Болашақ мұғалімдерді ақпараттық–компьютерлік және математикалық модельдеу негізі


Жоспар:
- КіріспеБолашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізі
- Негізгі бөлімБолашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесіБолашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі бойынша зерттеумен айналысқан ғалымдар
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Болашақ информатика, математика, физика, химия және кәсіптік білім пәндері мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде оқыту арқылы кәсіби дайындауды психологиялық-педагогикалық тұрғыда теориялық негіздеу, оның әдістемелік жүйесін даярлау болашаққа деген нық сенім. Себебі жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындаудың теориялық негізі анықталып, ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуге оқыту арқылы болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау әдістемелік-тәжірибелік тұрғыда негізделсе, онда олардың кәсіби дайындық үдерісінің тиімділігі артады және оқу үдерісінде ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуді тиімді пайдалана алатын мұғалім дайындауға болады.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қалыптасқан дәстүр бойынша 2007 жылғы 28-ші ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында Республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің негізгі даму басымдықтарын атап көрсетті. Қол жеткен нәтижелер - Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жоғары білім беру қызметкерлері үшін алтыншы міндеттің маңызы ерекше, онда «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу»-деп атап айтты.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті ақпараттық-компьютерлік технологиялар құралдарын педагогикалық іс-әрекетте кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді педагогикалық үдерісте ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдануға ғана емес, осы құралдарды жасауға дайындау өзекті мәселе болып табылады.
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениетті әлемдегі ақпараттық даму білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесін, әдістері мен технологиясын қайта қарауды талап етуде. Бұл үдеріс білімнің жаңа аймақтарына енудің қажеттілігі мен оны жеке тұлғаның толық көлемде меңгеруінің қиыншылықтары арасындағы қарама-қайшылықтары ретінде белең алып отыр. Осыған орай, бүгінгі ғаламдық білім беру кеңістігіне сай білім беру, танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, студенттің өзінің іс әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу - көкейкесті мәселе болып табылады. Өйткені, тек жоғары білімді маман ғана қоғамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени өркендеуінің көшбасшысы бола алады.
Білім саясатының өзекті мәселелері - кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.
Сондықтан жоғары мектеп педагогикасының күрделі де маңызды бір мәселесі студентті болашақ мамандығына оңтайландыру, кәсіптік біліктілігін дамыту, кәсіби бағдар берудің жаңа жүйесін жасау, іскер және құзіретті маман дайындау. Мұндай маман дайындау үшін білім беру үдерісін белсенділендіру, оқытудың жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін жетілдіру қажет. Оқу үдерісін белсенділендіру - берік те тиянақты білім берудің жолдарын қарастыру, студенттердің шығармашылық ойлауына, ізденуіне мүмкіндік жасау, оларды келешек мамандығына қызықтыра алу, оқу үдерісін ғылыми негізде ұйымдастыру және т. б.
Негізгі бөлім
- Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде даярлау үшін оларда ең алдымен практикалық іс - әрекет барысында пайда болатын мәселелерді формальды сипаттау дағдыларын, яғни ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу әдістері туралы кәсіби білім, білік және дағдылар жүйесін қалыптастыруды қажет етеді. Сонымен бірге негізгі алгоритмдік құрылымдарды, бағдарламалау технологияларын білу және бұл білімдерді есептерді математикалық моделдері бойынша шешу, ЭЕМ-мен, оның құрылғыларымен, ақпараттық технология құралдарымен жұмыс істеу және құрылған алгоритм бойынша ЭЕМ-ге арнап бағдарламалау тілдерінің көмегімен бағдарлама құру және компьютерлік моделін жасау үшін қолдана алады.
Замани ақпараттық жүйелерді қолдану дағдылары және олрдың көмегімен кәсіби практикалық есептерді шешу іскерліктері мен практикалық маңызды есептерді ЭЕМ көмегімен шешу нәтижелерін сауатты интерпретациялау іскерлігі және оның нәтижелерін кәсіби практикалық іс-әрекеттерде қолдану дағдылары болашақ мұғалімнің бойында қалыптастыру басты назарда болады.
Бұл талаптардың осы көлемде жүзеге асырылуы болашақ мұғалімдердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу бойынша сауаттылығының жоғары деңгейде қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осы келтірілген анықтамадан байқайтынымыз АКММ түсінігі «ақпараттық мәдениеттілік» ұғымына компьютерлік сауаттылықтың компоненттерін кеңейту арқылы және жаңа түсініктерді енгізу арқылы пайда болады, яғни барлық жаңа түсініктер ЭЕМ көмегімен есептерді шешу үшін ақпараттық - компьютерлік және математикалық модельдеу әдістерін қолдану мәселелеріне арналады.
Ақпараттық проблеманың пайда болуы, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты және бұл проблемаларды техникалық құралдармен де, жеке адамның, топтасқан қауымның қоршаған ортаға көзқарасын, қатынасын қайта бағдарлау жолымен де шешуге болады. Осы тұрғыда болашақ мұғалімдердің ақпараттық ой-өрісін, мәдениетін дамыту және олардың ақпараттық технологияларды меңгерумен қатар оларды жасау іскерлігін, дағдыларын қалыптастыру проблемасының көкейкестілігі күннен-күнге арта түсуде.
- Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі бойынша зерттеумен айналысқан ғалымдар::
Педагогика саласы ғалымдары (В. И. Андреев, Ю. К. Бабанский, Н. В. Кузьмина, В. В. Сериков, В. А. Сластенин, А. В. Усова, Н. Д. Хмель, Г. Қ. Ахметова, З. А. Исаева және т. б. ), маманды кәсіби даярлау үдерісінің психологиялық-педагогикалық негіздеріне, мамандықтың мәніне, өзіндік ерекшеліктері мен функцияларына тоқталады. Оның құрылымын негіздей отырып, маманның іс-әрекетінің кәсіби бағдарын, студенттердің шығармашылық және өздігінен дербес білімін жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік бағдар ұсынады.
Қоғамның қазіргі даму жағдайында еңбек сапасына талаптың
күшеюіне байланысты білім беру саласының дамуы жөніндегі Қ. М.
Арынгазин, Б. Б. Баймұханов, М. Ж. Жадрина, З. А. Исаева, С. Т. Каргин, Т. С. Көшеров, А. Қ. Құсаинов, Е. Ө. Медеуов, С. Е. Шәкілікова, Қ. Ералин, Л. С. Смановтың еңбектері; студенттердің кәсіптік және техникалық даярлығын қалыптастыруға арналған Ш. А. Абдраман, Б. Әбдікәрімұлы, В. В. Егоров, Л. Х. Мәжитова, М. С. Мәлібекова, Б. К. Момынбаев, О. Мұсабеков, Ы. А. Нәби, Ә. П. Сейтешев, О. С. Сыздықов, А. Нұғысова, С. Маусымбаевтың еңбектері; мамандар даярлаудағы әлеуметтік мәселелердің маңызы жөнінде Г. К. Ахметова, Е. З. Батталханов, З. Ө. Кенесарина, Г. Ж. Меңлібекова еңбектері; мамандар даярлауда арнайы пәндер мазмұнын оқыту тиімділігін арттыру туралы М. С. Молдабекова, Ж. Ж. Наурызбай, Л. А. Шкутина, К. М. Беркімбаевтың; білім беру саласында арнайы педагогикалық идеяларды іске асыруда және мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру жолдары туралы А. В. Усова, В. И. Земцова, В. И. Тесленко, И. Л. Беленок, М. А. Кұдайкұлов, А. Е. Әбілқасымова, Қ. Қабдықайырұлы, Н. Э. Пфейфер, Ш. Таубаева, Н. Д. Хмель, В. Г. Храпченков, А. Б. Абибуллаева, Б. Кенжебеков және т. б. ғалымдардың болашақ маман даярлау туралы еңбектерінің маңызы жоғары болды.
Маманның кәсіби іскерлігін қалыптастыру проблемасы да ғалымдардың зерттеу объектісінен тыс қалмады. Оны ғылыми-теориялық тұрғыда О. А. Абдуллина, В. А. Беликов, Г. Д. Бухарова, М. М. Левина, К. С. Оспанов, К. Өстеміров, Н. Н. Хан және т. б. ғалымдар негіздеді.
Жоғары білім беруді ұйымдастыру мен жетілдірудің қазіргі заманғы келелі проблемалары туралы және студенттердің жалпы этнопедагогикалық, графикалық, политехникалық, конструкторлық, әскери-патриоттық, туристік, технологиялық білімдері мен дағдыларын дамытуға Ю. К. Васильевтің, В. П. Кузьминаның, А. Н. Гудимованың, М. Ә. Құдайқұловтың, С. А. Ұзақбаеваның, Р. К. Дүйсембінованың, Қ. Б. Бөлеевтің, О. Сыздықовтың, Б. Қ. Момынбаевтың, М. Ж. Қозыбақовтың, Ж. Жаңабаевтың, Н. Б. Жаманқұлованың, О. С. Сәлімбаевтың, Б. Тойлыбаевтың, А. А. Саиповтың, А. А. Жолдасбековтың, М. С. Мәлібекованың, А. Нұғысованың, С. С. Маусымбаевтың, С. М. Кеңесбаевтың және т. б. зерттеулері арналған. Бұл ж±мыстар негізінен инженер-педагог, мұғалім сияқты халық шаруашылығының түрлі саласына мамандар даярлауға байланысты жүргізілген. Ал жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауда кейбір пәндер мен мамандық ерекшеліктерін ескере отырып, оқытуға қатысты зерттеулер, әлі күнге дейін толықтай қарастырылмай отырғандығы байқалады.
Оқу-тәрбие үрдісіне жаңалықты енгізу жүйесіне басшылық жасау мәселелері Н. В. Горбунова, М. В. Кларин, А. В. Лоренцов, П. И. Пидкасистый, Л. И. Романова, В. И. Загвязинский, Т. И. Шамова, О. Г. Хомерики және т. б. зерттеулерінде қарастырылған. Педагогикалық инноватика және оны меңгеруге мұғалімдерді даярлау М. М. Поташник, Н. Р. Ясуфбекова, И. И. Цыркун, Я. С. Турбовской, Ш. Т. Таубаева, С. Н. Лактионова және т. б. зерттеулерінде қарастырылған.
Педагогикалық технология, оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін В. П. Беспалько, М. В. Кларин, В. Н. Монахов, И. Я. Лернер, Қ. Қабдықайыров, Ж. Қараев және басқалар теориялық тұрғыда қарастырса, Л. В. Нефедова, М. В. Николаева, Т. А. Лавина, Г. Г. Брусницына, Г. К. Нургалиева, Г. Д. Жангисина және т. б. өз зерттеулерін мұғалімдерді ақпараттық, педагогикалық технологияларды қолдана білуге даярлау мәселесіне арнады.
Әртүрлі бағыттағы информатика курстарын жоғары оқу
орындарында оқыту әдістемелері М. П. Лапчиктің, А. А. Абдукадыровтың, Е. Ы. Бидайбековтың, С. А. Азаматовтың, Қ. А. Камардиновтың, Б. Бөрібаевтың, Қ. С. Әбдиевтің, К. М. Каримовтың, ал оқыту технологияларының жүктемесі мен пайдалану жолдары А. В. Солововтың, А. Я. Савельевтің, О. П. Околеловтың, Г. Д. Жангисинаның, Ш. М. Каланованың еңбектерінде баяндалған.
Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі саласында бірқатар еңбектер жарық көрді. Оларда - университеттерде информатикамен ұштасқан профиль мамандарын информатикаға оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіру (Е. Ы. Бидайбеков), жалпы білім беретін орта мектептерде информатиканы оқытуды жетілдіру (С. Қариев), мектептер мен университеттерде
информатика мен экономиканы біріктіріп оқыту жүйесін жетілдіру
(Б. Бекзатов), мәліметтердің иерархиялық құрылымдары негізінде компьютерлендірілген оқытуды ұйымдастыру В. В. Гриншкун жан-жақты зерттеледі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz