Бастауыш класс оқушысының оқу іс-әрекетінің құрылысы туралы ақпарат


Бастауыш класс оқушысының оқу іс-әрекетінің құрылысы.
Мазмұны.
- Оқу ситуацияларының ерекшеліктері.
- Оқу әрекетінің ерекшеліктері.
- Бақылау әрекетінің ерекшеліктері.
- Бағалау іс-әрекетінің ерекшеліктері.
- Жеткіншектік жастағы оқу іс-әрекетінің ролі.
- Бозбала мен бойжеткен тұлғасының қалыптасуындағы қоғамдық жұмыстың ролі.
- Жеткіншектік жаста психика қалыптасуының сипаты мен темпіндегі жеке даралық айырмашылықтар.
1. Оқу ситуациялары бірқатар ерекшеліктерімен сипатталады. Біріншіден, мұнда оқушылар ұғымдардың қасиеттерін бөліп алуын немесе нақтылы-практикалық міндеттердің кейбір кластарын шектеудің жалпы тәсілдерін игереді. (Ұғымдардың қасиеттерін бөліп алу нақтылы міндеттерді шешу жай ғана сөз болады. ) Екіншіден, осы тәсілдердің бейнелерін қайта жасау оқу жұмысының негізгі мақсаты ретінде көрінеді. Нақтылы - практикалық мінтдеттердің тікелей өмірлік мазмұны болады және олардың шешімі соншалықты өмірлік мәнді нәтижелерге жеткізеді. Мұндай міндеттерге оқып жаздыратын жазу (жазу орфографиялық жағынан дұрыс болуын талап етеді), математикалық текстік есептерге жауап іздеу (өндірістің қандай бір ситуцияларының сай келетін қажетті есептеулер), қағаздан ұсақ-түйнек жасау (елка ойыншықтары үшін қорапша керек) т. б. жатады. Осы сияқты әр алуан міндеттерді қайсы бір саланың (граматикалық, математикалық, педагогикалық) әрбір жекелеген міндетін орындаудың ұзақ тәжірибесін жинақтау жолымен шешіп үйренуге болады. Оның үстіне мұндай міндеттер жағдайында бағдар алу тәсілдері туралы түсінік жинаұтала бастайды.
1. Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы - оның өзінің ауқымдық әлеуметтік белсенділігі; ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға (өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерімен жобалау) бағытталады.
Жеткіншектік кезеңдегі дамудың сыналу көріністерінің пайда болуында биологиялық және әлеуметтік жайлардың ролі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді. Бұл проблеманың аса маңызды педагогикалық маңызы бар.
2. Жеткіншектің дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды: дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу процесі өрістейді. Бұлардың бәрінің сыртында организмнің морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процесі тұрады.
Бұлшық еттің және бұлшық ет күшінің неғұрлым жедел артуы жыныстық жетілудің аяғында болады. Бұлшық еттің дамуы ер балаларда еркектер типінде, ал қыз балаларда әйелдер типінде болады, осыдан келіп әр жыныстың өкілдерінде еркектерге тән немесе әйелдерге тән белгілер қалыптасады, бірақ бұл процестің аяқталуы жеткіншектік шақтан өткеннен кейін болады.
Әр түрлі мүшелер мен талшықтардың өсуі жүректің қызметіне шамадан тыс талаптар қояды. Жүрек те өседі, әрі қан тамырларына қарағанда тез өседі. Мұның өзі жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметіндегі функциялық бұзылулардың себебі болып, жүректің қағуы, қан қысымының артуы, бастың ауруы, бастың айналуы, тез шаршау түрінде көрінуі мүмкін.
3. Жеткіншектік жасқа аяқ басқан баланың жеке басының қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы бұрынғы қатынас бұзылады. Жеткіншектің жеке басындағы басты және өзіне тән жаңа құрылым оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы болады, ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады. Ересектік сезімі деп аталған бұл ерекшеліктің өзіне тән белгісі жеткіншек өзін балалар қатарынан шықтым деп санайды, бірақ төңірегіндегілер менің ересек болғанымды таныса деген қажетсіну бар болғанымен, онда шынайы, толы ересектікті сезіну әлі болмайды. Ересектік сезімі сана-сезімнің өзіне тән жаңа құрылымы ретінде жеке адамның өзекті ерекшелігі, оның құрылымдық ортасы болады, өйткені ол жеткіншектік өзіне, жұртқа және дүниеге келген жаңа өмірлік позициясын білдіреді, оның әлеуметтік белсенділігінің өзіне тән бағыты мен мазмұнын, жаңаша талпыныстарының, толғаныстары мен аффективтік ықпалдардың жүйесін анықтайды. Жеткіншектің өзіне тән әлеуметтік белсенділігі ересектер дүниесіндегі және олардың қарым-қатынастарындағы бар нормаларды, құндылықтар мен мінез-құлыұ тәсілдерін меңгеру алғырлығы болып табылады.
1. Жас шағы психологиясына жас өспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму стадиясы деп анықталады. Алайда бірінші рет физиологиялық, екіншісі әлеуметтік шек болып тұрған осы анықтаманың өзі құбылыстың күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді.
Жас өспірімдік көптеген теориялар бар. Биологиялық теориялар нақ өсудің биологиялық процестері басқаларының бәрінен басым болады деген оймен жас өспірімдікті алдымен организм эволюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады. Психоаналитикалық теориялар жас өспірімдікті психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жас өспірімдікті алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі прцесс тұрғысынан қарайды. Бірақ бұл даму әр түрлі әлеуметтік және мәдени ортада әр келкі болып өтеді. Жас өспірімдіктің социологиялық теориялары оны алдымен социализацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектіктің дербес те жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рольдерге, оның бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына. Еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты проблемаларға назар аударады, яғни индивидтік-психологиялық проблемалар әлеуметтік проблемалардан шығарылады.
Көптеген алғашқы қауымдық қоғамдарда жас шағы айырмашылықтары әлеуметтік айырмашылықтарға тікелей үйлеседі; социализацияның негізгі механизмі бір жастағы адамдарды біріктіретін жас шағы топтары болып табылады, осының өзінде мұндай топтардың әрқайсысы өздеріне ғана тән арнайы әлеуметтік функцияларды ғана атқарады. Балаң жас өспірімдік (14, 5-17 жас) бұл күрделі кезеңнің басталуы ғана. Ал, оның ерекшеліктері қандай?
Дене күшінің дамуы. Балаң жастық-адамның дене дамуының аяқталатын кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарғанда баяулайды. Қыздардың бойының толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады (ауытқу плюс-минус 13 ай), жігіттерде 17 мен 18-дердің арасы (ауытқу плюс-минус 10 ай) . Салмағы артады, осының өзінде ер балалар қыздардың қалып келген есесін толтырады. Бұлшық ет күші тез өседі. 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан екі есе асып түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін адам қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине, көп нәрсе дұрыс тамақтану режимі мен дене шынықтырумен шұғылдануға байланысты. Спорттың кейбір түрлерінде балаң жастық - ең көп жетістіктерге жететін кезең. Жыныстық даму жөнінен жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста постпубертаттық кезеңде болады. Көп тараған түсініктерге қарамастан, жыныстық толысудың мерзімі нәсілдік және ұлттық ерекшеліктерге, климатқа байланысты емес. Оның есесіне тамақтану сипатындағы айырмашылықтар басқа да әлеуметтік-экономикалық факторлар ықпал етеді. Мұның үстіне орташа статистикалық норманың жеке физиологиялық нормамен үйлеспейтінін ескерту өте маңызды. Кейбір әбден қалыпты адамдар орташа статистикалық мерзімдерден көп озық не қалыңқы дамиды. Қарқынның бұл вариацияларын патологиялық жағдайлардан ажырату әрдайым оңай бола бермейді.
2. Жас өспірімдік шақ бала мен ересектің арасындағы аралық жағдайда болады. Баланың жағдайы оның ересектерге тәуелділігімен сипатталады, Бұлар оның өмірлік іс-әрекетінің басты мазмұны мен бағытын белгілейді. Баланың атқаратын ролі ересектердің ролінен сапалық тұрғыда өзгеше болады және екі жағы да мұны анық ұғынады. Өмірлік іс-әрекетінің күрделене түсуімен бірге жастарда әлеуметтік рольдер мен мүдделер диапазонының сандық ұлғаюы ғана болып қоймайды, сапалық тұрғыдан да өзгеріп, ересектік рольдер бірден-бірге көбейеді, осыдан келіп дербестік пен жауапкершілік өлшемі шығады.
Жас өспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері: мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық саяси қызметке даярлану, некелесуге, өз отбасын құруға әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді және олардың жүзеге асырылу мерзімдері жас адамның іс-әрекетінің сипатына тәуелді. Барлығы мектеп оқушылары болатын жеткіншектердей емес 15-17 жастағы жас өспірімдер мен бойжеткендер бұған қос кәсіптік-техникалық училищелердің немесе арнаулы орта оқу орындарының оқушылары болуы мүмкін. Кейбір жас өспірімдер оқуды өнімді еңбекпен ұштастырады. Бұл айырмашылықтар психологияға әсер етеді, сондықтан тәрбиешілер мұны ескеруге тиіс.
3. Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа қарай әдетте қалыптасып болады, сондықтан оның бала кезіндегідей шапшаң өсуі байқалмайды. Алайда ол одан әрі жетіле береді. Күрделі интелектілік операцияларды меңгеру және ұғымдық аппараттың боюы жас жігіттер мен қыздардың ақыл-ой қызметін неғұрлым орнықты етіп, оны бұл тұрғыдан ересектің іс-әрекетіне жақындатады. Әсіресе арнайы қабілеттер шапшаң дамиды. Мүдделердің бағытталуының барған сайын саралана түсуімен қосылып, мұның өзі жастардың ақыл-ой қызметінің құрылымын кіші жастардағыға қарағанда неғұрлым күрделіде дара сипат береді. Қазіргі бар деректерге қарағанда, ақыл-ой қабілетінің саралануы қыздардан гөрі ер балаларда ертерек басталып, неғұрлым айқын көрінеді. Қабілеттер мен мүдделердің мамандану нәтижесінде басқа да көптеген барлық айырмашылықтар неғұрлым елеулі және пратикалық тұрғыда маңызды болады. Осыны сондай-ақ жоғары сынып оқушысының мамандық таңдауға даярлау қажеттегін ескертіп, жоғарғы сыныптарда оқытудың даярлығын күшейту қажет, оқушылардың дербестік дәрежесін арттырып, оларға жалып білім беретін мектеп шеңберінде біраз мамандануға мүмкіндік жасау керк. Бірақ арнайы қабілеттердің қалыптасуының өзі оқытудың сипаты мен бағытына зор дәрежеде байланысты екенін есте сақтау қажет.
Жас өспірімдік жеке адамның толысу мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз организмі мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, жағдайдың біршама тиянақсыздығы, өмірлік іс-әрекетінің күрделенуі, жеке адамның өз мінез-құлқын үйлестіруге тиісті адамдар тобының ұлғаюы - осының бәрі қосыла келіп жас өспірімдік шақта бағалаущылық-бағдарлаушылық іс-әрекетін күрт арттырады. Әңгіме өз қаситтерін тану, жаңа білімді меңгеру туралы болса да жас адам оларды бағалауға өте-мөте ден қояды да өзінің мінез-құлқын саналы түрде жасалған немесе меңгерілген критерийлер мен нормалар негізінде құруға тырысады.
Бұл ең алдымен өзіндік санасының дамуында көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz