Арзан шикізатты табу және қолдану


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1. Арзан шикізатты табу және қолдану

2. Шикізатты кешенді пайдалану

3. Шикізатты қайта қалпына келтіру немесе регенерациялау

4. Өндірістік қалдықтарды қолдану

5. Тамаққа қолдануға болатын шикізат пен тамаққа қолдануға болмайтын шикізатты алмастыру

Арзан шикізатты табу және қолдану. Химиялық шикізаттың түрі де, қоры да өте көп. Жер қабатының жартысына жуығын оттек, кремний құрайды. Тоғыз элемент: O, Si, Al, Fe, Ca, Na, Mg, K, H жер бетінде 98%-н құрайды. Ал, басқа элементтер бірігіп, 1, 9% құрайды. Өмір үшін үлкен маңызы бар С элементі жер қыртысының 0, 35%-н құраса, 76 элементтің құрамына Pb, Hg, және As-ты қоса есептегенде, бар болғаны 0, 06%-ды құрайды.

Біздің елімізде химия өнеркәсібінде сексеннен аса элементтер пайдаланылады. Кейбір элементтер жоғарыда аталғандай өте аз мөлшерде кездеседі, сондықтан да біздің алдымызда тұрған үлкен міндеттердің бірі - шикізаттарды үнемді және тиімді пайдалану. Іс-жүзінде бұл: 1) арзан шикізатты табу және қолдану, 2) шикізатты кешенді пайдалану, 3) шикізатты қайта қалпына келтіру немесе регенерациялау, 4) өндірістік қалдықтарды пайдалану, 5) концентрленген шикізаттарды пайдалану, 6) тамаққа қолдануға болатын шикізатты тамаққа қолдануға болмайтын шикізатпен алмастыру.

Ең алдымен жергілікті шикізатты пайдалануға тырысу қажет, себебі ол қолданатын жерге жақын болғандықтан, транспорт шығынын қажет етпейді. Технологиялық процестің тиімділігі оңай қазып алынатын және арзан шикізатқа байланысты. Соңғы уақытқа дейін біздің елімізде химия өнеркәсібінде отын ретінде көмірді қолданды. Көмірдің үлесі (отын ретінде) еліміздің жалпы жылыту балансында 59%-ды құрайды. Ал газ бен мұнай бар болғаны 31%-ды құрайды. Көмірді темір жолмен тасығанға қарағанда мұнай мен газды труба жолдарымен тасу әлде қайда арзанға түседі. Мұнай мен газ оның үстіне қалдықсыз жанады және ол жанғанда жылуы көмірге қарағанда әлдеқайда көп бөледі. Көмірмен салыстырғанда мұнайдың өз құны 3, 5 есе, ал табиғи газдың өз құны 12 есе төмен. Техниканың дамуына байланысты бүгінгі күні өнеркәсіпте қалдықтарды және жартылай өнімдерді пайдалану мүмкіншілігі артып, кешегі өніріс қалдықтары бүгінгі бағалы шикізаттарға айналып отыр.

2. Шикізатты кешенді пайдалану

Шикізатты кешенді пайдалануда ешқандай өндіріс қалдықтары болмауы керек. Шикізатты кешенді пайдаланудың тағы бір үлкен маңызы - шикізаттың шығынын қысқартуға мүмкіндік береді. Табиғи газдан тыңайтқыш өндіру процесінде біз одан басқа шығын шығармастан, бір мезгілде каучук, сірке қышқылы, пластикалық массалар, химиялық талшықтар т. б. өнімдер аламыз.

3. Шикізатты қайта қалпына келтіру немесе регенерациялау

Реакцияға түскен заттарды қайта пайдалану үшін қайта қалпына келтіру - регенерациялау деп аталады.

NaCІ + NH 3 + CО 2 + H 2 O = NaHCO 3 + NH 4 CІ (1)

2NH 4 CІ + Ca(OH) 2 = CaCІ 2 + 2NH 3 + H 2 O (2)

Натрий хлориді ерітіндісі аммиакпен, көмірқышқылгазымен реакцияға түскен кезде сода алынады. Сода тұзымен бірге қалдық ретінде аммоний хлориді түзіледі. Бұл жерде аммоний хлориді ерітіндісінен аммиакты қайта қалпына келтіру үшін әктас сүтімен реакцияға түсіреді. Сол кезде кальций хлориді түзіліп, аммаиак бастапқы қалпына келтіріледі. Бұл реакцияларды - аммиакты регенерациялау процесі деп атайды.

4. Өндірістік қалдықтарды пайдалану

Шикізатты кешенді өңдеудің кең етек алғанымен қазіргі уақытқа дейін химия өндіріс орындарында қолдануға жарамайтын қалдықтар қалуда. Олар өз кезегінде қоршаған ортаны, су қоймаларын, ауаны ластайды. Мысалы: сода шығаратын зауыттарда өте үлкен мөлшерде құрамында еріген тұздары бар кальций хлориді сұйық күйінде жиналады. Зауыттардың жанындағы бұл ерітінділер ақ теңізді құрап, олар өз кезегінде айналадағы жерлерді құнарсыздандырады.

Химия мамандарының басты мақсаттарының бірден-бірі - қалдықтарды қоршаған ортада залалсыздандыру. Мүмкіндігінше қалдықтардың құрамындағы бағалы заттарды пайдалану қажет. Мысалы, көптеген қалдықтар (күкірт қышқылын өндірудегі қалдықтар, цемент зауытының шаңы, мырыш, мыс өндіруден қалған қалдықтар (шлак) және т. б) біздің елімізде тыңайтқыштар ретінде қолданылады.

Концентрленген шикізаттарды пайдалану

Жоғары сапалы өнім алу үшін концентрленген шикізаттарды пайдаланудың өндірісте маңызы өте зор, сондықтан оларды химия өнеркәсібінде қолдану кең етек алуда.

5. Тамаққа қолдануға болатын шикізатпен

тамаққа қолдануға болмайтын шикізатты алмастыру

Соңғы уақытқа дейін көптеген өнімдер мен материалдарды тамаққа қолдануға болатын шикізаттардан алған. Химиялық өнімдерді алу үшін миллиондаған тонналап бидай, картоп, өсімдік және жануартектес майлар жұмсалған. Мысалы: синтетикалық каучук өндіру үшін 10-11 тонна картоп және 4 тонна бидай жұмсалады. Жоғарыдағы мысалдардан химия өнеркәсібі адамға қажетті көптеген тамаққа пайдалануға болатын шикізаттарды көптеп қолданатынын байқауға болады.

Химия өндірісіндегі ең басты мақсаттардың бірі-тамаққа қолданылатын шикізатты тамаққа пайдаланбайтын шикізаттармен алмастыру.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Тойбаев И. Қ., Жұбанов Қ. А. Химиялық технологияның негіздері. - Алматы, ҚазМУ, 1994, б. 184.

2. Омаралиев Т. Мұнай мен газ өңдеу химиясы және технологиясы. Алматы., Білім, 2001.

3. Фурмер И. Э., Зайцев Н. В. Общая химическая технология. - М., Высшая школа, 1974. с. 264.

4. Литвин О. Б. Основы технологии синтеза каучуков. - М., Химия, 1972.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДСҰ мен Қазақстанның болашақтағы потенциалы
Эфир майларын өндіру
Кәсіпорын шығындары мен пайданы арттыру
Өндірістік қалдықтар
Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау
Табиғатты пайдаланудың экономикалық негіздері
Қосымша өнімдерді (субөнімдерді) өндіруде ветеринариялық санитариялық және өндірістік қадағалау
Химия өндірісінің шикізаттары
Химиялық энергия және шикізат. Қазақстандағы уран кен орындары, түсті металлургия және пайдалы қазба кен орындары
Шұжық дайындау технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz