60-жылдардың екінші жартысында қазақстан дамуында болған өзгерістер


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

60-ЖЫЛДАРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНДА БОЛҒАН ӨЗГЕРІСТЕР

Саяси өмірдің ерекшеліктері. Қоғам дамуындағы екі бетбағыт күресі. Кеңестер. Кәсіподақтар. Комсомол. Отандастардық қайта оралуы. Әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету жолдарын іздестіру 60-жылдардағы экономикалық реформалар, олардың тиянақсыздығы. Н. С. Хрущевтің қызметінен босатылуы. Волюнтаризм мен субъективизмді айыптау. Өнеркәсіптің дамуы. ҒТР жағдайында өндірісті интенсивтендіру қажеттілігі. Қалалардың өсуі. Ауыл шаруашылыгы. Мәдениеттің дамуы.

САЯСИ ӨМІРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1962-1969 жылдардағы реформашылдық дүрбелең елдің ішінара алмастырулар және жетілдірулер жолымен қол жеткізуге болатын өзгерістер шегіне тірелгенін көрсетті. Жүргізілген шараларда экономикалық байланыстар мен қатынастарды түбегейлі өзгерту жолдары көзделмеді. Туындаған проблемалар негізінен ұйымдык қайта құру дүрмегін діттеген субъективтік түрде жол-жөнекей шешіліп отырды. Шалағай ойластырылған әрі бірін-бірі жиі алмастырған қайта құру толқыны тұрақсыздық, тұрмыс деңгейінін және әлеуметтік кепілдіктердің әлсіреу каупін төндірді. Коммунистік болашақ идеясы да жағдайды жеңілдете алған жоқ.

Қоғамды саяси және экономикалық тұрғыдан ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі күш-жігер мен ізденістерге баға бергенде, 50-жылдардың ортасынан 60-жылдардың ортасына дейінгі аралықта, түптеп келгенде, басты екі бет-бағыт арасындағы текетірестік орын алғандығын ескеру қажет. Бұлардың алғашқысы қоғамдық жүйені, оның бүкіл салалары мен. құрылымдарын түбегейлі өзгертудің объективтік қажеттілігін бейнеледі. Оған ең алдымен қоғамның сталинизмнің ауыр зардабынан рухани бостандық ала бастауы себеп болды.

Кеңес мемлекетің ең алдымен Кеңестерді дамыту мен нығайту өзекті мәселеге айналды. Кеңестер рөлінін арта түсуі партияның XXII съезі қабылдаған КОКП-ның үшінші Бағдарламасында атап көрсетілді. КОКП Бағдарламасында сондай-ақ коғамның коммунистік құрылым кезеңіңдегі саяси ұйымына сипаттама берілді. Онда әлемдегі түңғыш социалистік мемлекет марксизм-ленинизм ілімімен толық сәйкестікте дами келіп, өзінің пролетариат диктатурасы мемлекеті ретіндегі тарихи миссиясын ақтағандығы айтылды. Ішкі даму тұрғысынан қарағанда да, антагонистік таптардың жойылуына, социализмнің толық және түпкілікті жеңіске жетуіне, халықтың барлық таптарының жұмысшы табының идеялық-саяси айқындамаларына кешуіне байланысты мұндай диктатура қажет болмай қалды. Бүл объективтік процестер Кеңес мемлекетінің жалпыхалықтық мемлекетке ұласқандығын және өз дамуының жаңа сатысына аяқ басқандығын көрсетті. Қоғамдағы осындай жаңа қоғамдық-саяси ахуал қалыптасқандығын, мәселен, шопандар, колхозшылар, өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысшылары, техникалық интеллигенция, ғылым мен өнер адамдары, партия және шаруашылық басшылары құрамына енетін КСРО Жоғарғы Кеңесі айғақтайтындай болып көрінді. Еңбекшілер бұрынғысынша жергілікті, облыстық, Қазақ КСР және КСРО Жоғарғы Кеңестеріне өз өкілдерін сайлады. Республика Жоғарғы Кеңесінің тұрақты комиссияларьша мүше депутаттар заңды талқылап, қабылдады, ал ауылдар мен елді мекендер, аудандар мен калалар мәселелерді Жоғарғы Кеңес пен оның төралқасының қарауына әзірлеуге қатысты. Мысалы, 1961 жылдың соңында білім беру және мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі тұрақты комиссиялар депутаттардың қатысуымен республикадағы мектеп, балалар және емдеу-профилактикалық мекемелері қүрылысы жөнінде мәселе әзірлеп, Жоғарғы Кеңес сессиясына енгізді. Республика Жоғарғы Кеңесінің тұрақты комиссиялары сондай-ақ жергілікті жерлерде өздерінің көшпелі мәжілістерін өткізіп, Кеңестің заңдары мен қаулыларының орындалу барысына бақылау жүргізіп отырды.

1963 жылы республика Жоғарғы Кеңесіне сайланған 473 депутаттың 158-і әйелдер болды. Қазақ КСР-інің әртүрлі дәрежедегі еңбекшілер депутаттары Кеңестеріне 988(56 депутат сайланды. Олардың көпшілігі, яғни 45, 4 проценті КОКП мүшелері мен мүшелікке кандидаттары еді. Жергілікті Кеңестер жанында тұрақты комиссиялар, көше және махалла комитеттері, үй басқармасы жанындағы жәрдемдесу комиссиялары, жолдастық соттар, т. б. тәрізді кептеген ұйымдар қоғамдық негізде жұмыс істеді. Еңбекшілер депутаттары қалалық және аудандық Кеңестері жанынан штаттан тыс бөлімдер құрылып, оларға азаматтар жұмысқа тартылды.

Солай бола тұрғанымен, кеңес органдарының қызметі партиялық нормалар негізінде жүргізілді. Кеңестер жұмысы екінші дәрежелі сипатта қала берді және олардын талқынауына көбінесе алдын ала шешіліп қойған мәселелер ұсынылды. Бұл аздық етсе, Кеңестер құрамын жасақтаумен, кеңес аппаратына кадрлар іріктеу және орналастырумен де партия органдарының өзі шұғылданды. Шынтуайттап келгенде, мемлекеттік органдар мен лауазымды қызметкерлердің жұмысын Кеңестер мен депутаттар емес, керісінше аппарат қызметкерлері бақылап, тіпті Кеңес депутаттарына өмірін жүргізетін жағдай қалыптасты.

Кәсіподақ және комсомол ұйымдарындағы жағдай да осыншалық қайшылықты болды. Қарастырылып отырған кезеңде кәсіподақ коминистері өз қатарына миллиондаған адамдарды біріктірді. 1966 жылғы қаңтардың 1-інде кәсіподақтардың 4 миллион мүшесі болды. Кәсіподақ ұйымдары халық шаруашылығы мәселелерін шешуге, социалистік жарысы ұйымдастыруға, жаңашылдар қозғалысына атсалысып отырды. Барлық шипажайлар мен демалыс үйлерін басқару 1960 жылдан бастап кәсіподақтардың құзырына берілді. Олардың қолында еңбек қорғаудың, әлеуметтік сақтандырудың көптеген мәселелері болды. 1961 жылдың соңында кәсіподақтардың қарамағына колхоз-совхоздардағы мемлекеттік клубтар, кітапханалар мен киноқондырғылар сияқты халыққа мәдени қызмет көрсету учаскелері де көшірілді. Еңбеккерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мәселелері кәсіподақтардың басты міндеттерінің бірі деп танылады, Өвдірістік жоспарларды орындау, еңбекшілерге тұрмыстық және мәдени қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында кәсіподақтар кәсіпорын әкімшіліктерімен ұжымдық шарттар жасай бастады, Кәсіподақ комитеттері ұдайы өткізілетін өндірістік кеңестер сияқты жұмыс түрлерін де пайдаланды. Бірақ кәсіподақтар көп жағдайда қосалқы функциялар атқарды және партия комитеттеріне бағынышты жағдайда болды. Олар жөнінде қалыптасқан "тұтқа", "қозғау тетігі" деген түсініктер де осыған сәйкес келетін.

60-жылдардағы екінші бір бұқаралық ұйым комсомол болатын. 1965 жылдың соңына қарай республика комсомолы ез қатарына 1 миллион жігіт пен қызды біріктірді. Өнеркәсіпте, көлікте, құрылыста, ауыл шаруашылығында 400 мыңнан астам комсомол мүшесі жұмыс істеді.

Аса маңызды құрылыстарды қамқорлыққа алу Қазақстан комсомолы жұмысының басты бір бағыты болды. Оның жолдамалары бойынша бұл құрылыстарға 8000-нан астам қыз-жігіттер жөнелтілді. 1962 жылы Қазақстан ЛКЖО X съезінде республика комсомолы мал шаруашылығын қамқорлыққа алды. Жастардың спортты еркендетудегі. қоғамдық тәртіпті сақтаудағы рөлі все түсті. Қоғамдық өмірді демократияландыру процесі басталғандығының арқасында шекара сыртында өз еркінен тыс қалып қойған отандастарымыз Қазақстанға қайта оралуға мүмкіндік алды. М. Тәтімов, Б. Телепов, В, П. Оси-пов сияқты ғалымдардың пікіріне қарағанда, бұл жылдары Қытай Халық Республикасынан Кеңес Одағына 35-ға жуық адам оралған, оның 2-нан астамы Қазакстанға келген. Бұл адамдар Отанын сатпағанын, өктемшіл жүйенің құрбандығына шалығандығын естен шығаруға болмайды. Репатрионттардың, яғни, оралмандардың құрамында қазақ, өзбек, дүнген, орыс, ұйғыр, т. б. көптеген ұлттардың өкілдері болды. Республика үкіметі жанадан келгендерді қарсы алу үшін бірқатар шара қабылдауының нәтижесінде олар негізінен бір кезде кетуге мәжбүр болған жерлеріне қайта қоныстандырылды. Бұл адамгершілік актісі болатын. Бірақ әр түрлі себептерге байланысты мұндай қоныс аударулар 1963 жылға қарай тоқталып қалды.

Қоғамның прогресшіл бағытта дамуына қоғамдық құрылымдардың қатып-семуіне, төрешілденуіне, демократияны тежеуге және 30-40-жылдардың идеологиялық бағдарларын сақтап қалуға итермелейтін, екінші бет-бағыттағы күштер мен процестер бөгет жасады. 60-жылдардың екінші жартысында бұл бетбағыт өмір сүріп отырған социализм мен оның үлгілерінің, басқарудың бұрынғы өктемдік әдістерінің сақталуының арқасында күшейе түсті. Бірақ бұл бірден жүзеге аса қойған жоқ, өйткені ұнамды бағытта өріс алған демократияландыру процесі экономика саласына ауысып үлгерген еді. Іс жүзінде бұрынғы бесжылдықтар ізденісін жалғастырған, 1965 жылы қабылданған шаруашылық шешімдері осыны көрсетті.

1964 жылғы шешімдерден бастау алған саяси бағыт бұрынғы реформалар кезінде өзін-өзі ақтай алмаған көзқарастар аясында дүниеге келген еді. КОКП ОК-нің 1964 жылғы қазан пленумында партия мен ел басшылығы ауыстырылды. КСРО Жоғарғы саяси басшылығының бір тобы Н. С. Хрущевті орнынан алуға аса құпия түрде дайындалды. Бұл теңкерісті ұйымдастыруда Л. И. Брежнев, П. Н. Игнатов, А. Н. Шелепин, М. А. Суслов және КСРО Мемлекеттік хауіпсіздік комитетінің төрағасы В. Е. Семичастный айрықша белсенділік танытты. Н. С. Хрущев 1964 жылғы қазаннын 14-і күні демалып жатқан жерінен тұтқиылдан шақырылып алынған соң, КОКП ОК пленумы болып, овда М. А. Суслов Н. С. Хрущевті айыптайтын баяндама жасады.

Бұл пленумның жұмысына бір топ қазақстаңдық коммунистер де қатынасты. Олардың ішінде Д. А. Қонаев та болды. КОКП ОК пленумы Н. С. Хрущевті ОК-тің бірінші хатшысы, КСРО Министрлер Кенесінің төрағасы және Тералқа мүшесі қызметтерінен босатты. КОКП ОК-нің бірінші хатшылығына Л. И. Брежнев сайланды. Осыған көп ұзамай Жоғарғы Кеңес А. Н. Косыгинді Кеңес үкіметінің басшысы етіп тағайындады.

Халық шаруашылығын баскаруда орын алған волюнтаризм мен әкімшілдікті айыптайтын бірқатар арнайы партиялық шешімдер қабылданды. Алайда бүл құбылыс үшін Н. С. Хрущевті кінәлаудың дұрыстығы екіталай еді, өйткені КСРО бүдан кейінгі кезеңдерде де ел басқарудағы волюнтаристік көзқарастардан айығып кете алған жоқ.

Н. С. Хрущевке ерекше тартымды болып керінген қайта құру, өзгерістер мен жетілдірулер идеясы мүқият ойластырылған шешімдер саясатына орын беруге тиіс болды. Халық шаруашылығында орын алған үйлесімсіздіктер терең өзгерістер жүргізуді қажет етті. Қайта ұйымдастыру ісі партия комитеттерінен басталды.

КОКП ОК-нің 1964 жылғы қараша пленумы 1962 жылы жүзеге асырылған партия, кеңес, кәсіподақ ұйымдарының өндірістік принцип бойынша белінуін жаңсақ ұйғарым деп тауып, партия ұйымдары мен олардың жетекші органдарын аумақтық-өндірістік принцип бойынша қайта қалпына келтіріп құру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ жоспарлау және экономикалық тұрғыдан көтермелеу әдістерінде жіберілген қателіктер де ашып көрсетілді.

Өнеркәсіптін, дамуы. 60-жылдардың орта шеніндегі бетбұрыстың басты мазмұны мен негізгі бағытын шаруашылық реформасы айқындады. Бұл шараларды соғыстан кейінгі бүкіл кезең ішінде экономиканы қайта құруға бағытталган ең ірі ұмтылыс десек те болады. Өйткені олар өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы сияқты бірнеше саланы бірден қамтыды.

Экономиканы басқарудағы әкімшілдікті айыптай келіп, КОКП ОК-нің 1965 жылғы қыркүйек пленумы өнеркәсіпті салалық принцип бойынша басқару және енеркәсіп салалары бойынша одақтық-республикалық министрліктер құру дұрыс деп тапты. Кәсіпорындар дербестігін арттыру, шаруашылық есептің дами түсуіне жағдай туғызу, жұмыскерлерді (қызметкерлерді) экономикалық ынталаңдыру мен материалдық мадақтауларға арқа сүйеу ұсынылды.

Алтыншы сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1965 жылғы өнеркәсіпті басқару жүйесін өзгерту және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі кейбір басқару органдарын өзгеше құру туралы Заң қабылдады. Әлбетте, дәл осындай қаулылар мен зандарды көп ұзамай Қазақстан Компартиясы ОК-нің XIV пленумы мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі де қабылдады, Қазақ КСР Конституциясының мәтініне тиісті өзгертулер енгізілді. Қабылданған шешімдерге сәйкес Қазақ КСР халық шаруашылығы Кеңесі мен экономикалық аудандардың осындай жергілікті Кеңестері таратылды. Республикада бірқатар одақтық-республикалық салалық министрліктер (түсті металлургия, геология, мелиорация мен су шаруашылығы және басқалар) құрылып, өнеркәсіптік, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза-қағаз және ағаш өңдеу, азық-түлік, т. б. кәсіпорындары біріктірілді.

Бұл шаралар оқиғалардың ұнамсыз бағытта өрістеуін біршама уақыт тежеп, экономикадағы ахуалды қайтадан оңға бұруға қажетті алғышарттар туғызды. Осындай қажеттілік КСРО қуатты экономикалық және ғылыми понетциалға ие болған 60-жылдардың бас кезінде-ақ пісіп-жетілді деуге болады. М Кеңес Одағы континентаралық баллистикалық ракетаны басқа елдерден бұрын жасады, ғылыми-зерттеу институттары мен конструкторлық бюролардың қауырт жұмысының нәтижесінде дүние жүзіндегі тұңғыш жасанды жер серігін бірінші болып ғарышқа жіберді. Айға, Шолпан планетасына ғарыш кемесі ұшырылды, Күннің жасанды серігі жасалды. Бортына тірі хайуандар мінгізілген ғарыштық кеме-шутниктері бірінен кейін бірі ғарышқа аттанып, одан Жерге оралды. Әлемнің тұңғыш ғарышкері атанған Ю. А. Гагариннің 1961 жылғы сәуірдің 12-сі адамзат тарихында алғаш рет ғарыш әлеміне қанат қағуы ғылым дамуыңдағы революциялық дүр сілкінудің символына айналды. Мұның өзі экономиканың ҒТР жетістіктеріне негізделген ғылыми-индустриялық өндіріске көше бастау қажеттігін көрсетті. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жаныңдағы Мемлекеттік ғылыми-техникалық комитет республиканың Мемлекеттік жоспарлау комитетімен бірлесіп Қазақ КСР-інің өнеркәсіп салаларында жаңа техниканы енгізу жоспарын жасады. Мұндай жоспарлар тиісінше әрбір кәсіпорында да түзілді. Техникалық прогреске жәрдемдесу жөніндегі комиссиялар құру шұғыл түрде қолға алынды. Олар өвдірістік прогрестерді, мехаиикаландыру мен автоматтавдыру жоспарының орындалуын бақылауға тиіс еді. Осы мақсатта ғылыми-техникалық қоғамдар, конструкторлық бюролар, ендірістік кенестер құрыла бастады. Өнертапқыштар мен жаңашьшдар жүмысы серпіңділік алды. Олардың қызметін жандандыру үшін сыйлық қоры құрылды.

Өндірісті электрлендіру ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының бірі деп танылды. Қарағандыда іске кіріскен екінші МАЭС пен Бұқтырма су электр станциясы, техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылығымен ерекшеленді: 45 мың шақырымнан астам жоғары қуатты электр тасымалдау жүйелері республиканы барлық бағыттар бойынша көктей өтті. Көмір өндіру өнеркәсібі саласы да техникалық жағынан қайта жарақтандырылды. Мұнда негізінен көмір өндіру процестері механикаландырылды. "Карагандауголь" комбинатында механизмдерді автоматтандыру 2700 адамды босатуға және комбинат бойынша еңбек өнімділігін 6 процентке көтеруге мүмкіндік берді. Екібастұз көмір кесіндісі ірі кен өндіру кәсіпорнына айналды. Мұнда көмір өндірудің озық технологиясы қолданылып, жұмыс процесінде қуатты экскаваторлар пайдаланылды. Шымкенттегі М. И. Калинин атындағы зауытта жұмыс технологиясы жақсартылды. Ащысай полиметалл комбинатының жұмыскерлері мен республика ғалымдарының үлкен бір тобы прогрестік технологиялық процестер жасағаны және өндіріске енгізгені үшін 1985 жылы Лениндік сыйлықтың иегерлері атанды.

Іздеу-барлау, мұнай өндіру, мұнай өңдеу технологиясы түбегейлі түрде өзгерді. Техникалық прогресс өнеркәсіптің басқа салаларын да қамтыды. Техникалық прогресс негізінде республикада бұрын болмаған өнеркәсіп салалары өркендей бастады. Қазақстанда титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен, көтергіш крандар, т. б. өндірісі қолға алынды. Электротехникалық машина жөніндегі ірі кәсіпорындар пайда болды. Олардың қатарында Өскемен канденсатор, Қентау трансформатор және Семей кабель зауыттарын атауға болады. Павлодар машина жасау зауыты трактор зауыты болып қайта құрылды. Химия өнеркәсібі қуатты салаға айналды. Маңғыстаудағы мұнай және газ кен орындарын игеру жөніндегі ірі шаралар жүзеге асырылды. 1965 жылы Өзен кен орны өзінің алғашқы мұнайын берді.

Жеңіл және тамақ енеркәсіптері жаңа кәсіпорындармен толықтырылды. Алматы мен Шымкентте - макта-мата кәсіпорындары, Жезқазганда, Семейде және Ақтебеде трикотаж Ірабрикалары іске қосылды. Жамбыл мен Теміртаудағы азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындары өнім бере бастады. Бесжылдық ішінде республиканың экономикалық күш-қуаты есе, өңдірістік қорлары екі еседен астам артты.

1965 жылғы шаруашылық реформасы аясында жасалған қадамдар техникалық қайта жарақтаңдыру мәселелерінің шешілуіне, еңбек пен ендірісті ұйымдастыруды жетілдіруге оң жол ашты. Кәсіпорындар қызметін жоғарыдан реттеуге шамадан тыс әуестенушілік доғарылып, олардың шаруашылық дербестігі ұлғая түсті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие тәрізді экономикалық тұтқалар қозғалысқа келтірілді. Әрбір жұмыскердің, тұтастай алғандағы кәсіпорынның материалдық мүдделілігіне баса назар аударылды. »1266. „жыл. ішінде Қазақстаң бойынша өнеркәсіп кәсіпорны, олардың ішінде Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Шымкент цемент зауыты, Алматыдағы "Жетісу" аяқ киім фабрикасы және т. б. жоспарлаудың жаңа тәртібіне көшірілді. Басқарудың жаңа формаларына ауысқан кәсіпорындар жоспарларын асыра орындай бастады, олардың қайтарымдылығы да артты. Осыдан кейін басқа кәсіпорындарды да шаруашылықты жүргізудің осындай формасына көшіру ұйғарылды. 1967 жылдың аяқ шенінде бұл жүйе бойынша 193 кәсіпорын, яғни республиканың барлық енеркәсіптік кәсіпорындарының 10 проценті жұмыс істей бастады. Мұнда барлық жұмысшылардың төрттен бір бөлігі еңбек етті, Олардың өзі ғана өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемшің үштен бірі дерлігін өндіріп отырды. Содан кейінгі екі жылда 13 министрлік пен ведомство өз кәсіпорындарын шаруашылық жүргізудің жаңа жүйесіне кешіруді толык, аяқтады. 1970 жылға қарай кәсіпорындардың 80 проценті жоспарлаудың жаңа жүйесі бойынша жұмыс істей бастады. Қолға альшған шаруашылық реформасы кәсіпорындардың, құрылыс пен көліктің жұмысын жандандыра түсті.

Жаңа өнеркәсіптік аудандар құрылып, өркендетіліп, жаңа кен орындары игеріліп жатты. Маңгыстау түбегіндегі мұнай кенорындары шапшаң қарқынмен игеріле бастады. Каспий теңізінің жағасындағы Шевченко (қазіргі Актау) қаласьша таяу жерде әлемде тұңғыш рет атом қуатымен су тұщытатын қондырғы орнатылды. Республиканың жеңіл өнеркәсібі жедел қаркынмен өркендей бастады. Небары 5 жыл ішінде сала бойынша женіл және тоқыма өнеркәсібінің 14 фабрикасы мен комбинаты іске қосылды.

Өнеркәсіптің 60-жылдардағы қауырт дамуының нәтижесінде республика картасында жаңа қалалар пайда болды. Жаңа қалалардың дүниеге келуі пайдалы қазбалардың ірі кен орындарының ашылуына тікелей байланысты. Жұмысшы қалашықтары қалаларға айналды. Пайдалы қазбалар өңдіру орындарын жұмысшы кадрларымен қамтамасыз ету мақсатында елдің түкпір-түкпірінде ұйымдық жинақтау деп аталған шаралар жүргізілді. Мұндай жинақтаулар салдарынан республикадағы демографиялық жағдай бұрынғыдан да қиындап кетті. Мәселен, егер 1959-1964 жылдары Қазақстаыға жыл сайын орта есеппен 64 мың адам келген болса, 1965-1975 жылдары Қазақ КСР-інің халық шаруашылығына басқа республикадан 115 мың адам келіп қосылды. Жұмыс күшін сырттан тарту үшін оның өзіне лайықты идеологиялық астар да ойлаи табылды. Адамдар "бұрын ешкім қоныстанбаған" жерлерді игеруге келіп жатыр деген тұжырым ұдайы қайталанып отырды. Ал шыңдығында Қазақстан жері есте жоқ ескі замандардан бері жоғары мәдениет өлкесі, қазақ халқының рухани өмірінің тел бесігі болып келген еді. Бұл өлкедегі әрбір төбешік, әрбір сүрлеу бабалардың қастерлі есімімен аталған, халық зердесі дәл осы жерден бастау алатын. Бірақ әміршіл-әкімшіл жүйе мұндай мәселелер женінде бас ауыртып көрген емес. Соның салдарынан сәулеткерлік тұрғыдан егіздің сыңарындай ұқсас, көбінесе сол аймақтын географиялық және тарихи телтұлғасына мүлде кереғар, ведомстволар тұрғызған жана қалалар бой көтерді. Көптеген қалаларда экология тазалығын қорғау, өнеркәсіп қалдықтарын өңдеу және жою жөніңдегі шаралар жүргізу ойластырылмады. Әлеуметтік мәселелер жылдар бойына шешілмеді, ал адамдар ондаған жылдар бойы пәтерге жете алмады.

Дегенмен жұмысшы табының саны ұдайы есе келіп, 1970 жылдың басына қарай жұмыспен қамтылған барлық халықтың 56, 7 процентін құрады. Ал 1959 жылы оның үлес салмағы 47, 9% болатын. Қызметкерлердің де үлес салмағы өсе түсті, бірақ колхозшылар саны азайды. Казакстанда өнеркәсіптің дамуына және мұнайлы аудандардың игерілуіне байланысты темір жолдар жедел қалалар салына бастады. Бір жылдары көліктің авиацйялық, су жолы құбырлар, әсіресе автомобиль сияқты бір түрлері өркендеді. Автомобиль кәсіпшілік материалдық техниканың базасы нығайтылды. 1970 жылға қарай Қазақстанның қатты төсенішті автомобиль жолдарының ұзындығы 40 шақырымға жетті. Алматы, "Көкшетау, Жамбыл (Тараз, Ақмола, Астаңа, Қалаларында автокөлік жөндеу зауыттары тұрғызылды. 12 облыс орталығында жаңа автобекеттер іске қосылды.

Күрделі қаржы жұмсау көлемінің ұлғаюы, өндіріске қазіргі заман техникасының енгізілуі байланыстың түр-түрін өркендетуге мүмкіндік берді. Қалалық телефон станцияларының сыйымдылығы екі есе ұлғайды. Республиканың тоғыз облыс орталығы фототелеграф байланысымен қамтылды. Хат-хабарларды өңдеуді механикаландыру мен автоматтандыру нәтижесіңде хаттар, газет-журналдар иелеріне бұрынғысынан едәуір жедел жеткізілетін болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы Қазақстан
Жапониядағы ғылыми-техникалық прогресстің жалпы дамуы
60-жылдардың екінші жартысында Қазақстан дамуында болған өзгеріс
Халықаралық сауда тұжырымдамалары
Х1Х-ХХ ғғ. Қазақстанның ұлттық мәдениеті
Қазіргі қоғамдағы ақпараттың рөлі
Жаппай сауатсыздықты жою және халыққа білім беру
II дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастағы Таяу және Орта Шығыс
Ресейде тәрбие, мектеп және педагогикалық ой-пікірдің дамуы
«Тарихнама» пәні бойынша лекция сабақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz