Атмосфера. Атмосфераны ластаушы көздер



Жоспар:
I. Кіріспе
1.1. Атмосфера. Атмосфераны ластаушы көздер
II. Негізгі бөлім
2.1. Ауа құрамындағы негізгі химиялық элементтер және олардың атмосфераға әсері
2.2. Газшаңды қалдықтардың өсімдіктерге әсері
2.3. Ауыр металдар
2.4. Қышқылдық жауын.шашын. Оның табиғатқа әсері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Табиғаттың ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың консентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды консентрациядан артық болуы да жатады.
Қаланың тіршілік ортасының жағдайын анықтаушы көптеген факторлардың ішінде атмосфералық ауаның сапасын анықтау ерекше орын алады. Қала түтіні қазіргі өнеркәсіптердің техникалық қамтамасыз етілуінің және урбанизацияланған территориялардың транспорттық инфрақұрылымының ең жағымсыз нәтижелері болып отыр.
1. «Жалпы экология», А.Т. Қуатбаев, Алматы, 2008, - 312бет.
2.Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экологиядан оқу-әдістемелік құрал. – А, 2000
3.Ф.И.Фурсов «Экологические проблемы окружающей среды». Алма-ата. «Ана-тілі». 1991ж.
4. А.Т. Тұрарбеков. Жалпы экология., Астана-2009ж.
5.Б.Әбдірайымов «Экологиялық зиян: сипаттамасы, денсаулыққа әсері, сот арқылы өтелуі». Алматы 2001ж.

Жоспар:
I. Кіріспе
1.1. Атмосфера. Атмосфераны ластаушы көздер
II. Негізгі бөлім
2.1. Ауа құрамындағы негізгі химиялық элементтер және олардың атмосфераға әсері
2.2. Газшаңды қалдықтардың өсімдіктерге әсері
2.3. Ауыр металдар
2.4. Қышқылдық жауын-шашын. Оның табиғатқа әсері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Табиғаттың ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың консентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды консентрациядан артық болуы да жатады.
Қаланың тіршілік ортасының жағдайын анықтаушы көптеген факторлардың ішінде атмосфералық ауаның сапасын анықтау ерекше орын алады. Қала түтіні қазіргі өнеркәсіптердің техникалық қамтамасыз етілуінің және урбанизацияланған территориялардың транспорттық инфрақұрылымының ең жағымсыз нәтижелері болып отыр.
Көшеде тоқтап, құлақ салсаңыз МАЗ және ЗИЛ сияқты автокөліктердің дарылдаған дауысын және серіппелі темір есіктердің жабылған дауысын, ауладағы бала-шаға айқайын естисіз. Магнитофондар және теледидарлар, зауыттардағы цех станоктарының және машиналардың гүрсілі құлақ тұндырады. Осының барлығы күнделікті көрініс.
Уақыт ағымына, ғылым жетістігіне байланысты жаңа дыбыс құралдары жасалып, олардың күші өсті .
Ғылым және техника табыстарымен, қарқынымен урбанизациямен бірге шудың деңгейі де тоқтаусыз өсті.
Шу - үлкен санды қарапайым типті әртүрлі биіктер мен күштерден тұратын дұрыс емес, қалыпты емес дыбыстардың жиынтығы.
Шу - өркениетті заманымыздың өзіне тән өндірісінің шығыны, күн өткен сайын біздің өмірімізге кеңірек басып кіреді.
Қаланың ластану көзі көпшілікке мәлім. Ол біріншіден сапасыз маймен жүретін көліктер мен көк түтінін будақтатқан жылу стансалары мен әлі күнге пеш жағып отырған жеке үйлер. Табиғи ресурстарды реттеу басқармасының мәліметі бойынша, соңғы жылдары жағдай біршама түзелген. Мысалы, көлік саны жарты миллионнан кеміген. 20 мың жеке үйге газ жеткізілген. Жылу стансалары бірқатар қондырғыларын жаңартқан. Дегенмен, жүре түзелетін көшке де түрткі керек. Мысалы, айлық барысында қала бойынша жол полициясы 13 экологиялық бекет ұйымдастырмақ. Олар көліктің сыртқы келбетін, оның ауаны ластау деңгейін тексеріп, талапқа сай келмесе, тиісті шара қабылдайды. Қалаға мұндай көлік жіберілмейді. Жаңа тәртіп бүгіннен бастап күшіне енеді.
Қазіргі уақытта қазақстандықтардың қолданысындағы жеңіл автомобильдердің 59 пайызы, жүк машиналарының 84 пайызы, автобустардың 57 пайызы 12 жастан асып кеткен. Мамандардың пайымдауынша, ірі қалалардың ауасын ластауда көліктердің үлесі басымырақ. Олар ластанудың 60-70 пайызын жасауда. Мысалы, Алматыда автокөліктер жылына ауаға 200 мың тоннаға жуық зиянды қалдықтар шығарады екен. Бұл жалпы зиянды қалдықтардың 90 пайызын құрайды. Қостанайда жылына 163,2 мың, Шымкентте 106,0 мың, Қарағандыда 100,0 мың тонна зиянды қалдықтар ауаға араласады.
Қазір Еуроодақ елдері Евро-4 стандартын ендіріп, оның талаптарын қатаң түрде сақтап келеді. Кейбір елдер көп ұзамай Евро-5 стандартына өтпек. Мұндай халықаралық нормалар алғаш 1993 жылы пайда болды. 1996 жылы Евро-2, 2000 жылы Евро-3 стандарттары жасалды. Еуро-5 нормасы келесі жылдың соңында жасалмақ. Мұндағы мақсат көліктердің газды түтінінен ауаға бөлініп шығатын қорғасын, күкірт, бензол, тағы басқа аса зиянды заттарды мүмкіндігінше азайту. Бүгінде ТМД елдері арасынан Ресей, Украина, Белоруссия, Өзбекстан, Молдова және Балтық жағалауы елдері Евро-2 стандартын ендірген.
Мұндай шара Жер атмосферасының қызуы артып кетпеуі үшін қажет екені белгілі. Қызу температурасын өткен ғасырдың басындағы көрсеткіштен 2 градусқа арттырып алсақ мәңгі мұздар еріп, әлемді топан су қаптауы ғажап емес. Ондайдың бетін аулақ етсін.

Газшаңды қалдықтардың өсімдіктерге әсері ауыр металдар.
Экотоксиканттардың үлкен қашықтықтарға таралуы олардың физикалық және физика - химиялық қасиеттеріне, яғни булануына, ұшқыштығына, ерігіштігіне, т.б. байланысты. Қазіргі кезде табиғи ортада бақыланып отырған ластаушы химиялық заттардың негізгілерінің бірі - ауыр металдар. Бұп бір жағынан металдардың биологиялық активтілігіне байланысты. Сонымен қатар, олар биохимиялық айналымға түскенде ұзақ сақталады.
Үздіксіз әсер етуші химиялық заттардың аз мөлшерінің өзі өсімдіктер, жануарлар және адам ағзасына канцерогенді әсер етеді. Көптеген ауыр металдар, олардың ішінде қорғасын, кадмий, хром, никель, сынап - улы заттардың қатарына жатады. Олар тірі ағзаларда жинақталып, ұзақ уақыт бойы сақтала алады және аккумуляцияланған у ретінде әсер етеді. Бұл заттардың тірі ағзадағы концентрациясы қоршаған ортадағы концентрациясымен салыстырғанда 100-500 есе жоғары.
Адам әрекеті нәтижесінде қоршаған ортада, атап айтқанда топырақ, су, атмосфера, тірі ағзалар құрылымында қорғасын миграциясы үлкен көлемді қамтиды. Атмосфераның өздігінен тазалануы барысында қорғасынның айтарлықтай бөлігі өндіріс орнының айналасына шөгеді немесе жауын- шашынмен бірге құрлық пен мұхиттарға қайтып оралады. Қорғасын массасының құрлық пен әлемдік мұхит арасындағы таралуы мынадай жағдайдахудың құрамындағы қорғасынның орташа концентрациясы 1 мкгл болатын өзен суы мен мұхитқа жылына суда еритін қорғасынның шамамен 40-103 т қосылады, өзен суының түйіршікті фазасында жылына 2800-10 т, жүқа органикалық дентритте 10-103 т қорғасын кездеседі. Ауыр металдардың миграциялық ағыны мүхитқа тек өзен суымен ғана емес, атмосфера арқылы да түседі. Континентальды шаң арқылы мұхитқа жылына (20-30)-103 т қорғасын түседі. Жаңбыр суы арқылы түскен мөлшері жылына (400-2500)-10 т болып бағаланады. Аса улы ауыр металдардың бірі- кадмий. Оның 1970-ші жылдардағы әлемдік өндірісі жылына 15-10 тжеткен. Атмосфераға бөлінген кадмийдің көлемі жылына (1,7-8,6)-10 т құрайды.
Адам өз әрекеті нәтижесінде химиялық элементтердің табиғи ағымын түбірімен өзгертті. Антропогенді нысандардан атмосфераға бөлінетін қорғасын қалдықтары табиғи қалдықтармен салыстырғанда 18,3 есе, кадмий-8,8 есе, мырыш-7,2 есе жоғары.
Биота мен су түбіндегі ауыр металдардың концентрациясы суға қараганда анағүрлым жоғары. Су түбінде ауыр металдардың концентрациясы: мырыш- 160, мыс-25, қорғасын-47, никель-43, күміс-0,37 мгкг дейін жетеді. Су түбінде ауыр металдар біркелкі таралмайды, негізінен органикалық заттар шоғырланған жерлерде көп кездеседі.
Ауыр металдар - биологиялық активті заттар. Олардың мұндай қасиетін ағзадағы ұлпалармен, олардың компоненттері немесе функциональды топтарымен байланысуынан көруге болады. Әсіресе олар нуклеин қышқылдарымен, ферменттер және ақуыз түзуші амин қышқылдарымен активті әрекеттесіп, нәтижесінде ақуыз денатурацияланады, жасушалар мен ұлпалардың және зат алмасу процесін реттейтін ферменттердің қызметі бүзылады.
Ауыр металдар, атап айтқанда қорғасын, кадмий, сынап, мыс, мырыш, кобольт, никель, т.б. өздеріне тән химиялық және биологиялық қасиеттеріне қарай гео- және биоаккумуляцияға өте бейім элементтер. Экологиялық тұрғыдан оларды шартты түрде 2 топқа бөлуге болады: мыс мырыш, кобальт, марганец, молибден, т.б. - биологиялық процестердің қалыпты жүруіне қажетті микроэлементтер, ал қорғасын, сынап, кадмий-биологиялық процестерге қатысуы элі толық анықталмаған элементтер.
Атмосферадағы зиянды заттардың улы әсер етуінің механизмі өсімдіктердің физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктеріне байланысты және түрлі орта факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін. Ауыр металдардың биосфераға әсері үлкен. Топырақтың ауыр металдар тұздарымен ластанған аймақтарында өсімдіктер тіршілігін жоятындығы белгілі. Топырақта ауыр металдардың концентрациясы жоғарылағанда, әсіресе қорғасынның көмірқышқыл газының
бөлінуі төмендейді. Қорғасын ионының орташа және жоғары концентрациясы, сонымен қатар мырыш ионының жоғары концентрациясы (150 мгкг артса) топырақ микрофлорасының жойылуына және микроорганизмнің маманданған түрлерінің пайда болуына әкеліп соғады. Бірақ мұндай маманданған түрлердің қалыптасуына ұзақ уақыт керек. Ал бұл аралықта топырақтың күшті десорбциясы және ластаушы заттардың жерасты суларына қосылуымен байланыстырылатын екінші (іштей) ластанудың жүруі мүмкін.
Өсімдік және жануарлар ағзасында ауыр металдардың жиналуы бірінші кезекте бос иондардың активтілігімен анықталады. Ауыр металдардың ағзаға енуіне әсер ететін екінші фактор алкилденген және басқа да спецификалық химиялық формалардың болуы.
Металдар генетикалық өзгерістердің кең спектірінің түзілуіне әкеледі. Бір металл жасушаны бірнеше жерден зақымдай алады, мысалы, кадмий ДНК молекуласын зақымдауға, лизосомаларды бұзуға, ДНК репарациясын тежеуге қабілетті. Қорғасын ДНК репликациясында ферменттерінің синтезін бұзады, ДНК-ның үшіншілік құрылымын өзгертеді.
Кәдімгі сирень және бирючина өсімдіктерінде ауыр металдар жиналған жағдайда фитогормондардың, әсіресе цитокининдердің активтілігі төмендейді. Меристеманың флориальды морфогенезге көшуі гиббериллиндер мен цитокининдердің активтілігінің артуымен сипатталады. Алайда қоршаған орта ауыр металдармен ластанған жағдайда, олардың активтілігінің деңгейі төмен күйінде қалады (ластанбаған ортамен салыстырғанда). Фитогар-мондардың активтілігінің төмендеуі - меристеманың дамуын тежеуші факторлардың бірі. Қоршаған орта ауыр металдармен ластанғанда өсімдік құрамындағы қанттардың, әсіресе сахарозаның мөлшері де төмендеп кетеді. Демек, бұл жағдайда митоздың активтілігінің төмендеуіне, меристеманың генеративті даму жолына көшуіндегі маңызды жағдайға фитогармондар мен қанттардың жетіспеуі кері әсер етеді. Осылайша фитогармондар мен қанттардың жетіспеуі, өсімдік бүршіктерінің меристемасының генеративті морфогенезге көшуінің шектеуші факторы болуы мүмкін. Ауыр металдардың өсімдіктердегі мөлшері тек топырақтың ластауымен ғана емес, атмосферадағы металдардың эмиссиясына да байланысты.
Металдардың улылығын анықтаудағы маңызды жағдайдың бірі-ағзаның металдар аэрозолін сіңіруі. Мысалы, қорғасын - мырыш өндірісінен бөлінетін ауыр металдардың сульфаттары мен хлоридтері биосферада оңай еріп, бүкіл ағзаға жеңіл тасымалданады. Қорғасын - мырыш комбинаттарынан қоршаған ортаға бір мезгілде заттардың газды шаң түріндегі комплексі бөлінеді, ол газды заттардың ағзаға бірлескен күйде әсер ететінін көрсетеді. Мұндай комплексті әсерді бағалауда ортаның климаттық ерекшеліктеріне, атап айтқанда ауа температурасына, ауаның салыстырмалы ылғалдылығына көңіл бөлген жөн.
Улылығы тұрғысынан қоршаған ортаға, дәлірек айтсақ тірі ағзаларға жоғары концентрациясы қауіпті болып есептелетін химиялық заттар-қорғасын, кадмий, хром, сынап элементтерінің қосылыстары. Қорғасынның артық мөлшері өсімдік ағзасында тіршілік үшін маңызды процестердің қалыпты жүруіне кері әсерін тигізеді. Қорғасынның жоғары концентрациясы өсімдіктердің тұқымының дамуын, тамырдың ұзынынан өсуін, тамыр талшықтарының түзілуін тежейді. Қорғасынның артық мөлшерінен, әсіресе жас жапырақтар қатты зардап шегеді. Өсімдіктерде I және II фотожүйелердің активтілігін төмендетеді, әсіресе II фотожүйе бұл фитотоксиканттың әсеріне өте сезімтал. Сонымен қатар, қорғасын изоляцияланған хлоропластардың жарықта оттегі бөлуін тежейді. Автомобиль жолдарына жақын өскен өсімдіктердің хлоропластарында АТФ-тің түзілуі баяу жүретіні анықталған. Өсімдік неғұрлым автомобиль жолынан алыс өссе, соғұрлым изоляцияланған хлоропластарда АТФ көп түзіледі. Қорғасынның әсерінен өсімдіктердің жасушалары тургорын жоғалтып, нәтижесінде жапырақ солып қалады. Тамыр жасушалары бөлінуін тоқтатады. Кейбір өсімдіктерде тамыр жемістің түзілуі нашарлайды. Қоршаған ортаны қорғасынмен ластайтын өндіріс орындарына жақын себілген мәдени дақылдардың өнім беруінің төмендеуі де таңқаларлық емес. Мұнымен қоса алынған өнімнің сапасы да төмен болады. Әшкөк өсімдігіне жүргізілген тәжірибе қорытындысы көрсеткендей, автомобиль жолынан 30метр қашықтыкта өсірілген өсімдікте каротин мен аскорбин қышқылының мөлшері 200метр қашықтықта өсірілген өсімдікпен салыстырғанда мүлдем төмен. Күз айларында бета-каротиннің мөлшері жол бойындағы өсімдіктерде 55% -ке кем екендігі анықталған.
Ауыр металдардың әсеріне өсімдік түрлерінің реакциясы барлық ұйымдасу деңгейлерінде, яғни жасушалық, ағзалық және популяциялық деңгейлерде байқала береді. Жасушалық деңгейде ауыр металдардың артық мөлшеріне қатысты жалпы байқалатын стресс ретінде, жасуша мембраналарының зақымдануы мен ферменттердін активтілігінің өзгеруі байқалады. Ағзалық деңгейде өсімдіктің жеке бөлімдерінде морфологиялық және физиологиялық зақымданулар көрінеді. Оларға жапырақтардың некроздануы, пішіндерінің өзгеруі, өркендердің қурап қалуы, өсімдіктің өсуінің баяулауы жатады. Зақымданған жапырақтарда жабын ұлпасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атмосфералық ауаның ластану көздері
Атмосфераға антропогенді әсердің ықпалдары
Атмосфераны ластағыштардың құрамы
Атмосфералық ауа құрамының ластануы және оны болдырмау шаралары
Атмосфера құрлымы және құрамы
Атмосфераның құрылысы мен газдық құрамы
Қорғасын шаңынан таллийдi алу үрдiсiнiң технологиясы
Атмосфераға антропогенді әсердің ықпалы
ШОРТАНДЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ БІЛІМ ОРТАСЫНЫҢ ЖЫЛТУ ҚАЗАНДЫҒЫ ЖӨНІНДЕ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР ЖӘНЕ АТМОСФЕРАНЫ ЛАСТАУШЫ КӨЗ РЕТІНДЕ СИПАТТАМАСЫ
Жезқазған қаласының ластану жағдайы
Пәндер