Атмосфераның табиғат пен тірі организмдер тіршілігіндегі рөлі



I. Кіріспе
1.1. Атмосфера
II. Негізгі бөлім
2.1. Атмосфераның табиғат пен тірі организмдер тіршілігіндегі рөлі
2.2. Атмосфераның ластану көздері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Жер атмосферасы (грекше: atmos-бу және sphaira-шар)- Жерді қоршап тұрған газды қабықша. Атмосфера деп Жерді онымен бірге айнала жүріп оны қоршап тұрған газды ортаны айтамыз. Атмосфераның массасы 5,15-5,9 х1015 тонна. Атмосфера жер бетіндегі барлық тіршілік процестерінің жүруін қамтамасыз етіп, адамзат тіршілігінің барлық жақтарына үлкен әсер етеді.
Атмосфера құрылысы бірнеше қабат құрылымнан тұрып, тропосфера, стратосфера, мезосфера және термосферадан тұрады. 1000 км және одан ары қарай экзосфера болып,онда атмосфералық газдар әлем кеңістігіне таралады. Осы қабатта атмосфера бірте-бірте планета аралық кеңістікке ауысады.
Атмосфераның Жер бетіне ең жақын қабаты «тропосфера» деп аталады. Бұл қабаттың орта ендікте теңіз деңгейінен биіктігі- 10-12км, экваторда- 16-18км, полюстерде- 7-10км. Осы қабатта жауын-шашын, бұлттар түзіліп, найзағайлар күн күркіреуі жүреді. Тропосфераның жоғарғы жағында 40км-ге созылатын стратосфера қабаты орналасқан. Онда ылғалдылық біршама төмен, атмосферадағы озонның көп бөлігі осы қабатта жинақталған, озон Күннің ультракүлгін сәулелерін сіңіріп, атмосфераны қызып кетуден сақтайды.
1.Мукатаева Ж.С. Химиялық экология практикумы.-Алматы,2010.-85 б.
2.Исидоров В.А. Экологическая химия: Учебное пособие для вузов. – СПб: Химиздат, 2001.-304с
3. Скурлатов Ю.И., Дука Г.Г., мизити А. Введение в экологическую химию:
Учебное пособие для хим. и хим.-технолог.спец.вузов-М.: Высшая школа, 1994.-309с
4. Панин М.С. Химическая экология: учебник для вузов.- Семипалатинск, 2002.- 825с.
5. Богдановский Г.А. Химическая экология: Учебное пособие. – М., 1994. -225с.
6. Беспамятнов Г.П. предельно-допустимые концентрации химических веществ в окружающей среде. – Л.: Химия, 1985. -528 с.
7. Скурлатов Ю.И., Дука Г.Г., Мизити А. Введение в экологическую химию. – М.: высшая школа, 1994.-399с
8. Орлов Д.С. Экология и охрана биосферы при химическом загрязнении.- М.: Высшая школа, 2002.-334с
9. Корте Ф. Экологическая химия.-М.: Мир, 1997.-396с

Жоспар:
I. Кіріспе
0.1. Атмосфера
I. Негізгі бөлім
0.1. Атмосфераның табиғат пен тірі организмдер тіршілігіндегі рөлі
0.2. Атмосфераның ластану көздері
I. Қорытынды
II. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Жер атмосферасы (грекше: atmos-бу және sphaira-шар)- Жерді қоршап тұрған газды қабықша. Атмосфера деп Жерді онымен бірге айнала жүріп оны қоршап тұрған газды ортаны айтамыз. Атмосфераның массасы 5,15-5,9 х1015 тонна. Атмосфера жер бетіндегі барлық тіршілік процестерінің жүруін қамтамасыз етіп, адамзат тіршілігінің барлық жақтарына үлкен әсер етеді.
Атмосфера құрылысы бірнеше қабат құрылымнан тұрып, тропосфера, стратосфера, мезосфера және термосферадан тұрады. 1000 км және одан ары қарай экзосфера болып,онда атмосфералық газдар әлем кеңістігіне таралады. Осы қабатта атмосфера бірте-бірте планета аралық кеңістікке ауысады.
Атмосфераның Жер бетіне ең жақын қабаты тропосфера деп аталады. Бұл қабаттың орта ендікте теңіз деңгейінен биіктігі- 10-12км, экваторда- 16-18км, полюстерде- 7-10км. Осы қабатта жауын-шашын, бұлттар түзіліп, найзағайлар күн күркіреуі жүреді. Тропосфераның жоғарғы жағында 40км-ге созылатын стратосфера қабаты орналасқан. Онда ылғалдылық біршама төмен, атмосферадағы озонның көп бөлігі осы қабатта жинақталған, озон Күннің ультракүлгін сәулелерін сіңіріп, атмосфераны қызып кетуден сақтайды.
Стратосферадан кейін 50км биіктікке мезофера қабаты орналасқан. Мезофера температурада одан әрі қарай төмендеп, 80 км биіктікте-700С-қа түседі. Мезоферадан жоғары белгілі шекарасы жоқ термосфера орналасқан, одан 500-600 км биіктікте температура +16000 жетеді. Атмосфераның қабаттарында ауа биіктеген сайын сұйылып, қысым төмендейді.
Ең соңында Жерден ең алыста 800-1600км қашықтықта экзосфера орналасқан.
Атмосфераның биогеоценоздың компоненті ретінде топырақ бетіндегі, топырақтағы және қуыстарындағы ауа қабаттарын құрайды.
Ғалымдардың пікірінше, қазіргі заманғы атмосфераның шығу тегі екінші реттік және ол Жердің қатты қабықшасынан планета түзілгенен кейін бөлінетін газдардан түзілген. Жердің геологиялық тарихы барысында Жердің атмосферасы түрлі факторлар: атмосфералық газдардың космос кеңістігінде бөлінуі, вулкандардың әрекетінен газдардың бөлінуі, күннің ультрокүлгін сәулелері әсерінен молекулалардың ыдырауы, атмосфера компоненттері мен жер қабығының жыныстары арасындағы химиялық реакциялар нәтижесінде бөлінетін газдар әсерінен үлкен эволюцияны кешірді.
Атмосфераның дамуы геологиялық және геохимиялық процестермен, сол тірі организмдердің тіршілік әрекеттерімен тығыз байланысты. Атмосфера Жердің беткі қабатын оның қалың қабаттарына өту кезеңде көпшілігі жанып кететін метеориттердің зиянды әсерлерін сақтап тұрады.
Атмосфера құрамының қалыптасуына үлкен әсер ететін тірі организмдердің тіршілік әрекеттері өз кезегінде осы атмосфералық жағдайларға тікелей байланысты. Атмосфера тірі организмдерге зиянды әсер ететін Күннің ультрокүлгін сәулелерін көп бөлігін ұстап қалады. Атмосфералық оттегі өсімдіктер мен жануарлардың тыныс алу процесіне қатысса, ал көмір қышқылы өсімдіктердің қоректенуіне қатысады. Климаттық факторлар, әсіресе, жылу режимдері мен ылғалдылық адамдардың денсаулығы мен тіршілік қызметіне әсер етеді. Сонымен қатар адамның тіршілік әрекеті атмосфераның құрамы мен климатқа үлкен әсер етеді. Планетадағы оттегі тірі заттар арқылы 5200-5800 жылда толық жаңарады. Ал оның бүкіл массасы 2 мың жылда тірі организмдер сіңірсе, көмірқышқылын -300-395 жылда сіңіреді.
Жер атмосфераның газ құрамы ерекше. Егер Юпитер мен Сатурнның атмосферасы негізінен сутек пен гелийден, Марс пен Венераның атмосферасы- көмір қышқылы газынан тұрса, Жердің атмосферасы азот пен оттектен тұрады, сол сияқты аз ауыспалы компоненттер бар. Атмосфераның ең маңызды ауыспалы компоненті- су буы. Су буының негізгі массасы тропосферада, өйткені атмосфераның қабаттары жоғарылаған сайын оның концентрациясы азая береді.
Атмосфера процестерге, әсіресе стратосфераның жылу режиміне озон үлкен әсер етеді. Озон стратосферада жинақталып, күн радиациясының ультракүлгін сәулелерін сіңіреді. Ендік пен жылдың мезгіліне байланысты озонның бір айдағы орташа мөлшері өзгеріп отырады, оның қалыңдығы 2,3-5,2 мм аралығында болады. Жалпы табиғатта озонның мөлшері экватордан полюстерге қарай жоғарылайды. Қазіргі кезде адамның шаруашылық тіршілік әрекетінің әсерінен атмосфераның озон қабатының бұзылуы байқалуда. Мысалы, озон қабатының бұзылуына әсер ететін фреондар деп аталатын галогенді қосылыстар. Бұл қосылыстар бөлме температурасында қайнайды, өте ұшқыш, Жердің бетінде химиялық инертті, мұздатқыш қондырғыларда қолданылады. Фреондар стратосфераға көтеріліп, фотохимиялық айырылу реакциясына түсіп, біздің планетамыздың ультракүлгін сәулелерден сақтайтын, озон молекулаларын ыдырататын, химиялық реакциялардың катализаторы болып саналатын хлор аниондарын бөледі. Қазіргі кезде озон қабатының жағдайына қатаң бақылау-мониторинг жүргізілуде. Озон қабатының бұзылуына үлкен зардаптарға әкелуіне байланысты бірқатар елдер қазіргі кезде фреондар өндірісі мен оны пайдалануды қысқартып отыр, дегенмен де жалпы әлемде бұл көрсеткіш әлі де жоғары күйінде қалғандықтан олардың атмосферадағы концентрациясы да жылдан жылға ұлғайып отыр.
Көптеген бақылаулар бойынша озон қабаты атмосферада біркелкі таралған. Солтүстік жарты шар атмосферада оңтүстікке қарағанда фреондардың концентрациясы-8-9 жоғары.
2. Өндірістің қарқындап дамуына және отын түрлерін кең масштабта жағуға байланысты атмосферадағы бос оттектің қоры азайып, ал көмірқышқыл газының мөлшері жоғарылауда. Нәтижесінде табиғатты көміртектің айналымы бұзылды деуге болады. Академик А.П.Виноградов зерттеулер нәтижесінде көмірқышқыл газының концентрациясы жыл сайын 0,2-ға ұлғайып отырғанын анықтайды. Адамзат қоғамда адам баласы отты ең алғаш рет қолданған күннен бастап осы күнге дейін түрлі жану процестерінде 273 млрд. тонна оттегі жұмсалған болса, соның 246 млрд.тоннасы, яғни соңғы жарты ғасырда ғана жұмсалған. Көміртек айналымының бұзылуы мен атмосфераның көмірқышқыл газының концентрациясының жоғарылауы Жердің барлық химиялық тепе-теңдікке үлкен әсер етеді.
Атмосфера табиғи және жасанды жолмен ластанады.
Табиғи ластану. Атмосферада үнемі белгілі мөлшерде шаң болады. Шаң табиғатта жүретін табиғи процестер нәтижесінде түзіледі.
Шаңның үш түрі болады: минералдық , органикалық және космостық. Тау жыныстарының үгітілуі мен бұзылуы, вулкандар атқылауы, орман, дала, торфтардың өртенуі, теңіз беттерінен судың булануы минералдық шаңның түзілуіне себеп болады. Органикалық шаң ауада аэропланктондар- бактериялар, саңырауқұлақтың споралары мен өсімдіктердің тозаңдары, т.б. түрінде және өсімдіктер мен жануарлардың ыдырау, ашу, шіру өнімдері түрінде болады. Космостық шаң жанған метеориттердің қалдықтарынан түзіледі. Табиғи ластанудың бір түрі космостық шаң атмосферадағы жанған метеориттер қалдықтарынан түзіледі, 1 жыл ішінде оның мөлшері 2-5 млн. тоннаға дейін жетеді. Табиғи шаң жер атмосферасының негізгі құрам бөлігі болып табылады. Табиғи шаң бөлшектері органикалық немесе бейорганикалық болуы мүмкін, олардың радиусы шамамен 10-3 -10-4 см болады және топырақ пен тау жыныстарының үгітілуі, вулкан атқылауы, орман, дала, торфтардың өртенуі немесе су беттерінен булану нәтижесінде түзілуі мүмкін. Атмосфераның төменгі қабаттарындағы шаң сусыз шөл далалардан пайда болады немесе аэропланктондар- бактерия, өсімдік споралары, саңырауқұлақтар, өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарының шіру, ыдырау өнімдерінен түзіледі.
Мұхит үстіндегі ауа атмосферасында магний, натрий, кальций тұздарының майда кристаллдары болады, олар су шашырандылары ауада құрғап қалғанда түзіледі. Әдетте табиғи жолмен ластану биогеоценоздар мен онда тіршілік ететін организмдер үшін аса көп зиян келтірмейді.
Атмосфералық шаң Жер бетінде жүретін кейбір процестер үшін белгілі роль атқарады. Ол су буларының конденсациялануы үшін, олай болса жауын-шашынның түзілуіне әсер етеді. Бұнымен қатар күн радияциясын сіңіріп тірі организмдерді күннің зиянды сәулелерінен қорғайды. Академик В.И. Вернадский атмосфералық ауа планетамыздың химиясында маңызды роль атқарады деп жазды.
Жер бетіндегі заттардың биологиялық ыдырауы, оның ішіндегі топырақ бактерияларының тіршілігі күкіртсутек, аммиак, көмірсутектер, азот көміртек оксидтерін орасан зор мөлшерінің түзілуіне әкеліп соғады.
Жасанды ластану. Атмосфераны ластаушылардың ең негізгілері транспорт түрлері, әсіресе автомобильдердің жанар майларына жану өнімдері болып табылады. Француз ғалымы Ж. Детридің есептеулері бойынша, автомобильдерден бөлінген газдардың құрамында көмірқышқыл газы-9, көміртек оксиді-4 , көмірсутектер-0,5, оттек-4, сутек-2, альдегидтер-0,004, азот оксидтері-0,06, күкірт оксидтері-0,006 барлығы 200ге жақын компоненттер бар екенін анықтайды. Қоршаған ортаға көміртек, күкірт канцерогенді заттар, мысалы 3,4- бензопирен мен қорғаныс өте зиянды әсер етеді.
Атмосфераға транспорттардан бөлінген газдардың құрамында 25-27 қорғасын болатыны анықталған. Және оның 40 диаметрі 5 мкм- ге дейін болатындықтан ауада ұзақ уақыт сақталып, онымен бірге адам организміне түсетіндігі белгілі болды.
Қазіргі кезде бүкіл әлемге шамамен 500 млн аса автомобиль жүріп тұрса, үлкен қалалардағы атмосфералық ауаның тазалығын сақтау адамзат үшін қаншалықты маңызды екені түсінікті. Масалы, Лос-Анджелес қаласының ауасын үнемі 2,5 млн автомобиль, Парижде-900мың, т.с.с. ластайды. Ал әрбір мың автомобильден күніне ауаға 3000 кг көміртек оксидтері, химиялық қоспалар тыныс алу кезінде адам мен жануарларға аса зиянды болып табылады.
Ауа бассейнін күкіртті газбен және шаңмен ластаушы жылу электр станциялары. Қуатты орташа жылу электр станциясы 1 сағатта 80т көмір жағып, атмосфераға шамамен 5 т күкіртті ангидрид және 16-17 т күл бөледі. Атмосфералық ауаның тазалығына үлкен әсер ететін жағылатын отынның сапасы, жағу әдістері, газтазартқыш қондырғылар мен қалдық бөлетін трубалардың биіктігі. ЖЭС газға көшіру зиянды қалдықтар мөлшерін біршама азайтады.
Зиянды газдарды авиациялық траноспорт та бөледі. Ж.Детридің есептеулері бойынша, реактивті самолеттер ұшу кезінде 1 сағатта 0,7 кгм3 альдегидтер, 6,5 кг көміртек оксиді, 1,7 кг көмірсутектер, 4,3 кг азот оксидтері, 6,3 кгм3 қатты бөлшектер бөледі екен.
Атлант мұхиты арқылы ұшып өтетін бір реактивті самолет, 8 сағат ұшу кезінде осы уақытта 25000 га жердің орманы бөлетін оттекті жұмсайды екен.
Атмосфераның антропогенді ластану жолдары жылу энергетикасы, мұнай, газ өңдеу өнеркәсіптері, транспорт, термоядролық қаруларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологиялық ырғақ. Фотопериодизм
Биологиялық ырғақтар
Биологиялық процестер ми құбылыстардың сипаты
Геоэкология
Биогеохимияның негізгі концепциялары
ЭКОЛОГИЯ ЖƏНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ. Оқу құралы
Биогеоценотикалық жүйелер
Экология ғылымының қалыптасуы, тарихи кезеңдері
Экологиялық мектептердің қалыптасуы туралы
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері мақсаттары мен міндеттері
Пәндер