Ағынды сулар


Жоспар:

  1. КіріспеАғынды сулар
  2. Негізгі бөлімАғынды суларды тазалаудың механикалық әдістері. Ағынды суларды тазалаудың химиялық әдістері. Ағыынды суларды тазалаудың биохимиялық әдістері. Ағыынды суларды залалсыздандыру термиялық әдістері.
  3. Қорытынды
  4. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ағынды суларды адам қажеттілігіне сай әр түрлі салаларда қолданады. Ағын суды ауыз су ретінде пайдалану үшін оны ең алдымен тазартып залалсыздандырып алу қажет. Себебі ағынды сулардың құрамы көп жағдайда таза болып кездеспейді.

Суды залалсыздандыру процесін шаруашылық - ауыз су жүйелерінде тұндырумен сүзуден кейін суда қалған бактерияларды жоюға қолданады.

Хлорландыру. Хлорландыру үшін әк пен сұйық хлорды пайдаланады. Хлорлы әкті өнімділігі аз станцияларда қолданады.

Хлорландырғанда хлордың гидролиз нәтижесі арқылы хлорлылау қышқылы мен тұз қышқылы пайда болады.

Cl 2 + H 2 O = HOCl + HCl

Хлорлылау қышқыл ( HOCl ) - тұрақсыз қоспа, оның диссоциациясы арқасында гипохлоритті ион ( OCl ) пайда болады. Бактерицидті әсер ететін осы хлорлылау қышқыл мен гипохлоритті ион.

Хлорландыру қажетті нәтижесіне жету үшін суға хлордың қосылғанынан кейін 30 минут өту керек.

Сүзілген 1 л суға 2-3 мг хлор қосады, ал сүзілмеген өзеннің 1 л суына 5-6 мг - ға дейін қосылады.

Тұтынушыларға баратын судың 1 литрінде 0, 3-0, 5 мг хлор қалу керек, оны қалдық хлор деп атайды.

Суға хлорды енгізу үшін хлораторлар қолданылады, оларды вакуумды және қысымдығы бөледі.

Озондандыру. Бұл прогресстік әдістеріне жататын шет елдерде кең қолданылатын әдіс. Озонды ( O 3 ) озонатор атты қондырғыда озон мен ауауның қосындысы түрінде шығарады. Ол үшін озонаторға тазаланған және құрғатылған ауаны жіберіп, бұл ауадан жіберіп, бұл ауадан электр разрядын өткізуде озон пайда болады. Озонатор қондырғының құрамына озонатормен бірге ауауны тазалайтын сүзгі, құрғататын адсорбер және озонды суға қосатын камера кіреді.

Суды залалсыздандыру үшін озонның мөлшері 1-2 мг/л - ге тең, ал сумен озонның қосылу уақыты 5-7 мин - ке тең болу керек.

Бактерицид сәулесімен өңдеу. Бұл әдістің негізінде суды бактерицидті әсері бар ультракүлгін сәулемен залалсыздандыру жатады. Қазіргі уақытта өндірісте жоғары қысымды сынап - кварцты және төмен қысымды аргон - сынапты бактерицидті суды залалсыздандыруға қолданатын шамдар шығарылады.

Өңделетін су сәуленің бактерицидтік әсері жақсы болу үшін мөлдір болғаны жөн. Электр энергиясының шығыны 10 - нан 30 Вт - сағ/м 3 - ке дейін. Залалсыздандыру құны хлорландыру құнынан аспайды. Бірақ жоғары лайлылығы мен түстілігі бар суларды залалсыздандыруға пайдалануда, сосын су тарататын торапқа жіберуде қалдық хлорды қамту үшін қосымша хлорландыру керек.

Суды арнайы өңдеу әдістері.

. Арнайы өңдеу әдістердің түрлері

Табиғи көздің суының қасиеттеріне және тұтынушылардың су сапасына қойған талаптарына байланысты суды арнайы өңдеуі қажет болуы ммүкін. Суды арнайы өңдеу әдістеріне оны жұмсарту, темірсіздендіру, тұрақтандыру, фторландыру және фторсыздандыру, тұщыландыру және тұзсыздандыру, газсыздандыру және салқындату жатады.

Суды жұмсарту

Шаруашылық - ауыз су жүйелерінде пайдалануға арналған суды өте сирек жұмсартады. Бірақ өндіріс кәсіпорындарда біраз технологиялық процестерде пайдалану үшін суды жұмсарту қажет. Мысалы, тоқыма, химия және тамақ өндірістеріне кермектілігі 1 мг - экв/л - дан аспайтын су керек, ал қазандыдағы орта және жоғары қысымды қазандарға жарататын судың кермектілігі 0, 3 мг - экв/л артық болмау керек.

Жұмсарту әдістерінен реагентті, катионитті және термохимиялық әдістер кең тараған.

Реагентті әдістің мәні суға кальций мен магнийдің қиын еритін қоспаларының пайда болуына әсер ететін реагенттерді қосу, сөйтіп осы қоспаның тұнбаға шөгуі. Реагентті әдістердің ішінде ең көп тараған әк - сода әдісі. Бұл әдісте судың карбонатты кермектілігін төмендету үшін әк қосады, ал карбонатсыз кермектілікті азайтуға соданы қосады. Суды жұмсартқаннан кейін тұнбаға түскен қоспаларды тұндырғышпен мөлдіреріткіштерде тазалайды.

Катионитті әдістің мәні суды ион алмасуы материал қабатынан сүзген кезде бұл материалдағы натрий мен сутегінің катиондары суда ерітілген кальций мен магнийдің катиондарымен айырбасталады. Алмасу реакцияның арқасында судағы кермектілік тұздарының катиондары алмасу материалға өтіп, ал натрий мен сутегінің катиондары суға өтеді. Бұл әдістерді Na - катионитті және H - катионитті әдістері деп атайды.

Катиониттердің жұмсарту қабілетін алмасу қабілеті деп атайды. Катионниттердің алмасу қабілеті біраз уақыттан кейін төмендейді, оны орнына келтіру үшін оқтын - оқтын катионитті сүзгіні регенерация жасау керек. Ол үшін ион алмасу материалдан ас тұздың әйтпесе күкірт қышқылының ерітіндісін өткізеді. Натрий - катионитті жұмсарту қондырғының схемасы 6, 1 суретінде келтірілген.

Термохимиялық әдістің мәні суды +100 0 С температураға дейін әк пен соданы қосып жеткізеді, сөйтіп карбонатты кермектілік тұздарын тұндырып кетіреді.

. Суды темірсіздендіру

Суды темірсіздендіру әдістеріне аэрация, коагуляндыру, реагенттік және катионитті әдістер жатады. Аэрация әдісімен суды темірсіздендіру қондырғысының құрамына аэрациялық құрылғы, түйіскен резервуар және сүзгі кіреді. Аэрациялық құрылғыда су оттегімен қанығып, жарым - жартылай көмір қышқылымен кетіріп, екі валентті темір үш валентті темірге тотықтанады. Ал түйіскен резервуарда темірдің гидроксиді тұнбасы пайда болып, сүзгіде оны ұстап қалады.

Реагентті әдіспен реагенттерді (коагулянт пен әк) ерітіп оны мөлшерлейтін құрылғы; аэратор - араластыру, мөлдіреткіш және сүзгі кіреді.

Катионитті әдіспен суды катионитті сүзгіде темірсіздендіреді. Катионит ретінде сульфокөмір пайдаланады.

Суды тұрақтандыру

Суды тұрақтандыру дегеніміз судың коррозия пайда қылатын және тұздардың қыртыстану қасиеттерін жойып биологиялық өсімдіктерге кедергі жасау әдістері. Суды тұрақтандыру көбінесе өндіріс кәсіпорындарын сумен жабдықтау айналма жүйелерінде қолданады, өйткені суды салқындату ғимараттарында булану арқасында суда тұздың концентрациясы жоғарылайды. Мұндай жүйелерде суды тұрақтандыру жылылық алмасу аппараттардажәне салқындатын құрылғыларда қаспақ пайда болуынан сақтап қалуына әсер етеді.

Суды тұрақтандыру әдістеріне қышқылдау, карбонатты тұрақтандыру, фосфаттандыру, купоростандыру және хлорландыру жатады.

Суды тұзсыздандыру мен тұщыландыру

Судан ерітілген тұздпарды терең кетіру әдісін тұзсыздандыру дейді. Бұл әдіспен судың тұз мөлшерін 0, 0001 мг/л - ге дейін төмендетуге болады. Бұл әдіс жылу электр орталықтағы жоғары және өте жоғары қысымды қазандарға, электрон өндірістерінде жарататын суды дайындайға арналады.

Ал ерітілген тұздарды жартылай кетіріп ауыз суына қоятын талапқа сәйкес етуге арналған әдістерін тұщыландыру әдістері дейді.

Тұзсыздандыру мен тұщыландыру әдістеріне: дистиляция, ион алмасу, электродиализ, кері осмос, экстракция және басқа да әдістері жатады.

Дистиляция әдісі дегеніміз суды булап оны салқындатқаннан кейінерітілген тұздардан босатылған конденсаттың пайда болуы.

Ион алмасу әдісінің негізі былай. Анионит сүзгілерді АВ - 17, ЭДЭ - 10П деген жасанды шайырмен, ал катионит сүзгілерді сульфатталған көмірмен, КУ - 1, КУ - 2 деген жасанды шайырмен толтырады. Бұлардан суды бірінен кейін бірін сүзгенде судағы тұздардың аниондары мен катиондары ұсталып тұз мөлшері азаяды.

Электродиализбен суды тұщыландыруда электродтағы жоғары кернеулі ток арқылы пайда болған электрлік өрісте судағы тұздардың катиондары мен аниондары бір камерадан ион алмасу мембранадан өтіп екінші камераға жиналады. Сөйтіп бірінші камерадағы су тұщыланады да, екінші камерадағы су тұзданады (6. 2 - сурет) .

Кері осмос (кейде оны гиперфильтрация дейді) деп суды өткізіп гидраттың иондары мен органикалық қоспалардың молекулаларына бөгет болатын жартылай өткізгіш мембрана арқылы сұйықты сүзу жолымен ерітінділерді бөлу процесін айтады.

Судың молекулаларының жартылай өткізгіш мембрана арқылы қозғалу схемасы 6. 3 - суретте көрсетілген.

Суды газсыздандыру

Суды газсыздандыру әдістері арқылы судан көмір қышқылын, күкірт сутекті, оттекті кетіреді, сөйтіп суды өндірісте пайдалануға дайындайды. Бұл үш газдар металға қарағанда коррозиялы - агрессивті газдарға жатады. Ал күкірт сутегі бетонға агрессивті болады.

Суңды газсыздандыру үшін химиялық және физикалық газсыздандыру әдістері қолданады. Химиялық әдісте суға газдарды байлайтын әр түрлі реагнеттер қосылады.

Физикалық әдісте суда аэрациялау қолданады.

Суға түскен органикалық заттардың ыдыраы ең алдымен аэробты (ауамен) тыныс алатын микроорганизмдердің қатысуымен іске асады. Ол үшін суда еріген көп мөлшерде оттек қажет. Әрине, бұл процесс органикалық қоспалар белгілі мөлшерде түскенде ғана қалыпты болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи сулардың негізгі ластану көзднрі
Тұрмыстық, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық ағынды сулар
Экология және судың ластануы
Өскемен қаласындағы жер үсті суларының ластауына экологиялық баға беру
Өскемен қаласының жер беті суының экологиялық жағдайына баға беру
Ағынды суларды тазарту
Су ресурстарын қорғаудың негізгі бағыттары
Ағын судан бөлініп алынған гетеротрофты микроорганизмдерді идентификациялау
Мұнай өңдеу зауыттарындағы ақаба суларын өңдеудің кешенді схемалары
Мұнай өндіруші кәіпорындарды сумен қамтамасыз ету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz