Судың химиялық ластануы, мұнайдың суға әсері


Жоспар:

1. Судың химиялық ластануы, мұнайдың суға әсері

2. Суды тазарту және ластанудан қорғау.

3. Судың аймақтық және ғаламдық ластануы

Табиғи сулардың ластануының негізгі себептері мен оларды қорғау шаралары

Казіргі уақытта өнеркәсіп кәсіпорындары мен ауыл шаруашылық табиғи су көздеріне үлкен зиян келтіруде. Біріншіден су көздерінен өндіріс, ауыл шаруашылық мүддесіне үлкен шығынды суды алып екіншіден қайтара ластанған суды ағызып су қорын бүлдіріп жарамайтын қалге жеткізуде. Табиғи суларды ластануға үлкен әсер ететін мұнай өндеуіш, химиялық, тоқыма, металлургиялық тағы басқа да өндірістер.

Мұнай өнімдері бар сарқынды судардың көбі судың сапасына жағымсыз әсер тигізеді. Мұнайдың судағы мөлшері 0, 2 - 0, 4 мг/л-ге де тең болса оның суға беретін иісін хлормен де кетіруге болмайды. Химия өндірісінің ағынындағы фенол қоспалары судағы биологиялық процестерді бұзып оған жарамсыз иіс келтіреді. Электрохимия өндірісінің, байыту фабрикаларының және минералды тыңайтқыш шығаратын кәсіпорындардың сарқын суларында мырыш пен мыстың саны өте көп. Суға барған синтетикалық сыртқы белсенді заттар суаттардың биохимиялық тазалау қабілетін кенет нашарлатып судағы өсімдіктердің өсуін тоқтатуға дейін келтіріп судың иісі мен дәмін күшейтеді.

Су қорын биогенді заттармен ластандыратын ауыл шаруашылық. Биогенді заттар судың түстілігін үдейтетін фитопланктонның тез өсуіне әсер етіп суаттың өзі тазалау процестеріне кедергі етеді. Тыңайтқышпен бірге топыраққа енген азот үлкен қимыл қабілеті бар тез еритін нитратты түріне өтіп жер астындағы судың ластануына себеп болады. Суарудан кейінгі тыңайтқыш және пестицидпен ластанған ащы сулар суаттарға ағызылып. оларды сумен жаратпай тастайды. Суаттардың ластануына үлкен әсер ететін мал шаруашылық фермалар, әсіресе шошқа кешендері. Бұл фермалардың қалдықтары ауру қоздырушы гельминттер мен микроорганизмдерге толған, олар суатқа ағызылып адамдардың инфекция ауруларымен ауруына қауіп туғызады.

Онымен бірге жылу энергетиканың ағызатын жылы сулары, кейбір өндірістің радиоактивті қалдықтары, ауадан жауынмен келетін әртүрлі газдар жер бетіндегі суларды күшті ластандырады. Қала мен басқа да тұрғын жердің коммуналды ағыны да суаттардың ластануына өзінің үлесін қосуда.

Қоршаған ортаны, табиғи су көздерін қорғаудың, табиғи су корын тиімді пайдаланудың мәселелерін шешуге арналған әртүрлі шаралары бар.

Өдндірістерде, ауыл шаруашылықта өнеркәсіп қалдықтарын азайтуға мүмкіншілік болса оларды іске асыруға, судың шығынын азайтуға арналған жаңа технология процестерді, сумен жабдықтау тиімді жүйелерін зерттеп өндіріске енгізу қажет.

Табиғи су көздерін ластану мен сарқылудан қорғауға арналған негізгі құжаттардың бірі "Қазақстан республикасының жер бетіндегі суларын қорғау ережесі" деп аталады. Бұл құжатта өнеркөсіп "калдықтарын суаттарға ағызуда бақылайтын көрсеткіштер келтірілген, оның ішінде "заттардың шекті рұқсат етілетін қашыртқылары", "зиян заттардың нысана рұқсат етілетін деңгейі", "зиян заттардың әсерінің нысана қауіпсіз деңгейі" деген түсініктер бар.

Сумен жабдықтауға арналған табиғи көздерінің санитарлы қорғау аймақтары

Шаруашылық ауыз су жүйелерінің сумен жабдықтауға арналған табиғи көздерінде және олардың жанында орналасқан жүйенің ғимараттарында санитарлы-эпидемиология сенімділігін қамтамасыз ету үшін санитарлы қорғау аймәқтарын ұйымдастыру керек.

Санитарлы қорғау аймақтарды жобалауына қоятын тапаптар СНиП 2. 04. 02-84-де келтірілген. Су қабылдайтын жердегі сумен жабдықтауға арналған көздің санитарлы қорғау аймағы үш белдеуден құрылады: бірінші - қатал режимді, екінші мен үшінші -шек қою режимді. Бірінші белдеудің шекарасымен шектелетін су қабылдайтын жердегі көзбен су қабылдағыштар, сорғыш станциялары, тазартқыш ғимараттары мен таза су резервуары орналасқан алаң. Шекараны орнату себебі осы белдеуде суды кездейсоқ немесе қасақана ластандырудың мүмкіншілігіне жеткізбеу. Белдеуге қатысатын өзендер мен жеткізетін каналдың су қабылдайтын жерден ағыс бойынша жоғары қарай 200 м-ден кем емес және ағыс бойынша төмен қарай 100 м-ге тең " акваториясы.

Өзен мен каналдың жанасу жағасымен белдеудің шекарасы судың ең жоғары деңгейінде су жиегінің сызығынан 100 м-ден кем емес қашықтықта өтеді. Өзен мен каналдың ені 100-м-ге дейін болса аймақтың бірінші белдеуіне арғы беттегі жағасының ені су жиегінен 59 м бөлігі, ал одан үлкенірек енінде ені 100 м-ден кем емес акватория кіреді.

Су қоймалары мен көлдер үшін санитарлы қорғау аймағының бірінші белдеуінің шекарасы су қабылдайтын жерден көздің акваториясы бойынша жан-жаққа 100 м қашықтыкта, ал су қабылдағышқа жанасатын жағасы бойынша су жиегіне, 100 м-ден кем емес қашықтықта өтеді. Су қабылдағыштың түрі ожау тәрізді болса шекараға қатысатын ожаудың барлық ауданы мен оның жан жағындағы ені 100 м-ден кем емес территория.

Жер астындағы су көздері үшін белдеудің шекарасы, көздің сенімді сақталуында, су қабылдағыштан 30 м радиуста, ал сақтаудың кепілі жоқ болса 50 м радиуста өтеді.

Бірінші белдеудің территориясы көгалдандырып шарбақпен қоршалу керек. Бұл белдеудің ішінде сумен жабдықтауға байланысты емес құрылысты жүргізуге болмайды, адамдардың туруына, шомылуына, малды жаю мен суаруына, балық аулауына, кір жууына, тыңайтқыштарды қолдануына, ағаш кесуге тыйым салынады.

Санитарлық аймақтың екінші белдеуіне кіретін қашықтығы судың жиегінен 500-100 м өзеннің екі жағындағы территория. Өзеннің ағысы бойынша төмен қарай су қабылдайтын жерден 250 м-ден кем емес қашықтықта шекарасын белгілейді. Өзеннің ағысы бойынша жоғары қарай шекараны белгілеуі судың шекарадан қабылдайтын жерге дейін 3-5 теулік ішінде өтуіне байланысты.

Сумен жабдықтауға арналған су бетіндегі көздің санитарлы аймақтың үшінші белдеудің шекарасы екінші белдеудің шекарасымен бірдей.

Екінші мен үшінші белдеудің территориясында елді мекендердің, өнеркәсіп пен ауылшаруашылық объектілердің, денсаулық мекемелерінің құрылысы мен жабдықталуына жерді бөлуге рұқсат етіледі. Бұл обьектілер сумен қамтамасыз ететін және канализация, жер бетіндегі суды әкету жүйелерімен жабдықталу керек. Онымен бірге территорияны ластандыруға, жанар майдың, тыңайтқыштардың, улы химикаттардың қоймаларын орналастыруға тыйым салу керек, үйткені олар су көздерін химиялық ластандыруға әкеледі. Пайдаланған суды жер астындағы қабатқа енгізуге, түйір қалдықтарды жер астында қоймалауға және жер кенін өңдеуге рұқсат етілмейді.

Судың химиялық ластануы, мұнайдың суға әсері

Дүние жүзінде ¾ бөлігін су алып жатыр. Су баға жетпес табиғат байлығы. Жер жүзіндегі барлық тіршілік суға байланысты. Сусыз тіршілік болуы мүмкін емес. Ол зат алмасу процесінде қарқынды роль атқарады.
Су - түсі, иісі, дәмі жоқ сұйық зат, жақсы ерітуші, үстіңгі кернеуі өте жоғары, айқын капилярлық (жіңішке түтік пен сұйық заттың жоғары көтерілуі) қасиеті бар. Осы қасиеті топырақтағы су ерітінділерін өсімдіктер бойынша «сорып» алып күн көруі үшін өте қолайлы.
Дүние жүзілік мұхиттар мен өзен - көл суларының ластануы, су сапасын нашарлата түсуде. Мұхиттарда мұнай тасымалдайтын кемелер мен танкілердің көбеюі, атом қаруларын сынау, өндіріс пен ауыл шаруашылығы өнімдерінің, радиоактивті қалдықтардың тасталуы, т. б экологиялық жағдайы мен тіршілік ырғағы деңгейін төмендетті. Оның үстіне дүниежүзілік ауыз су проблемасы планета тұрғындарының Африка, Орта Азия және Кіші Азия, Австралия, Орталық Азия бөлігін қамтып, әлемдік экологиялық проблемалар шеңберін ұлғайта түсуде.
Қазіргі дүниежүзінде орташа шамамен алғанда тәулігіне әр адамға шаққанда 1500-2000литр су қолданылады. олардың ішінде 100-150литр су тұрмыстық - комуналдық қажеттіліктерге жұмсалынады. Судың негізгі бөлігі өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық мақсатында қолданылады.
Жылдан - жылға судың бағасы артып барады. Кларктың (АҚШ) мәліметтері бойынша соңғы 50 жылда мұнайдың бағасы 10 есе, ал тұрмыстық қажетті суға - шамамен 100 есе, ауыз суға - 1000 есе артқан. Ауыз суды шыны бөтелкелерде сату әдеттегі көрініске айналды. Табиғи таза су маңызды ұлттық байлық көзіне айналып отыр.
Қазірдің өзінде су халықаралық қатынастардың шиеленісу себебіне айналып отыр. Мысалы, Колумбия өзенінің суы үшін АҚШ пен Канада арасында, Дунай өзенінің суын пайдалану үшін бірнеше мемлекеттер арасындағы шиеленістердің тууы белгілі.
Су температурасы. «Ауыз суы» және мәдени тұрмыстық қажетіне керекті судың температурасы 8-120С - тан артпауы керек.
Су құрамындағы еріген және газ түріндегі химиялық заттар судың дәмін кіргізіп, исімен, көрмектігімен, агресивтігімен, тұрақтылығымен адамдар мен малдардың организмдеріне пайдалы әсерін тигізеді. Суды пайдаланудағы ең шешуші фактор болып, оның минералдылығы есептелінеді. Судың минералдылығы көрмектігі мен тығыз заттардың қалдықтарының пайда болуына әсерін тигізеді.
Құрғақ қалдық - судағы химиялық заттардың ерітіндідегі жалпы құрамы. «Ауыз судағы» стандар т бойынша, құрғақ қалдықтың салмағы 1000мг/л - ге дейін болуы керек.

Мұнайдың суға әсері. Итбалықтардың, балықтар мен құстардың өліміне себеп болып отырған нәрсе олар­дың улануы. Олар неліктен уланып отыр деген сұрақтарға жауап беретін болсақ, Каспий теңізі жылдан - жылға құрамы өзгеріп, ластанып келеді екен. Техника ғылымдарының докторы Тоқтамыс Мендебаевтың пікірі бойынша те­ңіз табиғи және жасанды түрде ластануда. Табиғи түрдегі теңіз суы құрамының нашарлауына әкеп соқтыратын фактор - теңіз табанында өндіріліп жатқан мұнай, газ кен орындарының геологиялық қа­лыптасуы салдарынан пайда болған жанартау ошақтары екен. Әзірбайжан геологтарының зерттеуіне қарағанда, жыл сайын осы жанартаулар көмейінен те­ңіз­ге миллиондаған тонна мұнай, газ тарайтыны анықталып отыр. Бұл химиялық қосындылар жазда те­ңізден кө­терілетін бумен атмосфераға шығып, жауын-шашын арқылы жерді тағы бүлдіреді. Ал, теңіз суы құрамының нашарлауына әсер ететін жасанды ластану адам қолымен жасалуда. Әсіресе, ілеспе газ ең бір қауіптісі көрінеді. Каспий жағасындағы елдер кен орындарын игеру мерзімі бірнеше жылға созылатын тә­жірибе-сынақ жұмыстарын жүргізу ке­зінде ілеспе газды өртеуге рұқсат бе­рілген дейді ғалым. Тек Қазақстандағы Теңіз кенішінің өзінде жылына 60 мың тонна метан, 30 мың тонна пропан, құрамындағы адам өміріне аса қауіпті кү­кірттің мөлшері 33 пайызға жететін 60 мың тонна жеңіл көмірсутегі газдары өртеледі екен. Бүгінгі таңда те­ңізде жиналған күкірт іскірттері космостан тау болып көрініп отырғаны да рас. Сондай-ақ, теңіз жағасындағы мұнай өндірісі нышандарының құрал-жабдықтары тозып біткен. Мұнай өндіру, оны тасымалдау жұмыстарында көне технология, ескі қондырғыларды, құбырларды пайдалану салдарынан болған апат нәтижесінде 200 мың тоннадай бақылаусыз сұйық май көлшіктері пайда болған. Теңіз жағалауындағы жер қыртысының 5-10 метр қа­лыңдықта мұнай бөлігі 200 мың га-ды құрап тұр. Күзгі және көктемгі жауын-шашын кезінде, өр суы тасығанда осы улы химикаттардың бәрі теңізге құйылып жатыр.

Судың аймақтық және ғаламдық ластануы

Табиғаттың ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың консентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды консентрациядан артық болуы да жатады.
Ластануды жүйенің тепе - теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады.
Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі:
• шығу тегі бойынша:
табиғи және жасанды (антропогенді) ;
• пайда болу көзіне байланысты:
а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т. б. ;
ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін) ;
• әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;
• қоршаған ортаның элеметтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулары және т. б. ) ;
• әсер ететін жеріне байланысты: химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік), физико - химиялық (аэрозольдер), биологиялық (микробиологиялық және т. б) ;
• әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәсіп орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері) ;
• тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты - 100 және 1000 жыл тұратын (азот, оттегі, аргон және басқа инертті газдар), тұрақты - 5-25 жыл (көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қостотығы, озон қабатындағы фреон) .
Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортада жиналу эффекті жоғары. Кез келген ластаушы затты үш параметр бойынша бағалауға болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне, улылығына және тұрақтылық дәрежесіне қарай. Мысалы, көмірқышқыл газының қолайсыз эффектісін оның қоршаған ортаға түсетін көлеміне және ұзақ сақталу уақытына, олай болса оның жинақталуы және осыған байланысты парниктік эффекттің пайда болуы қамтамасыз етеді.
Өндірілетін ресурстардың тек 2 - 3% ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады, ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс, шлактар және т. б) .
Адам қызметінің көңіл аударарлық нәтижесіне қоршаған ортаға оған тән емес, тірі ағзалар үшін бөтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады. Тбиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн. органикалық қосылыстар бар. Адам қазір 8 млн. - нан астам қосылыстарды синтездей алады. Жыл сайын олардың саны бірнеше мыңға артып отырады.
Жер бетіндегі адам мекен етпейтін кеңістіктің болуы (құрлықтың жалпы ауданы 149 млн. км2 болса, мұндай жерлердің үлесіне шамамен 48 млн. км2 тиеді) қазіргі дағдарыстың ғаламдық сипатын жоққа шығармайды. Бұл ең алдымен атмосфера мен судың қозғалғыштығына байланысты. Мысалы, мұнайлы қабықшамен әлемдік мұхиттың бетінің 15 - 25% ластанған. Қазіргі кезде атомдық двигательдер мен радиоактивтік қалдықтардың көмілуі нәтижесінде әлемдік мұхиттың радиоактивті ластануы зор қауіп төніп отыр.
Табиғат ресурстарын пайдалану жылулық ластанумен, яғни жер маңы кеңістігінде қосымша энергияның жиналуымен байланысты.
Биосфераның жылулық балансының бұзылуын атмосфераның шаңдануының артуы, өсімдік жабынының булануының өзгеруі, топырақ пен су қоймаларының бетінен ластануының өзгеруі қамтамасыз етеді. Мұнайлы қабықша булануды 20 - 30% - ға тежейді. Нәтижеде ғалымдардың болжауы бойынша ауаның орташа жылдық температурасы 1 - 30С - ға артады. Ал мұның өзі биосфераның термодинамикалық немесе жылулық дағдарыс жағдайына өтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Қазіргі кездегі озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар болып есептеледі. Соңғы жылдары атмосфераның жоғары қабатындағы озонның мөлшерінің кемуі байқалуда. Солтүстік жарты шардың орталық және жоғары ендіктерінде бұл кему 3% құраған. Мәліметтер бойынша озонның 1% - ға кемуі терінің қатерлі ісігімен ауру деңгейін 5 - 7% - ға арттыруы мүмкін.
Көптеген мемлекеттер фреондардың өндірісін 50% кеміту және оларды басқа пропиленттермен алмастыру туралы міндеттеме қабылдады.
Судың ластануы. Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жерасты, әртүрлі дәрежеде ұшырайды.
Судың ластануы ең бірінші рет су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Екінші ретті ластану бірінші ретті ластаушылардың әр түрлі тізбекті реакцияларға түсуі арқылы жүреді. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және т. б заттар жатады. Ластаушы заттардың басым көпшілігін амосфералық жауын - шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су таранспорттарымен ластану үлесі де жоғары. Қазір бүкіл планетада іс жүзінде қандай да бір дәрежеде адам қызметі нәтижесінде ластанбаған беттік тұщы су көзі жоқ деуге болады.
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі - радиациялық ластану болып қалып отыр. Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Олар еліміздің территориясының біраз бөлігінің радиациялық ластануына әкелді. Қазақстан территориясында радиациялық ластану себептеріне мыналар жатады: Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары, радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық өнеркәсіп орындары, ғламдық жауындар, халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, радиоактивті қалдықтар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ластаушы заттардың миграциясы
Ағынды суларды мұнай қалдықтарынан тазарту
Гидросфераға антропогендік факторлардың әсері
Ластану көзі
Судың сапасы
Су тапшылығы мәселесін шешу
Гидросфера,оның ластануы
Мұнайдың физика-химиялық қасиеттері жайлы
Судың ластану мәселесі
Мұнаймен ластанған суды тазартудың заманауи әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz