Бейіндік оқыту технологиясы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. КіріспеБейіндік оқыту технологиясы. Мақсаттары мен міндеттері
  2. Негізгі бөлім12 жылдық білім беру мәселесі, міндеттері12 жылдық білім - Қазақстан мектебінің болашағы12 жылдық мектептер. Негізгі міндеттері мен мақсаттарыБілім мазмұнын жетілдірудің негізгі бағыттарыБілімді, білікті, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, жылдам өзгеріп отыратын ортада өмір сүруге бейімделген, өздігінше дамуға, өз ойын толық жеткізе білуге, өзінің және қоғамның мүддесі үшін мейлінше өзін-өзі іс жүзінде көрсете білетін жеке тұлға дамытып қалыптастыру.
  3. Қорытынды
  4. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі заман жағдайында маманды еңбек нарығы қалыптастырады. Ең бастысы өз бетінше шешім қабылдай білу, өзіндік мақсатын айқындай білу қабілеттері негізгі құндылық болып табылады. Мектептің жоғарғы сатысын жаңартудағы басты идея білім беру дараландырылу, функционалды және тиімді болу қажет. Ол мектептің жоғарғы сатысына қатысты білім беруді өзгерту стратегияларының басты мәнін анықтайды және осы стратегиялардың негізгі ұстанымдары мыналар:

- өзінің құқығы мен міндеттерін анық сезінетін, бүгінгі күннің мүмкіндігі мен шикізатының шамасын білетін, әлеуметтік кеңістікте таңдаған ұстанымын іске асыра алатын сауатты және әлеуметтік тұлғаны қалыптастыруды көздеу;

- біртіндеп бағдарды білім, білік және дағдылар жүйесінен оқушының түрлі жағдайларда мәселелерді өз бетінше шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін функциональді және негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыруға бағыттау;

- оқушының білім беру траекториясын дараландыру, оқушының танымдық зерттеушілік әрекетін іске асыру мүмкіндіктерін кеңейту.

Жоғарғы мектептегі бейіндік оқытудың басым бағыттарының бірі бейіндік оқытуды енгізу оқушылардың жеке білім алу сұранысын қанағаттандыру болып табылады. Бейіндік білім беру - оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ететін, оқытудың даралануы мен саралануы жүзеге асыратын жалпы орта білім беруді аяқтау кезеңі. Бұл оқу әрекетінің ұйымдастыру жүйесінде жоғарғы сынып оқушыларының қызығушылығы мен талабы, қабілеттері ескерілген жағдайда оқушының танымдық, болашақ кәсіби бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай жасалады. 12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды енгізудегі басты мақсат - оқушының кәсіби бағдары мен өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ету, оқушылардың саналы кәсіби таңдауын жүзеге асыруға қажетті ресурстарын құру мүмкіндіктерін туғызу. Бұл мақсатты жүзеге асырудың институтционалдық формалары бейіндік мектеп пен жалпы білім беретін мектептің бейіндік сыныптары болып табылады.

Қазіргі ғалым мен техниканың қарыштап өсуі мен ел эканомикасының қарқынды даму үстіндегі кезеңде адамдардың көзқарасының заман талапбына сай өзгере бастағаны олардың өмірсүру дәстүрінен анық байқалады. Бұл-әлемді қамтыған жаһандану дәуірінің бастапқы көрінісі. Қоғамдағы түрлі өзгерістер мен ондағы адамдар тіршілігіндегі маңызды мәселелер білім саясаты арқылы ғана шешімін тауып жатады.

Білім беру жүйесі-әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетуде негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрлым.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе. Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі өзгерістерге икемделе отырып, ондағы өз орнын анықтауын тың мазмұнды жаңа мектеп қана қамтамасыз ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.

Бүгінгі күні қарқынды даму үстіндегі бірқатар елде 12 жылдық оқытуды білім беру жүйесіне енгізуде нақты қадамдар жасалуда.

12 жылдық білім беруге біртіндеп көшуде жүзеге асыру-оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, ата-анасының саналы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуын, икемділік танытуын қамтитын процесс.

Отандық мектепте бүгінгі күні қалыптасқан білім беру ісі индивидке, жеке адамға мәдени-тарихи құндылықтарды, нормалар мен дәстурлерді, білім берудің осы үшін әдейі таңдап алынған мазмұны мен нысандарын беру және оны кейіннен интериоризациялау болып табылады. Нәтижелі білім берудің мәнісі сол, мұнда оқушының іс-әрекеті оның жеке басының әлеуетін іске шығаруға негізделген және оның оқылатын пәндер мен салаларға сәйкес келетін білім білім алуын талап етеді. Білім берудің мұндай түрі білім алушының ішкі интонациясының өзгеруіне және оның өзіндік тәжірибесі мен білімінің пайда болуына жәрдемдеседі. Окушылар жеке білім алу өрісін құруға, білім алу мақсатын қоюға, оқытудың мазмұны мен нысандарын таңдауға, яғни өзіндік білім алуды жобалауға қатысуға мүмкіндігі бар өз білімінің субектісі ретінде көрінеді.

Нәтижелі білім алу - адамның оқу-тәрбие процесінің барысында өзін іс жүзінде көрсетуі және оның жеке қызметінің нәтижесі. Осының арқасында сыртқы (объективтік) жөне ішкі (субъективтік) білім өнімдері құралады. Оқушының оның мүмкіндіктері негізінде алған сыртқы өнімдері оның ішкі сапалық өсуі мен өзін іс жүзінде көрсету дәрежесін бір мезгілде қамтамасыз ете отырып, болмыстың әлеуметтік және мәдени нысандарын құрайды.

Нәтижелі білім берудің методологиясын әзірлеу - қазіргі қоғамдық өзгерістерге және 12 жылдық мектепке көшуге байланысты объективтік қажеттілік. Көптеген шешілмеген проблемаларға душар болып отырған қоғам, тікелей немесе жанама тұрғыда болсын, оларды шешу әдістерін адамдардың шығармашылық әлеуетінің, ең алдымен, мектеп оқушыларының ашылмаған кырларын пайдалану арқылы іздестіреді. Қазіргі адамнан таңдау кезінде ойланып-толғанып өрекет ету, алға дұрыс мақсат қоя білу және соған жету, кәсіби және өмірлік сынақтардан дұрыс жол табу талап етіледі. Сондықтан, болашақ 12 жылдық мектепке бұрынғының жетістіктеріне ғана емес, алдағы өркендеу жылдарына үміт артатын білім керек.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдірудің басты міндеті - білім берудің қазіргі заманғы сапасын қамтамасыз ету және білім беру жүйесінің барлық құраушыларын жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өзекті әрі болашақ сұраныстарына сәйкестікке келтіру болып табылады.

Жаһандандыру жолымен келе жатқан қазіргі заманғы әлемде бәсекелестік жағдайына тез бейімделу қабілеті тұрақты дамудың ең маңызды факторы болып табылады. Кез-келген дамыған елдің бәсекелес-тік мүмкіншіліктері көбіне білім беру жүйесінің жай-күйімен анықтала-тын оның әлеуметтік капиталының дамуына байланысты.

Қазақстанда жүргізіліп отырған білім беру жүйесін реформалау білім берудің барлық деңгейлерін қамтиды, дегенмен жалпы білім беру мектебіңің жоғарғы сатысын ауқымды өзгерістер күтіп отыр. Жалпы орта білім беру құрылымын жаңарту еңбек рыногының сұраныстарын ескере отырып, 12 жылдық мектептің жоғарғы сатысындағы оқушыларды әлеуметтендіруді көздейтін бейіндік оқытуды жүзеге асыруға, мектептің
кәсіби білім беру ұйымдарымен икемді байланысын шындауға бағытталған.

Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетте 2006 жылғы 27 мамырда оқыған «Инновация және білім арқылы экономиканы білу» атты дәрісінде: «Әлемнің бәсекеге анағұрлым қабілетті 50 елінің қатарына Қазақстанның кіру міндеті тек мына жағдайда ғана шешілуі мүмкін, егер оны өмірге нарықтық экономикаға бейімделе алатын, басқару тәжіри-белері бар, ғылыми технологиялар білімін игерген жоғары білікті мамандар өндіретін болса», - деп атап өтті.

Оқушы тұлғасына бағытталған білім беру адамның белсенділігін, шығармашылық қабілетін, әлеуметтік жауапкершілігін, өмірде өз білімін іске асыру мүмкіндігін дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады. Бала санасының психологиялык, табиғатын, оның субъектілік тәжірибесін оқыту материалын игеруде пайдалану туралы Л. С. Выготский: "тұлғаның бойында жаңа реакция-лық өзгерістер жасай алатын бірден бір тәрбиеші - организмнің өзіндік тәжірибесі. Тек қана өз тәжірибесінде басынан өткізгендер ғана сыртқы байланыс жасай алады. Сондықтан оқушының жеке тәжірибесін ескеруге бағытталмаған, оны жоққа шығаратын, сөйтіп мұғалімді жоғары са-найтын көзқарас өте жалған екенін ғылыми психология дәлелдей алады. Тәрбиелеу үрдісі оқушыны тәрбиелеуге емес, оқушы өзін-өзі тәрбиелеуге әкелетін үрдіс болуға тиіс", - деп көрсетеді (Выготский, 2000) .

Тұлғаның өзіндік дамуы өз білімі үшін өз жауапкершілігін көтеру оның "көптің бірі" немесе "көптің ең жақсысы" болуымен емес, өз тұлғасының мәнділігімен, субъектілік тәжірибесінің ерекшелігімен, қайталанбайтын тұлғалық құндылығымен маңызды болып саналады. Бұл жердегі "субъектілік" ұғымы өз санасының иесі, өзіндік таным мен өзіндік бағытталуға, өз идеялары мен қажеттіктерін жүзеге асыруға қабілетті тұлға дегенді білдіреді. Тұлғаның субъектілік (жекелік) сипаты қоршаған ортамен ұстамдылык, қарым-қатынасынан, өз көзқарасынан, оқу материалдарын игерудегі өзіндік әрекеттерінің қалыптасқандығынан көрінеді. Субъектінің тәжірибесі - тұлғаның өзінің басынан өткергендері негізінде құрылатын жеке тәжірибесі. Осыған орай білім беру -"бұл тек оқыту емес оқу, ал оқу оқушының жеке субъектілік тәжірибесі" (Мұханбетжанова, 2002) . Оның мәні - тұлғаны өзінің әрекеттеріне талдау жасауға, өзі үшін маңызды мәселелерді анықтай алуға және шешу жолдарын таба білуге бағыттау. Бұл жағдайда бір-бірімен демократиялық қарым-қатынасқа үлкен көңіл аударылады, сөйтіп өмірлік тәжірибеге негізделген өз білімін оқушының да, мұғалімнің де пайдалана білуі жүзеге асырылады. Сондықтан жаңа үрдісті тәжірибеге ендіруде мұғалімдердің сыртқы форманы ғана басшылыққада алмауы үшін оның философиясын ұғыну маңызды шарт. Өйткені, оқытудағы басты мақсат - алдындағы оқушыларға таза білімнің өзін бере білу емес, бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіктеріне сай пайдаға асыра білуге үйрету. Бірлескен жұмыста нәтижені орындаудың барысы, жолдары мен тәсілдері талданып, объективті баға беріледі. Үрдіс пен нәтижеге баға беру мұғалім тұрғысынан ғана емес, оқушы тарапынан оның өзіндік бақылауы мен бағалауы арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда өзіндік түзету, коррекциялау, өз әрекетіне өзгеріс енгізу арқылы нәтижелердің тиімділігі қамтамасыз етіледі, сөйтіп баланың құндылықтық көзқарасы мен өзіндік бағасын дұрыс қалыптастыруға қолайлы орта пайда болады.

Президентіміз Н. Ә. Назарбаев биылғы халыққа Жолдауында: "Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет" - деп атап көрсетті. Президент атап көрсеткен осы заманғы білім беру жүйесі - болашақ үрпақты жан-жақты жетілдіретін, бәсекеге төтеп беруге қабілетті сапалы адам етіп тәрбиелейтін білім беру жүйесі екені сөзсіз. Бүндай сапалы білім беру жүйесін құру тек біздің елімізде ғана емес, дүние жүзінің көп еліндегі ортақ мәселе. Дегенмен, дамыған елдер өздерінің заманға сай оқыту жүйелерін қүрып та үлгірген және оны осы заманғы білім берудің ең озық үлгісі санайды. Бүгінгі күні көптеген елдің білім беру саласы ортақ мойындап отырған сапалы білім беру жүйесі - оқушыны жан-жақты дамытуға арналған оқыту жүйесі болып табылады. Біз өзіміздің төл оқыту жүйемізді қүру қарсаңында, әрине озық үлгілерді үйлесімді пайдалана отырып, өз мүдеміз бен мақ-сатымызға сай келетін оқыту жүйесін құруымыз қажет деп ойлаймын.

Осы заманғы білім беру жүйесі оқушының үйренуде өзін-өзі басқару, өзара селбесіп үйрену және зерттеп үйрену сынды жақтарын қамтитыны белгілі. Сыныптық оқыту формасы зерттеп үйренуді негіз етіп, іс-әрекет барысында өзін-өзі басқару мен селбесіп үйренуді іске асыру ерекшелігіне ие. Демек, осы заманғы білім беру жүйесі оқушының сапалық жақтан жетілуіне баса назар аударады. Ал сапалық оқытуға сапалық бағалаудың қажет екені өзінен-өзі белгілі нәрсе.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейіндік оқытудың инновациялық әдістері
12 жылдық білім беру жүйесі
Қазақстанда бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері
Бейінді оқытуды ұйымдастыру жолдары
Алғаш баланы мектепке берерде оның биологиялық жасы мен мектепке психологиялық даярлығының көрсеткішін өлшеп шығару - бүгінгі күн талабы
Жеке әдістердің жіктелуі
Математиканы оқыту процесіндегі индукция мен дедукция
Бейінді оқыту - оқушының жеке тұлғасын дамыту құралы
БЕЙІНДІК МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ДАМЫТУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz