Абай мен Ыбырайдың ағартушылық ойлары мен оқу-білім мәселесі жөніндегі көзқарастары



Абай Құнанбаев – бүкіл өмірін елінің көкірек көзі сауатын ашып, алға жетелеуші. Өйткені, күні бүгінге дейін жас өспірімнен ересектерге дейін, оқушылардан ғалымдарға дейін оның шәкірттері болып, мұрасынан сусындауының өзі соның бір айғағы.
Абайдың ағартушылық идеяларының ең мол көрініс тапқан жері - әйгілі қара сөздері.
Абай қазақ халқын өнер үйренуге, еңбекке, ғылым білімге шақырды. «Ғалым болмай немене, балалықты қисаңыз» дегені немесе
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын »көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім»
дегені осының айғағы.
Абайдың ойынша адамның ақылдылығы, саналылығы дүниені зерттеумен, оның ішкі сырын білумен тығыз байланысты. Таным тұрғысынан Абай сананың, ақылдың ролін жоғары бағалады. Дүниені тану, ақиқатты білу, ғылымды меңгеру, Абайдың пікірінше, адамға тән қасиет болуға тиіс. «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуанның жаны болады», деп жазды. [31]
Қайран Абай, дүниедегі жақсылық атаулының бәрін жастар білсін, жастар үйренсін, жастардың көзі ашылсын деп жарғақ құлағы жастыққа тимей, күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей жарқын болашақты армандап өтіп еді.
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған,
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған,-
деп өмірде адастырмайтын жолды жастарға көрсетіп те кеткен болатын.
Бұл пікірлер дара тұлғаның даму теориясының басты қағидаларымен үндесіп жатыр.
Адамның дамуы екі қажеттіліктің қалай іске асатынына тікелей

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Абай мен Ыбырайдың ағартушылық ойлары мен оқу-білім мәселесі жөніндегі
көзқарастары

Абай Құнанбаев – бүкіл өмірін елінің көкірек көзі сауатын ашып,
алға жетелеуші. Өйткені, күні бүгінге дейін жас өспірімнен ересектерге
дейін, оқушылардан ғалымдарға дейін оның шәкірттері болып, мұрасынан
сусындауының өзі соның бір айғағы.
Абайдың ағартушылық идеяларының ең мол көрініс тапқан жері -
әйгілі қара сөздері.
Абай қазақ халқын өнер үйренуге, еңбекке, ғылым білімге шақырды.
Ғалым болмай немене, балалықты қисаңыз дегені немесе
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім
дегені осының айғағы.
Абайдың ойынша адамның ақылдылығы, саналылығы дүниені зерттеумен,
оның ішкі сырын білумен тығыз байланысты. Таным тұрғысынан Абай
сананың, ақылдың ролін жоғары бағалады. Дүниені тану, ақиқатты білу,
ғылымды меңгеру, Абайдың пікірінше, адамға тән қасиет болуға тиіс.
Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп
білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны
болмай, хайуанның жаны болады, деп жазды. [31]
Қайран Абай, дүниедегі жақсылық атаулының бәрін жастар білсін,
жастар үйренсін, жастардың көзі ашылсын деп жарғақ құлағы жастыққа
тимей, күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей жарқын болашақты армандап өтіп
еді.
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған,
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған,-
деп өмірде адастырмайтын жолды жастарға көрсетіп те кеткен болатын.
Бұл пікірлер дара тұлғаның даму теориясының басты қағидаларымен
үндесіп жатыр.
Адамның дамуы екі қажеттіліктің қалай іске асатынына тікелей
тәуелді. Жан құмарын қанағаттандыру дегеніміз – білімге сусындау болса,
оның өзі шәкірттің жас шамасына қарай өзгеретінін ұстаз Абай жетінші
сөзінде тап басып айтады: Бала күндегі бұл немене, ол немене? деп,
бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып
кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кірген де, орнын тауып
ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды
екеміз?[31] Осыдан-ақ қазіргі жоғары сыныптарда білімді түсіну
төмендеп, даму тежелген, сабақта енжар отыратын оқушылардың әрі қарай
ғылым жолын таңдай алмайтыны көрініп тұр емес пе? Абай жетінші қара
сөзінде жан құмарлығының балалық шақта күшті болатынын, ал адам есейе
келе, сол қасиеттің азайып, тіпті ада болатынына қынжылады. Туа
бітетін, адамға тән қасиет, яғни дүние тануға деген ынтызарлықтың
болатынын Абай тап басып айтады: Қайта, бала күнімізде жақсы екен. Біз
білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. [31]
Ақын бесінші сөзінде халық санасына сіңісті болған мешеулік
философиясына талдау жасайды. Мұнда Абайдың айрықша дәріптегендерінің
бірі – орыстың ғылымы мен білімін, өнерін үйрену. Бұл сөз көріністе
орысқа ғана тәуелдеп айтылғанымен, шын мәнінде адамзат жаратқан барлық
ғылым, білім жетістіктері оның тілін біліп, бірдейлік деңгейіне жету
керек, өйткені хикмет те, өнер, ғылым-білім бәрі орыста тұр.
Қазақтарға ағылшын, француз, неміс тілін үйрен деу қисынсыз. Батыстағы
білім қорына шығару жолы тек орысша оқу. Абай реалист, демек ол
шындықты нақтылы мәнінде түсініп отыр. Орыстар дүниенің тілін біледі,
ал сен оның тілін білсең көкірегің ашылады. Көкірек ашылса, әрі қарай
қандай жолға түсеріңді өзің де білесің. От басы, ошақ қасы тіршіліктен
құтылу керек. Бұған тек Абайдың мынандай бір даналық сөзі дәлел бола
алады. Отыз екінші сөзінде Абай шын мейірленіп, ықылас-жігермен
ізденген адам ғана ғылымға жетеді, оның түпкі рахатына кезігеді дейді.
Білімді адам бір қызық үшін, не пайда табу үшін емес білім-ғылымның
өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білместіктің өзін дәулет білсең
және әр білгеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзұр хасил
болады, соны ғана көздеу керек дейді. Ғылым, білімге шын мейірленбей,
бақастық үшін шұғылданса, шала мейірмен ізденсе, нәтижесі де шала
болатынына көз жеткізеді. Сондай-ақ адам еңбекпен тапқан, жетіліп алған
білімді сақтау, құрметпен игеру де керектігін, ғылым мен ақылды
сақтайтын сауыт мінез екенін баса көрсетеді.
Ағартушылық саладағы Абайдың Ыбырайдан айырмасы, Ыбырайдың
ақындақ дарыны оның ұстаздық қарекетіне қызмет етсе, Абай бойына жиған
білім, ғылым мағлұматтарын өзінің ақындық өнеріне пайдаланды да,
ағартушылық міндетін өз поэзиясының інжу маржаны арқылы атқарды.
Жоғарыда өзіміз қарастырып өткен Жасымда ғылым бар деп
ескермедім атты өлеңінде ақын өз балаларын өзгелерге үлгі етіп ұсына
отырып, ойының түпкі түйінін ашып айтады:
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Абай солқылдақ шәкірт санасын қырсықтан сақтандыра келіп, оның
назарын нағыз ғылым жолын бағдарлайды. Ғылымның талмай талаптанып
іздену арқылы, азап – бейнет арқылы келетінін ескертеді. Аз ғана
білімді місе тұтып қалмай, іздене беруді мәслихат етеді.
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге.]
Абайды алаңдататын жәйт – сол оқудың нәтижесі. Қаншама оқып терең
білім алып шыққанда да, негізгі мақсат оның жемісін өмірге қызмет
еттіру ғой.
Ақынның ғылым-білім жөніндегі пайымының шеңбері өте кең. Ол оқу-
ағарту ісінің барлығын ғылым деген бір ғана сөздің аясына сиғызады да,
оған жан-жақты, көп қырлы әмбебап мағына береді.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ағартушыларының философиясы
Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
Қазақ педагогика тарихында Ы.Алтынсарин еңбегінің маңызы
Бастауыш сыныптарда Ы. Алтынсариннің шығармаларын оқытудың маңызы
А.Құнанбаев және Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары
Қазақ бетке ұстар ағартушылары
Ағартушылар философиясының қалыптасу ерекшеліктері
Ыбырай қазақ мектептерінің инспекторы болып жұмыс істеп жүргенде
Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері
Уәлиханов шығармашылығын
Пәндер