасы жиілеуіне байланысты болжам жасау да қиындай түседі. Күнделікті тіршіліктен көріп жүргеніміздей, алдағы күнге ой жіберу, қолдан келсе қамданып, қарману әр адамның бойынан табылатын қасиет. Ол сондай-ақ, жоғарыда тоқталғанымыздай, жалпы қоғамға, жұртшылыққа, жекелеген ұжымға тән. Сондықтан да, А.С.Пушкин Келер күн отыр екен не дайындап деп жазғандай (Абай аудармасы), келешектен үміті бар кез келген көпшілік болашаққа бойлаудың нәтижелі әдіс-тәсілдерінен хабардар болуға тиіс.
Кезінде әлеуметтанушы Здислав Сариуш-Вольски атап көрсеткеніндей, болашақты болжамдау, яғни, болжау (прогноз) жасау тетігі болжанып отырған нысан тұрғысынан алғанда маңызды болып табылатын бұрынғы іс-әрекеттер мен олардың өзара байланыстарын (себеп-салдарлық байланыстар типі мен әлеуетін) танып-білу, тұжырым жасап, болашақта қолға алынатын қимыл-қарекетті жобалаудан тұрады.
Болжамдау тетігін, міне, төмендегідей қарапайым мысалмен түсіндіруге болар. Мәселен, біз әжептәуір терең айдынды өзеннің жағасына жетіп, енді арғы бетке етігімізбен су кешпей, құп-құрғақ өткіміз келеді делік. Бірақ, жуық маңда көпір көрінбейді. Алайда, біз егер қолымызға қайық түссе, арғы бетке аман-сау өтетінімізді білеміз (қайық табу-саналы іс-әрекет). Бақытымызға орай, біз қажет қайықты төңіректегі тал-терек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ж. Аймауытұлының өмiрi мен шығармашылығы
Бала тәрбиесі үшін педагогикалық идеялар маңызы
Ыбырай Алтынсарин балалар әдебиетінің негізін салушы
Ж. Аймаутовтың педагогика жөніндегі көзқарасы.
Қазақ зиялыларының мұраларын оқу – тәрбие процесінде жүргізудің әдіс – тәсілдері
Жеке тұлғаның даму психологиясы
Психология мен өнер таңдау.
Шәңгерей Сейіткерейұлының өмірімен шығармашылығының қалыптасу жолы
Жеке адам жөнiнде түсiнiк
Жеке адам және ұжым
Пәндер