Сулар. Су ресурстары


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
Жоспар:
- КіріспеСулар. Су ресурстары
- Негізгі бөлімЖердегі су қорларыТабиғи сулар. Табиғи суларды ластаушы негізгі көздер
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Су ресустарының «мұхит - атмосфера - жер - мұхит» системасындағы айналым процестерінде тамаша бір қасиеті - өздігінен қайта қалпына келу қабілеті. Табиғатта тұщы суды материктерден мұхиттар мен теңіздереге, олардан қайтадан кері қарай қайта алып келетін алып «механизм» үнемі жұмыс істейді.
Гидросферадағы өздігінен тазару процесі заттардың айналымымен байланысты. Бұл процесс табиғи суларда оларда тіршілік ететін тірі организмдердің тіршілік іс-әрекеттері нәтижесінде жүзеге асады. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі табиғи сулардың осы қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау.
Әрбір су көзі - түрлі тірі организмдер, сол ортаға тән арнайы организмдер, өсімдіктер, микроорганизмдер тіршілік ететін, олар үнемі көбейіп, өліп отыратын тірі, не химиялық қосылыстар түсетін болса, онда өздігінен тазару процесі тез жүріп, су өзінің бастапқы таза күйіне қайта келеді. Өздігінен тазару процесіне әсер ететін факторлар түрліше. Олардың шартты түрде үшке бөлуге болады: физикалық, химиялық және биологиялық.
Судың өздігінен тазару процесіне әсер ететін физикалық факторлардың ішінде ластаушы заттардың сұйылуы, еруі және араласуы негізгі роль атқарады. Өзен суының, интенсивті ағысы судағы ластаушы заттардың жақсы араласып, концентрацияларының төмендеуіне себеп болады. Судағы ерімейтін тұнбалардың су түбіне шөгуі ластанған судың өздігінен тазаруына жағдай жасайды. Микроорганизмдер өз салмақтарымен, немесе судағы органикалық және органикалық емес заттарға қосылып, олармен бірге су түбіне шөгеді.
Судың өздігінен тазаруына әсер ететін аса маңызды физикалық фактор Күннің ультрокүлгін сәулесі. Бұл сәулелердің әсерінен су зарарсызданады. Ультрокүлгін сәулелер белокты коллоидтарды және микроб клеткалары протоплазмалардың ферменттерін жойып жібереді.
Жер планетасындағы судың жалпы мөлшері - 1386 млн. км 3 . Бұл судың 96, 5% Әлемдік мұхитқа тиесілі.
Мұхиттардың орташа тереңдігі 3704 м ал ең тереңі - 11034 м Жер қойнауының жоғарғы бөлігінде түрлі тереңдікте жер асты суының қоры бар. Тұщы сулар әдетте, 150-200м тереңдікте орналасады да, тереңдеген сайын тұздана береді.
Жер астындағы тұщы сулардың көлемі жер бетілік тұщы су көлемінен 100 есе көп. су табиғатта үш түрлі агрегат күйде (қатты, сұйық, газ) кездеседі.
Қазіргі кезде адамзат қоғамында бір жылда тұщы судың 3000 км 3 шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңінде 1500 тонна 1 тонна күрішке - 7000 тонна, мақтаға 10 000 тонна су жұмсалады.
Жердегі су қорлары
Өнеркәсіпте 1 т. өнім алу үшін болат, шойын - 15-20м 3 , кальцийленген сода - 10, күкірт қышқылы - 25-80, азот қышқылы - 80-180, синтетикалық жібек - 300-400 м 3 , синтетикалық талшық - 500, мыс - 500, пластмасса - 500-100, синтетикалық каучук - 2000-3000 м 3 т. с. с су жұмсалады. Қуаты 3 квт/сағ. Жылу электр станциясына жылына 300км 3 су қажет.
Соңғы жылдары өзен, көл, теңіз бен мұхит суларының ластануы қатты байқалуда. Табиғи суларды ластаушы негізгі көздер төмендегілер:
1) өндіріс орындарынан шыққан поллютанттар бар атмосфералық сулар;
2) фекалийлер, детергенттер, микроорганизмдер (олардың ішінде патогенді де) бар тұрмыстық сулардан құралған ағызынды сулар;
3) суды көп пайдаланатын қара металлургия, химия, орман-химия, мұнай өңдеу өнеркәсіптерінің ағызынды сулары.
Өндірістің дамуына және суды пайдаланудың артуына байланысты ағызынды сулардың мөлшері де артып отыр. 60жылдардың өзінде-ақ жыл сайын әлемде 700млрд м 3 ағызынды сулар жиналатын еді. Өзендердің ластануы соңғы жылдары қатты байқалып
Кейбір тағам өнімдеріндегі су шамасы %
Сүт
Ет (сиыр еті)
Жұмыртқа
Балық
Алма
Қозқұйрық
Помидор
87
64
75
82
84
92
95
Судың негізгі физикалық қасиеттері.
![]()
![]()
Судың үш күйінің диаграммасы.
![]()
Судың синтезі мен анализі
Жерорта теңізінде - 3, 9,
Қара теңізде - 1, 9,
Каспий теңізінде - 1, 3,
Балтық теңізінде - 1, 6
Арал теңізінде - 1,
Балқашта - 0, 2,
Алакөлде - 0, 8% тұз бар.
Судың реакция ортасын анықтау үшiн арнаулы реактивтер индикаторлар, сол сияқты шыны электродты рН-метрлер қолданылады. Универсал индикатор қағазы арқылы рН мөлшерiн 0, 2-0, 4 бiрлiкке дейiн анықтауға болады.
Судың рН көрсеткiшiн потенциометрлiк әдiспен 0, 02 дәлдiкке дейiн анықтауға болады. Бұл әдiс бойынша зерттелетiн су мен шыны электродтың мембранасының сыртқы бетi мен стандарт ерiтiндi мен электрод мембранасының iшiк бетi аралығындағы потенциалдар айырмасы арқылы сұйықтың рН мөлшерi табылады.
Шыны электродтың iшкi стандартты ерiтiндiсiнде сутек иондарының концентрациясы тұрақты болады, сондықтан мембрананың iшкi бетiнiң потенциалы өзгермейдi. Потенциалдар айырмасы электродтың сыртқы бетi мен зертелетiн ерiтiндi (су) арасында пайда болған потенциалдар арқылы табылады.
Жалпы кермектiк (Н ж ) - судағы екi валенттi катиондардың, негiзiнен, кальций мен магний катиондарының болуына байланысты қалыптасатын судың табиғи қасиетi.
Кермектiк жалпы, карбонатты, тұрақты және уақытша болып бiрнеше түрлi болады.
Уақытша (Н у ) және карбонатты (Н к ) кермектiк судағы кальций мен магнийдiң карбонаттары мен бикарбонаттарының болуына байланысты.
Суды қайнатқан кезде бикарбонаттар нашар еритiн карбонаттарға айналып, қақ түрiнде тұнбаға түседi де, су бiршама жұмсарады, яғни кермектiгi азаяды.
Ал тұрақты (Н т ) және карбонатты емес (Н ке ) кермектiктер судағы кальций мен магнийдiң хлоридтерi, сульфаттары және басқа да тұздарының болуына байланысты. Бұл кермектiктердi төмендегi формулалар бойынша табуға болады:
Н т = Н ж - Н у ; Н ке = Н ж - Н к
Жалпы кермектiгi 3, 5 мг*экв/л болатын су жұмсақ, 3, 5-7 мг*экв/л - орташа кермек, 7-10 мг*экв/л - кермек, ал 10 мг*экв/л - ден жоғары су өте кермек болып саналады.
Судың жалпы кермектiгi трилонометриялық әдiспен анықталады. Бұл әдiсте қолданылатын негiзгi реактив - трилон Б - қышқылының қос натрий тұзы -
(COONa - CH 2 ) 2 - N - CH 2 - CH 2 - N - (CH 2 - COONa) 2
Судағы кальций мен магнийдiң иондарын анықтау трилон Б реактивiнiң бұл иондармен сiлтiлiк ортада сутектiң бос иондарының кальций мен магний иондарының орнын баса отырып берiк комплекстi қосылыстар түзу қасиетiне негiзделген.
Индикатор ретiнде реакцияға магний иондарымен қанық қызыл түстi қосылыс беретiн қара хромоген қатысады. Магний иондары жойылғанда ерiтiндi көк түске боялады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz