Ұжым-тәрбиеқұралы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І. Кіріспе

1. 1. Ұжым- тәрбие құралы.

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Ұжымның даму кезеңдері, олардың бір - бірімен сабақтастығы.

2. 2. Оқушылардың ұжымын құру, ұйымдастыру және дамыту.

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Ұжым және жеке адам проблемасы қазіргі заманның ең өзекті әлеуметтік проблемаларының бірі болғандықтан педагогика ғылымының да басты мәселесі болып отыр.

Педагогика оқушылар ұжымын ұйымдастыруды және тәрбиелеуді жан - жақты тәрбиенің теориясы мен практикасының негізгі, жетекші проблемалары ретінде қарайды.

Тәрбие теориясының негізгі бір принципі - «ұжымда ұжым үшін, ұжым арқлы тәрбиелеу» деп анықталған. Тәрбиенің ең негізгі құралы мектеп ұжым, ол - ортақ мақсатпен, іс - әрекетпен, гуманистік қарым - қатынаспен және жоғары жауапкершілікпен біріккен балалар мен ересектердің одағы. Тұлғаны ұжымда тәрбиелеу идеялары қоғамның даму заңдарына жауап береді. Ол заңдылықтар адамның шынқарыштап дамуының бірден - бір көзі - адамдар арасындағы өзара қатынастарды ұжым негізінде құру болады деген дұрыс ұғымға негізделген. Ұжым проблемасын бірнеше қоғамдық ғылымдар зерттейді. Әлеуміттік ғылымдар саласында «ұжым» ұғымы ең бір маңызды категория болып есептеледі. Әлеуметтік психология адамдардың бір - бірімен қарым - қатынасының барысын анықтайды. Сонымен қатар педагогиканың негізгі категориясы - тәрбиленуші ұжым, ол ұжымның ерекше типі - өскелең ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан ұжым және оның проблемасы, әлеуметтік, күрделі әрі маңызды проблема болған және болып келеді. Оқушылар ұжымы - тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасампаздығын, күш - қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тимді құралы.

Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері А. В. Луначарский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, П. П. Блонский, С. Т. Шацкий, В. А. Сухомлинский аса зор көңіл аударып зерттеді. А. В. Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол, адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды. Н. К. Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым - қатынастарына үлкен мән берді. Балаларды ұжымда өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп тәрбиелеудің қажет екенін ескертті. Ол балалар қозғалысына байланысты бірсыпыра мәселелерді атап көрсетті. Олар: балалардың ұжымдық іс - әрекетінің формалары мен әдістері, өзін - өзі басқару және оны ұйымдастырудың әдістері т. б. А. С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс - әрекеті, қарым - қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болды. АС. Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білуі қажет.

А. С. Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті. Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды. Ұжым адамдарда жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі. Ұжымның өзін - өзі басқару органдары және өкілдері -ұйымдастырушылары болады. Әрбір ұжым - бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым контактылы ұжым - бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым - бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі, Мысалы, контактылы ұжым - бұл студенттер тобы, негізгі ұжым - факультет т. б. Қазіргі кезеңде А. С. Макаренко идеясын дамытуда И. П. Ивановтың «Коммунар әдісі» игі әсер етуде. Коммунар әдісінің мәні, ұжым өмірінің айқын бейнесін ұйымдастыру. Онда барлығы өнегелік принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс - әрекетінің әдісіне ұжымдық жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс - әрекеттері, ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру кіреді. Бұл мәселелер И. П. Ивановтың «Коллектившілдерді тәрбиелеу” атты еңбегінде қарастырылған.
Сонымен ұжым - бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық, іс -әрекетімен сипатталатын адамдар тобы. В. А. Сухомлинский балалар ұжыммын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде «Мудрая власть коллектива», «Коллективтің құдіретті күші» т. б баяндалды. ВА. Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым - қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В. А. Сухомлинскийдің қарым - қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Демек, ынтымақтастық балалармен қарым - қатынас жасаудың нәтижесінде туды.

Ынтымақтастық идеялары жаңашыл мұғалімдердің еңбектерінде ғылыми - әдістемелік тұрғыдан қарастырылған. Біздің елмізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы - мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.

Мектептегі оқушылар ұжымы - бұл іс - әрекеттермен (оқу, еңбек т. б. ) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі. Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар ұжымдарының типтары пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы, клубтар, сексиялар оқушылардың еңбек бірлестіктері т. б. Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды. Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезендерін айқындаған А. С. Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс - әрекеттің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара -қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты. Бірінші кезенде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды.

Талап іс - әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез - құлық нормасын үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдайларда бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін. Бірінші кезең аяқталуы үшін мына мәселелерді еске алған жөн: ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау; ұжым іс - әрекетінің дамуы; жеке адам арасындағы қарым - қатынас іскерлік және гуманистік қатынастардың пайда болуы; барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының бөлінуі;

Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі оқушылардың ұжымдық іс - әрекетін ұйымдастыру, оларды әртүрлі іс - әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру. А. С. Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.

Екінші кезенде ұжым өзін - өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарыно көшеді. Сондықтан бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс - әрекеттерін бақылау т. б.

Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш қуатын нығайту. Ұжымның бұл даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принципі қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.

Үшінші кезең - бұдан былай белсенді топтың және ұжым іс -әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық (ұжымдық) пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестік, бір - біріне ілтипатты болу сияқты болымды қасиеттер пайда болады.

Ұжымды ұйымдастыруды неден бастау керек? Ұжым әлеуметтік жанды тұлға. Сондықтан А. С. Макаренко: «Дұрыс тәрбиелеудің бірден - бір жолы жеке адамды тәрбиелеу деп санамаймын, бүтін ұжымды тәрбиелеу деп санаймын. Өзім де 17 жасымнан мұғалім болдым, өзімде көпке дейін ең жақсысы - жеке оқушыны ұйымдастыру, соны төрбиелеу, екіншісін, үшіншісін, оныншысын тәрбиелеу, бәрі де тәрбиелі болған кезде олар жақсы ұжым болады деп ойладым. Ал кейін мен жеке оқушымен сөйлеспей-ақ бәріне айту керек, әрқайсысы амалсыз көпшілікпен ортақ әрекетте болатындай форма жасау керек деген қорытындыға келдім. Міне сонымен біз ұжымды тәрбиелейміз, оны шыңдаймыз, оны мықты етеміз, сонан кейін оның өзі үлкен тәрбиеші күш болып алады. » - деп ұжымды ұйымдастыруды неден бастау қажеттігін түсіндірген.

Қандай болмасын ұжымды ұйымдастыру негізі оның мүшелерінің қоғамдық ортақ мақсатқа бағытталған ісі болады. Ұжым құруды мақсат ете отырып балалар ісін ұйымдастыруда ең алдымен педагогикалық міндеттерді шешу керек: іс - әрекетті тывдау және сол істің мақсаты мен мазмұнына балаларды қызықтыру. Оқушылар ұжымы іс - әрекеттің әртүрлі саласында қалыптасады. (еңбекте, ойында, оқуда т. б) . Талап қою ережелерінің педагогикалық негізі - талаптың бір - бірімен байланыстылығы, талап қоюға дайындық, алдын - ала ұжым ережелерін зерттеп білу, бірінші күннің зор шешуші рөлін түсіну, талап түсінікті, нанымды балалар орындай алатын, нақтылы, жігерлі түрде айтылуы, біртіндеп қиындатылуы, әр талаптың орындалу жолдары жәнесенімді, дәйекті болуы өзделінеді. А. С. Макаренко талап қоюдыең алғашқы кездесуді жалпы оқушылар жиналысын бастаудың пайдалы, нәтижелі екенін көрсетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ұлттық өнер университеті
Бастауыш сынып оқушысының тұлғасын қалыптастырудағы спорт пен дене тәрбиесінің ролі
Ұжым алдындағы мақсатты - перспективаны тандау
Ұжым және тұлға
Ұжым әлеуметтік жанды тұлға
Оқушылар ұжымы — тәрбиенің шешуші факторы
Оқушылар ұжымы туралы түсінік
Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызы құралы
Балалар ұжымы дамуының негізгі сатылары және оның қалыптасуы
Ұжымның даму кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz