Мектепке дейінгі балаларға топсаяхаттың танымдық және тәрбиелік мәні
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1. Мектепке дейінгі балаларға топсаяхаттың танымдық және тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2. Топсаяхат кезінде балалардың іс . әрекет мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
3. Бастауыш мектеп оқушыларына топсаяхатты ұйымдастыру формалары және оны өткізу әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
4. Топсаяхат кезінде табиғаттағы өзгерістерді бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

Топсаяхат – балалар табиғи жағдайларда: орманда, көгалда, бақшада, су қоймасында, табиғатпен танысатын оқу – іс әрекеті. Топсаяхаттар оқу іс – әрекетіне арналып бөлінген сағаттарда жасалады.
Топсаяхаттарда белгілі бір бағдарламалық мазмұны бар, мұны барлық топтың балалары меңгеруге міндетті. Топсаяхаттардың тәрбиелік – білімдік маңызы өте зор, өйткені олар туған табиғатқа деген ықыласты арттырады, эстетикалық сезімдерді тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

1.Керімбаева Р. Табиғат. Бала. Тәрбие. // Отбасы және балабақша. – 2007. №1-3. 50-52б.
2.Қалықбаева З. Табиғат – тал бесігің.// Отбасы және балабақша. – 2005. №6.30б.
3. www.google.kz.
4. Ыдырысова Ж. Табиғатқа ынтызарлық тәрбиеге баулу. // Отбасы және балабақша. - 2007. №4-6. 70-71б.
5. Қонақбаева Р.Д. Балаларды эстетикалық тәрбиеге баулу. // Отбасы және балабақша. – 2008. №2. 29-30б.
6. Құдашева Д.Т. Баланың жан – дүниесін әсемдікке баулу. // Отбасы және балабақша. – 2007.№3. 15-16б.
7. Құлшанова С. Табиғатты қорғау. // Отбасы және балабақша. – 2003. №6. 6-8б.
8. Көбееева Н. Бала және табиғат. // Үйелмен және балабақша. – 2003. №5. 6-7б.
9. Жарықбаев Н. «Жалпы Психология» Алматы. – 2004. 93 – 95б.
10. Аймағамбетова Қ. Дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы. – 2006. 196-205б.
11. Аймағамбетова Қ. Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың теориялық негізі. 2003. 65-83б.
12. Естұрсынова М.К. Набидоллина Ш.С. Жаратылыстану негіздері және дүниетануды оқыту әдістемесі. 2007. 334-347б.

Мазмұны:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1. Мектепке дейінгі балаларға топсаяхаттың танымдық және тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2. Топсаяхат кезінде балалардың іс - әрекет мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
3. Бастауыш мектеп оқушыларына топсаяхатты ұйымдастыру формалары және оны өткізу әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
4. Топсаяхат кезінде табиғаттағы өзгерістерді бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..26
Кіріспе
Топсаяхат - балалар табиғи жағдайларда: орманда, көгалда, бақшада, су қоймасында, табиғатпен танысатын оқу - іс әрекеті. Топсаяхаттар оқу іс - әрекетіне арналып бөлінген сағаттарда жасалады.
Топсаяхаттарда белгілі бір бағдарламалық мазмұны бар, мұны барлық топтың балалары меңгеруге міндетті. Топсаяхаттардың тәрбиелік - білімдік маңызы өте зор, өйткені олар туған табиғатқа деген ықыласты арттырады, эстетикалық сезімдерді тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Ормандағы таза ауада немесе көгалдағы қош иісті гүлдердің арасында болу, қимыл - қозғалыс және қуанышқа бөлену, әдетте осымен байланысты, балалар денесінің дамуына да игі әсер етеді. Топсаяхат жасайтын жерді таңдап алу - оның міндеттеріне, балалардың жасына байланысты.
Балалар бақшасы маңына топсаяхаттар естияр, ересек және мектепке даярлық топтарымен өткізіледі. Сәбилер тобымен жылдың тек екінші жартысынан бастап мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріндегі жер алаңының табиғатын бақылау - көгалға, паркке аз уақыт этопсаяхаттар жасау ұсынылады. Орын таңдағанда тіп - тік өлер мен құламалар кездесетін жолдардан аулағырақ болу керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың күш - мүмкіндіктерін ескере отырып, топсаяхат үшін алдымен жақын жерлерді пайдалану керек. Қалаларда - өсімдіктердің, құстардың, насекомдардың тіршілігіндегі, сондай - ақ адамдар еңбегімен маусымдық өзгерістерін бақылауға болатын - бульварлар, бау - бақшалар, парктер, тоғайлар. Ауылдық жағдайларда мұндай орындар: орман, егістік жер, көгал, құс көрке, мал қорасы, теплица т.б.
Жылдың әр түрлі маусымында белгілі бір оқиғаға топсаяхат жасаған дұрыс. Бұл - балалардың табиғатта болып жатқан маусымдық өзгерістерді бақылауын едәуір оңайлатады.
Топсаяхаттарға дайындалғанда, тәрбиеші экскурция жасайтын жерге алдын - ала барып келеді. Мұнда ол бағдарламаның талабына сай нені көрсетуге болады, жинап алынған әр түрлі заттар үшін өзімен бірге нені алу керек, бақылауды қалай ұйымдастырып, балаларға қандай сұрақтар, қандай тапсырмалар беру керек, қандай ойындар ойнап, қайда демалу керек деген мәселелерді шешеді.
Балалардың қайда баратынын, нені бақылайтынын, өсімдіктер мен жануарларды жинау және алып жүру үшін өзімен бірге нені алу керек, қалай киіну керек дегендерді хабарлай отырып, оларға алда тұрған экскурция
3
жөнінде бір күн бұрын ескертеді. Мұндай алдын - ала қысқаша хабарлама балалардың көңілін жадыратып, ынтасын арттырады, берілген топсаяхаттарға олардың көңілін аудартады. Топсаяхатты жасауда балаларды ұйымдастыру зор роль атқарады. Шығар алдында олар барлық керекті заттарды алады ма, соны тексереді. Содан соң кейін балалар өздерін алып жүру керектігін естеріне алады.
Берілген орынға келгеннен кейін балаларға қозғалуға, жүруге, отыруға рұқсат етуге болады. Олардың табиғатты сезінгендері өте маңызды. Бұл үшін балалардың зейінін орманның күздегі және қыстағы түріне, егістік жер мен көгалдың байтақтығына, гүлдердің хош иісіне, құстардың сайрауын, көк шегірткелердің шырылдауына, жапырақтардың сыбдырына т.б. аудару керек. Бірақ балаларды тым әсерлендіріп, жалықтырып жіберуге болмайды.
Әрбір топсаяхаттың негізгі көзі барлық балалармен өткізілетін жоспарлы бақылау болып табылады. Мұнда балалардың бұдан бұлай бақылауы үшін аздаған табиғат материалын (бірнеше гүлдер, сабақшалар, саңырауқұлақтар т.б.) жинауға мүмкіндік бар.
Айналадағы қоршаған ортаны материалдық қамтамасыз ету көзі деп қана түсінбей, экологиялық мәдениет және рухани байлықтың көзі деп ұғынуға үйрету. Өсімдіктер мен жануарлардың аз кездесетін және жоғалып кеткен түрлері туралы балалардың түсініктерін кеңейту және бекіту, Қазақстанның Қызыл Кітабымен таныстыру, қорықтар жайлы білімдерін нақтылай түсу. Балалардың эстетикалық тұрғыдағы қабылдауын, бейнелеу өнерін байыту және тіл байланысын дамыту үшін, жыл мезгілдерінің түрлерін, түстерін, барлық байлықты көріп, білуге ұмтылу. Өсімдіктер әлемінде және жануарлар әлемінде қандай өзгерістер болатындығы туралы білімдерін кеңейту.
Өлі және тірі табиғаттағы өзгерістердің өзара байланысын түсінуге, табиғат құбылыстарының себептерін белгілеуді балалардың түсінуіге көмектесу. Табиғатқа, құстарға деген мейірімділік, жанашырлық қасиеттеріне тәрбиелеу.
Балаларды ауырлау еңбекке тарту: егістерді отырғызу және жинау, газондарды, гүлзарларды тазарту, көшеттердің орындарын қазу, ағаштардың топырақтарын қопсыту, құрғап қалған бұталарды кесу, өсімдіктерді қазып, табиғат бұрышына қажетінше отырғызу, тұқымдар жинау, құстарды жемдеу үшін жемістердің қалдықтарын жинастыру, қол еңбегіне табиғат материалдарын іздестіру, құстардың жем салғыштарын ағаштардың басына ілу.
Табиғат туралы жұмбақтардан, мақал мен мәтелдерден альбом дайындау, гербарийлер дайындауға, қол еңбегіне табиғи материалдар жинау. Видиофильмдер, слайдтар, көріністер, фотосуреттер көрсету. Эксперименттер,
4
тәжірибелер жасау, табиғатқа тақырыптық, мақсаттылық саяхаттарға шығу. Мектепке дейінгі балалардың ерекшелігі олардың белсенді және әртүрлі қимыл - қозғалысқа тұтынушылықтары. Әсіресе қысқы уақыттағы серуенге көп көңіл аударылады, өйткені балалардың киімдері қалың, қимыл - қозғалысқа ыңғайсыз. Әрбір топтың ойын алаңын қардан тазартып,балалар-дың емін - еркін жүруіне, жүгіруіне, ойнауларына жағдай жасалуы керек. Балабақша аумағындағы қардан әртүрлі құрылыстар, әшекей ғана болмай, балаларды қозғалыс ойындарына ынталандыратын ойын алаңы болып табылады. Мысалы, қардан жасалған адамның себетіне қар лақтырып ойнау. Балалар қардан жасалған таудан сырғанап ойнағанды өте жақсы көреді. Бұндай ойындарды ойнау үшін дұрыс киіну керек: ыңғайлы, жеңіл киім балалардың қозғалуына ықпал етеді. Тәрбиеші қыс мезгілінде серуенді жоспарлағанда балалардың тоңбауларын немесе терлемеулерін ескерулері керек, өйткені бұл денсаулыққа қауіпті. Балалар әртүрлі ойын және дамыту қызметтері кезінде жақсы көңіл - күйде болады да, үлкендердің сөздеріне тез үн қатады, кей кезде керісінше серуеннің тез біткеніне налып сөз қайтарады.
Топсаяхатта балаларды тәрбиелеу және дамытудың негізгі шарты біруақытта ақыл - ой және тәжірибелік іс - қимылдарды қатар меңгеруі. Бұл тәрбиешінің алдын - ала жоспарлаған жүйелі түрде жүргізілген бақылауында ойдағыдай шешіледі. Топсаяхатта күнделікті бақылау балалардың табиғат әлемі туралы білімдерін толықтырады, адамдардың еңбектері туралы, бір - біріне деген қарым - қатынастары туралы, эстетика туралы білім үйренеді. Балалардың шамасына қарай еңбекке баулу үлкендердің еңбегін бақылаумен бірге қоса жүргізіледі. Балалар үлкендердің еңбек процесіне араласып бірге істегенге ұмтылады, қорытындысына қуанып шаттанады. Сонымен, балалардың еңбекке деген іс - қимылдары да, серуеннің құрылымының компоненті болып табылады. Әрқашанда балалардың алаңда әрқайсысы әртүрлі іс - қимыл жасайтындарын ескеру керек. Дидактикалық тапсырманы орындау барысында, қозғалмалы ойынға белсенді беріле қатысқанда бала жақсы қорытындыға жетеді. Әлбетте, қозғалмалы ойындар, ойын жаттығулары, сонымен қатар дидактикалық тапсырмалар серуеннің міндетті компоненті болып табылады.
5
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1. Мектепке дейінгі балаларға топсаяхаттың танымдық және тәрбиелік мәні.
Топсаяхаттың танымдық және тәрбиелік үлкен мәні бар. Олар балалардың білімдерін кеңейтеді. Балалар табиғат объектілерін табиғи ортада көреді, барлық объектілердің және құбылыстардың бір - бірімен байланыстылығын анықтайды. Топсаяхат кезінде тек түсіндіріп немесе зерттеп қою ғана емес олардың әсемдік образды сөздер, теңеулер, салыстырулар арқылы ұғымын кеңейту керек. Көркем әдеби шығармалардың барлық түрлерін түгел пайдалану тиіс: әңгіме, өлең, жұмбақ, мақал, жаңылтпаш.
Топсаяхаттарының мазмұны бұдан бұрынғы оқу іс - әрекет өтілген материалдармен тікелей байланысты болуы керек. Сонымен бірге топсаяхатында алынған түсініктер, бақылау нәтижелері және жиналған материалдар кейінгі сабақтарда пайдаланылады.
Табиғатты оқып білудегі зерттеу әдісі оқушыларды топсаяхаттарында жергілікті жерде бағдарлай білуге бақылауға, салыстыруға, табиғаттың бақыланатын заттары мен құбылыстарының арасындағы байланыстарды анықтауды үйретуге мүмкіндік береді, айнала қоршаған болмысты өздігінше дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасайды.
Топсаяхат оқу іс - әрекеті түрінде, мұнда балалар табиғатпен шынайы түрде танысады. Топсаяхаты кезінде балаларды таза ауа болу, далада хош иісті, көз тартар әдемі гүлдер арасында қыдыру - терең ой, ширақ қозғалыс, көтеріңкі көңіл - күй тудырып, оларды жан - жақты тәрбиелеуге ықпал етеді.
Топсаяхаты кезінде балаларға ауа - райын, маусымдық өзгерістерді, өсімдіктердің өсуін байқатады, табиғат материалдарын (құм, саз, қар, жапырақ, жаңғақ, бұта,т.б.) пайдалана отырып түрлі ойындар ұйымдастырылады. Балалар табиғат заттарының қасиеттерімен (су, сұйық, мұз - әйнек тәрізді, қолға ұстаса еріп суға айналады, тас қатты) танысады.
Топсаяхаттар тікелей табиғатқа, мұражайға, өсімдіктер бағына, зауыттарға жүргізіледі. Оқу іс - әрекеті топсаяхаттарын тақырып өткеннен кейін жүргізуге болады.
Табиғатпен байланыс, ойластырылған бақылауларды, серуендерді, әңгімелерді ұйымдастыру - экологиялық тәрбиені дұрыс жолға қою мен қажетті нәтижені алудың кілті. Топсаяхатты сабақ ретінде қарауға бірнеше себеп бар. Топсаяхатты серуенмен шатастыруға болмайды, өйткені, жолда кездескен объектілерге көңіл бөлінгенмен серуенге алдын - ала тақырыптық
6
жүйелі мақсат қойылмайды. Көптеген авторлар топсаяхаттың атын атап, оның өтілу ретін, ұйымдастыру шартын айтқанмен, мұны білім берудің түрінен гөрі оқыту әдісіне жатқызса , енді бірі сыныптан тыс ұйымдастырылатын оқу тәрбиелік жұмысқа жатқызады. Осындай пікірдің бірінде ...экскурция как форма обучения решает целый комплекс образовательно - развивающих и воспитывающих задач , - дей келіп білім беру мақсаты қарай кіріспе, ағымдағы және қорытынды түрлерінің болатыны айтылады. Осы сияқты бастауыш сыныптағы білім берудің түрін сөз еткен әдістемелік әдебиетте Экскурция содействует развитию позновательных сил и способностей учеников - внимания, восприятия, наблюдательности, мышления творческого воображения моторики. Они во многом способствуют овладению учащимися методом работы в частности методом наблюдения - десе енді бірінде Экскурция - это форма организации учебно - воспитательного процесса, которая позволяет проводить наблюдения, а также непосредственно изучать различные предметы, явления и процессы в естественных или искусственно созданных условиях , - дейді. Топсаяхатта білім берудің формасы ретінде мойындайтын да әдіскерлер де баршылық, әсіресе, бастауыш сыныптардағы оқу процесін өздерінің түбегейлі зерттеуіне айналдырған Р.А.Мавланова мен Г.Д.Клепенина топсаяхаттың білімдік және тәрбиелік жағын баса көрсетеді. Осы пікірлердің бәріндеде топсаяхаттың білімдік, тәрбиелік мазмұнын жоққа шығармайды, қайта оның табиғи жағдайда, әр объектіні өз ортасында көретіні айқын айтылған. Бірақ, олар топсаяхатты сабақтың жеке түрі ретінде бөлмейді. Сабақта талап етілетін бүкіл педагогикалық, дидактикалық, психологиялық талаптардың топсаяхатқа да тән екендігі жайында сөз қозғалмайды.
В.М.Пакулова мен В.И.Кузницовалар табиғаттан білім беруде топсаяхаттың алатын орнының жоғарылығын және оның білім мен тәрбие берудегі маңызын ай қын көрсетеді. Олар Экскурция - это увлекательная форма работы учетеля с классом, в ходе который дети учатся ориентироваться на местности, наблюдать, сравнивать, находить примеры взаимосвязы организмов друг с другом, с явлениями природы с условиями окружающей среды. Следовательно как форма обучения решает целый комплекс образовательно - развивающихся и воспитательных задач - дейді. Бұл пікірден байқалатыны - авторлардың топсаяхатты білім берудің түрі ретінде ашып көрсеткендіктері. Мұндай пікірді В.Ф.Гетман мен Л.Ф.Мельчаков та қолдайды. Л.Ф.Мельчаков табиғатты танытатын көптеген тақырыптарды табиғатқа ұйымдастырылатын топсаяхатсыз оқыту мүмкін емес деп айтып, айрықша атап көрсетеді, яғни топсаяхаттың дүниетану бойынша білім беру түрі екенін мойындайды. Алайда автор топсаяхаттың мәнін білім берудің түрі ретінде көтергенмен, оны сабаққа материал жинап әкелу үшін ұйымдастырылатын жұмыс түрі есебінде ғана қарайды.
7
Біздің пікірімізше, сабақ үстінде немесе топсаяхат кезінде алған білімді келесі сабақтарда қолдануға болады. Сол сияқты топсаяхаттың нәтижесінде, барысында меңгерілген білімді, жиналған деректер мен табиғи материалдарды келесі сабақтарға қолдануға мүмкіндік мол. Бірақ, топсаяхат тек деректі материалдарды жинаудың құралы болып қана қоймай, білім беру түріне айналуға тиіс.
Топсаяхат бағдарлама белгілеген тақырып пен мазмұнды қамтып, өткен сабақпен де, келесі тақырыптармен де байланысын жүзеге асыра отырып, әр уақытта жаңа ұғым береді. Топсаяхат белгілі бір тақырыпқа арналып, жаңа ұғым беру бағытында немесе оқылып кеткен тақырыптарды қайталау, қорытындылау мақсатымен өткізілуі мүмкін. Табиғат аясында өтуіне байланысты топсаяхаттың білім беруде бірнеше ерекшеліктері бар. Топсаяхат кезінде алатын білім нақты объектілер мен құбылыстарға негізделеді. Табиғи ортаның да бүкіл басқа объектілермен бір тұтастықта бақылау арқылы олардың бір - бірімен байланысы анықталады. Соның нәтижесінде оқушылардың білімі нақтылана түседі бақылап көру арқылы теориялық ұғымдарын іс жүзінде тексеріп бақылау дағдылары қалыптасады. Сөйтіп, көріп, бақылап, сезіп меңгеру кезінде алған білімнің саналылығы жүзеге асады.
Топсаяхат оқушылардың теориялық білімдерін практикада қолдануға да жағдай жасайды. Философтардың пікірінше практиканың маңыздылығы оның заттылығында және мақсаттылығында. Мәселен, оқушылар топсаяхат барысында сыныпта алған мағлұматтардың негізінде өсімдік топтарын анықтайды.
Топсаяхат кезінде бақылап көрген заттары мен құбылыстарының негізінде оқушылардың бүкіл ойлау операцияларын (нақтылау, абстракциялау, топтау,жіктеу, қорыту) жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік туады.
Білімдік - танымдық процесс мұғалім мен оқушының еркін қарым - қатынасының нәтижесінде, қолайлы көңіл - күйде, оқушылардың дербестігінқұндау жағдайында өтеді. Психологиялық зерттеулерге қарағанда әр балада шығармашылық қабілет бар. Оны дамыту білім мен тәрбие арқылы жүзеге асады. Топсаяхат кезінде оқушының ұғымды саналы меңгеруі, мақсатты іс - әрекеті ұйымдастыру, бақылау, зерттеу арқылы танымға жетеді, қоршаған ортаның заттарын, құбылыстарын таниды, олардың басты белгілерін ажыратуға жаттығады. Олардың практика жүзінде қолданған іс - әрекеттері таным негізін қалап, біртіндеп білім қалыптасады.
Табиғатқа шығатын топсаяхат кезінде басқа сабақтарда қайталанбайтын эстетикалық сезім оқушыға үлкен әсер етіп, эмоциялық жағдай жасайды. Табиғаттың әдемілігі, сұлулығы қайталанбайтын, еш нәрсемен басқа
8
көрнекіліктердің ешбіреуімен алмастыруға болмайтын сұлулық болғандықтан бала сезімін қуанышты күйге бөлейді, өйткені өсіп тұрған өсімдік, тау - тас, өрмелеген құрт, елпектеген көбелек, ұшқан құс, жүгірген аң осының әрқайсысы өз алдына жеке зерттеуді керек ететін көрініс. Атақты ғалым - педагог В.А.Сухамлинский бастауыш сынып оқушыларына арналған сабақтардың көпшілігін табиғат аясында өткізгендегі әсерін айта келіп, былай дейді: ...зор эмоциялық өрлеу кезеңдерінде бала ойы ерекше айқын, ал есте сақтауы неғұрлым интенсивті түрде болатынына көз жеткізедім.
Сабақтың түрлері сияқты топсаяхаттың да бірнеше түрі бар. Олар: кіріспе, ағымдағы және қорытынды топсаяхаттар және әрқайсысының мақсаты да мазмұны да бір - біріне ұқсамайды. Бұлардың барлығында да білім беру мен дағды қалыптастыру, тәрбиелеу, дамыту міндеттері жүзеге асады.
9
2. Топсаяхат кезінде балалардың іс - әрекет мазмұны.
Мектеп жасына дейінгі балаларға қоршаған орта процесімен таныстырғанда экскурцияларға үлкен орын беріледі. Топсаяхат балалардың зерттейтін объектілері мен құбылыстарын табиғи немесе қолдан тудырған жағдайда тікелей қабылдауына негізделеді. Топсаяхаттардың мазмұны мұнан бұрынғы ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінен өтілген материалмен тікелей байланысты болуы керек. Сонымен бірге топсаяхатта алынған түсініктер бақылау нәтижелері және жиналған материалдар кейінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттеріне пайдаланылады. Топсаяхаттардың танымдық және тәрбиелік үлкен мәні бар. Олар балалардың білімін кеңейтіп тереңдетеді. Балалар табиғат объектілерін табиғи ортада көреді өсімдіктердің топырақпен жануарлардың өсімдікпенен өзара байланысын бақылайды. Бұл оқушылардың табиғаттың барлық бөліктері бір - бірімен тығыз байланысты, болып келетінін, біртұтастығы туралы түсінігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Балабақшада ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде топсаяхаттарда қабылданған жеке ұғымдар табиғат деген анағұрлым кең, ұғымға бірігеді.
Табиғатты оқып білудегі зерттеу әдісі балалардың топсаяхаттарда жергілікті жерде бағдарлай білуге, бақылауға, салыстыруға, табиғаттың бақыланатын заттары мен құбылыстарының арасындағы байланыстарды анықтауға үйретуге мүмкіндік береді, айнала қоршаған болмысты өздігінше зерттеу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасайды.
Балабақшада тәрбиеші топсаяхаттарда қоршаған орта ұғымдарын анықтап, кеңейтуге, материалистік көзқарас қалыптастыруға, логикалық ойды дамытуға, эстетикалық сезімдерді тәрбиелеуге, балалардың табиғатты бақылау қабілеттілігіне байланысты жұмыс жүргізуі керек.
Топсаяхаттар тікелей табиғатқа, музейлерге, көрмеге, ботаникалық баққа, зоопаркке, фабрикаларға, зовоттарға, т.б. жүргізіледі. Олар әр жастың бағдарламасына қарай бөлінеді. Мұғалім әрбір топсаяхатты алдын - ала тыңғылықты түрде дайындалады.
Оның өзі алдын - ала топсаяхат жүргізілетін жермен танысып көңіл аударарлық сипатты объектілерді табады: көліктерді, тоқтауға қолайлы жерлерді қарап шығып, анықтайды; балалардың өздігінше жүргізіп бақылауларының сипатын ойластырады; балалар коллекцияға не жинайтынын анықтайды; топсаяхатты жүргізу жоспарын жасайды; қорытынды әңгімеге негізгі мәселелерді белгілейді.
Топсаяхатқа балаларда дайын болуы керек. Тәрбиеші балаларды топсаяхаттың міндеттерімен және мақсатымен таныстырады; топсаяхат
10
алдындағы ұйымдастырылатын оқу іс - әрекетінде балалардың нені алдын - ала бақылап, зерттеуін мақсаттайды; табиғат материалы бақылауға және жинауға тапсырмалар бөледі.
Топсаяхаттың табысты өтуі көпшілік жағдайда оны ұйымдастыруға байланысты. Осы мақсатпен балаларды шағын топтарға бөліп, әр қайсысына тәртіпке және тапсырмаларды орындауға жауап беретін басшы тағайындайды. Топсаяхаттың сипатына сәйкес әр топтың тиісті жабдықтары: компас, күрек, гербарий папкасы, этикеткалар, кішкене банкілер, сачок, лупа т.б. болады.
Ең бастысы - балалар табиғаттан нені және қалай көру, нені тану керек екенін білуі керек.
Жалпы білімді меңгеру үшін бірқатар дағдылар оқушы бойында қалыптасқанда ғана ол жаңа ұғымдарды өздігінен іздену арқылы меңгеруге тырысады. Оқуға дағдылану білімді меңгеруге байланысты бірқатар дағдыларды: оқи, жаза білу, қоршаған дүниені бақылай, ойлай білу, өз ойын сөзбен жеткізе білу дағдыларын қамтиды. Бұл дағдылар, бейнелеп айтқанда бұларсыз білімді меңгеру мүмкін болмайтын құралдар болып табылады.
Топсаяхат нәтижесінде меңгерілген дағдылар: бақылай білу, бақылағаннан керекті білімді ала білу, ой қорытып, көргенін салыстыру, әңгімелеп айту шеберлігі, әр объектінің ұқсастығын, айырмашылығын тауып, топтауға, жіктеуге төселу, жаттығу. Осы дағдылар арқылы оқушыларда заттық - бейнелік ойлау қабілеті дамиды. Ол кейін ойда, санада қалған бейнеге негізделе отырып абстрактілі ойға көшу мүмкіндігіне жетеді. Мәселен, жыл мезгілінің табиғат көрінісін бақылау үшін топсаяхатқа шығып білім алған оқушы кейін бұл өзгерістің себебін іздеуді абстрактілі оймен жалғастырады. Күннің суынғаны, жылудың азайғаны өсімдіктерге қолайсыздық туғызатынын ұғыну оған қиынға соқпайды, өсуіне қажетті жағдайдың жетіспеуінен өсімдіктің қурайтынын, сарғаятынын түсінеді. Осы сияқты бір - бірімен байланысты туатын ұғымдар жиынтығы оқушыны белгілі табиғат заңдылықтарын түсінуге жетелейді.
Топсаяхаттың білімдік мақсаты - табиғат объектілерінің түр - түсімен таныстырып қоймай олардың әрқайсынының қасиетін, табиғаттағы орнын, бір - біріне тигізетін әсерін ұғындыру. Табиғаттың бір бөлігінің өзгеруі, оның екіншісінің өзгеруіне де әкеліп соғатынын топсаяхат кезінде ұғындыру қиынға түспейді.
Білім жүйелілігі, өлкетану, эстетикалық білім беру талаптары да топсаяхатта жүзеге асады. Дамыта оқыту балаларды ойлануға, ой қорытуға, керекті білімге өздігінен іздену арқылы жетуге үйрету - деп түсінсек, топсаяхат оқушыларды дамытудың көзі.
11
Қазіргі таңда оқушының тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлу, оларға экологиялық білім мен тәрбие беру талабы қойылып отыр. Жоғары сыныптарда оқушыларды биологиялық және экологиялық сауатты тұлға ретінде дайындау мақсаты көзделсе, соның бастапқы негізі бастауыш сыныпта қаланады.
Табиғатқа ұқыптылықпен қарау топсаяхат кезінде іс жүзінде орындалады, өсімдікті бүлдірмеу, құстың ұясын бұзбау, жүрген долына кез - келген затты шашып тастамау, өсімдіктерді керексіз жұлмау, құмырсқа илеуін бұзбау, осының бәрі - оқушылардың өміріне керекті білім. Табиғатқа қамқорлықтың пайдасын дәлелді түсінген оқушы әр табиғи объектіні қорғаудың маңызын біліп, ол білімдерін іс жүзінде қолдануға тырысады. Кіріспе топсаяхаттың мақсаты жаңа ұғым беру болғандықтан, ол белгілі бір нақты тақырыпқа арналады. Мәселен, ерте гүлдейтін өсімдіктер, көктем көрінісі, көкжиек тұстары, жергілікті жердің сұлбасы, шөп өсімдіктері, күздегі жануарлар тіршілігі, жер бедері т.б. тақырыптар бойынша топсаяхат кезінде жаңа білім беріледі, әрине, әр сыныптың, оқу бағдарламасының мазмұнына қарай тақырып та айқындалады. Кіріспе топсаяхаттың дайындығы мұғалім үшін жауапты іс. Ол топсаяхаттың өтетін орнын анықтаудан бастап, оның білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын жүзеге асырудың қандай әдіс арқылы орындалатынына дейін қарастырады. Топсаяхаттың жүретін жолы, оқушылардың демалатын орны, жолда жүргенде, демалыс кезінде өздігінен атқаратын жұмыс түрлері, көңіл аударатын объектілері, оның білімділік, тәрбиелік мәні - осының бәрі де алдын - ала ойластырылады.
Топсаяхат білім берудің арнаулы түрі болғандықтан, оның мақсаты айқындалып, оқушыларға хабарланып, түсіндіріледі. Сонымен қатар, топсаяхат жүйесі неден басталып, қалай аяқталу керектігі оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстары (бақылау, қорыту, материал жинау, сурет салу т.б.) мұғалімнің беретін түсінігі, саяхатты қорытындылау барысындағы іс - әрекеттері т.б. мұғалімнің дайындығына енеді.
Топсаяхат барысында оқушыларға берілетін тапсырма, біріншіден, сол маңайдағы объектілерге байланысты, екіншіден, нақты және айқын түсінікті, үшіншіден, оқушылардың жас ерекшеліктеріне лайықты болуға тиісті. Мәселен, 1- сынып оқушысына 3 - сыныпта қамтылатын тақырыптарды ұсыну орынсыз.
Топсаяхатта оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін ескеріп, оларға берілетін тапсырманы бөлшектеп, мөлшерлеп қолданған жөн. Объектілерді салыстыру, талдау, жұптау, топтау, қорыту кезінде оқушылар түгел еркін қатысуға тиіс. Бірін - бірі толықтыру, өз пікірлерін еркін айту, болжамдарын
12
ортаға салу үшін оқушылар біраз психологиялық кедергілерден өтеді. Осы психологиялық кедергіден өте білген оқушының келешекте өзіне деген сенімі күшейеді, шығармашылық қабілеті артады. Оқушылардың шығармашылық дағдысын күшейтуге табиғат ортасы бірден - бір құрал. Ретті жерінде оқып берген өлең, айтып берген ертегі, мақал - мәтелдер оқушылар эмоциясына үлкен әсер етеді. Ал, эмоция бала қиялын шарықтатып, оның шығармашылығын дамытады. Ең ұстамды, тұйық оқушының өзі мұндайда көңіл - күйін сыртқа шығаруға тырысады. Көптеген авторлар қорытынды топсаяхатқа үлкен мән береді. Бірақ оқушылардың білімі мен дағдысын тиянақтауда біздің пікірімізше, кіріспе топсаяхаттың мәні зор. Себебі, ең алғаш жаңа берілетін ұғымды бүкіл сезім мүшелеріне әсер ете отырып, табиғи ортада өткізу тиімді.
Топсаяхаттың психологиялық тұрғыдан алғанда қиын жақтары да жеткілікті. Ең басты кездесетін кедергі оқушы зейінін тұрақтандыру. Бастауыш сынып оқушыларының зейінінің тұрақсыздығын ескеріп тапсырманы, орындалатын жұмысты үнемі түрлендіріп, оқушыларды шағын топқа бөліп әр топқа тапсырманы бөлшектеп беру арқылы мұндай қиындықтан шығу жағы қарастырылады.
Сонымен, топсаяхат ұйымдастыру жүйесі дидиктикалық талаптарды орындауы, білім беру, тәрбиелеу, дамыту мақсаттары тұрғысынан дүниетанудан білім беру формасына жатады.
Топсаяхаттың сынып - сабақтан ең басты айырмасы сабақтағыдай нақты мөлшерлі (45 мин) уақытпен шектелмейтіндігі. Бірақ, ол топсаяхаттың білім берудің формасы ретіндегі құнын төмендетпейді, керісінше, оқушыларға ғылыми ұғым беру, ойлау қабілетін дамыту, сөз қорын молайтып, ойын тұжырымдап қорыту, түрлі оқу әрекеттеріне жаттықтыру мақсаттарын түбегейлі қамтамасыз етеді. Топсаяхатта берілетін білім жүйесін көрсету мақсатымен бір сабақ үлгісін көрсетейік.
Тақырыбы: Көктем басталды.
Міндеттері: Ерте көктем табиғаты жайында ғылыми түсінік беру. Табиғатты бақылау, көру, тыңдау. Өлі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz