Абайдың көркем аудармалары


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Абайдың көркем аудармалары

Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ . . .

Абай не нәрсені жазса да түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қарамай жазды. Әр нәрсенің сырын, қасиетін терең сезініп жазған соң, сөздің бәрі де халыққа тіреліп, оқушылардың біліміне сын болып, емтихан болып табылады.

Абай Құанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей уезі, Шығңыс болысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында) дүниеге келген. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы уезіне аға сұлтан болған.

Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша хат таниды. Абайды әкесі он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді. Ол бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Навой, Физули, Фиродоуси шығармаларын өз бетімен оқып, ертегі, дастан, хисса сияқты әдеби мұралармен танысады.

Абай медреседе небәрі үш - ақ жыл оқиды, соңғы жылдары өз бетімен «приходская школаға» түсіп, орысша да оқиды. Бірақ мұндағы оқу ұзаққа бармайды. Жасы 13-ке келіп, ерте есейіп, ақыл - ойы тола бастаған шақта өткір, зейінді Абай әкесі Құнанбай ел билеу ісіне араластырып тәрбиелемек болып, оны оқудан елге алып кетеді.

Әкесінің жұмсауымен Абай ел ішіндегі әр түрі мәселелерге араласады. Ол көптеген ескі әңігімелерді, өлең - жырларды халық ішінен үйренеді.

Абай және қазақ, шығыс әдебиеті. Қаладағы медреседе үш жыл діни оқу арқылы Абай араб, парсы, шағатай тілдерін жетік біліп, шығыс ақындарының шығармаларымен танысуға мүмкіндік алды. Қазақтың халықтық өлең - жырларын, ертегі, қиса, аңыз - әңгімелерін әжесі Зере бәйбішеден, халық ақындары Шөже, Бәйкөкше, Балталардан естіп, жастай жадында сақтады.

Абай парсы, тәжік әдебиетінің кемеңгері Фирдоусидің, әзербайжан ақындары Низами мен Физулидің, парсы ақындары Сағди мен Шәмсидің, түрік ақыны Сейхалидің, өзбек классигі Новоидың көптеген шығармаларын, оның ішінде «Шаһнама», «Ескендір-нама», «Ләйлі - Мәжнүн», «Фархат-Шырын», және арабтың «Мың бір түн» сияқты тамаша туындыларын сүйіп оқып, сол арқылы Шығыс еллерінің тұрмыс - тіршілігімен, салт - дәстүрлерімен, әдет-ғұрыпымен танысты. Олардың кейбіреулерін өз шығармасының сюжетіне арқау етті. Мысалы, Абай Шығыс халқының «Масғұт» атты ертегінсін өз поэмасының мазмұына желі етеді.

Поэмасының түйінінде"Байлық та, хандық та ақылға табынған. Ақылды алған адам азып-тозбайды", "тіршіліктің тұтқасы ақыл мен білімде"деген қорытындыға келіп, жастарға соны үлгі етеді.

Ал"Ескендір" поэмасында көрші елдерге шабуыл жасап, ханын өлтіріп, халқын талап, жазықсыз жандардың қанын судай шашқан қанішер, жауыз Ескендірдің(Александр Македонскийдің ) шапқыншылық әрекетін суреттейді. Ақыры темір қорғанды қақпаға кездесіп, қамалды ала алмай дағдарысқа ұшыраған патшаға біреу орамалға түйген адамның бас сүйегін сыйға тартады. Оның мәнісін түсінбей ашуланған Ескендір ойшыл-ғалым Аристотельден жұмбақтың мәнін сұрайды. Аристотель адам көзі тіршілікте еш нәрсеге тоймайтынын, тек өлгенде топыраққа көміліп тынатынын айтады. Ақын. жауыздықты ізгілік жеңеді деп қорытынды жасайды.

Абай арабтың классикалық шығармасы "Мың бір түн "ертегісінен "Әзім әңгімесін "поэма етіп жазып, Бағдатта бояушы, суретші, алхимик Әзім атты жігіттің басынан кешкен уақиғасын баяндайды.

1860 жылдардың аяғында Абай өзінің білімінің таяздығын сезініп, Семей" қаласындағы Гоголь кітапханасына келіп орыс, Батыс классиктерінің шығармаларын өз бетінше ізденіп оқи бастайды. Осы кітапханадаЛ. Н. Толстойдың шығармаларын өз бетінше ізденіп оқи бастайды. Осы кітапханада Л Н. Толстойдың шығармаларын оқып жүріп, Е. П. Михаэлиспен кездесіп, танысады, кейін олар айырылмас дос болып кетеді. Михаэлис орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтов, Крылов, Некрасовтармен қатар революционер-демократ ағартушылар Герцен, Чернышевский, Добролюбов, Еуропаның ұлы ақын-жазушыларыШекспир, Байрон, Гетелердің, филосовтар Сократ, Платон, Аристотель, Дарвин, т. б. еңбектерін оқуға кеңес береді. Абайдың:"Дүниеге көзімді ашқан --Михаэлис "деуі осыдан туындаған. 1880 жылдары Михаэлис арқылы ол Долгополов(антрополов), Леонтьев(адвокат), сияқты Ресейден жер ауып келген демократтармен достасады. Олар жаз айларында Абайдың аулына келіп, қазақ өмірімен танысады. Абай бұлардың әсерімен Пушкиннің "Евгений Онегин"романынан үзінділерді, Лермонтовтың"Бородино", "Теректің сыйы", "Демон", "Жалау", "Жартас", т. б. ондаған өлеңдерін, Крыловтың"Қазаға ұшыраған қара шекпен", "Шегіртке мен құмырсқа", Бақа мен өгіз", "Піл мен қанден", "Есек пен бұлбұл", т. б. мысалдарын аударады. Гетенің "Қараңғы түнде тау қалғып"өлеңін орысшасынан аударып ән де шығарады.

Абай орыс, Батыс классиктерінің шығармаларын аударуда олардың өршіл бостандықты аңсаған "Бородино", "Қанжар", "Жалау"сияқты өлеңдерімен әділетсіздікті, топастықты әшкерелейтін мысалдарын таңдап, талғап аударған. Ақын орыс және батыс мәдениетін толғап, таңдап үйрену керектігіне көңіл бөледі. "Интернатта оқып жүр"деген өлеңінде сол кездегі қазақтың оқыған жастарының халық үшін қызмет етуден гөрі, пара алып баюды, шен алып, шекпен киіп патша әкімдеріне жағуды мақсат тұтатынына ызаланып :

Ойында жоқ бірінің,

Салтыков пен Толстой,

Я тілмаш, я адвокат,

Болсам деген бәрінде ой, -

деп мінеп-сынайды.

Пушкиннің атақты романы -"Евгений Онегинді" Абай бөлек-бөлек үзінділер түрінде аударады. "Онегиннің сипаты", "Татьянаның хаты", "Онегиннің ойы", "Онегиннің сөзі", "Онегиннің хаты", "Татьянаның сөзі".

Әрине, мұнда Пушкин романының ерекше көп жайлары аударылмай сырт қалады. Абай ол романның ішінен тек Онегин -Татьяна арасында кезек ауысқан күшті махаббат күйлерін ғана сөз қылады. Көбінше, Абайдың аударуына, хаттармен баян етілген роман қалыптанған тәрізді. Өз аудармасының соңында, Абай өз жанынан Онегинге ақырғы сөз береді. Бұл --Пушкинде жоқ, еркін өзгерістің, Абайдың сөзінше дәлелденген ерекше бір түр.

Абай бұл тұста Пушкиннің құр ғана аудармашысы болмаған. "Евгений Онегин" сияқты өлеңмен жазылған романның барлығын аудармаған. Өзінше қорытынды жасаған.

Абай аударған "Евгений Онегин" -ол шығарманың өзі емес, Абайға керекті болған тұқылы ғана болып шығады. Бұның себебі, Абайдың бұл шығармаға өзінше бір өзгеше мақсатпен келгенінен туған. Татьяна мен Онегин арасындағы жай-күйді де аяқ кезінде өзгертіп жібереді. Татьянадан күдер үздіргеннен кейін Онегинді Пушкин мысқыл етіп қылдырса, Абай оған Пушкиннің бұл герой туралы ешбір мақсат қылмаған өз мінездерін береді. Онегинге "Жарым жақсы киім киіп" деген сөзді айтқызып барып, өзін-өзі өлтіретін халге соқтырады. Абайша, Онегин мінезіндей мінез бен істің арты өлім болуға лайық.

Мінеки, кең көлемді романның сүйіспеншілік жыры ғана болып тарауы, екінші, ол сүйіспеншіліктің арты Пушкиннен өзгеше болып бітуі қалай.

Осымен қатар Татьяна, Онегин хатының сөздерін аударуда да Абай не Крыловты, не Лермонтовтың аударғандары сияқты дәлшілдік әдеттерін қолданбдайды. Оның Онегинді де, Татьянасы да Пушкиннің өзі айтқызған сөздерді оқта-текте ғана айтады. Бұлардың ой-сезімі де Абайша, кейде қазақ жастарының айтуынша шығарады. Пушкин өлеңінің сыртқы әр алуан түрлерінен, әр түрлі өлшеу ырғағынан Абай екі - ақ түрлі тұрақты белгі қып ұстайды. Оның бірі -өлең жолын жыр сияқты етіп 8 буыннан құрау. Екіншісі -Пушкиннің өзінде өзге ұйқастармен қатар, көбірек кездесетін шалыс ұйқасты алу . Одан басқа жақтарында Абай өз бетімен еркіндеп, Пушкиннен ойқастап кетіп те отырады.

Сонымен қатар ескерте кететін бір мәселе, Абай аудармасының жаңағыдай ұшқарырақ боп шығуын, Абайдың Пушкинді шала түсінгендігінен, Пушкин шығармасына үстірт, селқос қарағандығынан деп тануға болмайды.

Жалпы өлеңдік жағынан, тіл кестесінің шеберлік, сезімшілдік, терең толғаулық жағынан қарағанда, Онегин, Татьяна хаттары Абайда осал шыққан өлеңдер емес. Ол Абайдың бұл жырларды күшті ынтамен нықтап зер салып, тырыса жазғанын көрсетеді.

Абай Татьяна мен Онегиннің ішкі сезім сырларын ашқанда, өз қолынан келген ақындық, шеберлік, ізденушілік өнерінің бәрін жұмсайды. 1889 жылға дейін, Абайдың өзі жазған өлеңдерінде Татьянаның хатындай, немесе соңғы жауабындай және де Онегиннің "Құп білемін сізге жақпас" деген хатындай өлеңді ұшырата алмаймыз. Бұл өлеңдерде Абай бұрын қолданбаған тың түр табады. Онысы -- шалыс ұйқасты қолдану.

Абай Татьянаның тілімен қазақ қызының жүрегіне қоса тіл бітіреді, Онегиннің ойлы- сырлы өкінішімен қазақтың саналы жігіт, жас буынын үлгілі сезімдерге тәрбиелейді. Бұл жөнде Абайдың аударған Татьяна, Онегині Пушкин шығармасында болған үлкен бір қасиетті ашады. Татьяна -- Пушкиннің өзінде "орыс жанды" орыс қызы болумен бірге, адам баласының үлкен қасиет, зор сипаттарға ие болған жан еді. Абай аудармасындағы ерекше ірі көркемдік пен ақындық шеберліктің өзгеше боп құрылған күйлі келісімдері себепші боп отыр.

Татьяна мен Онегин сөздерін танытқан Абай жолдарының, шумақтарының олқысы жоқ деуге болады. Кей жерлерін алсақ та, бұрын айтылмаған үнемі тың және қазақ тілімен бұрынғы шақтарда хат жүзіне түсіп көрмеген, соны тіл, мөлдір таза сезімдер бал-бұл жанып тұрғанын көреміз.

Осындайлық шеберлікке жету үшін Абай алуан теңеуді, сирек шешендікті және өзінің оқушысы білген неше алуан жарарлық түсінікткрді түгел қолданады. Мысалы : Татьянаның Онегинге жазған хаты:("Амал жоқ - қайттім білдірмей") өлеңінен көруімізге болады.

Амал жоқ-- қайттім білдірмей,

Япырмау, қайтіп айтамын ?

Қоймады дертің күйдірмей,

Не салсаң да тартамын.

Тіршілігім--құрбандық,

Шыдамай сені көргенше.

Тәңірімнен келген бұл жарлық,

Ием-- сенсің өлгенше.

Күтемін сізден қайта хат,

Қуандырып дертім жаз.

Өз хатыма өз көзім

Ұялып, қорқып баға алмас.

Онегиннің Татьянаға жауабы.

Таңғажайып бұл қалай хат,

Жаза алыпсың толтырып.

Жарамайды бекер алдау,

Теңің емес мен сенің.

Ол -- жас ағаш, бір қызыл гүл,

Сорлы Онегин, жолды өзің біл,

Қай тарапқа қаңғырар.

Ішкі сезім толқындарын барынша нәзік, өткір орамды шеберлікпен келтірген. Абайдың ақындығы осы еңбек арқылы өзі де биік белге шыққандай болады. Абай жастарға үлгі етеді. Абайдың көбінесе сол Татьяна, Онегин жайын басқа тілде оқитын жастарға да арнап жазбақшы болғанын байқаймыз. Татьянаның тілімен қазақ қызының жүрегіне қоса тіл бітіреді. Онегиннің ойлы- сырлы өкінішімен қазақтың саналы жігіт, жас буынын үлгілі сезімдерге тәрбиелейді. Бұл жөнінде Абайдың аударған Татьяна, Онегині Пушкин шығармасында болған үлкен бір қасиетті ашады. Татьяна Пушкиннің өзін "орыс жанды" орыс қызы болумен бігге, адам баласындық үлкен қасиет, зор сипаттарға ие болған жан еді. Өз халқына, оқушысына өз тұсында ұғымдырақ ету үшін Татьяна мен Онегинді сол өз жұртының тіл- түсініктеріне, кейбір ұғым-нанымдарына жақындап, жанастыра түседі.

Шеш көңілімнің жұмбағын,

Әлде бәгі алданыш.

Жас жүрек жайып саусағын,

Талпынған шығар айға алыс, --

деген аудармада Абай Пушкиннің өзіне жақын барып, шеберлік тапса, Онегиннің хатында басқа сырды көрсетеді.

Михрабымсың, бас ұрамын,

Тіл жете алмай ғұзіріме.

Жетпедім не жасырамын,

Гауһарімнің қадіріне, --дейді.

Кейін Татьянаның сөзінде және де мұсылмандық ұғымнан "талақ етіп бұл ғаламды" дейтін бір түсінікті келтіреді. Немесе бұрынырақ кезде бір айтатынымыздай, орыстың дворян қызына қаспақ қырғызады.

Қаймақ еді көңілімде,

Бізге қаспақ болды жемдегізеді

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай аудармаларының көркемдік сипаты
АБАЙДЫҢ ӨЛЕҢ - СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ ӨЛЕҢІН АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Абай шығармашылығы
Абай мен Пушкин шығармаларындағы үндестік
Халық ауыз әдебиеті және көне түркі әдебиеті, жыраулық поэзия
Поэтикалық аудармаға түсінік
М.Ю. Лермонтов поэзиясының қазақ тіліне аударылуы және Абай шығармасымен байланысы
Абайдың өлеңдерді аударғандағы аудармашылық таланты
Қазақстандағы аударма өнерінің даму кезеңдері
Абайтанушы ғалымдар Абай Құнанбаевтың шығармашылығы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz