Өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға әсері


Жоспар:

1. Өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға әсері

2. Химиялық қалдықтардың жіктелуі.

Шыққан көздеріне байланысты өндірістегі қалдықтар екі топқа бөлінеді - өндіріс қалдықтарынан және тұтыру қалдықтарынан.

Өндіріс қалдықтарына бұйым алу процессінде шыққан және жартылай немесе түгелімен өзінің бастапқы тұтыну сапасын жоғалтқан шикізаттың, материалдардың, шала бұйымдардың қалдықтары да жатады. Ол топқа сонымен қатар шикізатты химиялық жолмен өңдегенде, пайдалы кендерді шығарғанда және байытқанда шыққан, бірақ та өндірістік процесстің бағытталған мақсатына жатпайтын өнімдер кіреді. Өндіріс қалдықтарына сыртқа тасталынатын технологиялық газдарды немесе ақаба сулдарды тазалағанды шыққан қатты заттар да жатады.

Қауіпті қалдықтар деп құрамында зиянды зат тектері бар, қауіпті қасиеттер тән немесе жұқпалы аурулардың қоздырғыштары бар, сонымен қатар өздігінен немесе басқа зат тектермен қосылғанда адамның ден саулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіретін қалдықтарды айтады.

Қоршаған орта мен адам денсаулығына өте қауіпті қалдықтарға (арнайы қалдықтарға) шамамен 600-дей заттар мен қосылыстар жатады. Олардың құрамына кіретіндер:

  • пестицидтер және олардың құрамына кіретін химия өндірістерінің қалдықтары;
  • радиоактивті қалдықтар;
  • сынап және оның қосылыстары, сынапты термометрлер;
  • мышьяк және оның қосылыстары, құрамында мышьяк бар металлургиялық өндіріс пен жылу электр станцияларының қалдықтары; қорғасынның қосылыстары, көбіне олар мұнай өңдейтін және бояу өндіретін кәсіпорындардың қалдықтарында болады;
  • пайдаланылмаған медикаменттер, улы химикаттар, бояулар, желімдер, косметикалық заттар;
  • тұрмыстық химиялық құралдардың қалдығы;

Егерде өндіріс қалдықтары кейбір зиянды заттектердің табиғи ортаға өтуіне себебін тмгізетін болса, онда олардың осындай қабілеті артқан сайын қоршаған ортаға қатысты қауіптілігі де жоғарылап отырады.

Ресей мен Қазақстанның әр тұрғынына жылына келетін қатты қалдықтардың көлемі шамамен 15-16 т. Қатты қалдықтардың жинақталуы оларды өңдеу процесінің кеңінен дами алмағандығымен түсіндіруге болады. Қауіпті қалдықтардың тек 1/4 көлемі ғана қазіргі шақта өңделуге жататындар.

Радиоактивті қалдықтар. Қоршаған ортаға және тұрғындарға ерекше қауіптілік туғызатын қалдықтарға радиактивті қалдықтар жатады. Олар уран өндірістерінде, ядролық реактормен жұмыс істеген кезде, ядролық сынақтар өткізілгенде, радиоактивті изотоптарды қолданғанда, АЭС бөлшектеу және жұмыстарын жүргізген кездерде, радиоактивті медициналық аспаптардың бөлігі істен шыққанда пайда болады, сонымен қатар радиоактивті заттармен қатынасты объектілер қызметкерлерінің жұмыс киімі жатады.

2. Қалдықтарды жіктеу. Адам баласының кез-келген шаруашылық іс-әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флорамен фауна түрлерінің қысқарылуына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кен үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты оларды өңдеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жыюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрге айналандыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып жатыр.

Әр өнеркәсіп өндірістері өнім өндіруге ғана назарларын аударып қоймай қор айналымын жүзеге асыратын әдістерге көшсе, қоршаған орта ластанудан қорғанылады. Аз немесе қалдықсыз технологиялық кешендер ұйымдастыру қажеттігі айқын, яғни бір жердің шеңберінен аспайтын қалдықсыз өндірістер емес, қалдықсыз өндірістік кешендер туралы сөз көтерілгені орынды. Бұл жағдайда бір өндірістің қалдығы басқа өндіріске шикізат ретінде пайдалынады.

Қалдықтар өте көп мөлшерде пайдалы кендерді шығарғанда және байытқанда пайда болады. Қазіргі кезде қолданылатын технологияларға байланысты бастапқы алынған шикізат мөлшерінің 10 пайызы қалдыққа айналып отырады. Осыған байланысты бос жыныстан тұратын таулар пайда болады, көп көлемді сулар ағынға жіберіледі.

Пайдаға асырылатындарға-өңдейтін технология болғанына байланысты өнеркәсіптің өзінде немесе халық шаруашылығының басқа салаларында шикізат, шығарылатын өнімге қосымша зат, отын, жем, тыңайтқыш ретінде пайдаланылатын қалдықтар жатады.

Жанбайтын пайдаға асырылмайтын қатты және сұйық қалдықтар және т. б жатады. Бұларды өңдейтін технология әзірше болмағндықтан зиянсыздандыру үшін көмеді.

Жанатын пайдаға асырылатын қалдықтарға ағаш қалдықтары, макулатура, тоқыма материалдарының қалдығы, құрамында резина бар қалдықтар, пайдаланылған былғаныш, істен шыққан жарамсыз майларды, еріткіштерді жатқызуға болады. Бұл қалдықтарды зиянсыз түрге айналдыру үшін камералық цехта жағады да, бөлініп шыққан жылуды өндірістік айналымдарда пайдаланады немесе жанбайтын қалдықтарды зиянсыздандыруға қолданады.
Қалдықтарды жер астына, геологиялық кен орындарында (көмір шахталарының, тұз кендерінің оқпандарына, кейде арнайы жасалған оларға-полигондарға) немесе теңіз түбінің терең ойпандарына қайтадан шықпайтындай етіп орналастырады. Радиоактивті және едәуір улы қалдықтарды мүлде қауіпсіз етіп көму амалы әлі толығымен шешімін таппаған экологиялық проблеманың бірі болып табылады.

Улы қалдықтарды көму уақытша амалсыз қолданылатын шара, себебі бұл жағдайда қоршаған ортаның ластану қауіптілігі тұрақты сақталып отырады. Кейбір тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды көму алдында жағу арқылы олардың көлемін азайтуға болады.

Улы қалдықтардың әр уақытта қауіптілік (уыттылық) класын негізге ала отырып, оларды көму, сақтау, жинақтау, тасымалдау туралы шешім қабылданады.

Тау-кен металлургия қызметі, сондай-ақ электр энергиясын өндіріп шығару, елеулі көлемде қалдықтардың шығарылуымен қатысты, ол қоршаған ортаның ластануына апарады және олар тиісті түрде пайдаға асырылмаса, орналасқан аумақтың сырт келбетін тартымсыз етіп тұруға әкеп соқтырады.

Кен өндіруші кәсіпорындарымыз босаң және аршымалы жыныстар сияқты қалдық түрлерін шығарады, олар үйінділер түрінде қордаланып, қызметтері аяқталған соң, өз аумақтарын рекультивациялап, кеніштердегі пайдаланылып болған бос кеңістіктерді толтыруда қолданылады. Металлургиялық объектілер жергілікті жер бедеріне және су қоймаларына түсулерін болдырмау мақсатымен арнаулы қалдық қоймаларында және шлак үйінділерінде қордалануы қажетті болатын қауіпті қалдықтар ретінде жіктелетін қалдықтар мен шлактарды өндіріп шығарып отыр. Электр станциялары күл шлактары сияқты тығыз қалдықтар шығарады. Шығарылатын өзге қалдықтар су тазартқыш нысандардағы тұнбаларды, күкірт қышқылы өндірісінің шламдарын, және шаруашылық-тұрмыстық қалдықтарды қамтиды.

Қалдықтарымызды пайдаға жаратудың қосымша тәсілдерін іздестіріп табуды жалғастырып келеміз, мәселен, силикат кірпішін өндіру үшін де. Kazakhmys Copper бөлімшесінде сондай пайдаланылған шиналарды жөндеу жөніндегі зауыт іске қосылды.

Күкірт химиялық өнеркәсіптегі шикізаттың негізгі түрі болып табылады. Басқа шикізат өнімдеріне қарағанда, оны арнаулы өнім ретінде өндірмейді. S негізінен мұнайды, газды және мұнайлы құмдарды өндіру арқылы алынатын жанама өнім болып табылады. Күкіртті қолданатын негізгі сала, оны тұтынудың ең ірі секторы болып табылатын фосфорлы тыңайтқыштарды өндіруде кең қолданылатын күкірт қышқылын өндіру саласы болып табылады.
Дүниежүзілік нарығын шолу қазіргі кезде, кез-келген түрдегі күкірттің (КТК) үлкен бөлігі жанама өнім ретінде шығарылады. Қарапайым күкірттің 98% газ және мұнай өндіретін зауыттарда өндіріледі. Күкірт диоксидінің атмосфераға шығарылуын төмендету мақсатында, күкірт қышқылы үлкен мөлшерде металлургиялық комбинаттарда өндіріледі.
2008 жылы КТК өндірісінің көлемі 76, 3 млн тонна (S-ке қайта есептегенде) болды: мұнай және газды өңдеу арқылы алынған күкірт - 47, 9 млн тонна, таза қалпындағы күкірт - 0, 8 млн тонна, пирит - 6, 8 млн тонна, өзге түрдегі күкірт - 20, 8 млн тонна. Шығарудың негізгі түрі қарапайым күкірт болып табылады. 2008 жылы ол КТК өндірісініңң 64% құрды ( сурет1) .

2008 жылы қарапайым күкірттің негізгі өндірушілері Солтүстік Америка (15, 5 млн тонна), ТМД (9 млн тонна) және Таяу Шығыс (8, 5 млн тонна) болды. Дүниежүзілік өндірістің құрылымында берілген аймақтардың үлестері 32, 0%, 18, 3% және сәйкесінше 17, 2% болды . Шағын өндірістік орталықтары Шығыс Азия (12, 2%), Батыс Еуропа (9, 9%), және Латын Америка (4, 4%) болып табылады. Қытай пирит шығару бойынша (88%) дүниежүзілік көшбасшысы, сонымен қатар, түсті металлургияның газдарынан алынатын күкірт қышқылының ең ірі өндірушісі болып табылады.
British Sulphur Consultants болжауы бойынша, 2007-2017жылдары КТК-ң дүниежүзілік өндірісі 31, 1 млн тоннадан 105, 7 млн тоннаға дейін өседі. Шығару көлемі жылына орташа есеппен 3, 4% -ға өсіп отырады. Бұл өсімді негізінен қарапайым күкірт өндірісі арқасында жорамалданып отыр. Сонымен, көмірсутек шикізаттың өңделуі өседі, ал таза қалпындағы күкірттің шығарылуы, керісінше, төмендейді. Қарапайым күкірт өндірісі 2007 жылы 48, 6 млн тоннаға, ал 2017 жылы 74, 1 млн тоннаға дейін өседі. Өндіріс жыл сайын 4, 2% -ға дейін жоғарлап отырады. Қарапайым күкірттің ең жоғары өсімі. Таяу Шығыста - 10, 9 млн тонна (газды өңдеу), Шығыс Азияда - 6 млн тонна (Қытайда мұнай және газды өңдеу), ТМД- 3, 6 млн тонна (газды өңдеу), Латын Америкада - 2, 1 млн тонна (мұнайды күкірттенсіздіру) және Солтүстік Америкада - 1, 3 млн тонна (мұнай мен мұнайлы құмдарды өңдеу, газ өңдеуді төмендету) күтулуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кірпіш қалдықтары
ҚАНТ ЗАУЫТЫ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІН ТАЛДАУ
Өнеркәсіп саласы
Халық шаруашылығы салаларының қоршаған ортаға тигізетін әсері
Пластмассалар және оны өңдеу
Құрылыс қалдықтарының мәселелері
Өскемен қаласының қатты және тұрмыстық қалдықтармен ластануы
ӨНДІРІСТІК ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯНДЫ ӘСЕРІ
Өндіріс қалдықтарының тірі ағзаларға әсері
Алматы қаласын қалыптастырудағы географиялық және экологиялық мәселелер3і
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz