Әбу Насыр Әл-Фарабинің өмірі мен шығармашылығы


Әбу Наср Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы” атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Наср Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты.
Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған). Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукал өзінің “Китаб Масалик уә мамалик” атты еңбегінде және 13 ғасырлырда өмір сүрген ибн-Халликан өзінің “Уфиат әл-аиан фи әл-Заман” атты еңбегінде Әбу Наср Әл-Фарабидің арғы аталарының аттары (Тархан, Ұзлақ) таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12 — 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдадқа кетеді. Әбу Наср Әл-Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған болатын. Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 19 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




Әбу Насыр Әл-Фараби (أبو نصر محمد الفارابي арабшасы)Әбу Насыр Мұхаммад ибн
Тархан ибн Узлағ әл-Фараби(870-950ж. ш.) – әлемге әйгілі ойшыл, философ,
социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка
зерттеушісі.
Жоспар
1. Туған жері
2. Оқу жолы
3. Шығармашылық жолы
4. Әмбебап-музыкант
5. Медицинаға қосқан үлесі
6. Ғалым мұралары жету кезеңдері
7. Сыртқы сілтемелер
8. Абай Әл-фараби туралы
9. Философиясы мен еңбектері
10. Пайдаланған әдебиет
Туған жері
Әбу Наср Әл-Фараби Әбу Наср Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870,
Отырар қаласы — 950, Сирия, Шам) — қазақ даласынан шыққан ұлы ғалым, ойшыл
философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскербасының отбасында
дүниеге келген.
Оқу жолы
Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб
(Алеппо), Бағдад шаһарларында білім алған.
Шығармашылық жолы
Әбу Наср Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-
ұстазы” атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның
ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді.
Әбу Наср Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына
жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен,
ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты.
Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп
ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі,
жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге
тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының,
әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің
“Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты
еңбектеріне түсіндірмелер жазған). Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукал
өзінің “Китаб Масалик уә мамалик” атты еңбегінде және 13 ғасырлырда өмір
сүрген ибн-Халликан өзінің “Уфиат әл-аиан фи әл-Заман” атты еңбегінде Әбу
Наср Әл-Фарабидің арғы аталарының аттары (Тархан, Ұзлақ) таза түркі тілінде
келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса
да, 12 — 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдадқа кетеді. Әбу
Наср Әл-Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен
мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған
болатын. Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен
шұғылдануды парыз еткен.
Осы кезден бастап Әбу Наср Әл-Фараби араб тілді ғалым болып есептеле
бастады. Қасиетті Құран Кәрім тек діни қағидалар жинағы ғана емес, сонымен
қатар талай ілімнің құпия кілтін бойына бүккен ғаламдық кітап болғандықтан,
Әбу Наср Әл-Фараби бүкіл ислам ғалымдарына парыз болған — иджтихад (ойлау
қабілетінің шыңына жету үшін беріле еңбек ету) және муджтахид (иджтихадпен
шұғылданған адамның өз жаңалықтарын Құран Кәрім мен Хадис Шариф — парыз-
сүннет амалдарына негіздеп отыруы) жолына түскен. Кеңес өкіметі тұсында
атеистік идеологиканың ықпалымен әл-Фараби діннен тыс ғалым ретінде
көрсетілді. Әйтсе де оның ислам бірлігін сақтауға қосқан зор үлесі туралы
мынадай дерек сақталған. Тегі түркі болып табылатын баһадүр қолбасшы
Мұхаммед Ихшид ибн Тұғыт Әмір ислам жолын бұзған “қармат” елін талқандаған
соң, Әбу Наср Әл-Фарабимен кездеседі.
Меккеге барар жолды кесіп “қажылық” жасауға мұрша бермеген қарматтардың
жеңілгеніне қуанған Әбу Наср Әл-Фараби іштей “қажылық” етуге ниет етіп,
араб халифының саид-задаларымен әңгімелеседі. Осы әңгімеде ғалым ислам
бірлігін сақтау үшін мазһабтар арасын жақындастыру керек деген ой айтып,
өзінің араб, парсы және түркі нәсілдері арасындағы алауыздықтарды жоюға күш
салып жүргендігін мәлімдейді. “Бабалардан қалған өсиетте түркі халқы
әділетшіл делінген еді. Сол сөздің ақиқаттығы мен әділеттілігіне енді көз
жеткізіп отырмыз” деп Саид-задалар Әбу Наср Әл-Фарабидің қолын құрметпен
қысады.
Әбу Наср Әл-Фарабидің жас кезінен Бағдадқа баруының мынадай екі сыры бар.
Біріншіден, сол кездегі Бағдад халифатын басқарған Аббас әулетінің сенімді
уәзірлері негізінен түркістандық Фараб қаласынан болған. Екіншіден, Бағдад
шаһары ғылым мен өнер жолына бет алған адамдарға қақпасын кең ашып, барынша
жағдай жасаған. Бағдадта “Баит әл-хакма” атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең
бай кітапхана болған. Алғашқы кезде Әбу Наср Әл-Фараби өзін ақын, әнші,
күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу
арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен шұғылдануға кіріскен. Фарабидің алғашқы
ұстаздары Иса пайғамбарды “құдайдың баласы” демей, “пайғамбар” деп таныған
несториандық христиандар болған. Ежелгі грек ғылымы мен араб ғылымының
арасын қосқан осылар еді. Әбу Наср Әл-Фараби дүниетанымы — екі әлемнің:
көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің және Шығыс пен Грек-Рим
мәдениетінің өзара байланыстарының нәтижесі. Әбу Наср Әл-Фараби заманының
әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық-гуманитарлық
(философия, логика, этика, эстетика, саясат, социология, лингвистика,
поэзия, шешендік, музыка) және жаратылыстану (астрономия, астрология,
физика, химия, география, космология, математика, медицина) ғылымдары
салаларын терең меңгеріп, осы бағыттарда өзі де құнды ғылыми жаңалықтар
ашты. Әбу Наср Әл-Фараби өзінің философия көзқарастарында басты үш бағыт
анық аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа
тәуелділігін растады, ақыл-парасат туралы ілімді саралады.
Мәңгілік пен тәуелділік бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі
құбылыстардың мәнінен, ақыл-парасаттан, адамның жан-дүниесінен, түр мен
материя арақатынасынан іздеді. Аристотель қағидаларынан өз дүниетанымына
жақындарын қабылдады және оны осы тұрғыдан түсіндірді. Әбу Наср Әл-
Фарабидің философиялық көзқарасын тарихи жағдайда, оның өз дәуірімен
байланысты қарағанда ғана терең түсінуге болады. Орта ғасырларда
философиялық ойдың дамуы діни ілім негіздеріне сүйенді. Демек, Әбу Наср Әл-
Фарабидің философиялық ілімін де өз кезеңінің діни түсініктері тұрғысынан
қарастырған лазым. Бірақ ол бұл түсініктерді философиялық тұрғыдан дамытты.
Ол, әсіресе, “Аспан астындағы дүние” ілімінен неғұрлым айқын көрінеді. Бұл
Аристотельдің жасампаз ақыл жөніндегі көзқарасын әрі қарай дамыту еді.
Жасампаз ақыл — тек “аспан астындағы дүниенің” қозғалыс себебі ғана емес,
өз алдына логос. Осы дүниенің заңдылығы — жер бетіндегі дүниеге іштей тән
ақыл. Жеке адамның ақылы әлемдік санамен ұштасса ғана дамиды.
Соңғысы, яғни әлемдік сана — мәңгі. Адам болса дүние салады, өткінші.
Осыдан барып жанның мәңгі екенін және басқа жаққа ұшып кетуін бекерге
шығару туады, мұның өзі діни қағидалар мен философияның арасындағы күреске
тиек болған тезис еді. Ұлы ойшыл философияға үлкен мән берді, оған көп үміт
артты. Ол философияны қоғамды оятатын зерде, парасат шамшырағы, халықты
әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-
мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалар
күрделі мәселелердің шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп
түсінді. Осы деңгейде дұрыс ойланып, оңды әрекеттену үшін философияның 9
қағидасын оқып-білу қажеттігін ескертеді. Мұндағы мақсат — тұтастықты,
ақиқатты, ізгілікті, жаңа игілік көздерін іздестіру, соған қол жеткізу.
Философ адамды өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу ісіне үлкен мән
берді. Бұл мәселені логикалық, этикалық, педогогикалық, тілдік тұрғыдан
кеңінен саралап, бұларды бір-бірімен өзара сабақтастықта қарастырады.
Рухани жоғарғы мақсат нышандарын адамдарды өзара байланыстыратын
бастаулардан — жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қайырымдылықтан,
бақыттан іздестіреді. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мемлекет
қайраткерлерінің қанатты сөздері” және т.б. саяси-әлеуметтік трактаттарында
қайрымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек тоқталды. Қайырымдылық дегенде
ақыл-ой, әділдік, бақыт және теңдік идеяларын құптаған ежелгі ойшылдар
дәстүріне сүйенді.
Тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету жолдарын айқын білетін, соған
сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді екенін ескертті.
Әль-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру
мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды,
білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені
тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани
салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат
ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді. Әбу Наср Әл-Фараби ілімі шығыс
ойшылдарына, аристотельдік және жаңа платоншылдық көзқарастарға сүйенеді,
оларға жаңа сипат береді. Ол өзінің “Философияны үйрену үшін қажетті
шарттар жайлы трактат” атты еңбегінде
Аристотелдің философиясын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт жайлы өз
пікірлерін ортаға салып, бұл туралы былай дейді: Бірінші шарт —философиялық
ағымдарды тану (аты-жөнін білу) жеті нәрседен тұрады: 1 — философиялық
бағытқа (ағымға) бас болған ұстаздың аты-жөні; 2 — оның шыққан қаласы; 3 —
философияға мекен (медресе) болған орынның аты; 4 — философиялық ағымды
тудырған басты себеп; 5 — философиялық талдауға түскен мәселелер; 6 —
философияның алға қойған мақсаты туралы; 7 — философияның практикалық мәні,
нәтижесі. Оның пікірінше, тұңғыш рет философиялық бағыттың алғаш негізін
салушы — грек философы Пифагор, яғни пифагоршылар мектебі. Бұл жерде Фараби
ежелгі Грециядағы негізгі ғылыми философиялық мектептерге шолу жасап, өз
пікірлерін ортаға салады. Екінші шарт — өткендегі ірі философтардың
еңбектеріндегі негізгі ойларын, мақсаттарын тану. Мұнда Фараби ежелгі
гректерден қалған логикалық шығармалардың яғни, формальдық дәлел (логика);
силлогизм; аналитикалық мазмұн мен оқу ретін қысқаша айтып өтеді. Үшінші
шарт — философ болу үшін қажетті ғылымдарды тани білу. Төртінші шарт —
философия ғылымын үйретудегі мақсатты түсіну. Философия ғылымын үйренуде
оның күттіретін мақсатын тану. Ол мақсат — жаратқан иені тану. Ол өзі
ауыспайтын, өзгермейтін жалғыз зат. Бүкіл дүниені, барлық нәрселерді
барлыққа, болмысқа шығарған жаратушы. Жомарттылығымен, хикметімен,
әділеттілігімен осы әлемге тәртіп беруші Алла-тағаланы тану.
Барлық философ ғалымдардың істеген еңбектері өздерінің шамасынша сол
жаратқанға ұқсап бағу. Әрине, бұл жерде біз Әбу Насыр әл-Фарабидің өз
заманының перзенті болғандығын дұрыс түсінуіміз қажет, өйткені заман
талабын аттап өте алмау қай кезде болсын тарихи табиғи нәрсе. Бесенші шарт—
Философия ғылымына кірісудің төте жолын тану. Бұл жерде Фараби білім,
ғылымға жетудің ең бір дұрыс жолы аянбай еңбек ету дейді. Сонымен қатар
философияны тек жаратылыстану ғылымдары арқылы ғана танып білуге болады
деген пікірлер айтады. Алтыншы шарт — Аристотель еңбектеріндегі қолданылған
ғылыми ұғымдарды талдай білу. Жетінші шарт — Аристотельдің өзінің
еңбектерін оқыған адамнан терең жұмбақ сырларды шешуді талап етуінің
себебін білу, Аристотель еңбектерінде жұмбақ түрінде айтылған түсініктердің
сырын ашу. Оның кейбір ғылыми түсініктерді терең жұмбақ түрінде келтіруінің
үш түрлі себебі бар.
Бірінші, оқушының табиғи қабілетін сынап, үйретуге тұратынын немесе
тұрмайтынын айыру.
Екінші, философия ғылымын көрінген адамның бәріне бірдей рәсуа қылмай, оны
алып жүретіндерге ғана пайдаландыру.
Үшінші, ғылым іздеу жолында адам бейнеттеніп, ой-пікірін шынықтыру керек.
Осы үш себептен Аристотель еңбектерінде жұмбақ (аллегория)
қолданылады.Сегізінші шарт — философ адамның міндеті мен тіршілік ережесін
және қалпын түсіну. Тоғызыншы шарт — Аристотель ілімін үйрену үшін нендей
нәрселер қажет екенін білу. Фараби бұл жерде Аристотельдің логика ғылымын,
шығармаларын оқу тәртібін келтіріп, оны жоғары бағалайды. Бұл орайда
түйіндеп айта келгенде Фараби философияны үйрену үшін ежелгі грек
ойшылдарынан бастап өзіне дейінгі ғалымдардың ой-пікірлерін сарапқа салады
да, соңында өз ойларын айтады. Фарабидің пікірінше, ғылым мен философия
адамы болу үшін қойылатын ең бірінші талап — ол адамның жан тазалығы, ар
тазалығы, бүкіл адамға, өз халқына деген таза махаббаты, ғылым мен білімге
деген қалтқысыз құштарлығы мен берілгендігі. Бұл шарт орындалмаған күнде
адам философияны үйрене алмайды, үйрете де алмайды деп көрсетеді Фараби.
Аристотельдің “Никомахтың этикасында” (1-кітап, §1) келтірілген схемасын
негізге ала отырып, әл-Фараби философияны теориялық және практикалық деп
екіге бөледі. Теориялық философия өзгермейтін, өткінші емес заттарды,
практикалық философия өзгертуге немесе жасауға болатын заттарды зерттейді.
Философия, Әбу Наср Әл-Фарабидің білуінше, адамда ғана болатын “ең ерекше”
игілік — ақыл, парасат арқылы меңгеріледі. Ақыл, парасаттың қызметі қалай
болса, солай бет-алды жүргізілмеуге тиіс, онда мақсаттылық сипат алады.
Оның негізін логика өнері қарастыратын ойлаудың дұрыс әдістері құрады. Әбу
Наср Әл-Фарабидің атап көрсетуінше, адам өзінің бақытқа жету жолын
логикадан бастаған жөн. Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өз көздеген
мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани
жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты,
айналадағы дүниені танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды.
Әбу Наср Әл-Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары “Фусул
ал-мадани” (“Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері”) трактатында
қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары әр түрлі болса да, негізінен бір
мақсатқа — адам мен қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне арналған. Еңбектің
өзіне тән бір ерекшелік сипаты — тәндік және рухани құбылыстардың
салыстырылып отыратындығы. Фараби “Азаматтық саясатта” қоғамды талдауды
қаладан бастаса, “Нақыл сөздерде...” ол мұны ең кішкене ұядан, от басынан
немесе үйден бастайды.
Аристотель сияқты ол үйді бірнеше бөлекке — ері мен әйелі, қожайыны мен
қызметшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі.Үйдің өзіне
тән мақсаты болады, бірақ қаланың бір бөлшегі болғандықтан ол қала
белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп бұл арада адамның
өз басының мүдделерін қоғам мүдделеріне бағындыру туралы пікір айтылады.
Бұл жерде Фарабидің қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, оның ойларынан
үлкен азаматтық гуманизмнің биік көріністерін табамыз. Мұнда тек жеке
басының мүдделері ғана емес, қоғам мүдделерін жоғары санауы үлкен бір
азаматтықтың, адамгершіліктің қасиетті көріністері деп білеміз. Әбу Наср Әл-
Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді. өйткені
жақсы істер істеп, мұның төлеуін күтсе, адам бұл істерін жамандыққа
айналдырады. Жетік философ теориялық ғылымдарды да білуге, бұл ғылымдарды
басқа ғылымдарда да қолдана білуге тиіс.
Платон мен Аристотель нағыз философқа әкімнің міндеттері жүктелуге тиіс деп
санады, бірақ Платонның пікірінше философ өзгермейтін ақиқаттарды меңзеп,
мемлекетті басқаруды жоғары мақсатқа жетуге бөгет жасайтын ауыртпалық деп
есептейді, ал Әбу Наср Әл-Фараби, керісінше, тіршілік істерден бойын аулақ
салмайды, қайта адамдардың ақиқатқа жету жолына түсуіне көмектесуге
тырысады. Бұл арада ол дін мен философияны салыстырады. Оның пікірінше дін
философияға ұқсас: екеуі де жоғары принциптерге, бір заттардың
бастамаларына түсінік береді. Бірақ философия дәлелдеуді, дін сенуді керек
етеді. Заң шығарушы өте жақсы пайымдаудың арқасында адамның мүдделеріне сай
келуге тиіс заңдарды дұрыс жүзеге асыра алады.
Әбу Наср Әл-Фараби өз заманындағы ғылымның барлық салаларынан, әсіресе,
математика, астрономия, физика, жаратылыстану ғылымдарынан көп мұралар
қалдырды. “Ғылымдар тізбегі” деген еңбегінде сол кездегі ғылымды үлкен-
үлкен бес салаға бөледі: 1) тіл білімі және оның тараулары; 2) логика және
оның тараулары; 3) математика және оның тараулары; 4) физика және оның
тараулары, метафизика және оның тараулары; 5) азаматтық ғылым және оның
тараулары, заң ғылымы және дін ғылымы. Ғалым бұл ғылымдардың бәрінің пәнін
анықтап, қысқаша мазмұнына тоқталады. Әбу Наср Әл-Фараби математик ретінде
өзара тығыз байланысты үш салада еңбек еткен. Олар: 1) математиканың
методол. мәселелері (математикалық ғылымының пәні, негізгі ұғымдары мен
әдістерінің шығу тегі), 2) математикалық жаратылыстану, 3) математиканың
кейбір нақты тарауларын жасауға қатысуы. Әбу Наср Әл-Фараби математиканы
жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка,
статика, механика — әдіс айла жөніндегі ғылым). Ол — алгебраны
математиканың дербес бір саласы ретінде қарастырып, алгебра пәнін алғаш
анықтаған оқымыстылардың бірі.
Осыған байланысты Әбу Наср Әл-Фараби сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін
кеңейту туралы аса маңызды идея ұсынды. “Ғылымдардың шығуы” деп аталатын
трактатында математиканың шығу тегі мен себептерін ашуға тырысады.
“Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарының кіріспелеріндегі қиын жерлерге
түсініктеме” деп аталатын еңбегінде матем-ның методол. мәселелері жөнінде
құнды-құнды пікірлер айтқан. Ол ұзақ уақыт мінсіз, мүлтіксіз саналып келген
Евклид “Негіздерін” сынауға, өңдеуге, түзетуге болатынын іс жүзінде
көрсетіп, математиктерге дұрыс жол сілтеген. Әбу Наср Әл-Фараби
математиканың философия ірге тасын қаласумен қатар, оны табиғат
құбылыстарын зерттеуге батыл қолданудың қажеттігін іс жүзінде танытты. Әбу
Наср Әл-Фараби пікірінше, математика анық,ақиқат білімді береді және басқа
ғылымдардың дамуына күшті ықпал жасайды.
“Астрологиялық болжамдарда не дұрыс, не теріс” деп аталатын еңбегінде ол
ғылыми астрологияны астрономиядан бөліп қарап, Аристотельдің логикалық
шығармаларында айтылған қағидалар мен жаратылыстану ғылымдарының
жетістіктеріне сүйене отырып, белгісіз, кездейсоқ құбылыстарды алдын ала
болжауға болатынын немесе болмайтынын ажыратуға тырысады.Әбу Наср Әл-
Фарабидің бұл пікірлерінің кейіннен ықтималдар теориясының философия,
логикалық негіздерін қалыптастыруда маңызы зор болды.
Ол математикалық, жаратылыстану саласында ірі еңбектер жазған. Әбу Наср Әл-
Фараби ежелгі гректің ұлы математигі және астрономы Птоломейдің
“Алмагесіне” көлемді түсініктеме жазған. Бұл еңбек “Алмагеске түсініктеме”
деген атаумен белгілі. Астрономия және математикалық тарихында үлкен маңызы
болған Әбу Наср Әл-Фарабидың бұл трактаты тригонометрияны дамытуға да игі
ықпал жасады. Ол өзіне дейінгі және тұстас математиктердің еңбектеріне
сүйене отырып, тригонометрия сызықтар жөнінде өз ілімін жасады. Мұндағы
негізгі бір жаңалық Әбу Наср Әл-Фараби синус, косинус, синус-ферзус,
тангенс, котангенс сызықтарын бірыңғай радиусы тұрақты шеңбер ішінде
қарастырды.
Олардың арасындағы бірсыпыра қатынастарды ашты, кейбір қарапайым
қасиеттерін айқындады. Ол тригонометрияның кестелер жасауда аса қажет болып
табылатын бір градус доғаның синусы мен косинусын анықтауда елеулі
табыстарға жеткен. Әбу Наср Әл-Фараби осы айтылған тригонометрия
мағлұматтарға және басқа да қосымша математика материалдарға сүйене отырып,
“Алмагесте” қарастырылған астрономия және география мәселелерін математика
жолмен шешудің ең жеңіл әдістерін ұсынады. “Геометриялық фигуралардың егжей-
тегжейі жөнінде табиғи сырлары мен рухани әдіс-айлалар кітабы” геометрия
салу есептерін сұрыптап, бір жүйеге келтірген. Жүзден аса есептің салу
әдістері көрсетілген.
Бұлардың ішінде: парабола салу, бұрышты трисекциялау, кубты екі еселеу,
дұрыс көп бұрыштар салу, көп жақтар салу, жазық фигураларды түрлендіру т.б.
бар. Әбу Наср Әл-Фараби адымы тұрақты циркуль мен бір жақты сызғыш
жәрдемімен шешілетін есептерді мол қарастырды. Осы еңбекте 3, 4, 5 т.б.,
яғни өлшемді куб салу есебін ойша қалай шешу идеясы бар, оның “Болжамдағы
геометрияға кіріспе” атты трактат жазғаны мәлім, бірақ ол еңбегі бізге
жетпеген.
Осыған қарағанда Әбу Наср Әл-Фараби көп өлшемді абстракция геометрияның
идеясын алғаш айтушылардың бірі деп жорамалдауға негіз бар. Әбу Наср Әл-
Фарабидің трактатын математикалық тарихшылары осы уақытқа дейін атақты
Хорасан математигі Әбу-л-Уафаға теліп келгені анықталды. Әбу Наср Әл-Фараби
арифметикалық саласында “Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе” деп
аталатын еңбек жазған. Оның көптеген логикалық еңбектерінде математикалық
логиканың элементтері де кездеседі. Әбу Наср Әл-Фарабидің математикалық
идеяларын, мұраларын ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
“Әбу-Насыр Әл-Фараби ”
Әбу-Насыр-Әл-Фараби
Әбу Насыр Әль Фараби
Әбу Насыр Әл-Фараби
Әбу Насыр Әл-Фараби өмірбаяны
Ақжан әл-Машанидің Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы жайында зерттеу жұмыстары
Әль-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы
Әбу Насыр Әл-фараби туралы
Әбу Насыр Әл-Фараби жайлы
Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан әл-Фараби
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь