Ағзадағы су мен минералды тұздар


- КіріспеАғзадағы су мен минералды тұздар
- Негізгі бөлім
- Минералды тұздардың алмасуы
- Ағзадағы заттар алмасуының өзара байланысы
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ағзада тiршiлiк етуi үшiн су мен минералды тұздар да қажет. Адам сусыз бір күнде тіршілігін жасай алмайды. Сол сияқты ағзаға қажет су мен минералды тұздардың қажеттілігі айтпаса да түсінікті. Судың алмасуы минералды тұздардың алмасуымен тығыз байланыста және керісінше минералды тұздардың алмасуы да судың алмасуымен тығыз байланыста. Судың алмасуымен минералды тұздардың алмасуы адамға күнделікті қажеттіліктерін яғни энергияны, сергектікті және тағы басқа да қуаттарды бөледі.
Судың алмасуы және оны реттеу. . Тiрi ағзада зат алмасуы кезiнде жүретiн алуан түрлi химиялық өзгерiстер сулы ортада өтедi. Ересек адам денесiнiң 60-65% су. Сүттiң, сiлекейдiң, асқазанның құрамындағы су мөлшерi 90-99%, қанда 80-85%, бұлшық етте 76%, бүйректе 46%
Су ағзада әмбебап ерiткiш болумен қоса, көптеген химиялық реакциялар судың қатысуымен жүредi және ол арқылы жасушалар мен ұлпаларға қажеттi заттар әкелiнiп, ағзадағы заттар алмасуының ақырғы өнiмдерi сыртқа шығарылады. Ағзада су үш түрде кездеседi:
- бос күйiнде-қанда, лимфада, асқазан, iшек солдерiнде, сiлекейде, несеп, жұлын, ми сұйықтықтарын т. б.
- байланысқан түрiнде-жоғары молекулалы заттар: полисахаридтердiң, белоктардың, нуклеотидтердiң сыртқы гидрат қабықшасынық құрамына кiредi.
- молекула iшiндегi су жасуша құрылымдары: ядро, митохондрия, рибосомалар т. б. құрамында болады.
Ересек адамға тәулiгiне 1кг салмағына 40г су қажет (егер орташа салмағы 70 кг болса, оған 2, 5, -2, 8 л су қажет) . Алайда оның мөлшерi сыртқы ортаның температурасына, iшiлген тағамның ерекшелiгiне, жасаған жұмысының қарқынына байланысты өзгерiп тұрады. Су ағзада тёулiгiне 1, 5 л тағамдар арқылы (сұйық тағамдар мен 0, 7 л, қатты тағамдар арқылы 0, 7 л) келедi. сонымен қатар тiрi ағзаға заттар алмасуы кезiнде де су пайда борлады. Мысалы, 100гр май тотыққан кезде 107мл су, 100гр белоктан - 41мл, 100гр көмiрсудан 55 мл су пайда болады.
Ағзадан су несептен бүйрек арқылы тәулiгiне (1, 5-1, 6л-дей ), терi арқылы(0, 5-0, 6л) өкпемен(0, 4л), нәсептен (0, 2л) сыртқа шығады. Алайда оның мөлшерi сыртқы ортаның жағдайларының әсерiнен өзгерiп отырады. Әсiресе ауыр дене жұмысын орындағанда термен және деммен бөiнетiн судың мөшерi өседi де, бүйрек арқылы бөлiнетiн судың мөлшерi азаяды. Себебi бұл жағдайда су алмасуын зерттеуге қатысатын вазопрессин гармоны көп мөлшерде пайда болады. Су алмасуын реттеуге гипоталамус гармоны вазопрессин, қалқан және бүйрек үстi гармондары қатысады. Сонымен қатар парат гармон, альдостерон гармондары да судың алмасуына әсер етедi.
Минералды тұздардың алмасуы. Ағзадағы су алмасуы минералды тұздардың алмасуымен тығыз бйланысты. Олардың биологиялық маңызы алуан түрлi. Минералды тұздар жасуша, ұлпалрдың, құрамына кiредi.
Мысалы: Кальций фосфорлы және Минералды көмiрқышқылды қосылыс түрiнде сүйекте, қанда, лимфада кездесе дi. Ол қанның ұюына, бұлшық еттердiң жиырылуы мен босаңсуына, көмiрсулардың анаэробты жолмен ыдырауын жүргiзетiн және креатин фосфатты ыдырататын ферменттердiң белсендiлiгiн үдетуге активатор ретiнде маңызы зор.
Натрий мен кальций ағзадағы хлорлы, қос көмiрқышқылды тұздар ретiнде кездеседi. Бұл иондар сұйық ортаның осмостық қысым мөлшерiн сақтауға қатысады.
Темiр ағзада органикалық емес және органикалық қосылыстар ретiнде кездеседi. Ол қандағы гемоглобин мен бұлшық еттердегi миоглобиндердiң құрамына кiредi.
Мыс қанда, бауырда, мида, аз мөлшерде бұлшықеттерде болады. Ол тотықтырушы катлаза, цитохром, аскорбиноксидаза және лактоза ферменттерiнiң құрамына кiредi. Ол гемоглобиндi түзуге қатысады.
Ағзадағы сұйық орталардың реакциясын бiрқалыпты ұстап тұруда ондағы буфер жүйелерiнiң маңызы зор. Ағзаның сұйық ортасында кездесетiн буфер жүйелердi түзуге әр түрлi минералды заттар: бикарбонаттар, фосфорлы тұздар, аммоний тұздары, органикалық қышқылдардың натрий немесе калий тұздары қатысады.
Минералды заттардың алмасуы және оны реттеу.
Адам денесіндегі минерал тұздарының жалпы мөлшері салмағына 3-процентіне тең. Тәулiгiне адам ағзасында қажет минералды тұздардың мөлшерi оның жасына, жынысына, сыртқы ортаның жағдайына, қозғалыс әрекетiне сай өзгерiп тұрады. Ересек адамға тәулiгiне орта есеппен 8г- натрий, 3, 5г-калий, 0, 8г-кальций, 0, 5г -магний, 13-15мг темiр, 1, 0г-фосфор, 4г- хлор иондары қажет.
Ағзадағы тұздардың алмасуын реттеуге ортақ жүйке жүйесiмен қоса, бүйрек үстi, қалқанша бездерi маңындағы бездердiң гармондары қатысады.
Ағзадағы заттар алмасуының өзара байланысыТiрi ағзада жүрiп жататын заттар алмасуының әр кезеңдерi мен сатысында олардың тығыз байланыс бар екенiн көруге болады. Заттар алмасуының дайындық және қарапайымдалу кезеңдерiнде тағамдағы нәрлi заттар ыдырау арқылы аздаған аралық өнiмдерi пайда болады. Аралық өнiм табиғатына қарамастан сол ағзаға тән белоктар, ферменттер, липидтер, көмiрсулар т. б. заттарды жасауға немесе қуат көзi ретiнде жұмсалуы мүмкін.
Ағзадағы заттар табиғатына қарамай тотығуы кезiнде бөлiнген қуат АYФ -ның бойына жинақталады. Сонымен көмiрсу, липидтер, белоктар алмасуының өзара байланысы екi жағдайда iске асады: бiрiншiден, бiркелкi аралық өнiмдерiнiң болуы арқылы; екiншiден заттар алмасуының негiзiн қалайтын көптеген реакциялардың қайтымды болуының себебiнен көмiрсулар майларға, белок алмасуының өнiмдерi көмiрсу және майларды құрауға жұмсалады немесе керiсiнше. Мысалы, белсендi сiрке қышқылы (Ацетил-КоА) ағзада көмiрсулар (пирожүзiм қышқылынытотыға декарбоксилденуi), майлар (майлы қышқылдар мен глицериннiң тотығуы), белоктар (аминқышқылының кетонды қышқылдарға айналып ыдырауы) алмасу кезiнде пайда болып, одан әрi Кребс циклiнде тотығып қуат беруi, немесе ағзаға қажеттi майлы қышқылдар, кетоденелер, холестерин, стероидты гормондар, өт қышқылдарын т. б. заттарды құруда алғашқы өнiм болуы мүмкiн. Төмендегі кесте бойынша.
Нәрлi заттар
Белоктар
Липидтер
Көмiрсулар
Аралыөнiмдер
қуат
Ағзаға тән белоктар
Соңғы өнiмдер
Липидтер, көмiрсулар т. б.
Ағзадан сыртқа шығарылады
Белсендi сiрке қышқылының (Ацетил-КоА) айналымыБелоктар
Майлар
Көмiрсулар
Глицерин
Майлы қышқылдар
Аммиак
Пирожүзiм қышқылы
Белсендi - сiрке қышқылы
Кребс циклi
қуат
ацетилхолин
Кетонелер
Майлы қышқылдар
Холестерин
Стеройдты гормондар
Д витаминi
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz