Ауыз әдебиеті



І. Кіріспе
1.1. Ауыз әдебиеті
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Халық поэзиясы
2.2. Фольклор
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Әдебиет – халықтың қайнар көзі. Жер бетіндегі әрбір халық өз мәдениетімен, өз дәстүрімен, өз әдебиетімен ерекшеленеді. Соның ішінде әдебиет саласы ерекше орында. Себебі халық шығырмашылығының ерекше саласы ол – ауыз әдебиеті.
Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған.
Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады.
1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес.
1. Уәлиханов Ш. Таңдамалы.2-бас., «Жазушы», Алматы, 1985, 164-б.
2. Елеманова С.А. Казахское традиционное песенное тв-ство. «Дайк-пресс», А., 2000, 8-б.
3. Тоқжан Т. Сырлы сарын. Фонд «Сорос-Қазақстан», А., 2002. 7-б.
4. Дәрменов Т. Мырзастан шықты шайырлар. «Тұмар», Қызылорда, 2002, 10- б.
5. Кенжеғұлұлы Н. Шығармалары. «Фолиант», Астана, 2008, 67–68 бб.
6. Уейн Истеп, А.Құнанбай. Қазақстан жан дүниесі. Нью-Йорк, АҚШ. 2001, 192–193-бб.
7. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар. «Жазушы», А., 1985, 144-б.
8. Диваев Ә. Тарту. «Ана тілі», А., 1992, 111-б.
9. Каракулов Б.И. Проблемы реформы казахской музыкальной письменности// Духовное развитие общества: музыка и наука. Материалы международной научно-теоретической конференции, г.Астана, 22-23 октября 2001 г.: «Ғылым», Алматы, 2002.
10. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. «Ғылым», Алматы, 1993, 15-б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе
1.1. Ауыз әдебиеті
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Халық поэзиясы
2.2. Фольклор
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Әдебиет – халықтың қайнар көзі. Жер бетіндегі әрбір халық өз
мәдениетімен, өз дәстүрімен, өз әдебиетімен ерекшеленеді. Соның ішінде
әдебиет саласы ерекше орында. Себебі халық шығырмашылығының ерекше саласы
ол – ауыз әдебиеті.
Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша
шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ
халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған.
Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық
поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын
мағынада қолданылады.
1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk —
халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық
ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі
қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес. Мысалы, “халық поэзиясы”
дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға
лайық болса, “халық шығармашылығы” — халық шығармашылығы мен өнерінің
барлық түрлерінің жалпы атауы, “ауызша сөз өнері” — прозалық та, поэзиялық
та шығармалардың ортақ ұғымы. Бұларға қоса “халық даналығы”, “халық білімі”
деп аударылатын “фольклор” терминінің мән-мағынасында да елеулі айырма бар.

Батыс Еуропа, Америка, Австралия халықтарының ұғымында бұл сөздің
мағынасы тым ауқымды. Ол халықтың киім-кешек, құрал-жабдық, әдет-ғұрып,
тұрмыс-салт, наным-сенім, сондай-ақ түрлі көркем өнерін (поэзия, музыка,
би, ою-өрнек, тоқыма өнері, т. б.) тұтастай атау үшін қолданылады. Бұл
жағынан алғанда ол тек ауыз әдебиетін ғана емес, “этнография”,
“этномәдениет” дейтін ұғымдармен де сабақтасып жатыр.
“Фольклор” атауы орыс ғалымдарының зерттеулері арқылы халықтың ауызша
поэтикалық шығармашылығы деген мағынада қалыптасқан. Қазақ әдебиеттану
ғылымындағы “ауыз әдебиеті” деген ұғым да “фольклордың” осы мәнімен
сабақтас. Бұлар бірін-бірі толық алмастыра береді. Ауыз әдебиетіін
зерттейтін ғылымды “фольклортану” деп атау да осыған байланысты. Қазақ
халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-
тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік
байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен
ерекшеленеді. Ол — көне тас дәуірінде пайда болып, түркілік тұтастықты
бастан кешірген, одан бері де қазақ халқының қалыптасу тарихымен біте
қайнасып, бірге жасап келе жатқан теңдесі жоқ рухани мұра.
Байырғы ата-бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-
тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік
мұратынан жан-жақты мағлұмат береді. Әрі ұлттық рухани мәдениеттің ғасырлар
тізбегіндегі тарихи өзгерісін, этникалық санамен қарайлас жүріп өткен жолын
да көз алдымызға елестете алады.
Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да — халық.
Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады. Ауыз
әдебиетінің осы өзгешілігі оның әлеум. бітімін де айқын сипаттайды. 20
ғасырдың басына дейін көшпелі қоғамда туып, көшпелі қоғамның талап-талғамы
мен әлеуметтік қажеттілігіне толық жауап берген ауызша сөз өнері өзінің
барлық даму жолдарында айрықша жүк арқалады, көркемдігі мен әлеум.-қоғамдық
қызметі бойынша ең биік тұғырға көтерілді. Көшпелі қоғам мәдениетінде табан
астында туып, тыңдаушысын тәнті етпеген өлеңді, мәнерін таппаған жырды өнер
деп танымаған. Осындай тіршілік аясында қалыптасқан ауыз әдебиеті барлық
белгілері бойынша классик. деңгейге көтерілген. Сондықтан да қазақ халқының
ауызша сөз өнері отырықшы елдердегі көп өнердің бір тармағы ретінде дамыған
фольклорлық шығармашылықтан оқшауланып тұрады. Көшпелі қоғамда фольклор
белгілі бір әлеум. топтың ғана шығармашылығы емес, жалпы халықтың ханы мен
қарасына, батыры мен биіне, байы мен кедейіне ортақ өнер, әмбеге тиесілі
мұра. Бұған себеп күнделікті тіршілікті өнер дәрежесіне, кез келген
құбылысты бейнелі де бедерлі жеткізуге дала перзентінің бейім тұруы еді.
Қазақ даласындағы көшпелі қоғам мәдениет пен ғылымның біраз
салаларынан кенжелеп жатқанымен, ауыз әдебиетінің таң қаларлықтай тұтас,
қоғамдық дәрежеде дамуына мейлінше толық жағдай жасады. Ауызша айту
фольклордың тек қана шығарылу, таралу жолы емес, бүкіл қоғам тарапынан
қолдау тапқан өнердің басты шарты болды. Үлкен де, кіші де ауызша өнер
дәстүріне дағдыланды, жасынан санасына сіңіріп, соны ғана мойындады. Бүкіл
қоғам ауызша өнер мектебі болды. Осыған лайық ауыз әдебиетінің көтерген
жүгі де орасан зор еді. Халықтың тарихи зердесі, философиялық ой-түйіндері,
педагогикалық тәжірибесі, адамгершілік нормалары, кәсіптік әдебиетке тән
көркемдік сұраныстары, театрлық өнерге тиесілі есесі ауыз әдебиетіне
жүктеледі.
Іс жүзінде оның араласпайтын саласы қалған жоқ. Шілдеханадан бастап
рулар арасындағы дау-дамайларға, бесік жырынан бастап жоқтауға, ем-домнан
бастап лирикалық өлеңдерге, ырым-түсініктерден бастап қоғамдық
дүниетанымдық аңыз-әңгімелерге, мифтік сенімдерден бастап қоғамдық ой-
пікірлерге дейінгінің бәрі де фольклорға тоғысты. Сондықтан да ол қай
заманда да белгілі бір топтың (немесе таптың) ғана мұрасы болған жоқ. Бұған
өткен қоғамдарда қазақ ауыз әдебиеті туралы пікір білдірген адамдардың әр
түрлі мамандық иелері болуы да дәлел бола алады. Олар өздеріне қажет елдің
тарихы, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, мінез-сипаты, дүниетанымы, моральдық-
этикалық нормалары, заңдары, діні, дәрігерлік тәжирібесі, қару-жарақ, киім-
кешек, жер-су, мекен, тау-тас, көл, өсімдіктер мен жануарлар туралы
мәліметтерді алдымен осы фольклордан тапқан.
Қазақ А. ә-нің қуатты қайнар көзі ауызша жырлаудың небір саңлақтарын
дүниеге әкелді. Есімі тарихтан белгілі сонау 14 — 15 ғасырлардағы Сыпыра
жырау, Асан Қайғыдан бастап кешегі Жамбыл, Нұрпейіс, бүгінгі халық
ақындарына дейінгі аралықта ауызша жырлаған ақын, жырау легінің даңқы қазақ
мәдениетінің тарихында біржола орын тепті. Бұл іс жүзінде халықтық
фольклорлық мұраның ауызша даралық кәсіптік өнерге дейінгі жүріп еткен жолы
еді. Авторлық ауызша әдеби мұраны ауыз әдебиетінің қатарына қоспағанымызбен
оның төл тарихы содан басталатынына ешбір күмән жоқ. Қазақ фольклоры біздің
заманымызда өткен қоғамдардағыдай дамудың қайнар көзінде, өсіп-өркендеудің
ең биік сатысында тұрмағанымен қазір де ұлан-ғайыр әлеум. жүк арқалауда.
Ұлттың рухани болмысын, мінез-сипатын, тұрмыс-тіршілік тынысын әлі сол
фольклор арқылы айна қатесіз танимыз. Еліміздің тәрбиелік, эстетикалық,
адамгершілік мұраттарының айқын айғағы, рухани өлшемі де сол фольклордан
бастау алады.
Ауыз әдебиеті жанрлық құрамы жағынан да сан-салалы болып қалыптасты.
Тұрмыс-салт өлеңдері (еңбек-кәсіп, аңшылық, үйлену, жерлеу салты, наным-
сенім т. б.), ертегілер, аңыздар, әпсаналар, мифтер, эпостық жырлар, тарихи
өлең, қара өлең, лирикалық өлең, өтірік өлең, мақал-мәтелдер, жұмбақтар,
айтыс, шешендік сөздер, жаңылтпаштар, драмалық үлгідегі шығармалар... —
міне, ауыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту
Оқыту үрдісінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдаланудың маңызы
Халық ауыз әдебиетінің оқытылу үрдісі
Қазақ халқының ауыз әдебиеті түрлері
Қазақ ауыз әдебиеті - қазақ халқының көркем әрі шебер сөз туындысы
Халық ауыз әдебиеті арқылы бала тілін дамыту
ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ
Орта мектепте қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың жаңа технологиялары
Әдебиет және өнер түрлерінің шығу тегі және дамуы
Ауыз әдебиетінің бала қиялын дамытуда алатын орны
Пәндер