Қазақстанның шет елдерiмен тең құқықтық қатынастар құру


Жоспар:
1. Қазақстанның шет елдерiмен тең құқықтық қатынастар құру
2 . Мемлекет қауіпсіздігін сақтау - басты міндет
3. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы экономикалық байланыс мәселелері
Қазақстан өзiнiң тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн, егемен мемлекет ретiнде халықаралық байланыс жасауға, өзiнiң сыртқы саясатына айырықша көңiл бөледi. Бұрын КСРО-ның құрамында болғанда Қазақстанның ондай мүмкiндiгi, жеке саясат жүргiзу құқы болмаған-ды.
Қазақстан өзiнiң сыртқы саясатында, әсiресе, басты үш мәселеге ерекше назар аударады. Бiрiншiден, басқа елдермен, соның iшiнде бұрынғы Одаққа кiрген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдерi және Америка Құрама Штаттарымен халықаралық байланысты өркендету. Екiншiден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениеттi елдердiң қатарына қосылу. Үшiншiден, Қазақстанның қауiпсiздiгiн сақтау, дүниежүзiлiк соғысты болғызбау, ядролық қаруды қолдануды болдырмау.
Мiне, осы бағытта 1991 жылдан бастап тәуелсiз Қазақстан көптеген игi шараларды iске асыруда. Бұл уақыт iшiнде Қазақстан Республикасын дүние жүзiнiң 180-нен астам мемлекетi таныды. 2002 жылдың басында Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Қазақстанды алғашқылардың бiрi болып Түркия, АҚШ, Франция және т. б. мемлекеттер мойындалды. Қазiрде Қазақстан шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкiлдiктер ашты. Ал Алматыда және Астанада 50-ден астам шетелдiк елшiлiк пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкiлдiгi жұмыс iстейдi.
Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударып отыратын мәселе, ол - өзiнiң ең жақын және iрi көршi мемлекеттерiмен, соның iшiнде солтүстiкте Ресеймен, ал шығыста Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату. Осы саясаттың нәтижесінде Қазақстан Республикасының егемен ел ретiндегi алдағы болашағы да байланысты. Сондықтан қалай дегенде де солтүстiгiмiздi жайлаған Ұлы елмен әрқашан жақын болу керек. Өйткенi Қазақстан үш ғасырға жуық уақыт Ресеймен тарихи сабақтас, тағдырлас, көршiлес қонып, шекаралас болып қатар өмiр сүрдi. Осы уақыт iшiнде Қазақстан мен Ресейдiң шежiресiнде талай күнгей де, күңгiрт беттерi болған. Оларды адамдар ауыздан-ауызға жеткiзiп, ұрпақтан-ұрпаққа берiп отырған. Ресеймен, орыстармен қарым-қатынастың қандай болуы, оны қалай құру жөнiнде қазақтың ғұламалары, дана билерi өз заманында-ақ айқын да анық айтып кеткен. Ал соңғы жетпiс жыл бойы Қазақстан мен Ресей Кеңестер Одағы құрамында өз тәуелсiздiгiн қойып, өз мүдделерiн ұмытып, ортақ шаруа атқарып, ортақ қазанға қызмет еттi. Барлық шаруашылық, бар тiршiлiк осыған бейiмделiп, Кеңес өкiметiнiң талабын орындады. Ендi Кеңес Одағы тарағаннан кейiн, бұл екi елдiң арасында тең құқық негiзiнде саяси және экономикалық қатынастар орнады.
Қазақстан үшiн Оңтүстiк-Шығыстағы үлкен көршi - Қытайсыз әлдебiр үлкен саясат жүргiзу қиын екенiн ерекше атап айту керек. Сондықтан тәуелсiздік тiзгiнi қолға тигеннен берi Республиканың сыртқы саясатында темiрқазыққа айналған бағдарлама - Қытай Халық Республикасымен қарым-қатынастарды айқындау. Мiне, осы бағытта Қазақстан бiрқатар шараларды iске асырып, Қытаймен достық байланысты орнатуда едәуiр табыстарға қол жеттi. Алғашқы кездегi басты мiндет - жан-жақты экономикалық байланыстарды дамытып, шекарадағы шиеленiстердi тоқтату едi. Оның үстiне, Қазақстанның стратегиялық мақсаты - Қытай арқылы дүние жүзiне шығудың және бiр жаңа жолын ашу. Өйткенi Қазақстан өзiнiң тәуелсiздiгiн алғанға дейiн, шет елдермен экономикалық және саяси байланыстарды тек Орталық, яғни Ресей, арқылы жасап келген болатын. Ендi Қытаймен қарым-қатынасты қалыпты жағдайға келтiрумен байланысты елiмiзге сыртқы рынокқа шығудың баламалы қосымша жолдарына түсу мүмкiндiгi туды.
Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынасының маңызы өте зор. Бұл қарым-қатынас Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасын мемлекет ретiнде таныған 1991 ж. 25 желтоқсанынан мемлекеттер арасында елшi дәрежесiндегi толыққанды дипломатиялық қатынастар орнады. Осылайша, ұлы мемлекеттердiң iшiнде Қазақстанды алғашқылардың бiрi болып таныған АҚШ оның тәуелсiз мемлекет ретiнде қалыптасуына өзiнiң мүдделi екенiн көрсеттi. Екi мемлекет арасында қарым-қатынастық байланыстар орнатылған алғашқы күндерден бастап, ол жоғары деңгейлерде үнемi қолдау тауып келедi. 1991 жылдың желтоқсанында Мемлекеттiк хатшы Дж. Бейкер Алматыға келiп, Н. Ә. Назарбаев және басқа да ресми адамдармен келiссөздер жүргiздi. 1992 жылдың көкек айында Қазақстанға Еуропадағы қауiпсiздiк және қарым-қатынастар жөнiндегi АҚШ Конгресi комиссиясының делегациясы келдi. Сол жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Президентi Н. Ә. Назарбаев Америка Құрама Штаттарына алғашқы сапармен барды. Осы сапардың барысында: "Сауда қатынастары жөнiндегi келiсiм", "Қаржы салымдарын өзара қорғау жөнiндегi шарт", "Қазақстан Республикасы және АҚШ үкiметтерi арасындағы өзара түсiнiстiк жөнiндегi меморандум", "Қос қабат салық салуды болдырмау жөнiндегi конвенция келiсiмi туралы бiрлескен мәлiмдемелерге" қол қойылды. Сөйтiп, екi жақты қарым-қатынастардың шарттық-құқылық негiздерi қаланды.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы басты көңiл аударып отырған мәселелердiң бiрi - елдiң шекаралық қауiпсiздiгiн сақтау. Бiзбен солтүстiкте бiрнеше мың шақырым шекараласатын Ресей мемлекетiмен, оңтүстiк шығыста Қытай Халық Республикасымен шекараны тұрақтандырып бекiту мiндетi қойылған. Шекара - мемлекеттiк егемендiктiң басты белгiлерiнiң бiрi. Сондықтан бұл маңызды саяси проблема Ресей мен Қазақстан үкiметтерi арасындағы кездесулерде әлденеше рет әңгiме арқауы болды. Осының нәтижесiнде екi ел арасында 1992 ж. 15 мамырда ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа және 1999 ж. 28 наурызда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Бұл шарттарды басшылыққа ала отырып, Қазақстан мен Ресей әрi қарай да аймақтық қауiпсiздiктi бiрлесiп нығайту және қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сөйтiп сыртқы саясат саласында өзара бiрлесiп әрекет ету жолын жалғастыру көзделген.
Ресей мен Қазақстан арасындағы қауiпсiздiк және сыртқы саясат мәселесi екi ел арасындағы 1998 жылы шiлдеде қабылданған "Мәңгi достық және одақтастық туралы декларацияда", сондай-ақ, экономикалық ынтымақтастық туралы алдағы 10 жылға (1998-2007 жж. ) арналған экономикалық бағдарламада өзiнiң даму көрiнiсiн тапты. Осы келiсiмдер негiзiнде Қазақстан-Ресей шекара белдеулерiнде милитациялау шаралары жүргiзiле бастады. Сонымен қатар, Қазақстан Ресей жалға алып отырған республика аумағындағы полигондарды қысқарту мүмкiндiктерiн қарауды ұсынды. Ал 2000 жылдың қаңтар айында Мәскеуде өткен екi мемлекет басшыларының кездесуiнде басты үш бағыт туралы келiсiм жүргiзiлдi. Бiрiншiсi - екi ел саясатындағы қарым-қатынастың сабақтастығы. Бұған заңдылық келiсiмдiк база жеткiлiктi. Екi мемлекет қызметiн реттейтiн 200 құжатқа қол қойылған. Екiншiсi - қауiпсiздiк мәселесiндегi ынтымақтастық. Үшiншiсi - шекараны нақтылау мәселесi.
Қазақстанның көршi мемлекеттермен шекарасының жалпы ұзындығы 20 мыңға жуық шақырымды құрайды. Соның iшiнде Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен мемлекеттiк шекарасы шамамен 1050 шақырым, Ресей Федерациясымен - 14, 5 мың шақырым, Түркiменстанмен - 400 шақырым, Өзбекстан Республикасымен - 1660 шақырым. Ресеймен шекараны делимитациялау мәселесi 1999 жылдан басталды. Осы уақыт iшiнде 6400 шақырым мемлекеттiк шекаралық желiсiн анықтау аяқталды. Қалған шекараны делимитациялау iсiн алдағы жылдары аяқтау көзделiп отыр.
Шекара мәселесiн Азия елдерiнде тұрақты шешуде Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) атқаратын рөлiн ерекше атап көрсеткен жөн. 1996 жылғы сәуiр айында Шанхайдағы кездесу кезiнде Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжiкстан, Қырғызстан басшылары шекараларды бұзбау, олардың арасындағы бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейiн жеткiзу келiсiмiне қол қойды. Шекара ауданындағы әскери саладағы сенiм шаралары туралы бұрын-соңды жасалып көрмеген бұл шарттың орасан зор маңызы бар. Өйткенi бұл бес ел арасындағы жағрафиялық үлкен кеңiстiкте тұрақтылықты нығайту үшiн берiк ал алғышарттар жасайды, соның iшiнде бiздiң Қазақстанның шекаралық қауiпсiздiгi мүдделерiне қызмет етедi. Кейiн бұл келiсiмге Өзбекстан Республикасы қосылды.
Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты мақсат - бейбiтшiлiк, соғысты болғызбау. Сондықтан этникалық жанжалдар мен территориялық дау-жанжалдар туыла қалғанда, оны қайткен күнде де саяси жолдармен реттеуге Қазақстан тарапынан күш салынады. 1992 ж. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 47 сессиясында Президент Н. Назарбаев Азияда өзара ынтымақ пен сенiм шараларын орнықтыру туралы мәселе көтердi. Оған сәйкес 1993 ж. көктемде Алматыда осы мәселеге байланысты шақырылған бiрiншi бас қосуға оннан аса мемлекеттен өкiлдер келген болса, сол жылғы тамыз айындағы кездесуге он жетi елден сарапшылар тобы қатысты. Қазақстанның Хельсинки процесiне қосылуы, Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi ұйымның жұмысына қатысуы /1992 жыл/, қауiпсiздiк пен сенiм шараларының дамыған инфрақұрылымына кiрiгуi жас мемлекеттiң егемендiгiн едәуiр нығайтуға мүмкiндiк бердi. Ал 1996 ж. 31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдiң қатарында бүкiл жер бетiнде ядролық қаруды таратпау жөнiндегi шартқа қол қойды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz